Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



жүктеу 5.24 Kb.

бет2/31
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 
Литература 
1.
 
Научно-педагогический  журнал  Министерства  образования  и  науки  РФ  // 
Высшее образование в России. 2006. №7. С.103.  
2.
 
Стефановская  Т.  А.  Технология  обучения  педагогике  в  вузе:  методическое 
пособие. Второе издание. М., Изд-во «Совершенство», 2000. С.202-204. 
3.
 
Научно-педагогический  журнал  Министерства  образования  и  науки  РФ  // 
Высшее образование в России. 2006. №7. С.104.  
4.
 
Научно-педагогический  журнал  Министерства  образования  и  науки  РФ  // 
Высшее образование в России. 2006. №7. С.111. 
 
 
УДК 372. 878. 001. 895 
МУЗЫКА  САБАҒЫН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ 
 
Сержан Рабиға Сержанқызы 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-143 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Н.К. Султанова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 
университеті, п.ғ.к, доцент, қауымдастырылған профессор 
 
Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  жаңа  қарқынмен  дамуы,  ғылыми-техникалық 
прогрестердің  жетістіктері,  еліміздің  өркениетті  елдер  қатарынан  көрінуі  білім  беру 
жүйесіне  де  ықпал  етпей  қойған  жоқ.  Оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  түрі  – 
сыныптық  сабақ  жүйесі  екені  бәрімізге  мәлім.  Осыған  орай  біздің  тәжірибемізде 
сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда 
болуда.  Олар  көбінесе  оқытудың  жаңаша  әдістеріне  негізделіп  құрылуда.  Ондағы 
мақсатымыз  -  әрбір  сабақтың  оқу  -  тәрбиелік  мүмкіншіліктерін  ескере  отырып,  оны 
жаңа  сапалық  сатыға  көтеру.  Инновация  –  жаңа  практикалық  әдісті  тарату  және 
қолдануды  құрудың  комлекстік  үрдісі  немесе  ғылыми-техникалық  шешімнің, 
адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де 
соңында  қолданылуы.  Инновация  туралы  осындай  көптеген  түсініктемелер  беруге 
болады.  Инновация  ұғымын  бірнеше  мағынамен  түсіндіруге  болады,  бірақ  та  ең 
бастысы  “инновация”  мен  “жаңалық”  терминдерін  айыра  біліп,  ол  ұғымдардың 
мағынасын  білу  керек.  Жаңалық  қандай  да  қызмет  саласында  оның  тиімділігін 
жоғарылату  бойынша  фундаменталды,  қолданбалы,  тәжірибелік  жұмыстардың 
рәсімделген  нәтижесі болып табылады [1]. 

11 
 
Жаңалық  мынадай  түрлерде  рәсімделеді:  жаңалық  ашу;   патенттер;   тауар 
белгісі;  рационализаторлық  ұсыныстар;   жаңа  немесе  өндіріс  процесі  құжаттары; 
ұйымдастыру,  өндіріс  немесе  басқа  құрылымдар;  ноу-хау;   ұғымдар;  ғылыми 
тұрғыдағы  принциптер;  құжаттар  (стандарттар,  ұсыныстар,  әдістемелер,  нұсқаулар 
және  т.б.);  маркетингтік  зерттеулердің  нәтижелері  және  т.б.  жаңалықты  жасаудағы 
инвестиция  –  жұмыстың  жартысы.  Ең  бастысы  —  жаңалықты  енгізу,  жаңалықты 
инновация  формасына  айналдыру,  яғни  инновациялық  диффузияны  жалғастыруға 
болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация 
–  жаңалықты  енгізуде  басқару  обьектісін  өзгерту  мақсатында  және  экономикалық, 
әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы 
нәтижесі.  Яғни,  жаңалықты  ендіріп,  іске  асырылғанда  инновация  пайда  болады. 
Қысқаша  айтқанда,  инновация  –  жаңалықты  енгізудің  нәтижесі  [2].  Отандық   және 
шетелдік қ әдебиеттерде “жаңалық” және “инновация” дегенге әр түрлі категорияларда 
түсіндірулер  кездеседі.  Кей  жағдайларда  бұл  түсініктер   синонимдер  секілді 
қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар.  «Жаңалық»-деген айқын жаңалыққа 
мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу. 
Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен 
ұйымдастырудың  жақсарған  әдістері.  Инновация  –  бұл  іздеуге,  жасауға  және  жаңа 
бұйым  түрлерін,  технологияларын,  таратуға  бағытталған  қызмет.  Оның  басқа  да 
анықтамасы  бар.  Иновация  –бұл  жаңалық  енгізудің  жалпы  процессі,  адамдардың 
қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  қолданылатын  және  таратылатын  жаңалық  , 
қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады [3]. 
Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  жаңа  қарқынмен  дамуы,  ғылыми-техникалық 
прогрестердің  жетістіктері,  еліміздің  өркениетті  елдер  қатарынан  көрінуі  білім  беру 
жүйесіне  де  ықпал  етпей  қойған  жоқ.  Оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  түрі  – 
сыныптық  сабақ  жүйесі  екені  бәрімізге  мәлім.  Осыған  орай  менің  тәжірибемде 
сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда 
болуда.  Олар  көбінесе  оқытудың  жаңаша  әдістеріне  негізделіп  құрылуда.  Ондағы 
мақсатым - әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа 
сапалық  сатыға  көтеру.  Бүгінде  оқыту  жұмысын  осылай  ұйымдастыру  мен  әдістің 
жаңалығы  басқа  ұстаздардың  жаңа  жағдайға  байланысты  оқу-тәрбие  процесін 
шығармашылықпен  пайдаланудың  негізгі  өлшеміне  айналуда.  Оқытудың  жаңа 
инновациялық  әдістері  мен  пәнге  байланысты  жаңа  технологияларды  пайдалануға 
итермелейді.  Қазіргі  кездегі  жаңалықтар  білім  беру  жүйесіне  жаңа  технологияларды 
әкелгені  баршамызға  белгілі.  Оған  білім  стандарты,  инновациялық  технологиядан 
іздену, әлемдік білім кеңістігіне ену жұмыстарын жатқызуға болады.  
Оқытудың 
жаңа  технологиясы  дегенде,  ең  алдымен  «инновация»,  «технология»  ұғымдарына 
тоқталған жөн. 
 
«Инновация»  ұғымы  туралы  ғалымдар  әр  түрлі  анықтамалар  берген.  Мысалы, 
Э.Роджерс  инновацияны  былай  түсіндіреді:  «Инновация  –  нақтылы  бір  адамға  жаңа 
болып  табылатын  идея»  десе,  ал  Майлс:  «Инновация  -  арнайы  жаңа  өзгеріс.  Біз  одан 
жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді [4]. 
 
«Инновация» термині латын тілінен алынған, ол «жаңару», «жаңалық», «өзгеру»  
дегенді білдіреді. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада жаңа саласы, жаңашылдық 
ғылым пайда болып, ал 50-жылы педагогикалық инновация қалыптасты. 
 
Ғалымдар Т.И.Шамова, П.И.Третьякова «Инновация» дегенді былай түсіндіреді: 
«Жаңа  мазмұнды  ұйымдастыру,  ал  жаңалық  енгізу  дегеніміз  –  тек  қана  жаңалықты 
енгізу, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің 
әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылыс» делінген [5]. 

12 
 
 
Ендеше  «инновация»  ұғымы  –  педагогикалық  сөздік  қорына  ежелден  енген 
термин.  Ол  кейбір  ғалымдардың  еңбектерінде  «жаңа»,  «жаңалық  енгізу»  деп 
көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. 
 
Қазіргі  күні  инновация  деп  көбінесе  жаңа  технологияларды,  әдістер  мен 
құралдарды  жасау  және  қолдануды  айтса,  сонымен  бірге  жаңа  идеяларды,  прцестерді 
бірлікте  жетілдірудің  де  жүйесі.  Сондықтан  оқыту  мен  тәрбиедегі  жаңа  технология 
инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.  
 
Қазір «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі заманға 
да  «жаңа,  жаңаша  өзгерудің»  мазмұны  терең  және  анық  екендігі  белгілі.  Бұл 
әдістеменің  негізінде  тіл  үйренушінің  дербес  қабілеті,  белсенділігін  қалыптастыру, 
оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға 
шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар: 

 
үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту; 

 
оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру; 

 
мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға көмек беру; 

 
үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі; 

 
көрнекі құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезімін жоғарлату. 
Инновациялық  технологиялар  мектеп  орнында  қолдану  білім  сапасын  арттырып, 
қарым-қатынаста  еркін  қолдана  алу  мүмкіндіктеріне  жол  ашады:  әр  музыка  сабақта 
игертуге  қатысты  интерактивті  әдістерін  қолдану;  әр  оқушылының  психологиялық 
ерекшеліктерін ескеру, музыка үйренуге деген ынтасы, зейіні, қызығушылығына көңіл 
аудару; міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; 
инновациялық  технологияларды  сынау  арқылы  тиімділігін  арттыру,    жағдайына 
бейімдейді.    
Музыка сабағының  жұмысы - өте күрделі үдеріс. Оқушылар музыка сабағында 
тек  ән  үйреніп  қоймайды,  олардың  сабақ  үдерісінде  музыканы  тыңдау,  есту  арқылы 
ойлау  дағдылары  қалыптасып,  өмірге  өзіндік  көзқарасы  айқындалып,  ұғым-түсінігі 
кеңейеді.  Сондықтан  да  оқытушы  қабілетін,  музыка  деген  көзқарасын  білуі  керек. 
Жоғарыда  аталған  инновациялық  технологиялардың  ішінде  музыка  сабағын  үйретуде 
қайсысы  тиімдірек  екендігіне  тоқталсақ.  Қазіргі  таңда  музыка  сабағын  үйретуде  
мұғалімдер жаңа инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, 
сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 
Музыка    сабағын  оқытуда  инновациялық  технологияларды  қолданудың 
мазмұндық ерекшеліктері мен тиімділігі тоқталған жөн. 
Қазіргі  жаңа  технологиялардың  алдарына  қоятын  мақсаты  –  музыка  сабағын 
үйренушілердің  дербес  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  өз  бетінше  ізденуін, 
шығармашылығын арттыруды көздейді.  
Инновациялық  әдіс-тәсілдерді  музыка  сабағында  қолдануда  оқытушы  сабақты 
дайын  күйінде  бағалайды,  әрбір  білім  алушының  өзі  ізденіп,  ғылыми  негіздерін  өз 
бетінше  игеріп,  ғылыми  зерттеуді  көздейді,  ал  оқытушының  негізгі  міндетіне  білім 
алушының іс-әрекетін бақылау жатады.  
 
Музыка    сабағын  оқытуда  инновациялық  технология  әдіс-тәсілдері 
оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз ізденістері 
мен шығармашылық деңгейлерін дамытуға жол ашу болып табылады. музыка сабағын 
оқыту үрдісінде жаңа итехнологияларды енгізу төрт кезеңнен тұрады [6]: 
І.  Музыкаға  қатысты  жаңа  идеяны  іздеу;  Инновацияларды  ұйымдастыру, 
жаңалықтарды іздестіру.  
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу, яғни жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану; 
ІV. Жаңалықтарды бекіту. 

13 
 
Инновациялық  технология  беретін  нәтижелері:    түрлі  әдістерді  пайдаланумен 
музыка  сабағын  үйренудің  нақты  мәнін  терең  ашуға  көмектеседі;  оқушылардың 
барлығын  сабаққа  қатыстыруға  мүмкіндік  туды;  олардың  әрқайсының  деңгейін 
анықтауға; оқушылардың бағалау мүмкіндіктері мол; оқушылардың өз бетінше жұмыс 
істеуге  үйретеді;  оқушылардың  қабілеттері,  ұйымшылдықтары,  шығармашылық 
белсенділігі,  лексикалық  қоры  артады;  жеке  тұлғалық  сипатын  дамытуға, 
шығармашылығын  шыңдауда,  өзінің  болашақ  кәсібіне  сенімі,  қызығушылығы  арта 
түседі.    Оқу  процесіндегі  инновациялық  модельдің  құрылымын  былай  көрсетуге 
болады: 

 
- жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары

 
-  педагогикалық  инноватиканың  пайда  болуы,  таралуы,  педагогикалық 
жаңалықтарды меңгеру; 

 
- оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс - әрекет ретінде. 
Инновациялық процесс оқу аймағында теориялық модельдің суреттелуі. 
Инноватиканың  басталуы:  инновациялық  процесс  –  инновациялық  іс-әрекет  – 
инновациялық потенциал – инновациялық процестерді басқару. 
Жаңалық  ғылыми  –  зерттеу  құралы  болып  көріну  үшін,  олар  ұйымдасқан,  көпшілік 
қолдану, қарама – қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету. 
«Жаңа»  деген  түсінік,  жақында  пайда  болған.  Ашылмаған,  ғылым  аймағына  және 
практикаға  қатысты,  жаңалық  әртүрлі  түрде  қолдануы.  Практикалық  идея, 
лабораториялық  іс–тәжірибе,  мекемелер  мен  ұйымдарда  жаңа  идеяны  іске  асыру. 
Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі [7]. 
Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, 
ғылым  жүзінде  пайда  болса  да,  практикада  негізделген.  Жаңалық  енгізу  –  мекемеге, 
ұйымға  және  жергілікті  аймақтық,  мемлекеттік  мекемелерге  енгізілген  үлгіге 
бағытталған, ал инновация ұғымына сәйкес анықтаманы 1 суреттен көре аласыздар: 
© Vanya Roca Ph.D.
7
Инновация 
өзгеріс
жаңалық
жаңа 
әдіс
жаңа 
әдістеме 
құралы
 
 
Сурет 1 . Инновация туралы ұғым 
 
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір  – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. 
Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық 
аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты, ал 
инновацияның тиімділігін 2 сурет арқылы байқауға болады: 

14 
 
Музыкалық тәрбие – музыкант тәрбиелеу 
емес, адамның жанын тәрбиелеу , 
ал инновацияның 
Т
И
І
М
Д
І
Л
І
Г
і
өз ойын ашық 
айта білу
өзін-өзі бағалауға
бірін-бірі сыйлайды, 
санасады
Әдептілікке, әдемілікке 
Ұшқыр қиялдауға
Шығармашылық 
ойлауға
Зердесін дамытуға
 
 
Сурет 2. Инновацияның тиімділігі 
 
Инноватика  үш  ғылыми  пәннен  тұрады:  социология,  психология  және  басқару 
теориясы.  Жалпы  инноватика  инновациялық  процеске  белгілі  бір  бағытта 
жаңалықтардың  ашылуын  тексеру  ғана  емес,  сонымен  қатар  кеңейтілуі  және  бағыт 
пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы[54]. 
Сонымен  қатар,  біз  Н.В.  Горбунова  еңбектеріне  сүйене  отырып,  инновациялық  іс-
әрекетті  инновациялық  процестің  белгілі  кезеңдеріне  байланыстылығын  анықтадық. 
Инновациялық процестің кезеңдерін мына 4 сурет арқылы аңғаруға болады [8].: 
 
Сурет 3. Инновациялық процесс кезеңдері 
 
Инновациялық  процестің  осы  кезеңдеріне  байланысты  инновациялық  іс  - 
әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. 
Сонымен  қатар,  барысында  қолданылатын  инновациялық  іс-әрекеттер 
тереңдетіліп,  кеңейтіледі.  оқыту  мен  тәрбиелеу  қорытындылары  талданады.  Алдыңғы 
қатарлы  озық  тәжірибені  ғылыми  талдау  негізінде  оқып  үйренуге,  қазіргі  кезеңдегі 
педагогикалық  зерттеулер  жетістіктерімен  танысуға  болады.  Жаңа  педагогикалық 
технологиялармен  инновациялық  іс–әрекеттің  негізгі  заңдылықтары  мен  қағидаларын 
дұрыс  қолдана  білуге,  шығармашылық  ойлауға,  кәсіби  педагогикалық  іс-әрекеттің 
құндылық  қарым–қатынасын  қалыптастыруға,  ұстаз  шеберлігіне  жету  жолдары  мен 
шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер 
жөніндегі  ағымдағы  газет–журнал  материалдар  арқылы  танысып  педагогтар  – 
новатордың  әдістемелерін  ғылыми  тұрғыдан  талдай  білуге,  инновациялық  іс-әрекет 

15 
 
ерекшеліктерін  айқындап,  өз  беттерімен  сурет,  кесте  құруға,  хабарлама,  реферат, 
аннотация,  рецензия  жазып,  оқу–тәрбие  қызметіне  педагогикалық  талдау  жасауға 
үйренулері  қажет.  Оқытудың  жаңашыл  әдістері  мен  тәсілдерін  сөз  еткенде,  оқылып 
отырған  материалдың  ерекшелігі  мен  құрамының  нақты  ерекшелігіне  сәйкес 
әдістемелік  құралдарды  шығармашылықпен  пайдалану  қажет  екеніне  назар  аударту 
көзделді.  Сонымен  қатар,  оқытудың  инновациялық  жүйесі  білім,  оқыту  процесінде 
жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.  
Қорыта айтқанда, музыка сабағында инновацяилық әдіс-тәсілдер арқылы ойлау 
қабілетін  дамыту,  оны  жаңа  инновациялық  технологияларда  қолдану  барысында 
оқушылардың  пәнге  ынтасы,  белсенділігі  артып,  білім  сапасы  тереңдей  түседі.  Сол 
сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды. Соның 
дәлелі  ретінде  осы  аталған  жұмыстардың  нәтижелерін  келесі  бөлімдегі  эксперимент 
жұмысында  қарастырамыз. 
 
Әдебиет 
1.
 
Жүсібалиева  д.М.  Теоретическая  основы  формирования  информационной 
культуры студентов в условиях дистанционного обучения. Автореф...докт.пед.наук. 
Алматы, 1997. 49с. 
2.
 
Кариева  Қ.Ө.  Оқу  үрдісін  жобалауда  педагогикалық  технологияны  іске 
асырудың  дидактикалық  шарттары.  Пед.ғыл.канд....автореф.:  02.07.04.  –  Алматы: 
Абай атындағы ҚҰПУ, 2004. – 30б. 
3.
 
Ахметова  Д.,  преподаватель  вуза  и  инновационные  технологии  //Высшее 
образование а России. -2001. №4. – С. 138-144. 
4.
 
Балапанов  Е.  Жаңа  ақпараттық  технологиялар,  -  Алматы:  Шартарап,  2000.  – 
236б. 
5.
 
Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии в начальной школе.  – 
Ростов н/Д: «Феникс», 2003. – 448с. 
6.
 
Абдуллин  Э.Б.,  Николаева  Е.В.  «Музыкально-педагогические  технологии 
учителя музыки».М., 2005. 
7.
 
Сұлтанова  Н.К.  Музыкада  педагогикалық  инновация  ұғымын  қолданудың  әдіс-
тәсілдері. «Ғылымның  инновациялық  дамуы: басым бағыттары, ресурстары  және 
болашағы» хал. ғыл. практ. конф. материалдары, Семей мемлекеттік педагогикалық 
институты, 24-26 наурыз 2011ж. – Семей, 2011 – 534 б. 
8.
 
Сұлтанова  Н.К.  Музыка  сабағын  жоспарлау  және  модельдеу.  Оқу  құралы. 
Инттелект баспасы, Семей 2013. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

16 
 
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА 
ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЭТНОПЕДАГОГИКА 
 
 
 
ӘОЖ 372.4 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ – БАЛАНЫҢ БАСТАПҚЫ 
ТҰЛҒАЛЫҚ  ҚАЛЫПТАСУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ОНЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ 
 
Ә. Әбілманова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-225 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Б.Ш. Тұрғанбаева

Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті
, п
едагогика кафедрасының доценті,  п.ғ.к.
 
 
Бәрі де оқудың ойдағыдай болып, көп ыңғайсыздық тудырмауын қалайды. «Сен 
мектепте қалай оқитын боласың?» - деген сұраққа болашақ бірінші сынып оқушылары 
«беске оқитын боламын» - деп сенімді түрде жауап береді. Жетістік деген түсініктің өзі 
де  салыстырмалы  болғанымен,  мектепте  жетістікке  жету,  шынымен  де,  өте  маңызды. 
Кейбір балалар мұндай қиыншылықтарды ешкімнің көмегінсіз оп - оңай жеңеді. Бірақ 
басқа  да  балалар  бар  –  олар  үшін  мектепке,  оның  тәртібі  мен  талаптарына  бейімделу 
оңайға соқпайды. 
Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте 
бала белгілі бір мерзім ішінде қабелеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп 
және оларды талдауды үйренеді. Қазіргі сәтте бала өзіне қызық емес, бірақ болашаққа 
маңызды материалдармен оқып танысады. Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы 
сыныбына  келген  балалар  оқу  жүйесінде  айтарлықтай  қиындықтарды  басынан 
өткереді.  Қиындықтардың  ең  алғашқы  себебі  –  мектептік  оқуға  деген 
қызығушылығының  төмендігі  немесе  психологиялық  дайын  еместігі.   Осыған  қоса 
мектепте  оқудың  бастауы  тек  өмірдің  жаңа  шарттары  ғана  емес,  сонымен  қатар  жаңа 
байланыстар,  қарым-қатынас  және  жаңа  міндеттер.  Осыған  орай  бала  өмірі  өзгереді: 
бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең.  Мектеп 
алғашқы  күннен  бастап  оларға  интеллектуалдық  және  физикалық  күшті  қажет  ететін 
тапсырмалар  береді.  Сондықтан  қазіргі  таңда  жалпы  білім  беретін  мектептердің 
барлығында мектеп алды даярлық орталықтарын ашу жүзеге асырылуда. 
Бастауыш  мектептің  негізгі  міндеті  –  баланың  бастапқы  тұлғалық  қалыптасуын 
қамтамасыз  ету,  оның  қабілеттерін  айқындау  және  дамыту  болып  отыр.  Оқушы 
мінезімен  пара-пар  мұғалімнің  жеке  басының  үлгісінің,  жүріс  тұрысының  балаларға 
әсер  ететіндігін  белгілі.  Мұғалім  баланың  байсалды,  сабырлы  болуына  баса  назар 
аударып, оларға қай жағынан болса да, өнеге көрсетіп отыруы тиіс. Олардың арасында 
жолдастық,  достық,  әдептілік  мәселелеріне  арналған  әңгіме,  диспут,  пікір-таластарын 
ұйымдастырып, шәкірттердің өз ойларын ортаға салып, талдап отырғаны абзал. 
 «Мектеп»  деп  аталатын  жаңа  әлеуметтік  ортада  балалардың  үлкендер 
тарапынан  айтылатын  көптеген  талап  –  тілектерді  орындау  және  мектептің  ішкі 
ережесіне  бағынуы,  45  минуттық  сынып  –  сабақ  жүйесіне  бейімделуі  қажет. 
Л.И.Божович  көрсеткендей,  мектепке  дейінгі  балалық  шақтан  мектептік  кезеңге  өту 
оның  өмір  сүру  салтының  түбірімен  өзгеруімен  сипатталады.  Оқушы  жағдайы  жеке 
басының  ерекше  бағыттылығын  тудыратынын  атап  өту  керек.  Ол  үшін,  оқу  –  білімді 
меңгеретін  жай  әрекет  немесе  өзін  болашаққа  дайындау  тәсілі  ғана  емес,  ол  баланың 

17 
 
саналы  түрде  сезінетін  өзіндік  еңбек  міндеті  және  айналасындағылардың  күнделікті 
өміріне қатысуы болып табылады. 
Сонымен қатар өз елімізде баланың мектепке даярлығы мәселесімен айналысқан 
ғалымдар  да  аз  емес.  Мысалы  Б.Баймұратованың  «Балаларды  мектепке  даярлау 
жөнінде»,  К.Қойбағаровтың  «Баланы  мектепке  даярлау»,  Қ.Сейсенбаевтың  «Отбасы 
тәрбиесіндегі  баланы  мектепке  даярлауда  қазақ  халық  педагогикасының  прогресшіл 
идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы» еңбектері мектепке дейінгі оқу  – 
тәрбие үрдісі арқылы  баланы мектепке жан – жақты дайындау мәселесін қарастырған. 
Бейімделуі  жоғары  деңгейдегі  бала  мектепті  жақсы  көреді,  оқушы  болғанына 
қуанышты.  Ол  үшін  оқу  жеңіл,  жаңа  білімді  қызығушылықпен  қабылдайды  және 
айналасындағылармен  қуана  бөліседі,  тапсырманы  мектепте  де,  үйде  де  ынтамен 
орындайды,  сабақта  мұғалімді  ынтасымен  тыңдайды,  өзі  белсенділік  танытып 
«бағдарламадан  тыс»  бір  нәрсе  істеуге  не  жаттауға  қабілетті,  «қоғамдық 
тапсырмаларды» абыроймен орындайды, сыныптастарымен оңай тіл табысады. 
Бейімделуі  орта  деңгейдегі  бала  да  мектепке  баруға  қарсы  емес,  сабақтарға  да 
кет әрі емес, сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым - қатынаста, сабақта 
берілген  материалды  меңгеруге  қабілетті,  бірақ  мектепте  де,  үйде  де  ересектердің 
бақылауында,  солардың  бұйрығымен  ғана  жұмыс  істеуді  қалайды.  Өз  бетімен  жұмыс 
мұндай  балаларда  «жүрмейді».  Мектепте  бұл  балаға  білім  емес,  оқушы  дәрежесі 
маңыздырақ,  сондықтан  оны  жаңаны  меңгеру  емес,  «бәрін  ереже  бойынша  істеу» 
қызықтырады.  Қызықты  болған  нәрселерді  –  жақсы  орындайды  –  егер  бір  нәрсе 
шықпай  қалса  не  «көңілсіз»  болса  –  оқу  процесі  тоқырауға  ұшырайды  және  тек 
ересектердің  көмегімен  ғана  алға  жылжиды.  Бір  сөзбен,  мұндай  балаларға  үздіксіз 
бақылау  қажет,  білім  алуға  құлшыныс  білдірмейді,  тікелей  мүддесіне  қажет  емес 
істерді өз бетімен істеуі нашар дамыған. Мұндай бірінші сынып баласына үйде қарап, 
сабақ  қарауы  бірнеше  сағатқа  созылып  кетпеуін  қадағаласа,  ал  мектепте  мұғалімнен 
«балаға  аса  көңіл  бөлуді»  өтінсе  (жұмыс  істеуге  ынталандыру  үшін)  –  бәрі  де  жақсы 
болады. 
Бейімделуі төмен деңгейдегі балалар бұдан да көп назар аударуды қажет етеді. 
Мұндай  балалар  мектепке  теріс  көзқараста  немесе  немқұрайлы  болады,  сабақта 
бұйығы,  «жоқ»  секілді.  Немесе,  керісінше,  жиі  тәртіп  бұзады,  оқу  материалын  толық 
меңгермейді,  жұмысты  өз  бетімен  қиындықпен  және  көңілсіз  орындайды,  үй 
тапсырмаларын анда - санда орындайды ( соның өзінде жақындарының бақылауы және 
қысымы арқылы). Жаңа материалды меңгеру үшін оған мұғалімі мен ата - аналарының 
көмегі  қажет:  бірнеше  рет  толық  түсіндіру  және  қайталау,  басқаларға  қарағанда  көп 
уақыт бөлу сияқты. Қоғамдық жұмыстарды бұл балалар ынтасыз орындайды, көбінесе 
сыныпта  жолдастары  -  достары  болмайды,  керек  десе  балардың  есімдерін  де  жыл 
аяғына дейін білмеуі мүмкін. 
Төртінші деңгей «қатерлі» деп аталады, бұл расында да бала үшін де, ата  - ана 
үшін  де,  мұғалімдер  үшін  қатерлі.  Ең  ауыр  жағдайда  баланың  жұмысынан  не  талап 
етілгенін  мүлдем  түсінбейтінін  көруге  болады.  Ондай  балалар  жеке  жұмыста 
үлкендермен  қарым  -  қатынасқа  түсіп,  оның  нұсқаулықтарын  түсіне  алады,  осыны 
ескеріп, бастапқы кезде мұғаліммен жеке жұмыстар жасалады. 
Егер  балалардың  бейімделу  деңгейі  төмен  болса,  –  оған  көмектесіңіз,  әйтпесе 
баланы алда «мектеп неврозы» күтіп тұр. 
Бастауыш  сынып  оқушылардың  мектептік  өмірге  бейімделуінде  оның  жеке 
басының  қасиеттерін  зерттеуде,  онымен  жүргізілетін  жұмыстардың  әдіс–тәсілдерін 
іріктеу  үлкен  маңыздылықты  талап  етеді.  Бала  бойындағы  алғашқыда  байқалмаған 
қасиет екінші күні байқалып отырады. 

18 
 
  Оқушының  мектепке  бейімделуіне  байланысты  мұғалім  мен  ата-аналардың 
маңызды көңіл аударатын  негізгі шарттары : 
-         Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау. 
-         Оқушыдан  оны  не  қызықтырады  және  жақсы  көретін  сабақтары  жөнінде 
әңгімелесу. 
-         Оқушы жөнінде достарымен, ата – анасымен әңгіме жүргізу. 
-         Бала  мектепке  үлкен  қызығушылықпен  келеді,  ең  негізгі  шарт  бала 
бойындағы қызығушылықты жоғалтып алмау. 
-         Бала  бойындағы  қиындықтарды  дер  кезінде  анықтап,  түзету  жұмыстарын 
жүргізу. 
-         Оқушыларды  қанағаттандыратын  эмоционалдық  жағымды  өзара  қарым–
қатынас жүйелерін (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата - аналарымен) қалыптастыру. 
-         Бастауыш  сынып  оқушыларында  өткізілетін  оқу  тәрбие  жұмыстарын 
дифференциациалау. 
-         Сапалы  тегін  қосымша  білімге  балалардың  қолын  жеткізу  (үйірме, 
секциялар). 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал