Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



жүктеу 5.24 Kb.
Pdf просмотр
бет9/31
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

 
Литература 
1.Лернер И.Я. Проблемное обучение / И.Я.Лернер.- М.: Знание,1974.-64 с. 
2.Ибраева Ж.Б. Мусина Г.Т. Сущность технологии проблемного обучения.  Изд-во 
Вестник Павлодарского государственного университета, 2011 
3.Валиева М.А. Научно-теоретические основы проблемного обучения. Изд-во Вестник 
Казахского национального педагогического университета им. Абая, 2011 
4. Занков Л. В. Развитие учащихся в процессе обучения. М.: АПН РСФСР, 1963.   
5. Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения. М., Педагогика, 1986. 
6. Мочалова Н. М. Методы проблемного обучения и границы их применения. 
7.Бабанский Ю. К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. М: 
Просвещение, 1985. 
8. Брушлинский А. В. Психология мышления и проблемного обучения. М., 1983. 
9. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М., 1972. 
10. Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе. М., 1983. 
11. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., 1998. 
12. Ильницкая И.А. Проблемные ситуации и пути их создания на уроке. М., 1985. 
 
 
ӘОЖ  373.6.371.212 
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫНДА ЕҢБЕК 
ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Н. Мұқаметкәрімова 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-305 тобының 
студенті 

68 
 
Ғылыми жетекші: Ш. Дүйсембекова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті, педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. 
 
Педагогикалық  мәдениеттің  өзі  ең  алдымен  еңбек  педагогикасы  және  еңбекке 
тәрбиелеуден тұрады. Еңбек – халық өмірінің көзі. Сондықтан еңбекке тәрбиелеу бүкіл 
тәрбие қызметі мазмұнын анықтайтын тәрбиенің халықтық жүйесінің негізі өзегі болып 
табылады.  
Еңбекті  және  еңбек  адамдарын  сүю  –  бұл  халықтық  тәрбие  жүйесінің  аса 
маңызды өсиеті.  
         «Қазақстан  –2050»  стратегиясында  «Еліміздің  болашағы  жас  ұрпақ  тәрбиесімен 
тікелей  байланысты»  делінсе,  бұл  сөздер  жастар  тәрбиесіне  қатысты  біздің 
әрқайсымызға зор жауапкершілік жүктейді.   Еңбектің тәрбиелік қызметі  еңбек үрдісі 
барысында  оқушы  бойында  қоғамдық  құндылық  сапалардың,  тұлғалық  қасиеттерінің 
өмірге, әрекетке деген адамгершілік-эстетикалық қатынасының дамуында жатыр.   
  Бүгiнде  ортамызға  қайта  оралған  А.Байтұрсынов  (1873-1937),    М.Жұмабаев 
(1893-1938),  Ж.Аймауытов  (1889-1931),  М.Дулатов  (1885-1935),    Ш.Құдайбердиев 
(1858-1931)  рухани  мұраларын  жас  ұрпаққа  бiлiм  тәрбие    беруде  кеңiнен  пайдалануға 
кең жол ашылды. Ш.Құдайбердиев оқу, өнер-бiлiмдi, адамгершiлiктi уағыздай отырып 
талапты жастарға ақын кемеңгер Абайдың «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық 
бол»,  «Талап  пен  ақыл  жол  табар»,  «Адамдық  борышың»,  «Ашу  мен  ынсап», 
«Ерiншек» өлеңдерiнде  жас ұрпақтың әуес болар қаситтерi мен азаматтық арына арқау 
болар  сапаларын өткiр өлең сөздерiмен өрнектейдi
[1]
.
 
Атамыз  Абай  мал  табуды  тек  еңбек  деп  қарастырмай,  оны  адамгершілікке, 
адамның еркіндігіне бастайтын жол екенін ескертеді.  
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,  
Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас. 
Зиян шекпей қалмайсың ондай беттен, 
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас, -  
деп таза  адал еңбекті жоғары бағалаған.   
«  Мал»  -  араб    тілінде    «меншік»,  «капитал»  деген  ұғымды  білдірген  екен. 
Сондықтан болар, Абай атамыз: 
Жолға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, 
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел, -  
дей          отырып,  «мал  тап»  дегенде  ноқап  жоқ  жылқы,  сиыр,  түйе  т.б.  айтып 
отырған жоқ , жалпылама меншікті айтып отырған секілді. 
Сондай – ақ келесі шумақта да « малды» байлық мағынасында қолданады: 
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас 
Еңбек қылмас еріншек адам болмас. 
Есек к... жусаң да, мал тауып кел 
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас... –  
деп  еңбектің ролін, байлықтың көзі, адамгершілік жағынан тұтастай көрсетеді.  
 Жастарға  халық  қамын  ойлаған  ақын-жазушылар  мен  ғалымдарды  үлгі-өнеге 
етіп,  «білімдіден  шыққан  сөз  талаптыға  кез  болса  екен»,  -дейді.  Тіршіліктің  тұтқасы 
еңбек пен білімде деп ұққан Абай: 
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған мақсат емес
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған. 
Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, 
білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды.  

69 
 
Еңбек  –  өмірдің  тұтқасы,  тіршілік  көзі.  Еңбексіз  өмір  жоқ.  Қоғамдағы 
байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады
[3]

Еңбек  –  адам  тіршілігінің  арқауы,  өмір  сүруінің  басты  шарты,  оның  жан 
дүниесінің  сана  сезімінің  қалыптасуының  негізгі  көзі.  Еңбек  ету  арқылы  адам  өзіне, 
өмір  сүріп  отырған  қоғамына  қажетті  материалдық  және  рухани  жақтарын  (  еңбек 
сүйгіштік, тәртіптілік, жинақылық, ұқыптылық т.б.) біртіндеп қалыптастырып отырады, 
оның өзіне – өзі қызымет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі мен дербестігі, ынтасы 
мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі
[4]

«Ақыл  –  ардың  сақтаушысы»  деп  қарап,  адамгершілік  мәселелерін  жоғары 
бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы – 
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап, 
Бұларды керек қылмас ешкім қалап… 
Терей ой, терең ғылым іздемейді 
Өтірік  пен  өсекті  жүндей  сабап,  —  деп  кейбір  жастардың  іс-әрекетін  қатты 
сынға  алады.  Абай  қазақ  қоғамындағы  жас  ұрпақтарды  тәрбиелеуге  байланысты 
ойларын бірнеше өлеңдерінде «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын 
өлеңді  ермек  үшін»  т.б.  айқын  білдіреді.  Ол  халықтың  артта  қалушылығын, 
надандығын  мінеп,  әдебиет  пен  ағарту  халыққа  қызмет  етуі,  жалқаулыққа, 
ымырашылдыққа  қарсы  күрес  жүргізуі  қажет  екендігін  көрсетеді,  прогресшіл  орыс 
мәдениетіне  жақындай  түсуді  уағыздайды.  Мұндай  күрделі  міндеттерді  шешудің 
жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру 
талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді. 
Абай  тарихқа  ең  алдымен  кемеңгер  ойшыл  ақын,  ағартушы  ретінде  енді.  Абай 
өлеңдері  мен  қара  сөздерінің  тәрбиелік-тәлімдік  мәні  зор,  идеялық  деңгейі  жоғары 
болып келеді. 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, 
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін», 
—  деп  ақынның  өзі  айтқандай  оның  өлеңдерінің  әлеуметтік,  этикалық  мәні 
мейлінше  терең.  Ең  алдымен  ол  өз  халқына  өлеңдері,  қара  сөздері  арқылы  ұдайы  ой 
салды,  оның  көкірегін  оятып,  оны  надандықтан,  жаман  қылықтардан  сақтандырды, 
мәдениетті болуға, прогреске шақырды. 
Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде: 
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, 
Жақсы мен жаманды айырмадың 
Бірі  қан,  бірі  май  боп  енді  еккі  ұртың»  –  деген  сөздері  дәлел  бола  алады.  Бұл 
өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, 
бекер  мал  шашуға,  өтірік,  өсек  айтуға,  жалқаулыққа  қарсы  шықты.  «Бес  нәрседен 
қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», — дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, 
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, 
қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», — деген өсиет айтты. 
Сондай  –  ақ  ұлы  ақын  өнер-білім  алуға  шақырды,  өмірде  өз  орныңды  тап, 
пайдалы  әрекет  жаса,  дейді.  «Сен  де  –  бір  кірпіш  дүниеге,  тетігін  тап  та,  бар  қалан!» 
деген  сөздер  соның  айғағы.  Қазақ  елінде  ойын-сауыққа  көп  әуестеніп,  бір  үйден  бір 
үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет  барын ашына 
ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. 
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, 
Аздырар адам баласын», — деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді. 

70 
 
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара 
жатқанын,  жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  теріс  ықпалын  тигізетіндігін  байқап,  халықты, 
әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. 
Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған 
елге  деген  сүйіспеншілік  пен  ерлік,  табандылық  пен  адалдық,  парасаттылық  пен 
сыпайылық,  адамдарға  қайырымдылықпен  қарау,  еңбек  сүйгіштік,  жарқын  өмірге 
ұмтылушылық т.б. атап айтты.  
Абай  уақытын  еңбексіз  бос  өткізетіндерді,  еріншектерді,  өсекшілдерді, 
адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы: 
Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ, 
Бәрі де шаруаға келеді олақ. 
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, 
Бар  өнері  –  қу  борбай  –  сымпыс  шолақ-деп,  күйзеле  жазады  ұлы  ақын
[3]
.  Бұл 
шындық, қазіргі таңда да осындай жалқау, еріншек жастар көбейіп келеді. Оның себебі 
заманауи техниканың дамуы. Жастар кітапханаға баруды қойды, сирек барады, іздеген 
материялдарын әлеуметтік желіден ілезде  тауып ала салады.  Бұл заманға сай болғаны 
мен  болашақ  ұрпақ  сауатсызданып  барады  десекте,  артық  айтпағанымыз  болар  еді. 
Яғни, жастардың көп кітап оқымайтындығы, кіші сынып оқушыларының,тіпті даярлық 
сынып  балаларының  өзі  кітапқа,  ойынға  қызығушылықтары  жоқ.  Олардың    тек  көк 
экран  алдында  телміріп  шетелдің  біздің  мәдениетімізге  жат  мультфилімдері  мен 
киноларын, сонымен қатар компьютерлік ойындарына деген қызығушылықтары басым. 
Сондықтанда біз болашақ педагог редінде  қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны 
тұрақты  даму  деңгейіне  көтеретін  бірден-бір  құндылық,  ол  –  жасөспірімдерді 
отаншылдық,  ұлтжандылық рухта тәрбиелеуге өз үлесімізді  қосуымыз керек. Ендеше, 
қазақстандық  жаңа  білім  үлгісі  осыдан  бастау  алып,  жас  ұрпақты  білімді  және  сол 
білімді  ұтымды  пайдалана  алатын  іскер,  білгір  де,  білікті  етіп  өсірумен  қатар,  оның 
адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін 
дұрыс  және  орнықты  түрде  қалыптастыру  болмақ.  Білімнің  басты  ұстанымы  адамға 
білім  беру  ғана  емес,  сол  білімді  және  біліммен  қарулануды  «руханияттандыру», 
«адамгершіліктендіру»  болғаны  аса  маңызды.  Сондықтан  жаңа  білім  үлгісін  жасау 
аясында  бүкіл  қоғамды  жұмылдыра  отырып  рухани,  интеллектуалдық  және 
экономикалық  тәуелсіз  мемлекет  орнату  болшағына  бағдарланған,  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтарға  үйлестірілген  ұлттық  тәрбие  берудің  үлгісін  жасау 
және  білім  беру  көлеңкесінде  қалып  қоймайтын,  керісінше  тәрбие  мәселесін  төрге 
қоятын  тәрбие-білім  жүйесін  іске  қосу  –  бүгінгі  күннің  кезек  күттірмейтін  басты 
мәселелерінің бірі болып отыр. 
Қазіргі білім беру саласының алдында тұрған басты бағыт - жан-жақты дамыған 
рухани  қазынасы  бай,  әлеуметтік  бейімделген  жеке  тұлға  қалыптастыру.  Жас  өспірім 
балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестірумен ғана шектелмей, сол 
білімді  оқушы  бойына  дарытуда  оның  педагогикалық  және  психологиялық 
жағдайларына да көңіл бөлу қажеттілігі қарастырылған. Абай шығармаларын оқығанда, 
әсіресе, оқушылардың еңбекке деген көзғарастарының  дұрыс болуы аса маңызды рөл 
атқаратындығын атап кетуге болады. Адам егер  еңбек етуге ынталы  болып қызығатын 
болса,  оның  ысырабына  жол  бермейді.  Мұндағы  берекесіздікпен  аяусыз  күресіп 
отырады.  Мақаланың  аяғын  мына  бір  мақалмен  аяқтағым  келіп  отыр 
«Еңбек  етсең 
ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей»,  демек,  еңбектенейік,  ешқашанда  жалқаулыққа 
салынбайық алға қойған мақсаттарымызға жете берейік. 
 
 
 

71 
 
Әдебиет 
1.
 
Бес  ғасыр  жырлайды:  15-20  ғасырдың  бас  кезіне  дей,нгі  қазақ  ақын-
жыраушылардың  шығармалары..Құраст.,:  Байділдаев  М.,Мағауин  М.,-
Алматы: Жазушы, Т.2-1989.-496бет 
2.
 
Дуйсембекова Ш.Д. Мектеп және мамандық таңдау. – Алматы 2010ж.59бет. 
3.
 
З.  Әбілова  ,  Қ.  Қалиева.    Этнопедагогика  оқулығы.  –  Алматы:  ҚазХҚ  және 
ӘТУ – ті ,1999ж. - 394 бет. 
4.
 
Ш.  Дүйсенбекова.      Педагогика.  –  Семей  мемлекеттік  педагогикалық 
институт. Семей, 2012 жыл. – 246 бет.  
 
 
ӘОЖ  37.125.8 : 377:378 
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
А. Шанжарханова 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, ПП-13-1оқу тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Ш.Д. Имангалиева – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 
университетінің академиялық доценті 
 
Қазақстан Республикасының Президенті  Н Ә Назарбаевтың  «Қазақстан  - 2050» 
Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауының  негізгі  басымдықтарын  айқындай  отырып,  жастарға  төмендегідей  талап 
тілектерін  айтты:  «Бүгін  мен  жариялаған  Жаңа  саяси  және  экономикалық  бағыт 
сіздерге  жақсы  білім  беруді,  яғни  бұдан  да  лайықтырақ  болашақ  сыйлауды 
көздейді.Мен  сіздерге  –  жаңа  буын  қазақстандықтарға  сенім  артамын.  Сіздер  Жаңа 
бағыттың  қозғаушы  күшіне  айналуға  тиіссіздер»[1].  Осы  жолдаудағы    талаптарға 
сәйкес  жастар  дүниежүзілік  білім  кеңістігінде  өз  білімі,  қабілеті,  тапқырлығы, 
еңбекқорлығымен  өз  орнын  табуы  керек.  Міне,  сол  міндетті  орындау  жас  ұрпаққа, 
мұғалімдерге, ата-аналарға мектептегі психологтың көмегі үлкен роль атқарады. Қазіргі 
заман  талаптарына  орай  педагог-психолог  «мұғалім-оқушы»,  «оқушы-оқушы», 
«мұғалім-ата-ана»,  «ата-ана-оқушы»  қарым-қатынастарын  жақсарту,  оның  сапасын 
көтеру  үшін  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  оқу  мен  тәрбиенін  бірге  жүргізілуін 
қадағалайды.  Біздің  бәрімізге  білім  жүйесінде  білім  мен  тәрбиенің  бірлігі  әлсіреп 
жатқандығы  байқалуда.  Шынында,  жастар  өмірге  деген  тұтынушылық  қарым-
қатынасты  қалыптастырып,  шетел  мәдениетінің  жағымсыз  үлгілеріне  еліктеушілік 
орын алуда. Жастарымыздың денсаулығына наркотик, спирттік ішімдіктер, психотроп 
заттарды  қолдануы  үлкен  қауіп  тудыруда.  Мектептегі  психолог  оқу  мен  тәрбиенің 
бірлікте алып жүруін қамтамасыз етеді. 
Әлеуметтік-психологиялық 
қызметтің 
негізгі 
бағыттарын 
төмендегідей 
айқындаймыз: 

 
Педагогикалық  қызметкерлер  мен  ата-аналарға  әлеуметтік-психологиялық 
тұрғыдан білім беру. Оларды әлеуметтік-психологиялық біліктілікке баулу.  

 
Әлеуметтік  болжамдау  және  жобалау  мақсаты  –  туындаған  проблеманы 
ескеріп,  баланы  арнайы  ұйымдастырған  әлеуметтік  педагогикалық  қызметке 
араластыра  отыра,  бала  проблемасын  шешуді  болжамдау  және  жоспарлаған  нәтижені 
іске асыра алатын қызмет мазмұнын анықтау. 

72 
 

 
Психологиялық-әлеуметтік  сауықтырудың  мақсаты-барлық  жас  кезеңдерінде 
балалардың  әлеуметтік-психологиялық  саулығын  дамыту  және  сақтау  оны  нығайта 
түсу.  

 
Психологиялық-әлеуметтік  диагностиканың  мақсаты  –  жеке  тұлғаның  жеке 
дара  және  жас  ерекшелігін,  тұлғааралық  қарым-қатынасын  зерттеу  мен  социумдағы 
әлеуметтік  жағдайды  зерделеп,  оған  болжам  жасау,  бала  мен  жанұя  жұмысындағы 
психодиогностикалық, әлеуметтік диагностикалық әдістерді жасақтау, негіздеу.  

 
Психологиялық-әлеуметтік  түзетудің  мақсаты  –  балаларды  жеке-дара 
тұлғалық  дамуындағы  психологиялық  ауытқулардан,  әлеуметтенудегі  қиындықтардан 
арылту,  түрлі  жағымды  икемділік  пен  дағдыларды  қалыптастыру.  Психолог 
жұмысындағы  түзету-коррекциялық  бағыты  –  оның    қызметінің  ең  қиын  тұсы. 
Сондықтан да бұл бағыт практик-психологтан шеберлікті қажет етеді. 

 
Психологиялық-әлеуметтік  кеңес  берудің  мақсаты  –  оқу  тәрбие  процесінде 
туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. 
Кабинет  әдіскерлері  білім  беру  процесін  психологиялық-әлеуметтік  қамтамасыз 
етуде төмендегі шараларды жүзеге асырады. 
Психологиялық жұмыстың тұжырымдамасын, ғылыми-әдіскерлік бағдарламасын, 
педагог-психолог пен  әлеуметтік  педагогтардың  біліктігін  арттыру  мен  білім  берудегі 
әлеуметтік-психологиялық  қызметтің  моделін,  олардың  сапалық  сипаттамасын 
жасау.Жобалау  әдісін  пайдалану  арқылы  мектептегі  әлеуметтік-психологиялық 
қызметтің  жұмысын  ұйымдастыру  мақсаты  мен  бағыттарын  айқындаймыз,  ол  үшін 
жобалау әдісінің мәніне тоқталып өтейік. 
   Жобалау әдісі АҚШ-та XXғасырдың  20-ыншы жылдары қалыптасты. 
 Дж  Дьюи  оқытуды  белсенді  негізге  құру  арқылы,  оқушының  мақсатты  іс-әрекетін 
ұйымдастыру  қажет,  әрі  оқушы  игеретін  біліміне  қызығушылық  танытуы  кажеттігіне 
мән  берді[2].  Жобалау  әдісінің  негізінде  оқушының  танымдық  дағдысын  дамыту,  өз 
білімін өздігінен құрастыру іскерлігі, ақпараттық кеңістікте бағдар алу, сыни ойлауды 
дамыту  маңызды  болып  табылады.    Жобалау  әдісі  бір  жағынан  белгілі  бір  мәселені 
шешуге бағытталған, екінші жағынан ғылыми, техника, технология саласындағы білім 
мен іскерліктерді интеграциялау қажеттілігін айқындайды. 
«  Мектептегі  әлеуметтік-  психологиялық  қызметті  ұйымдастыру»  атты  жобаны 
жеткіншектермен,  әлеуметтік  педагогпен,  мектеп  психологымен,    пән  секцияларының 
жетекшілерімен және пән үйірмелерінің жетекшілерімен жүргізу. 
Жоба: « Мектептегі әлеуметтік- психологиялық қызметті ұйымдастыру» Қатысушылар: 
-
 
жеткіншектер  
-
 
әлеуметтік педагог 
-
 
 мектеп психологы 
-
 
 пән секцияларының жетекшілері 
-
 
пән үйірмелерінің жетекшілері. 
Мақсаты:  Мектептегі  әлеуметтік-  психологиялық  қызметті  ұйымдастыра  отырып 
оқушылардың  әлеуметтенуі  үшін  мақсатты  тәрбиелік  ықпалдардың  жүйелі  жүзеге 
асырылуын және әр түрлі мекемелер мен тәрбиелік және қоғамдық ұйымдардың өзара 
байланысын  қамтамасыз  ету.  Оқушылардың  өмірдегі  әр  түрлі  дағдарыстық 
жағдайлардан шыға алу жолдарын меңгеруін қамтамасыз ету. 
 Мерзімі: 4 апта, аптасына 1 сағаттан Жобамен жұмыс:  
Мектептегі әлеуметтік- психологиялық қызметті ұйымдастыру үшін мынадай 4 топпен 
тығыз байланыста болуымыз қажет. Олар:  
1.Педагог  
 - пеагогикалық кеңес; 
 - психологиялық-педагогикалық консилум; 

73 
 
 - психологиялық- пеагогикалық семинар; 
 - дөңгелек стол; 
 - ұйымдастырушылық іскерлік ойындар; 
 - кеңес берулер; 
 - әдістемелік бірлестіктер. 
2.Отбасы 
 - ата-ана комитетінің мәжілісі; 
 - ата-аналар университетінің сабақтары; 
 - отбасылық клубтар; 
 - бірлескен мекемелермен кештерді өткізу; 
 - тренингтер; 
 - кеңес берулер; 
 - ата-аналарға ақпараттық стенділер дайындау. 
3.Оқушылар 
- жеке және топтық кеңес беру
- коррекциялық- дамытушылық сабақтар; 
- тренингтер; 
- педагогикалық клубтар; 
- кәсіби бағдар беру жұмысы; 
- оқушылардың өндірістік бригадалары; 
- жазғы демалысты ұйымдастыру. 
4.Мектептен тыс ұйымдар мен мекемелер 
- үйірмелер, секциялар, клубтар; 
- қайырымдылық акциялары; 
- мөлтек аудандағы мекемелер.   
Осы  жоғарыдағы  жобаларды  талқылау  барысында  оқушы  тұлғасымен  және 
әлеуметтік  орта  арасындағы  негативті  ықпалдарды  интеграциалау  үшін  төмендегідей 
үлгіні ұсынамыз. 
 
 
 
 
 
 
1.
 
 
2.
 
 
 
3.
 
 
4.
 
 
5.
 
 
 
 
 
6.
 
 
 
 
 
 
 
 
Облыстық балалар 
қоры және өзге де 
қорлар 
ІІБ 
КТІ- 
инспекторы 
Учаскелік 
инспекторы 
Мектеп 
инспекторы 
«Ақ босаға" қоғамдық  
әйелдер бірлестігі 
бібірлестігі,Ақтілек  
Аула клубтары 
жұмысы 
«Ұлағат ұландары» 
жастар бірлестігі 
Қосымша білім 
беру орталығы 
Облыстық мамандардың 
біліктілігін арттыру 
және қайта даярлау 
Қалалық әлеуметтік 
бағдарламалар және 
еңбекпен қамту 
орталығы  
Қалалық әкімдік 
КДНиЗП 
Балаларды қорғау 
департаменті 
АХАЖ 
Балалар 
поликлиникасы 
Салауатты  өмір 
салтын 
қалыптастыру 
орталығы 
Әлеуметтік 
педагог 
Қоғамдық ұйымдар 

74 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1-Білім беру мекемесіндегі  әлеуметтік- педагогикалық қызметтің   жұмысы 
 
Зерттеуге  қатысқан  жеткіншектердің,педагогтардың,психологтардың  жауаптарындағы 
айтылған  психологиялық  проблемалар  мазмұны  бойынша  жіктеліп,  былайша 
топтастырылды: 

 
Жеткіншектердің  тұлғалық-психологиялық  ерекшеліктері:  сенімсіздік; 
ұялшақтық; қорқақтық; жалқаулық; сенгіштік; күмәншілдік т.с.с. 

 
Тұлға  аралық  қарым-қатынастағы  шиеленістер:  қарым-қатынас  жасау 
дағдысының  жеткіліксіз  болуы;  әрқашан  адамдармен  тіл  табыса  алмау; 
бастамашылдықтың жетіспеуі; тұйықтық т.с.с. 

 
Іс-әрекет  түрлеріне  қатысты  туындаған  проблемалар:  сәтсіздікке  бой 
алдыру;  іс-әрекеттеріне  көңілдің  толмауы;  уақытты  жеткізе  алмау;  өзара 
әрекеттестікті тиімді орната алмау; ерік-жігердің жетіспеуі т.с.с. 

 
Әлеуметтік    жағдайына  байланысты  туындаған  проблемалар:  мекен-
жайдағы  жағдаймен  қанағаттанбау;  дем  алуға  уақыттың  болмауы;  күн 
тәртібін сақтай алмау т.с.с. 

 
Материалдық  жағдайлардан  туындайтын  проблемалар:  қаржыны   үнемдей 
алмау;  материалдық  жағынан  тәуелсіздіктің  болмауы;  материалдық 
жағдайға  байланысты  дәрменсіздікті  сезіну,  кредит  ала  алмауға  және 
алғандардың  оны  өтей  алмауына  байланысты  психологиялық  тығырықтар 
т.с.с. 

 
Өзін-өзі  дамытуға,  өзін-өзі  жетілдіруге  байланысты    проблемалар:  өмірде 
өзіндік  орын  табудың  қиыншылығы;  болашақтың  бұлыңғырлығы;  өзіндік 
танымның жеткіліксіздігі; өзіндік бағаның дәлме-дәл болмауы т.с.с. 

 
Микроортада 
туындаған 
психологиялық 
проблемалардың 
әсері: 
отбасындағы  жағдайдың  ауырлығы;  жақын  адамның  денсаулығындағы 
мәселелер; «қазіргі адамдардың өзгеруі» т.с.с. 

 
Психикалық  және  психологиялық  денсаулыққа  байланысты  туындаған 
проблемалар: шаршау, қажу жәйті; денсаулықтың нашарлауы; қорқынышқа, 
стреске бой алдыру т.с.с. 

 
Проблемалардан  қашқақтауы  және  оны  өзгелермен  бөліскісі  келмеуі: 
зерттеуге  қатысқан  екі  студент  пен  5  жас  маман  өздерінде  ешқандай 
проблема  түбегейлі  жоқ  екендігін  мәлімдеді.  Бұл  жағдай  олардың  саналы 
түрде  аңғарылмаған,  тереңде  жатқан  проблемаларының  бар  екендігін  және 
осы орайдағы қорғаныс механизмдерінің ықпалын танытады.  
жүктеу 5.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет