Атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ЖАПОН ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҮНДЕСТІК



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/48
Дата07.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ЖАПОН ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҮНДЕСТІК
Такиров С.У., ф.ғ.к., доцент, 
Қайырбекова А., студент
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
Құм – жұмбағы көп әлем. Қай халық болсын құмға жақын болса, әдебиетінде де ол көрініс 
табатыны  даусыз.  Қазақ  халқы  Сарыарқаның  сары  даласында  еркін  көшіп-қонып,  Қызылқұмда, 
Қарақұмда мал жайып, мекен еткені рас. Осыған байланысты болар, халық аузында құмға байланысты 
атаулар сақталып қалған. Мысалға: жылжымалы құм, сырғымалы құм, сусымалы құм. Ал жапон 
халқы да «құм құрсауындағы» елді-мекендерде мекен ететіні де белгілі.  Яғни бұл халықта «құмның 
мінезімен» таныс екеніне шүбәміз жоқ.
Құмдардың  пайда  болуына  қарай  көлдік,  теңіздік,  желдік,  сулық-мұздық,  элювийлік, 
делювийлік деп бөлінетінін біреу білсе, екіншісі білмей жатады [1].Оның үнемі қозғалыс үстінде 
болатыны, белгілі динамикаға ие екені де  белгілі. Құмға қатысты қазіргі кезде «құм философиясы», 
«құм терапиясы» сияқты ұғымдар кездеседі. Ары қарай «Құм философиясы» тақырыбынтілге тиек 
етпекпіз.
Қазақ халқының Оралхан Бөкей сынды біртуар жазушысы «құмның мінезін» сипаттап, тамаша 
туындыны оқырманға тарту етті. Оралхан Бөкей сомдаған сырлы әлем – кемелсана иесіне ғана сыры 
танылатын терең философиялық ойлар мен ғажайып сұлу сөздердің әлемі. Жазушының шығармалары 
жарық көрген сәтінен-ақ оқырмандар қауымы мен әдебиеттанушылардың қызығушылығын тудырып 
келеді.Ол өткен ғасырдың 60-жылдары әдебиетке келген қазақ жазушыларының ішінде табиғаты 
өзгеше, шығармашылығы ешкімге ұқсамайтын айрықша талантты суреткер. Ә.Кекілбаевтің сөзімен 
айтсақ, ол «...жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті,ең сүлей суреткерлерінің бірі 
ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды.Алыс-жақын елдерде аты «қазақ» деген сөзбен қабаттаса 
айтылатын  азғантай  тұлғалардың  біріне  айналды.  Оралхан  азғантай  ғұмырында  сондай  асқарлы 
биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып 
үлгерді» [2,1].
Оралхан  Бөкей  шығармаларының  тақырыбы  әр  алуан,  баяндалатын  оқиғалардың  алатын 
ауқымы кең. Бұл мақалада қаламгердің белгілі  шығармаларының бірі «Құм мінезі» повесіндегі және 
Кобо Абэның «Құм құрсауындағы әйел» романындағы «құм философиясына» тоқаталып өтпекпіз. 
Жазушылық тілі алуан қатпарлы Оралхан Бөкей туралы сыншы Ә.Меңдеке: «Оралхан Бөкей – 
қатпарлы, ұлтжанды,ұтқыр жазушы. Мұндай жазушыны толық ашу үшін органикалық сын қажет»-
дейді[3,617].
Ал  жазушы  шығармаларындағы  өзекті  тақырып  жайында  академик  С.Қирабаев:  «Адамды 
ардақтау,оның ұлылығын жырлау,жалпы алғанда,Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де 
болады»[4,1] -деп қорытынды жасайды.
Жапондық жазушы Кобо Абэ де осал қаламгер емес. «Ол прозаик, драматург, режисер. Оның 
шығармаларының сұранысқа ие болуының себебі, ол әртүрлі рөлдерді тамаша ойнай алады. Кобо 
Абэ өзінің шығармаларына ғаламдық проблемаларды өзек етіп алады. Оның романдарының басты 
идеясы -  адамның өзіне қас дүниемен кездестіріп, одан қашу амалын іздеуі»[5, 1].
Кобо  Абэ  1961  жылы  жарық  көрген  «Құм  құрсауындағы  әйел»  романы  үшін  «Иомури» 
газетінің сыйлығын иемденеді. Бұл романда адам мен қоғам қақтығысын сипаттай отырып, адамның 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

74
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
қоғамнан қашып құтыла алмасын, тығырыққа тіреліп жанталасатынын, яғни өз тағдырына өзі қожа 
бола алмайтындығын көрсетеді. Жазушының бұл романын аударған - Тілеухан Жұмақанов.  
Қазақ әдебиеті мен Жапон әдебиеті екі түрлі әлем. Оралхан Бөкей повестіне қазақ халқының 
отырықшылыққа  көніп,  еркіндіктен  айырылғанын  өзек  етсе,  Кобо  Абэ  «құмның  құрсауындағы» 
адамның күресін романына тірек етеді. Бұл шығармалардың үндес екені тақырыбынан да көрініп-ақ 
тұр. 
Ең біріншіден, бұл шығармалардағы әйел бейнесі үндес. «Құм мінезінде» ол былай беріледі: 
«Барханның әйелі қой аузынан шөп алмас момын, өз шаруасына берік тұйықтау адам. Апама жездем 
сай осынау жұбайлардың белдеу-белдеу құмның арасына түтін түтеткеніне он бес жылдан асып 
бара жатса да, шәй десіп бір-бірінің бетінен бірі алған кез болған емес»[6, 334].
«Құм құрсауындағы әйелдегі» әйел образы  үнсіз, кішкене ғана жануар тәріздес. Ешбір сөз 
қайтармайды, тек үнсіз келіспеушілігін білдіріп отырады[7]
Екі  шығармада  да  бір  сөз  тіркесінің  қайталанып  отыруы,  назарды  аудартпай  қоймайды. 
Оралхан Бөкей «самолет ұшып өтті» десе, Кобо Абэ «шпан мушкасы» деген тіркесті жиі қолданады. 
«Құм мінезінде» ол Барханның орындалмай кеткен арманын беретін тәріздес, себебі Бархан бұл 
«самолетпен ұшып, құм құрсауынан» құтылуды армандайды және оны түсінде де көреді. Шығармада 
былай делінеді: 
« «Шаршадым, әке. «Ендеше кетейік, енді сені ешкім құм зынданға қамап ұстай алмайды» - 
дейді де вертолетін аспандатып, қалықтап ұша жөнелді»[6, 374].
Ал Кобо Абэде Шпан мушкасы бас кейіпкерді торға түсірген, «арман болды». Әдетте аяқтары 
тым жіңішке қап - қара болып келетін Шпан Мушкалары қулықпен ұсақ кеміргіштерді інінен алдап 
шығарып жемтіктерін шөл далада аштықтан шалдықтырып мерт қылады. Шпан мушкасының ұшу 
қулығын  қазаншұңқырдағы  әйел  қимылдарымен  салыстырып,  өзін  бейне  бір  шпан  мушкасының 
жемтігі ретінде сезінеді. Ал, Құм құрсауындағы әйел құдды алдауыш шпан мушкасы тәрізді.
Бұл  екі  шығарманың  бойынан  құм  туралы  философиялық  ойларды  байқаймыз.  Құм 
құрсауындағы әйелдің сөзімен: «Да, это безусловно так. Песок никогда не отдыхает, никогда не 
дает  отдохнуть».Ал  Барханның  тілімен:  «  -  Иә,  құм  жылайтын...  -  Иә,  құм  сөйлейтін...Иә,  құм 
жырлайтын...
-  Иә,  құм  толғайтын...  -  Иә,  құм  ән  айтатын...  -  Иә,  құдая  құм  күлетін,  кәдімгідей  сақ-сақ 
күлетін... - Иә, құмның даусы қандай әдемі еді десеңізші»[6, 350].
Кобо Абэде «мәңгі тоқтамайтын» құм мен Оралхан Бөкейдегі «сортаң басқан», «тек мап-майда 
ұнтақ»,  «топыраққа  айнала  бастаған»  құм  екеуі  екі  түрлі  қоғамдық  жағдайды  көрсетіп  тұрғаны 
айдан анық.
Оралхан  Бөкейді  «Құм  мінезі»  шығармасындағы  Барханның  сезімі  «Құм  құрсауындағы 
әйелдегі» Дзюмпий Никидің сезімдерімен үндеседі. Мәселен: «Бархан сонан соң да, көпке дейін 
әлгі бір алғаш рет сең боп қалған сезімін қытықтаған әдемі әсерден арыла алмай жүрді. Баяғыда, 
ерте-ерте, ертеде... Құм басып қалған асылын енді қайтып алғандай алабұртты»[6, 337]. 
Бұл екі шығарманың тақырыбы «құмға» байланысты болғанменен, «су» мәселесі туралы да 
сөз қозғалады. «Құм мінезіндегі» сары далада судың көзін іздеп, құдық қазу туралы сипатталады: 
«Құдық қазушы үш азамат Барханның үйіне қонып, еретелі-кеш ыстық шайын айырып жүр... Шайға 
өзің де жүр, сонсоң төртеулеп ойып тастармыз, бүгін жұмысты қойдық, жарты ғасыр қазсақ та бәрі-
бір шықпайды су құрғыры»[6, 338].
Кобо Абэ болса, кейіпкерлерін сол арманға жеткізіп, судың көзін тауып алады. Мәселен: «Ол 
аузына жиналған сілекейін түкіріп тастағысы келген, бірақ сол сәтте ақ өзін өзі ұстап қалды. Тіпті 
бір тамшы болса да ылғалы бар нәрсенің бәрін өз ағзасында сақтауға тырысу қажет... Ол топырақты 
қазып тастады, қақпақты ашып, меңзең күйде қалып қойды. Темір қаңылтыр ыдысқа 10 сантиметрдей 
болған су толып қалыпты, алайда бұл оларға күнделікті әкелетін сарғыш судан анағұрлым таза су. 
Соңғы уақытта жаңбыр жауды ма? Жоқ, жауған жоқ. Бұл топырақтың капиллярлығынан болуға  
тиіс...» [7]. Бұл кездейсоқтық болса да, кейіпкер суды көбірек жинаудың технологиясын ары қарай 
дамытып, өзіне «таза ақпарақ» өмірді қамтамасыз етеді. 
Екі шығармада кейіпкерлер үнемі қозғалыс үстінде. «Құм мінезінде»Бархан өмір бақи малдың 
соңынан  жүріп,  күйбең  тіршіліктен жалығып  кеткенін  айтады: «Бархан  міне  қырықтың  бесеуіне 
келді-ертеңнен қара кешке тыным таппай қанша еңбектенсе де, буыны босап шаршаған да, көңіліне 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

75
Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы
қаяу түсіп жалыққан да емес. Ол жалғыздықтан – айналасында даңғыр-дұңғыр айғайласып, оқта-
текте сыр шертісер адам табылмай талықсыр еді. Қойын қоралап, жұбайы қайнатып берген шайды 
терлеп-тепшіп  ішіп  алған  соңғы  бос  уақыты  жүйкесін  тоздырады-ай»[6,  332].  Құм  құрсауында 
қалған  әйел  сол  туғалы  құмды  қапшықтарға  жинау,  сол  қазаншұңқырдағы  қамауға  әбден  еті 
көндігіп қалған: «Әйел жұмысты беріліп істеп жүр. Күректі жеңіл ұстап, топыраққа қадайды. Терең, 
қатты демалады. Ешбір тоқтамайды. Бұл бір жануар сияқты. Оның ертеңі, не кешегісі жоқ. Әйел 
тек бүгінімен өмір сүреді »[7]. Екеуінде де еш пайдасы жоқ еңбек істеп жүргенін авторлар айқын 
байқалтады. БарханМемлекеттің малын бағып, нәтижесіз жарысқа түседі, ал әйел тек «шеті және 
қиыры жоқ теңізге» су тамызып қана жүрген тәрізді. 
Оралхан  Бөкейхан  да,  Кобо  Абэ  де  адамзатқа  маңызды  дүниелерді  шығармаларына  өзек 
еткендіктен,  оның  бойындағы  жаман  қасиеттерді  де  сипаттап  өткені  де  рас.  Қазіргі  заманның 
адамының  бір  жауы  –  ішімдік.  Кобо  Абэдегі  Дзюмпий  Никиді  ішімдікке  жеңгізеді.  Басында  ол 
арақты «ашып кеткен күріш наны татыған сасық арақ» деп менсінбей қарап еді, ал содан соң арақты 
ішіп, оның буынан өзіне ие бола алмайды. Ол былай: « Жалпы бұның еш әбестігі жоқ. Ол терең 
тыныс алды. Кенеттен ұрты кеуіп, аузы аши бастады. Ол есіне түсіргісі келмеген арақ, түнектегі 
майшам  сияқты  оны  өзіне  тарта  бастады.  Не  болса  да,  тамақты  шаю  керек  екені  рас.  Әйтпесе, 
бойындағы бүкіл су буланып кететін сияқты. Ол болашақ қтналыс тарға жол ашатынын білсе де, 
одан әрі шыдай алмады. Шөлмектің тығынын алып, арақты аузынан іше бастады» [7].
Ал Оралхан Бөкейдің «Барханы» нәпсіге бой алдырмай, оған жиіркене қарайды: 
«–Фу... понимаешь, мынау не деген мылжың еді. Мен ұрыссам, қоса ұрыспайсың ба? Давай, 
анау алдындағы арақты ішіп қой, сосын сөйлесерміз.
–Мен  қашан  ішуші  едім,  ағасы.  –  Бархан  алдындағы  мөлдіреп  тұрған  арақты  ары  таман 
қолының сыртымен ысыңқырап қойды» [6,347].
Өмір өзі күреске толы, жамандығы мен жақсылығы қатар жүретін құбылыс. Бұл шығармаларда 
кейіпкерлерге  әділетсіздік  жасап,  жолына  тор  салатындар  бар.  Олар  жоғарғы  жақтан  бақылап, 
кейіпкерлерді бишара күйге ұшыратады. Мәселен, «Құм мінезінде» Әліқұл Барханды үнемі кемсітіп, 
тек барлық жақсыны Сейітқұлдың алдына салып отырады. «Әй,қара құрт шаққандай қипақтамай 
отыр.  Сенің  де  сырың  белгілі.  Иә,бұған  түктің,  еш  нәрсенің  абсолютна  нарқы  жоқ,  подумаешь 
қызықтырмайды. Рас,итке темір медальдің керегі [3, 335]. Ал «Құм құрсауындағы» бас кейіпкер 
жұмыс істемесе, су бермей қинап, әйелдің жанына мәңгі байлап, «құм құрсауына» қамап қойғысы 
келетіндер де бар: « Құмның әр жақ үстіңгі бетіннен біреулер, бұларды тамашалайды. Жұмыс істесе 
ғана, су береді. Бұлармен тілге де келмей, тек құм тиелген қапшықтарды жоғары көтеріп, тартып 
алып жатады» [7].
Біреуі әлем әдебиетінен сыр шертсе, екіншісі қазақ өмірінің айнасы. Осы шығармалардағы 
кейіпкерлер арман арқылы өмір сүруге ұмтылады. «Құм мінезінде» Бархан ақыр аяғында Қызылқұм 
маңынан көшіп тынады. Кобо Абэнің Дзюмпий Никиі: «Спешить с побегом особой необходимости 
нет. Теперь в его руках билет в оба конца — чистый бланк, и он может сам, по своему усмотрению 
заполнить в нем и время отправления, и место назначения. К тому же непреодолимо тянет рассказать 
о своем сооружении для сбора воды. И жители деревни, ему не найти. Не сегодня, так завтра он 
кому-нибудь все расскажет. А побег — об этом еще будет время подумать»,[7]- деп кейіпкерді сол 
жерде қалдырады. Меніңше, жазушы бас кейіпкер құммен емес, өз-өзімен күресіп, өмірдің мәнін 
жаңа түсінгенін ашып көрсететін тәрізді.
«Құм мінезі» мен «Құм құрсауындағы» әйел шығармалары оқырманның назарын өзіне баурап 
алатын  туындылар.  Бұл  жердегі  күрес,  кейіпкерлердің  ішінде  болып  жатқан  арпалыс  «құммен» 
байланыстырылап,  оқиға  желісі  өрби  береді.  Бұндағы  идеялық  үйлесімділік  таңқалдырмай 
қоймайды. «Құм философиясы» күрделі дүние екеніне көзіміз жетті. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BC
2.Кекілбаев Ә. «Өмірстанға тағы бір саяхат». –А.: Өнер, 2000 
3.Тоқбергенов Т. «Қос қағыс». –А.: Жазушы, 1981
4.Сманов Б. «Кейіпкер бейнесін талдау». –А.: Рауан, 1990
5.Н.Т.  Федоренко.  Кобо  Абэ.  Впечатления.  Книга:  Кобо  Абэ.  «Избранное»  Издательство 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

76
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
«Правда», Москва, 1988
6.Оралхан Бөкей. Шығармалары. Роман, повесттер.–Алматы: «Ел шежіре», –2013. –384 б.
7.http://royallib.com/book/abe_kobo/genshchina_v_peskah.html
ОРАЛХАН БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДАЛА БЕЙНЕСІ
Төлеубаева К.А., ф.ғ.к., доцент,
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
О.Бөкей  –    уақыт  алға  қойған  өзекті  проблемаларды  шығармаларына  арқау  еткен  ойы  да, 
қаламы да ұшқыр қаламгер. Жазушы қаламынан туған «Өз отыңды өшірме» ,“Мұзтау”, “Қар Қызы”, 
“Сайтан көпір”, “Жетім бота”, “Атау-кере”, “Жасын” сынды шығармалары – адамзаттық мәңгілік 
мәселелерді  көтерген, әлемдік әдебиеттегі озық шығармаларымен  деңгейлес, иықтас туындылар. 
Оралхан  Бөкей  –  адамның  ішкі  әлемін  ашып,  оның  жан-дүниесін  үңіле  зерттеуге  талаптанған 
жазушы.
Қаламгер О.Бөкей туралы сыншы Т.Тоқбергенов атап көрсеткендей, «Оралхан прозасы ой, 
сезімді қабат  өріп,  қатар  тұтастырып  келеді. ....Оралханның  бар  мінез-темпераменті әр  жолынан 
айғай сап, от сезімді, ойлы сезімді айғақтап тұрғандай. Оралхан прозасы өлең-жыр іспеттес боп 
келеді. Қайыра соғып, қайталай түсіп күшейтіп, шабытыңа шабыт қосқандай үнді, лепті келеді... 
Әсіресе сезімге, мөлдір, тұнжыр сезімге қыры бар, сол сезімнің тарау-тарау пернесін дәл болатын, 
дөп басатын сергектігі бар. Іштегі қайнар сезім, күңгірт түйсік, секемшіл сезік шүпілдеп толып, 
тұнып тұр» [1, 203].Қаламгер О.Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романында дала образы ерекше кең 
тыныспен суреттелген. Болған оқиғаға, яғни Кешегі уақытқа дала ғана куәгер... Дала бүкіл қазақ 
даласында өткен тарихи оқиғалардың куәсіндей. Ол халқымыздың тарихының образына айналған. 
«Ал, дала болса ол да баяғы – сол монтаны мінезімен жым-жырт сазара сұлап жатыр» [2, 5]. Дала 
образын кейіптеу арқылы аша түскен. «Сазара сұлап жатыр» делінген сөз тіркесінің характерлік 
сипаты  бар.  Қаламгер  О.Бөкей  қоғамдағы  тың  өзгерістерге  яғни  жерді  қопарып  шойын  жолдың 
салынуына,  оның  қазақ  даласына  әкелген  жақсылығы  мен  жамандығына  іштей  келіспеушілікті 
дала образына сиғызған.Роман «...жаңа өмір, жаңа тұрмыс құрамын деп, асығып жүріп айырылып 
қалған  сүйікті  жарына»  мола  тұрғыза  бастаған  Дархан  шалдың  құдірет  иесі  Уақытқа  бағынып, 
кешегіге, яғни өткен өміріне баға беруге талпынысынан басталады. Дархан шал не үшін, кім үшін 
өмір сүрді? – деген сұраққа қарттық жеңіп, өмір-өзеннің қайраңға шығарып тастаған балығы сияқты 
жағдайға түскен кезде ғана мойынсұнады. Өмірдің мәнін романның көркемдік шешімінен түйіндей 
аламыз.  Адамзат  баласының  өмірінің  мәні  мен  мәнсіздігі  ұрпақ  жалғастығымен  өлшенеді.  Адам 
саналы азамат тәрбиелеп өсіруді мақсат етеді. Сондықтан да романшы О.Бөкей «Ошақтың отын 
сөндірмеу»  делінген  ұғымға  философиялық  реңк  дарытқан.  Жекелеген  өзіндік  мән  деп  түсінген 
күнделікті жұмыс белгілі бір дәрежедегі қоғамдық қызметтегі уақытша алданыш. Дархан шал үшін 
өткен өмірі бүгінгі Уақытта мәнсіз секілді. Драматизмнің монологтық формасында Дархан шалдың 
тұтас ғұмырының  суреті қамтылған. «....Оны да қойшы, алланың үйінде отырса да қашып құтыла 
алмас ажал бүгін болмаса ертең, ертең болмаса бүрсігүні, ...Әйтеуір бір күні есігін қаққандай болса 
– артында абыройы болып қалар несі бар еді? ...Жермен-жексен анау екі бөлмелі балшық үй қалады, 
бауы салақтап жалғыз құдық қалады; ал әлгі тоқал тамның бұрышында керосинмен жанатын көнетоз 
«коптилка», әйелінің ендігі қалған жалғыз жасауы – тулаққа айналған алба-жұлба сырмақ жатыр. 
Сыртын жез сыммен шарбақтаған білте шам мен рельстің сынығын тексеретін айна – Дарханның 
өте шыққан өмірінің куәгері ғана емес, темір жолдың ыстық-суығын бірге татқан жансерігі – бар 
шайлығы,  бар  байлығы.  Ендеше,  құдай-ау,  көзі  жұмыла  қалса  артында  не  қалады?»  –  делінген  
монологында  Дархан  өз  өмір  жолын  ой  елегінен  өткізеді  [2,7-б].  Дарханның  монологындағы 
«балшық үй», «бауы салақтаған құдық», «коптилка», «сырмақ» секілді детальдардың көркемдік-
эстетикалық қызметі басым. Суреткер өмірдің мәні туралы ой кешкен Дарханның ішкі әлемін, яғни 
адам жанының қайшылықтағы драматизмін тереңдетуге детальдарды ұтымды пайдаланған.  Дархан 
дамуына өзі  үлес қосқан қоғамына, оның уақыт бедеріне бүгін күдікпен қарайды. «Ал поездың тақ-
тұқ үні аза бойын қаза етіп, безгегі ұстағандай өз-өзінен дірілдеп-қалшылдап шошынатын мүшкіл 
халге жеткізді. Баяғыда осының бәрі, әсіресе поездың доңғалағы, бұған ән салып бара жатқандай 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

77
Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы
әдемі әсерге жетелейтіндей», – еді [2, 9]. Поездың үні мен Дарханның ой-сезіміндегі мағыналық 
параллелизмді баса көрсету арқылы суреткер драматизмді тереңдете түскен. Жеке қаһарманның ой-
сезімі драматизмнің қозғаушы күшіне айналған.Дархан – еңбек адамы. Қара нар атанып қоғамдық 
өзгерістен туындаған бар қиындықты жеңбек болып арпалысты. Осы арпалыстың жолында ол тек 
қана шойын жолдан басқа ешнәрсені көрмеді, елемеді. Гүлияның жалғызсырап, мұңаюының бір 
себебінің осы екенін аңғарамыз. Дарханның қайсар мінезіне әкесі де тәнті болады. Бірақ ұлына өмір 
жолының қиын боларын айтып, мойындата алмайды. Себебі өз өмірін ой елегінен өткізген Таңатар 
өмірде тек адалдық, тазалық қана емес, арамдық та жасау керек екендігін алпыстан асқанда білді. 
Романда ол өзінің қиыншылығы мол тағдыр жолын Дарханның да қайталарын айтып, толғанады.  
Қаһарманның өз жан дүниесінің ну жықпылдарына өзін үңілдіру, өз болмысын өзіне таныту, өз 
қайшылығын өзіне саралату − қазіргі прозадағы психологизмнің өзекті проблемаларының қатарынан 
саналады.  Автор  Дархан  ман  Гүлияның  адами  болмысын  таныту  үшін  Дүрияның  ішкі  пікірін 
ұтымды  қолдана  білген.  Дүрия  өзін  Гүлиямен,  Қамбарды  Дарханмен  салыстырады.  Салыстыра 
отырып, өзі мен Қамбардың басына түскен қиыншылыққа Гүлия мен Дарханның қалай төзетіндігін, 
қандай шешім қабылдайтындарын өзінше топшылайды. Осы салыстыру арқылы Дүрия, Гүлия мен 
Дархандағы ұлы сезімнің шынайы әрі беріктігінен екенін сезеді. Тым әсершіл, қызықпен басталған өз 
өмірлерінің тәжірибесі қиындықпен бетпе-бет келгенде, дәрмен бере алмайтындығын мойындайды. 
Бір  пікір  арқылы  екі  жанұяның  өмірінен  мол  хабар  берілген.Автор  кейіпкердің  ішкі  ойын  беру 
арқылы Гүлияның адами болмысын  танытуға талпынады.«–...Қайдам, – деді дірілдеп қыз. – Жерді 
жара бергеннің несі жақсы дейсіз. Мен  тіпті  у-шудың қайсыбіріне де үйрене алмаймын-ау деймін, 
аға. Семейде оқыған бір жылда жынданып кете жаздаған едім. Маған осы тұман басқан жым-жырт 
түн, әнменен бірге аспанға ұшыратын алтыбақан, жайлауға шұбатыла көшкен ел, шұрқырап жатқан 
мал, мынау жұлдызды аспан, анау бүлкілдеп аққан бұлақ – міне осылар ұнайды, аға» [2, 36-93]. 
Диалогта роман желісіндегі авторлық концепцияны яғни кең дала төсіндегі кешегі уақыттың озып, 
бүгінгі уақыттың өктемдікке ие бола бастағанын аңғарту бар. 
Зерттеуші  Қ.Жанұзақова:  «Қаламгердің  кейіпкерлері  –  жан  дүниелері  бай,  рухани  деңгейі 
биік, қажырлы, еркіндік сүйгіш, тағдыры қилы арманшыл адамдар. ...Оларды толғандыратын ортақ 
ой – адам болмысының сан қатпар құпиясы мен жұмбағы, мәңгі өлмес рух, рухани құндылық, адам 
ғұмырының мәні мен мағынасы. ...Бөкеев кейіпкерлерінің басты ерекшелігі – әлдебір жаңа дүниеге, 
пәктікке, тазалыққа ұмтылуы, поэтикалық асқақ сезімдер мен арманға беріліп, табиғат сұлулығын 
жүрегімен терең сезіне білген қасиетінде жатыр», – дейді [3, 9-10]. Авторлық концепция ұлттық 
және  адамзаттық  мәселелермен  идеялық  ажырамас  арна  құрағанда  қаламгер  адам  атты  күрделі 
тұлғаның барша табиғатына таза саяси - идеология тұрғысында келе бермейтініне біз қарастырып 
отырған суреткерлер туындылары тағы да дәлел бола түседі.. Автор Көкебайға әкесіне арналған 
сөзін баласына айтқызған. Еркіннің азаматтық болмыс - бітімін аша түсуге Көкебайдың пікірінің 
ара салмағы бар.«– Иә, Омар, көп асаймыз деп жүріп боқ асадық. Мендей емес, жассың ғой, анау 
көбелекті  ұстап  бер,  ырыққа  көнбей,  ықтасын  таппай  ұшып-қонып  жүрген  менің  көбелекжаным 
ғой; арғы бетке жосыла көшкендердің де көсегесі көгермес. Он сегіз мың ғаламда шоласыз ғұмыр 
кешкен  кім  бар?  Бәрібір  құдіреттің  ісіне  құлдық  жасайды.  Қуып  жете  алмайсың,  қашып  құтыла 
алмайсың... Әне дүние деген сол», − деді [2,299].
Көкебайдың көз ұшында елеске айналған көбелек - ғұмырының мәнсіздігін түсінуі – оның 
осал  адам  еместігін  аңғартатын  жайт..  Құлашаның  «ғұламалығы»  жас  кезінде  жындының 
сандырағындай  әсер  етсе,  өмірден  озар  сәтінде  оның:«  –  Ей,  Омар,  –  деген  дәруіш  шал  қыран 
бүркіттей  шаңқ  етіп,  –  Өлсең  –  көріңді  көрсетпе.  Әйтпесе  мынау  тізең  батқан  сыбан  молаңның 
басына күнде барып дәрет сындырады. Саған  айтар ақылым сол», – деген сөзі ойына түсті [2,54]. 
Алайда Құлаша болып өмір сүру шарт еместігін, «Құлашаның ғұламалылығын» терең түсініп өмір 
сүруі  керек  екендігін  түсінбеген  Омар  бай  образындағы  адами  қайшылықты  Бати  танымымен 
салмақтайды. Түн айсыз, аспан бұлтты – қараңғы еді. Құлақ етіңді жеп ызыңдай соққан сайқал жел 
ғана дүниенің билігін өз қолына алғандай ырбаңдап, қойны-қонышыңа кіреді. Бөтен дыбыс жоқ, 
әлде бір алып күш кеудесінде жаны бардың барлығын тұншықтырып тастағандай. Жерошақтың оты 
сөнген, су құйып өз қолдарынан өшірген... Өз отын өзі өшірген...», – деген баяндаудағы драмалық 
жағдайдың өрісінде әкесі баласынан үміт күтіп, «Сен өшірме» деп аманат еткен ошақтың оты сөнеді 
[2,149].  Психологиялық  параллелизмде  қаламгер  концепциясын  үнсіздікпен  яғни  оттың  сөнуі, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

78
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
ұрпақтың өшуі секілді ұғымдармен ұштастырған. Бұл жерде ұлттық бояу ұрпақ сабақтастығы және 
оның саяси дүрбелең зардабынан өшуі деген келелі мәселе де проблемалық тұрғыда көрініс табады. 
Кешегі трагизмге толы өмірдің бір ғана драмалық шиеленісі де отбасының емес, тұтас елдің қасіретін 
барша  шындығымен  ой  таразысына  салады.  Гүлияның  да  арманы  Дарханның  ошағының  отын 
сөндірмеу еді. Романдағы драматизм Гүлия тағдырында көрініс берген. «Бетің тіліңгір», деп қарғаған 
кім  екен,  –  деп  күбірледі.  –  Жазығым  жоқ  еді  ғой.  Жазығым  –  жарық  дүниеге  сусарлығым  ба, 
жазығым – жақсы болып жаратылғаным ба? Білем ғой, білем кімнің аямай салған жарасы екенін, 
бірақ сол жараның жүрегіме де түскені қалай? Неге мен өз-өзімнен құса болып, мұңға бата беремін. 
Аңсарым ауған адам міне, қасымда жатыр. Сонда да бір нәрсе мазалай береді. Әлденеден сескеніп 
елеңдеймін.  Құдай-ай,  құрсақ  көтерсем  екен;  Дарханымды  жалғыз  қалдырмай  кіндігін  жалғасам 
екен. Басқаның бәрі бекершілік, өтпелі дүние... Жаққан отың сөнбесе одан артық баянды ғұмыр бар 
ма...», – ойдан ой қуалаған Гүлияның биік парасат деңгейінің танылуы қаламгер концепциясымен 
жымдасқан [2,179].Суреткер романдағы ойдың өзегін Гүлияның монологына сыйғыза алған. Сүйген 
адамымен тұрмыс құрған Гүлияның көңілінің күпті бола беретіндігі де адам – жұмбақтың бір қырын 
көрсетеді. Демек, адамның көңілі толып өмір сүре алмауының өзі адамдағы қарама - қайшылықтың 
үйлеспейтіндігі болар. Зерттеуші Ө.Көзбековтің: «Шығармада ұлттық болмыс, психология да айқын 
сезіліп  отырады.  Дарқанның  қанша  адал  еңбек  етіп,  қиындыққа  төзе  білсе  де,  жолының  бола 
бермейтіні, еңбегінің бағаланбайтыны әке ықыласына қарсы келіп, қыр көрсетуінде тәрізді. Мұндай 
ата-ананың наласына ұшырау, қарсылық көрсету жағдайы «Атаукереде» кездеседі», – деген ойы 
ұлттық танымнан тамыр алғандығымен ерекшеленеді [4, 16]. Алайда қаһарманның тағдыры туралы 
ұшқары ойлауға да болмайды. Тек қана ата - ананың наласына байланысты деп ой түйсек, романдағы 
қаламгер концепциясын жете пайымдай алмаймыз. Романда драматизмнің желілік таңбалануы төрт 
таған жүйеде десек, Гүлия – Дархан – Бати – Оспан араларындағы бірін-біріне жіпсіз байлаған, бас 
идірген  сезім  романда  әр  қырынан  танылады.  Гүлия  –  Бати  драмалық  желісінің  «өзегі»  әкесі 
жерленген жерге құран оқуға барған сапарда, яғни шарықтау шегінде тарқатылып, жолаушылардың 
ішкі ой ағымында таразыланады.Романдағы ақ боз ат қазақ үшін қаймағы бұзылмаған ел бірлігі мен 
тірлігін сақтаушы періште секілді де, ал құтырған бура – қоғам, яғни жынын шашып елге нәубат 
әкеле жатқан заман сиқы секілді. Екінші бір қырынан сараласақ, Батидың ішкі буырқанған сезімін 
байқатуда,  жүдеу  көңіл  мен  тұңғиық  тоң-теріс  күнделікті  күйбеңнен  селт  еткізер  бұла  күшті 
танытуда  да  сәтті  бейнеленген.  Сонымен  бірге  қаламгер  Батиды  бураны  жеңгенімен,  өзіндегі 
арманды  жерлеп,  тасыған  күш-қайраты  тасқа  мұқалып,  елге  оралу,  соғысқа  аттану  оқиғалары 
арқылы басқа қырынан таныта алған. Рас, Батидың Гүлияға мылтықтың оғы тиген сәтте қапиядан 
пайда болатын тұсы романда нанымсыздау баяндалған. Ал, тұтастай алғанда романда Омар бай мен 
Оспан образдарын сәтті бейнелеуге мұрындық болған Бати іс - әрекеті азаматтықтың үлгісіндей. 
Кейіпкер әлеміне бойлауда Оралхан шеберлігі де терең психологизм талабынан табылады. Атап 
айтқанда,  «Әрекетіміз,  мінез  -  құлқымыз  басқа  болғанымен,  созған  қол,  көздеген  адамымыз  бір 
екендіктен де ұқсатып келесің бе?...» – деген Батидың жауабы – тұншыққан сезім құпия өрнегінің 
тарқатылар тұсы [2, 222]. Гүлия – Бати желісіндегі драматизм өрісі жасырын болғанымен, оның мән 
-  мағынасы,  қайшылығы  тереңірек.  Ал  Дархан  –  Гүлия  желісіндегі  драматизм  табиғаты  ерекше. 
Гүлия бағалаған сырлы жұмбақ, тұңғиық сезімді Дархан бағалай білмеді. Уақыт бесігінен бүгінгісі 
мен кешегісіне ой жүгірткен шалдың: «Құдай-ау, дәл осындай бейшара жан ба едім. Ұрпақсыз шаба 
беріппін-ау. Кім үшін өмір сүргенмін, бұдан отыз бес жыл бұрын суыққа ұшып өле салсам да бәрібір 
екен-ау, ә. Иә, иә, бәрібір екен. Ылғи жұмыс бабымен ғана үш жүз мың шақырым жол жүріппін, 
сонда қайда барамын, қандай ұшпаққа шығамын деп салпылдап жүре бергенмін. Бәрі халық үшін. 
Жұрт асар асуын, шығар биігін, тіпті ертең жатар жерін алдын-ала жоспарлап алады. Ал мен ше? 
Вагон секілді үстіме не тиеді, соны сүйреп безілдедім-ай, зырладым-ай – қалай сүйресе солай... Иә, 
рельс – өмір... вагон – адам... сен осындай екенсің-ау...»  деген өкініші өткен уақытты қайтармайды 
[2, 241]. Әкесі Таңатарға: «Туған жердің тұтқыны болудың өзі қазіргі мәңгілік түрмеңізден озық 
емес  пе,  әке  –  Құмырсқа  теріп  жесеңіз  де  өз  еліңізде  неге  жүрмедіңіз...  Жоқ,  жоқ,  әке,  мен  сіз 
сөндірген түтінді қайта тұтатып отырмын, сіз сөндірген отты қайтадан жағып отырмын. Мейлі аш 
жүрейін,  мейлі  жалаңаш  жүрейін,  осы  қарамекеннен,  мынау  бұйығы  жатқан  Құландыдан  арқан 
бойы  ұзамаспын...  Өз  ошағымның  отын  өшірмей,  туған  жердің  ұлтанына  жарап  ұл  өсірсем,  қыз 
өсірсем,  балаларыма  білім  беріп  оқытсам  –  одан  асқан  бақыттың  қажеті  шамалы»,  –  дегізген 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

79
Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы
жастықтың  асау  дауылы  болғанымен,  пешенеге  жазылған  өмірді  кешу  адамға  ғана  тән  [2,  269].
Оралхан  Бөкей  ұлттық  характер  сомдауда  көркем  тәсілді  психологиялық  иірім  мен  интерьерге 
жүгіндіреді. «Қамшыгердегі» Садақбай образындағы түйінделген ойдың тарқауын Қамбар образы 
мен  Бати  бейнесінен  табамыз.  Жылқы  бақпай,  өмір-өзеннің  асау  толқынымен  алысып  жүрген 
Қамбар өмірден қолынан қамшысын тастамай өтті. Ал Бати: «...мен қайла ұстап жұмысшы болуға 
емес,  құрық  ұстап  жылқышы  болуға  жаралған  адаммын»,  –  дейді  [2,  215].  Автордың  Батидың 
бойындағы  ұлттық  мінезді  көрсетумен  бірге,  алдағы  нәубетті  меңзеу  де  байқалады.«–  Ақсақал, 
маған түгіңіздің де керегі жоқ, деп айтпадым ба кеше. Бар байлығым – бас бостандығым. Сізді ғана 
емес, таман жылқыдан айырылған соң өзім қоса тәргіленгендеймін. Жануарларды үйірлеп бағып, 
шұрқыратып қайырудан үлкен ләззат, дәтке қуат алғандай болушы едім, енді міне, құрыққа мініп, 
қу  бас  мүжіп  қалғанымыз...  Әкетті  әне,  бір-бір  теңгеге  сатып  алып,  ертең-ақ  сойғанын  сойып, 
сатқанын сатып көзін құртады. Содан соң талап алар бай, таласып мінер қыл құйрығы жоқ шойын 
жолды кеміре ме. ...Маған бағатын мал керек, ақсақал, мал!» [2, 147].   Оспанның Гүлияға деген 
сезімінің қыз жүрегіне жетпеуіне екі түрлі себеп болды. Біреуі – Дарханға деген Гүлияның шексіз 
сүйіспеншілігі болса, екіншісі – Оспан сезімінің қатыгездікпен, парықсыздықпен тамырлас болуында 
еді. «Жалғыз қалған соң жердегі қырық жамау көнетоз сырмаққа етпетінен сұлап түсіп, жас балаша 
солқылдап  ағыл-тегіл  жылады-ай.  «Ұят-ай»  деп  айтар,  жұбатар  тірі  адам  жоқ,  ботадай  боздады, 
өксіп-өксіп  еңіреді  байғұс.  Сүйгеніне  қосылу  үшін  заманды  мың  рет  аударып,  төңкерсе  де,  қой 
үстіне бозторғай ұялаған қоғам орнатсаң да көңіл жарастығы, жүрекке туыстығы болмаған жерде 
бәрібір-бәрібір күшпен байлап, матасаң да болмайтын баянсыздығына налыды. Бұл дүниеде Оспан 
үшін ата жау күштілер, беделділер мен атағы аспандағылар ғана емес, сұлулар мен көріктілер екенін 
көкейіне тағы да таңбалай түсті» [2, 29]. Осы кезден бастап-ақ драматизмнің ширығуы Оспанның әр 
іс-әрекетінен орын алып отырады. Оспанның: «– Сен күшіңе сендің, Дархан түріне, еңбегіне сенді. 
Мен ше, мен неменеге сенер едім. Айлалы ісіме, тәуекелшіл қулығыма сендім, сендерден жеңілмес 
үшін, сендерді желкеме міндірмес үшін... Бұл өмірге екеуіңнен гөрі мен керекпін!... Ол – әлемдегі 
ең сұлу адам. Ал сұлулықты алақанға салып әлдилеп өтпес пе екен. Дархан болса қатындыққа алды. 
Жер бетінде қатындар онсыз да жетеді... алсын кез келгенін... салсын қара жұмысқа салпылдатып. 
Ал мен тіземе отырғызып қойып, күндіз-түні дидарына қараудан жалықпас едім», – деуі өзінің ішкі 
шындығы [2, 313]. Бірақ Оспанның күрес жолы басқаша болғандықтан да автор Долдаштың аузына: 
«Сендей сұрқиямен қатар өмір сүріп, жаңа өкіметті жандандырам дегендерде ес жоқ», – деген сөзді 
салған [2, 154].Бұл жерде драматизмнің нәзік лиризм және психологизммен қатар өрілуі қаламгердің 
адам жан дүниесіне терең үңілуінен туғаны хақ. «...Өстіп тамында ешкім қалмай соқа басы күйзеліп 
отырғанда «Ассалаумағалейкум» деп сып етіп, ұзын бойлы қара сұр жігіт кіріп келгені... Дархан 
тіпті көз жасын тоқтата алмады. Қыра-қыра әбден көк тұқылданып, көбеңтарта көгеріп кеткен бетін 
айғыздап  жас  жуды.  Ол  шыншыл  жүрекпен  қуанды,  адал  көңілмен  жылады;  әкем  айтушы  еді, 
«Ұлым, жаққан отыңды сөндірме» деп. ...Сөнбегені осы емес пе, жұртым», – дейді [2,318].Авторлық 
концепцияның көрініс берген тұсындағы ой желісі: «Қонақ қана  болып келген өмірдегі өз сый-
құрметін алмауы қалай? Өзі өмір сыйы  деген  не? Ал  құрмет  деген не нәрсе? Бірақ осының екеуі 
де адамды  ажалдан арашалап қалуы мүмкін бе? Жоқ! Ендеше бұл жарық әлемде жер басып жүрген 
пенделердің  кімі-кімінен  артық?  «Ендеше  мен  өміріме  өкпелей  алмаймын»,  –  делінген  Дархан 
шалдың монологындағы сырымен жалғасын табады [2, 377].Дархан мен Оспан арасындағы рухани 
алшақтық іс-әрекеттерінен пайымдалады. Дарханның Оспаннан айырмашылығы, өзінің басқаларға 
пайдасының  мөлшерін  сезіну  мүмкіндігінде,  сезіне  алуында.  Оспан  моральдық  таңдаудың  өткір 
драмалық ситуациясында өзін танытып алды. Оспандағы жеке тұлғаның азу процесін ерте  байқаған 
Омар байдың өзі Оспаннан сақтану керектігін ескерткен-ді. Ал жеке тұлғаның азу процесі балалық 
шағынан бастау алған. Романда Оспан туралы: «– Әй, қайдам, бала кезінде елге қыдырып келген 
адам болса, атының айылын түгел босатып қоятын, не болмаса аттарының құйрығына байқатпай 
түбі түскен шелек, қауға, қатып қалған тері байлап ауылды алатайдай білдіретін қусоққанның нағыз 
өзі еді», – деген Омар байдың мінездемесі рухани азғындаудың  бастау бұлағын танытқандай [2, 
143].Бүгін мен кешеге межеленген Уақыт төрінде болып өткен әр оқиға қаһарман санасында түрлі 
деңгейде сәулеленеді. Оспанның қарын кептеп Гүлияның бетін тіліп кетуі, мылтық кезенуі, Еркіннің 
жарылғышы  бар  қобдишаны  әзірлеуі  сияқты  оқиғалар  драмалық  ситуацияны  асқындыра  түскен. 
Нәтижесінде, Оспанның және Еркіннің іс-әрекеттері адамдармен қарым-қатынасын ғана ашпайды, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

80
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
өздерінің  өре  төмендігі  мен  адамдықты  жатсыну  мөлшерін  көрсетеді.  Шығармада  Оспанның 
күйзеліске  ұшырағанын  байқаймыз.  Романда  өз  ортасына  да,  өмірге  де  жат  болып  кеткендіктен 
ағашта  таңулы  күйінде  қалады.  Оқиға  шешімі  нақтыланбаған.  Сондықтан  да  Бүгінгі  уақытта  да 
«Оспандар  қай  вагонда  кетіп  барады  екен»  деген  ой  үнемі  еске  алынып  отырады.  «Қаламгер 
Гүлияның болмысын ерекше пафоспен бейнелейді. «Гүлия – қыз үшін зұлматтың қияпат жолы – 
бүгіннен басталғандай ма? Кім білсін... ертеңгі күнің не болар екен, қарағым-ай, деп басынан сипар 
шын жанашыр іздеп, құлындаған көңілі көктемгі қардай көбесі сөгіліп, еріді-ай, ағыл-тегіл, ағыл-
тегіл; мұндайлық нәзік жанды, мамық сезімді, егіннің жаңа шыққан көгіндей қазақы қызды тек қана 
үкілі тақиясы бұлғақтап, дүрия көйлегі желбіреп, батқан күннің шапағына шомылып, қыр асып бара 
жатқанын ғана көріп ақтық рет қол бұлғап қалғың келер; мүмкін қазақ үшін ең ақырғы – Ақжүніс, 
ең ақырғы – Баян, ең ақырғы – Жібек осы ма деп соңынан қимай қарап, қимас тілекпен шығарып 
салармыз; алысқа тартқан аяйкерім, сені қайтарып алар күш қайда, қайда...», – деп толғанса, ізгілік 
пен иман үйірілген қазақы мінез дарыған қазақ қыздарының азаю мәселесі де бой көтереді [2, 131]. 
Сондықтан  да  қаламгер  «Жоқ,  сен  Гүлия  емессің,  су  көтерген  қарындасым,  Гүлия  сен  секілді 
шапшып, ұрысқан кісідей жауап бермес еді», – деген оймен Дарханды күйзелтсе, осы оқиға алдағы 
Жалғастың хабарына жеткізер жол секілді [2, 376]. Шығармада Гүлияның Дарханға Оспанды таныса 
да, жасалған істің қастандық иесі деп атамауы драматизмді қоюлата түседі. Гүлияның жан дүниесінде 
халық  қиялының  тереңінен  келе  жатқан  адамгершілік,  имандылық  бастаулары:  жарына  деген 
адалдық, қаймағы бұзылмаған қазақи қағидадан қанатталған, сусаған нұрлы жүрек бар. Авторлық 
концепцияда «ошақтың отын сөндірмеу» делінген философиялық түйінге әр қаһарманның пікірін 
әр жақты етіп танытқан. Дархан әкесі Таңатарға өз ошағымның отын жағып отырмын десе, Оспанның 
бұл түйінді пайымдауға кісілігі мен дүниетаным тереңдігі жетпеді. Ал Еркін үшін атамекен, туған 
жұрт, ұрпақ алдындағы азаматтық борыш секілді қағидалардың құны өз бас амандығынан, эгоистік 
пиғылынан аспай қалды. Романда баяндау автор атынан беріледі. Ол – жай ғана әңгімелеуші емес, 
өзіндік  танымдық  көзқарасы  бар  суреткер.  Алайда  оқиғалар  жүйесін  Бүгін  мен  Кешеге  бөліп 
баяндау, байыпты мәнер психологиялық тереңдеуден туатын драматизмнің әсерін күшейте түскен. 
Әкесінің інісінің баласы Мұраттан Жалғастың жалғыз кіндік болып тарауы, Дарханның шаңырағының 
шырағы  болуын  айтуға  болады.  Шығармада  драматизм  Дарханның  өміріне  тән.  Адал,  еңбекқор, 
заңға  бағынған,  бәріне  ұқыптылықпен  қарайтын,  өзінің  өмірінің  мәнсіздігін  сезбеген  адамның 
тағдыры өзінше драмаға толы. Зерттеуші Г.Жалелованың: «Өз отыңды өшірме» романында жазушы 
өз қаһарманының тұлғалық бейнесін ашуда негізгі өлшем ретінде үш игілікті қасиеттерді алады. 
Олар: өмірге қуана білу, өмір сүргісі келуі, биік мақсаттарға ұмтылуы. Олар адам мінезін аша түседі, 
игілік пен жадағайлық осы қасиеттер арқылы ашылады», – деген пікірі Гүлияның образдық тұлғасы 
туралы ойымызды толықтыра түседі [5, 111].Шығармада күнтізбелік мезгіл, психологиялық иірімдер 
драматизмнің қоюлануына орай сипатталған. «Жаз мезгілі ... Ай қорғалаған шақ. Жайлау. Алтыбақан. 
Содан соң... тұман тұншықтырған тоғай. Сылдырап аққан өзен. Шырылдаған торғай үні. Шашы 
төгілген сұлу қыз», – болып Дархан мен Гүлияның ең сәулелі, бақытты кезеңдері бейнеленеді [2, 
247]. Жайлау түндері өз өмірлерінің «жайлауы» секілді.Қыс мезгілі мен күз мезгілі, соғыстан көрген 
қиындық,  ауыл  адамдарының  басына  түскен  зобалаң  уақыттағы  қаһармандардың    адами 
болмыстарының ашылу кезеңі сияқты. Романда теміржол бойындағы еңбектің ауырлығы мен сол 
ауырлықты  мойымай  көтерген  тыл  адамдарының  (Ақай  шал,  Бати)  ерлігі  де  терең  әрі  тынысты 
суреттелген.  Романдағы  табиғат  көріністері  туралы:  «Көркемдік  таным,  табиғатты  бейнелеу 
суреткердің  сол  табиғатқа  деген  көзқарасымен  тығыз  байланысты.  Болмыс  пен  суреткер 
көзқарасының бірлігі байырғы табиғат пен ол туралы пікірдің диалектикалық байланысы ретінде 
қызмет атқарады», – деген Дарханның кешегі өмірінің жалғыз ғана куәгері болып жүрген Дүрияның 
романдағы іс-әрекеті кейіпкер күйзелісін тудырады. «– Әй, қақбас, – деді есі енді ғана кіргендей 
жаулығын жөндеп тартып, етегін қағып нығыз жайғасты. – Үзеңгі бауыңды сегіз қабаттан тағып, 
заманыңның болып тұрған шағында, не, шиден оқ, шырпыдан жақ жасап ілдалдамен ғұмыр кешкен 
мен  бейбақты  менсінбедің  бе,  ...ей.  Енді  міне...–  Қой  енді!  –  деп  жекіді  Дархан  жалт  бұрылып. 
Көзінен  шоқ  ыршып  түскендей  болды.  Екеуі  бірдей  арбасқандай  қадала  қарасты.  Екеуі  бірдей 
жанарларына  жас  үйірді.  Екеулері  бірдей  көзін  төмен  салды»,  –  деп  баяндалған  оқиға  кешегі 
уақыттың ауыр жарасын байқатады [2, 13]. Мола басына Дүрияның келуі Дарханға баяғы өткен 
өмірін  еске  салумен  қатар,  аңсауын  да  күшейтеді.Романдағы  драматизмнің  асқынып,  адамдар 
арасындағы  кереғарлық  пен  қайшылықтың  молайып,  шиеленісуіне  автор  өзі  «іш  тартатын» 
қаһармандарының жан әлемі, ішкі дүниесіндегі өзгерістерді, бұлқыныс пен буырқанған сезімдерді 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

81
Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы
алғышарт етіп, ұтымды түрде ала білген. Ешуақытта тоқтауды немесе дамылдауды білмейтін, оңды-
соңды ағысып жатқан поездар сияқты Өмір атты ұлы көш-керуенде жоғалмас үшін, із - түзсіз кетпес 
үшін Дүрияның арпалысуы, жанталаса қимылдауы еш сөкеттікке жатпайды. Ол – жиіркеніп айтқан 
«қақпас» сөзі Дарханға ғана арналып тұрған жоқ, мына жарық дүние-пәни жалғанға небәрі бір-ақ 
рет келетін адамның өз еркінің өзінде болмауына әмір етіп тұрған әлде бір дүлей күшке бағытталған 
қарғыс. Дүрия бар наласын, реніші мен мұңын Дархан арқылы Адам ғұмырынан тыс тұрса да, оған 
билігін жүргізіп тұратын әлде бір күшке арнаса, бүгінгі уақыт аясында өткеніне үңілуде. Бүгінгі 
уақыт емес, кешегі уақыт арпалысқа, күреске, тартысқа толы еді. Және сол кешегі уақытта тағдыр 
оны  Гүлиямен  табыстырды.  Кешегі  уақыттың  тағылымы  Дарханға  өмір  туралы,  адамның  өмір 
сүрудегі  негізгі  мақсаты  туралы  бүгінгі  күні  ойлантып  тұр.  Бастан  кешкен  алуан  түрлі  жайттар 
романның  сюжеттік  желісіне  түрлі  драмалық  коллизияларды  ұтымды  орналастыруға  мүмкіндік 
берген. Ал, бұл жайт «Адам. Ол кім? Ол не үшін ғұмыр кешеді? Оның өмір сүрудегі мақсат - мұраты 
не? Жалпы, Адам өмірінің мән-мазмұны неде?» деген философиялық сауалдарға жауап іздеуімен 
ерекшеленіп тұр. Шығармада Дүрияның: «...Ол мені менсінбеу арқылы өзіне құл етті. ...Ол соғысты 
да жеңді. Бірақ өзін-өзі жеңе алмады, жазған. Дарханды аяйтын едім. Байғұс күндіз күлкі, түнде 
ұйқыдан айырылып жұмыс істеп, бәр-бәрін бітіріп кетем деп ойлады. Тіршіліктің мәні – тек жатпай-
тұрмай еңбек ету ғана емес, семья құру, ұрпақ қалдыру, көңіл көтеру екенін кеш ұқты. Ол – шын 
қуана да, шын қайғыра да алмады», – деп уақыттан қорыққан Дарханды жазғыруында шындық бар 
[2,  381].  Уақыттан  қорыққан  Дарханның  іс-әрекетін:  «Қорқыныш  дүниені  басқаруда.  Билік  өз 
табиғатында  қорқытуды  қолданады.  Адамзат  қоғамы  қорқытумен  құрылған.  Сондықтан  ол 
жалғандықтан  жасалған,  себебі  қорқу  жалғанды  тудырады.Бірде  дені  сап-сау  адамның  кейпінде 
көрінсе, бірде кірмелі-шықпалы есі бар Дүрияның жоғарыдағы толғамы өзінің азды-көпті ғұмырында 
көкейге түйген философиясы. Кейіпкер толғамы драматизмнің коллизиялық формасына негізделген. 
Дүрия  аз-болсын,  көп  болсын,  жақсылықты  да,  жамандықты  да  көрген  адам.  Ол  кешкен  ғұмыр 
күрделі. Сәби көре алмады. Қамбар майданда мерт болды. Осынау ғұмырындағы түрлі жағдайлар 
Дүрияны драмалық коллизиялар биігіне көтерген.
Қорыта  айтқанда,  қайшылықты  өмірде,  талас тартысы  мол  өмірде  ізгілік  пен  зұлымдық  кез 
келген  адамның  жан  дүниесінде  шарпысып  жатады.  Бұл  соғыс-күрес  өмір  ағымында  алма-кезек 
үнемі  ауыспалы  жеңіспен  жалғаса  береді,  бірақ  біреуінің  толық  ығысуымен  аяқталуы  мүмкін. 
Мұның өзі адам жанына қоғам қайшылығына, өмір тереңіне тән драматизмге үңілген жазушылар 
ұстанымын  да  әр  қырынан  таразылауға  мүмкіндік  береді.  Әлем  әдебиетіне,  соның  ішінде  қазақ 
әдебиетіне де тән бұл сипат ұлттық сөз өнерінің де адамзаттық проблемаларға терең бойлағанын 
көрсетеді деуге негізді. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Тоқбергенов Т. Қос қағыс. Мақалалар мен портреттер, Алматы, 1981, 203 б.
2.Бөкеев О. Өз отыңды өшірме, Роман, Алматы, 1981, 384 б.
3.Жанұзақова Қ.Т. Оралхан Бөкеев прозасындағы романтизм, Филол. ғыл. канд. дәреж. алу 
үшін дай. дисс. авторефераты, Алматы, 1990, 27 б. 
4.Көзбеков Ө.А. Оралхан Бөкеев прозасының поэтикасы, Филол. ғыл. канд. дәреж. алу үшін 
жаз. автореферат, Алматы, 1997, 22 б.
5.Жалелова  Г.Ж.  Проблема  личности  в  прозе  Оралхана  Бокея,  Дисс.  на  соискание  ученой 
степени канд. фил. наук, Алматы,  1999, 149 с.
Каталог: bitstream -> data
data -> Сборник статей "Мир Сатпаева"/ Составители: Каменев Е. А. и др
data -> Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары
data -> Евней арыстанұлы бөкетов
data -> Анықтамалық том справочный том к собранию сочинений е. А. Букетова
data -> Е.Қ. Көбеев, Н. С. Ахметова, К. Т. Байжанова
data -> Есім хан жəне Жиембет пен Марғасқа жыраулар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
data -> Жұмыстарының жүргізу мүмкіндігінің жасалуы қаланың экономикасы, қала тұрғындарының
data -> Серия «Химия». №2(82)/2016

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет