Аударылған кітап, Джон жəне Лиза Бивер



жүктеу 0.84 Mb.
Pdf просмотр
бет1/19
Дата21.03.2017
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Story of Marriage by John & Lisa Bevere, Kazakh
© 2015 Messenger International
www.MessengerInternational.org
Originally published in English as Story of Marriage
Additional resources in Kazakh by John & Lisa Bevere are available 
for free download at: www.CloudLibrary.org 
To contact the authors: JohnBevere@ymail.com, LisaBevere@ymail.com
“Неке жөніндегі оқиға” қазақ тіліне 
аударылған кітап, Джон жəне Лиза Бивер.
© 2015 Messenger International
www.MessengerInternational.org
Тұпнасқадағы басылып шығарған кітабы ағылшын тілінде 
Story of Marriage деп жазылған.
Қосымша ресурстарды мына сайттан www.CloudLibrary.org 
тегін көшіруге болады.
Авторлармен осы электрондық поштаға хабарласуға болады: 
JohnBevere@ymail.com, LisaBevere@ymail.com

АЛҒЫС БІЛДІРУ
АЛҒЫС БІЛДІРУ
Біздің балаларымызға, олардың жұбайларына жəне біздің 
немерелерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Біздің некеміз жайлы 
оқиғаның жазылуына көп жағдайда сіздердің жəне оның себебі де 
болды. Біз, сендердің қалай рухани өскендеріңе жəне бір-біріңді шынайы 
сүйетіндеріңді бақылай отырып, біз сол үшін де қуанып отырамыз. 
Біздің əріптесіміз, Брейв Эдиссонға да алғыс айтқымыз келеді. 
Тек мəңгілік өмір ғана, сенің қосқан үлесіңді анық өлшейді. 
Егер біз мұны сенсіз істей алмайды екенбіз деп айтатын болсақ, демек, 
онда ештеңе айтпағанымыз. Шыдамдылық көрсеткеніңе 
жəне адамдардың өміріне жанасуға қабілетті, бірдемені 
жасау үшін біздің сөздерімізді Таурат кітабының 
даналығымен біріктіргеніңіз үшін де рахмет! 
Қымбатты жəне даналыққа толы Джейлин! Сенің əсерлілігің, 
сергектілігің жəне тамаша ынталылығың бізге неке жайындағы осы 
оқиғаны əдемілеп өрнектеп, жарыққа шығаруға көмектесті. 
Жаратушы Ием сенің осы алқапта сепкеніңнің барлығын саған 
үйіп-төгіп қайтаруға жазсын! 
Винсент пен Алиссон! Сендердің біз үшін жасаған барлық 
қызметтеріңіз үшін жəне осы кітапта мінажат тақырыптарын 
жасауға көмектескендерің үшін рахмет айтамыз. Сендердің 
жұмыстарың осы кітапты рухани байытып жəне кеңейте түсті. 
“Мессенджер Интернейшенал” қызметінің команда мүшелері мен 
əріптестеріне бізді қолдап, əрқашан жанымызда болғандарынына 
рахмет айтамыз. Біздер, Иса Мəсіхтің даңқты Ізгі Хабарын 
дүние жүзі халқына жеткізу үшін, бізбен бірге саяхат жасайтын өте 
сенімді жанқияр достарды Тəңір Иеден сұрай алмаушы едік. 
Ал ең алдымен Көктегі Əке, Сенің мəңгі сүйіспеншілігің үшін шексіз 
алғысымды білдіремін; Біздің Патшамыз-Мəсіх Исаға, біз үшін Өзінің 
өмірін құрбан еткеніне: жəне де Киелі Рухтың ғажайып күш-қуатына, 
жұбанышына, əрі Оның бізге берген тəліміне, сондай-ақ тығыз 
қарым-қатынасы үшін алғыс айтамын. Бізді ешқашан 
тастамайтының үшін ризашылығымызды білдіреміз! 

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
Кітап туралы мəлімет ...................................................................7
Кіріспе сөз .....................................................................................9
1. Алғашқы Құдайдың жоспары................................................ 11
2.  Істі бастаған кезде, оның аяқталуы 
жайында да ойланыңыз   ........................................................51
3. Палубаны тазалау ...................................................................95
4. Қызмет етуге шешім қабылдау ............................................145
5. Жыныстық қатынас ..............................................................185
6. Қайтадан бастаңыздар ..........................................................229
Қосымша ұсыныс: Исаны қалай қабылдауға болады ...........271

     
     7
Кітап туралы мəлімет
Кітап туралы мəлімет
Осы  кітапты  басқа  да  кез  келген  кітап  сияқты,  басынан  бастап 
аяғына  дейін  оқып  шығуға  болады.  Дегенмен,  біз  сізге  өзіңіздің 
жеке тəжірибе алуыңыз үшін, қосымша интерактивті материалдарды 
оқып, зерттеуді ұсынамыз. 
Осы  кітаптың  əрбір  тарауы,  күнделікті  оқу  үшін,  бес  тарауға 
бөлінген.  Тақырыпқа  сəйкес,  тараудың  соңында  мінəжаттардың 
(дұғалардың) түрлерімен қоса берілген. 
Күн сайын, Сіз мінəжатпен (дұғамен) бірге, кітаптың бір тарауын 
оқи  аласыз  немесе  оқудың  өзіндік  жоспарын  таңдай  аласыз.  Осы 
тақырыптарды  оқитын  топтың  қатысушыларына,  біз  аптасына  бір 
тараудан оқып шығуды ұсынамыз. 
Егер  сіз  “Мессенджер  Интернейшенал”  қызметінен, “Неке 
жөніндегі əңгіме” кітабы материалдарының бір бөлігі ретінде оқып 
жатсаңыз,  онда  біз  сізге  аптасына  бір  бейне  немесе  аудиосабақты 
тыңдап, топтың ішінде сұрақтарға жауап беріп, содан соң, кітаптағы 
бір тарауды жəне қорытынды мінəжатты оқуыңызды ұсынамыз. Осы 
кітаптың əрбір тарауында бір бейне сабақ беріледі. Күнделікті оқуға 
арналған тараулардан соң, талқылауға арналған сұрақтар жазылған. 
Бұл кітапты оқып, рахаттанып алыңыз! 

     
     9
КІРІСПЕ СӨЗ
КІРІСПЕ СӨЗ
Сіздің  “неке  жөніндегі  тағы  бір  кітап”  не  үшін  керек  деп  сұрақ 
қоюыңыз мүмкін. Тура осы сұрақты біз де қойдық. 
Осы  кітаптың  жазуымыздың  үш  себебі  болды.  Біріншіден,  біз 
бұл  кітапты  Құдайдың  жетелеуімен  жаздық  деп  нық  сенеміз.  Екін-
шіден, біздің балаларымыз жəне бірге қызмет ететін əріптестеріміз 
осы  жөнінде  өтінді.  Жəне  үшіншіден,  сіздердің  көпшіліктеріңіз  де 
біздің осы кітапты жазуымызды өтіндіңіздер. 
Біз  əлемде  неке  жайында  көптеген  ғажайып  кітаптардың 
жазылғанына,  олардың  біраз  бөлігінің  бізге  де  пайдасын  тигізгеніне 
сенімдіміз.  Бірақ,  сол  кітаптан  көз  айырмай  қарап,  оқу  кезінде  біз 
үлкен  кемшіліктерді  байқадық.  Осы  кітаптардың  көпшілігі,  ерлі-
зайыптылардың  біреуінің  ғана  көзқарасы  бойынша,  айтарлықтай 
жазылған болып шықты. Алайда, ұлы неке бұл, шынайы əріптестіктен 
туындаған  өнім,  сондықтан  біз,  осы  кітапқа  біздің  қосымша  автор 
болуымыздың маңызды екендігіне сенеміз. 
Сонымен қатар біз, əрбір оқиғаның дара екендігін, жəне де біздің 
оқиғамыздың  ерекшелігінің  жоғын  білеміз.  Осы  жерде  біздің  еке-
уміздің де күшті, жігерлі адамдар екендігімізді атап көрсету қажет. 
Біздің үйлі болғанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт 
ішінде біз ерекше қиындықтарды бастан кешірдік. Біз, біздің ерекше 
тəжірибеміздің бізге бірегей болашақты беретінін түсіндік. 
Бұдан  басқа,  біздер  ерлер  мен  əйелдерге  некелесудің  олардың 
əрекеттеріне  шектеу  қоятын  нысан  емес  екендігін  көрсетуге  түрткі 
болайын деген едік. Біздер, əрбір адамның өзінің некесін жобалауға, 
бəрінен бұрын, жеке мұқтаждықтарына жəне Жаратушы Иенің мақ-
саттарына сəйкес келетін шығармашылық лицензиясы бар деп есеп-
тейміз. 
Біз осы кітап сізге өзіңіздің өте сирек кездесетін оқиғаңызды та-
уып, жазып шығуға көмектеседі деп сенеміз. 

10
10     
     
Бұл кітап кімдерге арналып жазылған
Бұл кітап кімдерге арналып жазылған
Бұл кітап отау құрып некелесуге дайындалып жатқандарға, неке-
лесіп тұрғандарға, жəне “неке” деген ұғымның не екенін өте жақсы 
түсінгісі келетін адамдарға арналған десе де болады. 
Қазіргі заманда біздің айналамызда, ажырасу мен ұрыс-керіс көп 
болған күндерде өмір сүріп отырғандықтан, көптеген адамдар тіпті, 
өз оқиғаларын айтып беруге ұялатын болды. Бірақ, сіз отбасыңызда 
көрген  қиындықтарыңыз,  өзіңізді  болашақта  күтіп  тұрған  оқиға-
ларға не кедергі жасамауы керек. 
Кітапты  оқып  отырған  кезде,  тараудың  ортасында  олардың 
көңілінен  шықпайтын  əңгімені  оқыған  кезде,  өздерін  алданып 
қалғандай сезінетін адамдар бар. 
Біз сіздің некеңіз жайлы кітаптың бетін жауып, ысырып тастаға-
ныңызды  қаламаймыз,  жəне  сіздің  кітап  бетін  аударып,  ары  қарай 
жалғастыруыңызды қалаймыз. 
Күтпеген  жерден  пайда  болған  ажырасу  немесе  зайыбынан  ай-
ырылуы,  олардың  өмірлерінің  жарқын  кезеңдерін  жұлып  тастаған 
кезде, біздің маңайымызда біздің махаббатымыздың оқиғасы ешқа-
шан таусылмайды деп есептейтіндер көптеп саналады. Сіздің неке-
лесуіңіздің тарихы əлі аяқталған жоқ. 
Осы  кітапта  некелесудің  барлық  көріністері  талқыланады.  Осы 
жөнінде  тұтастай  трактаттар  жазып  шығуға  болады,  бірақ  біз  бар-
лық  жауаптарды  ала  алмаймыз.  Дегенмен  де,  оның  өзгерісті  кезең-
дерімен  бірге,  біздер  өз  тарихымызды  жазып  шығуға  шешім  қа-
былдадық.  Өйткені  біз  оларды  жеңіп  шықтық  жəне  біздің  тəжіри-
беміздің басқаларға көмектесетініне сенім білдіреміз. 
Ең  соңында,  Иса  Мəсіх  бұрынғыдай,  неке  бұл,  айтып  беру-
ге  тұратындай  оқиға  деп  есептейді.  Бұл,  Оның  біздерді  қалай  сүй-
етінің көрсететін бейне. Біз, сіз тұрмыстасыз ба, жоқ па, үйленгенсіз 
бе, əлде жоқ па, жассыз ба əлде кəрісіз бе, осы кітап парақтарының 
сіздің  бойыңызда  сенімділік,  үміт  пен  сүйіспеншілігіңізді  оятуы 
үшін, сіз үшін мінажат етіп отырмыз. Сонымен, қайтадан армандай 
үшін, сіздің батыл болуыңызды өтінеміз! 

 1 ТАРАУ 
Алғашқы Құдайдың жоспары
Алғашқы Құдайдың жоспары
Құдай Ие көз тартарлық, жеуге жақсы жеміс беретін əр түрлі 
ағаштарды жерде өсіп шығарды. Бақтың ортасында “мəңгілік өмірді 
сыйлайтын ағаш” жəне “жақсылық пен жамандықты 
танытатын ағаш” та өсіп тұрды.
— Жар. басталуы 1:9
1 күн
Б
ір күні, бір бақ пайда болған еді, оның ортасында екі ағаш 
өсіп  тұрды.  Сіздер,  бұл  бақтың  жай  шіріп  кететін,  қарау-
сыз  қалған  əдеттегі  бақ  емес  екенін  шүбəсіз  білесіздер. 
Соның ішінде, жер жұмағы Едем арқылы, ондағы барлық тіршілікті 
тап-таза, мөлдір сумен қоректендіре отырып, екі өзен ағып жатты. 
Сол  сəтте  тек,  сол  бақтың  ішінде,  қандай  ғажайып  ағаштар-
дың өсіп тұрғанын көз алдымызға елестетуге болатын еді. Əр ағаш 
құнарлы жерге тамыр жайып, сарқымалармен суарылып, күнің сəу-
лесімен  қоректенетін  сол  ағаштардың  əрқайсысы,  бейкүнə,  адал 
өмір сүрудің бейнесін көрсетеді. Осы бақта көп ағаш өсіп тұратын, 
алайда  Киелі  Жазбада  тек  екі  ағаш  туралы  яғни, “мəңгілік  өмірді 
сыйлайтын”  жəне  “жақсылық  пен  жамандықты”  танытатын  ағаш 
жайында ғана айтылады. 

12
12    НЕКЕ ЖӨНІНДЕГІ ОҚИҒА
Ағаштардың  екеуі  де,  ешқашан  да  біздің  жасаған  күнəлары-
мызбен  жерге  дақ  тигізуді  қайталамайтын,  мекендеу  аймағында 
шіріп кету мен ескіруге ұшырамайтын, екеуіне де бірдей, өте оңды 
жағдайы  бар  жерде  өсіп  тұрды.  Дегенмен,  бірінші  ағаш-өмір  ал 
екінші ағаш-өлім əкелетін ағаш еді. 
Бəлкім  сіз,  осы  əңгімені  бұрынырақта  естіген  шығарсыз,  əрбір 
отбасының тарихы, екі жер жұмағы Едемнен басталады. Біздің отба-
сыларымыз көбінесе, осы өмір ағаштарына ұқсайды
Əр  түрлі  уақытта,  олардың  өсу  қарқыны  əр  түрлі  болады,  олар 
кемелдену тамырын жайып, нығайған кезде, олар үшін ең қолайлы, 
жайлы уақыт келіп жетеді. 
Отбасы  оқиғаларында  көл-көсір,  өнімсіз,  ерекше  жəне  баяу  өсу 
жылдары болады. Əрбір неке, өзінің бойға біткен ахуалының, əртүр-
лі  маусымдардың,  долы  дауылдардың  ықпалына  ұшырай  отырып, 
бізге өмірдің ауыспалы кезеңдерінен жасырынуға болатын паналай-
тын жер береді. 
Осы  кітаптың  мұқабасындағы  суреттемесі,  бізге  ағаштардың 
өміріне көз жіберуге мүмкіндік береді. Біз осы дөңгелектердің топ-
тамасынан  көріп  отырғанымыз,  шынында,  оның  саяхатының  бел-
гісін əкеле жатқан ағаш өмірінің тарихы болады. 
Біздің мектепте оқыған кезімізде, көпшілік оқушы дендрология-
ның негіздерін оқыды (ағаштар топтарындағы өсімдіктер жөніндегі 
ғылымдар) жəне дөңгелектердің саны бойынша, ағаштардың жасын 
шамалап анықтай алатын еді. Дегенмен, біз дендролог болмасақ та 
(əдемі орманды жақсы көретінімізге қарамастан), біз ағаштағы дөң-
гелектерді  айтарлықтай  дəлме-дəл  санап  шығуға  қабілетті  болдық. 
Бірақ,  мамандар  болса,  тек  ағаштың  нақты  жасын  анықтап  ғана 
қоймайды,  сонымен  бірге,  ағаштың  діңіңің  кесілген  жеріне  əшейін 
қарап  отырып,  бізге  оның  өмірінің  сырларын  егжей-тегжейіне  дей-
ін айтып бере алады. Кəнігі көзге əрбір дөңгелек өз тарихының сы-
рын айтып бере алады. Дөңгелектердің əртүрлі ендері, қыс мезгілін 
бастан қалай өткізгенін, жылы қыс па, əлде қытымыр қыс болды ма, 
сол  немесе  өзге  жылда  қуаңшылық  немесе  мол  жаңбыр  болды  ма 

АЛҒАШҚЫ ҚҰДАЙДЫҢ ЖОСПАРЫ     13
13
екені  жөнінде  айтып  бере  алады.  Ағашқа  көз  алмастан  қарай  оты-
рып, зақымданудың іздері мен зиянды жəндіктердің шабуыл жасаға-
нын анықтап қарауға болады. Ағаштың əрбір дөңгелегі бұл, домалақ 
пішінді  жəне  өзінің  табиғаты  бойынша  өте  сирек  болатын  мезгіл-
дердің жылы болады. 
Некелесуде  тұрып  өткізген  əрбір  жыл,  ағаш  діңінің  кесілген  жері 
тəрізді жəне өзінің табиғаты бойынша, бірегей (өте сирек) болады. Неке-
лесудің жылдықтары, бір жылдың аяқталуын жəне келесі жылдың баста-
луын  белгілейді.  Жыл  сайынғы  күні  нақты  белгіленеді,  ал  күнтізбелік 
жылдағы айлар, апталар жəне күндер, бұл қуаныштың, жан ауруы, еңбек 
етудің жəне тіпті, тосын жəйіттердің жинақтамасы екендігін білдіреді. 
Неке жөніндегі сіздің əңгімеңіз
Неке жөніндегі сіздің əңгімеңіз
Осы саяхатты бізбен бірге бастай отырып, сіз қазіргі сəттегі не-
месе болашақтағы сіздің некеңіз жайындағы əңгімеңіздің тек, ерек-
ше түрде Сізге ғана тиесілі екенін есіңізде сақтаңыз! Əрбір адамның 
өмірі  сияқты,  сондай-ақ,  əрбір  ерлі-зайыптылар  одағының  тарихы 
да,  бұл,  қуанышты  күндер,  қиындықтар  мен  жеңісті  күндердің  жи-
нағы деуге болады. Тым ұзақ уқыт бойы, барлық отбасылық мəселе-
лерді шешуге келген кезде, сенушілер қауымының біраз бөлігі, бар-
лығына  берілетін  жалпы  рецептілерге  қанағаттанумен  шектелетін 
еді. Ол жерде бізге: “əйелдер күйеулеріңді сыйлаңдар. Күйеулер əй-
елдеріңді  сүйіңдер”  дейтін.  Осы  сөздердің  ақиқаттығы  мен  маңыз-
дылығына қарамастан, барлық уақытта ерекше əрекет ететін некені 
құруға арналған амалдар болмайды, өйткені, əрбір отбасы өздерінің 
бірегей “саусақтарының ізімен” туылады. 
Ал енді бұл жайтқа біз өзгеше қарайық. Кез келген үйдің жалпы 
жоспары болады, ол қабырғалар мен шатырды қамтитын үйдің ірге-
тасын  кірістіреді  бірақ,  үй  иесінің  мұқтаждығы  мен  қалауына  сəй-
кес, үйдің əрлеуін (дизайнын) жасауға шығармашылық еркіндігі бо-
лады. Сонымен, ерлі-зайыптылық өмірде, біздің жеке сызбаларымыз 

14
14    НЕКЕ ЖӨНІНДЕГІ ОҚИҒА
бойынша,  өз  некелерімізді  құруға  шығармашылық  жасауға  “лицен-
зиямыз”  болады.  Барлық  тірішілік  аясы  бір-бірінен  ерекшеленеді, 
жəне  де  өмір  кезеңдеріне  сəйкестене  отырып,  еркін  түрде  өзгере 
алады.  Мысалы,  əрбір  отбасында  балалары  үйлі  болып,  өз  үйінен 
кететін кезеңге қарай жылжиды делік. Бұл дегеніміз арада азғантай 
ғана уақыт өткен кезде, біздің үйге тағы да тек, бір ғана ұйықтайтын 
бөлменің  қажет  болатынын  білдіреді.  Сонымен  қатар,  жыл  мезгіл-
дерінің  өзгергеніндей,  отбастарындағы  өзгерістердің  болуы  да,  та-
биғи құбылыс деуге болады. 
Əр  жақты,  мəңгі  ақиқаттар  мен  құндылықтар,  сіздің  некеңізді 
Құдайдың еркіне сай, бақытты некеге айналдыра алады. Жаратушы 
Иеміз біздің өзімізден кейін жақсы мұра (бұл, көптеген қажетті қа-
сиеттердің  ішіндегі  кейбіреулері  ғана)  қалдыра  отырып,  сүйіспен-
шілікпен, сыйластық жəне қуанышпен, жан-тəнімен берілгендікпен, 
жауапкершіліктпен,  адалдықпен,  қамқорлық  жəне  жақындық  таны-
тумен  қатар,  өз  неке  одағымызды  құруымызды  қалайды.  Некелесу-
дің  құрылыс  одақтары  ерлі-зайыптылардың  əрқайсының  бірегейлі-
гін жəне олардың одақтарының мезгілдерін көрсетеді. Құдай біздер-
ге басты қағидаттарды береді, бірақ, əркімнің өз ойын білдіруі үшін 
орын қалдырады. Ол əртүрлілікті жақсы көреді. Оның жаратқан за-
тына бір рет қана көз тастау, осыны дəлелдейді. 
Біздер,  барлық  жұптардың  қандай  да  бір,  жалғыз  ғана  үлгіге 
сəйкес  болулары  тиісті  дегенге  сенбейтінімізді  бір  уақытта  айтып, 
ерекше көңіл аударғымыз келеді. Қазіргі заманда, жиі жағдайда ерлі-
зайыптылардың  екеуі  де  жұмыс  істейді (2012-жылғы  статистиканың 
деректері бойынша, АҚШ-да əйелдердің 60%-ы, қандай да болмасын, 
еңбектің  бір  саласында  кəсіппен  шұғылданады),  кей  уақытта, 
күйеуіне  қарағанда,  əйелінің  жалақысы  артық  болады.  Əйелінің 
ақша табуға қабілеттілігі, оның күйеуіне мойынсұна алмайтындығын 
немесе,  еркектің  үйдің  басшысы  болуды  қойған  дегенді  білдірмейді. 
Бұл, тек əшейін, отбасылық бюджетке қаражат енгізіп жатыр, жəне де 

АЛҒАШҚЫ ҚҰДАЙДЫҢ ЖОСПАРЫ     15
15
олардың  некелері  бəрінен  бұрын,  олардың  əжелері  мен  аталарының 
некесіне қарағанда, ерекшеленетін болады дегенді білдіреді. 
Біздің  отбасымызда  біз  екеуміз  де  жұмыс  істейміз  жəне  екеуміз 
де, Құдайға қызмет етуде жетекшілерміз. Кей уақытта біз бірге жұ-
мыс  істейміз  (мысалы,  осы  кітапты  жазу  үшін),  кейде  бөлектеніп 
жұмыс  істейміз,  бірақ,  біздің  некеміздің  мақсаты  жəне  біздің  ба-
сты құндылықтарымыз өзгермей келе жатыр. Ері мен əйелінің рөлі, 
біздің ақша табу жөніндегі қабілетімізге байланысты болмайды. 
Жаратушы  Иеміз  пейіш  бағында, (Жер  жұмағы  Едемде)  Адам-
ата  мен  Хауа-анаға  өсіп-өніп  көбейіңдер  деп  бұйырды.  Ол  Хауа-
анаға  сен  үйде  отырып,  Адам-атаның  табысын  басқаруға  тиістісің 
деп  айтқан  жоқ.  Нақыл  сөздер  кітабының 31-тарауында,  рақымды 
əйел  ғажап  үй  иесі,  үй  басқарушы  жəне  іскерлікпен  айналысушы 
əйел болды. Егер сіздің пікіріңіз бойынша, сіздің некеңізге осындай 
рөл  сəйкес  келетін  болса,  онда  алға  қарай  адым  жасаңыз!  Ал  егер 
сіздердің  ішінде  біреулеріңіз,  өзін  толықтай  үйге,  отбасына  жəне 
балаларына  (егер  сізде,  отбасы  жəне  балаларыңыз  бар  болатын 
болса), арнауды қалайтын болса, оның ешқандай сөкеттігі жоқ. 
Басқа отбасыларына көмектескен нəрсе сөзсіз, бізге де көмектесетін 
сияқты болып көрінеді. Бірақ, шынында да, өмірдің барлық аясында 
біз,  бірден-бір  қиындықтарға  тап  боламыз.  Алайда,  олардың 
шешілетін  өзінің  бірден-бір  (өте  сирек)  уақыты  болады.  Біз, 
сіздің  некеңіздің  мықты,  берік  болғанын  қалаймыз.  Бұл  дегеніміз, 
сіздің  басқа  жұбайлар  жұбының  армандаған  некесін  емес,  өзіңіз 
армандағандай  некелесіп,  отбасын  құруыңыз  үшін,  бостандығыңыз 
болуы керек деген мағынаны білдіреді. 
Біз сіздерді сол сəтті пайдалана отырып, тіпті, уақытының баста-
луынан  бұрын,  атап  айтқанда  Сіз  үшін  Оның  ойластырып  жоспар-
лаған, мəңгілік ақиқаттың, сіздің некеңізді ерекше одаққа айналдыра 
алатынын  ашып  беруін,  ақиқат  Рухы  болып  табылатын,  Құдайдың 
Рухынан сыйынып сұрауға шақырамыз. 

16
16    НЕКЕ ЖӨНІНДЕГІ ОҚИҒА
2 күн
Сіздің отбасыңыз қиындықтарға тап болғанда
Сіздің отбасыңыз қиындықтарға тап болғанда
Адамның  қанша  жыл  өмір  сүргеніне  қарап  отырып,  оның  өмірі 
жайында  баяндау  мүмкін  емес.  Жұбайлардың  елу  жылдық  неке-
лерінде,  елу  жылдық  қиыншылық  жағдайларды  немесе  елу  жыл 
үздіксіз  рахаттанып,  шаттыққа  бөлену  сезімдерін  басынан  кешіруі 
мүмкін.  Бірақ,  жиі  жағдайда,  некелесу,  əртүрліліктің  коллажы  мен 
мезгілдердің кезектесіп отыруын көрсетеді. 
Осы  кітаптың  мұқабасындағы  ағаш  кесіндісі  салынған  суретке 
қарай  отырып,  біз,  əрбір  дөңгелектің  ағаштың  диаметрін  ұлғайта-
тынын  көреміз.  Өткен  жылдар  қиыншылықтарға  толы  жыл  немесе 
молшылыққа толы жыл болды ма, оған еш байланыссыз ол оқиғаны 
кеңейте түседі жəне барлық жолға мағына беріп тұрады. 
Егер  мəсіхші  (осы  оқиғаның  басты  кейіпкері),  ми  батпақтағы 
уайым-қайғыдан өтпей жатып жəне Рухының түсуін жеңбей жатып, 
Көктегі қалаға келетін болса, Джон Буньяның “Пилигримның саяха-
ты” деген кітабы осындай мəңгілік өнердегі үздік туынды (үш жүз 
жылдан бері басылып келе жатқан) болар ма еді? 
Қуаныш  пен  сынақтардың  күрделі  араласуынсыз,  оның  оқиға-
сы  жалықтыратын  жəне  небір  оқиғалардан  айырылған  болар  еді. 
Мəсіхшілердің  үлесіне  тиетін  сынақтардың  жəне  оны  жеңудің  арқа-
сында,  осы  кітап  оқырманның  зейін  қойып  оқуына  лайықты  кітап 
болмақшы. Осылайша, біздің некелесуіміздің қиыншылықтары, біздің 
оқиғаларымызда зор сүйініш жəне мағынаны берудің əлуетті болады. 
Отбасыңызға қиыншылық келіп, көңіліңіз жабырқаған кезде, еш-
теңені елең қылмаңыз. Оларды сіздің эмоциялық (əсершіл) жəне ру-
хани күштеріңіздің шегінен асып түсуге қабілетті, Құдайдың рақы-
мына  кенеліп  жəне  Оның  берген  күшіне  толу  үшін  пайдаланыңыз. 
Біз, отыз жылдан асатын жұбайлық өмірімізде, атап айтқанда, біздің 
өміріміздегі ең ауыр, сұрқай болып көрінген сол кезеңдер, кейінірек, 
біздің  жолымызды  жарық  қылатын  шамшырақ  болып  шыққанын 

АЛҒАШҚЫ ҚҰДАЙДЫҢ ЖОСПАРЫ     17
17
түсіндік. Осы кезеңдер бізге көтеріліп, белгілі бір позицияны иеле-
нуге мəжбүр қылды. Отбасыңызда болып жатқан қазіргі шайқастар, 
сіздің некеңіздің тарихындағы ең үлкен кезеңдер болуы мүмкін. 
Біз  неке  жөніндегі  оқиғаға  “сүңгіп”  кетпей  тұрған  кезде,  оның 
мақсатын  зерттейік.  Əрине,  Жұбайлардың  одағының  тамаша  екені 
сөзсіз,  бірақ,  кей  кездерде,  онда  оңай  емес  кезеңдер  пайда  болады. 
Біздің көпшілігіміз, жанға бататын үдерістен өтіп жатып, егер оның 
мақсатын  түсінетін  болса,  шыдамдылығы  зор  болады.  Мысалы,  сіз 
тіс  дəрігеріне  барған  кезде,  егер  барлық  жасалынатын  емшаралар, 
шыдатпайтын  аурудан  құтқаруы  үшін  қажет  екенін  білетін  болсаң, 
тіс  дəрігерінің  креслосында  бір-екі  сағат  шыдауға  болатынын 
білесіз.  Бəлкім,  сіздің  жұбайлық  өміріңізде  жағажайдың  бойында 
серуендеп  (ал  егер  осындай  жағдай  болмаған  болса,  демек,  бəрі 
сіздің  алдағы  уақытта  болады)  жүргенге  қарағанда,  тіс  дəрігерінің 
қабылдауына  ұқсас  болып  келетін  күндер  болған  шығар.  Атап 
айтқанда, осындай ауыртатын кезеңдерде, мақсатыңды жете түсіну, 
бəрінен де маңызды болып келеді. 
Бүгінгі күндері некелесудің мақсаты мəселе болып табылады, жəне 
де көптеген адамдар некелесудің мақсатын түсінбегендіктен, олар долы 
толқындар  оны  тербей  бастаған  кезде,  олар  тез  арада  кемеден  секіріп 
түсуге белін буады. Басқалары ерлізайыпты болу салтының өзі, жарам-
сыз  болды,  жəне  оны  қайтадан  қарап  шығып  немесе  жабу  қажет  деп 
бекітеді. Кейбіреулері тіпті, неке контрактілерінің əрекетін белгіленген 
мерзіммен  шектеуді  ұсынады,  бұл,  біздің  кез  келгенімізден  талап  ету 
үшін тым ұзақ мерзім. Осы адамдар болашақ жайлы шешім қабылдауға 
болмайды, біз күні ертең өз сезімдерімізді əзер дегенде бақылауға бей-
імді болып жүрген кезде, өйткені, біз жиырма жылдан кейін нені сезі-
нетінімізді білмейміз деп, өз ойларын бекітеді. 
“Out  Саst”  деп  аталатын  хип-хоп  музыкалық  тобында, “Миссис 
Джексоннің” əйгілі бір əнінде, қоғамның некелік қарым-қатынастың 
міндеттеріне көз-қарасы жайында айтылады:

18
18    НЕКЕ ЖӨНІНДЕГІ ОҚИҒА
Не болды сіздің қызыңызға? 
Сіз “балалық махаббат” дейсіз бе? 
Жоқ, бұл шынайы махаббат деп жауап сізге береміз
Осы сезім ешқашан тауысылмайды деп үмітенетіміз
Сіз серуен жасауды жоспарлап қойсаңыз да, 
Бірақ, сіз ешқашан ауа райын болжай алмайсыз ғой. 
“Мисс  Джексон”  əнінде  өзінен  жүкті  болып  қалған  жас  қыздың 
анасының  алдында  кешірім  сұрауы,  жəне  де  енді  сол  қызға  деген 
өзінің сезімі жоқ екендігі жайында айтылады. Өкінішке орай, осы əн 
маған рахаттану сыйлауға тиісті болатын, неке жəне сүйіспеншілікке 
деген  кеңінен  таралған  көзқарасты  мінсіз  көрсетеді.  Осындай  көзқа-
рас, біздің эмоцияларымыз бізге ненің дұрыс жəне не нəрсенің бұрыс 
екендігін жəне біздің оларды басқаруға қабілтті емес екендігімізді ай-
туға мəжбүр етеді деген сенімге негізделеді. Егер мен өзімді бақытты 
сезіне алмайтын болсам, онда бəлкім, мен бір нəрсені өзгерте аламын. 
Ақыр аяғында, мен ауа райының өзгерісін бақылағанға қараған-
да, өз сезімдерімді одан артық бақылай алмаймын. Out Kast хип-хоп 
тобының əніндегідей, мінсіз серуенді жоспарлауға болады, бірақ та, 
ауа райын алдын ала болжауға болмайды. 
Сонымен  қатар,  неке  деген  сөздің  анықтамасының,  уақыт 
өзгерістерінің  бейімделуін  қалайтындар  да  бар.  Олар: “біз  неге  өте 
икемді  бола  алмаймыз”  деп  сұрайды.  Егер  ерлі-зайыпты  болу  салты 
сақталатын  болса,  онда  ерлердің  өз  арасындағы  одақты,  жəне  ерлер 
немесе  əйелдер  мен  əйелдер  арасындағы  одақты  заңдастыру  қажет 
болады.  Кейбір  атақты  адамдар,  некелесу  одағының  параметрлері 
(міндеттері мен құқықтары) қайтадан қарастырылмайтын болса, тіпті, 
некелесуден  бас  тартады.  Əрбір  некенің  əрине,  үнемі  бейімделіп, 
дамуға міндетті, бірақ, оның анықтамасы мен қатысушылары өзгеріссіз 
қала  береді  деп  пікір  қосамыз.  Сонымен,  біз  кімдерді  тыңдасақ  екен? 
Некелесу дегеніміздің не екенін жəне осы анықтаманы қайта қарастыру 
құқығы  кімге  тиесілі  болды  екен?  Некенің  біздің  өмірімізге  қалай 
ықпал ететіні жөнінде, кімнің беделі мен билігі бар екен? 

АЛҒАШҚЫ ҚҰДАЙДЫҢ ЖОСПАРЫ     19
19
Біз, тек қана Құдайдың билігі бар деп сенеміз. Оның Сөзі былай 
дейді:
“Сен өзің емес, Құдай некені жаратты. Құдайдың Рухы соның тіпті ең 
кішкентай  саласын  да  қамтиды.  Сондықтан,  некелеріңнің  рухын  таза 
ұстап, ішкі-дүниелеріңде оны сақтаңдар” (Малахия 2:15 The Message).
Осы  аяттағы  “Сен  өзің  емес,  Құдай  некені  жаратты”  деген  сөз-
дерден  күдіктенудің  ешбір  қажеті  жоқ.  Ол  тек  некені  жасап  қана 
қойған  жоқ,  Өзі  екі  адамның  біртұтас  болып  кетудің  үдерісіне  де 
жеке  Өзі  қатысады.  Əрбір  неке  көптеген  əр  түрлі  элементтерден 
тұрады,  олардың  кейбіреуі  қарапайым,  кейбіреулері  тым  күрделі 
болып келеді, бірақ, Құдай Өзінің рухымен тіпті, некенің ең сырлас 
қарым-қатынастың  егжей-тегжейін  де  жандандыра  түседі. (өмірдің 
қуанышымен толтырады). 
Малахия пайғамбардың кітабында жазылғанына назар аударыңыз: 
“Құдайдың  Рухы  тіпті,  оның  (некенің)  ең  кішкентай  бөлшегін  де 
қуанышқа  толтырады” (Малахия 2:15). Басқа  сөздермен  айтқанда, 
Құдай  бізге  некелік  қарым-қатынасымызды  шығармашылық 
жағынан  қарауға  ықпал  етеді,  алайда,  неке  деген  не  нəрсе  жəне 
оның  бөлшегінің  кім  болатынын  Жаратушының  шешу  құқығын 
өзіне  қалдырады.  Жаратушы  Иенің  қатысуынсыз  жəне  келісімінсіз, 
некелесіп  отау  құру  мүмкін  емес,  ал  Ол  болса, “Мен,  Жаратқан  Ие, 
еш өзгермеймін” (Малахия 3:6) деп басты шындықты айтты. 
Пейіш бағына қайта оралу
Пейіш бағына қайта оралу
Пейіш  бағына  қайта  оралайық.  Екі  ағаш  туралы  əңгіме  есіңізде 
ме?  Солардың  біреуі,  жақсылық  пен  жамандықты  танытатын  ағаш, 
бұл Адам-ата мен Хауа-анаға жемісін жеуге тыйым салынған жалғыз 
ғана  ағаш  еді.  Құдай  оларға  осы  ағаштың  жемісін  жесеңдер  өлесің-
дер деп ескертті. Бірақ, осы ағаштағы бір нəрсе Құдайдың ескертуін 
тыңдамауға жəне тыйым салынған жемісті жеп қоюға мəжбүр қылды. 

20
20    НЕКЕ ЖӨНІНДЕГІ ОҚИҒА
“Əйел ағаштың жемісіне қарап, оның жеуге жақсы əрі көз тартарлық 
əдемі екенін жəне өзін ақылды етуге кызықтырып тұрғанын көрді” 
(Жар. 3:6 авторлармен белгілеп қойған).
Əрине, сол бақтағы көптеген ағаштар жеуге жақсы əрі көзтарлық 
əдемі еді. 
Бірақ, адамды Құдайдың позициясына дейін биіктету күшіне ие 
болған  жемісі  бар  ағаш,  бұл  мүлде  басқа  шаруа!  Хауа-ана  өзінде 
болған нəрседен гөрі, бір үлкендеу зат бар деп ойлады. 
Бірақ, Құдай ретінде қылуға қабілеті бар тек осы ағаш еді. Хауа-
ана  менің  бір  нəрсе  жетіспейді  деп  ойға  келген.  Біз  осы  əйелдің 
өзіне  жатпайтын  Құдайдың  қасиетіне  (Оған  тең  болу)  ие  болуға 
қызығып  кеткенін,  сонымен  бірге  өзінің  Жаратқан  Ие  берген 
қасиетінен яғни даналығынан айырылғанына таңқаламыз. 
Адам-ата  мен  Хауа-ана  Құдайға  тəуелді  əрі  Оның  билігінің 
астында  болғысы  келмей,  керісінше  Жаратқан  Иеге  тең  болуға 
құштар болды. Олар өздеріне тиесілі емес рөлге қызығып кетті. Біз-
дер,  олардың  таңдауының  арасында  жəне  олардың  ұрпақтарының 
біреуі  жасаған  таңдаудың  арасында  қандай  айқын  кереғарлық  бар 
екенін көріп отырмыз. 
“Мəсіхтің  құдайлық  болмысы  бола  тұра,  ол  Онысына  жармасқан 
жоқ” (Філіп. 2:6).
Адам мен Хауа Құдайға рухани ұқсап жаратылған болса да, Оған 
тең  болған  жоқ.  Олар  Құдайдың  рухани  бейнесі  болған.  Дегенмен, 
олар  Құдайдың  бейнесі  болса  да,  бірақ,  Жаратушы  Иенің  өзі  бола 
алмайтыны сөзсіз. Олар біз бір жақсы нəрсеге ие болдық деп өздері 
алданып, өтірікке иланып, шын мəнінде, өздеріне берілген қасиеті-
нен айырылып қалды. Олар даңалыққа ие болмай, алданып қалған. 
Алданып  қалған  жəне  сөз  тыңдамайтын  жұптарды  пейіш 
бағынан қуып шықты. Оларға мəңгілік өмірді беретін жемісті жеу-
ге тыйым салынды . Осы жеміссіз олар ажалды пенде болды. Олар 
қайтыс болды, ал олардың бақтары өтіп кеткен уақытта қалды. Де-

АЛҒАШҚЫ ҚҰДАЙДЫҢ ЖОСПАРЫ     21
21
генмен,  олардың  өмірі  өздерінің  ұрпақтарына,  яғни,  біздерге  əсер 
етіп келе жатыр. Енді ерлер мен əйелдер өшпес өмір сүрмейді, бірақ 
содан бастап неке-өмірдің жалғасы болды. 
Алайда,  Ізгі  Хабардың  мағынасы  осы:  Мəсіхтің  айқыш-ағашы 
өмір беретін біздің соңғы ағаш болып табылады. Ол пейіш бағында 
жоғалған, жойылып кеткеннің барлығын қалпына келтіреді. Құдайға 
ұнамды неке ғана, өмірді сыйлайтын ағаш ретінде қызмет ете алады. 
Осындай  некелік  қарым-қатынаста,  ұрпақтар  жалғастыру  мен  ер-
лі-зайыптылардың  арасында  тығыз-байланыста  болу  үшін,  барлық 
жағдайлар  туындайды.  Сол  себептен,  біз  некелік  қарым-қатынасы-
мызды  сыйлап,  оны  таза  сақтап,  бір-бірімізді  қатты  сүйгеніміз  Жа-
ратқан Ие үшін өте маңызды. 
Сондықтан,  біз  отбасымыз  бақытты  болуы  үшін,  құмалақшыға 
жүгіріп,  дуалап,  неше-түрлі  ырымға  сенбеуіміз  керек.  Қазіргі  за-
манда, көптеген некелер өмірді сыйлайтын ағаштарға мүлдем ұқса-
майды. Ажырасу, некенің адалдығын бұзу, көңілі қалу, бақытсыздық 
жəне  өкпелеу  біздің  некелік  қарым-қатынасымызды  құртып  жатыр. 
Сүйіспеншілік  не  екенін,  некенің  мақсаты  неде  деп  түсінбегендік-
тен,  көптеген  адамдар  үйленіп,  тұрмысқа  шығудың  не  үшін  қажет 
екенін  білмей  отыр.  Басқа  адамдар,  жан-жақтан  атыста  өмір  сүріп, 
тірі  қалғысы  келгендей  болады.  Олар  үшін  некелік  қарым-қатынас 
қауіпсіз айлақ емес, соғыс алаңы іспетті болып тұрады. 

жүктеу 0.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет