Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



жүктеу 5.24 Kb.

бет21/31
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31

Әдебиет 
1.
 
Н.  Унарбекова  -  Отбасындағы  ата-ана  мен  бала  қатынасының  теориялық 
мәселелері. // ҚазҰУ Хабаршысы. Психология сериясы. – 2009. №2. б. 15 - 21.  
2.
 
С.  Қоңыратбаева  -  Қазіргі  отбасы  және  оның  қызметтері  мен  ерекшеліктері.  // 
Менеджмент в образовании. - 2007. - № 3. - б. 205 - 210.  
3.
 
С Минухин., Ч. Фишман. Техники семейной терапии– М.: Независимая фирма 
«Класс», 1998.  
4.
 
Дж.Хейли,  М  Эриксон.  Стратегии  семейной  терапии.  –  М.:  Институт 
Общегуманитарных Исследований, 2001.  
5.
 
Б.  Хеллингер  Порядки  любви:  Разрешение  семейно-системных  конфликтов  и 
противоречий. – М.: Изд-во Института Психотерапии, 2001.  
 
 
 
 

169 
 
ӘОЖ  373.2 
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНІҢ 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Г.Б.Турсунханова  
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, 302 «ә» топ студенті 
Ғылыми жетекші: А.Д. Мухаметжанова - М.О.Әуезов атындағы педагогикалық 
колледжінің педагогика-психология пән бірлестігінің оқытушысы 
      Бүгінгі  таңда  өзекті  мәселенің  бірі  –  ол  бала  тәрбиесі,  яғни  бала  тәрбиесі  – 
баршаның  ісі.  Отбасының  да,  тәрбиешінің  де  басты  мақсаты  –  болашақ  ұлтжанды, 
рухты  азаматтар  мен  азаматшалар  тәрбиелеу.  Бақытты  балалықтың  бастауы  неде? 
Әрине,  отбасында  десек,  келесі  орында  балабақшаның  тұрары  хақ.  Балабақша  –  енді 
ғана  жетіліп  келе  жатқан  кішкене  бөбектердің  орны  [1,  18  б].    Бүгінгі  бүлдіршін  – 
ертеңгі ел қорғаны, өз отбасы мен мемлекетінің тірегі. Мәңгілік Ел болудың кепілі де – 
бүгінгі  бейқам  балдырғандар.  Ел  іргесінің  бекем  болуы  осы  біз  тәрбиелеп  отырған 
сәбилер болмақ. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру 
жаңа  технологияларды,  тың  идеялар  мен  шығармашылық,  инновациялық 
жаңашылдықты  қажет  етеді.  Бала  -    ата-ана  үшін    өмір  жалғасы,  көздің  нұры  ,  үміт 
күткен  шырағы,  келешекке  қызық  көрсетер  болашағы  десек,  тәрбиеші  үшін  еңбегінің 
нәрлі жемісі болып табылады. [2, 6б]. Қазіргі кезде тәрбие беру – өте ауқымды үрдіске 
айналды.  Оған  ата-ана  да,  тәрбиеші  де  атсалысуы  қажет.  Бала  тек  отбасында  ғана 
тәрбиеленіп қоймай, қоршаған ортада да тәрбиеленеді. Ал кішкене баланың қоршаған 
ортасы - балабақша. Әрине, көп балалар патриоттық, елжандылық тәрбиені отбасынан 
ала  бермейді  .  Сол  уақытта  балабақшаның  артық  тұстары  да  көзге  көрінеді  .  Баланы 
өзгерістер,  әр  түрлі  жағдайлар  үнемі  қызықтырып  отырады.  Балада    әр  нәрсеге  
сұрақтар туындайды. Сонымен қоса, бала тәрбиесінде тәрбиешілердің де ықпалы зор. 
      Тәрбиешінің  басты  мақсаты  –ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетін  түсінікті  етіп 
баяндап беру. Бала ата-анасынан ала алмаған тәрбиенің кейбір тұстарын тәрбиешісінен 
алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп ата – бабаларымыз  айтқандай, бала 
отбасындағы  үлкендер  не  істеп,  не  айтса,  соны  айтып  дағдыланады  яғни  еліктегіш 
келеді.  Бала  бойындағы  әр  түрлі  қылықтардың  қалыптасуы  -    баланың  өз  қоршаған 
ортасы мен үлкендерден естіп, көріп, сезінуі. Қазіргі  қоғамда білімді де, білікті ұлттық 
тәрбиені  бойына  сіңіріп  өскен,  жаңа  адам  тәрбиелеу  міндеті  тұр.  Сондықтан  балаға 
дұрыс  тәрбие  беріп,  инабатты,  адамгершілігі  мол,  иманды  ұрпақ  тәрбиелеуге  ата-
анасына  да,  тәрбиешісіне  де  өте  үлкен  жауапкершілік  жүктеледі.  Отбасында  бала 
ұлттық  құндылықтар  негізінде  тәрбиеленіп  келіп,  ол  балабақшада  жалғасын  тауып 
жатса,  бала  мәдени  білім  мен  тәрбие  алар  еді.  Отбасы  арқылы  жеке  тұлғаны 
қалыптастыруда    қазақ  халқының  ағартушы  ғалымдары  Абай  Құнанбаев,  Жүсіпбек 
Аймауытов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Ахмет  Байтұсынов,  Шәкәрім  Құдайбердиев 
еңбектерін айрықша атап кетуге болады.[3, 25б]. Ата- ана баласын өздігінен әрекет ете 
бастаған кезден бастап балабақшаға бергені жөн. Мысалы: қасық ұстап өзі тамақтану, 
сөздерді анық айту, басқалармен қарым-қатынасқа түсуге талпыну т.б. Жанұяда барлық 
жағдай  жасалғанымен,  өзімен  қатарлас  балалармен  байланысы  жетіспейді.  Балада  
өзінен  басқа  да  балалардың  бар  екенін,  олармен  тіл  табыса  алатынын,  олардың 
қызығушылығын біле алатыны жайлы ой тууы қажет.  Бала кең әлемдегі ең пәк, ең таза 
періштедей  асыл  жан.  Сәбидің  ойының  тазалығы,  арының  тазалығы,  өзін  қоршаған 
ортаға  байланысты  болмақ.  Бала  ортаны  қалай  қабылдап,  танып-білсе,  оның  алдынан 
кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.   

170 
 
        Тәрбие  –  біреудің  біреуге  ықпалы  арқылы  өмір  бойы  қалыптасатын  күрделі 
құбылыс.  «Үміт  еткен  көзімнің  нұры  балам...»  демекші,  ата  –  ана  үшін  қашанда 
перзенттің орны бөлек. Ол бәрінен де қымбат, ыстық болып көрінеді. Өмірдің сәні де, 
нәрі  де  бала.  Қазақ  халқының  да  бала  тәрбиесі  жөнінде  жиып  терген  мол  тәжірибесі 
бар. Ол өзінде бар жақсы қасиеттерді жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, 
оның  бойына  сіңіріп  отырған  [4,  19-22бб].  Көпті  көрген  көне  көз  болған  аталар  мен 
әкелер  өз  балаларының,  немере  –  шөберелерінің  ғана  емес,  иісі  қазақтың  ақылшысы, 
кемеңгері  бола білген.  Бүгінгі  күні  баласына бесік жырын, ертегі, өлең айтып беретін 
ата – ананы сирек кездестіреміз. 
   Қазақ  халқы  әуелден  –  ақ  бала  тәрбиесіне  айрықша  мән  беріп,  оның  ата  –  ананың 
борышы санаған. Оны Алла Тағала жаратқанда жаман болсын деген жоқ. Сол себепті 
келер  ұрпақ  алдындағы  жауапкершілік  әрдайым  қатал  сын  саналған.  Оның  алдан 
күткен бағыты, үміті күмәнді болса, не болмақ? Сол үшін де халқымыз бала тәрбиесіне 
көп  көңіл  бөлген.  Сәби  өмірге  келгенге  дейінгі  қамқорлықтың  өзі  үлкен  сын,  ауыр 
сынақ  боларын  білгеніміз  жөн  [5,  45-47бб].  Қазіргі  уақытта  баланың  сана  –  сезімін 
улайтын телеарнаға түрлі ұрыс – керіс, атыс – шабыс, алдау – арбау, жазықсыз жанды 
оп  –  оңа  тонай  салу  секілді  бейне  көріністер  мен  автомат  ойындары  және  т.б.  бой 
алдырғандар да баршылық. Бұлардың қай – қайсы болмасын бала психологиясына кері 
әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Ұрпақ өсіру жолында қазақ халқында қалыптасқан 
небір тамаша салт – дәстүрі бары да сондықтан. 
   Бабаларымыздан  жеткен  дәстүрдің  сабақтастығы  мен  үндестігі  ұмытылды  десе  де 
болады. Кейінгі ұрпақ ұлттың сыңаржақ тәрбиесін алып, халықтың салт  – дәстүрі мен 
табиғи  қасиеттерінен  қол  үзіп  қалды.  Осының  салдарынан  білімсіз,  халықтың  салт  – 
дәстүрінен  ада,  мейірім  –  инабаттан  хабары  жоқ,  сана  сезімі  төмен  балалар  көбейіп 
кетті.  Ата  –  анасын  бақпай  тастап  кетушілер,  маскүнемдер  мен  нашақорлар,  тәрбиеге 
көнбейтіндер, қиын бала туралы жиі естиміз. Мұндай естімеген оқиғалар халқымыздың 
тарихында  бұрын  болып  па  еді?  Өйткені,  әп  –  әдемі  салт  –  дәстүрімізден  айырылып 
қалдық.  Бір  жақты  тәрбие  кейінгі  ұрпақтың  санасын  бұзып,  басқа  жолға  салып 
жіберді.Ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл – Фараби  «Адамға ең әуелі білім, емес тәрбие берілуі 
керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне 
апат  әкеледі»  –  деді.  Демек  атамыздың  бұл  сөзінен  тәрбие  әрқашанда  бірінші  орында 
тұрады  яғни  тәрбиесіз  берілген  білім  баршаның  дұшпаны  деп  ой  –  тұжырымдама 
жасаймын. Қазіргі таңда сөздік қорымызда «тәрбиесі ауытқыған», «қиын бала»,  «көше 
баласы» деген сөздер бар.  
  Осындай  бала  қайдан  шығады,  неге  ата  –  ана  тәрбиесіне  көнбейді.  Оны  тәрбиелеуге 
балабақшаның, ата – ананың күші жетпей ме деген сауал туады. «Аюға намаз үйреткен 
таяқ» деп баланы ұрып – соғып, таяқтың күшімен тәрбиелеймін деген қатал ата – ана да 
бар,  бірақ  бұл  тәсілді  көп  қолдансаңыз,  бала  мінезінде  қаталдық,  мейірімсіздік, 
тасжүректік  пайда  бола  бастайды.  Сондықтан  ашуды  ақылға  жеңдіріп, 
бабаларымыздың  бес  жасқа  дейін  балаңды  құдайыңдай  сыйла,  бес  жастан  он  жасқа 
дейін құлындай жұмса, он жастан асқаннан кейін ақылшыңдай сыйла деген асыл сөзіне 
жүгінуіміз керек. Бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс – тәсілмен де, балаға деген 
жүрек сезімі – махаббатпен де табуға болады. Жылы – жылы сөйлесе жібімейтін жүрек 
жоқ, тек соған апарар жолды таңдай білуіміз керек. 
      Тәрбие принциптері ішедегі ең негізгісі – мақсаттылығы.  

 
Баланың мүмкіндіктері мен тілектерін ескеру; 

 
Баланың жан дүниесіне әсер ету қарқындылығы; 

 
Балалардың өзара бір-бірімен қарым-қатынастарына көңіл бөлуі

 
Баланың  жетістіктерін көрсете отырып, табысқа жетуге жетелеу; 

171 
 

 
Баланың  даралық ерекшеліктерін ескеру. 
Тәрбиеші мен балалардың бірлескен өзара әрекеті жанданады, баланың саналы әрекеті 
мен  белсенділігін,  құштарлығын  дамытады.  Жеке  тұлғаның  өзіне  қоятын  талаптар 
жүйесін  қамтиды.  Баланың  дүнеитанымын,  білімін  қалыптастыруды  балабақша 
көрнекті орын алады. Заман өзгерді, еуропалық мәдениетке көштік десек те, біздің ата-
бабаларымыздың  нақыл  сөздері,  ғажайып  ертегілеріміз,  мақал-мәтелдеріміз  халқымыз 
ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді.  
Баланың  өзін  қоғамның  белсенді  мүшесі  екенін  ұғуына,  айнала  қоршаған  ортамен, 
достарымен қарым-қатынас жасауына, еңбек ете білуіне, білімге құлшынуына, өзін-өзі 
тәрбиеленуіне жол көрсету. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік 
сезімдер  мен  ұғымдар,  адамшылық  мінез  құлқының  ең  қарапайым  дағдылары 
қалыптасады. 
        Жаһандану  заманында  тәрбиешілер  жан-жақты  болуы  тиіс.  Мысалы:  (актер, 
суретші, биші, әнші, психолог). Өйткені қазіргі кездің  балаларын таңқалдыру  мүмкін 
емес.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетін,  ойынды  пайдаланған  уақытта,  ол  мазмұнды, 
әсерлі және қызықты болу керек. 
Менің мамандығым тәрбиеші болғандықтан, осы қазіргі таңдағы өзекті мәселе жайында 
қарастырмақпын. 
Мен  өзім  іс-тәжірибеден  өтіп  жүрмін.  Бүгінгінің  балалары  ақпараттық  технологияны 
(интернет, планшет, сотка, ноутбук) осыларды жиі пайдаланады. Десек те бұдан да тыс 
қалмауымыз  қажет.  Бірақ  оның  да  бір  шегі  болуы  шарт.  Ата-аналар  бастысы  балам 
жыламасын  деп  барлық  дүниені  алып  береді.  Соның  кесірінен    балалардың  сабаққа 
деген ынтасы, қызығушылығы төмен болады. Тіл мүкістігі дегеніміз не? Олар неліктен 
болады? Бұл сұраққа жауап беретін болсам, бала 4-5 жаста барлық дыбыстарды дұрыс 
айта  білуі  керек.  Бірақ  кейбір  балалардың  сөйлеген  кезінде  дыбыстары  бұзылып, 
алмастырып,  шатастырып,  айтуы  жиі  кездеседі.  «Есейгесін  өзі  түзеліп  кетеді»,  -  деп 
көбінесе  ата-аналар  ондай  ақаулықтарға  көп  көңіл  бөле  бермейді.  Дыбыс 
айтылуындағы  кемістіктер  балалардың  оқу,  жазу  дағдыларының,  мінез-құлқының  
қалыптасуына,  сабаққа  енжарлық  танытады,  сөйтіп  баланың  мінез-құлқы  өзгереді. 
Ертегі, әр түрлі кітаптар оқымағаннан кейін баланың қиялы, ақыл-ойының дамуы баяу 
жүреді,  психикасына  және  тілдерінде  ақаулық  пайда  болып,  дұрыс  сөйлей  алмай 
жатады. Машықкер ретінде менің айтатыным «Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей» 
барлығымыз  бірігіп,  осы  қателіктерді  мүлдем    қайталамауға  тырысайық,  сонда  ғана 
еңбекті нәтижені көре аламыз. Өйткені бір адамның жұмысы ол көпке біліне бермейді, 
бұл бір күндік емес айлап немесе жылдап жүргізілетін жұмыс сондықтан қолымыздан 
келетін көмекті аямайық. Елім деп еңіренетін, елі мен жерін сүйетін, ертеңгі болашағын 
ойлайтын,  салауатты  жас  ұрпақты  жалықпай  тәрбиелеу  жолында  бірталай  еңбектену 
керек.  Ендеше  Жас  достар,  болашақ  ұрпаққа  жақсы  тәлім  –  тәрбие  беру  біздің 
қолымызда.  Бала тәрбиелеу – сіздің де, біздің де басты борышымыз. 
 
Әдебиет 
1.
 
«Отбасы және балабақша» журналы. № 11. - Алматы 2008. [1;18]. 
2.
 
М. М. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. -  Астана, 1982. [2; 6]. 
3.
 
«Бала тәрбиесі» журналы. № 8 -  Алматы, 1990. [3; 25]. 
4.
 
Қ. Жарықбаев Ұлттық тәләм – тәрбие хақында. 1989. № 10. 
5.
 
 «Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагогика,    психологи»  журналы.  №7  – 
Астана, 1993. [5; 42]. 
6.
 
 Ш. Қ. Құрманалина. Педагогика. – Астана. «Фолиант», 2007. [6; 115]. 
 

172 
 
 
ӘОЖ  159.928:372.4 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН 
ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
А.Айтқожанова  
Семей көп салалы колледжінің, БС-31 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Г.К. Атбуланова, Семей көп салалы колледжінің математика 
пәнінің оқытушысы 
 
Талабы таудай, қабілет қарымы мол ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне 
үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.  
 
Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты бағыты жүйеленген әдістемелері 
немесе  тәсілдері  жоқ.  Дарындылықты  дамыту  ұстаздарға,  мектеп  әкімшілігіне,  ата-
аналарға байланысты
  
 
Дарындылықтың дамуы, нәтижелі болуы біріншіден мұғалім еңбегінің көрінісі, 
ал  екіншіден  оқу  жоспарының  дұрыс  құрылып,  жүйелі  түрде  іске  асырылуында. 
Мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагогикалық шеберлігінің маңызы 
зор.    Педагогикалық  шеберлікті  қалыптастырудың  бірнеше  түрі  бар.  Мұғалім  ең 
алдымен  ғылыми  философиялық  ілімді  табандылықпен  оқып-үйренуі  тиіс.  Өйткені 
мектептегі  оқу  және  тәрбие  жұмысының  жемісті  ,  әрі  нәтижелі  болуы  мұғалімнің 
жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстанымдылығына байланысты. Мұғалім мамандығы 
бойынша өз пәнін қазіргі ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде 
білуге  тиіс.  Бастауыш  сыныптарда  мұғалім  оқушылардың  оқуға  ынтасын  тәрбиелеу 
арқылы  олардың  қабілеттерінің  дамуына  кең  жол  ашады.  Мұғалім  алғашқы  күннен 
бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу 
мен  еңбекке  ұқыптылығы  қандай  екендігін  есепке  алып,  оқу  процесін    осы  негізге 
ойластыра  жүргізгені  дұрыс.  Кейбір  мұғалімдер  баланың  қабілеттілігін,  оның  оқу 
материалдарын  тез  ұға  алушылығымен  ғана  байланыстырады.  Бұл  жерде  мұғалімнің 
аса  сезімталдығы  қажет.  Өйткені  нерв  жүйесінің  тума  қасиеттеріне  байланысты 
табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетін  балаларда аз емес. 
Осындай  баяу  ойланып  жауап  беретін  балалар  қабілетсіздер  қатарына  қосылатын 
болса, бұл идеологиялық тұрғыдан өрескел қате болып есептеледі.  
 
Бала  дарындылығын  тәрбиелеу  үшін  жүргізілетін  жұмыстардың  мазмұны  мен 
түрлері  сан  алуан.  Бұларды  нақты  жағдайларға  оқушылардың  жас  және  дара 
ерекшеліктері,  туған  жері  мен  отбасы  жағдайына    байланысты  жүргізе  білу  әрбір 
мүғалімнің жеке шығармашылық ісі. 
 
Әдетте,  дарынды  балалардың  қабілеті  басқа  оқушылардан  ерекше  болады. 
Дарынды  балалардың  қабілеттерін  ойдағыдай  дамыту  үшін  қабілеттерінің  қандай 
дәрежеде қалыптасқанына зер салғаны абзал.  
 
Мұғалімнің оқу–тәрбие жұмысындағы әдіс–тәсілдердінің қай– қайсысы болсын, 
оқушылардың  сана  –  сезімін  ақыл  –  ойын  дамытуды  мақсат  ететін  болғандықтан 
дарынды  оқушылардың  ерекшеліктерін  біліп,  санасып  отыру  керек.  Қазіргі  таңда 
Векслер  Равиннің  интелектуалды  зерттеуге  арналған  тестісі  бойынша  түрлі  зерттеу 
жұмыстары  жүргізілуде.  Дарынды  оқушылармен  жұмыс  жүргізуде  олардың  жеке 
ерекшеліктерін  психологиялық  тұрғыдан  бірнеше  бөлікке  бөліп  қарастырады.  Оның 
құрамындағы  ең  басты  бөлік  –  оның  бағыты  (өмірлік  позициясы,  сенім,  талғамы, 
қызығуы); 

173 
 
Екінші  бөлік  –  жеке  адамның  танымдық  –  психикалық  қасеиттері  (зейін,  түйсік, 
қабылдау, ес, ойлау, қиял). 
Үшінші бөлік – оқушының сезімі мен ергі. 
Төртінші бөлік – оқушының темпераменті. 
Бесінші бөлік – оқушының қабілеті (іс - әрекет мүмкіншілігі). 
 
Дарынды  оқушыларды  таңдау  барысында  мына  ерекшеліктерге  баса  назар 
аударылады: 
Бірінші  –  дарынды  бала  өзгеше  ойлайды  және  шапшаң  ойлайды.  Яғни,  көп  көлемде 
білім меңгереді және оларды ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары. 
Екінші  –  дарынды  балалардың  ішкі  сезімі  жағынан  өзгешелігі.  Өте  сезімтал, 
толыққандылық,  ықылас  қойған  нәрсенің  тақырыбын  әр  жерде  негізгі  мәселе  етіп 
қояды.  
Үшінші  –  дарынды  оқушының  физикалық  тұрғыдан  ерекшелігі:  дамудағы 
шапшаңдылық, ақындарша сөйлеу жиі–жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.  
Төртінші  –  әлеуметтік  тұрғыдан  ерекшелігі:  адамгершілік  сезімдерінің  ерте  дамып, 
жоғары моральдық қасиеттерге ие болу, достық әзілдік сезімінің басым түсуі. 
 
Дарынды оқушы бұл 4 топтың бірінде өте жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін. Егер 
осы қасиетті, ізгілікті жерде жақсы бір тағаммен ұштасып жатса, жылдар өте келе бұл 
балалардан үлкен кемеңгер шығуы ғажап емес. Дарынды балалардың қабілетінің арта 
түсуі мақсатында мұғалім сыныпта мынадай жұмыстар жүргізеді: 
І. Сыныпта дарынды балалар туралы мәлімет жинау және қай пәннен дарынды екенін 
анықтау; 
ІІ. Дарынды балаларға түрлі зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесінде мінездеме жазу.  
Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:  
1.
 
Бала бойындағы қабілеттерді бақылау. 
Оқушыны алдымен қабілетіне қарап сыныптан шартты түрде даралау керек. Бұл 
даралауда құпиялық сақталады. Ол оқушының зерттеу объектісінде өзі де, 
сыныптастары да білмеуі керек, яғни, бақылау табиғи түрде жүргізілуі керек. Оның 
сыныпта тапсырмаларды орындаудағы белсенділігі, ұтқыр жауаптары, жаңа сабақты 
жылдам меңгеруі, үй тапсырмасын орындағандағы тиянақтылық қайталау 
сұрақтарына мүдірмеуі т.с.с. есепке алынады. Зерттеу жүйелі жүргізуді талап етеді.  
Байқау әдісі. Бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекетіне бақылау жүргізеді.  
Әдіс шарттары: 
1.
 
Байқау ұзақ мерзім жүргізіледі: 
2.
 
Мақсатқа  жетуге  айқын  көрсеткіштер  жинақтау,  мысалы  есеп  шығаруда  неге  мән 
береді; 
3.
 
Бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі; 
Әңгімелесу. Мұнда алдын-ала жоспарланған сұрақтар мен қатар жанама 
сұрақтардың ролі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып, 
отыру керек. 
2. Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. 
Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тестті топқа және 
жеке оқушыға жүргізуге болады. 
2.1. Есте сақтауы. 
Аз уақыт аралығында сөзді есте сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс 
болуы керек. Аралығы жарты секунд әр сөз тек бір рет айтылады. Жауапты балмен 
қорытындылайды. 16 түрлі сурет көрсетіледі, 30 секундтан кейін оларды алып 

174 
 
тастайды. Бала суреттерді еске түсіріп айтып беруі керек. Жауапты балмен 
қорытындылайды.  
2.2. Көзбен шалып анализ синтез жасау. 
-
 
4  суреттен  беріледі.  Олардың  ішінен  артық  сурет  сызылып  тасталады. 
Баланың бейнемен таныстығы да ескеріледі. Баллдық жүйемен бағаланады.  
-
 
Көзбен салыстыру.  Бірінші  екіге бөледі. Оның біреуіне өзара сәйкестігі бар 
екі сурет салынады. Мысалы, ит күшігімен. Екіншіне жылқы суреті салынып, 
сұрақ  белгісі  қойылады.  Мысалы  үйрек,  әтеш,  балапан,  күшік.  Бала  сұрақ 
орнына  қойылатын  суретті  іздейді.  Мұндай  салыстыруларды  әр  түрлі 
тақырыптан алған дұрыс.  
2.3. Сөзден тікелей анализ синтез жасау. 
-
 
4  –  5  сөз  айтылады.  Олардың  ішінен  басқалармен  сәйкестігі  жағын  алап 
тастау керек. 
-
 
Салыстыру. Біріншіден екі сөз айтылады. Мысалы: сағат, уақыт. Екінші, бір 
сөз  айтылады.  Мысалы:  градусник  -  ?  содан  кейін  мүмкін  сөздер  тізбегі 
беріледі. Мысалы : әйнек, сырқат, төсек, температура, дәрігер. 
2.4. Ойлауы. 
-
 
5 тен кейін қай сан тұруы керек? 1,3,5, ….? 4, 6, 7. 
-
 
Ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ, 
айтылатын сөздерде 2 –3 әріпке айырмашылық болсын.  
2.5. Пікіріндей дәлдік толықтық жүйелілік. 
Сұраққа  жауап  беруінде  немесе  әңгімелесу  кезінде  әрбір  сөйлемге  мән  беруі, 
орынды  пайдалануы,  сөйлемді  толық  құруы  ескеріледі.  Дарынды  балалардың 
жеке  ерекшеліктері  анықталып  болған  соң  оларды  дамыту  жұмыстары 
басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге 
жоспар құрылады. Осы жоспарды басшылыққа ала отырып, әр түрлі жұмыстар 
жүргізіледі: 
1.
 
Мұғалім  сабақ  өтетін  сынып  бөлмесін  шеберханаға  айналдыра  отырып,  дәстүрлі 
және  дәстүрден  тыс  сабақтарда  дарынды  оқушыны  әр  сабақ  сайын  дайындап 
отырыу.  
2.
 
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру. 
Пәндік  олимпиадалар,  байқаулар,  клубтар,  секциялар  дарындылықты 
дамытудың бір тәсілі.  
Жұмысты  жүйелі  түрде  ұйымдастыру;  оқу  бағдарламасын  жасау;  жаңа 
технология  мүмкіндіктерін  пайдалану,  психологиялық,  педагогикалық,  әлеуметтік 
бақылаулар  жүргізудің  арнайы  әдістері  болуы  сыныптан  тыс  шараларды  өз 
дәрежесінде  өткізу,  өз  бетіндік білім  алуға  жетелеудің  негізі.  Мұғалім  тапсырманы 
оқушының алған білімін жаңғыртаты, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, 
зерттеу  элементтерін  пайдаланатындай  етіп    құруы  керек.  Таппсырмалар  бала 
жасына, деңгейіне сай болуы қажет. Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін.  
Дарынды  баланың  бойынан  табылатын  асыл  қасиеттердің  өмірге 
құштарлықтың, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.  
Оқушының жеке қабілеті дамуы үшін мұғалімге біріншіден, жаңа материалды 
мүмкіндігінше  ықшамдап,  өнімді  әрі  балалардың  қабылдауына  жеңіл  ақыл-ойына 
қонымды болу жағын қарастыру шарт.  

175 
 
Екіншіден  меңгерілуге  тиісті  материалдың  сыртқы  жағдайларын,  түйінді 
жерлерін  мұғалімнің  басшылығымен  оқушылар  өздері  ашып  көрсетіп,  олардың 
психологиялық  жағынан  дамып,  жетілу  дағдыларын  қалыптастыру  жұмыстарын 
жүргізу керек. Мұндай міндеттерді  жүзеге асыруда П. Я. Галпериннің әдіс-тәсіліне 
сенуге  болады.  Бұл  сабақты  мынадай  үш  түрмен  өтуге  болатынын  анықтаған.  1. 
Оқытуды  нұсқаусыз,  түсіндірусіз  жүргізу.  Мұндай  сабақтарда  оқушылардың 
қателесуі әбден мүмкін. Бірақ сол қателерін өздері түзетіп, оқу материалының мәнін, 
мақсатын дұрыс меңгеретін болады.  
 
3.  Оқытуды  ойдағыдай  жүргізіп,  межеленген  тиісті  материалдардың  мазмұны 
мұғалімнің басшылығымен оқушының өздеріне шештіріледі.  
 
Бұлар оқытудағы ең өнімді әрі негізгісі болып табылады. Оқытудың осы үшінші 
түрінде  оқушының  өзіндік  іс-әрекеттері  және  олардың  ақыл-ой  белсенділігі  есепке  
алынады.  
 
Дарынды  оқушылармен  жұмыс  жүргізетін  мұғалімдерге  талап  та  жоғары 
деңгейде  болуы  керек.  Олармен  жүргізілетін  жұмысты  ұйымдастыруда  кәсіптік 
қабілетіне зор талап қойылады.  
1.
 
Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтауда тест, бағдарлама құра білу.  
2.
 
Диагностикалық  тексерулерден  алған  қорытындылар  бойынша  баламен 
жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі.  
3.
 
Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу.  
4.
 
Оқушының  икем  бағытын  нақты  ажырату,  оған  ықпал  ету  жолдарын  сәтті 
таңдаудағы ептілік.  
5.
 
Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі.  
6.
 
Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы.  
7.
 
Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.  
Міне,  осы  аталғандар  ұштасқан  кезде  ғана  қабілетті,  талантты,  дарынды 
оқушылар 
жетіле 
түседі. 
Осы 
орайда  
ата-ана            мектеп         оқушы          ұстаз байланысының жоғары болғаны абзал.  
Дарынды  балалармен  жұмыс  жүргізетін  мұғалім  өз  пәнін  терең  біліп  қана 
қоймай, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін де үнемі  жетілдіріп отыру керек. Олар 
озат  мұғалімдердің  іс-тәжірибесімен  танысады.  Педагогикалық  оқуларға,  ғылыми 
практикалық  конференцияларға қатысады. Өз мамандығына байланысты және жаңадан 
шыққан  түрлі  әдістемелік  еңбектерді  үнемі  оқып  зерттейді,  тиімді  етіп  пайдаланудың 
әдістерін,  сара  жолдарын  іздестіреді.  Мектептерде  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу, 
жинақтау күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады.  
Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу 
объектісі,  фактылар  мен  ғылыми  мәліметтерді  жинақтаудың  негізгі  көздерінің  бірі. 
Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде озат педагогикалық тәжірибенің маңызы зор.  
Озат  педагогикалық  тәжірибе  –  білім  беру  мен  тәрбиелеу  саласында  өзіндік 
ерекшелігі  бар,  оқу  процестеріне  енгізетін  жаңаша  әдіс-тәсілдері  бар,  үздік 
педагогикалық  тәжірибе  әрбір  мұғалім  еліміздегі  жаңашыл  ұстаздардың  бай 
тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, 
өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын  қарастырады. Озат тәжірибені зерттеу 
және оны тұтас педагогикалық процеске енгізе қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, 
өз пәніне еркін иелік етуді, теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп 
отыруды  талап  етеді.  Мұғалім  озат  педагогикалық  идеялар  және  жаңашыл 
мұғалімдердің  тәжірибесін  игеру  үшін  оларды  өзінің  педагогикалық  жүйесінің 
құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп отырады. Озат педагогтар (Ш. А. Аманашвили, П. И. 
Иванов) мен мұғалімдер (В. Ф. Шаталов, И. П. Волков, Е. Н. Ильин, М. П. Шетенин)  
оқу-тәрбие  процесінің  тиімділігі  мен  сапасын  арттыруда  өздерінің  ерекше  әдістерін 

176 
 
жасады.  Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында  қажырлы  еңбек  етіп,  үлес  қосқан 
республикамыздың жаңашыл мұғалімдерінің (Қ. Н. Нұрғалиев, Н. Р. Бекенқызы, А. М. 
Ысқақов,  Г.  М.  Курбатов,  Қ.  Бітібаева)  идеяларымен  озат  тәжірибелерін  қолдану 
балалардың  сана-сезімін  дамытудың,  дарындылықты  арттырудың  басты  көзі  болып 
отыр.  Қазіргі  кезде  білім  беру  саласына  өзгерістер  енгізілуде.  Бұл  өзгерістер  
педагогикалық  еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру  мәселесіне  де  септігін  тигізуде.  Осы 
орайдағы басты мәселе – мұғалім шығармашылығын дамыту дәрежесі. Педагогикалық 
шығармашылық  –  бұл  ғылыми  ізденудің  нәтижесінде  озат  тәжірибені  жасау,  тұтас 
педагогикалық  процесс  проблемаларын  шеберлікпен  шешу,  оларды  педагогикалық 
жұртшылықтың  игілігіне  айналдыру.  Педагогикалық  шығармашылық  мұғалімнің 
жасампаздығын еншілейді.  
Жасампаздық  –  мұғалімнің  шындықты  қайта  құрудағы  жаңа  іс-әрекеті. 
Педагогикалық жасампаздық  – мұғалімнің қасиеті емес, ол үлкен ізденіс пен еңбектің 
жемісі болып табылады.  
Қазіргі  таңда  дарынды  балалармен  жұмыс  жасауда  мұғалімнің  жаңа  оқыту 
технологияларын  пайдаланудың  маңызы  зор.  Бүгінгі  оқыту  жүйесінде  әртүрлі  жаңа 
технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.  
“Педагогикалық технологияға – В. Л. Беспалько – практикада іске асатын нақты 
педагогикалық жүйе, жоба” – деген анықтама берді.  
 

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал