Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржа ны» жауапкершілігі шек теулі серіктестігінің



жүктеу 338.31 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата29.04.2017
өлшемі338.31 Kb.
1   2   3   4

Жиналыс өткізіледі

Темір  жол  –  экономикамыздың 

күретамыры.  Ал  соған  жан  бітіретін 

теміржолшы,  соның  ішінде  мыңдаған 

жолаушылардың  тағдырына  жауап  беретін 

машинист. Бұл мамандық кәсіби шеберлікті, 

біліктілікті және төзімділікті талап етеді. 

Баймағанбетов  Бақытбек  Әлмаханұлы 

қатарының  алды,  көпке  өнеге,  басқаларға 

үлгі болған жан. Ол 1956 жылы 29 қазанда 

Жаңа  Қазалы  поселкесінде  дүниеге  кел-

ген. 1974 жылы Қ.Сәтбаев атындағы №216 

мектепті  бітіріп,  1975-1977  жылдары 

Кеңес  Армиясының  Қиыр  Шығыс  әскери 

округінде Отан алдындағы борышын өтеді.

Елге  келісімен  Қазалы  стансасындағы 

техникалық  мектебінен  көмекші  маши-

нист  мамандығын  алды.  Еңбек  жолын 

Қазалы  локомотив  депосында  машинистің 

көмекшісі  болып  бастады.  Ерен  еңбегінің 

арқасында  кешікпей  жолаушылар  та-

ситын  тепловоз  машинисі  деген  куәлік 

алды.  Бақытбек  мектеп  қабырғасында 

жүрген  кезде-ақ,  «Шіркін  тепловоздың  оң 

қанатында отырып, кең даланы жүйткісем» 

деп  қиялдайтын.  Сол  арманына  қолы  жет-

кенде  төбесі  көкке  тірелгендей  болды. 

Машинистің еш уақытта қателесуге қақысы 

жоқ, өйтпек былай тұрсын, жолшының да, 

пойыз құрастырушының да қателігін түзеп, 

төніп  келген  қауіптің  алдын  алып,  бетін 

бұрып жіберу кәсіби машинистің қолында. 

Оған оның басынан өткен мына бір жағдай 

айқын айғақ.

–  Иә,  бұл  оқиға  1995  жылы  21  сәуірде 

болған.  Кезекті  жұмыс  сапарымен  №85 

Ташкент-Мәскеу  жолаушылар  пойызымен 

келе  жатқанмын.  Қасымда  көмекші  маши-

нист  Володя  Плотников  бар.  Ол  уақытта 

№85 пойыз Қазалы станциясына түнгі 4 сағат 

47  минутта  (Москва  уақытымен)  келетін 

еді.  Жолаушылар  пойызын  кестеге  сәйкес 

сағатына 90 шақырым жылдамдықпен алып 

келемін. №98 разьезден өткен соң көмекшім 

Володя  тепловоздың  екінші  секциясына 

дизельді қарап келуге кетті. Алдымдағы ауа 

монометріне  қарасам  ешқандай  қысымды 

көрсетпейді.  Қолыма  фонарымды  алып, 

екінші секцияға жүгіре шықтым. 

Міне, қызық тепловоздың екінші бөлігі 

де  жолаушылар  вагондары  да  ағытылып 

қалыпты,  аспанда  тек  жұлдыздар  самсап 

тұр.  Үш  ауа  рукавынан  ауа  далаға  кетіп, 

компрессор  ауаны  алмай  жатыр.  Тепло-

воз  басқарусыз,  тежегішсіз  қалды.  Ал-

дымен  Көбек  стансасының  кезекшісіне 

радиобайланысқа 

шықтым. 


Станса 

кезекшілігінен  алдымда  келе  жатқан  пой-

ыз  жоқтығын  білдім.  Тепловоздың  ауа 

рукавтарының  кранын  автоцепка  үстінде 

жатып жаптым. Кабинаға келіп манометрге 

қарасам  тежегішке  ауа  қысымы  жиналып-

ты.  Көбек  станциясына  жетпей  тепловоз-

ды  тоқтаттым.  Көбек  станциясынан  пойыз 

диспетчерімен  байланысып,  18  жолаушы-

лар  вагоны  және  тепловоздың  екінші  сек-

циясы  көмекшім  Володя  №98  разъезд  бен 

Көбек  аралығында  қалып  қойғанын  хабар-

ладым.  Диспетчер  Қазалы  стансасынан  те-

пловоз алдыратынын айтты. 

Мен  далада  қалған  жолаушылар 

мен  көмекшім  қандай  жағдайда  екенін 

білмейтінімді  айтып,  ол  жерге  өзім  ба-

райын  деп  сұрандым.  Сонан  соң  қасыма 

Нұржауған  есімді  Көбек  стансасының 

кезекшісін беріп, рұқсат етті. Дала қараңғы, 

артқа  қарай  жүріп  келе  жатқанымда  алы-

стан  жылтыраған  шам  жарығын  көрдім. 

Пойыз  тұрған  жерге  жеттік-ау,  ол  2524-ші 

шақырым  еді.  Пойыз  бригадирі  механик 

және көмекшім Володя не болғанын білмей 

абыржып  тұр  екен.  Екінші  секция  сөніп 

қалған,  екеуінің  аралығындағы  кабель-

дер  үзілген.  Дереу  тепловоздың  автоцеп-

касын  тексердім  де  пойызды  тіркедім. 

Тежегішті  бақыладым  да  тепловозды  ор-

нынан  қозғадым.  Жылдамдықты  60  км/сағ 

көтердім де, тежегішті тағы да тексеріп, сол 

жылдамдықпен Қазалы станциясына 37 ми-

нут кешігіп келдік. 

Қазалы  станциясына  келген  бойда  те-

пловозды  ағытып,  басқа  тепловоз  берді. 

Депоға  келген  соң  тепловоздың  автоцеп-

касын  ауа  реттегіш  клапанын  тексеріп, 

ішкі механизмдерінің жарамсыздығын тап-

ты.  Осы  оқиғаға  байланысты  –  «Батыс 

Қазақстан  жол  қауіпсіздігі  қоры»  арқылы 

арнаулы диплом және ақшалай сыйлықпен 

марапатталдым. Ақтөбе қаласындағы темір 

жол  аллеясындағы  “Құрмет  тақтасына” 

суретімді  ілді,  –  дейді  Бақытбек  өткен 

күндер естелігін еске түсіріп.

Сол  оқиғадан  соң  үш  жылдан  кейін 

1998 жылы шілде айында, Мәскеу-Ташкент 

бағытында  жүретін  жолаушылар  пойы-

зын  алып  бара  жатқанда  Жалағаш  станци-

ясынан  кезекті  кесте  бойынша  аялдама-

дан  қозғала  бергенде  радио  байланыстан 

«№86  пойыздың  машинисі»  деп  қайта-

қайта  шақырған  дауыстан  тұтқаны  алды. 

Байланысқа  шығып  тұрған  қалааралық 

пойыздың 

машинисі 

екен. 


“Сенің 

жолыңдағы  кіре  беріс  бағдаршамының 

тұсындағы  бұрмада  бейтаныс  зат  жатыр” 

деді. «Жақсы, түсіндім», – деп жауап берді. 

Тереңөзек  станциясына  жақындады. 

Станция 


кезекшісімен 

хабарласып, 

естігенін айтты. Ол бұрманы қарайтын адам 

жоқтығын  хабарлады.  Тереңөзек  станция-

сына  кіре  беріс  бағдаршамға  жетпей  пой-

ызды тұрғызды. Көмекшісі Әлтай Рсалиевті 

бұрманы қарауға жіберді. Белгісіз біреулер 

кіре  беріс  рельс  бұрмасына  үлкен  темірді 

сыммен  байлап  кетіпті.  Екеулеп  шешіп 

алып,  тепловозға  салып  алды.  Тереңөзекте 

бір  минут  аялдама  жасап,  Қызылордаға 

уақытымен  жетті.  Бұл  жайлы  пойыз 

диспетчеріне  баяндап,  депо  кезекшісіне 

байланған  темірді  тапсырды.  Ертеңіне 

Қызылорда  жол  бөлімшесінің  бас  реви-

зорына  шақыртты.  Тереңөзектің  станция 

кезекшісі,  жол  шебері,  бас  инженері,  тағы 

басқалар болды. Сол жерде кінәлілер жаза-

сын алып, бұларға пойыздардың қауіпсіздік 

қозғалысын  қамтамасыз  етуде  көрсеткен 

қырағылығы  үшін  Мақтау  қағазы  мен 

ақшалай  сыйақы  берілді.  2015  жылы  «Ло-

коматив»  АҚ  президенті  М.Шәкеновтің 

бұйрығымен локомотив шаруашылығының 

дамуына қосқан үлесі үшін «Алғыс хатпен» 

марапатталды.

Табан аудармастан қырық жыл еңбек ет-

кен  Бақытбек  Баймағанбетов  осы  саланың 

ыстығы мен суығына осылайша шарболат-

тай  шыңдалған  жан.  2015  жылы  машини-

стерге  көрсетіліп  отырған  жеңілдікке  сай 

еңбек  демалысына  шықты.  Кім-кімнің  де 

тірегі  оның  отбасы  десек  Бақытбектің  за-

йыбы  Ұлболсын  Өтеулиева  Қ.Сәтбаев 

атындағы  №216  мектепте  мұғалім  болып 

қызмет  жасаған,  қазір  зейнеткер.  Үлкен 

ұлы  Нұрлыбек  кәсіпкер,  келіншегі  Гүлназ 

аудандық мәдениет үйінде әдіскер. Мерекесі 

Қызылордада  халыққа  қызмет  көрсету 

орталығында  инспектор,  келіні  Гүлмира 

мұғалім.  Кіші  баласы  Досқан  №87  олим-

пиада  резерв  мектебінде  жаттықтырушы. 

Ал  немерелері  Гүлсезім  1-сыныпта,  Әнель 

балабақшада тәрбиеленуде. 



 Замандас келбеті 

 Жас талант

ЫН САҒАТТА 

ЫНАЛҒАН АЗАМАТ

С

Қадірбек БЕКЕТОВ.



Алла алдыңды нұрландырсын, 

жарығым

Бір  күндік  сәуледей  жылт  ете  қалған  жалған  дүниеде 

жақыныңнан  айырылудан  қиыны  жоқ  екен.  Балаларына  әке, 

жарына  сая,  шаңырағына  пана  болған  Қазыбегіміздің  жоғына 

көзіміз көрсе де, көңіліміз сенгісі келмейді екен. 

Өркендеу  ауылында  1967  жылдың    9-шілдесінде  дүниеге 

келген  ардақты  азаматымыз  Қазыбек  Ниязбаевты  пәни  жалған 

49  –  мүшел  жасында  алып  кетеді  деп  кім  ойлаған?!  Тірісінде 

ешкімнің бетіне қарсы келмеген, мейірбан, елгезек, ақкөңіл жан 

бала-шағасы,  бауырларына  өзінің  тура  жолы,  өнегелі  ісі,  мол 

жауапкершілігімен  үлгі  болып  еді-ау.  Туған  ауылындағы  өзі  жұмыс  істеген  клуб  жақтан 

келетіндей  көрініп  тұрады.  Алайда,  өзімізді  алдағанмен  не  пайда...  Соңында  қалғандарға 

шүкіршілік етіп, өзі көрмеген қызығын бала-шағасы мен қосағына бұйырғай дейміз.

Жүз күн өтті жанарды жас жуғалы,

Жүз күн өтті көңіл сенбей тулады.

Тілегіңді тілейтұтын батамның

Жоқтауға енді айналуда шумағы.

  Марқұмды  сағынышпен  еске  ала  отырып,  барлық  ағайын-туыс,  құда-жекжат,  дос-

жарандарға  осы  жылдың  20-қарашасы  күні  12:00-де  жүз  күндік  садақасы  өтетіндігін                   

хабарлаймыз.



ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: анасы Қарлыға, жұбайы Жанар, 

бауырлары, балалары. 

Жүз өтті ойға оралып сағымың,

Жүз күн өтті еңсені езіп қабірің.

Енді өзіңе жай бұйырып жұмақтан,

Алла алдыңды нұрландырсын, жарығым.

Аудандық  оқушылар  үйінде 

«Эволюшн»  жайдарман  құрама-

сының  ұйымдастыруымен  «Сәлем-

бердік,  Қазалы!»  атты  концерттік 

бағдарлама  болып  өтті.  Концерттік 

бағдарламаны республикалық «Жай-

дарман»  ойындарының  жеңімпазы, 

«Аралас»  командасының  ойыншы-

сы  Ғалым  Махамбетов  жүргізіп, 

көрермендерді  әдемі  әзілдерімен 

күлкіге қарық қылды. 

Аудандық ішкі саясат және білім 

бөлімінің  ұйытқы  болумен  өткен 

шараның  негізгі  мақсаты  –  «Эво-

люшн»  жайдарман  құрамасының 

жеткен  жетістіктерін  насихаттай 

отырып,  көрермендерге  керемет 

көңіл-күй сыйлау.

«Эволюшн»  жайдарман  құра-

масы 2013 жылы Қазалы көлік-тех-

никалық  колледжі  студенттерінен 

құралып,  аудан  абыройын  көкке 

көтеріп келеді. Команданың негізін 

Рысқұл  Айниязов  және  Серік  Ера-

лы  қалаған  болса,  қазіргі  таңда 

Еркін Құсан жетекшілік жасап жүр. 

Бұл  команданың  құрылғанына  аз 

уақыт  болғанына  қарамастан  қол 

жеткізген  жетістіктері  ауыз  тол-

тырып  айтарлықтай.  Атап  айтар 

болсақ,  Қазалы  ауданы  әкімінің 

кубогі  және  Қызылорда  қаласында 

өткізілген  облыстық  «Денсаулық 

кубогі – 2016» жайдарман сайысын-

да жеңіске жетсе, жақында ғана Та-

раз  қаласындағы  республикалық 

«Әулие ата» жайдарман сайысының 

ақтық  байқауына  берілетін  жол-

даманы  жеңіп  алды.  Қызылорда 

облысының  республикалық  жай-

дарман  сайысының  «Жоғарғы 

лига»  жолдамасына  қол  жеткізді. 

Сондай-ақ,  «Маусымашар  –  2015» 

республикалық жайдарман сайысы-

мен Павлодар қаласындағы «Жасы-

бай толқыны – 2016» республикалық 

фестиваліне,  Астана  қаласындағы 

республикалық  «Жастар»  жазғы 

фестивалі  және  Орал  қаласындағы 

республикалық Орталық лигасының 

жартылай финал ойынына қатысты.

Концерттік  бағдарлама  аясын-

да  «Эволюшн»  жайдарман  құра-

масымен  бірге  Тараз  қаласынан 

келген 


«Болашақ» 

жайдарман 

тобы  өздерінің  үздік  әзілдерін 

көрермендерге  тарту  етті.  Соны-

мен  бірге,  Самал  Бұзаубаева,  Жа-

нат  Әбдірашова,  Рахман  Әлиасқар, 

Самал  Жеңіс  және  Байқоңыр 

қаласынан  келген  «Қарапайым  от-

басы» тобы әсем әннен шашу шаш-

са, «Час Пик» би тобы мың бұрала 

би биледі.

Концертті 

қорытындылаған 

«Эволюшн»  жайдарман  құрама-

сының жетекшісі Еркін Құсан үнемі 

өз  ойындарын  қолдаушы  Қазалы 

көлік-техникалық  колледжінің  ди-

ректоры  Болатбек  Ахметов  пен 

колледж  ұжымына,  аудандық  ішкі 

саясат  бөлімінің  басшысы  Ғани 

Темірбаевқа  және  жастар  жанашы-

ры болып жүрген бірқатар кәсіпкер 

ағаларына алғысын жеткізді.

Ж.АЙЫМҚҰЛОВ.

Жайдармандықтармен 

өткен жайдары кеш

 Думан

Перзенттің  анасына  деген  қастерлі  сезімі  өзіңізді  жоғалтқан 

кезде тереңдейді деп ойладық па?.. Саналы өміріңізді балаларыңыз 

бен  серігіңіз  –  әкемізге  арнап,  туған-туысқа  мейірбан,  ұжымдас-

тарыңызға  сыйлы  болып,  бізге  адалдықтың  ақ  жолын  адаспай 

нұсқаған екенсіз-ау. 

Асыл  жар,  ардақты  ана,  сүйікті  әже,  туған-туысының  жана-

шыры Күлән Әділбаева 1959 жылдың 28 ақпанында туылған. 

Мағыналы  ғұмырында  жұбайы  Жасасын  Кемалов  екеуі 

үлгілі  отбасын  құрып,  дүниеге  төрт  перзент  әкелді.  Өкініштісі, 

ұлын  ұяға,  қызын  қияға  қондырып,  немерелерінің  балдай  тәтті 

қылығына бөленіп отырған шағында о дүниелік болып кете барды. 

Мейірімді махаббаты, кең жүрегі мен жан жылуы тұла-бойымызды 

жылытып,  «айналайындайтын»  анамыздың  жоқ  екендігін  ойға 

алудың  өзі  қиын.  Өзіңізсіз  өткен  бір  жыл  бойымызға  ғасырға 

бергісіз  ауырпалықты  артқандай  көрінді.  Тағдырдың  жазуына  пенденің  мойынұсынуынан 

басқа амал бар ма? 

Марқұмды  жатқан  жері  жайлы,  топырағы  торқа,  иманы  жолдасы  болсын  деп 

сағынышпен  еске  ала  отырып,  барлық  ағайын-туыс,  құда-жекжат,  дос-жарандарға  Күлән 

Әбдіқаппарқызының жылдық асы 19 қараша күні сағат 13:00-де «Жанқожа батыр» мешітінде 

берілетіндігін жеткіземіз.

Баға жетпес асылдың сынығысың,

Мөлдір таза бұлақтың тұнығысың.

Біздер үшін мәңгілік өзгермейтін,

Бағасы асқақ, орны ерек, ұлы ұғымсың.

Ойға оралсақ жүрекке бақ тарады,

Болған едің ел-жұрттың мақтанары.

Өзіңізбен өткен күн, асыл ана, 

Жадымызда мәңгіге сақталады

ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: жұбайы, балалары, 

бауырлары және Кемаловтар әулеті.

Жан-ана, ұл-қызыңның тірегі едің,

Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.

Бізге болсын деуменен өмір сүрдің,

Өзіңнің саулығыңды тілемедің.

Баға жетпес асылдың сынығысың

Тамыры терең, тарихы кенен қасиетті 

Қазалы  топырағынан  Қазақстанның 

және  КСРО  халық  әртісі,  Халық 

қаһарманы  Роза  Бағланова,  Қазақстан 

Республикасының 

еңбек 

сіңірген 



қайраткерлері, ән әлемінің майталманда-

ры Мәдина Ералиева, Балапан Жұбаева, 

термеші  Надежда  Артықбаева,  әнші 

Күлән  Қалымбетова,  компазитор  Кеңес 

Дүйсекеев, дәстүрлі әнші Өмірқұл Айни-

язов сынды елден ерек тұлғалар шыққан. 

Қазалы  елінің  атын  үстем  еткен  осын-

дай аға-апаларының жолын қуып, өнерге 

қанат қаққан жас әншілер, №266 мектеп-

лицейдің  озат  оқушылары  Нұрсұлтан 

Сабыр  мен  Әсет  Қуандық  жақында 

тыңдармандарына  көтеріңкі  көңіл  күй 

сыйлап,  нәзік  жандыларға  арналған 

«Асыл  анам  нұр  шашқан  келбетіңнен, 

Қабыл  алшы  ән-жырын  перзентіңнің!» 

атты шығармашылық концерт өткізді.

Мектеп 

директорының 



тәрбие 

ісі  жөніндегі  меңгерушісі  Алтынай 

Амангелдіқызы  ұйымдастырылған  кон-

церт  жоғары  дәрежеде  өтті.  Нұрсұлтан 

мен  Әсет  заманауи  түрлі  түсті 

жарықшамдармен  безендірілген  мектеп 

сахнасында флешмоб билеп, битбокс ай-

тып, өздерін жаңа қырларынан көрсетті.

Төрт  жасынан  өнерге  жақын  болған 

Нұрсұлтан 

аудандық 

«Балаларға 

базарлық»,  «Ақбота»  байқауларына 

қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ән 

десе ішкен асын жерге қоятын жасөспірім 

аудандық оқушылар үйінің ән үйірмесіне 

жазылып,  Нағима  Көптілеуқызынан 

ән  айтудың  құпиясымен  танысса, 

аудандық  әуез  мектебінің  баян  класы 

бойынша  Әділбек  Абылайұлынан  сабақ 

алып,  музыкалық  білімін  жетілдіруде. 

Аудандық,  облыстық,  республикалық, 

халықаралық  байқаулардың  лауреа-

ты  атанған  Нұрсұлтанның  жетістіктер 

қоржыны  «Бозторғай»,  «Ақ  көгершін», 

«Менің  туған  өлкем»,  «Таңшолпан», 

«Балдәурен»,  «Ғұмырдария»,  «Звон-

кие  голоса  Байконура»  байқауларының 

жүлделерімен 

толыққан. 

Қазіргі 

таңда  «Жас  Орда»  жастар  қоғамдық 

бірлестігінің белсенді еріктісі, аудандық 

шараларда өз өнерін көрсетіп жүрген жа-

лынды жасөспірім.

Бір  қарағанда  сырт  көзге  кішкентай 

ғана, байсалды болып көрінетін Әсеттің 

бойы  тұнып  тұрған  талант.  Әсеттің 

құйқылжыта  салған  әнін  естіген 

адамның елең етпеуі мүмкін емес. Оның 

бұлақтай  сылдыраған  таза  үні  әрдайым 

көрермендерін 

қуанышқа 

бөлейді. 

Мектебінің мақтанышы, озат оқушы Әсет 

қатар-құрбыларына  үлгі  етуге  тұрарлық 

өрең.  Немересінің  өнерге  жақын  екенін 

аңғарған әжесі Әсетті қолынан жетектеп, 

оқушылар үйінің ән үйірмесінің жетекшісі 

Нағима  Көптілеуқызына  әкеледі.  Талай 

таланттың өнерін шыңдаған ұстаз Әсетке 

алдымен  халық  әндерін  үйретсе,  қазір 

диапазоны кең, конкурстық әндер айтуға 

баулуда.  Осыншама  еңбектің  арқасында 

Әсет «Бозторғай», «Ақ көгершін», «Рау-

ан», «Менің туған өлкем», «Таңшолпан», 

«Асыл  мұра»,  «Звонкие  голоса  Байко-

нура»,  «Өнерлі  өлке»  атты  байқауларда 

жүлделі  орындар  иеленіп,  лауреат  ата-

нуда.  Бүгінде  Әсет  музыкалық  білімін 

жетілдіру  мақсатында  аудандық  әуез 

мектебінде  фортепиано  класы  бойынша 

Сәуле Орысбайқызынан дәріс алуда.

Мектеп  мерейін,  аудан  абыройын 

асқақтатып жүрген өнерлі өрендеріміздің 

болашағынан  күтер  үмітіміз  зор.  Қос 

әншіге  өнер  биігіне  қаққан  қанаттарың 

талмасын дейміз.



Светлана КЕНБАЙ,

«Жас Орда» жастар қоғамдық

 бірлестігінің жоба үйлестірушісі.

ӨНЕРЛІ 

ӨРЕНДЕР

Таң атты, терезеден жарық көрініп тұр. «Әттең өзім тұра алсам ғой, таза ауада 

тыныстап, бақ ішінде күн нұрына шомып жүрерме едім. Жадырап көктем келгелі 

далаға да бір шыққаным жоқ. Тым болмаса құстардың әсем сыңғыр үнінде қамсыз 

отырып  естудің  өзі  мұң  екен  ғой.  Ал  достарымныңда  менен  алшақтап,  үйге  де 

соқпай кеткеніне біршама уақыт болып қалыпты. Күні кеше айналамда асыр са-

лып жүретін жолдастарымның бірде біреуі хабарсыз кетті», – деп Мақсат қоңыр 

салқын бөлмеде түрлі ойға шомып жатқан. 

Орынан  қозғала  алмай  тар  төсекке  таңылғанына  да  тура  бір  жарым  айдан 

асып жығылыпты. Ойында қайтесемде осы науқастан жазылып, құлан-таза айғам 

деген үміт ұшқыны да жоқ емес. «Денсаулық – зор байлық» деген рас екен-ау. 

Бір кезде бұл жатқан бөлменің есігі сықырлай ашылды. Қараса биыл ғана бес 

жасқа толған інісі Арман екен. Ерке болып өскен Арман « Көке орныңнан тұрып, 

мені далаға алып шықшы. Дала сондай керемет болып тұр. Айналаның барлығы 

жып-жылы. Ауа-райы да өте тамаша екен», – деді.

Ағасы  өз  өмірін  денсаулығын  жақындарын  бағаламай  есірткіге  тәуелді                

болып,  қателескенін,  шарасыз  жатқан  хәліне  қатты  өкініп,  көзінен  ыстық  жас           

ыршып түсті...

Дәл осы сәтте Мақсаттың көз алдынан өзінің есірткіге тәуелді болып жүрген 

сәттері  кинолентасындай  тізбектеліп  өтіп  жатқан  еді.  Ішінен  терең  күрсініп:  

«Менің өмірімде есірткіге жол жоқ!» деген ойға нық бекінді.

Толғанай РАХИМ.

Есірткіге жол жоқ

Қайран, жалғаншы өмір-ай! Күні кеше ғана өз отбасының ғана 

емес,  бүкіл  ағайын-туыстың  ақылшы,  атпал  азаматына  айналған 

асқар таудай әкеміз Жетіскен Мәкеналы пайғамбар жасынан аса 

бере жарық дүниямен қош айтысып кете барды.

Жетіскен  Мәкеналы  1952  жылы  1  шілдеде  Қазалы  ауданы 

Аранды ауылдық кеңесінде өмірге келген. 1968 жылы Қожабақы 

ауылындағы  №25  орта  мектебін  бітіргеннен  кейін  Қызылорда 

медициналық училищесінен фельдшер мамандығын алған. 

Еңбек  жолын  1971  жылы  ХХІІ  партия  съезі  атындағы 

совхоздың  медпункт  меңгерушісі  болып  бастаған  әкеміз  1975-

1983  жылдары  Энгельс  атындағы  совхоз  селолық  учаскелік 

ауруханасының фельдшері қызметін атқарды.

1979-1985 жылдарда С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 

университетінен  журналист  мамандығы  бойынша  жоғары  білім  алысымен  ол  бар  өмірін 

баспасөз бен мәдениет салаларына арнады. Шығармашылыққа шынайы берілген жан өлке 

тарихын зерттеумен тынбай айналысып, «Ортаймаған қазаны – Қасиетті Қазалы», «Тамыры 

– терең, тарихы кенен – Қазалы», «Асан көтерілісі», «Нұрбай би», «Мен – Ғанимын», «Ғани 

тағылымы», «Ел мен Ер», «Арыстарын ардақтаған – Қазалы» тарихи-танымдық кітаптары 

мен «Жиырма бірінші ғасырға аманат», «Тағдырмен тілдесу» атты жыр жинақтарын жарыққа 

шығарды. Шығармашылық ізденісінің арқасында Қазақстан Журналистер және Жазушылар 

одағына мүшелікке қабылданып, бірнеше орден-медальдармен марапатталды.

Ауданымыздағы әр жылдары өткізілген ірілі-ұсақты іс-шаралардың басынан табылып, 

оның сценарийін жазып, жүргізді.

Осындай  еліне  елеулі,  халқына  қалаулы  әкеміздің  рухына  арналған  жүз  күндік  асы 

Әйтеке би кенті, Н.Жұбатұлы көшесі №43 үйде 18 қараша күні сағат 12:00-де өткізілетінін 

ағайын-туыс пен құда-жекжатқа, әкеміздің көзін көрген барша азаматтарға хабарлаймыз.

ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: зайыбы Мәрияш, балалары,

 келіндері, қыздары, күйеу балалары.

Жүз күн өтті өзіңді көрмегелі


Жүзі  жарқын,  үлгілі 

отбасының 

отана-

сы,  Жетес  би  ауылдық 



емханасының меңгерушісі 

Фатима  Бақбергенқызы 

Мұстафаева  17  қараша 

күні зейнеткерлік жасына 

жетіп  отыр.  Досымызды 

қос қуанышы – туған күні 

және бүгінгідей абыройлы 

белесімен  құттықтаймыз. 

Құдай  қосқан  қосағың 

Абдуәли  екеуіңе  ұл-

қыздарының 

рахатын 


тең  көріп,  асқар  таудай  болған  Өмірзақ  атаңменен 

немерелеріңнің  ортасында  шалқып-тасып,  бақытты 

ғұмыр  кешуді  Алла  нәсіп  етсін!  Аспаның  ашық,  адал 

ниетті  достарың  көп  болсын!  Лайым  тек  тойыңа  ғана 

куә болайық.

Дос сүйсініп, жат жадынан түңілді,

Сендегі адал мейірім де шын үлгі.

Ақ халатты ақ арыңдай кірлетпей

Қуанышқа жеттің, досым, бүгінгі.

Кездескенде сәттеріңде жабығар,

Адал жарың тек қасыңнан табылар.

Жалғасындай өнегелі өмірдің,

Құттықтауын достарыңның қабыл ал!

                                             ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: 

              барлық кластастары атынан  

                                  Қанымша Әзиева.

№776


7346

Мекен-жайымыз: 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №11 үй, E-mail: kazaly@bk.ru



Кезекші редактор  Есет ТАБЫНБАЕВ.

сейсенбі,

Газет  редакцияның  компьютер  орталығында  теріліп, 

беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС

баспаханасында басылды.  

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.

Тел: 8 (7242) 40-06-68

Газет таралымы бойынша 21-6-94 немесе 

8 (7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 338.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет