Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



жүктеу 5.24 Kb.

бет23/31
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

емес. Өйткені ақыл-кеңес – бұл сіздің жеке тәжірибеңіз, басыңыздан өткергеніңіз. 
Оның  басқа  адамға  жарамайтыны  түсінікті.  Ол  ақылды  алған  күйде  кәдеге 
асырса  жақсы,  кәдеге  аспаса,  сізді  кінәлайды.  Психологтарға  сұраныс  аз  деп 
айтпас  едім.  Сұраныс  көп.  Алайда,  оған  сәйкес  келетін  маман  тапшылығы  бар 
деуге болады. Өйткені қолында дипломы барлар – әлі маман емес, тек диплом иесі 

185 
 
ғана. Мұны кез келген мамандыққа қатысты айтуға болады. Шынайы психолог 
осы  ғылыммен  біте  қайнасып,  психология  оның  ішкі  жай-күйіне  айналуы  тиіс. 
Тәжірибесі жоқ, мықты психологиялық техникаларды меңгермеген маман жақсы 
кеңесші  болып  жарытпайды.  Оған  қоса  психологқа  жақсы  маман  болу  үшін 
күнделікті  оқу,  жаңа  техникаларды,  жаңа  бағыттарды  үйренуі  және  оларды 
практикада сынап көруі тиіс. Практикалық психологияны психолог ең алдымен 
өзіне қолданғаны жөн. Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса 
маңызды.  Тарих,  экономика,  этнография,  әлеуметтану,  өнертану  және  т.б.  қоғамдық 
ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің 
пайда болуына әкеледі.  
Адамның  жеке  және  топтағы  мінез-құлқының  механизмдерін  білмей,  мінез-
құлықтың,  әдеттің,  әлеуметтік  көзқарас  пен  бағыттың  таптауырын  қалыптасуының 
заңдылықтарын  білмей,  көңіл-күйді,  сезімді,  психологиялық  климатты  зерттемей, 
тұлғаның  психологиялық  қасиеттері  мен  ерекшеліктерін,  оның  қабілеттерін, 
мотивтерін,  мінезін,  тұлғааралық  қатынастарын  және  т.б.  зерттемей,  әлеуметтік 
құбылыстар  мен  үрдістерді  толық  ашып  көрсету  мүмкін  емес.  Қысқаша  айтқанда: 
әлеуметтік  үрдістерді  зерттеу  кезінде  психологиялық  факторларды  ескеру  қажеттігі 
туады.  Психологиялық  факторлар  әлеуметтік  үрдістерді  өздігінен  анықтамайды, 
керісінше,  олардың  өзі  осы  үрдістерді  талдау  кезінде  ғана  түсінікті болады.  Адамның 
психикалық  әрекетінің  негізгі  түрлері  қоғамның  тарихы  барысында  пайда  болып, 
тарихта  қалыптасқан  заттық  әрекеттер  жағдайында  жүзеге  асырылады,  еңбек  ету 
барысында,  құрал  мен  тілді  пайдалану  кезінде  пайда  болған  амалдарға 
сүйенеді.Айтылғаннан  психологияның  қоғамдық  ғылымдармен  байланыста  болуының 
қаншалықты  маңызды  екенін  көруге  болады.  Егер  жануарлардың  мінез-құлқының 
қалыптасуында  биологиялық  шарттар  негізгі  рөлді  атқарса,  адамның  қалыптасуында 
осындай  рөлге  тарихи  қоғамдық  шарттар  ие  болады.  Алдымен  психикалық 
әрекеттердің  адамға  тән  болатын  түрлерін  зерттейтін,  қазіргі  заманғы  психология 
ғылымы, қоғамдық ғылымдардан - қоғамның негізгі даму заңдарын біріктіретін тарихи 
материализмнен  —  алынатын  мәліметтерді  есепке  алмай  бірде-бір  қадам  жасай 
алмайды.  
Адамның  психикалық  әрекетін  қалыптастыратын  қоғам  жағдайларын  тиянақты 
қадағалау  ғана  психологияның  берік  ғылыми  негізге  ие  болуына  мүмкіндік 
береді.Психология  басқа  ғылымдар  байланыстарының  барлығында  өзінің  мағынасын, 
өзінің  теориялық  принциптерін  және  өзінің  осы  мағынаны  зерттеу  әдістерін 
сақтайтынын  естен  шығармау  керек.  Білімнің  ерекше  саласы  ретіндегі  психологияда 
арнайы пәндердің бірқатары   бірігеді   (мәселен,   психофизиология   және   әлеуметтік 
психология).  Олар  бір-біріне  сай  емес  болып  көрінсе  де,  ғылымның  бір  саласына 
жатады.  Олардың  ортақ  міндеті  -  психикалық  құбылыстарды  зерттеу.  Барлық  арнайы 
психологиялық  пәндердің  бірігетін  базасы  болып,  негізгі  психологиялық  мәселелерді 
эксперименттік  және  теориялық  түрде  өңдейтін,  жалпы  психология  саналады. 
Психологиялық  пәндер  жүйесінің  зерттейтін  басты  объектісі  біреу.  Бұл  -  адам,  оның 
психикалық  үрдістері,  күйлері  және  қасиеттері.Психологиялық  білімнің  даму 
ерекшеліктері  психологияның  басқа  ғылымдармен  байланыста  болуына  ғана  тәуелді 
болмайды.  Олар  қоғамдық  тәжірибе  талаптарының  күшеюіне  де  байланысты 
анықталады.  Алғашқыда  психология  теориялысы  басым  пән  болғаны  белгілі,  ал  қазір 
ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнеркәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім 
беру  жүйесіндегі,  денсаулық  сақтаудағы,  мәдениеттегі,  спорттағы  жэне  т.б.  кәсіби 
практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда. 
 
Әдебиет 

186 
 
1.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет 
2.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет 
3.Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет 
4.Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет 
5.Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет 
 
 
ӘОЖ  371.13 
ЖАС МАМАННЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
А.А. Битанова 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық Университеті, «Педагогика және 
психология» мамандығының 2 курс магистранты  
Ғылыми жетекші: А.Ж. Кабдуалиева – Қазақстан инновациялық университетінің аға 
оқытушысы 
 
Қазақстан 
Республикасының 
«Білім 
туралы 
заңында», 
«Қазақстан 
Республикасының  2011-2020  жылға  дейінгі  білім  беру  бағдарламасында»  білім  беру 
мекемелерде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, 
ақыл-ойының,  интеллектуальдық  дамуын  қамтамасыз  ететін,  болашақ    ұстаздың  оқу 
әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. 
  
Білім  беру  мекеме  ұйымдағы  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  базалық  білім,  білік, 
дағдылар,  жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде          жас  маманның 
түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес  жас маманның  
бойында  қоршаған  ортаға  қызығушылық  білдіруге,  экологиялық  білімді  меңгертуге 
танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады. 
 Психология  ғылымында  «құзыреттілік»  ұғымына  қатысты  нақты  түсініктер 
қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны 
қамтиды  (А.Н.  Журавльев,  Н.Ф.  Талызина,  Р.К.  Шакурова  және  т.б.).  Олай  болса 
психология  ғылымында  «құзыреттілік»  танымдық  (когнитивтік),  пәндік-практикалық 
және  жеке  өзіндік  тәжірибелер  жиынтығы  ретінде  түсіндіріледі.  Жас  ерекшелігіне 
қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, 
этникалық  және  әлеуметтік-экономикалық  формалардың  әсер  ету  дәрежесіне  тікелей 
байланысты  болады.  Білім  беруді  жаңарту  негіздерінің  бірі  ретінде  құзыреттілік 
тұрғыдан  келуді  жақтаушылар  күтілетін  нәтижелер  тұжырымдамасын  құруда.  Бұл 
тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді: 
 –  «құзыреттілік»  ұғымы  тек  танымдық  (когнитивтік)  және  технологиялық  құраушы 
ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін 
(білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды; 
 –  құзыреттілік  –  алған  білім,  білік,  тәжірибе мінез-құлық  тәсілдерін  нақты  жағдаятта, 
нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті; 
 – құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; 

 
құзыреттіліктер  тек  білім  беру  мекемелеріндегі  оқыту  үдерісінде  ғана  емес,  яғни 
дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады.  
«Құзырлық»  сөзі  туралы  қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме 
сөздігінде:  «құзыр  (компетенция)  –  жалпы  алғанда  қайсыбір  тапсырманы  орындауға 
қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген.  
  «Құзырет  (компетенция)»  –  нақты  органның  не  лауазымды  тұлғаның  заң  жүзінде 
белгіленген  өкілеттіліктерінің,  құқықтары  мен  міндеттерінің  жиынтығы  деп 

187 
 
көрсетілген.  Латын  тілінен  аударғанда  «құзырлық  –  өз  ісін  жетік  білу,  танымы  мол, 
тәжірибелі»  деген  мағынаны  білдіреді.  Белгілі  бір  саладағы  құзырлықты  меңгерген 
тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-
тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы 
ұғымдардың  мәнін  тереңірек  талдайтын  болсақ,  онда  «құзыр»  –  тұлғаның  белгілі  бір 
пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара 
байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай 
құзырлықтарды  меңгеруі.  Бұл  екі  ұғымды  керек  болған  жағдайда  бөліп  қарастырады. 
Мысалы,  құзырлық  оқушылар  дайындығына  алдын-ала  қойылатын  талаптарды,  ал 
құзыреттілік  олардың  қалыптасқан  тұлғалық  сапасын  және  белгілі  бір  саладағы  іс-
әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады. 
Бүгінгі  еліміздің  білім  жүйесінде  әлеуметтік,  экономикалық,  қоғамдық-саяси 
өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту үдерісінтің 
идеяларға  негізделген  жалпы  ұлттық  деңгейдегі  жаңа  мазмұнмен  қамтамасыз  етуде 
құзыреттілік  тұғырының  маңызы  зор.  «Құзыреттілік»  ұғымы  дәстүрлі  педагогикалық 
зерттеулерде  кәсіби  құзыреттілік  немесе  маман  құзырлылығы  ұғымдарымен  қатар 
қолданылып  келді.  Ал,  қазіргі  зерттеу  жұмыстарында  «құзыреттілік»  тек  маман 
біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, 
мәселені  шешу,  коммуникативтік  құзыреттіліктері  зерттеу  пәніне  айналуда. 
«Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін 
жетік  білетіндерге  немесе  үлкен  адамдарға  ғана  қолданылатын  мінездеме  емес, 
сонымен  қатар  студенттерге,  мектеп  оқушыларына,  тіпті  мектепке  дейінгі  жастағы 
балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады.  
Қазіргі  таңда  құзыреттілікті  тұлғаның  күрделі  мәденижиынтық  іс-әрекеті 
түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады. Бүгінгі таңда «құзырлық» 
ұғымымен  қатар  «түйінді  құзырлықтар»  ұғымы  кеңінен  қолданылуда.  Ол  «Еуропаға 
арналған  түйінді  құзырлықтар»  бағытын  ұстанатын  Еуропа  Кеңесі  көлемінде 
айқындалған  стратегиядан  бастау  алады.  Бұл    түйінді  құзырлықтар  саны  жағынан  да, 
мазмұны жағынан да (құндылықтық мәндік, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық 
құзырлық, т.б.) әркелкі.Еуропада, Ұлыбританияда, АҚШ-та кеңінен таралған education 
термині  (образование  дегенді  білдіреді)  «образ»  деген  түбірі  жоқ,  алайда  білім  беру 
процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуінің барлық аспектілерін қамтып, мазмұны 
бойынша кең ұғым болып табылады. Сол себепті білім беру оның мәдени сәйкестілігіне 
байланысты  қоғамның  әлеуметтік-мәдени  құндылықтарын  интернационалдандыру 
ретінде  оқыту  мен  тәрбие  беруді  өзара  қосады.  Сонымен  бірге,  оқыту  мен  тәрбие 
берудің өзара байланысы бұл процесте ажыратылмайды. «Тәрбие беру де, білім беру де 
ажыратылмайды, — деп Л.Н. Толстой ерекше атап өткен. Білім бермей тәрбие беруге 
болмайды, ал кез-келген білімнің тәрбиелеуші әсері бар».  
Білім  беру  нәтижесі  екі  тұрғыдан  қарастырылады.  Біріншісі  –  бұл  нақты  білім 
беру  жүйесі  арқылы  алынатын  және  білім  беру  стандарты  формасында  тіркелетін 
нәтиженің  бейнесі.  Қазіргі  замандағы  білім  беру  стандарттары  оқытудың  белгілі  бір 
курсын  өту  үстіндегі  адамның    тұлғалық  сапасына,  оның  білімі  мен  икемділігіне 
қойылатын  талаптарды  қамтиды.  Стандарттың  мазмұны,  әлеуметтік  мәдени 
тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрнісі екені мәлім. 
Білім  беру  жүйесінде  педагогтар  мемлекеттік  қызметкерлер  болып  табылады. 
Педагог  өз  мамандығының  сапасын,  біліктілігін  арттыруды  психологиялық  тұрғыдан 
қамтамасыз  етуі  үлкен  роль  атқарады.  Педагогтың  іс-әрекеті  көбінде  оның  кәсіби 
шеберлігінің  кеңістігіне  қатысты,  педагогикалық  қарым-қатынас  механизмдеріне, 
оқушылардың  (студенттердің)  психологиялық  ерекшеліктерінің  табиғатына  да 
байланысты.  

188 
 
Кәсіби  оқытушы  педагогтың  іскерлігінің  негізгі  бағыты  болашақ  мамандардың 
кәсіби  білімін  (теориялық  және  тәжірибелік)  жетілдіру  болып  табылады.  Кәсіби  білім 
педагогы  педагогикалық  іскерлікке  даярлықтан  басқа  кәсіби  оқыту  мекемесінде 
кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.   
Қорыта  келе    болашақ  ұстаздың  коммуникативті  және  кәсіби  құзыреттіліктерін 
арттыру мақсатында түрлі әдістер арқылы білім беру тиімділігін айтқан жөн. Әр сабақты 
түрлендіріп  өткізу    жас  маманның    білім  деңгейін  көтереді,  қажетті  білім  алуға, 
біліктерді қалыптастыруға жағдай жасалынады. 
 
Әдебиет 
1. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. Педагогика, Алматы – 2002 ж. 
2. Поляков С.Д. Технология воспитания, 2008 ж. 
3. Майғаранова Ш., Иманбаева С.,ӘшімбаеваБ. «Тұлғалық бағдарлы тәрбие 
технологиясы», Алматы.2010ж. 
4 С.Б.Бабаев, Ж.Қ. Оңалбек Жалпы педагогика,  Алматы – 2007 ж. 
5. Г.К.Ахметова, З.А.Исаева, Н.С. Әлқожаева Педагогика, Алматы – 2007 ж. 
 
 
ӘОЖ 371.487 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ 
ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
М. Алмас  
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» 
мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекші: Э.Ж.Карымсакова - М.О.Әуезов атындағы педагогикалық 
колледжінің педагогика және психология пән бірлестігінің оқытушысы 
 
Адам  бойындағы  бар  игі  қасиет  мектеп  қабырғасында  қаланады.  Сондықтан 
еліміздің  ертеңгі  ұлт  тізгінін  ұстар  жастарымыздың  тәрбиесіне  аса  мән  беру  біздің 
негізгі  мақсатымыз.  Осыған  орай  мектептегі  тәрбие  үрдісін  ұлттық  қағидалармен 
толықтыру  өте  қажеттілікті  талап  етеді.  Бүгінгі  таңдағы  мектептер  балаларға 
жекеленген  ғылыми  пәндерді  терең  оқытуға  тырысса  да,  адамгершілік  құндылықтар 
арқылы  тәрбиелеуге  мән  бермей  келеді.  Соның  салдарынан  жастарымыз  жағымсыз 
қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. 
Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді. 
Еліміздің  президенті  Н.Назарбаев:  «ХХІ  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің 
тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар 
деңгейінде  білім  беру»  —  деген  өзінің  жолдауында  еліміздің  дамуына,  дамыған 
елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді. 
Жас  ұрпақты  адамгершілікке,  әдептілікке,  имандылыққа  тәрбиелеуде  ұлттық 
сана-сезімнің  қайнар  бұлағы  салт-дәстүрлер,  мақал-мәтелдер,  құнды  әдеби  мұралар, 
нақыл сөздер болып табылады. 
Адамның  жарық  дүниеге  келуі,  өсуі,  ержетуі,  тіршілік  етуі,  қартаюы,  ата  мен 
баланың  қарым-қатынасы,  үлкендік  пен  кішілік,  сыйласты,  әдептілік  пен  арлылық, 
инабаттылық  тәрізді  маңызды  мәселелер  имандылықтың  маңызды  құрамдас  бөлігі 
ретінде  ешқашан  да  назардан  тыс  қалмаған.  Жастардың  үлкендерге  құрмет  көрсетуі, 
үлкендердің  кішілерге  ізет  білдіруі  өмір  сүру  салтына  айналған.  Қоғамда  берік 
қалыптасқан  осындай  көрегенділікпен  өмір  кешу  дағдылары  жинала  келіп,  барша 

189 
 
адамгершілік  қағидалардың,  имандылықтың  жазылмаған  кодекстерінің  қалыптасуына 
негіз  болған.  Бойына  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  жинап  өскен  жасты  «көргенді» 
деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін әрдайым жақсылық жолын ойлатын, әр істе 
әділдік  көрсететін  адамдарды  «иманды»  деп  атаған.  Мұсылмандық  дүниетаным 
бойынша имандылық иманнан пайда болған. Ал иман — жүректегі нұр, нұрдың сыртқы 
болмысы, яғни, имандылық — Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. 
Алла жіберген әрбір  пайғамбарының міндеті  — иман мен имандылыққа  уағыздау деп 
саналған.  Ең  соңғы  пайғамбар  Мұхаммед  (ғ.с.):  «Мен  ең  ғажайып  көркем  мінезді 
толықтыру үшін жіберілдім», — деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың 
қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. 
Алла  тағала  адамды  иман  мен  имандылық  үшін  жаратқан,  сондықтан:  «Алланың 
мінезінен  үлгі-өнеге  алыңдар»,  —  деп  уағыздалады.  Имандылықтың  негізінен 
мұсылмандар  Құранда  деп  біледі.  Құран  Кәрімнің  ең  көп  үлгі  алған  Мұхаммед 
пайғамбардың  (ғ.с.)  мінезі  жайлы  Хазіреті  Айша:  «Оның  мінезі  —  Құран»,  —  деп 
жауап  берген.  Құранда:  «Негізінен  иман  етіп  ізгі  іс  жасағандар,  намазды  толық 
орындап, зекет бергендерге Раббыларының жанында сыйлық бар», — делінген. Қазіргі 
зайырлы  қоғамда  да  имандылық  аса  қастерлі,  биік  адамшылық  қасиет  ретінде 
ұғынылады имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат — имансыздық. 
Академик  Волков  Г.Н.,  «...батыстан  келген  бұл  рухани  апаттан  жастарды  аман 
алып  қалудың  жолын  қарастыруымыз  керек.  Ол  әр  халықтың  ғасырлар  бойы  ұрпақ 
тәрбиесінде  қалыптасқан,  түрлі  сыннан  сүрінбей  өткен  халықтың  бай  тәжірибесіне 
сүйенген халықтық педагогика болмақ» — деп жазады. [1.20]. 
Қазақ  халқында  ешқандай  қағазға  жазылмаса  да,  бала  тәрбиелеудің  белгілі  бір 
жүйесі  болған.  Ол  ғасырдан-ғасырға,  ата-анадан  балаға,  баладан  оның  ұрпақтарына 
жалғасып  келе  жатқан  ұлттық  дәстүр,  әдет-ғұрыптар  мен  салт-саналар.  Олар  халық 
педагогикасының басты тарауларының бірі. 
Халық  тәрбиесі  —  сол  халықтың  ой-арманымен,  тіршілік  тынысымен, 
шаруашылық  кәсібімен,  отбасылық,  қоғамдық,  ұлттық  тәлім-тәрбие  дәстүрімен  тығыз 
байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. 
Өскін  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  беріп,  олардың  жан  дүниесін  дамыту 
жайында  ұлы  орыс  педагогы  К.Д.Ушинский  «әрбір  халық  пен  ұлт  өз  ана 
тілі  мен  салт-дәстүрін  қастерлеп,  тарихи  даму  жағдайына  орай  білім  алып,  тәрбиелеу 
керек» 
деген 
өзінің 
ұлағатты 
ойын 
«Родная 
речь» 
атты 
еңбегінде 
ерекше 
атап 
айтады 
[2.26]. 
Халқымыздың 
ұлы 
перзенті 
Ы.Алтынсарин  өзінің  еңбектерін  ана  тілінде  жазып,  «бала  тәрбиесі  оның 
табиғи  ортасы  мен  халқының  салт-дәстүрі  рухында  тәрбиеленетін  болса, 
оның  сана  сезімінің  дамып  жетілуі  де  ұлты  мен  халқына  қызмет  ететін  көкірегі  ояу, 
салауатты азаматтар болып өседі» — деген ой түйген болатын. 
Ал,  Шәкәрім  Құдайбердиев:  «Адамның  жақсы  өмір  сүруіне  үш  сапа  негіз  бола 
алады,  олар  барлығынан  басым  болатын  адал  еңбек,  мінсіз  ақыл,  таза  жүрек.  Бұл 
сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді», — деп жазады. 
Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі күннің 
өзекті мәселесі. 
Адамның  Адам  болып  қалыптасуында  ата-аналармен  қатар  тәрбиеші  мен 
мұғалімнің  ролі  зор.  Яғни,  білім  жүйесінің  қызметкерлеріне  болашақ  ұрпақты 
тәрбиелеуде  үлкен  жауапкершілік  жүктелген.  Сондықтан  бұл  істе  асығыс  шешім, 
жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс. 
Қазақ 
халқының 
этностық 
ерекшеліктерін 
байыптасақ, 
бұл 
халық 
ұрпақ сабақтастығын 
сақтап,  алысты  жақындатып,  аразды  татуластырған,  ізетті 
келіннен  таныған,  татулықты  абысыннан  тапқан,  дарқандықты  даласынан,  даналықты 

190 
 
бабасынан,  пәктікті  баласынан  алған  халық.  Қазақ  адамгершіліктің  басы  әділдікті  ту 
етіп,  әділдіктің  басы  болған  адалдықты  анасынан  алған.  Аналар  ұрпақты  ұлағаттыққа 
баулып,  дауға  —  дәру,  жауға  —  қару,  араздыққа  —  араша,  татулыққа  —  тамыр, 
тазалыққа — нәр, пәктікке — пәрмен, дәстүрге — дәрмен, өнерге — тұлпар, көкте — 
сұңқар етіп тәрбиелеген. 
Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны 
бүгінгі  ұрпақ  қаншалықты  біледі,  қастерлейді,  білмесе  білуге  ұмтыла  ма,  «халқын 
сүйген салтын да сүйеді» демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма, деген сұрақтар 
төңірегінде ойланғанымыз жөн.. 
 
Әдебиет 
1. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп.  — Алматы, «Рауан», 1998. 350 б. 
2. Ахметов Ш. Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі, // Мектеп. №7, 2004. 
3.  Аңламасова  Г.  Жас  ұрпақты  рухани  құндылықтар  негізінде  әлеуметтендіруде 
ұлттық 
мәдениеттің 
рөлі. 
// 
Ұлт 
тағылымы. 
№4, 
2003. 
4.  Асқарова  Г.  Абай  шығрмаларының  ұрпақ  тәрбиесіндегі  орны.  //  Бастауыш 
мектеп. №7, 2005. 20 б. 
 
 
ӘОЖ 372.3.001.895 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА «ТӘЙ-ТӘЙ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ҚОЛДАНУ 
 
Г.А  Азбаева 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-123 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Р.Х. Кошкимбаева, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті, педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы
п.ғ.м. 
 
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен  бір жаңалық болу керек»  
Жүсіпбек Аймауытов  
«Бүкіл  әлемдегі  сияқты  Қазақстан  да  мектепке  дейінгі  білім  берудің  жаңа 
әдістеріне  көшу  керек»,  -  деп  Елбасы  айтқан  болатын.  Олардың  шығармашылық 
және  интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытуға  арналған  тиімді  бағдарламалармен 
қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға 
бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» 
- деп айтылған. «Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде 
  балаға  өз  бетімен  жұмыстануға  жағдай  туғызады.  Балалар  да  өздерінің 
мүмкіндіктері  мен  қызығушылықтарына  сай  жұмыс  түрін   таңдау  арқылы 
жекешелендіруді  жүзеге  асырады.  Қызықты,  әрі  икемделген  жұмыс  түрлерін 
(тапсырмаларды)  жоспарлап,  әр  баланың  қалай  орындағанын  немесе  ойнағанын 
бақылай  отырып,  тәрбиеші  материалдар  мен  тапсырмаларды  ауыстыруы,  не  жеке 
балаға  бейімдеп  өзгертуі  мүмкін.  Әр  баламен  жеке  жұмыс  жасау  үшін  топтық 
жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді.[1;2].  
“Тәй-тәй” технологиясының философиясы мынандай принциптер негізінде 
құрылған: 

 
Отбасының оқу-тәрбие жұмысына тікелей  

191 
 

 
қатысуы;  

 
Оқу  тәрбие  жұмысын  жекешелендіру  негізінде  балаға  бағытталған  әдіс-
тәсілдерді қолдана отырып құру;  

 
Топта таңдау мүмкіншілігін жүзеге асыру мақсатында оқу орталықтарын құру;  
Оқытушыларға үнемі методикалық, техникалық тұрғыдан көмек көрсету.  

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал