Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



жүктеу 5.24 Kb.

бет17/31
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

Әдебиет 
1.  Әділбекова  М.  Суицидке  бейім  адамдардың  мінез-құлқының  психологиялық 
ерекшеліктері. // Жантану мәселелері. -№1 /2010. -37-40 бет 
2. Карандашев В.Н. Как жить в условиях стресса СПб Рос.гос.пед.ун-т 1999. -354 с. 
3. Колесникова Т.И. Мир человеческих проблем: Психологическая  концепция здоровья 
М.: Владос-ПРЕСС, 2003 
4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы: Білім,1996 
5. Рейковский Экспериментальная психология  эмоций  М: Прогресс 1979 
6.  Сағидуллаева  Р.  Суицидттік  мінез-құлықтың  өзіндік  психологиялық  ерекшеліктері. 
//Мектептегі писхология- Психология в школе.- №3 (9),2007. – 30-31 бб. 
 
 
ӘОЖ  159.922.7/.8 
ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Б.Т. Карибаева  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, П-227 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: И.А. Оралканова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті, педагогикалық психология кафедрасының оқытушысы, PhD 
 
XX  ғасырдың  ортасынан  бастап  отбасы  институты  елеулі  өзгерістерге  ұшырап 
және қазіргі таңдағы ең басты, өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Адамның жеке 
басының  алғашқы  қалыптасуы  отбасынан  басталады.  Оның  ер  жетіп  өсуі,  бойындағы 
алғашқы  адамгершілік  белгілер  отбасында  қалыптасады.  Сондықтан,  отбасы  өте 
қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ [1].
 
 
 
Ежелгі  грек  ойшылы  Платон  «Адамдар  отбасын  құру  үшін  болашақ  өмірдегі 
серігінің  қандай  отбасынан  шыққанын,  оның  әке-шешесі  мен  ата-бабаларын  жақсы 
білуі  қажет»  деген  екен.  Ал  педагогикалық-психологиялық  тұрғыда  «Отбасы»-ата-ана 

137 
 
мен  балалар  арасындағы,  ерлі-зайыптылардың  және  басқа  да  отбасы  мүшелерінің 
қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
 
Э.Г. Эйдемиллер мен В.В. Юстицкийдің анықтамасы бойынша «Отбасы» неке 
негізінде құрылған немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, 
жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады. 
 
Қазақ  ағартушыларынан  С.  Көбеевте  отбасы  тәрбиесі  мәселелеріне  аса  үлкен 
мән  берген.  Ол  өзінің  «Баланы  семьяда  тәрбиелеу»  деген  еңбегінде  ата-аналардың 
балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді. 
 
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала 
саны  да  кеми  түсуде.  Ғұмырлық  некеге  тұрақтылықтан  бас  тарту,  айырылысу  мен 
некенің  бұзылуы,  толық  емес  отбасы  мен  өгей  ата-  аналы  отбасы  санының  артуы, 
баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады [2]. 
 
2010-2014 ж.ж. некелер саны артуының үдерісіне қарамастан, ажырасулар саны 
да көбейген. Отбасының ыдырауы балалары бар отбасылар үшін де қалыпты жағдайға 
айнала  бастады.  Осылайша,  Қазақстанда  әрбір  үшінші-төртінші  неке  ажырасумен 
аяқталып  жатыр.  2013  жылы  ажырасулар  нәтижесінде  26682  бала  отбасында  бір  ата-
анамен тұра бастады, бұл бір жылда елімізде толық емес отбасыларда тұратын балалар 
санының 0,5%-ға артқанын көрсетіп отыр. Сонымен, толық емес отбасы дегеніміз не? 
 
Толық  емес  отбасы  балалардың  ата-анасының  біреуінің  ғана  болуымен 
сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның 
қарамағында  қалған  ата-анаға  екінші  жағы  балаларды  және  еңбекке  жарамсыз  ерлі-
зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс 
болып,  екіншісінің  қарамағында  кәмелетке  толмаған  балалары  қалса,  онда  оған 
мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық емес отбасы 
көп жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады. 
 
Кез  келген    отбасы    құрылымының    негізін    қатынастар    жүйесі  құрайды. 
Отбасының    құрылымын    түсіну    үшін    отбасындағы    туыстық    қатынастарды  
түсінуіміз қажет. Міндетті  түрде  отбасының  үлкені  болады. 
 
Толық  отбасында  бұл  рөлді  әдетте  отбасының    әкесі    атқарған.  Қазіргі  
отбасында    әйелдердің  қоғамдағы    атқаратын  рөлі    өзгерді.  Ертеректе  олар  үйде  
отырып тек бала тәрбиесімен айналыса, қазір  олар қоғамның  әр сферасында белсене 
еңбек  етіп  жүр.  Нәтижесінде  қазіргі    кезде  гендерлік    саясат  деген  ұғым  кеңінен  өріс 
алды.  
 
Толық емес отбасында қожайының  рөлін  шешесі атқарады.  Оның мойынында 
бала тәрбиесімен қоса оның  материалдық жағдайы да болады. Толық және толық емес 
отбасы  қызметінің  бірі  бұл  өскелең  ұрпақты    тәрбиелеу  болып  табылады.  Егер  ата-
ананың  өмірінде  қиындықтар  болса:  жекелік,  отбасылық  немесе  әлеуметтік    -  онда 
балалар    мұндай  ата-ананың  кеңестерін    аз  тыңдайды.  Әрине,  баланың    немесе 
жеткіншектің  логикасын  түсінуге  болады:  менің  анам  немесе  әкем  қалай  маған  өмір 
сүру  керектігін  айтады,  олар    өздері    мұндай  өмір  сүруден    ешқандай  жақсылыққа  
жеткен  жоқ.  Неліктен    мен  олардың    тәжірибесіне  сүйену  керекпін  олар  сияқты  
ашушаң, бақытсыз  болу үшін бе? Сондай-ақ,  егер ата-аналары өмірде бақытты, күшті 
және    өздеріне    сенімді  болса,  егер  олар  өмірге    оптимизммен,    шаттықпен  қарайтын 
болса,  мұндай  ата-анаңның    балалары    әлде    қайда    тұрақты,  қорғалған,  өмір 
сәтсіздіктеріне  төтеп  бере  алатындай  адам болып  өседі. Осылайша баланың  бақыты  
ата-ананың  бақытынан басталады. 
 
Ал  бұзылған    отбасын  сақтау  арқылы  балаға  бақыт    беру  мүмкін  емес. 
Психикалық    денсаулық  және    тәрбие    аймағында  жұмыс  істейтін  көптеген  
мамандардың    пікірінше,  ерлі-зайыптылар  арасындағы    күрделі    қақтығыс  балаларда 
және  отбасындағы    үлкендерде  невроз  бен  психоз  түрлерінің    дамуына    ықпал  етеді. 

138 
 
Отбасындағы  кез-келген    қақтығыс-бала  үшін  үлкен  стресс,  себебі,  отбасы  баланың  
әрекет  тәсілдеріне    және    дамуына    әсер    етеді.  Отбасында    бала  өзінің    «Менін» 
мойындайды,  жеке    тұлға  ретінде  қалыптасады,  өз  қайғысын  бөлісе  алатын  адамдар 
тобын табады. 
 
Өзімізге белгілі толық отбасының  өзінде бала тәрбиесіне байланысты көптеген  
қиындықтар  туындайды. Осыған орай З.Марованың пікірінше, толық емес отбасында 
анасы  немесе  әкесі  баланы    қатарынан    қалдырмай  тәрбиелеу    үшін,  материалдық 
қажеттіліктерін    қамтамасыз  ету  үшін    қажырлы  еңбек  етуі  керек  және  де  баланың  
тәрбиесіне  уақыт  жеткіліксіз  болып  келеді.  Қазіргі    кезде    материалдық    жағдай  мен 
педагогикалық    мәселе  өте  маңызды    болып  келеді.  Толық  емес  отбасында    әртүрлі  
проблемалар  көп  кездеседі.  Көбіне  бұл  проблемалар  бала    өмірінің    дамуының  
психикалық  жағына    байланысты.  Толық  емес  отбасында    бала  тәрбиелеу    бұл 
әдеттегідей бала тәрбиелеу, бірақ өте қиын жағдайларда өтеді. 
         Толық  және  толық  емес  отбасындағы    баланың    дамуы  ортақ  биологиялық  және 
психологиялық заңдылықтар бойынша  жүзеге асады. Олардың айырмашылығы  балаға  
әкенің    немесе  ананың    эмоционалды  сезімінің    жеткіліксіз    болуымен  сипатталады. 
Толық  емес отбасының іс-әрекеті стандарттары, нормалары жастарға жақсы үлгі  бола  
алмайды.  Жастар  өздерінің    болашақ  отбасын  құру  алдында  ата-анасының    жолын 
қуады. Ал толық емес отбасында психологиялық климат  бұзылады. Көбіне толық емес  
отбасыға  бір  немесе  екі  балалы  аналар  жатады.  Ажырасқаннан  кейін  90%  жағдайда  
бала  анасымен  қалады,  ал  әйел  отбасындағы  кірістің    төмендегендігіне    қиналады. 
Дегенмен,  қазір     көптеегн    әйелдер    жақсы  ақша    табады  және  өз  баласын    асырауға  
қабілетті.  Бірақ  бұл  олардан    үлкен    күш-қуатты  талап  етеді.  Мұндай  аналардың  
баласымен    әңгімелесуге    уақыттары    қалмайды  және    тәрбиесін  анасының  немесе 
күтушінің    мойнына  арттырады.  Ажырасқан    әйелдер  өз  баласын  қолдауға    және 
қорғауға  рухани күштері  мен уақыттары  жете бермейді. Ал мұндай  балалар қолдану  
мен  сүйіспеншілікті  қажет  етеді.  Себебі,  айрылысқан    ата-ананың  балары  толық 
отбасында  тәрбиеленген  балаларға  қарағанда  әлдеқайда  эмоционалды  тәуелді  болып 
келеді [3]. 
        Егер ата-ананың  бірі отбасынан кетсе де, бала кеткен әкеге өзін  керек емеспін деп 
сезінеді. Біздің  елімізде  бала көбінесе  анасымен қалатын  болғандықтан, әкесі келіп-
кетушіге  айналады. Көптеген әкелер  туған ұлы  немесе қызымен байланысты  сақтап 
қалуға  талпынғанымен, біртіндеп  олардың қарым-қатынастары суып және бөлектене 
береді.  Бір  ата-анасын  жоғалтқаннан  кейін,  бала  өзімен  бірге  тұратын    ата-анасының  
бірге    болатынына  әлдеқайда    аз  мазасызданады.  Сондықтан,  ол  көп  күмәнданып, 
сезімтал болады. Баланың  эгоцентризмі  үшін  бұл қатты  соққы. 
 
Егер  ана  ажырасу  себебін    балаға    мұқият    түсіндіруге    тырысса,  оған    зиян  
келтірмей,  керісінше    көмектесетін    айтса,  бұл  баланың    жаңа  өмірге    бейімделуіне  
көмек    болады.    Ана  баланың    уайымдарын    қабылдап,  оны      жұбатуға, 
тыныштандыруға рухани  күш және  уақыт  табатыны  қабылдап   білдірсе, бұл балаға  
ең  басты    көмек.  Ажырасуға    деген    күрделі    реакцияларға    қосымша    әртүрлі  
проблемалар    бар.  Олар    баланың    жаңа  өмірге  бейімделу  кезеңінде    пайда  болуы 
мүмкін. Ол кетіп қалған  әкесінің рөлін  өзіне  алуға талпынады. Басты мақсаты-көңіл  
көтеруді    қамтамасыз  ететін,  келіп-кетіп  жүрген  әкесін    «жақсы  жігіт»,  ал  анасын 
«жаман» деп есептеуге  дейін барады. Себебі, анасы  көптеген шектеулер қояды. Егер 
анасы бұрын жұмыс істемеген, ал ажырасқаннан кейін  істей  бастаса, балада ашу-ыза, 
депрессия      кең    тараған    реакция    болып    табылады.  Ал  анасы    жаңа  адамдармен 
қарым-қатынас    жасай    бастаса,  әсіресе    кездесулерге    барып  жүрсе,  бала  әртүрлі  
реакциялармен  жауап  беруі  мүмкін,  мысалы,  араласу,  ашу-ыза,  қызғаныш  немесе  бас 
тарту. 

139 
 
Толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері туралы 
белгілі  нақты  мәліметтер  алу  үшін,  келесідей  әдістемелерді  пайдаланып,  шынайы 
нәтижеге қол жеткізуге тырыстық. Зерттеуге 7 сынып оқушылары алынып, жалпы саны 
15 оқушы қатысты.  
Зерттеу  барысында  үрейленуді  зерттеуге  арналған  Ч.Д.Спилбергер  және  Ю.Л. 
Ханин әдістемесі, тұлғалық қасиеттерді диагностикалауға арналған  «Мен қандаймын» 
әдістемесі,  Н.Г. Лускановтың 
оқу  мотивациясы  деңгейін  бағалау  сауалнамасы, 
өзін-өзі  реттеуін  зерттеуге  арналған  сауалнамалар,  сұрақшалар  әдістемелерін 
қолдандық.  Зерттеу қорытындысы бойынша келесідей нәтижелерге қол жеткіздік. 
 
Үрейленуді зерттеуге арналған Ч.Д.Спилбергер және Ю.Л. Ханин әдістемесінде 
жағдайға  байланысты  алаңдаушылық  шкаласы  бойынша  2  оқушы  жоғары 
алаңдаушылық  деңгейін,  1  оқушыда  төмен  аландаушылық  деңгейін,  ал  қалған  12 
оқушы орташа алаңдаушылық деңгейін көрсетті. Ал жеке бас алаңдаушылық шкаласы 
бойынша,  4  оқушы  жоғары  алаңдаушылық  деңгейін,  2  оқушы  төмен  алаңдаушылық 
деңгейін, қалған 9 оқушы орташа алаңдаушылық деңгейін көрсетті.  
 
Тұлғалық қасиеттерді диагностикалауға арналған  «Мен қандаймын» әдістемесі, 
яғни өзін-өзі бағалау деңгейінің көрсеткіші бойынша оқушылардың 73% жоғары, 27% 
орташа деңгейді көрсетті. 
 
Н.Г.  Лускановтың  оқу  мотивациясы  деңгейін  анықтау  сауалнамасының  зерттеу 
нәтижесі бойынша 40% жоғары, 53% орташа, 7% төмен деңгейді көрсетті. Ал  өзін-өзі 
реттеу сауалнамасы бойынша 60% жоғары, 40% орташа деңгейді көрсетті.  
Сонымен, отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі 
ең  қуанышты  қызық  дәурені  осы  отбасында  басталады.  Егемен  ел  болып  отырғанда 
отбасы   мәселесі,    оның  ішінде   толық  отбасын  сақтау  мәселесіне  көп  көңіл  бөлуіміз 
қажет. 
Толық  емес  отбасындағы  жеткіншектердің  психологиялық  ерекшеліктері  
тақырыбы әрдайым өзекті мәселенің бірі болып қала бермек.  
Қорыта  келгенде  жүргізілген  диагностикалық  зерттеу  жұмыстары    нәтиже 
көрсеткішін  есепке  ала  отырып,  төмендегідей  психологиялық  ұсыныстар  беруді  жөн 
көрдік: 
1.
 
Жеткіншек  пен  ата-анасы  арасындағы  қарым-қатынаста    тұлғааралық 
қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетсе
2.
 
Жеткіншектерге  «дос»  деген  сөзге  түсінік  берумен  қатар  дос  табуға  
мүмкіндік туғыза білу; 
3.
 
Жеткіншектер  мен  ата-ана  арасында    қарастыратын  шағым  айту  процесін 
ашық бірде екі жақ бірге талқылайтын деңгейді меңгерту; 
4.
 
Достық қатынасты біртіндеп көлемді тұлғааралық қатынасқа айналдыру
5.
 
Толық  емес  отбасындағы  жеткіншектердің  әлеуметтік  жағдайын  анықтау 
мақсатында  күнделікті  өмірімен  ата-анасы,  мектеп  ұжымындағы  ұстаздар  тарапынан 
қолдау көрсетіліп отырса деген ұсыныстрады айтқымыз келеді. 
 
Әдебиет 
1.
 
Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998. б. 127-130  
2.
 
Унарбекова  Н.  Отбасындағы  ата-ана  мен  бала  қатынасының  теориялық 
мәселелері. // ҚазҰУ Хабаршысы. Психология сериясы.- 2009. №2. б. 15-21. 
3.
 
Қоңыратбаева С. Қазіргі отбасы және оның қызметтері мен ерекшеліктері. // 
Менеджмент в образовании. - 2007. - № 3. б. 205-210. 
 
 
 

140 
 
УДК  397:16-1 
ПРИЧИНЫ НЕВРОЗА У ДЕТЕЙ МЛАДШЕГО ВОЗРАСТА 
 
Д.Т. Жумашева 
Студентка группы П-128 Государственного университета имени Шакарима города 
Семей 
Научный руководитель: А.К.Мукатаева, старший преподаватель, магистр 
педагогических наук  Государственного университета имени Шакарима города Семей 
 
Как вы думаете, почему развиваются детские неврозы? Почему лишь у некоторых 
детей? На самом деле причины детских неврозов кроются в их воспитании. 
Психиатры  В.  Я.  Гиндикин  и  В.  А.  Гурьева  определили  несколько  типов 
неправильного  воспитания  детей,  приводящих  к  душевным  болезням.  Воспитание 
ребенка  по  типу  «кумира  семьи»  проявляется  особым  отношением  к  нему  в  семье. 
Ребенка  обожают,  исполняют  любую  его  прихоть,  захваливают,  культивируют  в  нем 
чувство  исключительности,  освобождают  от  всех  тягот,  не  приучают  к  труду. 
Обожание собственного дитя зачастую не знает разумных границ. 
Таких детей родители хвалят по любому самому незначительному поводу, часто 
на  глазах  у  других  детей,  в  назидание  последним.  Всячески  стараются  превознести 
способности ребенка, демонстрируют его знакомым и незнакомым, делают его центром 
внимания  взрослой  компании.  Так  формируются  истерические  черты  характера, 
которые впоследствии не дают возможности избежать истерический невроз у детей, а 
иногда и истерической психопатии. 

2, 38

 
Следующим  типом  неправильного  воспитания  является  гиперопека.  При  этом 
родители  уделяют  ребенку  чрезмерное  внимание,  стараются  сделать  из  него 
«вундеркинда», как и при воспитании по типу «кумира семьи». Излишне заботливые и 
беспокойные  родители  могут  вырастить  своих  детей  ипохондриками,  если  из-за 
малейшего  пустяка  начинают  причитать,  суетиться  вокруг  заболевшего  малыша, 
укладывать  его  в  постель,  даже  тогда,  когда  это  не  столь  необходимо.  В  этой  связи 
можно  напомнить  еще  одно  высказывание  академика  Ф.  Г.  Углова:  «Когда  человек 
носится со своим здоровьем, как с неким сосудом, драгоценное содержимое которого 
он смертельно боится расплескать, такой человек не вызывает у меня особой приязни». 
Именно  человека,  склонного  к  ипохондрии,  могут  воспитать  непомерно  родивые 
родители. Ведь ребенок видит, что когда он заболевает,  ему все прощается, и все  его 
требования выполняются. У него фиксируется такое поведение и растет убеждение, что 
«болеть выгодно». Это приводит к формированию болезненного характера. 
Однако  в  отличие  от  воспитания  то  типу  «кумира  семьи»  при  гиперопеке 
родители  всячески  навязывают  ребенку  свое  мнение,  подавляют  самостоятельность, 
лишают  его  возможности  быть  с  другими  детьми,  контролируют  каждый  его  шаг.  В 
связи с этим ребенок вырастает безвольным, замкнутым, даже нелюдимым. 
При воспитании по типу гипоопеки ребенку со стороны родителей явно недостает 
внимания,  он  большую  часть  времени  предоставлен  сам  себе,  его  воспитанием 
практически  никто  не  занимается.  В  результате  вырастает  агрессивный  ребенок, 
который будет раздражительным, вспыльчивым, несдержанным. Крайним проявлением 
гипоопеки считается так называемая безнадзорность. 

1, 22

 
Существуют и такие типы неправильного воспитания, как «золушка» и  «ежовые 
рукавицы».  В  этих  случаях  ребенок  лишается  ласки  и  внимания  со стороны  старших, 
его  систематически  унижают  и  оскорбляют,  лишают  удовольствий,  держат  в  страхе. 
Иногда  встречается  исключительно  диктаторское  отношение  к  нему,  вплоть  до 
избиений.  

141 
 
Неправильное  воспитание  может  невротизировать  здоровых  детей.  Спартанские 
условия воспитания у ослабленных детей могут привести к обратным результатам. Они 
вырастают робкими, застенчивыми, замкнутыми людьми. А ведь хорошо известно, что 
робость  трудно  преодолеть  и  значительно  легче  предотвратить  ее  развитие.  Нельзя 
принуждать  робких  детей  к  смелому  поступку,  стыдить  в  присутствии  товарищей. 
Такие дети больше нуждаются в поддержке, поощрении, даже если это будет авансом. 
Надо  им  дать  возможность  увидеть  свои  достоинства,  помочь  найти  причины  своих 
неудач, наметить пути преодоления. 

2, 74-75

 
Выше  описывались  некоторые  симптомы  и  признаки  в  общих  чертах.  Но  с 
появлением  невроза  у  детей  младшего  возраста  могут  наблюдаться  следующие 
симптомы:  нервный  кашель,  недержание  мочи,  недержание  кала,  цианоз  губ,  рвота. 
Дети  могут  жаловаться  на  сердечные  боли.  У  детей  младшего  возраста  могут  даже 
наблюдаться  тики  мышц  лица,  повышенное  возбуждение,  нарушения  двигательных 
функций, появление судорог. 
На  примере  неправильных  типов  воспитания  мы  попытались  показать,  как 
формируются  те  особенности  характера  человека,  которые  в  дальнейшем  облегчают 
развитие  детского  невроза  по  типу  «невозможности  использования  методов 
психологической защиты». 
Для  того  чтобы  человек  вырос  гармонично  развитым,  его  необходимо  обучать 
словом  и  делом  методам  психологической  устойчивости.  Легче  всего  это  начинать  в 
детстве  в  процессе  игр.  Любой  тип  неправильного  воспитания,  когда  ребенок  лишен 
родительской ласки или, наоборот, ему уделяется избыточное и неразумное внимание, 
не  способствует  формированию  устойчивости  к  стрессам.  И  тогда  становится  ясным, 
что в душевных заболеваниях (детские неврозы) детей отчасти повинны и их родители. 

1, 120

 
При  возникновении  невроза  у  детей  нужно  срочно  обратиться  к  специалисту. 
Параллельно  надо  применять  психотерапию.  Купите  аквариум  с  красивыми, 
разноцветными рыбками, он очень  успокаивает. Также требуется хорошее регулярное 
питание,  водные  процедуры,  прогулки  на  свежем  воздухе,  легкие  физические 
упражнения. В некоторых случаях может помочь даже спокойная, красивая музыка. 
 
Литература 
1.
 
Захаров А.И. Неврозы у детей. – М., 2000 
2.
 
Мясищев  В.Н. Личность и неврозы. – Л., 2005 
 
 
ӘОЖ  159.922.73 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қ.С. Баяхан  
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті, педагогика және психология 
мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекші: А.Ж. Кабдуалиева, Қазақстан инновациялық университетінің аға 
оқытушысы 
 
Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып отыратын 
негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші рөл 
атқарады.  Баланың  тұлғалық  дамуын,  мінезін  тәрбиелеу  мен  қалыптастыруда  басты 
міндет  –  олардың  жан-жақты  болып  өсуін  қадағалау.  Міне  осы  орайда  балалардың 

142 
 
бойындағы  жағымды  қасиеттерді  оятып,  жағымсыз  әдеттерді  жою  талабы 
психологиялық және педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты.    
Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте 
бала белгілі бір мерзім ішінде қабелеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп 
және оларды талдауды үйренеді. Қазіргі сәтте бала өзіне қызық емес, бірақ болашаққа 
маңызды материалдармен оқып танысады. Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы 
сыныбына  келген  балалар  оқу  жүйесінде  айтарлықтай  қиындықтарды  басынан 
өткереді.  Қиындықтардың  ең  алғашқы  себебі  –  мектептік  оқуға  деген 
қызығушылығының  төмендігі  немесе  психологиялық  дайын  еместігі.   Осыған  қоса 
мектепте  оқудың  бастауы  тек  өмірдің  жаңа  шарттары  ғана  емес,  сонымен  қатар  жаңа 
байланыстар,  қарым-қатынас  және  жаңа  міндеттер.  Осыған  орай  бала  өмірі  өзгереді: 
бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең.  Мектеп 
алғашқы  күннен  бастап  оларға  интеллектуалдық  және  физикалық  күшті  қажет  ететін 
тапсырмалар  береді.  Сондықтан  қазіргі  таңда  жалпы  білім  беретін  мектептердің 
барлығында мектеп алды даярлық орталықтарын ашу жүзеге асырылуда. 
Бастауыш  мектептің  негізгі  міндеті  –  баланың  бастапқы  тұлғалық  қалыптасуын 
қамтамасыз  ету,  оның  қабілеттерін  айқындау  және  дамыту  болып  отыр.  Оқушы 
мінезімен  пара-пар  мұғалімнің  жеке  басының  үлгісінің,  жүріс  тұрысының  балаларға 
әсер  ететіндігін  белгілі.  Мұғалім  баланың  байсалды,  сабырлы  болуына  баса  назар 
аударып, оларға қай жағынан болса да, өнеге көрсетіп отыруы тиіс. Олардың арасында 
жолдастық,  достық,  әдептілік  мәселелеріне  арналған  әңгіме,  диспут,  пікір-таластарын 
ұйымдастырып, шәкірттердің өз ойларын ортаға салып, талдап отырғаны абзал. 
Балада  тұрақты  жағымды  қасиеттер,  дұрыс  мінез  қалыптасуы  үшін  мына  негізгі 
шарттарды орындау маңызды: 
       -  баланың  өз  қолынан  келетін  іске  толық  ерік  беруі.  Басқаның  күшіне,  көмегіне 
сеніп кетпей, өз қолынан келетін істе ғана ата – ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті. 
       - баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны 
шыдамдылыққа,  табандылыққа  үйретеді.  Баланы  еркіне  жібермеу  оны  жасқаншақ, 
қорқақ етіп өсіреді. 
 Балаларды  мектепке  дейінгі  дайындыққа  кеткен  уақыт  пен  күшке  қарамастан, 
бастапқы  оқу  кезеңінде  барлық  балалар  белгілі  бірнеше  қиындықтарды  басынан 
кешіреді.   Бұл балалардың мектепке бейімделу кезеңі. Балалардың мектепке бейімделу 
кезеңі мектепке дейінгі және мектептегі өтпелі кезеңді айтуға болады. 
 «Мектеп»  деп  аталатын  жаңа  әлеуметтік  ортада  балалардың  үлкендер 
тарапынан  айтылатын  көптеген  талап  –  тілектерді  орындау  және  мектептің  ішкі 
ережесіне  бағынуы,  45  минуттық  сынып  –  сабақ  жүйесіне  бейімделуі  қажет. 
Л.И.Божович  көрсеткендей,  мектепке  дейінгі  балалық  шақтан  мектептік  кезеңге  өту 
оның  өмір  сүру  салтының  түбірімен  өзгеруімен  сипатталады.  Оқушы  жағдайы  жеке 
басының  ерекше  бағыттылығын  тудыратынын  атап  өту  керек.  Ол  үшін,  оқу  –  білімді 
меңгеретін  жай  әрекет  немесе  өзін  болашаққа  дайындау  тәсілі  ғана  емес,  ол  баланың 
саналы  түрде  сезінетін  өзіндік  еңбек  міндеті  және  айналасындағылардың  күнделікті 
өміріне қатысуы болып табылады. 
Мектепке оқуға қабылданар  баланы мектептік болмысқа ендіру, толққанды оқу 
әрекетін  қалыптастыру  -  өтпелі  кезеңге  тән  психикалық  дамудың  барлық 
жиынтықтарымен  тығыз  байланысты.  Олар  оқу  –  тәрбие  процесін  осы  жастың 
психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай – ақ 
мектепке дейінгі шақтан  оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу 
–  тәрбие  міндеттерін  нақтылауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  істің  түпкі  мақсаты  баланың 
мектептегі  оқуына  берік  тұрғыда  қамтамасыз  ету.  Ол  мұғалім  талаптары  мен  мектеп 
ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді.  

143 
 
 Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктеріне арналған 
зерттеулері Коломинский Я.Л., Панько Е.А., Чуткина Г.М.,  Венгер Л.А., Мухина В.С. 
және баланың мектепке психологиялық даярлығы мен мектепке баруы туралы отандық 
ғалымдар  Баймұратова  Б.,  Қойбағаров.,  Қ.Сейсенбаевтың  еңбектері  маңызды  орын 
алады. 
Алты  жасар  баланың  мектепке  баруы  оның  өмірінде  ерекше  оқиға  болып 
табылады. Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың іс-әрекетінде, басқ 
адамдармен  қарым-қатынасында  ерекше  өзгерістермен  байланысты.  Кіші  мектеп 
жасындағы  баланың  ең  негізгі  іс-әрекеті  оқу  болғадықтан,  баланың  өмір  тіршілігі 
өзгереді,  жаңа  міндеттер  пайда  болады,  баланың  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасы 
жаңаша қалыптасады. 
Баланың  мектепке  бейімделуі  бірден  болмайды.  Мектепте  толығымен 
меңгеруіне  бір  күн  немесе  бір  апта  жеткіліксіз.  Бейімделу  ұзақ  мерзімді  қажет  ететін 
процесс.  Бала  өміріндегі  бұл  мерзімнің  бала  өіріндегі  өзгерістерінің  психологиясы 
мен  мінездемесін  Р.С.Немов  дамудың  әлеуметтік  жағдайы  мен  ішкі  позициясының 
түсініктерімен байланыстыру қажеттігін ұсынды.   
М.М.Безруких,  С.П.Ефимова  баланың  мектепке  бейімделуін  ұзақ  мерзімде 
процесс  ретінде  қарастырып,  оны  әлеуметтік-психологиялық  және  физиологиялық 
жақтарын  сипаттаған.  Олардың  көзқарасынша,  баланың  өмірінің  өзгеруі:  барлығы 
мектепке бағынады, мектеп жұмысыныа, сабаққа көп уақыты кетеді. Бұл өте қысымды 
кезеңдер. Себебеі мектеп алғашқы күннен бастап өзінің талаптарын қояды.   
Баланың мектепке беімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді: 
Біріншісі, мектептің  жаңа  күн  тәртібі  –  ерте  ұйқыдан  тұру,  тыныш  отыру, 
сабақтан  қалуға  болмайды,  дер  кезінде  сабақта  орындау  жзәне  тб.  Мұндай  дағдылар 
балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы 
келіп  тұрады  ,  мазасызданады  және  тб.  Көбіне  алты-жеті  жастағы  балаларда  өзіндік 
әдеттрдің  қалыптасуының  алғышарттары  қалыптаса  бастағандықтан  кейбір  жаңа 
құбылыстарға  бейімделу  қиынға  соғады.  Ең  бастысы  мұғалім  мен  ата-ана  осы 
жадайларды дұрыс ескергендері маңызды. 
Екіншісі,  баланың  мектеп  мұғалімімен,  құрбыларыме  және  отбасымен  өзара 
қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар.  Жай ғана мейірімділіктен мұғалім 
өзінің  ааторитарлық  стилі  талап  етушілік,  қаталдық,  мінез  құлықта  қажетті 
әрекеттердің  орындаулуын  талап  етуші  болып  көрінеді.  Ол  үнемі  баланың  жұмысын 
бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде 
кейбір  балалар  жасқаншақ,  ал  біреулері  үйде  бас  ал  мектепте  мүлдем  басқаша  қылық 
көрсетеді.  Ейбір  оқушылар  жаңа  ортада  өздерін  дұрыс  меңгере  алмай,  басқа 
балалармен  танысуы  бірден  болмағадықтан,  өзін  жалғыз  сезінеді.  Тәжірибелі  мұғалім 
барлық  балаларға  бірдей  талап  қояды,  бірақ  әр  баланы  жеке-жеке  қадағалайды.  Бала 
мектепке  келгеннен  соң  оның  үйдегі  орны  да  өзгереді.  Оның  міндеттері  де  және 
құқықтары  да  жаңаша  құрылады.  Мысалы  оның  сабақ  орындауына  ерекше,  бөлек 
уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның ңүн тәртібімен санасады. 
Үшінші түріне  бірінші  сынып  оқушылары  оқу  жылының  ортасына  қарай 
сезінеді.  Олар  басында  мектепке  бірден  жүгіріп,  уақытынан  ерте  баратын  болса, 
кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына қуанып, 
сабақты  қызығушылықпен  орындаса  осы  кезеңде  ол  төмендейді  және  бәрібірлікке 
ауысады.  Мұғалімдер  бұл  кезеңде  оқушымен  сыртқы  жағдайларына  да  әсер  ететін 
тапсырмалар береді. 
Сонымен  балада  мектеп  қабырғасына  аттаған  күннен  бастап  психологиялық 
қайта  өрлеу  басталады.  Баланың  қарапайым  міндеттер  өрісі  пайда  болады.  Баланың 

144 
 
үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның 
нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. 
Іс  -  әрекеттің  жетекші  типін  ұйымдастыру  –  баланың  жеке  басын 
қалыптастыруға  мақсатты  түрде  ықпал  жасайтын  құрал.   Мектеп  баланың  басқа 
адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын 
аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттерімен өз ара 
қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталуы атақты психологтар Мухина В.С., 
Петровский А.В., Эльконин Д.Б., Венгер Л.А., Якобсон С.Г.   еңбектерінде көрсетілген 
М.Н.Костикова  «балаларды  мектепке  оқуға  психологиялық  даярлығы» 
ұғымының мазмұнын ашып, мектепке психологиялық дайындықтың типтерін ұсынған. 
Ол тұңғыш рет баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау мақсатында оқу 
әрекетінің жетістігі туралы, оны қамтамасыз ететін ғылыми – тәжірибелік шаралардың 
жасалуы  мен  психологиялық  даярлықтың  сапалық  ерекшеліктерін  талдайтын 
жіктемелерді бөліп көрсетті. 
Сонымен қатар өз елімізде баланың мектепке даярлығы мәселесімен айналысқан 
ғалымдар  да  аз  емес.  Мысалы  Б.Баймұратованың  «Балаларды  мектепке  даярлау 
жөнінде»,  К.Қойбағаровтың  «Баланы  мектепке  даярлау»,  Қ.Сейсенбаевтың  «Отбасы 
тәрбиесіндегі  баланы  мектепке  даярлауда  қазақ  халық  педагогикасының  прогресшіл 
идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы»  еңбектері  бала бақшадағы оқу  – 
тәрбие үрдісі арқылы  баланы мектепке жан – жақты дайындау мәселесін қарастырған. 
         Бала  мектеп  өміріне  алғаш  ене  бастағанда  онда  мәнді  психологиялық  өзгеріс 
болады.  Ол  жаңа  тәртіптің  бір  қатар  маңызды  әдеттерін  бойына  сіңіреді,  мұғаліммен 
және жолдастарымен сезімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына 
ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көз қарасы қалыптасады. Бұл 
ынталардың  одан  әрі  дамуы  және  төменгі  сынып  оқушыларының  оқуға  деген 
көзқарасының  жайы  олардың  оқу  әрекетінің  қалыптасу  процесіне  байланысты. 
Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті құру және оның жекелеген 
бөліктерінің ерекшелікетері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады. 
Мектептегі  оқу-тәрбие  ісін  ұйымдастырушы  және  іске  асырушы  жеке  тұлға  бұл 
мұғалім  болып  табылады. Ол  тәрбиенің  мақсаттары  мен  міндерттерін  іске  асырады, 
оқушылардың  жан-жақты  жеке  тұлғалық  сапаларды  дамыту  мен  қалыптастырудағы 
бағытталған,  белсенді  оқу-танымдық,  спорттық  –  сауықтыру  және  көркемдік  – 
эстетикалық қызметін ұйымдастырады. 
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға  – ұстаз.  Өйткені ұстаз алдында 
егеменді  еліміздің  болашағы  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  және  оқыту  міндеті  жүктелген. 
Мұғалім  қызметі  күрделі  және  жан-жақты.  Ұстаздық  қызметтің  ең  негізгі  міндеті  – 
шәкіртті  оқыту,  тәрбиелеу,  дамтыу  және  қалыптастыру  үрдісін  басқару.  Оны  оқу-
тәрбие үрдісіндегі басты тұлға ретінде қарастыруымыз керек. 
Мектеп  оқушыларының  дене  және  психикалық  даму  ерекшеліктерін,  ақыл-ой 
және  адамгершілік  тәрбиелік  деңейін,  сыныптық  және  отбасы  тәрбиесінің  жағдайын 
білмейінше,  дұрыс  мақсат  қоюды  іске  асыру,  оған  жетудің  тәсілдерін  таңдау  мүмкін 
емес.  Сонымен  мұғалімнің  қызметі  сан-салалы.  Мұғалімнің  еңбегі  өзінің  мақсаты, 
мазмұны мен қоғамдағы алатын орны жағынан ең құрметті деп есептеледі. Сондықтан 
мұғаліммен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялық 
шыныққандық,  саяси  –  соральдық  қасиет,  табанды  ерік-жігер,  парасатты  мінез-құлық 
талап етіледі. 
Бастауыш  сынып  оқушылардың  мектептік  өмірге  бейімделуінде  оның  жеке 
басының  қасиеттерін  зерттеуде,  онымен  жүргізілетін  жұмыстардың  әдіс–тәсілдерін 
іріктеу  үлкен  маңыздылықты  талап  етеді.  Бала  бойындағы  алғашқыда  байқалмаған 
қасиет екінші күні байқалып отырады. 

145 
 
  Оқушының  мектепке  бейімделуіне  байланысты  мұғалім  мен  ата-аналардың 
маңызды көңіл аударатын  негізгі шарттары : 
-         Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау. 
-         Оқушыдан  оны  не  қызықтырады  және  жақсы  көретін  сабақтары  жөнінде 
әңгімелесу. 
-         Оқушы жөнінде достарымен, ата – анасымен әңгіме жүргізу. 
-         Бала  мектепке  үлкен  қызығушылықпен  келеді,  ең  негізгі  шарт  бала 
бойындағы қызығушылықты жоғалтып алмау. 
-         Бала  бойындағы  қиындықтарды  дер  кезінде  анықтап,  түзету  жұмыстарын 
жүргізу. 
-         Оқушыларды  қанағаттандыратын  эмоционалдық  жағымды  өзара  қарым–
қатынас жүйелерін (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата - аналарымен) қалыптастыру. 
-         Бастауыш  сынып  оқушыларында  өткізілетін  оқу  тәрбие  жұмыстарын 
дифференциациалау. 
-         Сапалы  тегін  қосымша  білімге  балалардың  қолын  жеткізу  (үйірме, 
секциялар). 
 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал