Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



жүктеу 5.24 Kb.

бет22/31
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

Әдебиет 
1.  Зимняя  И.А.  Ключевые  компетенции  –  новая  парадигма  результата  образования// 
Высшая образование сегодня. 2003, №5. С. 34-42. 
2.  Равен  Дж.  Компетентность    в  современном  обществе:  выявление,  развитие  и 
реализация/ Пер.с англ. М.,2002. 396 с. 
3. Немов Р.С. Психология.3-том – Москва, 2000.С.147-159. 
 
 
 
ӘОЖ 37.036  
АРТТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН 
ДАМЫТУ 
 
Т.Амангельдыева 
Қазақ инновациялық гуманиталық-заң университеті, Г-215А оқу тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Ш.О. Орынгалиева, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң 
университеті, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы 
 
Креативтілік  –  рухани  құндылықтарды  жасаушы  және  жеке  тұлғаның 
шығармашылық  тұрғыдан  өзін-өзі  дамыту  шарты  бола  отырып,  рефлексия  мен 
субъективтік  өзін-өзі  бағалау  негізінде  жаңа  нәтижелерге  жетуде  шығармашылыққа 
қабілеттілігінен көрінетін сапалық қасиеті. 
Мектеп  оқушыларының  шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастыру  өте 
маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Шығармашылық дегеніміз 
– бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол 
табу үшін адам  дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге 
үйренуі  керек.  Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың  өшуіне  жол  бермеу 
адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.  

177 
 
Шығармашылық  іс-әрекет  –  мәселені  қою,  ойды  тұжырымдап  айту,  идеяның 
пайда  болуы,  оны  шешу,  оның  логикалық  дамуы,  аталған  мәселені  шешуде  тиімді 
әдістерді  қолдану,  негіздеу,  оны  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеу  барысында  нәтиженің 
нақты көрінуі. 
Оқушының  шығармашылық  деңгейі  –  оның  мәселені  қою  мен  оны  шешудің 
жолдарын  табуынан  көрінеді.  Мұнда  жаңа  білімді  меңгеру  процесі  шығармашылық 
ойдың  қалыптасуымен  және  дамуымен  бірге  жүреді.  Демек,  шығармашылық  ойдың 
нәтижесі  -    тек  қана  белгілі  ұғымдарды  қайталап,  жаңғыртумен  ғана  емес,  сонымен 
қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу [1,225]. 
М.Вертгеймер  креативтіліктегі  өнімді  ойлаудың  маңызы  зор  екенін  ескертеді, 
Дж.Гильфорд  тұлға  дамуындағы  интеллектінің  алатын  орны  мен  креативті  ойлауды 
дамытуда ойлаудың оперативтік типтерін бөліп көрсетсе, С.Медник креативті ойлауды 
әдістемелер арқылы анықтау жолдарын ұсынып, Л.А.Тейлор креативті ойлаудың пайда 
болу табиғатына тоқталады.  
Г.Ю.Айзенк  тұлғаның  креативтілігін  танымдық  үрдістерге  зерттеулер  жүргізу 
арқылы  анықтайтын  әдістемелерді  қарастырды,  ал  Х.Трик  креативті  ойлаудың 
танымдық  ҥрдіс  ретіндегі  маңызын  көрсетсе,  М.Уоллах  креативтілік  пен  интеллект 
байланысына тоқталды [4, 118]. 
«Шығармашылық  қызығушылық»  ұғымының  мазмұнын  психологтар  мен 
педагогтар төмендегідей сипаттайды: 
-
 
жаңалықты  сезінуге  деген  тұлғаның  сезімдері,  жаңалыққа  ұмтылу, 
ойлаудың жоғары деңгейі,  жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада 
өзгерте алу қабілеті (Ю.Н. Кулюткин); 
-
 
тұлғаның  шығармашылыққа  бағытталған  позициясы,  бағыттылықтары    
(А.М. Матюшкин); 
-
 
индивидтің  шығармашылықпен    өзін-өзі  жүзеге  асыру  мүмкіндігін 
көрсететін қасиет (Л.В.Занков).  
Е.П.Торренстің 
айтуы 
бойынша, 
креативтілік 
мәселелерге 
жоғары 
сезімтадылықтан, білімдердің қарама-қайшылығынан болжам негізінде шешім табудан, 
шешімді  қалыптастудан  тұрады.  Автордың  ойынша,  креативтілік  -  білімдердегі 
кемшіліктерді, олқылықтарды қабылдауға қабілеттілік.   
Ғалым шығармашылық әрекеттің құрылымында төмендегілерді бөліп көрсетеді: 
1.
 
Проблеманы қабылдау; 
2.
 
Шешімді іздеу; 
3.
 
Болжамның пайда болуы және көрінуі
4.
 
Болжамды тексеру; 
          5.  Олардың өзгерісін тексеру; 
6.  Нәтижелерді табу [2,10]. 
 
Креативтілік  –  дәстүрлі  немесе  ойлаудың  қабылданған  схемаларынан 
ерекшеленетін  жаңа  идеяларды  қалыптастыруға  дайындығымен  сипатталатын, 
сонымен  қатар  мәселелерді  шешуге  қабілеттілікпен  ерекшеленетін  индивидтің 
шығармашылық қабілеті.  
 
Е.П.Торренс  креативтілік  пен  интеллект  қарым-қатынасы  материалы  негізінде 
модель  құрастырды.  Креативтілік  пен  интеллект  ойлау  мінеттерін  шешу  процесін 
анықтайтын қабілеттер болып табылады, бірақ түрлі этаптарда әр түрлі рөл атқарады.  
 
Креативтілік  концепциясын  универсалды  шығармашылық,  танымдық  қабілет 
ретінде  қарастырылуда  Я.А.Пономарев  креативтілікті  түрлі  фазалардан  тұратын 
процесс ретінде қарастырды: 
1 фаза  - саналы жұмыс 
2 фаза  -бейсаналы жұмыс 

178 
 
3 фаза – бейсаналылықтан саналылыққа көшу 
4
 
фаза – саналы жұмыс 
Медник креативтілікті күрделі процесс ретінде қарасытрады. Бұл концепция бойынша 
креативтілік  процесі  элементтерді  жаңа  жүйелерге  өзгерту,  қайта  құрумен 
ерекшеленеді [5,186-188].  
Арттерапияның психотерапиялық сеансында адам қандай жаста болмасын, iшкi 
жан-дүниесiндегi  жағдайларды  проекциялайды  және  рольдiк  ойындарда  немесе 
творчестволық  формада  өзiнiң  жеке  өзiндiк  тәжiрибесiнiң  көрiнiсiн  көрсетедi.  Ол  өз 
тәжiрибелерiн  жүзеге  асырып  отыруға  ауысады,  сонымен  қатар  жасап  шығарушы  да 
бұзушы  да  өзi  болатын  ситуациялық  проблемаларды,  яғни  өзiне  еш  зияны  жоқ  әрi 
қызықты  iс-әрекеттердi  елестетедi.  Олардың  қиялы  аффектiнiң  разрядты  механизмi 
ретiнде  көрiнiс  бередi,  соған  сәйкес  сезiмдерi  қимыл-қозғалыстарынан  көрiнiп 
отырады.    “Жүйке  жүйелiк  энергияның  разрядтарын  көрсетуде  шығармашылық  өте 
күштi мүмкiндiктiң бiрi” [3,14].  
Жоғарыда  айтып  кеткендей  арт-терапияны  жүргізу  барысында    суреттiң  берер 
көмегi  өте  зор.  Суреттiң  алдына  қойған  мақсаты  –  жеке  тұлғаға  өзiн  тани  бiлуiне 
көмектесу  және  бұл  өмiрде  өзiнiң  бiр  жеке  тiршiлiк  иесi  екендiгiне  көзiн  жеткiзу. 
Суреттердi әртүрлi мақсаттарда және әртүрлi әдiстерде, сонымен қатар әр жағдайдағы 
психотерапиялық  коррекциялауда  қолданады.  Суреттiң  өзiндiк  актi  –  жеке  тұлғаның 
анық  көрiнiсi,  ол  адамның  қорқыныш  сезiмдерiн,  конфликтiлi  жағдайларын,  арман  – 
тiлектерiн  санасыз бейнелейтiн алғашқы бастама болып табылады [1,180]. 
 
Арттерапия  әдiсi  –  адамның  iшкi  өзiндiк  “Менiн”  сурет  салуда,  өлең  жазғанда, 
скульптура  жасағанда,  ойланбай  iстесе  де  көрсетiп  отырады  деп  сенiмдi 
тұжырымдайды.  
Әлемдiк  әдебиеттерде  арттерапияның  емдiк  әсерiне  әртүрлi  көзқарастар  бар. 
Олар,  креативтi,  сублимативтi,  проективтi  және  арттерапиямен  босболмаушылық 
ретiнде. 
Креативтi  көрiнiс  жағынан  психикаға  арттерапияның  адаптациялық  әсерiн 
шығармашылықпен  байланыстырып,  түсiнуге  болады.  Бiрiншi  орында  терапиялық 
әсерi  бар  адамның  өнерге  деген  сенiмi  қойылады  және  өзiндiк  терапиялық  әсердi 
иемденген  латенттi  творчестволық  күштiң  мобилизациясы.  Бұл  көрiнiстердiң 
теориялық  негiзi  –  адамда  алғаш  кезден-ақ  оның  мiнез-құлқын  анықтайтын  рухани 
және альтруистiк қажеттiлiк болады деп жеке адамды психологиялық құрылым ретiнде 
қарастырған гуманистiк бағыт болып саналады. 
Арттерапияның  мақсаты  барлық  адамды  суретшi  немесе  мүсiншiге  айналдыру 
емес, оның мақсаты индивидтiң творчестволық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі 
көңіл-күйлерін  ашып  көрсетуге  белсендiлiгiн  арттыру.  Терапиядағы  табандылық 
клиенттің  өз  қабiлеттiлiгiне  сай  жеке  творчестволық  белсендiлiгiн  арттыруына 
көмектеседi, өзiнiң бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар бередi. 
Жоғарыда  айтылған  көзқарастар  бойынша  шығармашылық  тек  әсер  етушi 
процесс  болып  қаралмайды,  олар  оның  эстетикалық  жағын  бөлiп  көрсетедi.  Өнердiң 
интегралдау ролiнiң қорытындысы творчестволық процесс неврозға әкелетiн қысымды 
төмендетедi және iшкi қайшылықтарды объективтендiретiнiнен көрiнедi [5, 18].     
         Анастази,  Фоли,  Конова  өнердiң  интегративтi  –  креативтi  мүмкiндiктерiн 
психологиялық  бейберекеттiк  дезинтеграцияға  күрес  жүргiзу  мүмкiндiгi  ретiнде 
қолданады.  
Арттерапияның  емдiк  әсерiнiң  басқа  механизмi  –  сублимация  және  жауап 
берушiлiк  болып  табылады.  Адамның  инстинктi  импульсi  визуальды  көркемөнер  - 
образды  бейнелеулерге  ауысқанда,  көркемөнер  сублимациясы  пайда  болады.  Бұл 
концепцияның  өкiлдерiнiң  пайымдауынша,  шығармашылық  сублимацияның  бiр 

179 
 
формасы  ретiнде  үғынуға,  көрсетуге,  шығармашылық  арқылы  айтып  беруге  және 
инстинктi  импульстерi  арқылы  жауап  беруге  және  эмоциялық  жағдайын  бейнелеуге  
көмек  бередi.  Креативтi  көрiнiс  жағынан  психикаға  арттерапияның  адаптациялық 
әсерiн  шығармашылықпен  байланыстырып,  түсiнуге  болады.  Бiрiншi  орында 
терапиялық әсерi бар адамның өнерге деген сенiмi қойылады және өзiндiк терапиялық 
әсердi  иемденген  латенттi  творчестволық  күштiң  мобилизациясы.  Бұл  көрiнiстердiң 
теориялық  негiзi  –  адамда  алғаш  кезден-ақ  оның  мiнез-құлқын  анықтайтын  рухани 
және альтруистiк қажеттiлiк болады деп жеке адамды психологиялық құрылым ретiнде 
қарастырған гуманистiк бағыт болып саналады [6,98]. 
Арттерапияның  мақсаты  барлық  адамды  суретшi  немесе  мүсiншiге  айналдыру 
емес, оның мақсаты индивидтiң творчестволық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі 
көңіл-күйлерін  ашып  көрсетуге  белсендiлiгiн  арттыру.  Терапиядағы  табандылық 
клиенттің  өз  қабiлеттiлiгiне  сай  жеке  творчестволық  белсендiлiгiн  арттыруына 
көмектеседi, өзiнiң бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар бередi. 
 
Креативтілік  –  дәстүрлі  немесе  ойлаудың  қабылданған  схемаларынан 
ерекшеленетін  жаңа  идеяларды  қалыптастыруға  дайындығымен  сипатталатын, 
сонымен  қатар  мәселелерді  шешуге  қабілеттілікпен  ерекшеленетін  индивидтің 
шығармашылық қабілеті.  
 
Әдебиет 
1.Зинкевич-Евстигнеева  Т.Д.,  Грабенко  Т.М.  Практикум  по  креативной  терапии. 
СПб, 1998  
2.
 
Нағымжанова  Қ.М.  Креативтілік  феноменінің  педагогика  және  психологияда 
дамуы\\ Білім - №5 – 2006  
3.
 
Лебедева Л. Д., Никонорова Ю. В., Тараканова Н. А. Энциклопедия признаков и 
интерпретаций в проективном рисованиии арт-терапии. — СПб.: Речь, 2006. — 
14-20 с.  
4.
 
Практикум по арт-терапий / Под ред. А.И.Копытина. – Питер, 2000.  
5.
 
Копытин А.И. Системная арт-терапия. – СПб.: Питер, 2001.  
6.
 
Богоявленская  Д.Б.  Интеллектуальная  активность  как  проблема  творчества. 
Ростов- на-Дону, 1983.  
 
 
ӘОЖ  159.922.8 
ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУ 
 
А. Болатқызы  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-227 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Р.Х. Кошкимбаева, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті, педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы 
 
Қазіргі таңда жастарды өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты  міндеттердің 
бірі болып табылады. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен 
техниканың жетістігі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, 
өмір  ағысына  қарай  тез  бейімделіп  кететін  жастардың  психологиялық  тепе-теңдігін 
сақтау үшін отбасылық  қарым-қатынастың, қоғамдық күштің рөлі  ерекше.  
Қазiргi  кезде  жастардың  бойында  рухани-адамгершілік  мәдениетiн  дамытудағы 
отбасының  ешбiр  талас  тудырмайтын  рөлi  жөнiндегi  зерттеулер  ғылыми  түрде 

180 
 
дәлелденген. Осы орайда, әлеуметтік кешенді құбылыс ретінде отбасының аса күрделi 
процесстерін талдау, оның қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау және 
жастарды  отбасылық  өмірге  психологиялық  дайындау  маңызды  мәселелердің  бірі 
болып  табылады.  Әсіресе,    қазіргі  кезде  жастардың  отбасылық  өмірге  деген  дұрыс 
көзқарастардың  туындауын  зерттеу  өзектілігін  туындатып  отыр.  Бұл  айтылған 
мәселелерге  орай  түйіткілді  мәселелер  бүгінгі  күні  қоғамның  өзекті  мәселелерінің 
қатарынан орын алып отырғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. 
Қазіргі  таңда  отбасын  құруға  ұлттық  немесе  қандай  да  бір  басқа,  мысалға 
әлеуметтік  тосқауыл  жоқ.  Сондықтан  жастар  жолдас  таңдағанда,  оның  бойында  өзіне 
ұнайтын  мінез  қырларын  табуға  тырысады.  Болашақ  отбасын  құруда  ерлі-
зайыптылардың  жас  ерекшелік  дайындығы  ғана  емес  олардың  психологиялық 
даярлығы да маңызды орын алады. [ 1, 12-15б ] 
Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы 100 құрылған жанұя санына 34 ажырасу 
сәйкес келді.  1000 адамға шаққанда 2,77 саның құрды, ал 2008 жылы 2,28 болды. Яғни, 
жыл сайын ажырасу саны өсіп келеді. Оның басты себебі, қазіргі жастардың отбасылық 
өмірге дайын болмауы. (Қосымша 1) 
ҚР  отбасы  және  неке туралы  Заңына  байланысты  қазіргі  жастар  арасындағы  неке 
құру үшін қажетті жағдай - екі қарсы жыныстың  кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы 
болып  есептеледі.  Бірақ,  қазіргі  кезде  БҰҰ  Балалар  Қорының  (ЮНИСЕФ) 
Қазақстандағы  өкілі  Джун  Кукитаның  айтуынша,  Қазақстанда  кәмелетке  толмаған 
қыздардың 5% тұрмыс құрған. Міне жастардың отбасылық тәрбиесінің жоқсыздығынан 
осындай қиындықтар туады. [ 2, 133б ] 
Олай  болса,  жас  отбасының  тұрақтылығы  олардың  неке  құруға  психологиялық 
дайындығымен  ерекшеленеді.  Дегенмен,  отбасылық  өмірге  психологиялық  дайындық 
барлық құбылыстардың жиынтығын біріктіретін интегралды категория: 

 
тұлғаның отбасылық өмірдегі жұбайы мен болашақ балаларына, жаңа жүйедегі 
қарым-қатынасқа дайындығы адамгершілік қасиеттерін қалыптастырумен байланысты. 
Біздің  пікірімізше  бұл  құбылыстар  ерлі-зайыптылардың  отбасындағы  рөлдерімен 
жүзеге асырылады; 

 
ерлі-зайыптылардың  отбасылық  өмірлері  дұрыс  қалыптасу  үшін,  олар  өзара 
түсінушілік  пен  тұлғааралық  қарым-қатынасқа  психологиялық  тұрғыда  дайын  болуы 
қажет; 

 
отбасылық өмірде бір-біріне деген эмпатиялық қабілеттері болу керек. Және де 
өз сезімдеріне сай жақсы көретін адамына әрекет етулері маңызды рөл атқарады; 

 
эмпатиялық  құбылыс  адамның  ішкі  жан  дүниесі  мен  рухани    қасиеттерімен 
байланысты.  Бұл  құбылыстың  ерекшелігі  отбасылық  өмір  тұлғаның  нәзіктік  күшін 
күшейтіп, ерлі-зайыптылардың эмоциялық қабілетін дамытады; 

 
отбасылық  өмірде  тұлғаның  мінез–құлқында  жоғары  мәдени  эстетикалық 
сезімдері болады; 

 
отбасылық  өмірде  кездесетін  тұлғалық  шиеленістерді  конструктивті  іскерлік 
арқылы шешу;  

 
ерлі-зайыптылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын дамыту үшін жастар бұл 
шешу процесін қолдануға болады. [ 3,16-18б ] 
Қазіргі  таңда  Қазақстандықтарды  тәрбиелеуде  қоғамның  ықпалы  мен  күші 
айтарлықтай  орасан  зор.  Жалпы  алғанда  адамзат  психикасына  өмір  сүріп  отырған 
әлеуметтік  ортасының  әсері  күшті  болады.  Қоғамдық  күштермен  әлеуметтік 
институттар  жастардың  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетіне  әсерін  тигізіп  ғана  қоймай, 
өмірлік жағдайларына да елеулі ықпалын тигізеді. 
Жастарды  отбасылық  өмірге  психологиялық  дайындауда  әлеуметтену  ұғымының 
мәні  ерекше  екенін  белгілі  ғалым  И.С.  Кон  айтып  кеткен.  Ол  әлеуметтенуді  барлық 

181 
 
әлеуметтік  және  психологиялық  өмірдің  жиынтығы  деп  көрсеткен.  Сонымен  қатар, 
тұлғаға  қоғам  мүшесі  ретінде  жұмыс  жасауға  құқық  береді.  Тұлға  өмірге  келгеннен 
бастап  айналасындағылармен  әлеуметтік  әрекеттестіктерге  араласады.  Әрбір  тұлға 
бірдей жағдайларда өмір сүре отырып, әртүрлі әлеуметтік тәжірибе жинақтайды.
  
Тұлғаны 
отбасылық 
өмірге 
дайындауда 
әлеуметтік-психологиялық 
ерекшеліктерін  анықтау  мәселесі  маңызды  болып  табылады.  Тұлғаның  әлеуметтік-
психологиялық  ерекшеліктерін  анықтау  жолында  негізінен  Е.С.  Кузьминнің,  А.А. 
Свинецскийдің,  К.  Роджерстің,  А.  Маслоудың  тағы  басқа  ғалымдардың 
тұжырымдамалары белгілі. Бұл тұжырымдамаларда тұлғаның өзіндік бағалауы, өзіндік 
«Менін»  бағалауы,  өзіндік  актуализациялануға  талпынуын,  қоршаған  ортаны 
субъективті  қабылдауын  және  әлеуметтік-психологиялық  қасиеттерін  қарастырудың 
маңызы зор екендігі көрсетілген.
  
 
Тұлғаның  әлеуметтенуі  арқылы  отбасылық  қарым-қатынасқа  психологиялық 
дайындау  мәселесі  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Әлеуметтену  арқылы 
тұлға  қоғамның  құндылықтарын  бойына  сіңіре  отырып,  болашаққа  бағытталған 
жоспарларды  құруды  үйренеді.  Сондықтан  әлеуметтік  институттардың  ең  басты 
міндеті,  жастардың  өмір  жолын  құрып  беру  емес,  оны  тек  бағыттау  мақсатында  ғана 
бірлескен әрекетке алып келуі басты жағдайлардың бірі. [ 4,138б ] 
Жастардың  отбасылық  өмірге  деген  қатынасын  анықтау  арқылы  болашаққа 
жоспарды  құра  білу  дағдыларын  дамыту  бүгінгі  күні  өзекті  болып  отыр.  Жастар 
сезімнің  шырмауында  қала  беріп,  алып-ұшпа  көңілден  жоспарсыз,  яғни  отбасын 
құрмай  жатып  балалы  болып,  оның  өміріне  жауапкершіліксіздік  танытып  жатқанын 
қазіргі  ақпарат  көздерінде  көріп,  өмірде  куә  болып  жүрміз.  Осы  орайда,  студент-
жастардың  отбасылық  өмірге  дайындығын  психодиагностикалық  әдіс  арқылы 
зерттедік. 
Бұл  кезеңде  «Сіз  отбасын  құруға  дайынсыз  ба?»  сауалнамасын  (К.Ғ.  Жүнісова-
Елшібаева)    пайдалануды  жөн  санадық.(Қосымша  2)  Біз  зерттеу  жұмысымыздың 
сынлаушыларына  студенттік  кезеңді  таңдадық.  Атап  айтсақ,  Семей  қаласының  3 
жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне:  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы 
мемлекеттік университетінің, «Педагогика және психология мамандығының, П-227 топ 
студенттеріне;  Қазақстан  инновациялық  университетінің,  «Педагогика  және 
психология  мамандығының,  ПП-31  топ  студенттеріне  және  Қазақ  инновациялық  
гуманитарлық-заң  университетінің,  «Педагогика  және  психология  мамандығының,  Г-
316 топ студенттеріне зеттеу жұмыстарын жүргіздік. Жалпы экспериментке 53 студент 
қатысты. 
Бұл  сауалнама  студент-жастардың  отбасын  құруға  қаншалықты  дайын  екендігі 
анықталды.  Бұл  әдістеменің  нәтижелері  бойынша  студенттерінің  отбасылық  өмірге 
дайындығының деңгейлері анықталды: 
 
ЖОО-ның 
атауы 
Төмен 
Орташа 
Жоғары 
Семей 
қаласының 
Шәкәрім 
атындағы МУ 
 
61,3 
 
28,3 
 
10,4 
       ҚИУ 
48,1 
33,6 
18,3 
Қазақ 
инновациялық  
гуманитарлық-
заң 
 
38,2 
 
25,5 
 
36,3 

182 
 

10 
20 
30 
40 
50 
60 
70 
төмен 
орташа 
жоғары 
Семей қаласының Шәкәрім 
атындағы МУ 
ҚИУ 
Қазақ инновациялық  
гуманитарлық-заң 
университеті 
 
университеті 
 
Студенттерінің отбасылық өмірге дайындығының деңгейлері 
 
 
 
Сонымен біз, студенттердің отбасылық өмірге дайындығы анықталып, нәтижелері 
бойынша статистикалық талдау жасалды. 
Бүгінгі күні отбасылық өмірдегі болып жатқан келеңсіз әрекеттер қоғамның басты 
мәселелерінің  бірі  болып  отыр.  Жастардың  отбасылық  өмірдегі  қиындықтарға  төтеп 
бере  алмауының  салдарынан  бір-бірінің  өміріне  жауапсыздық  танытып  отырғаны 
белгілі. Отбасылық құндылықтар материалдық сипат алуына орай, жылылық, махаббат 
пен  ізгілік,  имандылық  сияқты  қасиеттер  адами  рухани  азық  екінші  кезекте  қалып 
отырған  жайы  бар.  Сондықтан  дер  кезінде  жастардың  болашағын  дұрыс  құруға 
бағыттау  мемлекеттік  маңызды  жағдайлардың  бірі  болып  табылады.  Себебі,  отбасы 
шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттің мүшелерінен қоғам құрылады.  
Отбасылық  қарым-қатынаста  шиеленістердің  туындауы  оның  беріктігін 
әлісіретеді.  Себебі,  отбасы  мүшелерінің  функциялық  және  рөлдік  позициясында 
құрылымданған  қиындықтардың  бой  көтеруі  болашақ  ұрпақ  тәрбиесіне  өзінің  кері 
ықпалын тигізетін сөзсіз. 
Отбасылық  қатынастардың  жай-күйін,  сондай-ақ,    оның  өнегелік  ахуалын, 
әлеуметтік, құрамын, демографиялық ерекшеліктерін ескеріп, жастарды  оған дайындау 
және  оған  негізделген  зерттеулерді  жүргізу  аса  маңызды  болып  есептелінеді.  [  5,155-
156б ] 
Сондықтан  да,  біз  жастарды  болашақ  некелік  немесе  ерлі-зайыптылық  өмірге 
дайындауда  төмендегі ұстанымдарды мақсат ету маңызды деп санадық, олар: 

 
өзін өзі бақылау мен бағалау; 

 
отбасы табиғатының жүйесін түсіну; 

 
екінші серігімен қарым-қатынас жүйесін жақсарту; 

 
бұрын түсінбеген отбасындағы өзара қатынастың ерекшеліктерін үғыну; 

 
 өзіндегі  және  отбасындағы  болып  жатқан  өзгерістерді  анықтауға 
мүмкіндік жасау; 

 
 кішігірім нәрселерге назар аудармаған жөн

 
сенім – бұл күшті, бақытты қарым-қатынастың негізі; 

 
 отбасы мүшелерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөлу; 

 
сынамаңыз!; 

183 
 

 
маңызды  мәселелер  бойынша  әрқашан  бір-бірімен  ақылдасыңыз,  ортақ 
шешімге келуге тырысыңыз; 

 
ерлі-зайыптылар бір-бірінің  пікірімен санасу және түсіну; 

 
бір-біріңізден әрқашан тек жақсы қырларды іздеңіз 
Сонымен  жастардың  үйлесімді  неке  құруына  психологиялық  даярлығын 
диагностикалау  олардың болашақ сәтті отбасы болуының кепілі болып табылады. 
 
Әдебиет 
1.
 
Жұмадуллаева  А.  Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  негізі-ата-ана  өнегесі. 
Ұлт тағылымы.-Б.12-15. 
2.
 
Андреева Т.В. Семейная психология: -СПб.: Речь, 2004.- С.244 
3.
 
Эйдемиллер  Э.Г.  Методы  семейной  диагностики  и  психотерапии:  Методическое 
пособие/ М.: «Фолиум», 1996.- С. 48 
4.
 
Карабанова  О.А.  Психология  семейных  отношений  и  основы  семейного 
консультирования. М., Гардарики. 2007.- С.309 
5.
 
Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана.- Алматы, 2006.- Б. 199. 
 
 
ӘОЖ 159.922 
АДАМДАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУЫ 
М. Тоғыс 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті, П-311 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Г.А. Жакпарова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік 
университеті, педагогикалық психология кафедрасының  аға оқытушысы 
 
Елбасының  Жолдауында  ғылымның  алдыңғы  орынға  қойылғанын,  екіншіден, 
«Мен  жастарға  сенемін»  -  деп,  М.  Жұмабаев  айтқандай,  қазіргі  жастардың 
зияттылығын,  өздерін  танытуға  деген  ұмтылысын,  қоғамның  ғылым-білімге  деген 
талап-зәрулігін  ескерсек,  еліміздегі  тек  психология  ғылымының  ғана  емес,  басқа  да 
көптеген  ғылымдардың  әлемдік  білім  қорын  байытып,  айтарлықтай  биіктен  көрініп, 
танылатын  уақыты  алда  дегім  келеді.  Қазіргі  кезде  жасына,  әлеуметтік  жағдайына, 
білім  деңгейіне,  мамандығына  қарамай-ақ,  адамдардың  психология  ғылымына  назар 
аударуы,  қызығушылық  танытуы  айқын  аңғарылады.  Бұл  қоғамның  ізгілікті  бағытта, 
адамдардың  рухани  ділінің  дамуын  қамтамасыз  етуде  психологияның  маңызды  рөл 
атқаруы тиіс екендігінен шығатын болуы керек. Әрі психологиялық білімнің осы заман 
адамдарының әрқайсысының күнделікті өмірі мен іс-әрекетінде шешуші орын алатыны 
көпшілікке  мәлім.  Әсіресе,  қазіргі  кезде  жастарға,  жалпы  кез-келген  тұлғаға  іс-әрекет 
пен  қарым-қатынасты  субъект  ретінде  жетілдіруі  үшін  психологиялық  даярлықты 
жоғары дәрежеде танытуы қажетті шарт. Десек те, біз үшін «психология», «психолог» 
ұғымдары  таныс  болса  да,  осы  психология  ғылымының  нені  зерттеу  керектігін  тіпті 
жоғары білімді адамдардың өздері дәлме-дәл анықтай алмай шатасып жатады.  
Барлық дерлік психология оқулықтарында адамның да, жануардың да психикасын 
зерттейтін  ғылымды  «психология»  деп  анықтайды.  Нақты  айтсақ,  психологияның 
зерттеу  нысаны  психика  болады.  Ал  психиканың  өзіне  берілетін  ғылыми 
анықтамаларды  сөзбе-сөз  келтіріп,  талдамай-ақ,  оларды  былайша  жалпылап 
түсіндірейін: адам психикасының дамып, жетілуі ең алдымен мидың даму деңгейімен, 
мидың  қызметімен  байланысты  болса,  екіншіден,  адамның  қоғамдағы  қатынастар 

184 
 
жүйесімен,  яғни  алған  тәрбиесімен,  білім  деңгейімен,  мәдениетті  меңгеруімен 
анықталатын күрделі, біртұтас құбылыс болып табылады. Осыған орай адам психикасы 
оның іс-әрекеті, ортамен өзара әрекеттестігі, өзіне және басқаларға деген қатынастары, 
мінез-құлық пен жүріс-тұрыстарының барша көріністері арқылы танылады. Сондықтан, 
психология  әлбетте  адам  баласының  жас  ерекшелігіне  байланысты  психикалық  даму 
белгілерін;  психикасындағы оңды және теріс  өзгерістерді; бұл  өзгерістердің себептері 
мен  салдарларын;  тұлғалық  жеке-дара  қасиеттері,  танымдық  процестері  және 
психикалық  жай-күйі  туралы  психологиялық  деректерді  талдап,  психологиялық 
дамудың  заңдылықтарын  тағайындайды,  осы  дамудың  психологиялық  механизмдерін 
анықтап,  зерттейді.  Алайда,  қазіргі  жаһандану  заманындағы  қоғамда  адамдардың  жан 
күйзелісін  басу  үшін  ғылыми-әдіснамалық  негізі  жоқ,  түрлі  бақсы-балгерлік  әдіс-
тәсілдердің  ықпалынан  оңалмас  зиян  шегу  жайттары  да  аз  кездеспейді.  Сондықтан 
психология  ғана  адам  баласының  тұлға,  маман  ретінде  психологиялық  сауаттануын 
қамтамасыз  етіп,  оның  психологиялық  құзіреттілікке  жетуіне,  психологиялық 
мәдениетті  игеруіне  ықпал  етеді.  Содан  бергі  уақытта,  өз  егемендігімізге  қол 
жеткізгеннен  кейін  елімізде  психология  ғылымының  қарқынды  даму  беталысы  айқын 
аңғарылады.  Оны  республикада  тек  педагогикалық  психология  емес,  этнопсихология, 
тұлға  психологиясы,  жас  ерекшелік  психологиясы,  әлеуметтік  психология,  заң 
психологиясы, әскери психология сияқты қоғам дамуында маңызы зор психологияның 
бірқатар  салалары  бойынша  әріптестерімнің  зерттеулер  жүргізіп,  әлемге  танымал 
баспаларда  еңбектерінің  жариялануы  дәлелдейді.Психологияның  ғылым  ретінде 
қалыптасуына  ХIХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  неміс  ғалымдарының  зерттеулері 
себепкер болды. Неге психология ғылымның отаны Германия болды? Себебі, Германия 
үкіметі  ХIХ  ғасырда  психология  ғылымының  дамуына  ерекше  назар  аударып,  оқу 
орындарында  психологиялық  зертханалар  мен  психологиялық  көмек  көрсету 
орталықтарының  ашылып,  жұмыс  істеуіне  орасан  қаржы  құяды.  Ал  бізде  әлі  күнге 
дейін психологиялық зерттеу жүргізу шын мәнісіндегі күрделі мәселе болып табылады. 
Атап айтсақ, осы уақытқа дейін біздің еліміздің бірде-бір ғылыми мектебінде толымды 
психологиялық  эксперимент  жүргізуге  керекті  арнайы  құралдармен  жабдықталған 
психологиялық  мекемелер,  орталықтар  тұрмақ,  бір  бөлмелі  зертхана  да  жоқ.Біздің 
ойымызша,  Қазақстандағы  психология  ғылымының  мәселелерінің  бірі  осы  үлкен 
аймақтыңэкологиялық,       демографиялық,  этнопсихологиялық  ерекшеліктерін ескере 
отырып,  осы  білімнің  теоретикалық,  методологиялық  негіздірен  құру.  Себебі  Батыста 
жүргізілген  психологиялық  зерттеулердің  негіздеріне  сүйенген  әдістер  теріс  нәтижеге 
әкелуі мүмкін.  
Психология саласындағы басты бағыттардың бірі біздің ойымызша этикалық жеке 
адамның құрылуы мен дамуының жолдарын зерттеу, психиканың туғаннан кәрі шаққа 
дейінгі  дамуының  жоғарғы  рухани  адамгершілік  жүйесіне  тәрбиеленуінің, 
Қазақстандық  патриотизм  сезімінің  құрылу  механизмдерінің  заңдылықтарын 
ашу.Ғасырлар  бойы  көшіп  –  қонып  жүрген   халық  өзі  өмір  сүрген  ортаның   
әлеуметтік–экономикалық  жағдайларына,  мәдениеті  мен  тарихына,  табиғатына   
орайлас  жас   буынға  тәлім  –  тәрбие  берудің  айрықша  талап  –  тілектерін     дүниеге 
әкелді.   Мәселен,   бұлар  жас  адамның   жұртқа     танымал      моральдық    – 
психологиялық   нормасын «сегіз   қырлы,    бір    сырлы»     делінетін    қанатты    нақыл 
сөздермен   қисындады. Жақсы психолог еш уақытта өз клиентіне ақыл айтуға тиіс 

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал