Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын



жүктеу 0.63 Mb.

бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5

Думан ҚАБЫЛ.

6 ақпан

 2015 жыл

Тоқырауын тынысы

8

1.№232 лот бойынша жер 

учаскесіне  өтінім  беруші 

Алимканов  Каирбек  Алим-

канулы, Ақтоғай ауданы Абай 

ауылдық  округі  «Мирас» 

шаруа  қожалығының  жетек-

шісі,  жеңімпаз деп танылсын.   

2.№231 

лот 


бойынша 

жер 


учаскесіне 

өтінім 


беруші 

Секербаев 

Рахат 

Секербайулы      Ақтоғай 



ауданы Абай ауылдық округі 

«Ахметбек»  шаруа  қожалы-

ғының  жетекшісі,  жеңімпаз  

деп танылсын  .   

3. №249 лот бойынша жер 

учаскесіне  өтінім  беруші, 

Рыстафин  Достык  Ерликулы, 

Ақтоғай ауданы Шабанбай би 

ауылдық округінің  тұрғыны, 

«Ақжол»  шаруа  қожалы-

ғының  жетекшісі,    жеңімпаз 

деп танылсын.  

4.  №211  лот  бойынша 

жер 


учаскесіне 

өтінім 


беруші  Койшанова  Рахила 

Койшановна Ақтоғай ауданы 

Қызыларай  ауылдық  округі 

«Думан»  шаруа  қожалы-

ғының  жетекшісі,  жеңімпаз 

деп танылсын.  

5.№254 

лот 


бойынша 

жер 


учаскесіне 

өтінім 


беруші  Шибиев  Халыктилеу 

Жеткинович, Ақтоғай ауданы 

Қызыларай  ауылдық  округі 

«Гүлім» шаруа қожалығының 

жетекшісі, 

жеңімпаз 

деп 

танылсын.   



6.№19, 

№42 


лоттар 

бойынша  жер  учаскесіне 

өтінім  беруші  Нурахметов 

Тлеугабыл,  Ақтоғай  ауданы, 

Ақтоғай  селосы,  Жидебай 

көшесі  44  үй  тұрғыны  

«Нұрәли»  шаруа  қожалы-

ғының  жетекшісі,  жеңімпаз 

деп танылсын.   

7.№239 


лот 

бойынша 


жер 

учаскесіне 

өтінім 

беруші  Сулейменова  Айнур 



Елеусызбаевна,  Ортадересін 

ауылдық  округі  Ортадересін 

ауылының  тұрғыны  «Елжас» 

шаруа  қожалығының  жетек-

шісі, жеңімпаз деп танылсын.

8.  №236  лот  бойынша 

жер учаскесіне өтінім беруші 

Жақсыбеков  Айтбек  Қалым-

бекұлы, 

Ақтоғай 


ауданы 

Қусақ 


ауылдық 

округіне 

қарасты  «Ынталы»  шаруа 

қожалығының 

жетекшісі,  

жеңімпаз деп танылсын.      

9.  №234,  №235,  лоттар 

бойынша  жер  учаскесіне 

өтінім  беруші  Сагынбеков 

Бауыржан 

Жанарбекович, 

Ақтоғай 


ауданы 

Абай 


ауылдық  округіне  қарасты 

«Нұр»  шаруа  қожалығының 

жетекшісі,    жеңімпаз  деп 

танылсын.     

10.  №241  лот  бойынша 

жер учаскесіне өтінім беруші 

Арипбеков 

Габидолла 

Калияскарович, 

Ақтоғай 


ауданы Ортадересін ауылдық 

округіне қарасты «Қалиасқар» 

шаруа 

қожалығының 



жетекшісі, 

жеңімпаз 

деп 

танылсын.   



11.  №243  лот  бойынша 

жер 


учаскесіне 

өтінім 


«Ақтоғай ауданының жер 

қатынастары бөлімі» ММ-і жер 

учаскелерін  «Ауыл шаруа-

шылығы өндірісін жүргізу үшін 

жер учаскелерін жалға беру жөнін-

дегі конкурстың» 2015 жылдың 

26 қаңтары күні өткізілген  

конкурстық комиссиясының 

қорытындысына сәйкес, төмендегі 

өтінімдерді ұтқан жеңімпаздарды 

хабарлайды

беруші  Ертаубаева  Панар, 

Ақтоғай  ауданы  Қараменде 

би ауылдық округіне қарасты 

«Қуандық»  шаруа  қожалы-

ғының  жетекшісі,    жеңімпаз 

деп танылсын.   

12.  №250  лот  бойынша 

жер 

учаскесіне 



өтінім 

беруші 


Рахпанов 

Бейбит 


Жексембекович, 

Балқаш 


қаласы,  Шашубай  мөлтек 

ауданы  4/  26  үй  тұрғыны, 

«Алтай» шаруа қожалығының 

жетекшісі, 

жеңімпаз 

деп 


танылсын.   

13.  №251  лот  бойынша 

жер учаскесіне өтінім беруші 

Асылхан Ермек Тусупбекулы, 

Ақтоғай  ауданы  Ортадересін 

ауылдық  округіне  қарасты 

«Толқын»  шаруа  қожалы-

ғының  жетекшісі,  жеңімпаз 

деп танылсын

14.  №240  лот  бойынша 

жер  учаскесіне  өтінім  беру-

ші  Толеубек  Аманкельди 

Манашулы,  Ақтоғай  ауданы 

Ортадересін  ауылдық  окру-

гіне қарасты «Қайрат» шаруа 

қожалығының 

жетекшісі, 

жеңімпаз деп танылсын.   

15.  №242  лот  бойынша 

жер учаскесіне өтінім беруші 

Оразов  Жанат  Касенович, 

Ақтоғай  ауданы  Қызыларай 

ауылдық  округіне  қарасты 

«Ернұр» шаруа қожалығының 

жетекшісі,    жеңімпаз  деп 

танылсын.   

16.  №245,  №247  лот 

бойынша  жер  учаскесіне 

өтінім  беруші  Бектаубаев 

Тилеукул  Ертаубаевич,  Ақ-

тоғай 

ауданы 


Қараменде 

би  ауылдық  округі,    Ақтас 

ауылы,    Еңбек  көшесі  17  үй 

тұрғыны,  «Мейіржан»  шаруа 

қожалығының 

жетекшісі,  

жеңімпаз деп танылсын.   

17. 


№247 

лоттар 


бойынша  жер  учаскесіне 

өтінім  беруші  Садыкбеков 

Бердибек 

Карибаевич, 

Ақтоғай  ауданы  Қараменде 

би  ауылдық  округі,    Ақтас 

ауылы,  Еңбек көшесі 11/1 үй 

тұрғыны,  «Алтынбек»  шаруа 

қожалығының 

жетекшісі,  

жеңімпаз деп танылсын.   

18.  №237  лот  бойынша 

жер  учаскесіне  өтінім  беруші 

Алина Арай Елеуовна, Ақтоғай 

ауданы  Сарытерек  ауылдық 

округі,  Ақтұмсық  ауылының 

тұрғыны, 

«Дәулет» 

шаруа 

қожалығының 



жетекшісі, 

жеңімпаз деп танылсын.   

19.  №180  лот  бойынша 

жер  учаскесіне  өтінім  беруші 

Каримов 

Марат 


Базарулы, 

Ақтоғай 


ауданы 

Нүркен 


ауылдық  округіне  қарасты 

«Базар»  шаруа  қожалығының 

жетекшісі, 

жеңімпаз 

деп 

танылсын.   



20.  №248  лот  бойынша 

жер  учаскесіне  өтінім  беруші 

Маутанбеков 

Ерболат 


Рымханулы,  Ақтоғай  ауданы 

Кежек 


ауылдық 

округіне 

қарасты  «Шынболат»  шаруа 

қожалығының 

жетекшісі,  

жеңімпаз  деп танылсын. 

      

 «Ақтоғай ауданының 



жер қатынастары бөлімі».

мүмкін.  Көбінесе,  ем  аурудың 

қай  сатыда  диагностика  жа-

салуына  байланысты  болып 

келеді. 

Басқа 


ауруларда 

кездесетіндей,  ауруды  асқын-

дырып  алған  жағдайда  ем-

деу  қиынға  соғады.  Соңғы 

жылдары 

онкологиялық 

аурулардың  жасару  бағытын 

байқай  отырып,  әрбір  адам 

үшін  алдын-ала  тексерілу  мен 

үнемі медициналық қаралудан 

өтіп тұру қажеттілігі айтылып 

жүр.


Обыр  ауруының  80-90% 

жағдайлары қоршаған ортаның 

себептері деп саналады; «Қор-

шаған 


орта» 

анықтамасы 

өзінің  кең  мағынасында  әлі 

де  аз  зерттелген  тамақ  өнім-

дерінен, 

әлеуметтік 

және 

мәдени іс-әрекеттен құралады. 



Алдын алуға болатындай обыр 

ауруының  себептері  толық 

анықтала қойған жоқ, дегенмен 

ауыратындардың  жартысына 

жуығында  ондай  себептердің 

барлығына  болжам  жасалған. 

Обыр 

ауруының 



үлесі: 

тамақтану  сипатының  30-35 

%-нан, темекі тартатындардың 

30%-нан,  жұқпалы  (вирус-

тық) 

агенттердің–17%-нан, 



алкогольдің – 4%-нан, қоршаған 

ортаның 


ластануының–2%-

нан,  аурудың  тұқым  қуалау 

салдарының  2%-нан  тұрады. 

Осы  факторлардың  әсерін 

тұтас  қарастыру  қажет.  Күн 

сайын  аурудың    алдын  алу 

негіздерін  есте  сақтамау,  яғни  

жалқаулық  пен  қол  тимеудің 

салдарынан 

біз 


өзіміздің 

денсаулығымызға  салғырт  қа-

рап келеміз.

Обырдың алдын алуға бол-

атын ауру екендігі жайлы біраз 

дәлелдер бар.

Есте 

ұстаңыз, 



ауруды 

емдеуге 


қарағанда, 

алдын 


алу  оңай!  Ол  үшін  салауатты 

өмір салтын ұстанып, бірнеше 

қарапайым  ережені  ұстанған 

абзал.  Темекі  тартпаңыз,  егер 

тартып 

жүрген 


болсаңыз, 

тоқтатыңыз.  Егер  Сіз  темекіні 

тастай  алмай  жүрсеңіз,  онда 

тартпайтындар 

арасында 

темекі  тартпаңыз.  Пассивті 

темекі  тарту  активті  темекі 

тарту сияқты зиянды.

Рак  ауруының  салдарынан 

болатын  өлім  жағдайларының 

25-30%-ы 

темекімен 

байланысты.  Тек  қана  темекі 

тарту  және  оған  алкогольдің 

қосылуы  салдарынан  болатын 

ұлтабар,  жұтқыншақ  және 

ауыз  қуысы  обырының  үлесі 

43%-60%  аралығында өзгеріп 

отырады.  Қуықтың,  асқазан 

асты безі және бүйрек, асқазан, 

жатыр  мойны,мұрын  қуысы 

мен  миелоидты  лейкоз  обыры 

жағдайларының 

көпшілігі 

болатын  химиялық  заттар) 

көптеген 

азық-түліктерде 

кездеседі. 

Әсіресе, 

майға 


қуырылған,    консервіленген 

және  маринадталған  тағам-

дарда,  ұзақ  сақталған,  ыстал-

ған  азық-түліктерде.  Ол  үшін 

майлы  тағамдарды,  әсіресе, 

малдың 


майын 

тұтынуды 

азайтыңыз,  қатты  тоя  тамақ-

танбаңыз,  күнделікті  тамақ-

тану рационы 2500 калориядан 

аспауы  тиіс.  Үнемі  жүктемесіз 

және 

ақуызсыз 



тамақтану 

күндерінің  жүйесі  мен  дие-

та 

сақтауды 



ұстаныңыз. 

Алкогольді 

тұтынуды 

қойыңыз. 

Суға 

қатысты 


айтарымыз: 

фильтрленген 

немесе  бөтелкедегі  суды  пай-

даланыңыз.

Күн  сайын  жасұнықтардан 

(клетчатка)  тұратын  жемістер, 

көкөністер,  шырындар  және 

басқа  да  өсімдік  құрамдас 

тағамдардың 

бөлшегін 



(порциясын) 

жеп 


отыру 

қажет.  Жасыл,  сары  және 

қызғылт 

сары 


көкөністер 

мен 


жемістерді, 

цитрусты 

жемістерді,  жидектерді,  құр-

ғатылған 

жемістерді, 

теңіз 


азық-түліктерін, 

пияз 


бен 

сарымсақты  тұтыну  ерекше 

пайдалы.  Қызыл  көкөністердің 

ішінде  ең  тамаша  таңдау  – 

қызанаққа  тиесілі.  Өзіңіздің 

күнделікті  рационыңызға  ірі 

ұнтақты ұннан жабылған нанды 

(бидайдан және қара бидайдан) 

және  ботқаны  қосқаныңыз 

абзал.  Майлы  балықта  қатерлі 

жаңа 

өскіндердің 



дамуына 

кедергі  жасайтын  пайдалы 

заттар көп-ақ. Жаңғақтар да өте 

пайдалы.                

Иммунитетті  нығайтыңыз. 

Белсенді  болыңыз,  күн  сайын 

дене  шынықтырумен  шұғыл-

дануға тырысыңыз.

Дене  белсенділігінің  қор-

ғану  тиімділігі  рак  ауруының 

даму  тәуекеліне  қатысты  бел-

сенділік  деңгейінің  артуына 

байланысты  күшейе  түседі. 

Дегенмен  жүрек  ауруы  бар 

адамдар 

сақтанғаны 

абзал.  

Дененің  қалыпты  салмағын 

ұстау,  әсіресе,  үнемі  отырып 

жұмыс  істейтін  адамдар  үшін  

дене  белсенділігі  қажет.  Дене 

жаттығуларын 

аптасына 

реттен  кем  емес,  30-40  минут 



бойы  жасау  керек.  Егер  сіз 

суық  тиіп  жиі  ауыратын 

болсаңыз, иммунолог дәрігерге  

қаралыңыз.

Вирустарға 

тексеріліңіз. 

Барлық  онкологиялық  ауру-

лардың 


10%-ын 

вирустар 

шақыруы 

мүмкін. 


Ауруды 

жұқтырып  алу  мен  дамуы 

арасында  көптеген  жылдар 

өтуі 


мүмкін, 

бірақ, 


сіз 

қоздырғыш  вирустың  тасым-

Рак 

(обыр) 


– 

түрлі 


ағзаларда  қатерлі  ісіктердің 

пайда  болуымен  байланысты 

туындайтын аурулардың тұтас 

спектрінің жалпы атауы. Соның 

ішінде  ауру  түрлері  мен  оны 

емдеу  әдістері  әртүрлі  болуы 

О н к о л о г и я л ы қ 

аурулардың  алдын 

алу

  



 

темекі  тартумен  байланысты 

болып  келеді.  Рак  ауруынан 

қайтыс  болу  жағдайларының 

жартысы 

орташа 


жаста 

кездеседі,  оған  қоса  темекі 

тартатындар  тартпайтындарға 

қарағанда  өздеріне  берілген 

ғұмырдың 

20-25 


жылын 

текке 


жоғалтады.Қазіргі 

таңда  обыр  немесе  басқа 

аурулардың  басталуына  дейін 

темекі  тартуды  тоқтату  темекі 

салдарынан 

болатын 


өлім 

жағдайларынан,  орта  жастан 

бастап,  тіпті  егделеу  жаста 

да  емделуге  мүмкін  болатын 

дәлелдер жеткілікті.

Ас  мәзіріңізден  зиянды 

тамақтарды  алып  тастаңыз. 

Канцерогендер  (қатерлі  жаңа 

өскіндердің  дамуына  себеп 

алдаушысы 

болсаңыз, 

өз 


денсаулығыңызды 

үнемі 


бақылауда 

ұстап, 


ауруға 

мүмкіндік  бермеу    жайын  да 

білуіңіз қажет.

Артық күн сәулесін қабыл-

даудан қашуға тырысыңыз.

Тері  аурулары  рагының 

басты себебі күн сәулесі, әсір-

есе,  оның  ультракүлгін  бөлігі 

болып  табылады.  Өзіңізге 

көңіл  бөліңіз.  Егер  Сіздің 

бойыңыздағы  мең  немесе 

қалыңыз  киініпшешінгеннен 

немесе  мойныңыздағы  ал-

қаңыздың  жанасуынан  көл-

емі  немесе  түсі  өзгеретін 

болса,  жедел  түрде  дәрігерге 

хабарласыңыз. 

Ондай 


меңдерді 

өз 


уақытында 

алып  тастау  арқылы  тері 

рагының 

басталуына 

жол 

бермейді.  Өзіңізді  бақылау 



барысында  осындай  жайсыз  

факторларға  назар  аударыңыз 

Обыр 

дамуының 



алдын 

алатын  және  осы  аурудан 

жазылып  шығу  сенімділігін 

арттыратын  денсаулық  сақтау 

бағдарламалары бар. Скрининг 

бағдарламаларына қатысыңыз! 

Скрининг  дегеніміз  –  ауру 

симптомдары 

байқалғанға 

дейін  ауруды  анықтау  мен 

емдеу. 

Симптомдары 



жоқ 

ауруларды анықтау мен емдеу 

рактан  келетін  өлім  санын 

азайтуға мүмкіндік береді.

Әрбір әйел адамдар, етеккір 

аяқталысымен сүт бездеріңізді 

жан-жағынан  ортасына  қарай 

сипалау 


арқылы 

тексеріп 

көріңіздер.  Егер  Сізді  оның 

сыртқы түрі мен тері түсіндегі 

және  бездің  формасындағы 

өзгерістер  мазаласа,  немесе 

Сіз сипалаған кезде тығыздық 

байқалса,  онда  міндетті  түр-

де 

онкологқа 



қаралыңыз! 

Ал,  40  жастан  асқандар  сүт 

бездеріндегі  өзгерістер  мен 

осы  ағзадағы  ракты  ертерек 

анықтау үшін маммографиялық 

тексеруден  өтіп  тұруы  тиіс. 

Егер Сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 

60  жаста  болсаңыз,  онда  сүт 

бездері  рагының  скринингіне 

қатысыңыз,  ол  үшін  сүт 

бездеріндегі 

өзгерістер 

мен  осы  ағзаның  рагын  ер-

терек  анықтау  мақсатында 

маммографиялық  тексеруден 

өтуіңіз қажет.

25  жастан  асқан  қыз-

келіншектер жатыр мойнының 

шырышты 

қабатындағы 

өзгерістерді  анықтау  мен  сақ-

тану    мақсатында  шырышты 

қабаттан  алынған  жақпаларды 

тапсырыңыз.  Егер  Сіз  30, 

35,  40,  45,  50,  55,  60  жаста 

болсаңыз,  жатыр  мойнының 

скринингіне 

қатысыңыз, 

аталған    жақпаларды  тапсыру 

– осы ағзаның рагынан сақтану 

үшін қажет.

Сонымен  бірге  50  жастан 

асқан  ерлер  мен  әйелдер  

колоректальді  обыр  скрин-

ингіне  қатысыңыз,  бұл  үшін 

Сізге  тоқ  ішек  (бүйен)  мен 

тік  ішек  обырын  анықтау 

мақсатында    нәжіс  және  қан 

тапсыру  қажет.  Ал,  жасы 

55-тен  асса  және  қуық  асты 

безіндегі  өзгерістер  мен  осы 

ағзаның рагын ерте сатысында 

анықтау  үшін  ПАА-ға  үнемі 

қан  анализін  жасатқаныңыз 

жөн. 

Барлық 


адамдар 

үнемі 


флюорографиядан  өтіп  тұруы 

керек.


    

Бағдат  Нұрмағанбетов,

  дәрігер онколог.

6 ақпан

 2015 жыл

Тоқырауын тынысы

9

Тоқырауын көтерілісі

(Жабайдың Сәдуақасы)

Төмендегі  деректі  дүние  осыдан  7-8 

жыл  бұрын  да  мерзімді  басылымдар-

да  жарияланған  еді.  Кейін  сала  мақала 

кейіпкері  жайлы  2  жәдігерлік  қолға 

түсті.  Оның  біріншісі–Сәдуақастың  ХІХ 

ғасырдың  соңғы  ширегінде  болыстың 

орынбасары  болып  ел  басқару  ісіне 

қатысқаны  болса,  екіншісі  Әлихан 

Бөкейхановтың 1907 жылғы «Голось сте-

пи» газетіне жазған шағын мақаласы.

Әлекеңнің  қаламына  іліккен  үлкен 

саяси  оқиғаның  құрамды  бөлшегі  бол-

ғандықтан,  тағы  да  оқырман  назарына 

қайыра ұсынуды жөн көрдім.

Кеңес  заманындағы  зұлматтардың 

осы  ортада  алғаш  басталуы  –  үлкендер 

өкінішпен  еске  алатын  «Қызыл  қуып, 

ақ  қашқан»  өткен  ғасырдың  жиырма-

сыншы  жылдардың  басы  мен  1928-29 

жылдардағы  «ұлы  кәмпеске»  деп  ата-

латын  кезең  екен.  Одан  соң  кезең-

кезеңмен  келетін  1932  жылғы  аштық, 

1937-38  жылдардағы  жазықсыз  жандар-

ды  қудалап  қысым  көрсету,  арыстары-

мызды  қойша  көгендеп  атып-асу,  т.б. 

болып  жалғаса  берері  мәлім.  Оған  Ұлы 

Отан  соғысынан  оралмаған  боздақтарды 

қосыңыз.  Иек  астында  қалған  жиырма-

сыншы жүз жылдықтың қазақ халқының 

басына  әкелген  нәубеттері  қаншама 

дамыдық,  өркендеп  өсіп,  мәдениетіміз 

бен  ғылымымыз  ілгеріледі  дегенмен, 

«Ұлттық  трагедияға»  ұрындырғанын  ай-

тып тауыса алмастай болған ғасыр апаты 

екені ақиқат.

Ел басына күн туып, етігімен су кеш-

кен сол кезеңде жанын шүберекке түйіп, 

халқының  тәуелсіздігі  үшін  бастарын 

бәйгеге  тіккен  аталарымыздың  аттары 

аракідік  үлкендер  аузынан  естіліп  қа-

лады.  Солардың  бірі  1930-31  жылдары 

«Тоқырауын көтерілісін» ұйымдастырған, 

өзі соған бас болған Жабайдың Сәдуақасы 

екен.


Ол  1887-1889  жылдары  Қотан  Бұ-

лақ  болысындағы  болыстың  орын-

басары  міндетін  атқарады.  Әлихан 

Бөкейхановтың  Омск  қаласында  шығып 

тұратын «Голос степи» газетінің №29 фев-

раль  1907  жылғы  санында  жарияланған 

«Къ  выбормъ  в  Государственную  Думу» 

(Каркаралы.  Семипалатинская  область) 

деген  мақаласында  Мемлекеттік  Думаға 

мүше сайлауға болыс халқы атынан Қотан 

Бұлақ  болысынан  өкіл  болып  Сәдуақас 

Жабаев  пен  Мәлгаждар  Сыздықовтың 

бекігені айтылады. («Әлихан Бөкейханов» 

шығармаларының  толық  жинағы,  5  том, 

«Сарыарқа» баспа үйі. Астана. 2010 жыл, 

130-бет).

Ол–Дадан 

тобықтыларының 

Ма-

нас 


атасының 

Оразынан 

тарайтын 

Мандар  бұтағынан.  ХІХ  ғасырдың 

соңғы  ширегінде  оның  үлкен  әкесі 

Жабай  ақындығына  қоса  ел  ынтымағы 

мен  бірлігін  сақтауда  аты  шыққан  ел 

басшысы  болыпты.  Нарманбет  ақын 

әкесі  Орманбетке  шығарған  жоқтауында 

Құрмалықтың ағайынды ұлдарын:

...Қожабай, Жабай, Разақ,

Ауылды аз демесең,

Олардан  артық  қай  қазақ,–деп  Сә-

дуақастың  аталарының  еңбектерін  ерек-

ше құрмет тұтады. Сәдуақас Шаймерден-

нен  туғанмен  үлкен  әкесінің  есімі  қоса 

тіркеліп, ел ішінде Жабайдың Сәдуақасы 

аталған. Текті атаның қаны мен тәрбиесі 

арқылы дарыған Сәдуақастың бойындағы 

бас 


асаулық, 

өршілдік, 

бірбеткей, 

намысқойлық айналасында болып жатқан 

жолсыздықтарға  сын  көзімен  қаратып, 

жаңадан  орнаған  Кеңес  өкіметінің 

халыққа 

жасаған 


қиянат-қыспағына 

қарсы шығарды.

Қазақ 

жерінде 


әміршіл-әкімшіл 

тоталитарлық жүйе жүзеге асырған қазақ 

байларын 

кәмпескелеу, 

шаруаларды 

еркінен  тыс  ұжымдастыру  тұтас  бір 

халықты ашықтан-ашық жойып жіберуге 

бағыт  алған-ды.  Қазақстан  өкіметінің 

1926  жылғы  тамыздағы  «Декретін» 

басшылыққа  алған  белсенділер  ауылдағы 

байларды, 

тіпті 


орта 

дәулеттілерді 

тәркілеуді қауырт жүргізді. Асыра сілтеуге 

жол  берілді.  Тәркілеу  науқаны  қазақты 

отырықшылыққа  айналдыру  керек  деген 

ұранға ұласты. Осыны пайдаланған сауаты 

мен  түсінігі  төмен  елдегі  белсенділер 

халыққа  қысым  көрсетті.  Түрлі  салықтар 

көбейді.  Ауыл  халқы  адам  төзбес  күйге 

ұшырады.  Осыған  орай  өкіметке  деген 

наразылықтары  күшейіп,  Абыралы,  Ба-

қанас,  Шұбартау,  т.б.  көтерілістері  туды. 

Осылардың  жалғасы  іспетті  Тоқырауын 

бойында да 1930 жылдың соңы мен 1931 

жылдың  наурыз,  көкек  айларында  аудан 

халқы  арасында  толқулар  басталып, 

беделді  деген  азаматтар  атқа  мінеді.  Осы 

көтерілістің  басталуының  себеп-салдарын 

зерттеп,  көтеріліс  басшыларына  үкім 

шығарған  «Үштіктің»  екеуімен  кездесіп, 

деректер алған, бұл күндері жасы 89-дағы 

Балқаш  қаласының  тұрғыны,  «Ақтоғай 

ауданының  Құрметті  азаматы»  Байсеркин 

Қайырбек  қарияның  деректеріне  жүгінуді 

жөн  көрдік.  Елдегі  жаппай  наразылыққа 

оның  ішінде  жапсарлас  жатқан  Семей 

жеріндегі  халықтық  толқуға  бұрынғы 

Қоңырат  ауданында  тұратын  сол  кез-

дегі ширақ, беделді жігіттер де үн қосты. 

Олар  қысым  мен  қудалауға  шыдамай  өз 

төңірегіндегілерді  ішінара  қаруландырып, 

топтастыра білді. Алғашқы қимылдарының 

бастау  алған  жері  Ортадересін  болыпты. 

Қазіргі  Ақтоғай  деп  аталатын  аудан  1960 

жылға  дейін  Қоңырат  ауданы  аталып 

келген.  Бұл  ауданның  негізі  1928  жылы 

қаланады.  Алғашқы  орталығы–қазіргі 

Нарманбет  ауылының  Дуанши  деген 

жері.  Онда  шаруалар  кооперативі  бар 

екен.  Келер  1929  жылы  аудан  орталығы 

қазіргі  Ақтоғай  селосынан  2-3  шақырым 

оңтүстік-шығыстағы 

Қарамойынға 

ауысады.  Ол  жерді  бұрын  «Ақ  үй»  деп 

атаған.  Басқару  органдарының  барлығы 

дерлік  осы  жаңа  мекенге  көшкен  кез. 

Наразы  топты  бастап,  тікелей  нұсқау 

берушілер Жабайдың Сәдуақасы (Мандар 

руынан),  Смайылдың  Жақыпбегі  (Ақсақ 

руынан) және Балжанның Түбегі (Көшкін 

руынан)  деген  азаматтар  болады.  Олар 

алдымен 


Дуаншидегі 

кооперативтегі 

азық-түлікті  талап,  Тоқырауынды  өр-

лей  келе,  Сарытеректегі  дүкенді  де 

басып  алады.  Дүкен  мүлкінің  біразын 

сол  маңдағы  ауылдарға  үлестіреді.  Осы 

жерде біраз қақтығыстар болып, Жекейдің 

Қанышы,  отряд  мүшесі  Азамбаев  деген 

жігіт  оққа  ұшады.  Екі  адам  жараланады. 

Барлаушылар  арқылы  көтерілісшілердің 

негізгі  тобы  Кеңдара  арқылы,  екінші 

шағын тобы өзенді өрлеп келе жатқандары 

білінеді.

Көтерілісшілерді аудан маңынан тосып 

алмақшы болып құрылған қарулы жасақты 

аудандық  ОГПУ-дың  өкілі  Мехалошин 

Тимофей  басқарыпты.  «Ақ  үйге»  қарай 

қиқулап  ереулей  шауып  келе  жатқан 

Сәдуақас  тобын  пештің  мойнын  паналап 

дүрбі  арқылы  анықтаған  ол:  «Мыналарда 

мылтық  шамалы  екен.  Көбінің  мойнына 

шошайтып  асып  алғаны  киіз  үйдің  уығы. 

Адам  шығынын  жасамай,  астындағы 

атын  атыңдар.  Алдымен  ту  ұстаушыны 

құлатсаңдар  көпшілігінің  берекесі  кетіп, 

кері  қашады»,–деп  мергендеріне  бұйрық 

беріпті.  Мергендер  атқан  оқ  ту  ұстап 

келе  жатқан  Жәнпейістің  Аханының 

жіліншігі мен астындағы атына қоса тиеді. 

Алдыңғы  топтан  да  біраз  адамдардың 

аттары  құлайды.  Ереуілші  топтың  беті 

қайтып,  тосылып  қалады.  Құты  қашқан 

олар  аттары  құлаған  серіктестіктерін 

мінгестіріп  алып,  кері  бұрылады.  Аудан 

маңынан  ұзап,  ауылдарына,  тағы  басқа 

жақтарға  тарап  бой  тасалай  бастайды. 

Сол  шамада  Қарқаралыдан  қосымша 

жазалаушы отряд та келіп жетеді. Сәдуақас 

пен  Жақыпбек  Керегетасты  (Нарманбет 

ауылындағы «Тасқын» деп аталып жүрген 

Орта қораның күншығыс жағындағы аласа 

шоқылы  батыс  баурайында),  Ит  құдық 

деген  суы  бар  жерді  біраз  паналайды. 

Жақын туыстары кешкілік, түнгі мезгілде 

азық жеткізіп беріп тұрады. Іздеу күшейіп, 

із  кесушілер  жиілеген  соң,  екеуі  екі 

бөлініп,  өз  беттерінше  бас  сауғалауға 

көшеді.  Сәдуақас  елсіз  Табақ,  Қазық, 

Меңеш  қопасы,  Арқар  су  жаққа  бет 

алады.  «Аңдыған  жау  алмай  қоймайды» 

дегендейін,  жер  ыңғайын  жақсы  білетін 

Керей  Төлеңгіт  аңшысы  Иманбектің 

бастауымен  Чутин  басқарған  жазалаушы 

отряд  Сәдуақасты  Қазықта  қолға  түсіріп, 

атып өлтіреді. Астындағы бедеу қара биесі 

мен  үстіндегі  тұлыбын  аңшыға  беріп,  өлі 

дененің  бетін  жасырмай,  далаға  тастап 

кетеді.  Сәдуақастың  көзінің  жойылғаны 

туралы  заң  орындарынан  естігенімен 

іле-шала  оның  сүйегін  тауып,  қолма-қол 

жерлеуге  жендеттікке  негізделген  күш 

туыстарына  мүмкіндік  бермепті.  Біраз 

күндерден  соң  Мандардың  үлкендері: 

«Азаматымыздың бетін жасыруға шамамыз 

жетпегені  қалай,  жасырын  іздеушілер 

шығайық,  сүйегін  тауып,  мұсылмандық 

рәсімімен  жер  қойнына  берейік»,–деген 

ұйғарымға  келеді.  Жазық  қыраттары 

шамалы  маң  даланы  бірнеше  күн  сүзген 

іздеушілер мүрдені табады. Қорқа, сақтана 

жүріп, Сәдуақастың сүйегін Ортадересінге 

жеткізеді.  Өзімен  3-4  атадан  қосылатын 

Әбілданың бәйбішесінің бейітіне жерлейді. 

Смайылдың  Жақыпбегін  Қусақтың 

Қарабұлаққа  құяр  сағасында,  ал  Түбекті 

Сарыөлеңдегі  Тас  төбе  маңында  атады. 

Сөйтіп,  бүкіл  қазақ  даласы  бойынша  ба-

стау алған наразылықтың бір бөлшегіндей 

болған  «Тоқырауын  көтерілісі»  басталып, 

жаншылады...

Көтеріліс 

басшыларының 

көзі 

жойылған  соң,  осы  дүрмекке  ілесті  деген 



азаматтар тергеуге алынды. Олардың біразы 

бертінге  дейін  ғұмыр  сүрді.  Көтеріліске 

қатысты  делініп,  Ақтоғайдағы  түрмеге 

түскен  Нарманбет  ауылының  тұрғыны 

Шалқарұлы  Дәуренбек  қария:  «Тергеу 

кезінде оқымаған қараңғылығымыз, соның 

салдарынан  кеңестік  саясаттан  хабар-

сыз  болғанымыз  ескерілді.  Ақтоғайдағы 

ОГПУ-дың  бастығы  Мехалошин  де-

ген  орыс  жігітінің  кеңдігі,  кешірімділігі 

арқасында  жазадан  құтылдық.  Басқа  бір 

қаныпезер  болғанда,  бәріміз  де  «ит  жек-

кенге»  кете  барар  едік»,–дейтін.  Аталған 

қарияның осы сөздерін ел азаматтары мен 

көнекөздер теріске шығармайтын.

Дей тұрғанмен, Құрмалықтың екі ұлы 

Қожабай  мен  Жабай  ұрпақтары  соңынан 

сөз ереді. Өкіметке қарсы пиғылда болған 

әулет есебіне алынып, ұрпақтары мойнына 

қоңырау тағылады. Бұл пікірімізді Сәдуа-

қастың немере туысы Алтынбектің үлкені 

Ғаббасты  Алашордашыл  болғаны  үшін, 

үшінші  баласы  Қырымды  жан  сауғалап 

жүрген  сонау  Қызылорда  жерінде  1938 

жылы  «Халық  жауы»  ретінде  атқаны 

жайлы  «Орталық  Қазақстан»  газетінің  18 

наурыз  2006  жылғы  санында  жерлесіміз 

Күләш  Сардарбектің  «Ақ  күріштің  май-

талман  шебері»  деген  деректі  зерттеу 

мақаласы және 28 ақпан 2007 жылы «Еге-

мен  Қазақстан»  газетіндегі  Мейрамбек 

Төлепбергеннің  «Адамға  тағзым  етпе-

ген  тарихқа  тағзым  етпейді»  деген  атпен 

жарияланған академик Хайдар Арыстанбе-

ковпен жасалған сұхбаты айғақтайды екен.

Енді ағамыз Хайдардың сол жылдарды 

еске алуынан үзінді келтірейікші.

...Біздің  Мамай  бабамыз  да,  одан 

туған  Жабай  мен  Қожабай  аталарымыз 

да Сарыарқа өңіріне әйгілі болған кісілер. 

Дәулеті  тасыған  адамдар  қатарында  да 

елдік  мәселелерге  қатысқан.  Аузы  дуа-

лы  әрі  шешен  Жабай  атамның  абырой-

беделі  бүкіл  әулеттің  киесі  саналып,  ол 

әлі  күнге  дейін  Қарқаралы  өңірінде  аңыз 

болып  айтылады.  Жалпы,  текті  әулеттің 

өмірінде ғана тарихи өмір көп болады. Ол 

кісінің бел баласы Шаймерден атамыз ХІХ 

ғасырда  атақты  Құнанбай  ақсақал  секілді 

Меккеге  қажылыққа  барған  кісі.  Ұлт 

мақтанышы әрі данасы Абайдың әкесімен 

дәм-тұздас  болып,  біраз  жылдар  бірге 

жүрген.  Шаймерден  қажыдан  Сәдуақас, 

менің  әкем  Арыстанбек  және  Жұмақан 

деген  кісі  ұрпақ  жалғасы  болып  тарай-

ды.  Солардың  ішінде  Сәдуақас  әкеміз  ел 

тірлігіне  белсене  араласты.  Соның  бірін 

ғана  айтайын,  1930  жылдары  солақай 

саясаттың салдарынан қазақ халқы жаппай 

аштыққа  ұшырап,  қырылып  жатқан  тұста 

Сәдуақас  Жабайұлы  жергілікті  өкіметке 

қарсы халық наразылығын ұйымдастырып, 

жұртты  бастап  шыққан.  Мұны  жергілікті 

өкімет  еңбекшілердің  әділдікті  талап 

етуі  демейді,  керісінше  большевиктер 

өкіметіне  қарсы  бүлік  ұйымдастырушы 

деп,  ол  кісіні  сот  үкімінсіз  халық  жауы 

деп  ауыр  жазаға  кеседі.  Қуғынға  түседі. 

Ол  кісімен  тізе  қосқан  басқа  адамдарды 

да аяусыз жазалайды, туған-туысқандарын 

тағдыр  тәлкегіне  ұшыратады.  Балқаш 

көлінің  солтүстік  жағалауында  мекен 

еткен  аталас  ағайындар  арасына  барып, 

пана іздейді. Бірақ, үкіметтің жазалаушы-

лары жан таптырмайды.

...Үлкен  қызметке  енді-енді  арала-

са  бастаған  тұста  осы  Сәдуақас  әкемнің 

күрделі  де  аянышты  тағдыры  менің  де 

алдымнан  басқаша  сипатта  шығады  деп 

ойламаппын... Үш жылдан кейін үстімнен 

бұрқыратып  арыз  жазушылар  дегеніне 

жетті. Арыз жазған екі адам. Оларды өзім 

жақсы  танимын.  Тағылған  айып  біреу. 

Мен  өз  өмірбаянымда  әкемнің  ағасы 

Сәдуақастың  1930  жылдары  әлгінде 

айтқанымдай, өкіметке қарсы наразылық 

ұйымдастырушы  болып,  халық  жауы 

атанғанын  жасырып  жүріппін.  Ата-

сы  Шаймерден  қажы  дінге  сенетін  кісі 

болған.  Діндар  адамның  ұрпағы  партия 

басшылығында  болмауы  керек  деген 

сөздер  айтылған.  Мұндай  адам  жоғары 

лауазымда  қызмет  атқаруға  болмай-

ды  деген  айыпты  атап  айтпаса  да,  сол 

кездегі саясаттың лаңы маған маза берген 

жоқ.  Бұл  жағдайдың  шындығын  білетін 

кісілер маған араша түсті. Бірақ, қайтесіз, 

партияға қарсы келуге болмайтын уақыт 

еді.

Осы  бір  қысылтаяң  шақта  туған 



топырағындағы  Әбділданың  Қауазы  мен 

Төлетайдың Сламбегі сияқты ел ағалары 

бас  болып,  бауыры  Хайдарды  арашалап 

алу  жөнінде  қауіпті  әрекеттерге  барып-

ты.  Олар  Қоңырат  ауданына  қарасты 

3  ауылдық  кеңес  қамтитын  9  ұсақ 

колхоздың  колхозшылары  атынан  жи-

налыс  қаулыларын  қабылдап,  жоғарғы 

жаққа жіберген екен. Оның аман қалуына 

осы  жай  себеп  болған  дейтін  үлкендер. 

Дей  тұрғанмен,  ХХ  ғасырға  тән  дауыл-

ды  зұлматтан  Хайдардың  аман  қалуына 

Қауаз бен Сламбектің әрекеті ғана себеп-

кер болды десек, біржақты айтылған баға, 

болжам  болар  ма  деп  те  ойға  қаласың. 

Өйткені, «Жақсы жігітке екі кісілік орын 

бар»  деп  халық  айтса,  қалып  айтпайтын 

нақылды  еске  алсақ,  ғалым  ағамызға 

Алматыдағы  жанашыр  достары,  адал 

қызметтес әріптестері де қысылшаң шақта 

қол созып, «Қарлығаштың қанатымен су 

сепкендей»  жанашырлық  танытуы  да 

мүмкін ғой.

Егемендік  орнап,  ел  бары  мен 

жоғын  түгендей  бастаған  кезде  Хай-

дар  ағамыз  Ақтоғай-Балқаш  маңындағы 

ескі  көз  үлкендерден  сұрау  салып, 

Сәдуақастың  жасырын  жерленген  жерін 

анықтайды.  1996  жылы  маусым  ай-

ында 


Ортадересіндегі 

Сәдуақастың 

сүйегін  Жұмағұл  құдығындағы  (Балқаш 

қаласы  маңындағы  үлкен  қорым)  әкесі 

Арыстанбектің  бейітіне  әкеп  жерлеп,  ас 

берді. Басына құлпытас қойып, белгі ор-

натады.

Ел 


үшін 

басын 


құрбандыққа 

шалған  Сәдуақас,  Жақыпбек,  Түбекке 

үкім  шығарған  «Үштік»–сот  төрағасы 

Сүлейменов  Күнтуар,  прокурор  Адамбе-

ков  Ілияс,  өкілетті  өкіл  (опер  уполномо-

ченный) Асайынов Жоламан екен. Мұны 

осы  деректерді  жинақтаған  Байсеркин 

Қайырбек ақсақал растайды. Ол Ілияс пен 

Жоламанға  кездесіп,  жоғарыда  айтылған 

тарихи-ұлттық  трагедияның  Тоқырауын 

төңірегінде  қалай  өрістеп,  басылғанын 

өз  ауыздарынан  естіпті.  Сондай-ақ, 

Сәдуақастың 

жасырынып 

жүрген 

жерін  тап  басып  тауып  берген  Иманбек 



аңшының  Балқаш  көлінің  оңтүстігіндегі 

«Социал» 

совхозының 

Қарашыған 

жерінде  1966  жылы  дүние  салғанын  ай-

тады.  Осы  көтерілістің  жай-жапсарын 

індетіп тексерген ОГПУ-дың құжаттарын 

Алматы  облыстық  мұрағатынан  Хайдар 

Арыстанбеков тауып танысқан көрінеді.

Шын 


мәнінде 

«Тоқырауын 

көтерілісінің» 

неліктен 

туындағаны, 

қалай өрістегені, шағылып талқандағаны, 

қанша адамның қатысқаны жөнінде толық 

және  нақтылы  деректер  жарияланған 

емес.  Кейбір  естеліктер  мен  ел-жер  та-

рихына  байланысты  жазылған  шағын 

дүниелерде  үзіп-жұлып  жалпылама  ай-

тылып келеді. Өлке тарихын өркендетуге 

ниет  еткен  зерделі  азаматтар  болса, 

Ақтоғай ауданындағы осы көтеріліс, оған 

басшылық жасаған Сәдуақас, Жақыпбек, 

Түбектердің  айға  шауып  мерт  болған 

ерлік  жолдарынан  ғибрат  аларлық  соны 

деректер  табылуы  әбден  мүмкін.  Та-

рихшы  қауым  үшін  бұл  ғылыми  соны 

тақырып болмақ.




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал