Атомистер ілімі



жүктеу 18.35 Kb.
Дата02.11.2022
өлшемі18.35 Kb.
#23202
Антик Философиясы

«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек философиясы; эллиндік грек философиясы.

Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.




Атомистер ілімі.

Ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық ілімге айналды.


Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп , жоғалып жатады.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне - өзі тең, қозғалмайды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар бұрыш, шар, қармақ, оймақ, т.б. тәріздес болады. Атомдар бос кеңістік болып тұрады. Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді. Атомдарды бояу түрлері, иіс дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Демокрит - алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл.
Тіршіліктің шығуы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған-жылылық. Жандар әр түрлі болады. Космостық жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан әлде қайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса от та бар. Демокриттің іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы мен синонимдес ұғым.
өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен шығады. Денеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен бірге жан да өледі.
Демокрит қоғамның дамуы және мемлекет мәселелері туралы пікірлер айтқан. Адамдар аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты өмір кешті, ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке өткенде, олар бір - біріне көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, ағаштың қуысында өмір сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірмен соғыспай, ұрлықсыз, қарапйым да, еркін өмір кешті. Кейінірек келе отты пайдалана алатын болды, қулық – сұмдықтар да көбейді, осымен қатар өнер де пайда болды. Осы айтқан жағдайға адамдарды мұқтаждық пен өздерінің тәжірибелері жеткізді. Адамдар әлім сақта сөйлей алмайтын-ды. Адамдардың бір-бірімен араласып қарым-қатынасқа түсуінің арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл көп түрлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты.
Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәнінде құдай емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана.
Демокриттің атомистік ілімдарін әрі қарай жағастырған ежелгі грек философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270 ж.ж.)болды. Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жеткен. Эпикурдың ілімінше, атомдар – дүниенің алғашқы бастамасы. Оларға Демокрит атаған қасиеттерден басқа көлем, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән. Салмақтың арқасында атомдар «құлайды» және жолдан ауытқиды. Осындай «өздігінен ауытқитын атомдар» қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жаны ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады.
Эпикур жолын ұстап, оның ілімін ары қарай дамытқан ежелгі Рим философы және ақыны Лукреций Карр болды. Негізгі еңбегі «Заттардың табиғаты туралы» Лукреций Эпикур сияқты атомдардың қозғалыс барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда болуы және өзгеріп дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптылықпен қарап, олардың қайғы қасіретін көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойын ұсынбаулары, керісінше, қолдарынан келгенше тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек.
Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.

Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Греция болып табылады.. Ғылымның іргетасы — математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған. Математиканың теориялық білімінің салыстырмалы түрде дамыған үлгілелері антикалық полистер контекстінде алғаш рет пайда болып, қарастырылды. Бір пікірдің екіншісінің алдындағы артықшылығы дәлеледемелер арқылы анықталды. Негізделген білімнің пікірден артықшылығы антикалық философияда өзінің дамуын одан әрі жалғастырды. Антикалық ғылымда әдістерге, ақиқаттың дамуына ерекше көңіл бөлінді.Тұңғыш рет диалектиканың әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Антикалық философтар математиканың дамуының теориялық жолына өтуге қажетті құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары қабылданды. /Фалес, Пифагоршылар, Платон/. Бұл процесс Евклидтің дамыған геометриясының теориялық жүйесінің құрылуымен аяқталды.


Атомдық ілімнің негізін салушы ежелгі грек философы-материалисі Демокритке (б.з.д. 460-370 ж.ж.) мынадай қанатты сөздер тән: «Мен үшін бәр ғылыми ділелдемелер табу бүкіл Парсы патшалағын меңгеруден гөрі маңыздырақ».
Дәлелдеу-математиканың іргетасы, онсыз математиканың дамуы мүмкін емес.
Математикадағы рационалдық ойлаудың тұңғыш өкілі Фалес (б.з.д. 6258-548 ж.ж.) болып есептеледі. Фалес — мемлекеттік қайраткер, инженер, астроном, философ, математик. Белгілі американ математигі мен ғылым тарихшысы Д.Я. Стройк қазіргі математиканың шығу тегін зерттей келіп, былай деді: «Аңыз бойынша, грек математикасының атасы милет көпесі Фалес болып есептеледі. Ол алтыншы ғасырдың бірінші жартысында Вавилон мен Египетте болған. Ол қаншалықты аты аңызға айналған фигура болғанымен толық шындық ашылған жоқ. Ол қазіргі математиканың негізін ғана салушы емес, сонымен бірге бүкіл қазіргі ғылым мен философияның негізін салушы болып есептеледі».
Алғашқы кезде гректер математикамен шұғылданды. Олардың алдында бір ғана мақсат тұрды. Әлемдегі адамның орны қандай? Математика Хаостан тәртіп табуға, идеяларды логикалық бір ізге келтіруге, негізгі принциптерді табуға ұмтылды. Математика бүкіл ғылымдардың ішінде теориялық түрде болды. Фалестің геометрия саласындағы білімі жан-жақты болды. Оған геометриялық құрылымның мынандай негізгі қасиеттері белгілі болды: «диаметр шеңберді тең екіге бөледі».
Ежелгі грек математикасы біртіндеп дамыды, бірнеше мектептерге бөлінді. Солардың бірі Пифагордың мектебі болып табылды. Пифагор Самосский (б.з.д. 580-500ж.ж.) - ежелгі грек математигі. Милетке жақын Самос аралында дүниеге келген. Фалестің шәкірті. Пифагордың ілімі бойынша, сандар заттардың мәні болып табылады. Математикалық абстракциялар әлемде белгілі бір тәртіп орната отырып, жасырын жетекшілік етіп отырады. Сандар-бүкіл тіршіліктің бастамасы, дүние туралы түсініктің кілті.
Пифагор мектебінің ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады». Пифагоршылардың ілімінде ерекше орынды 1,2,3,4 сандары алды. Осы сандардың қосындысы (1+2+3+4=10) тетрактис деп аталды. Аңыз бойынша, пифагоршылардың анты: «Текрактистің атынан жан дүниеммен ант етемін. Мәңгі гүлденіп тұратын табиғаттың қайнар көзі мен тамыры сонда жатыр. Тетрактиске кіретін сандардың қосындысы онға тең. Сондықтан он саны идеалды сан болып табылады және әлемді бейнелеп көрсетеді.
Пифагордың ең жоғарғы жетістігі — «гипотенузаның квадраты катеттердің квадартының қосындысына тең» деп аталатын атақты теоремасы, кейіннен ғылымға «Пифагор теоремасы» деп енген атақты дәлілдеуі.
Бұл теорема ертедегі Мысыр, Вавилон математиктеріне де мәлім болған, бірақ олар дәлелденбеген.
Ғылым саласында Пифагор мен пифагоршылдар мынандай жаңалықтар ашып, ғылымның дамуына үлкен үлес қосты: дедуктивтік геометрияны жасады, кеңістік геометриясы бойынша куб, пирамида, додекаэдр деп аталатын үш көпжақтың қасиеттерін зерттеді.
Пифагор ғылымының төрт саласын қарастырды. Оларды грек тілінде «математа» деп атайды, осыдан математика деген термин қалыптасты. Ол төрт сала: сан туралы ғылым (арифметика), музыка теориясы (гармония), фигуралар жайындағы ғылым (геометрия) және аспан жайындағы ғылым (астрономия).
Пифагор музыканы да математикаға жатқызып, негізгі музыкалық интервалдарды – октаваны, квинтаны, квартаны тағайындады. Пифагор музыкалық дабыстарды сандар арқылы, ал музыкалық интервалдарды сандардың қатынастары арқылы кескіндеген.
Демокриттің көзқарастарының ғылымда өзіндік орны бар. Оның атомизм ілімі универсалды философиялық ілім болып табылады. Демокрит математика, физика, философия туралы бірқатар шығармалар жазған. Бірақ оның шығармалары бізге дейін жеткен доқ. Олардың мазмұны бізге басқа авторлардың еңбегі арқылы мәлім. Демокрит атомдар туралы ілімін жасады. Дүниенің негізі — атом мен бостық. Атомдар бөлінбейді. Және сезім мүшелері арқылы қабылданбайды. Олар формасы, көлемі және кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді. Атомдар ұдайы қозғалыста, өзара әрекетте болады және шексіз материалдық дүниелерді құрайды. Демокрит ұлы болжамды дүниенің құрылымы туралы гипотезаны ұсынды. Демокриттің атомистік гипотезасы философия мен ғылымның дамуында маңызды рөл атқарды. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар осы гипотезаны жетекшілікке алып, эксперименталдық жолмен атомдарды тауып, оның табиғатын түсіндірмекші болды. Аотмистік ілім дами отырып, қазіргі жаратылыстанудың негізі болды. Атақты ойшыл, физик М. Борн «атомдық физикаға шешуші қадам осыдан 2500 жыл бұрын жасалды» дегенді айтады.
Демокрит математикте болып есептелді.
Б.з.д. IV ғ. Математиканың дамуына философиялық және жаратылыстану ғылыми мектептері үлкен әсер етті. Олардың бірін Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) басқарды. Ол Академия деп аталды. Платон математикаға үлкен мән берді. Платон математиканы ғылым ретінде өте жоғары бағалады, оны философиямен табысты шұғылдану үшін қажет ғылым деп есептеді.
Платон Демокриттің гипотезасын өткір сынға алды. Демокриттің атомдары — көлемді денелік бөлшектер. Платонның атомдары-геометриялық, идеалды геометриялық фигуралар: тік бұрыш, үшбұрыштар. Платон үшін идеалды геометриялық фигуралар, объектілер дегеніміз-тек қана аспанда өмір сүретін идеялар. Ал, жер бетіндегі бізді қоршаған дүние олардың дөрекі бейнесі ғана деп есептеді.
Математика денелік дүниеден бөліп қарастырылды, тәжірибеге көңіл бөлуге тыйым салынды. Платонның шәкірттері дедуктивті пайымдауларды ғана қолдануға ұмтылды, бұл таңдау математиканы түбірімен өзгеріске ұшыратады. Көптеген грек философтары мәңгілікті және ақиқатты іздестірді. Дедукциялық әдіс қана абсолютті бірден-бір нәтижелерге әкеледі.
Дүние туралы білімдердің жинақталуына сәйкес оларды жүйелендіру қажеттілігі пайда болды. Бұл мәселені ежелгі ойшылдардың бірі Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) табысты шешті. Ол Греция мен Македония шекарасында дүниеге келген. А. Македонскийдің ұстазы болды. 366 жылы Афинаға, Платонның Академиясына келіп 20 жыл тұрды. Аристотель Платонның сүйікті шәкірті болды. 335 жылы Афинада өзінің перипатетикалық мектебі - лицейді ашты. Перипатетика - грек сөзі: peripateo –серуен құру деген мағынаны білдіреді. Аристотель әңгімелесу, сұхбат құру барысында шәкірттерімен серуен құруды ұнатқан. Аристотель — өз заманының ірі энциклопедист ғалымы. Аристотель ғылыми жүйелендіруге алғаш қадам жасады.
Аристотельдің ілімі бойынша - дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі - заттық нәрсе. Табиғат мәңгі қозғалыстағы, өзгерістегі материалдық заттардың жиынтығынан тұрады. Дүниені тану деген - ең әуелі табиғи құбылыстарды білу деген сөз. Зат туралы түйсік, елес, ұғым болу үшін ең әуелі сол бізден тыс тұрған заттың болуы қажет.
Аристотель өзінен бұрынғы грек ғылымының жетістіктерін жалпылай логика ғылымын негіздейді. Аристотельдің логикасы математиканың дамуына күшті ықпал жасады, ол дедуктивті-логикалық әдістің қалыптасыуына әкелді. Қазіргі математикалық құрылыстың негізгі іргетасы саналатын аксиома, анықтама, теорема, дәлелдеулер дейтіндер Аристотельдің логикасы негізінде жасалған.
Аристотель-жанды, жансыз табиғат жөніндегі ғылымдарды жасауға көп ат салысқан философ. Аристотельдің жаратылыстану жөніндегі пікірлері оның философиялық идеяларымен ұштасып жатады.
Аристотельдің жануарлар дүниесі туралы еңбектері биологиялық ғылымдардың шығуына үлкен үлес қосты. Ол шәкірттерімен бірігіп 500 түрлі жануарларға сипаттама берді, жануарлар классификациясын жасауға ұмтылды.
Аристотель саяси экономия ғылымының бастамасын жасады. «Экономия» деген терминді Аристотель енгізген, ол грекше «Эйкон» -«шаруашылық», «Намос»-«Заң» деген маңынаны, яғни шаруашылық заңы дегенді білдіреді.
Аристотель өзіне дейінгі 300 жылға созылған грек ғылымы , философиясы мен өнерінің жетістіктеріне қорытынды жасап, оларға жаңа сипат берді, жаңа бағыт сілтеді. Ол әлі де болса жіктері ашыла қоймаған тұтас ғылым ішінен бірсыпыра салаларды ажыратуға бастама жасады (философия, математика, жаратылыстану, мемлекет теориясы т.б.). Бұл бастама кейіннен ғылым салаларының көптеп шығуына мүмкіндік туғызады.
Ірі ойшыл, ғалым, ол математиктердің бірі - Евклид (б.з.д. 300-225 ж.ж.). Афинада өмірге келіп, Александрияда тұрды. Онда ғылыми мектептің іргетасын қалады. Евклидтің өмірі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Ол туралы екі аңыз сақталған: оның біріншісі бойынша, Птолемей патшаның геометрияны бейнетсіз оп-оңай білдіретіндей жол бар ма?» деген сұрағына Евклид « Геометрияда патшалар үшін айрықша жол жоқ» деп жауап қайтарыпты. Екінші аңыз бойынша, бір шәкірт Евклидтен «геометрияны не пайда береді» деп cұраған көрінеді. Сонда Евклид қызметшіні шақырып алып: «оқудан пайда тапқысы келіп тұр екен, мына балаға үш теңге беріңдерші», — депті.
Евклид-математика, физика, астрономия, музыка ғылымдары бойынша бірнеше еңбектер жазған оқымысты. Олардың ішіндегі ең атақтысы – «Негіздер».
Евклидтің «Негіздері» екі мың жылдан астам уақыт бойы дүние жүзі математиктерінің қолынан түспейтін шығарма болды. Осы еңбекте жасалған геометрия жүйесі дүние жүзі мектептерінде сол қалпында оқытылып келеді. Мысалы, Англияның мектептерінде геометрияны Евклидтің « Негіздерінің» өңделген варианты бойынша өтеді, мектеп оқулығын «Геометрия» демей, жай ғана «Евклид» деп атайды.
«Негіздер» 13 кітаптан тұрады. Мұнда қамтылған мәселелер: түзу сызықты фигуралар планиметриясы: дөңгелектер, оның хордалары мен жанамасы туралы ілім т.б.
Евклид «Негіздерді» құрайтын әрбір кітапты анықтамалар келтіруден бастайды. «Негіздер» күші бүгінге дейін математика ғылымдарын дедуктивтік жолмен баяндаудың тамаша үлгісі болып отыр.
Антика ғылым тарихының жарқын беттеріне көз алсақ, онда біз ұлы ойшыл, ежелгі грек ойшылы Архимедке кездесеміз. Ол Сицилия аралында Сиракузда дүниеге келді. Александрияда білім алды. Архимед Ғылым мен Адамзат тарихының тағдырын айқындаған азын-аулақ даналардың қатарына жатады. Бұл ретте ол Ньютонға ұқсас. Осы екі данышпанның шығармалары өте ұқсас. Екуін де математика, физика, астрономия сияқты ғылымдар саласы қызықтырған. Бүкіл математиктер мен физиктердің ішінен Архимед пен Ньютонның есімдері ғана бүкіл әлемге аян.
Архимедтің ғылыми еңбектері математикаға да, физикаға да, асторномияға да жатады. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алған. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тағайындаған, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан. Сұйыққа батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең болатын және онан әрқашанда жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндігін айқындайтын заң аэростатика мен гидростатика заңы деп аталды. Архимед Жер суаратын машиналарды, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын және қамал бұзатын соғыс машиналарын т.б. ойлап шығарған.
Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған. Архимедтің «шар мен цилиндр», « Дөңгелекті өлшеу және леммалар» атты екі кітабы орыс тіліне аударылған.
Архимед енгізген санына жақын мән 3,14 сол кездегі практикада қолдануға тиімді болды. Ол қазір де қолданылады.
Архимедтің кейінгі кездегі шығармашылығына оның астрономияға деген қызығушылығына тән. Астрономиядағы оның жетістігі Планитарийдің құрылымы. Айналып тұратын сфера арқылы Күнді және бес планетаны, айдың фазасын, күн мен айдың тұтылуларын бақылап отыруға болады. Бұл даданы еске сақтау мақсатында Архимедтің ұрпақтары, оның ғылымның « мәңгі ұранына» айналған «Эврика,Эврика!-Таптым!»-деген қуашһнышты айқайын бүгінгі күнге дейін жеткізіп отыр.
Архимедтің әдісі П санының өлшемі XVII ғасырға дейін үлгі болып келді.
Ол қазіргі кезде космосқа ұшыруларға дайындауда компьютерлер орындайтын сызуларда кездеседі; Пи инженерлерге қажетті ондық белгілерді бейнелейді.
Антикалық ғылым – адамзат ойының қызықты да, жарқын беттерінің бірі. Философиялық және ғылыми идеялар, концепциялар, теориялар көбінде қазіргі ғылымның іргетасы болып табылады. Олардың кейбіреулері үшмыңжылдықтың барысында талқыланып, шешілді, пікір таластар тудырды, бірақ әлі де шешімін тапқан жоқ.
жүктеу 18.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет