Атажұрт, атамекен-өте кең ұғым. Ол халқымыздың атам заманнан бері мекендеп, суын ішіп, өсіп-өніп, өмір сұріп келе жатқан кең жазиралы жер



жүктеу 13.95 Kb.
Дата05.04.2022
өлшемі13.95 Kb.
#18675
Атажұрт

Атажұрт, атамекен-өте кең ұғым. Ол халқымыздың атам заманнан бері мекендеп, суын ішіп, өсіп-өніп, өмір сұріп келе жатқан кең жазиралы жер. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқыны өзендердің алып таулары мен жасыл желек жамыла сыналған орман-тоғайлардың, кең байтақ, ұлан ғайыр даласының атаулары шын сан. Облысымыздың ең негізгі көзі, баға жетпес байлығы


Менің ойымша туған өлкеміз Атырауда туризмді дамытуға әбден болады.
Осы мақсатта жұмыс жасайтын, барлық күш жігерін жұмсайтын білімді және тәжірибелі маман кадрлар қажет деп есептейміз. Туризмнің пайдасы өте жоғары. Ол елімізге туристердің алып келген табыс көздерінен басқа, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізеді. Туризм халықтар арасында достық қарым-қатынас орнатуға зор себепші. Өз аумағымызда табиғатты қорғау және экотуризмді дамыту жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайын түзеуге де ықпал етеді. Шетелден қазақ
этносымен танысып келген қонақтарды елімізбен, қаламызбен таныстыруға бар ықыласымызды қосып атсалыссақ, ұлттық тағамдар мен сусындарды ұсынсақ, салт дәстүрлеріміз, ән-билерімізбен таныстырсақ, бәлкім біздің өмір сүру жағдайымыз жақсара түсер ме еді.
Тиімді пайдалана білсе, жеті жұрт келіп, жеті жұрт көмген қасиетті Нарын өлкесінде де сан ғасырлық тарихи ескерткіштер мен қорымдар сырлары мен жұмбақтарын іштеріне бүгіп «мен мұндалап» жатқаны мәлім. Мысалы «Тастөбе», «Алтын Орда», «Ноғайлардан қалған обалар мен төбешіктер және қорғандар» құмдар мен шағылдар астында көмілулі жатыр. Осындай «мәдени мұраларды» археолог ғалымдар зерттеп, шетелдік туристер қызықтайтын тарихи орындарға айналдырмасқа деген ой мазалайды. Сондай-ақ «Қырымның қырық батыры» жырына арқау болған Забурын мен Исатай селолық округі жеріне қарасты «Манаш» немесе «Тайман», «Тоғызбай тұзды көлі», «Мыңтөбе», Аққыстау селосындағы «Таскран» бәйге алаңы, Қызыл үйдегі археологиялық зерттеулер, одан батысқа қарай жүргендегі құмдағы «Сәт ата» әулие, «Қыз әулие», Шәуіптен, Бегайдар, Күкірттегі және басқа елді мекендерде жатқан аруақты бабалар мен батырлардың және көсем-шешендердің қауымдарын мемлекет қарауына алып, басына кесене тұрғызып, ел тәу ететін немесе шетелдік қонақтарға көрсететін мәдени-тарихи кешендер неге тұрғызбасқа.
Ия, қарап отырсақ, Атырау облысының өзінде-ақ туризм саласын кең көлемде дамытудың үлкен мүмкіндіктері бар екен. Оны дамытуға тек жергілікті азаматтар тарапынан талап пен іскерлік, ұйымдастырушылық болса деп ойлайсың. Себебі жер байлығы дегеніміз ол елдің атын шығара алмайды. Ол ертең таусылады, содан соң бәрі ұмтылады. Ал, ұмытылмайтын бір нәрсе бар, ол-әр елдің, әр жердің өзіне тән құндылықтары. Ондай құндылықтар біздің Атырауда да көп. Тек қана көрсете білейікші...
Ақ Жайық деген ғажап дүние бүкіл қазақ еліне, бүкіл дүние жүзі өзінің аналық мейірімін төккен, қайырымды, сақтаушы.

Зерттеуші оқушының ұсыныстары:

Заңды жағажайларға қызметті қалпына келтіріп, жабайы жағажайларын заңдастырылса;




Қасиетті Нарын өлкесіндегі сан ғасырлық тарихы бар ескерткіштер мен қорымдар ашылып, тынығушыларға көрсететін тарихи кешендер тұрғызылса– Жайық
жүктеу 13.95 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет