Аудандық «Сырым елі» газетіне 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде. Газетке жазылу бағасы



жүктеу 471.89 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі471.89 Kb.
#322
1   2   3   4

Қызметтік міндеттері:

1.Тоғанас  ауылдық  мәдениет  үйінің 

меңгерушісі  лауазымы  қызметтік 

міндеттемесі:

-барлық шешімдерді өз жауапкершілігіне 

ала отырып, Жарғыда және ҚР Заңдарына 

сәйкес  мәдениет  үйлерінің  түрлі  іс-

әрекеттеріне басшылық етуге;

-өзінің  қызмет  көрсету  аймағындағы 

халықтың 

қызығушылығын, 

жас 

ерекшелігін, 



білімімен 

басқа 


ерекшеліктерін, 

ауылдағы 

еңбек 

ұжымдарының  әлеуметтік  міндеттерін 



негізге  ала  отырып,  мәдени-көпшілік 

қызметтерін ұйымдастыруға;

-ауылдық  мәдениет  үйінің  жұмыс 

жоспарын 

жасауды, 

 

жоспарын  



орындалуын,  халықпен  өзінен  жоғары 

тұрған  органдарға  есептің  уақытылы 

тапсырылуын 

жүзеге 


асыруды 

ұйымдастыруға;

-мәдениет  үйі  ғимаратының  мақсатты 

жұмсалуын,  мүліктердің,  аппараттармен 

құрылғылардың  сақталуын  қамтамасыз 

етуге;


-шығармашылық,  әдістемелік,  мәдени-

ағарту  жұмыстарының  жоспарларын 

жүзеге асыруды ұйымдастыруға;

-мәдени-демалыс  ұйымдарының  озат 

жұмыс  тәжірибесін  талдау  және  оны 

мәдениет үйінің тәжірибиесіне енгізуге;

-байқаулар 

мен 


конкурстарды, 

семинарларды,  дайындау  мен  өткізуді 

қамтамасыз етуге;

-ұйым  қызметкерлерінің  өндірістік 

және  еңбек  тәртіптерін,  еңбекті  қорғау 

ережелерін, өрт қауіпсіздігімен техникалық 

қауіпсіздік 

шараларын 

бақылауға 

міндетті.



2.  Тоғанас  мәдениет  үйінің  әдіскері 

лауазымы қызметтік міндеттемесі:

-мәдени-демалыс жұмысын қамтамасыз 

ететін 

әдістемелік 



материалдарды, 

ұсынбаларды әзірлеуге;

-ағымдағы  және  басым  бағыттағы 

жоспарларды жасауға қатысуға;

-мәдени-демалыс  ұйымдарының  іс-

тәжірибесін  зерттеп  қорытуға,  оларды 

насихаттауды, 

тәжірибеге 

енгізуді 

ұйымдастыруға;

-семинар, 

дәріс, 


тақырыптық 

кештермен  басқа  да  мәдени-көпшілік 

шараларға арналған  көрнекі құралдарды 

дайындауға;

-бірлестіктердің 

қызығушылық 

клубтардың, ұжымдардың шығармашылық 

деңгейін  зерттеп, «халық» атағын алу үшін 

шығармашылық ұжымдарды анықтауға;

-ағымдағы айлық және жылдық есептерді 

жинақтап 

уақытылы 

тапсырылуын 

қамтамасыз етуге;

-байқаулар мен конкурстардың Ережесін 

әзірлеуге;

-  жылдық  жоспарындағы,  мәдени 

–  көпшілік  шаралардың  сценарийін 

әзірлеуге;

-семинар, дәріс, тақырыптық кештермен 

басқа  да  мәдени-көпшілік  шараларды 

ұйымдастыру  жұмыстарына  қатысуға 

міндетті;

-мәдени шаралардың ақпаратын жазып, 

БАҚ ұсынуға міндетті.

3.Аралтөбе 

мәдениет 

үйінің 

көркемөнерпаздар 

жұмысын        

ұйымдастырушы лауазымы, қызметтік 

міндеттемесі:

-мәдени-демалыс жұмысын қамтамасыз 

ететін 

әдістемелік 



материалдарды, 

ұсынбаларды әзірлеуге;

-ағымдағы  және  басым  бағыттағы 

жоспарларды жасауға қатысуға;

-мәдени-демалыс  ұйымдарының  іс-

тәжірибесін  зерттеп  қорытуға,  оларды 

насихаттауды, 

тәжірибеге 

енгізуді 

ұйымдастыруға;

-семинар, дәріс, тақырыптық кештермен 

басқа  да  мәдени-көпшілік  шараларға 

арналған көрнекі құралдарды дайындауға;

-бірлестіктердің 

қызығушылық 

клубтардың, ұжымдардың шығармашылық 

деңгейін  зерттеп, «халық» атағын алу үшін 

шығармашылық ұжымдарды анықтауға;

-ағымдағы айлық және жылдық есептерді 

жинақтап,  уақытылы  тапсырылуын 

қамтамасыз етуге;

-байқаулар мен конкурстардың Ережесін 

әзірлеуге;

-  жылдық  жоспарындағы,  мәдени-

көпшілік 

шаралардың 

сценарийін 

әзірлеуге;

- семинар, дәріс, тақырыптық кештермен 

басқа  да  мәдени-көпшілік  шараларды 

ұйымдастыру  жұмыстарына  қатысуға 

міндетті;

- мәдени шаралардың ақпаратын жазып, 

БАҚ ұсынуға міндетті.



4.  «демалыс  орталығы»  мКҚК- 

нің  мәдени-демалыс  жұмыстарын 

ұйымдастырушы  лауазымы  қызметтік 

міндеттемесі:

-мәдени-демалыс жұмысын қамтамасыз 

ететін 

әдістемелік 



материалдарды, 

ұсынбаларды әзірлеуге;

-  ағымдағы  және  басым  бағыттағы 

жоспарларды жасауға қатысуға;

-  мәдени-демалыс  ұйымдарының  іс-

тәжірибесін  зерттеп  қорытуға,  оларды 

насихаттауды, 

тәжірибеге 

енгізуді 

ұйымдастыруға;

- семинар, дәріс, тақырыптық кештермен 

басқа  да  мәдени-көпшілік  шараларға 

арналған көрнекі құралдарды дайындауға;

бірлестіктердің 



қызығушылық 

клубтардың, ұжымдардың шығармашылық 

деңгейін  зерттеп, «халық» атағын алу үшін 

шығармашылық ұжымдарды анықтауға;

-  ағымдағы  айлық  және  жылдық 

есептерді 

жинақтап, 

уақытылы 

тапсырылуын қамтамасыз етуге;

- байқаулар мен конкурстардың Ережесін 

әзірлеуге;

-  жылдық  жоспарындағы,  мәдени-

көпшілік 

шаралардың 

сценарийін 

әзірлеуге;

-семинар, дәріс, тақырыптық кештермен 

басқа  да  мәдени-көпшілік  шараларды 

ұйымдастыру  жұмыстарына  қатысуға 

міндетті;

-мәдени шаралардың ақпаратын жазып, 

БАҚ ұсынуға міндетті.



5.  «демалыс  орталығы»  мКҚК-нің 

әдіскері лауазымы (уақытша декреттік 

демалыстағы  қызметкердің  орны) 

қызметтік міндеттемесі:

-мәдени-демалыс жұмысын қамтамасыз 

ететін 

әдістемелік 



материалдарды, 

ұсынбаларды әзірлеуге;

-ағымдағы  және  басым  бағыттағы 

жоспарларды жасауға қатысуға;

-мәдени-демалыс  ұйымдарының  іс-

тәжірибесін  зерттеп  қорытуға,  оларды 

насихаттауды, 

тәжірибеге 

енгізуді 

ұйымдастыруға;

-семинар, дәріс, тақырыптық кештермен 

басқа  да  мәдени-көпшілік  шараларға 

арналған көрнекі құралдарды дайындауға;

-бірлестіктердің 

қызығушылық 

клубтардың, ұжымдардың шығармашылық 

деңгейін  зерттеп, «халық» атағын алу үшін 

шығармашылық ұжымдарды анықтауға;

-ағымдағы айлық және жылдық есептерді 

жинақтап,  уақытылы  тапсырылуын 

қамтамасыз етуге;

-байқаулар мен  сайыстардың Ережесін 

өткізуге;

-  жылдық  жоспарындағы,  мәдени-

көпшілік 

шаралардың 

сценарийін 

әзірлеуге;

-семинар, дәріс, тақырыптық кештермен 

басқа  да  мәдени-көпшілік  шараларды 

ұйымдастыру  жұмыстарына  қатысуға 

міндетті;

-мәдени шаралардың ақпаратын жазып, 

БАҚ ұсынуға міндетті.



6.«демалыс  орталығы»  мКҚК-нің 

дыбыс  режиссері  лауазымы  қызметтік 

міндеттемесі:

-музыкалық  аппаратуралар  жұмысын 

жүзеге асыруға басшылық етуге;

-тұрғындардың  мәдени  сұраныстарын 

зерттей  отырып,  дыбыс  жазу  бөлімінің 

ағымдағы  және  басым  бағыттағы 

жоспарын  жасауға,  оны  жүзеге  асыру 

жұмыстарын ұйымдастыруға;

-дыбыс жазудың, дыбыстық аппараттар 

мен  құрылғыларды  тиімді  пайдаланудың 

озық  іс-тәжірибиесін  зерттеп  қорытуға, 

оларды насихаттауды, тәжірибиеге енгізуді 

ұйымдастыруға;

-семинар,  дәріс,  тақырыптық  кештер 

мен басқа да мәдени-көпшілік шараларды 

дыбыспен қамтамасыз етуге;

-мәдениет  мекемелерінің  музыкалық 

қорын  жасақтау  және  оны  үнемі  сапалы 

жазбалармен толықтыруға;

-көркемөнерпаздар 

ұжымының, 

үйірмелердің  дайындығын  дыбыспен 

қамтамасыз етуге;

-дыбыстық 

аппаратуралар 

мен 


құрылғыларды  дыбыс  жазу  бөлімінің 

басқа да, мүліктерін сақтауға;

-бөлім  қызметкерлерінің  өндірістік 

және  еңбек  тәртіптерін,  еңбекті  қорғау 

ережелерін,  өрт  қауіпсіздігімен  техника-

лық қауіпсіздік шараларын бақылауға;

-семинар, кештер мен басқа да мәдени-

көпшілік  шараларды  ұйымдастыру 

жұмыстарына қатысуға міндетті.

Конкурсқа 

қатысушыларға 

қойылатын талаптар:

-жоғары  және  арнаулы  орта  кәсіптік 

(гуманитарлық бағытта) білім;

-ҚР «Мәдениет туралы» Заңын білуі;

-мәдени-демалыс 

жұмыстарына 

қатысты материалдарды басшылыққа ала 

отырып  клубтық  жұмыстардың  әдістері 

мен тәсілдерін білуі;

-мәдени  ұйымдардың  озық  іс-

тәжірибиесін білуі;

- компьютерде жұмыс істей білуі;

-іс-қағаздарын жүргізе білуі керек.

Конкурсқа  жіберілген  үміткерлерді 

конкурстан  өткізу,  құжаттарды  қабылдау 

мерзімі  біткен  соң  5  жұмыс  күні  ішінде 

Сырым  аудандық  «Демалыс  орталығы» 

МКҚК әкімшілігінде өтеді. 



Үміткердің  конкурсқа  қатысу  үшін 

тапсыратын құжаттары:

-белгілі  нысан  бойынша  толтырылған 

өтініш;

-білімі туралы құжаттың көшірмесі;



-еңбек кітапшасының көшірмесі;

-денсаулық туралы анықтама \086\;

-жеке  басын  куәландыратын  құжаттың 

көшірмесі;

-3х4 фотосурет \ 2 дана\.

Азаматтар 

қосымша 

ақпаратты 

аудандық  «Демалыс  орталығы»  МКҚК-

дан ала алады. Конкурсқа ниет білдіруші 

азаматтар  қажетті  құжаттарды  осы 

хабарландыру 

бұқаралық 

ақпарат 


құралдарының ресми басылымы аудандық 

«Сырым  елі»  қоғамдық-саяси  газетіне 

жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік 

күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы 

тиіс.

Сырым  ауданы,  Жымпиты  ауылы, 



Қазақстан  көшесі  №10  үй  «Демалыс 

орталығы»  МКҚК  (кадрлар  бөліміне), 



Анықтама телефоны: 31-2-33.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 

«демалыс орталығы» мКҚК азаматтық қызметшілердің бос лауазымды 

орнына конкурстар жариялайды

Мейірбандылық  және  қарттар  күніне  байланысты 

аудандық  «Жас  туристер  станциясы»  МКҚК  экология 

үйірмесі  жетекшісі  Мейрамгүл  Мұхамедова  және  өзі 

жетекшілік ететін «Алтын дала» үйірмесі оқушыларымен 

“Қарттарым –  асыл қазынам” атты ашық тәрбие сағатын 

оздырды.  Аталған  шараға  үйірме  оқушыларының  ата-

әжелері  және  мекеме  қызметкерлері  қатысқан  болатын.

Тәрбие сағаты тақырыпқа сай 3 бөлімді құрады. Бірінші 

бөлім  мақал-мәтелдер  бөлімі  аталып  оқушылар  өздері 

білетін  қарияларға  арналған  мақалдарын  ортаға  салса, 

екінші  бөлімде  өздерінің  ата-әжелеріне  арнап  жазған 

жүрекжарды  шығармаларын  оқып,  өздерінің  асыл 

ата-әжелеріне  балалық  махаббаттарын  жеткізе  білді. 

Тәрбиелік  мағынаға  толы  шараның  үшінші  кезеңі 

оқушылардың ой-өрісін кеңейту және сергіту мақсатында 

психологиялық  тренинг  өткізумен  жалғасын  тапты. 

Тренингті  арнайы  аудандық  аурухананың  психолог 

маманы Әлия Жамбылқызы «Өрмекші» және «Дыбысты 

қайталау арқылы адам ағзасын жақсарту» атты қызықты 

тренингтерімен  бөліссе,  мекемедегі  экология  үйірме 

жетекшісі  Илона  Нұрмағанбетқызы  «Құбыр»  деп 

аталатын  қызықты  тренингімен  оқушыларды  сергітіп 

алды.  Шара  соңында  үйірме  оқушылары  және  жетекші 

М.Мұхамедованың  орындауындағы  «Аяулы  ана»  әні 

ұсынылып,  шара қонақтарына үйірме оқушыларының өз 

қолдарынан жасалған естелік сыйлықтар табысталды. 

«Жас туристер станциясы» мКҚК

Жосалы  ауылдық  округінің  орталық  клубында  қазан 

айында «Қарттары бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік 

шара  ұйымдастырылды.  Шараға  ауылдық  округтегі 

әкімшілік,  мәдениет  қызметкерлері  қатысып,  «Талап» 

шаруа қожалығы демеушілік көрсетті. Мерекелік шараны 

ауыл әкімі Қ.Ғабдешов пен ауыл ақсақалдары, ақжаулықты 

әжелері ауылымыздың Қоңыр мешітінен аруақтарға құран 

бағыштаудан бастады. 

Шарада  ауыл  әкімі  Қ.Ғабдешов,  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  С.Мұқатов  қарияларды  құттықтап,  шағын 

сыйлықтармен марапаттады. Соңы  «Тамаша» кафесінде 

жайылған мерекелік дастарханда жалғасты. 

Өз тілшімізден

Елтай  ауылдық    округінде  қайырымдылық    айы  

аясында    «Тұман»    шаруа    қожалығы    еңбек    және  тыл  

ардагерлері,алтын  алқа  иегері  Зәру  Ахметқалиева  мен  

Мінаура  Асанова  әжемізге  сыйлықтарын    табыс    етті. 

«Сыйласаң  кәріңді,  жарылқармын  бәріңді»  дегендей, 

Мінаура Топашқызын  ауыл әкімі С.Қыдыралин  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы    С.Үкиев,  әлеуметтік    қызметкер 

А.Кәрімова мерейлі 80 жасымен құттықтап,  алғыс хат пен 

сыйлықтар тапсырды.



А.АЖҒАлиевА,

мәдениет үйінің меңгерушісі,

Тасқұдық  ауылы

Қарттарым – асыл 

қазынам

Әжелер ардақталды

Қарияларға құрмет

Мейірбандық айлығында 

«Нұр  Отан»  партиясының 

«Кедергісіз 

келешек» 

жобасы  негізінде  Бұлан 

ауылдық 

округінде 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балаларға 

аудандық 

мекемелерден ізгілік көмек 

көрсетілген 

болатын. 

Атап  айтсақ,  аудандық 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі, 

«Нұр  Отан»  партиясының  аудандық  филиалы,  аудандық 

ветеринарлық  станциясының  басшылары  келіп,  мүмкіндігі 

шектеулі  балалар  және  олардың  ата-аналарымен  кездесіп, 

тілек-лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті. 

Ата-аналар  да  «Нұр  Отан»  партиясының  «Кедергісіз 

келешек» жобасы аясында өз ойларын ортаға салып, ауданнан 

келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

 м.ҚАнАпиевА,

Бұлан ауылдық округінің 

әлеуметтік статист маманы

Қамқорлық  



 жылы 

жүректен


4

12  қараша 2015 жыл

еЛ-Жұрт

 

Аудандық “Жас туристер 

станциясы” мекемесінің 

жұмыс жоспарына сай 

туристік-өлкетану қызметін 

жандандыру, одан әрі 

дамыту мақсатында мекеме 

педагогтары және мекеме 

жанындағы Көгеріс, 

Талдыбұлақ, Жосалы, 

Жаңаөңір ауылындағы 

үйірме жетекшілерінің 

қатысуымен семинар кеңесі 

ұйымдастырылды.

Семинардың 

алғашқы 

сөзін 


мекемінің  оқу-тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасары  Б.Ахметұлы  алып 

семинардың 

өту 


барысымен 

таныстырды.  Семинар  кеңесін 

облыстық  “Қосымша  білім  беру 

жүйесіндегі  оқу-тәрбие  үдірісін 

ұйымдастыру 

және 


басқару” 

тақырыбында  курстан  өтіп  келген 

мекеменің 

экология 

үйірмесі 

жетекшісі  Илона  Нұрмағанбетқызы 

жалғастырып,  облыстық  курстан 

түйіп  келген  жұмыстарымен  және 

әртүрлі  қызықты  тренингтерімен 

бөліссе,  облыстық  әдістемелік 

кабинетінің 

ұйымдастыруымен 

“Шығармашылық  жетістікке  жету 

жолындағы  кәсіби  бағдар  берудің 

тиімді тәсілдері” тақырыбында өткен 

шеберлік сыныбына қатысып келген 

экология  үйірмесі  жетекшілері 

А.Айдарханова мен Ж.Ғабдрахимова 

шеберлік сыныбынан алған әсерлері 

мен  тәжірбиелерін  ортаға  салып, 

әріптестермен  бөлісті.  Семинар 

соңында  қатысушылар  мекеменің оқу-

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарына 

өздерінің  ұсынбаларын  жолдады. 

Атап  айтар  болсақ,  Көгеріс  негізгі 

мектебінің  “Бард”  үйірме  жетекшісі 

А.Қыдырғалиев  өз  ауылындағы 

мектептің 

ауласына 

үйірме 


оқушыларына  спорттық  бағдарлау 

өткізу үшін спорттық карта жасауға 

көмектесуді сұраса, Талдыбұлақ орта 

мектебінің туризм үйірмесі жетекшісі 

Ж.Ғабдрахимова өз ауылынан мектеп 

мұражайын  жасақтағысы  келетінін 

айтып,  құжаттар  жағына  көмек 

көрсетуді сұрады. Семинар соңында 

облыстық  курстардан  алынған 

тәжірбиелер  оқу  процесіне  енгізілу 

және  аталған  ұсыныстар  толық 

талқыланып,  қаралу  туралы  қаулы 

қабылданды.

«Жас туристер станциясы» 

мКҚК

Жалпы білім беретін Абай 

орта мектеп-балабақша 

кешенінде «Әр сабақ 

– үйрету, ұғыну ұлағат,   әр 

пән – қиын да қызықты 

саяхат»  тақырыбында  

мектепішілік  жылдың 

үздік  әдістеме бірлестігі 

байқауы болды. 

Байқауға  мектептегі  бастауыш 

сынып  әдістеме  бірлестігі,  тіл 

және 


гуманитарлық 

пәндер 


әдістеме  бірлестігі,  жаратылыстану  

математика  әдістеме  бірлестігі 

құрамындағы мұғалімдер қатысты.

Бұл  шара  мектеп  директорының 

оқу-тәрбие 

ісі 


жөніндегі 

орынбасарлары 

 

Гүлбарам 



Ахметқалиева 

және 


Тамара 

Бержанова 

ұйымдастыруымен 

жоғары  деңгейде  өтті.  Байқау 

жоспары  бірнеше  тапсырмалардан 

тұрды.   

Бірлестік  біріктіреді  тапсыр-

масында  бірлестік  портфолиосы 

мұғалімдердің  мамандықтарымен 

байланыстырылып таныстырылды.

Байқау 

қорытындысында  



әдістеме  бірлестіктердің  жаңа  әдіс-

тәсілдермен  көрсетілген  сабақтары 

мектепішілік  таратылуға  ұсынылды 

және  жаратылыстану-математика 

әдістеме  бірлестігі  құрамындағы 

өз  білімін  жетілдіру  мақсатында  

үшінші деңгейлік курсты тәмамдаған 

география  пәнінің  мұғалімі  Лаура 

Қарғабаеваның  сабағын  «үздік 

сабақ» деп бағалады.

«Жүйріктен 

жүйрік 


озар 

жарысқанда»  дегендей,  байқау 

тапсырмаларын 

қорытындылай 

келе,  жаратылыстану-математика 

әдістеме  бірлестігі  «2015  жылдың 

үздік әдістеме бірлестігі» атанды.

К.ӘБІлҚАСымОвА,

г. мҮТиевА,

Жалпы білім беретін Абай орта 

мектеп-балабақша кешені

Күн тәртібі бойынша аудандық білім 

беру  бөлімі  басшысының  міндетін 

атқарушы  Қайырбек  Аманғалиев 

және  аудандық  орталық  аурухананың 

басшысы 


Асхат 

Дүйсенғалиев 

хабарлама жасады. 

Отырысқа  «Нұр  Отан»  партиясы 

Сырым 

аудандық 



филиалының 

төрағасы    Абат    Шыныбеков  төраға-

лық  етті.  Тыңдалған  хабарламаларға 

қатысты аудандағы қосымша білім беру 

саласындағы жұмыс ауқымының азаюы, 

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын 

жүзеге  асыру  сияқты  мәселелер 

айтылды, тиісті ұсыныстар берілді. 

Партия  филиалында  келесі  болып 

мәдениет  саласы  мен  әлеуметтік 

саланың есебі тыңдалады. 

Бауыржан Ширмединұлы

Қазақ сөз қадірін білетін 

ел едік. Аталы сөзге 

тоқтап, «бас кеспек болса 

да, тіл кеспек жоқ» деп, 

қабырғасы сөгіліп, көңілі 

құлазыған қауымға аталы 

сөзбен дем беріп, демеген 

халықпыз. Тіпті, дарға 

асылып, жазаға тартылған 

адамға да соңғы рет 

«датын» айтуға мұрша 

беріп, уәжін орындаған 

ұлтпыз. 

Дарабоз Қадыр ақын:

Қазаққа сөз дарыған,

Қызыл шоқтай қарыған,

Бір сөз үшін семіріп,

Бір сөз үшін арыған,- депті. 

Біздің алаш жұрты үшін сөз – оттан 

да, шоқтан ыстық,  жақсы сөзге жаны 

семіріп,  қатты  сөз  жанын  жегідей 

жеген көктүріктің ұрпағымыз. 

Алайда  көкейді  мазалайтыны, 

қазір  арамызда  жастарға  аталы  сөз 

айтып,  мақалдап,  мәйектеп  сөйлеп, 

бата  беретін  үлкендеріміз  азайып 

барады.  Арбаның алдыңғы дөңгелегі 

қай  жолмен  жүрсе,  соңғысы  да 

сол  соқпақпен  өтеді.  Үлкендерден 

салиқалы  сөз  естімей  өсіп  келетін 

жастар  да  солардың  кебін  киеді. 

Сөздің 


қадір-қасиеті 

жоғалу 


деген  міне  –  осы.  Кесек-кесек, 

түйдек-түйдек,  көркем,  дестелі, 

дуалы  сөздердің  орнына  тіліміз 

құр  қойыртпақ  пен  қара  байырға 

айналып  баратыны  ащы  да  болса, 

шындық.    Қоғамды  қазір  сөзбен 

түзеу мүмкін болмай барады. Аталы 

сөз  айтылмағасын,  оны  тыңдайтын 

да құлақ жоқтың қасы. Сөзге атүсті 

қарау – адамның тәрбиесіне, біліміне, 

парасаттылығына байланысты. 

Шыны  керек,  қазақтың  Қазбек, 

Әйтеке,  Төле,  Жиренше,  Бала 

би,  Мөңке,  Малайсары,  Досбол, 

Ескелді,  Әлібек,  Байбек  сынды  би-

шешендерінен қалған маржандарды 

жастардың  құлағына  құйып  жатқан 

адамды  көрмейсің.  Қазақтың  жеті, 

үш  сандарына  қатысты  сөздерін 

де  айтып  жүрген  ардагер  ағалар 

байқалмайды. Мәселен, «дүниеде не 

қатты, не жұмсақ, не тәтті?»  деген 

сауалды көшеде кездескен жастарға 

қойып  көрдім.  Жауабын  білмеді. 

Дүниеде  «әкенің  жүрегі  қатты, 

ананың  алақаны  жұмсақ,  ананың 

сүті  тәтті»  деген  қарапайым  ғана 

жауапты  ести  алмадым.  Сондай-ақ, 

«Елде кім қадірлі, үйде кім қадірлі? 

– Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі, үйде 

қонақ,  қарт,  бала  қадірлі»  немесе  

«Дүниеде  не  қиын?  –  Арадан 

шыққан  жау  қиын,  таусылмайтын 

дау қиын, шанышқылаған сөз қиын,  

жазылмаған  дерт  қиын»  секілді 

би-шешендерден 

қалған 

асыл 


сөздерді жастар біле бермейді. Елуді 

еңсерген  ел  ағаларының  бата  бере 

алмай,  қиналып  жатқан  кездеріне 

де куә боп жүрміз. Кез-келген жерде 

бата  бере  білу  де  –  тапқырлықтың, 

ақындықтың, аталы сөз айта білудің 

үлгісі. «Батамен ел көгерер» дейміз. 

Егер берер батамыз сыннан сүрініп 

жатса, көгергеніміз қанеки? 

Аталы сөз баланың құлағына сіңісті 

боп  өсуі  керек.  Тілі  былдырлаған 

балдырғанның бақшадан бастап баба 

сөзі  құлағына  құйылуы  тиіс.    Ата- 

әжелер  қонаққа  өз-өздері  барып, 

өсек  айтып,  құмар  ойнағанша, 

немерелерін  қонаққа  ертіп  апарып, 

үлгі-өнеге  тұнған  әңгіме  айтса 

құба-құп  болар  еді.  Ел  арасында 

шешендік сөздерді көбірек дәріптеп, 

жыраулардың  жыр-маржандарын 

айта жүрсе, жастар үшін таптырмас 

тәрбие сағаты болары анық. 

Жүйесін  тауып  айтылған  сөз 

жүрекке  жылы  тиіп,  жүйкені 

босатады.  Малайсарының  «Естіге 

айтқан ақыл сөз шыңға тікке тумен 

тең,  ессізге  айтқан  ақыл  сөз  құмға 

сіңген сумен тең» дегені бар. Алысқа 

бармай-ақ,  өзміздің  топырағымызда 

туған  Сырым  шешеннің  дуалы 

сөздерін  айта  жүрейік.  Соның  өзі 

аталы сөзден ажырамауға бірден-бір 

сеп болары сөзсіз.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 471.89 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет