Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



жүктеу 5.24 Kb.

бет20/31
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31

 
Әдебиет 
1.
 
Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К.Жалпы педагогика. -Алматы, 2006.- 272 б. 
2.
 
Ветлугина Н.А. «Балабақшадағы эстетикалық  тәрбие.- Алматы,1983.                   
-  119 б. 
3.
 
Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» 
бағдарламасы. - Астана, 2010. – 104 б. 
4.
 
Исмагулова С.К. Оқу үрдісін технологияландыруға жаңаша көзқарастар.- 
Алматы.- 2010.- 488 б. 
5.
 
Кузнецова С.В. Одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать. – М., 1998. 
– 81 с 
6.
 
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Балбөбек» 
бағдарламасы. -  Астана, 2007. – 82 б. 
 
 
ӘОЖ 378-057.875:004.7 
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІГІ 

161 
 
 
А.А. Кәкімова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті, П-227у тобының 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: Қ.Ш. Оспанова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, 
педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы 
 
Қазіргі  таңда  бүкіл  әлемде  болып  жатқан  кең  ауқымды  қайта  құрулар 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  қарқынды  дамуына  байланысты. 
Ғаламдық  ақпарат  қоғамның  Хартиясында  (Окинава)  атап  мкөрсетілгендей, 
«ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  жиырма  бірінші  ғасыр  қоғамының 
қалыптасуына  әсер  ететін  ең  маңызды  факторлардың  бірі  болып  табылады.  Олардың 
революциялық  әсері  адамдардың  жүріс-тұрысына,  олардың  біліміне  және  жұмысына, 
сондай-ақ  үкімет  пен  азаматтық  қоғамның  өзара  қарым-қатынасына  қатысты  болып 
отыр.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  әлемдік  экономиканың қарқынды 
түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  дамуы  мен  таратылуы  алып  келетін 
зор  артықшылықты  түсініп  отыр.  Ақпараттық  қоғамға  қозғалыс-бұл  адамзат 
өркениетінің  болашағына  жол  болатындығы  ешкімді  де  күмән  туғызбайды.  Қазіргі 
заманғы адам интернетсіз өмір сүре алмас десе де болады. Біздің күнделікті өмірге ене 
отырып,  компьютерлік  технологиялар  дайын  ғылыми  жасақтамалар  мен  болашақ 
проектілердің жаңа идеяларын біріктіретін «көпірге» айналды. Компьютеризация біздің 
өмірімізге тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсерлерін ендіруде. Ондай 
жағымсыз әсерлердің бірі-интернетке, соның ішінде жастар арасында кеңінен таралған 
әлеуметтік желілерге тәуелділік болып отыр.  Интернетке немесе әлеуметтік желілерге 
тәуклділікті ғылымда «Интернет-аддикция» деп аталады.  
Әлеуметтік  желілер  –  ермектері  бірдей  адамдардың  Интернетте  бірігетін 
қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және 
достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, 
видео іздеуі де мүмкін. 
Әлеуметтік желі-бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын вебсайт қана 
емес,  сонымен  қатар  өз  айналасындағы  адамдардың  тағыда  кімдермен  байланыста 
немесе  таныс  екенін  білудің,  сондай-ақ,  сол  арқылы  өз  таныс-білістігіңді  арттырудың 
жолы.  Демек,  әлеуметтік-халық,  адамдар,  топ  болса,  желі-байланыс,  қарым-қатынас. 
Енді  осы  жерде  «желі»  сөзі  –  интернеттегі  сайт  болса,  «әлеумет»-бұл  сол  сайттың 
тұтынушылары, яғни сіз бен біз. 
Әлеуметтік  желілерге  тәуелділік-алғашқы  болып  өз  қызметінде  Интернетті 
пайдаланып,  қызметкерлерінде  онлайнда  отырудан  патологиялық  құмарлық  пайда 
болатын психологиялық ауру деуге болады.  
Әлеуметтік  желіні  «әлеуметтік  медиа»  деп  те  атайды.  Бұл-адамдардың  бір-бірімен 
ғаламтор  арқылы  өзара  байланысын  қамтамасыз  ететін  интернет  сайт(тар).  Жалпыға 
ортақ  сөзбен  айтар  болсақ,  әлеуметтік  желі  дегеніміз  бұл-адамдар  мен  олардың  бір-
бірімен  қарым-қатынасы.  Әлеуметтік  желілер  бүгінде  адам  өмірінде  елеулі  орынға  ие 
болды  және  сол  өмірде  ұзағынан  қалуды  ұйғарған  секілді.  Адамдар  арасында  бөгетті 
бұзған  әлеуметтік  желілер  біздің  қарым-қатынас  құруымыз  үшін  шексіз  мүмкіндік 
беруде.  Дегенмен,  әлеуметтік  желілер  феноменінің  басқа  жағы  да  бар.  Әр  нәрсенің 
ақпен  қарасы  бар  дегендей  әлеуметтік  желілілердің  пайдасы  да,  зияны  да  баршылық. 
Әлеуметті  желі  зиян  ба,  пайдалы  ма?  Бұл  желілер  не  үшін  керек  болды?  Көбіне 
әлеуметтік  желілерді  жұлдыздар,  танымал  адамдар  PR  (public  relations  сөзіненн 
шыққан-қоғаммен  байланыс  түрі,  адамдардың  әр  түрлі  нысандарды  қоғамға  таныту 

162 
 
немесе  танымалдылығын  арттыру  мақсатында  қолданылады)  мақсатында  қолданса, 
одан басқа адамдардың бір-бірімен қарым-қатнасқа түсу мақстаныда да тиімділігі зор. 
Ал  зиянды  жақтарына  келетін  болсақ,  соның  біріне  жоғарыда  көрсетілген  әлеуметтік 
желілерге тәуелділік. Әлеуметтік желілердің түрлері өте көп. Сонда әлеуметтік желілер 
қайдан, қалай пайда болды деген сұрақ туындайды [6]. 
Әлеуметтанушылар  мен  психологтар  “Facebook  сияқты  әлеуметтік  желілер  тез 
әрі  оңай  қарым-қатынас  жасау  жолы  ретінде  көрінеді  де,  көз  алдағы  ақпараттар 
толқыны сізді жұтып кете береді. Бірақ, ол сіздің өміріңіз емес. Ол сіздің уақытыңызды 
өлтірумен қатар, шынайы өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды алшақтатады әрі 
шынайы  өміріңіздегі  нақты  барыс-келістерге  немқұрайлылықпен  қарай  бастайтын 
боласыз” деп отыр. 
Қазіргі  кезде  желілілердің  түрлері  өте  көп,  оларға  саяси,  экономикалық, 
комерциялық, мәдени, қаржылық, қарым-қатнас жасау үшін т.б. түрлері болады. Одан 
басқа желілер жергілікті (аумақтық), ауқымды және бүкіләлемдік желілер деп бөлінеді. 
Әлеуметтік желілердің тағы бір түрлері желідегі қарым-қатнас түрлеріне байланысты: 
формальды, формальды емес, көлденең және тігінен деп те бөлінеді [5].  
Желілердің  туындауы  тарихи  тұрғыдан  негізінен  адамдар  бір-бірімен  қарым-
қатнас  жасау  үшін  немесе  жұмыс  бабындағы  әріптестер  арасында  байланыс,  яғни 
«көпір» орнату мақсатында жасалынған.  
Әлеуметтік  желі  термині  алғаш  1954  жылы  Джеймс  Барнз  (James  Barnes)  өз 
еңбегінде  қолданған.  Бұл  термин  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  ағылшын  тілінде 
кеңінен танымал болды. 
Алғашқы аналогты әлеуметтік желі  болып 1995 жылы  Рэнди Конрадс жасаған  
Classmates болды.  Аудармасы  «Одноклассники»-сыныптастар,  бұл  әлеуметтік  желінің 
негізгі  мақсаты  адамдардың  өз  сыныптастарын  тауып,  қарам-қатнас  жасауға  мүмкінік 
беру болды. Бірақ қазіргі заманғы әлеуметтік желі ұғымына сәйкес болған 1997 жылы 
Эндрю  Вейнрейх  жасаған  SixDegrees  болды.  Қазіргі  уақытқа  дейін  әлеуметтік 
желілердің саны өте көп [1]. 
Бізде  де  халық  тиімді  деп  таныған  әлеуметтік  желілерін  пайдаланып  жүр. 
«Internet World Stats»-тің есептеуі бойынша, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік 
желілерді  күнделікті  пайдаланады.  Қазақстандағы  ең  танымал  әлеуметтік  желілердің 
қатарына «Мой мир»-ді (күніне 1 125 000 қаралым), «Одноклассники» - ді (күніне 558 
000 қаралым), «Вконтакте»- ні (күніне 525 000 қаралым), «Facebook»-ті (күніне 410 000 
қаралым),  және  т.б.  жатқызуға  болады.  Атап  өткен  жөн,  қазақстандық  ешбір  сайт, 
портал мұндай кең аудиторияны қамти алған жоқ. 
XXI ғасырда кең тараған нашақорлық, алкоголизм, құмар ойындарға құмарлық, 
жұмысқа  құмарлық  және  т.б.  сияқты  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  мен 
қарапайым  компьютер  қолданушыларының  осы  технологияларды  игеруінің  нәтижесі 
ретінде  түпкілікті  жаңа  феномен-әлеуметтік  желілерге  тәуелділік.  Қоғамның  даму 
процесінде  кейбір  әлеуметтік,  құрылымдық  элементтер  пайда  болып  отырады. 
«Жастар»  әлеуметтік  қауымдастығында  да  жаңа  сараланған  түзілімдер  (құрылымдар) 
пайда болады. Жастар қоғамның ең қабылдағыш бөлігі ретінде, кейде өз денсаулығына 
зияны  келе  тұрса  да,  ғылыми-техникалық  прогрестің  жаңа  жағдайларына  тез 
бейімделеді.  Қазақ  қоғамы  үшін  жастар  денсаулығы  көкейкесті  мәселелердің  бірі. 
Мұның  себебі,  тек  денсаулығы  мықты  және  рухани  сау  жаңа  буын  қазақ  қоғамының 
алға  нық  қадаммен  жылжуын,  әлеуметтік,  мәдени,  экономикалық  және  саяси 
мәселелерді сәтті шешуді қамтамассыз етеді. 
Басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  арқылы  жалпы  адамзат  тәжірибесі, 
әлеуметтік  нормалар,  құндылықтар,  білім  мен  қызмет  тәсілдері  игеріледі  және  тұлға 
қалыптасады.  Аддикт  өзін  бұл  процесстерден  бөліп,  өзінің  өмірлік  тәжірибесін 

163 
 
байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым-қатынас жасаудың маңызды функцияларын 
бұзады.  Аддиктің  басқа  адамдармен  бірге  қызмет  ету  процессінде  өзара  қиындықтар 
туындайды.  Аддиктивті  ерекшеліктері  бар  адам  өзін-өзі  тану,  өзіне  деген  сенімділігін 
нығайту  мен  дәлелдеу  қажеттілігін  адамдармен  қарым-қатынас  жасауда  емес  ең 
алдымен  аддиктивті  агенттермен  контактіде  жүзеге  асырады.  Аддиктер  туралы,  олар 
өзінің  тіршілігінде  және  өзінің  құнды  екендігін  нық  орнықтыруға  тырысып  басқа 
адамдардан  сүйеніш  іздейді  деп  айтуға  болмайды.  Сүйеніш  іздеу  аддиктивті  жүзеге 
асудың шегінен аспайды. Қарым-қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен 
қатар,  тұлға  аралық  перцепцияның  идентификация,  эмпатия,  рефлексия  сияқты 
маңызды  механизмдері  бұзылады,  өзгертіледі  және  құндылығын  жоғалтады. 
Сондықтан  да,  өзін  әріптесінің  орнына  қойып,  бірге  уайымдап,  сені  айналаңдағылар 
қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады. 
Кез  келген  мемлекеттің  ұлттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  ақпараттық 
қауіпсіздік өзекті проблема екендігін халықаралық тәжірибе растайды. Әлемдегі бір де 
бір  мемлекетте  Интернетте  және  электрондық  төлемдерде  киберқылмыстың-
вирустардың  таралуы,  жағымсыз  хабарлар  (бұдан  әрі-спам),  ерсі  ақпараттар, 
қарақшылық, алаяқтық негізгі түрлеріне қарсы тұрақты иммунитеті жоқ [3]. 
Ақпараттық  қауіпсіздікті  қорғау  ұлттық  заңнаманың  шығарылған  ақпараттың 
зияткерлік  меншігін  қорғау,  Интернет  арқылы  таралатын  компьютерлік  вирустардың, 
қорлау  және  ерсі  ақпараттардың,  қоғамға  қарсы  үндеулердің,  спам,  ақпаратқа 
рұқсатсыз  қолжеткізуді  жібермеудің,  Интернетті  пайдалануға  қолданылатын  қорғау 
құралдарын  пайдаланудың  тәртібін  белгілеу,  сондай-ақ  мұндай  құқық  бұзушылық 
жасаушы тұлғаларды тиімді анықтау және жазалау үшін нормативтік шарттар жасаусыз 
мүмкін емес. 
Бірыңғай  ақпараттық  кеңістікте  құқықтық  қамтамасыз  етумен  қатар 
субъектілердің ақпараттық өзара әрекет етуі ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық 
және техникалық шараларын қабылдауды талап етеді. 
Бүгінгі таңда интернетте тек жастардың ғана емес, ересектердің де қолын байлап 
отырған  әлеуметтік  желі  күннен  күнге  жауыннан  кейінгі  саңырауқұлақтай  көбейіп 
келеді.  Көпшілік  қауым  алдымен  онда  ескі  достарымызды  табамыз  деп  ниеттеніп  өз 
беттерін ашып, кейіннен құмарға бой алдырып қояды. Таныс табамыз деп жүріп өзіміз 
жайлы  бар  мәліметті  жайып  саламыз  өз  бетімізде,  дегенмен  бұл  желілерді  жасырын 
агенттіктер  ашатынын  да  еске  салған  жөн.  Сонымен  қоса,  әлемнің  кез  келген 
бұрышында  статистика  бойынша  бөлшектеп  алғанда  төрттен  бір  отбасының 
ойрандалуы осы әлеметтік желінің салдарына саяды [4]. 
Әлеуметтік  желі  проблемасы  жұмыскерлерге  де  кесірін  тигізеді.  Жұмыскерлер 
жұмыс  уақытында  сол  сайттарды  жұмыс  үшін  емес,  адамдармен  аралалсу  үшін 
қолданады. Бұл сол мекеменің тағдырына балта шабуы мүмкін.  
Сонымен,  әлеуметтік  желілердің  қазіргі  жастар  өмірінде  қаншалықты  рөл 
алатынын  анықтау  мақсатында  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік 
унивеситетінің студент жастарына жүргізілді. 
Сауалнама нәтижесінде студент жастардың әлеуметтік желілерде жиі отыатындығы 
және  жиі  отыратын  әлеуметтік  желілеріне:  Вконтакте,  @mail.ru,  Instagram,  whatsApp, 
Viber,  Друг  Вокруг  т.б.  атап  көрсетті.  Әлеуметтік  желілерді  пайдалану  себебі,  басқа 
адамдармен, достарымен қарым-қатнас жасау мақсатында және оларды көбі әлеуметтік 
желілердің  зиянына  қарағанда  пайдалы  жағы  көптігін  айтқан.  Ал  зиянды  жақтарына 
уақыттарының  үнемделмеуі,  жоспарланған  ісіңнің  орындалмай  қалуы  және  шаршауы 
туралы  айтты.  Қазақстандық  желілерді  студент  жастар  көп  қолданбайтындарын 
көрсеткен және студент жастарды әлеуметтік желілерде көп отырмау үшін уақыттарын 

164 
 
тиімді  пайдалану  мақсатында  әр  түрлі  іс-шаралар  ұйымдастырылса,  қаламызда 
жастарға арналған мәдени орындар көптеп болса деген ұсыныстар айтылды.  
Сонымен,  сауалнама  нәтижесі  бойынша  қазіргі  студент  жастар  әлееуметтік 
желілердің  зиянды  жақтарын  біле  тұрса  да,  оны  қолданудан  бас  тартар  емес.  Әрине, 
қарым-қатнас  жасау,  жаңа  достар  табу  және  ақпаратпен  алмасу  үшін  әлеуметтік 
желілерді  қолдануға  болады,  бірақ,  әр  нәрсені  орнымен,  уақытымен  қолдану  керек. 
Студент  жастар  әлеуметтік  желілердің  қандай  зиян  әкелетінін  саналы  түрде  түсініп, 
оның адам санасын улайтын да ақпараттар таратып, байланыстың ар жағында отырған 
адамның  ниетінің  шынайылығына  сенімді  бола  алмайтындығын  ескеруі  керек.  Одан 
басқа әлеуметтік желіге тіркелгендер өздері туралы мәліметті ашық түрде жариялайды. 
Оны  сізге  таныс  емес  адамдар  теріс  мақсатта  пайдалануы  әбден  мүмкін.  Мәселен, 
электронды  мекенжайыңыз  арқылы  сізге  жұмыс  беруші,  бастығыңыз,  ата-анаңыз,  қас 
дұшпандарыңыз,  қылмыскерлер,  құқық  қорғау  органдарының  қыз-меткерлері  тағы  да 
басқа  адамдар  мағлұматпен  желінің  көмегі  арқылы  пайдалана  алады.  Бүгінгі  таңда 
ғаламторды виртуалды шындыққа балап, одан философия іздейтіндер де пайда болғаны 
рас. 
Студент жастар қандай да  әлеуметтік желілерге тіркелмес бұрын мына ұсыныстар 
мен кеңестерге назар аударса:  
1.
 
Әлеуметтік желілерде отырмас бұрын ол туралы ақпаратанғаныңыз дұрыс
2.
 
Әлеуметтік желілерде тек бос уақытыңызда және көп уақыт отырмаңыз; 
3.
 
Әлеуметтік  желілерде  тіркелмес  бұрын,  өзіңіз  жайлы  толық  ақпарат  беруіңіз 
міндетті емес, кейбір жайттарды жасырын қалдырғаныңыз дұрыс
4.
 
Компьютерде,  ұялы  телефондарды  көп  қолдану  денсаулығыңызға  зиян  екенін 
естен шығармаңыз; 
5.
 
Әлеуметтік  желіні  танымалдылық  жолы  немесе  достар  көбейту  мақсатында 
қолданбаңыз,  есіңізге  сақтаңыз  байланыстың  ар  жағында  отырған  адам  шынайы 
ақпарат бермеуі мүмкін; 
6.
 
Әлеуметтік желілерде жарияланатын барлық ақпаратқа сене бермеңіз; 
7.
 
Басқа  мемлекеттің  адамдарымен  ақпарат  алмасу  кезінде  абай  болыңыз,  сіз  оның 
шынайылығын тексере алмайтыныңызды ұмытпаңыз; 
8.
 
Виртуалды өмірге қызықпаңыз, виртуалды өмірден шынайы өмір маңызды екенін 
есте сақтаңыз. 
9.
 
Интернеттің  ұлттық  ресурстарын,  әсіресе  қазақ  тілінде  балаларға  арналған 
ресурстарды дамыту; 
10.
 
Педагогог  ғалымдар  тарапынан  компьютерлік  оқыту  формаларын  зерттеп, 
әдістемелік  нұсқаулар  жасау,  сонымен  бірге  балалар,  жасөспірімдер,  ата-аналар 
арасында  жүйелі  түрде  компьютерлік  ойындармен,  әлеуметтік  желілермен  аса 
әуестенудің зияндығы туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
Күн санап өміріміз экранға тәуелді боп барады. Ақпарат, ғылым, үкімет, нарық 
та  ғаламторға  телміріп  отыр.  Ал  енді  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  да 
ғаламтор шешеді. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, 
интернет  арқылы,  дәлірек  айтқанда,  әлеуметтік  желілерде  «әңгімелеседі».  Әлеуметтік 
желі-адамдардың  бір-бірімен  ғаламтор  арқылы  өзара  байланысын  қамтамасыз  ететін 
ғаламтор  ресурсы.  Әлеуметтік  желілер  адам  өмірінің  маңызды  бөлігіне  айналып 
үлгерді.  Тіпті,  жеке  парақшаңа  күніне  бір  рет  кіріп  көрмесең,  жұмысың  алға 
баспайтындай көрінеді. 
Ақиқаттың  анығына  келсек,  әлі  де  бұл  дерт  емдеудің  нақты  жолы  жоқ. 
Дегенмен, бұл мүлдем ем жоқ деген сөз емес. Ең алдымен халық , әсіресе, жастар бұл 
проблема  жайлы  жан-жақты  хабардар  болуы  керек.  «Ғаламтордың  тұтқыны»  болмас 
үшін  интернет  қолданушылар  қорғана  білуі  қажет.  «Торға»  түспеудің  амалдарына 

165 
 
психологиялық  ресурстарды  дамыту,  өзін-өзі  бағалау,  әлеуметтік  адаптацияны  және 
рухани саулықты жақсарту кіреді. Осы орайда психолог әлеуметтік желілердің пайдалы 
жағы бар екенін де жоққа шығармайды. Олар танымдық қарым-қатынас тұрғысынан ал-
ғанда,  өте  тамаша  құрал.  Дегенмен  «бетпе-бет  отырып  әңгіме  айтқанға  ештеңе  жет-
пейді»  деп  пайымдайды.  Әрине,  бізде  батыстағыдай  интернетке  тәуелділердің  қатары 
көп  емес.  Бірақ  та  жылдан-жылға  интернет  пайдаланушылардың  саны  өскен  сайын, 
виртуалды  әлеммен  өмір  сүретін  жандардың  қатары  да  қалыңдай  бермек.  Сондықтан 
оған көз жұма қарауға болмайды. Әсіресе, қазіргі студент жастар үшін қауіпті. Бүгінде 
үйінде  интернеті  бар  отбасыларда  балаларының  айналдыратын  ермегі  -  компьютерлік 
ойындар мен әлеуметтік желілер. 
«Ал  интернетке  және  әлеуметтік  желілерге  тәуелділікке  түспес  үшін,  адамның  қолы 
бос болмауы, виртуалды емес, шынайы достарды іздеуі керек»  
 
Әдебиет 
1.
 
Вебер  Ларри.  Эффективный  маркетинг  в  Интернете.  Социальные  сети,  блоги, 
Twitter  и  другие  инструменты  продвижения  в  Сети.  –  М.:  Манн,  Иванов  и 
Фербер, 2010 – 320 б. 
2.
 
Г.  Ю.  Филимонов,  С.  А.  Цатурян.  Социальные  сети  как  инновационный 
механизм  «мягкого»  воздействия  и  управления  массовым  сознанием  // 
«Политика и общество». – М.: Nota Bene, 2012. - С. 65 – 75. 
3.
 
Градосельская  Г.В.  Сетевые  измерения  в  социологии:  Учебное  пособие  –  М: 
Феникс, 2004. – 184 с. 
4.
 
Губанов  Д.  А.,  Новиков  Д.  А.,  Чхартишвили  А.  Г. Социальные  сети:  модели 
информационного  влияния,  управления  и  противоборства.  М.:  Издательство 
физико-математической литературы, 2010. 228 с. 
5.
 
http://profit.kz/news/5490-Rejting-populyarnih-socialnih-setej-v 
Kazahstane/#.UaSZpdjhHp1 
6.
 
http://meta.kz/interesnie-fakti/783938-fakty-o-socialnyh-setyah.html 
 
 
ӘОЖ 159.9:37.018.1 
ОТБАСЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ 
 
Қ.А. Карменова 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П – 227 У тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Р.Х. Кошкимбаева – педагогикалық психология кафедрасының аға 
оқытушысы,  п.ғ.м. 
 
Отбасылық  кеңес  беру-  отбасы  терапиясының  көп  түрінің  бірі,  онда 
терапевтік қатысу  шекарасы мен оны ажырататын  белгілері бар. Отбасылық кеңес 
беру отбасы терапиясын  өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес 
беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің 
өзгеруіне 
және 
жеке 
тұлғалық 
жетілуге 
мүмкіндік 
туғызу 
болып 
табылады.Отбаасылық  кеңес  беру,  отбасы  терапиясынан  қалай  ерекшеленеді? 
Біріншіден  отбасылық  кеңес  беру    ауру  тұжырымдамасын  қабылдамайды. 
Екіншіден  жағдайды  талдауға  және    отбасын  ролдік  өзара  әрекет  тұрғысынан 
қарауды    негіз  етеді.  Үшіншіден  кеңес  беру  субьектінің  жекелік  ресурсын  табуға 
көмек  және  жағдайды  шешу  мен    шығу  жолдарын    сөз  етеді.  Отбасылық  кеңес 

166 
 
беруде  теориялық  тұжырым  когнитивті-мінез-құлықтық  терапиясы,  рационалды-
эмоциялық  терапия  және  басқалар.  Осыған  байланысты  әдістер  мен  тәсілдердің 
орны болып табылады.  
Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері төмендегідей бірлікте 
қарастырылады: 
1.Кеңес  берушінің  клиентпен  байланысқа  түсе  білуі.  Оған  жету    отбасы 
мәселесін  айтушы  арасында    конструктивті  ара  қашықтық,  қолайлы  жағдайдағы 
қарым-қатынас,  кеңес  берушінің  бет  пішіні  және  тыныс  алуы,  оның  сөйлеу 
құралдарын  қолдана  білуі,  репрезентативті  жүйеде  үстем  болған  түрі,  жолдары 
жатады. 
2.  Клиент  мәселесі  туралы  ақпарат  жинау  мета-модельде  (НЛБ)  және 
терапевтік  метафрада  қолданылады.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  кеңес  беруші 
нақтылау сұрақтарын қояды, ол : «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?», «Сізге 
не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын көріп тұрсыз ба?» 
3. Отбасылық кеңес берудің  басты міндеті психотерапевтік келісім шартты   
талдау  болып  табылады.  Бұл  кезеңде  кеңес  беруші  мен  клиент  арасында 
жауапкершілік  бөлінеді,  кім  неге  жауап  береді.  Мысалы    кеңес  беруші  отбасылық 
кеңестің қауіпсіздігі мен  мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент өз 
белсенділігіне, өзінің ролдік мінез-құлқын өзгерту  шынайылығына  жауап беретін 
болады.  Осы  тұстар  толық  талқыланып  болғаннан  кейін,  онда    бір  кездесудің 
ұзақтығы (3-6 сағат)  және  терапевтік кездесу кезеңдері ( алғашында аптасына бір 
мәрте,  кейінен  екі  аптада  бір  мәрте  кездесуді  жоспарлау),  сондай-ақ  төлем  ақы 
шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы  жазалау шаралары да қаралып өтеді.  
4.  Клиенттен  мәселені  нақтылау    және  жеке    отбасы    мүшелерінің  
әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға болады. 
Бұрын    бұл  қиындықты  қалай  шешіп  жүрдіңіз?  Сізге  не  көмектесуші  еді?  «Сіз 
қандай  жағдайда  өзіңізді  күшті  сезінуші  едіңіз?  Онда  күшіңізді  қалай  пайдаланып 
едіңіз?» 
5.Кеңес беруді  жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты  
аяқталатынына  сенімін  ұялату:  «  Сіздің  өзгеремін  деген  ниетіңіз,  бұрынғы 
тәжірибеңіз,  белсенділігіңіз    бен  шынайылығыңыз  сәйкестендіріле  терапевт  пен  
бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті 
аяқталатынына  кепіл  бола  алады».  Кеңес  беруде    қалыптасқан  мінез-құлықтың  
жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің 
пікіріңізше  осы  жағдайдың  жағымсыз  жақтары  не  болмақ?  Осы  жағдайдың  жақсы 
жақтары  не?»  Бірге  мінез-құлықтың  жаңа  үлгілері  қарастырады.  Кеңес  беруші 
келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым деп 
ойлайсыз? Сізге  маңызды адамдар осындай  жағдайда өзін қалай ұстар еді? Сіз де 
солай  ұстай  аласыз  ба?  немесе  Сізге  не  кедергі  келтіреді?  Сіздің  осындай  әрекет 
етуіңізге не көмектеседі?  Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана алады, клиент 
транста  отырып,  жағдайға  жаңа  бейне  береді,  оны  кинестетикалық  сезіммен 
шығарады. 
6.  «Экологиялық  тексеру».  Кеңесші    отбасы  мүшелеріне  осындай  жағдайда 
бес- он жыл өткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, өз жағдайыңыз қалай? 
7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында  кеңесші  нәтижені «сақтандыру» 
жолына  күш  салады.  Ол  клиент  мінез-құлықтың  жаңа  үлгісін  меңгеруді,    қажетті 
әрекетте  көрсету  жіне    оларға  сенімділік  ұялату  мен  абйланыстыру  керек.  Ол 
кеңесшіден  үйге  тапсырма  алу  немесе  бірнеше  уақыт  өткен  соң  алынған  нәтиже 
бойынша талдау үшін  қайта кеңес алуға шақыру.   

167 
 
8.  Бөліну.  Кейбір  жағдайда  бұл    рәсім  қажет.  Мысалы:  әдебиеттерде 
жазылғандай  Джей  Хэйли  қалай  «парадоксальды  тапсырма»  көмегімен    нақты 
орындату  қарама-қарсы  нәтижеге  әкелетін  көрсетті.  Жаңа  ұйленген  ерлі-
зайыптылармен    кеңес  жүргізгенде    өз  сезімдерін  шығаруда,  күніне  бір  сағат    «өз 
эмоционалды  реттелуін»  тексеру  үшін  ұрсуды  ұсынған.  Хейли  осылай  адам 
табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде өзіне қиянат жасамайтынын байқаған.  
Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап көріп, кейіннен тастап кеткен. 
Бір-бірін  бағалауды  меңгеріп,  «кеңесшінің  ақылсыздау»  қызметінен    бас  тартқан. 
Осылай бөліну байқалады. Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық кеңес беру кеңінен 
қажет  етілуде.    Отбасылық  кеңес  берушілер  психологиялық  орталықтарда, 
әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде және басқа 
мекемелерде өз қызметін көрсетуде. 
 
Отбасымен жұмыста нәтижелі  кеңес беру   дағдылары 
Отбасымен  жұмыс  жасау  кезінде  маман  жұмысының  маңызды  түрінің  бірі 
коммуникативті қарым-қатынас болып табылады. Маман адамдарға әсер ету қабілетіне 
ие  болуы  қажет,  диалогты    сөйлесуді  негізге  алып,  адамдармен  қатынасын  құра  білу 
қажет. Отбасы жұмысын жүргізу кезінде маман өзінің кәсіптік сапасын дамытуы қажет: 
бейімділік,  адамға  деген  уайымшылдық  қабілетінің  болуы,  оның  мәселелерді  шешуге 
қатысу.  Өзінің  жұмысында  жеке  қарым-қатынас  әсерлерінің  жинағын  қолдана  білуі 
тиіс. 
Қарым-қатынас  үшін  көптеген  кедергілері  бар  жағдайлар  кездесетінін  арнайы 
мамандар  жиі  әңгімелеседі.  Сонымен  қатар  қарым-қатынасқа  түскісі  келмейтін 
адамдармен де жұмыс жасайды. Мұндай кезде нәтижелі жұмыс жасау үшін маманның 
қатынасқа  түсу  деңгейі  жоғары  болуы  тиіс.  Ондай  жұмыс  атқару  кезінде  бірнеше 
әрекеттер қажетті:[1] 

 
қорқыныш, ауыртпалық және стрес күйінде отырған адамдарды тыңдау; 

 
адамдарды өзі жайлы әңгімелесуге тарту

 
күйзеліс күйінде отырған адамдарға көмек көрсету; 

 
озбырлық көрсеткен және/немесе ашуланған клиенттермен жанжалды реттеу; 

 
қалыптасқан әдеттерді және көзқарасты ауыстыру. 

 
шатасқан және күрделі жағдайларда шешім табуда клиенттерді қолдау. 
 
Нәтижелі  қарым-қатынас: 
 
Бейвербалды  қатынасының факторлары: 
-
 
қашықтық 
-
 
кейіп,ым-ишара 
-
 
жанасу 
-
 
визуальды байланыс 
-
 
беттің бейне көрінісі 
 
Сөйлесу қатынасының факторлары: 
-
 
бір жауапты берілетін сұрақтар 
-
 
көптеген жауап берілетін сұрақтар 
-
 
жанама сұрақтар, байқау сұрақтары, екпінді сұрақтар 
 
Сөйлеу қарым-қатынасы: 
-
 
рефлексис және нақтылау 
-
 
жан ашу бейнесі 

168 
 
-
 
қорытындылау,түйіндеу 
 
Нәтижелі қарым -қатынасқа кедергі болатын мән-жайлар: 
-
 
қоршаған орта 
-
 
өте үлкен жұмыс бастылық 
-
 
негізделмеген топшалама 
-
 
бір нәрсені қам жеу 
-
 
стереотиптер 
-
 
өткен тәжірибе 
-
 
аудармашы арқылы қатынас 
Отбасылық кеңес беруде қолданылатын  сұрақтың түрлері 
Әңгіме жүру барысында клиентке сұрақтар қойғаныңыз дұрыс, бірақ сұрақ қою 
кезінде  сақтық  көрсету  қажет.  Сұрақтар  бейнелеуге  қарағанда  жабысыңқы  болып 
келеді.  Сондықтан  клиенттің  өзін  тергеу  кезіндегі  сотталушы  ретінде  сезінбеуі  үшін 
сұрақ қоя білу қажет. Ашық сұрақтар: бұл сұрақтарды жауаптар ортасының кеңдігі деп 
түсінуге  болады.  Мұндай  сұрақтар  «Не?»,  «Болады  ма?»,  «Сіз  жасай  аласыз  ба?» 
немесе «Қалай?» деген сұраулы сөздерден басталады. Сондықтан «Кешкі уақытыңызды 
қалай өткізесіз?» немесе «Өзіңіздің отбасыңыз жайында айтып бере аласыз ба?» деген 
сұрақтар ашық сұрақтарының жақсы мысалы бола алады.  
Жабық сұрақтар «иә», «жоқ» немесе сан жауаптар түсінігі. 
Әдетте мұндай сұрақтарға жауап бір сөзден құралады, ары қарай үзіліс болады, 
өйткені клиент келесі сұрақты күтеді. Мұндай сұрақтар «Ал сіз...?», «Сіз ... жасадыңыз 
ба?»,  «Қанша?»  деген  сұраулардан  басталады.  Мысалы:  «Сіз  өзіңіздің  сүйіктіңізге  не 
болғанын айтқан ба едіңіз?» немесе «Қанша бауырларыңыз бар?». Сұрақтардың мұндай 
түрлері барлық уақытта клиентке көмегін тигізбейді.  
Сұрақтардың  ашық  түрін  қолдану  клиенттің  әңгіменің  жүру  бағытын 
бақылауына жол береді. Әңгімелесу кезінде ашық сұрақтарды көбірек қоюдың маңызы 
зор, ал жабық сұрақтардың санын азайту керек.  
Егер  психотерапевт  осы  айтылған  теориялық  бағыттар  мен  диагностика 
аспектілері  жайлы  жақсы  білетін  болса,  онда  қажетті  өзгерістерге  қол  жеткізу  үшін 
бағалаудың  бір  деңгейінен  екінші  деңгейіне  жеңіл  ауыса  алады.  Кейде  психотерапевт 
отбасымен тұтастай жұмыс істей алмайтындай болса, жекелік жұмысқа көңіл аударуға 
тура келеді.Осы деңгейлердің әрқайсысымен жұмыс істегенде психотерапевт нақты бір 
түсініктерге сүйене отырып, қызмет атқаруы қажет. 
 

1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал