Атанған ақын, жыршы, термеші, азамат Шынболат Ділдебаевтың дүниеден озғанына да үш жыл болды. «. Жақсының аты өлмейді»



жүктеу 43.23 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.03.2017
өлшемі43.23 Kb.

Көзінің тірісінде замандастарынан әділ бағасын алған әділетті 

аңсауымен шыншылдығымен, " шындықты жырлаған Шынболат" 

атанған ақын, жыршы, термеші, азамат Шынболат Ділдебаевтың 

дүниеден озғанына да үш жыл болды. «.Жақсының аты өлмейді» 

дегендей, Шынболат ақын арамызда болмаса да оның есімі елімен 

бірге жасасып келеді. Өзі  ұзақ жылдар еңбек еткен Сәтбаев 

қаласында Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы жұмыс 

істеп тұр. Таяуда Сәтбаев  қаласында Шынболат Ділдебаевтың 

мұражайы өмірге келді. Уақыт өткен сайын шындықтың жаршысы 

атанған Шынболат ақынның есімі ұмытылмай, керісінше жұртшы-

лықтың жадында жаңғыра түскендей. Бүгін біз оқырмандар наза-

рына Шынболат Ділдебаевтың мұғалімі  қарт  ұстаз Шәйкен Са-

дыққызы Жәкенованың естелігін  ұсынып отырмыз. 

1946 жылы тамыз айында 

Жезқазған руднигіндегі орта мек-

тепте мұғалім болып орналастым. 

Алғашқы жылдары бастауыш 

сыныптарға сабақ бердім. Кейін 

арада үш-төрт жыл өткен соң 

Қарағандыдағы мұғалімдер ин-

ститутын бітіріп, жоғары клас-

тарға сабақ бере бастадым. 1952-

53 оқу жылында 5 «А» сыныбы-

на жетекшілік ететін болдым. Дәл 

сол жылы мен жетекшілік ететін 

сыныпқа Шынболатты анасы 

Гүлжауһар алып келді. Гүлжау-

һар шешей өткір мінезді, ашық 

адам екен. Сыныпқа кірген бет-

те-ақ баласының аты-жөнін, 

жасын,  қай жерден  қай уақытта 

келгенін, бастарынан өткерген бар 

қиыншылықтарын ақтарыла жай-

ып салды. Үлкен кісінің әңгімесін 

тындап отырғанда мен бесінші сы-

ныптың табалдырығын аттап 

тұрған Шынболаттың тағдыры-

нан өз өміріме  ұқсастықты 

сезіндім. Сондықтан ба екен, сол 

алғашқы күннен бастап оны іштей 

өзіме жақын тартушы едім. Сол 

жылы сезім, сол жақындық со-

нау 1952-53 оқу жылында баста-

лып күні-бүгінге дейін жүрегімде 

сақталып келе жатыр. 

Көзін тырнап ашқаннан соң-ақ 

қ иынды қ пе н арпалысып , 

өскендіктен бе  Ш ы н б о л а т 

шәкіртім өз  қатарынан ересектеу 

көрінетін, мінезі ашық, жайдары, 

ақкөңіл, елгезек,  қалжыңға жүйрік 

еді. Тапсырылған іске үлкен 

жауапкершілікпен  қарайтын, ти-

янақтылығы бар болатын. Сон-

дықтан да сынып бойынша атқ-

арылатын жұмыстарды көбінесе 

мен Шынболатқа тапсырушы 

едім. Ол тапсырманы  қашан да 

мұқият орындайтын. Сабаққа 

зерек болатын. Әсіресе,  қазақ 

әдебиетін сүйіп оқитын. Мен қазақ 

тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ 

беремін. Бірде өзім жетекшілік 

ететін 5 «А» сыныбына оқу бағ-

дарламасынан тыс  қосымша оқуға 

«Батырлар жыры» кітабын тау-

ып оқуды тапсырдым. Соғыстан 

кейінгі уақыт  қой, кітап та табы-

ла бермейтін кез. Ертеңіне сынып-

қа келсем бөлменің іші тым-ты-

рыс. Сырттай есікті ашып байқ-

асам барлық бала партада отыр. 

Тақтаның алдында Шынболат 

түрегеліп түрып «Қобыланды ба-

тыр» жырын ырғағымен, әнге 

келтіріп, жатқа айтып тұр екен. 

Жырды балалар беріле тыңдап 

қалыпты. Шынболат та «Батыр-

лар жырының»  қызығына әбден 

беріліп кеткен, ешкімді елер емес. 

Мен жай басып сыныпқа кірдім 

де, артқы парталардың біріне 

барып жайғастым. Шынболат 

жырды бар мақамына келтіріп 

аяғына дейін айтып шықты. Кейін 

Бірде оқушыларға «қанатты 

сөздерді, мақал-мөтелдерді жазып 

отыру үшін жеке дәптер  ұстаңдар» 

деп кеңес бердім. Сыныптың бала-

лары мақал-мәтелдерді, өздеріне 

ұнаған  ұлы адамдардың  ұлағатты 

пікірлерін осындай дәптерлерге жа-

зып жүретін. Сондай бір дәптер 

Шынболатта да болды. Ол осы 

дәптерін жоғалтпай өмір бойы сақ-

тады. 1997 жылы ол мені отаға-

сыммен бірге алпыс жасқа толған 

елуінші жылдардағы дәптер, әрбір 

мақал-мәтел  қанатты сөздердің ас-

тына жазған уақыттарына дейін, 

жылын, айын, күнін көрсетіп жа-

зып  қойыпты. Оқу бағдарламасы-

нан тыс жүргізген жұмыстарын 

тексеріп  қарап  қойған менің баға-

ларым да тап-таза сол  қалпында 

сақталған. «Мұғалім, осы дәптерді 

қарап, оқығанда балалық шағым 

есіме түсіп, баладай  қуанып  қала-

мын» деп сырын ашқан еді сол 

жолы Шынболат. 

жыл болатын. Жезқазған облыс ор-

талығы болған кез еді. Сол жылы 

7  қарашада  қайырадан осы жаққа 

көшіп келдік. Поездан түсіп келе 

жатсам, күтіп алушы туған-туыс-

тарымның арасында шәкірттерім де 

тұр. Алдында Шынболат,  қолда-

рында гүлдері бар. Бұл мен күтпе-

ген жағдай еді. Шәкірттің жүрегінде 

сақталуды армандамайтын мұғалім 

жоқ  қой. Арада біраз жылдар өтсе 

де, окушыларымның мені  ұмытпай 

естерінде сақтап, күтіп алуға келіп 

сабақ аяқталған соң Шынболаттан 

«Қобыланды батыр» жырын кімнен 

үйрендің,  қалай жаттап алғансың» 

деп сұрадым. Шәкіртім «Менің әкем 

Ділдебай  қиссаларды, жырларды 

жатқа айтады екен. Апам солай 

дейді»... деп жауап берді. Қазір ойлап 

отырсам, Шынболаттың бойында-

ғы өнерге деген  құштарлық, өлеңге 

деген ынтызарлық сол бала кезінен 

бастап  қалыптасқан екен ғой. Ха-

лық тегін айтпайды ғой. «Әке көрген 

— оқ жонар», дегендей, бала кезінен 

ойға түйгені бойына мықтап дары-

ғанын кейін өмірдің өзі дәлелдеп 

берді емес пе. 

мерейтойына шақырды. Сол тойда 

маған сонау бір жылдары мектеп 

қабырғасында жазған дәптерін 

көрсетті. Ашып  қарасам сонау 

Елуінші жылдардың аяғында № 

7 мектептегі жас мұғалімдер мен 

және Бәкітай Белгібаева деген 

құрбым болатын. Жас болғандық-

тан ба, мектептегі  қоғамдық жұмыс-

тарды,  к ө р к е м ө н е р п а з д а р 

үйірмесінің жұмыстарын  ұйымдас-

тыру көбіне екеумізге тапсырыла-

тын. Ал біз өз кезегімізде өзіміз 

жетекшілік ететін сыныптардағы ба-

лаларды осындай мәдени көпшілік 

шараларға  қатысуға жұмылдыра-

тынбыз. Мәдени жұмыстардың ба-

сында  қашанда менің шәкіртім Шын-

болат жүретін. Әнді де айтатын, 

биді де билейтін, көркемсөзді де 

келістіріп жатқа оқитын.  Қоғамдық 

жұмыстарға белсене араласумен 

қатар сабақты да үздік меңгеруші 

еді. Шынболат оқитын сыныптың 

балалары жетінші сыныпты бітірген 

жылы мен отбасымның жағдайына 

байланысты  Қарағанды  қаласына 

жұмысқа ауыстым. Шәкірттерім 

қимай  қоштасып шығарып салды. 

Жолдасымның  қызмет бабымен 

Қарағандыда тұрып, арада он жеті 

жыл өткен соң Жазқазғанға  қайы-

ра оралудың сәті түсті. Бұл 1973 

тұрғаны көңілімді  қатты толқыт-

ты. «Ұстаз анамыз, сізді әдейі 

қарсы алып тұрмыз. Келетініңізді 

алдын ала біліп алдық» деп сол 

жерде Шынболат өздерін поезға 

бізді күтіп алуға келген басқа 

жекжат жақындарыма танысты-

рып жатыр. 

Ұ за қ жылды қ мұғалімдік 

қызметімде алдымыздан жүзде-

ген бала өтті ғой. Олардың әрқай-

сысы өз алдына бір-бір әңгіме. 

Солардың ішінде Шынболат 

шәкіртімнің кішіпейілділігі, 

мәдениеттілігі, сезімталдылығы 

ғажайып еді. Ол өзінің  қуаны-

шын, күйінішін менен жасырмай 

бөлісетін. Балаларының үйлену 

тойына дейін шақырып,  қызығын 

бөлісуші еді. Кітаптары шыққан-

да да өз  қолымен әкеліп, тапсы-

ратын. Шынболаттың 1993 жылы 

Алматыдағы «Жазушы» баспа-

сынан «Кенші сыры» атты жина-

ғы шықты. Осы жинағын үйге 

әкеліп беріп отырып, кітабына мы-

нандай бір жолдар  қалдырған еді. 

«Аяулы  ұстазым Шәйкен апай! 

Шәкіртіңіздің күйкі-тірліктен сәл 

босаған сәттегі көрікті ойлары 

өлең боп жатса, бәрі сіздің еккен 

дәніңіз.  О л қ ы с б а й ,  қабыл алы-

ңыз. Тағысын тағы бола жатар. 

Автор». Өзі айтқанындай көп  ұза-

май 1997 жылы тағы да Шынбо-

латтың «Жылжиды жылдар» атты 

өлең жинағы жарыққа шықты. 

Ол кітабын да өз  қолымен бер-

ген болатын. 

Шынболат шәкіртімнің зайы-

бы Әлия екеуі өте жас қосылды. 

Әлия Шынболатқа сай ақылды, 

сабырлы, парасатты жан болды. 

Әлия  қайтыс болып біз үй 

ішімізбен Шынболатқа көңіл айта 

барғанымызда ол «Әлия мені ор-

далы үй етіп, үйді балаларға, да-

ламды байлыққа толтырып кетті 

ғой. Разымын» деп еді. Шынын-

да да солай болатын. Шынболат 

оасына түскен бұл сынақты да 

қайыспай көтерді... 

Оның кейінгі сүйіп  қосылған 

жары Гүлсара енді, міне, сол  қай-

сар жанның ісін әрі  қарай жал-

ғастырып, Шынболат атындағы 

зәулім ғимараттың ішінде ашыл-

ған ақын атындағы мұражайды 

басқарып, жұмысын жанданды-

руда. Шынболат Ділдебаев шын-

дықты шырқырата айтқан ерлігімен 

елінің жүрегінде  қалды. Кең бай-

т а қ  Қ а з а қ с т а н н ы ң түкпір-

түкпірінде Шынболаттың, «Шын-

дық туралы» толғауын сүйсіне 

тындамайтын, білмейтін адам жоқ 

шығар. Елі мұндай асыл азамат-

тарын еш уақытта  ұмытпайды. 

Халқының сүйіспеншілігіне бөлен-

ген осындай азаматтың менің 

шәкіртім болғанын мақтан етемін. 

Ең өкініштісі, оның өмірден 

мезгілсіз, ерте кеткені.  Қайсар, 

асыл жанның еліне берері әлі де 

көп еді. 

Шәйкен ЖӘКЕНОВА, 

қарт  ұстаз. 

Суреттерде: 1953-54 оқу жы-

лындағы Жезқазған поселкесіндегі 

№ 7 мектептің 6 «а» сыныбы. 

Бала Шынболат (екінші  қатарда 

сол жақтан екінші), Шәйкен 

Жәкенова (бірінші  қатардан сол 

жақтан үшінші). 

(Сурет Ш. Жәкенованың жеке 

мұрағатынан алынды). 



Сарыарқа. - 2001. - 6 қазан. 

жүктеу 43.23 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет