Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржа ны» жауапкершілігі шек теулі серіктестігінің


–  Жұмыс  орнын  ауыстыру  кезінде



жүктеу 338.31 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата29.04.2017
өлшемі338.31 Kb.
1   2   3   4

–  Жұмыс  орнын  ауыстыру  кезінде, 

жаңа  жұмысқа  ауысқанға  дейін  менде  1-2 

ай  үзіліс  болды.  МӘлМС  шеңберіндегі 

медициналық  қызметтер  пакеті  жұмыс 

істейді ме? 

– Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы 

салым жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде 

МӘлМС-те  медициналық  көмекке  құқық 

сақталады,  сонымен  бірге  3  айға  жасала-

тын  салымдарды  төлеу  міндеттемесі  (қарыз) 



сақталады.

(Басы өткен сандарда. Жалғасы бар.)

Инновациялық 

технологиялар – 

табыс тетігі

Тұранның ұлан байтақ даласында

Суы мол Сырдарияның жағасында.

Кіші жүз Әлімұлы Төртқарадан,

Сөз қылсақ батыр, биі данасын да.

Төрт ұлы Төртқараның асып туған,

Негізден батырлықпен билік қуған.

Жалаңтөс сол тұқымнан ерекше боп

Жасынан тектілікпен белін буған.

Әкесі Сейітқұлдан сегіз бала,

Туыпты қос анадан өңкей дана.

Мекені ол кездері Бұхарада,

Мың бес жүз сексенінші жылы шама.

Жалаңтөс жастайынан туған зерек,

Туымды зор денесі болған бөлек.

Күшімен ақыл, қайрат теңдей болып,

Біліммен өз жұртына берген көмек.

Қызылқұм қазақ ханы Дінмұхаммед,

Ырза боп Жалаңтөсті ол қадірлеп.

Саяси мәміледе жас жігіттің,  

Бас иді амалына батыр мен бек.

Шақыртты Әбдулазиз Бұхар ханы,

Жалаңтөс оған ұнап болған жаны.

Билігін жүз мыңдаған әскерлердің,

Қолға алды Жалаңтөстей 

бекзат нары.

Мың алты жүз қырқыншы 

жылы ауыр,

Лап қойып соғыс ашты жоңғар кәуір.

Мақсаты қазақ, өзбек мекеніне

Ие боп ойран салмақ құйын, дауыл.

Бірігіп Жалаңтөстің аймағы да,

Жығылмай қалың қолмен байрағы да.

Жоңғардың сансыз жасақ әскерлері,

Қырылды екпінінен жайратыла.

Тарихта мың алты жүз қырық 

үшінші жыл,

Қазаққа жоңғарлықтар көрсетті қыр.

Елу мың әскерімен Батур қалмақ,

Қызын күң, етпек үшін ұлдарын құл.

Жәңгір хан Есімханның ұлы мықты,

Алты жүз сарбазымен қарсы шықты.

Соғысты айла-тәсіл неше түрмен,

Жауларын топырлатып 

жарға жықты.

Есітті бұл хабарды Жалаңтөс ер,

Астында сандал бұтты ат қара кер.

Бұхардың хандығынан рұқсат алып,

Айлалы батырлары буынды бел.

Жалаңтөс жасағымен 

жиырма мыңдай,

Төрт қырлы ақ найзамен жебе қырлай.

Көмекке келді дейді Жәңгір ханға,

Он күндей жорық қылып бір күн 

тынбай.

Қылышпен қылыштасты сатырлаған,

Шоқпардан найза сынды патырлаған.

Жебелер лек-легімен зуылдайды,

Қан жоса, көл-көсір боп 

жатыр далам.

Шайқасты ойраттармен жан аямай,

Бұл соғыс қиян-кескі болмады жай.

Қонтайшы қалмақ Батур әскерлерін,

Бөлшектеп қырып салды туғанда ай.

Асырып Алатаудан жоңғарларды,

Өлімші ғып қуыпты қорқауларды.

Қос батыр Жәңгірхан мен

 Жалаңтөсті,

Қалай айтпай кетерміз өңкей нарды. 

Бұхара Жалаңтөске көңілі толды,

Басына баһадүрдің бақыт қонды,

Биліктің бар тізгінін қолына алып,

Хас батыр Самарқандқа әкім болды.

Шығыпты жекпе-жекке қырық 

жеті рет,

Аруағы сондай күшті пірлері сеп.

Палуан, гүжім дене, батыр баба,

Мейірімді, досына адал, биязы тек.  

Құйылды Самарқандқа қазына мол,

Берілді жеңілген ел, қаншама қол.

Азулы Жалаңтөстің қаһарынан,

Дұшпанға қастық қылған 

құрылды тор.  

Салдыртты Самарқандқа

 ғимараттар,

Медресе Тиллакари һәм Шердор.

Регистон аты мәлім мешіттерге,

Ұстаз боп оқытуға келді арабтар.

Әскерге орнатты үкім, қатаң тәртіп,

Қылмысқа ауыр жаза қойды артып.

Жинады батырларды өңшең мықты,

Қаймақтай сүт бетінен алған қалқып.

Шаһары Хорасан мен Балх үшін,

Шайқасып дұшпандардың басты

 сұсын.

Иранның патшалығын бағындырып,

Көрсетті жарты әлемге тым 

зор күшін.

Жүректі жолбарыстай һәм білекті,

Тұранға қорған болған сол себепті.

Есітіп Жалаңтөстің атақ даңқын,

Жан-жақтан әр патшалық кеп елепті.

Керуенмен мол қазына келді әр елден,

Үндістан,Тибет тағы басқа жерден.

Ағылып келіп жатты елшіліктер,

Сыйласып дос болуға баһадүрмен.

Еліміз азат болған жиырма бес жыл,

Жарқырап жарық шашты 

көгімнен нұр.

Жалаңтөс баһадүрдің туғанына,

Шамасы болды биыл төрт жүз 

қырық жыл.

Жалаңтөс 

баһадүр

Болатбек РСАЛЫ,

Өркендеу ауылы.

Статистика  күні  қарсаңында  аудан  әкімі 

Нажмадин  Шамұратов  арнайы  басқосу 

өткізіп, аудандық статистика басқармасының 

қызметкерлерін құттықтады.

–  Аудан  өмірінің  толық  бейнесін 

айқындайтын,  ұжымдар  мен  халықтан  жи-

налатын  мәліметтерден  ақпараттық  қор 

қалыптастыратын  статистика  саласының 

маңызы  зор.  Сіздерге  осы  жауапты  міндетті 

абыроймен 

орындап, 

ауданымыздың 

әлеуметтік-экономикалық  дамуына  қосқан 

үлестеріңіз  үшін  алғысымды  айтамын. 

Істеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, 

бақыт  тілеймін,  –  дей  келе  аудан  басшысы 

статистика  саласының  мамандарына  алғыс 

хат табыс етті. 

Ал  аудандық  статистика  басқармасының 

басшысы  Бақытжан  Әлімбай,  басқарманың 

бас  маманы  Жәмет  Жұмамұрат  көрсеткен 

сый-құрметке ризашылығын білдірді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

Мерекеде мерейлері 

үстем болды

Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектепте 6-сыныптар арасында 

«Тіл жүйрікте, кім жүйрік?» тақырыбында сайыс болып өтті. 

Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  арттыру  мақсатында  ұйымдастырылған 

байқауда  бес  кезең  бойынша  балалардың  білімділік  деңгейі  тексерілді.  Нәтижесінде 

ой-ұшқырлығымен  ерекшеленген  ең  алғыр  топ  мүшелері  Ш.Тұрғанбаева,  А.Дәрібай, 

А.Әбдуәли, А.Қасымхан жеңімпаз атанды. 

М.РАЗАҚОВА,

№17 мектептің  мұғалімі.



Жүйріктер сайысы

Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  орай  №17  «Айгүл»  балабақшасында  «Ақ  көгершін» 

тобының  тәрбиешісі  С.Ашықбаеваның  ұйымдастыруымен  «Күн  нұрындай  жарқыраған 

Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты ертеңгілік өткізілді. 

Мерекелік шарада балабақша меңгерушісі Г.Келмағанбетова бүлдіршіндерді айтулы ме-

рейтоймен құттықтады. Іс-шараға қатысқан ата-аналар балғындардың өнерлеріне дән риза 

болды.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі 



ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа 

ғасырда қайта түлеген жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! 



Б.БАЛЫМБЕТОВА,

№17 «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі.



Тәуелсіздікке арналған ертеңгілік

№23  «Қарлығаш»  балабақшасының  «Ертөстік»  тобы  тәрбиеленушісі  И.Сағындық 

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай балабақша тәрбиеленушілеріне арналған 

республикалық «Тәуелсіздікке тарту» атты өнер байқауына қатысты. 

Ол  «Жасай  бер  –  Қазақ  елі!»  тақырыбында  көркемсөз  оқып,  байқаудың  қазылар 

алқасының шешімімен бірінші орынды иеленді. 



Р.ҚОЯНБАЙ,

№23 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі.



Бағы жанған бүлдіршін

Қашан көрсең айналасын өзінің көпшіл, жан-жақтылығымен үйіріп әкететіні – Жанқожа 

батыр ауылындағы №24 «Жауқазын» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі Құралай 

Қосуақтың дағдысы. Оның ақжарқын мінезі таңдап алған мамандығына шыңдалып, нәтижелі 

жеміске жетуіне ықпалын тигізіп келеді. Бұған Құралай қол жеткізген жетістіктер мен оның 

тәрбиелеген балғын бүлдіршіндерінің бойындағы қалыптасқан өнерге деген құштарлықтары 

мен ұмытылыстары дәлел.

Жақында  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігіне  25  жыл  толу  мерекесіне  орай 

әскери-патриоттық  «Қазақстан  патриоты»  журналы  «Тәрбие  негізі  –  патриотизмде»  атты 

республикалық  шығармашылық  байқауын  жариялаған  болатын.  Сол  байқауда  Құралай 

Сейілханқызының «Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына педагогикалық кеңес 

беру технологиясы» тақырыбында дайындаған баяндамасы да бағын сынады. Бұл зерттеу 

еңбегінде көтерілген ұсыныстар – тәрбиешінің ізденіс жұмыстары ғана емес, біліктілігімен 

толысқан  толымды  ойларының  жиыны.  Нәтижесінде,  аталмыш  жұмыс  мерейлі  мектеп-

ке  дейінгі  білім беру  мекемелері мен  балабақша тәрбиешілеріне арналған  республикалық 

шығармашылық байқаудың І орнына лайық деп танылды. Әріптесіміз арнайы дипломмен 

марапатталды.

Біз  музыка  жетекшісі  Қ.Қосуақты  жеңісімен  құттықтап,  оның  алда  да  алар  асуы  көп          

болуына тілектестігімізді жеткіземіз.

С.ЕРІМБЕТ

№24 «Жауқазын» бөбекжай-балабақшасының әдіскері.



Құралайдың құлшынысы

–  Қазалы  ауданындағы  кез  кел-

ген  қаржылық  мәселелер  сіздердің 

бөлімдеріңіздің  араласуынсыз  өтпейтіні 

шындық.  Биылғы  жылы  қандай  істер-

дің  атқарылуына  үлестеріңізді  қос-

тыңыздар?

– Аудандық қаржы бөлімі өз жұмысын 

аудандағы  84  мемлекеттік  мекеменің 

бюджет  қаражатының  игерілуіне,  оның 

тиімділігі,  әрі  өз  мақсатында  пайдалануға 

ықпал  етіп  келеді.  Соларға  бақылау  жа-

саумен  қатар,  ауданның  коммуналдық 

меншігіндегі  нысандарды  басқару,  олар-

ды  бір  мемлекеттік  меншіктен  екіншіге 

жалға,  сенімгерлік  басқаруға  беруге  ат-

салысады.  Сондай-ақ,  жекешелендіруге 

тиісті  мүліктерге  ұсыныстар  дайындау, 

мем лекеттік  коммуналдық  кәсіпорындар 

жұмысын  талдау  мемлекетік  сатып 

алу  жұмысына  мониторинг  жүргізуге 

септеседі.  Осы  сатылардағы  Қазақстан 

Республикасының  Заңдары  мен  Прези-

дент  Жарлықтарын,  Үкімет  қаулыларын, 

облыс,  аудан  әкімдерінің  өкілдері  мен 

шешімдерінің  орындалуын  қамтамасыз 

етумен айналысады.  

Аудан  бойынша  2016  жылы  10  айға 

жоспарлаған кірістер 10493,2 млн теңгенің 

орнына  10580,2  млн  теңгені  құрап,  100,8 

пайызға орындалды. Оның ішінде салықтық 

түсімдердің  орындалғаны  –  1407,3  млн 

теңге,  яғни  103,0  пайызға,  салықтық  емес 

түсімдер  орындалғаны  –  12,7  млн  теңге, 

120,1 пайызды, капиталды сатудан түсетін 

түсімдердің орындалғаны – 26,7 млн теңге, 

127,5 пайызды құрап отыр.

Шығыстар жоспары 10620,4 млн теңге 

болса, орындалғаны 10082,5 млн теңге не-

месе 94,9 пайызды құрайды.

Елбасы  Жолдауында  айрықша  атап 

көрсетілген мәселелерге тоқталсақ, биылғы 

жылы  республикалық  және  облыстық 

бюджеттен  ағымдағы  нысаналы  даму 

трансферттер  бойынша  барлығы  3929,2 

млн  теңге  бөлінді.  Атап  айтқанда,  көлік 

инфрақұрлымын  дамытуға  республикалық 

бюджеттен  683,6  млн  теңге,  Әйтеке  би 

кентін  абаттандыруға  309,9  млн  теңге, 

елді  мекен  көшелерін  күрделі  жөндеуге 

307,4  млн  теңге,  автожолдарды  күрделі 

жөндеуге  250,4  млн  теңге,  инфрақұрлым 

дамытуға  127,8  млн  теңге,  аудандық  елді 

мекендердің әлеуметтік саласының маман-

дарын  әлеуметтік  қолдау  шараларын  іске 

асыруға кредиттер беруге 314,1 млн теңге 

қаралды.

Республикалық  және  облыстық  бюд-

жеттен бөлінген трансферттер 10 айда 100 

пайызға атқарылды.



–  Қандай  да  бір  мекеменің  өрге  ба-

суына ықпал ететін кадр мәселесі екені 

анық.  Сіздердің  бөлімдеріңізден  түлеп 

ұшқан  мықты  мамандардың  түрлі 

деңгейдегі  қызметтерде  жемісті  еңбек 

етіп жүргенін білеміз. Осы бөлімде еңбек 

еткен азаматтар мен қызмет істеп жүрген 

әріптестеріңізге тоқталып өтсеңіз...

–  Қолдағы  бар  деректерге  сүйенсек, 

ғасырға  жуық  уақыт  ішінде  ауданның 

қаржы саласын басқарған 17-ші басшы бо-

лып жұмыс істеп жатырмын. Бүкіл саналы 

өмірін қаржы саласын өркендетуге арнаған, 

бүгінде  марқұм  болған  соғыс  және  еңбек 

ардагері  қаржыгерлер  ұстазы  Күнтуған 

Көшімов,  Қалмырза  Аймағамбетовтің 

қаржы  саласын  30  жылдай  басқарғанын 

мақтанышпен  еске  аламыз.  Осы  кезеңде 

қаржы  саласы  да  бірқатар  реформалар-

ды  бастан  кешірді.  Бөлімнен  талай  қаржы 

саласының  майталман  кадрлары  өсіп 

шығып,  республикамыздың  әр  аймағында 

қызмет  істеуде,  көпшілігі  басшылық 

қызметтер  атқаруда.  Қаржы  саласынан 

түлеп  ұшқан,  ауданның  салық  жүйесіне 

көп  жыл  басшылық  жасаған  Талайлы 

Бөріқұлақов  қазір  аудандық  жұмыспен 

қамту  әлеуметтік  бағдарламалар  және 

хал  актілерін  тіркеу  бөлімінің  басшысы 

қызметінде жүрсе, осы бөлімнен шыңдалып, 

үлкен  өмір  баспалдақтарына  аяқ  басқан         

Базархан  Ақжігітов,  Мұрат  Имандос-

ов,  Фердоуси  Қожабергенов,  Бақытжан 

Жарылқап,  Гүлбақыт  Нармағамбетов, 

Қазына  Бәкенова  және  тағы  басқа  бір  топ 

қаржыгерлер  әр  салада  ел  экономикасын 

арттыруда белсенді еңбек етуде.

Мереке  қарсаңында  бөлімде  өз  қыз-

меттерін  абыройлы  атқарып  жүрген 

бөлім  басшысының  орынбасары  Ақтілеу 

Бөріқұлақов,  бас  мамандар  Анаркүл 

Әлнияз,  Айгүл  Досанова,  Сәкен  Дайра-

ба ев,  мамандар  Рауза  Сартаева,  Әйгерім 

Әлмұратова, Гүлнар Шынбергеновалардың 

есімдерін атап айтуға болады.

Жалпы  еліміздегі  барлық  саланың 

өркендеп, өрістеуі ел тәуелсіздігінің жемісі 

десек  жарасымды.  Біздің  қаржы  сала-

сы  да  егемендік  алған  кезден  бастап  за-

мана  көшінен  қалмай,  қарыштап  келеді. 

Мәселен,  1993  жылғы  12  қарашадағы 

«Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  валю-

тасын  енгізу  туралы»  Жарлығымен  теңге 

айналымға  шығарылып,  ел  аумағында 

бірден  бір  заңды  төлем  құралына  айнал-

ды.  1993  жылғы  15  қарашада  Тәуелсіз 

Қазақстанның  ұлттық  валютасы  теңгенің 

айналымға  шығуы  республика  өміріндегі 

басты оқиға болып табылды. 



– Әр жылдың өз ерекшелігі бар.  Аудан 

әлеуетін  арттыру  мақсатында  алда ғы 

уақыттарға қандай жоспарлар бар?

–  Ауданда  атқарылып  жатқан  сан  са-

лалы,  ауқымды  жұмыстарда  тамшы-

дай  болса  да  үлесіміз  барлығын  әркез 

мақтан тұтамыз. Алдағы жылдың бюджеті 

қаралып, бекітілуге жақын. Келесі жылыда 

халықтың  әл-ауқатын  көтеруге,  жергілікті 

инфрақұрлымды дамытуға қомақты қаржы 

бөлінбекші. Жылды табысты қортындылау 

–  әрбір  еңбек  ұжымының  абыройлы 

міндеті.  Сондықтан  да  мемлекеттік  меке-

мелер  мен  кәсіпорындар  басшыларынан, 

есеп  қызметкерлерінен  салынып  неме-

се  жөндеу  жүргізіліп  жатқан  нысандарды 

мерзімінде  сапалы  қабылдап  алу,  алашақ 

немесе берешек қарыздарды болдырмауға, 

алдын-ала  тиісті  есептеулер  жасау, 

бөлінген  қаржының  толықтай  игерілуіне, 

теңгеріміндегі  негізгі  қорлардың  сақта-

луына,  халық  қазынасының  тиімді  және 

мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау орна-

туды сұрар едім.

Сөз соңында қаржы саласында жемісті 

еңбек  етіп  жүпген  ұжымдастарымды  төл 

мерекесімен  құттықтап,  отбасыларына 

аманшылық,  зор  денсаулық,  еңбектеріне 

табыс тілеймін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен

Есет ТАБЫНБАЕВ.

15  қараша  еліміздегі  қаржыгерлер  мерекесі  болып  белгіленгені  белгілі.  Соны-

мен қатар, дәл осы күні 1993 жылы ұлттық валютамыз айналымға түскен болатын. 

Осы  орайда,  аудандық  қаржы  бөлімінің  басшысы  Ахметулла  Аманов  мырзамен 

әңгімелескен едік... 

ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ – 

ТӨЛ ТЕҢГЕ


ХАБАРЛАНДЫРУ  ЖАРНАМА

№91 (879) Сейсенбі, 15 қараша 2016 жыл.

ЕСКЕ АЛУ

«Қазақстан  Республикасының  азаматтарына, 

оралмандарға  және  Қазақстан  Республикасында 

тұруға  ықтиярхаты  бар  адамдарға  олардың  мүлікті 

жария  етуіне  байланысты  рақымшылық  жасау  ту-

ралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 

маусымдағы Заңының  4-бабына сәйкес мүлікті жа-

рия ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастала-

ды және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Сол  сияқты  құқықтары  Қазақстан  Респу-

бликасының  заңнамасына  сәйкес  ресімдел меген, 

Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  жылжы-

майтын  мүлікті  жария  ету  үшін  құжаттарды  беру 

мерзімі  2014  жылғы  1  қыркүйектен  басталса,  2016 

жылғы 30 қарашада аяқталады.

Жария  етудің  жеңілдетілген  шараларын 

пайдалануға сіз де асығыңыз! Акцияның аяқталуына 

санаулы күн қалды.

****

Толық  ақпараттарды  79-2-80  (3229),  8-701-615-



06-69  телефондары  арқылы  алуға  болады.  Комис-

сия  хатшысы  Қайруллаев  Маулен  Мінажадинұлы 

мүлікті  жария  етуге  байланысты  күнделікті  кеңес 

береді.  Мекен-жайы:  Әйтеке  би  кенті,  Әйтеке 

би  көшесі  №60  үй,  (аудан  әкімдігінің  ғимараты)                   

20 бөлме. 



Аудан әкімдігі жанындағы мүлікті жария 

ету жөніндегі комиссия.

Акция аяқталуға жақын

Мұғалім  –  мәртебелі  мамандық. 

Шәкірт жүрегіне білім нұрын себумен 

қатар оның болашағына бағыт-бағдар 

беретін  де  ұстаз.  Спортты  өміріне 

серік етіп, шәкірттерін салауатты өмір 

салтын  ұстануға  баулыған  Алтаев 

Құнанбай  Қантайұлы  Қазалы  ауданы 

Бозкөл  совхозы  Лахалы  учаскесінде 

дүниеге келген. 

Ол Теңіз Қарулы Күштерінде Отан 

алдындағы  борышын  өтеп  келгеннен 

кейін, 1992 жылдан бастап №18 темір 

жол негізгі мектебінде алғашқы еңбек 

жолын  бастады.  Қазір  №266  мектеп-

лицейде  дене  шынықтыру  пәнінің 

мұғалімі. 

Мектеп 


қабырғасында 

қоғамдық  жұмыстарға  белсене  ара-

ласып,  жастар  ұйымының  жетекшісі, 

дене  шынықтыру  пәні  бірлестігінің 

жетекшісі  және  бастауыш  кәсіподақ 

ұйымының  төрағасы  қызметтерін 

абыроймен атқарып келеді.

Шәкірт 


тәрбиелеудегі 

еңбегіеленіп, «Қазақстан Республика-

сының  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы 

мен  Мемлекеттік  Рәміздер  күніне 

орай  өткен  дене  шынықтыру  пәні 

мұғалімдері 

арасындағы 

респу-


бликалық  байқауға  қатысып,  «Үздік 

дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі» 

төсбелгісімен марапатталды. Сонымен 

бірге, ҚұнанбайАлтаевтың шәкірттері 

қазақтың 

ұлттық 


ойындарының 

аудандық  I  спартакиадасында  арқан 

тарту  мен  шоқпарласудан  бірінші, 

аудандық 7-8 сынып оқушылары ара-

сында  волейболдан  өткізілген  ау-

дан  біріншілігінде  екінші,  мектеп 

оқушыларының аудандық жазғы ХҮІ 

спартакиадасында  арқан  тартудан 

және  «Мектеп  спорт  лигасы»  аясын-

да волейболдан 6-8 сыныптың қыз ба-

лалары  арасында  өткізілген  жарыста 

үшінші орынды иеленді. 

Ақбота 

Қантай 


шахматтан 

жасөспірімдер  арасындағы  аудандық, 

облыстық 

жекелей 


біріншілікте 

жүлдегер 

атанды. 

Айта 


бер-

сек,  ұстаздың  шәкірттері  жеткен 

жетістіктер жетерлік. Алдағы уақытта 

бұл  жеңістер  жалғасын  табады  деп 

сенеміз. 

Биылғы  жылдың  маусым  айы-

ның  3-4  жұлдызы  күндері  Ақтөбе 

қаласында еліміз бойынша тұңғыш рет 

дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің 

республикалық  бай қауы  болып  өтті. 

Тұңғыш рет өтіп тұрғанына қарамастан 

байқауға  еліміздің  12  облысы  мен 

Астана  және  Алматы  қалаларынан 

150  ден  аса  дене  шынықтыру  пәні 

мұғалімдері  қатысып,  бақ  сынады. 

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен 

жүлдегерлер  анықталып,  Құнанбай 

Қантайұлы Дипломмен марапатталып, 

«Спорт  жұлдыздары»  журналының 

«Дене  шынықтыру  мен  спортты 

дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін 

және  пен  «Үздік  дене  шынықтыру 

пәні» мұғалімі төсбелгісіне ие болды. 

Бақытты  отбасының  отағасы 

Құнанбай Алтаев жұбайымен үш бала 

тәрбиелеп отырған ардақты ата-ана.



Гүлшаһар ӘЙМІШОВА,

№266 мектеп-лицейдің мұғалімі.



ҰСТАЗ – 

ЕҢБЕГІМЕН ҰЛЫҚ

«Жалаңтөс  батыр»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігі серіктестік қатысушыларының жалпы жи-

налысы өтетіндігін хабарлайды.

Жиналыс Жалаңтөс батыр ауылында 2016 жылғы 

19 желтоқсан күні сағат 11:00-де өткізіледі.

Жиналыста қаралатын мәселе:

1) «Жалаңтөс батыр» ЖШС-і КС «Қазалы несие» 

ЖШС арқылы несие алуға келісім алу;

2) Несие алу серіктестікке тиесілі мүлкін кепілге 

қоюға келісім алу.

Жиналыстың өткізілетін орыны: Жалаңтөс батыр 

ауылы.

«Жалаңтөс  батыр»  жауапкершілігі  шектеулі 



серіктестігі серіктестік қатысушыларының жалпы жи-

налысы өтетіндігін хабарлайды.

Жиналыс Жалаңтөс батыр ауылында 2016 жылғы 

19 желтоқсан күні сағат 11:00-де өткізіледі.

Жиналыста қаралатын мәселе:

1) «Жалаңтөс батыр» ЖШС-і КС «Қазалы несие» 

ЖШС арқылы несие алуға келісім алу;

2) Несие алу серіктестікке тиесілі мүлкін кепілге 

қоюға келісім алу.

Жиналыстың өткізілетін орыны: Жалаңтөс батыр 

ауылы.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 338.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет