Астана полиграфия



жүктеу 47.51 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.06.2017
өлшемі47.51 Kb.
#10811

Сәбит БЕКСЕЙІТ 

"Астана полиграфия", 2008 



ББК 84 Қаз 7-5 

Б 39 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІП 

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ 

БЕКСЕЙІТ Сәбит 

Б 39 Астана уақыты. Өлеңдер мен дастандар 

- Астана: «Астана-полиграфия, 

2008- 216 бет 

ISВN 9965-571-65-1 

Қарағандылық ақын Сәбит Бексейіт өзінің қарымды 

поэзиясымен оқырмандар жүрегінен орын алған 

талантты  қаламгерлердің бірі. Сырлы әуендерімен 

әрдайым ерекшеленетін ақынның аталмыш кітабына 

замандастарымыздың тыныс-тіршілігі арқау болған. 

. . 4702250202 

М

 00(05)0 08 ББК 84 Қаз 7-5 



ISBN 9965-571-65-1 © БЕКСЕЙІТ Сәбит, 2008 

© "Астана полиграфия", 2008 


ӨРКЕНИЕТ ЗАМАНЫНЫҢ 

СӨЗГЕРІ 

Қай ақынның болса да өмірбаяны - өлеңінде. 

Ақын ғұмырының бөлінбес бөлшектері, тағ-

дырының кейбір сәттерінің, 

қайталанбас 

кезеңдерінің көріністері оның жырларынан, 

сөз жоқ, өз орнын табады. Сонымен  қоса сол 

шығармалардан ақынның  қандай ауамен ты-

ныстап,  қандай нұрға шомылып,  қай дарияда 

жүзіп,  қай аспанда самғап жүргенін де байқап-

бағамдауға болады. Тіпті, ол өзі туралы тікелей 

жазбаса да сол туындыларда оның жан дүниесі 

мен ой өрісі, жүрек соғысы мен қан айналысы жа-

татыны ақиқат. Әр жылдарда жазылған өлеңдер 

өз иесінің бүкіл ғұмыр жолын күнбе-күн, бастан-

аяқ, егжей-тегжейлі, тұтасымен көрсете алмауы 

мүмкін, дегенмен, "теңіздің дәмі -тамшысы-

нан" дегендей, олардың өзегіне зер сала біл-

ген оқырман тағдырдың талма тұстарынан, 

бастан кешуінен хабар беретін жеке жолдар 

мен шумақтардағы астарлы меңзеу мен ишарат 

арқылы-ақ сөз иесінің шығармашылық бей-

несін лағыл тастан мозаика  қиюластырғандай 

құрастырып ала алады. Сондықтан ақын сүрген 

ғұмырды белгілі бір дәрежеде өлеңі де сүреді. 

Қарағандылық дарынды ақын Сәбит Бексейіттің 

бүкіл ғаламның  қасіреті мен  қам-мұңын өз 

жүрегімен  қабылдап, адамзат азабын арқалауға 

ұмтылысында өзінше бір ерекшелік бар. 

Біз аргонавтармыз. 

Қылған талай зұлымдық бізді күпті -

аңсамаймыз  қалайша ізгілікті! 

Өтіріктің нөпірі шыңғыртты жүз -

аңсамаймыз  қалайша шындықты біз! 

Оның өлеңдерінде адамгершілік рухының 

бүкіл әлемдегі ту ұстар жыршыларымен үндестік 

сезіледі. Өркениет заманының өрелі ақынына 



тән жан-жақты терең білім, үлкен эрудиция, 

әлем тағдыры - өз тағдырым деп  қарайтын 

кең құлаш, адам баласына деген бауырмалдық, 

басқаның мұңын бөлісуге бейім ақжарма пейіл 

оның шығармашылығының түпқазығына айнал-

ғанын ертеден білуші едім. 

Сәбит Бексейіт жыр Парнасына айналған 

Алатаудан алыста жатқан салқар Сарыарқаның 

сауырында жүріп-ақ: 



Қандырам деп  құлақтардың  құрышын, 

Айырам деп күрмегінен күрішін, 

Тауға да ұрдым, 

Тасқа да ұрдым басымды, 

Киелі де  қасиетті жыр үшін! -

деп, поэзия кеңістігіне ширек ғасыр бұрын екпін-

деп енген болатын. 

Сол тұста қазақ жырының хас тарландарының 

бірі  Қалижан Бекхожин "Қазақ әдебиеті" 

газетінің бетінде былай деп жазған бола-

тын: "Менің аңдауымша жас талапкер Сәбит 

Бексейітовтің тіл өрнегі, жыр тәсілі айрықша 

ізденісті сездіреді. Жас Сәбиттің біз оқыған 

бір шоғырмақ жырларынан өзінше талпынысы 

бар тапқырлыққа бейім дарынның  қалам желісі 

байқалады: 



Тұнық кеште екі ғашық ұғысты, 

Оның ату - Тыныштық 

Екі көрші  құда болып туысты, 

Оның аты - Тыныштық -

деп сипаттайды жас  қаламгер бейбітшілік 

шақтың табиғи бейнесін. Бұл жолдарда кей-

бір ақындарша бейбітшілік тақырыбын жалаң 

дүрмек сөзге негіздемей, бейнешілдікпен су-

реттеуге талпынғандық бар". Көрдіңіздер ме, 

өлеңнің жілігін шағып, майын ішкен аузы дуалы 


ақсақал ақынымыз жыр дастарханында бас ұстап 

отырып, дарынды жасқа таңдай асатқандай бо-

лып, сол кездің өзінде-ақ Сәбиттің өзгеге 

ұқсамайтын даралығына оқырман  қауымның 

көңілін аударғысы келгені байқалады. 

Міне, содан бері Сәбит ақынның талантты 

жырлары мерзімдік баспасөз бен бірен-саран 

жалпылама жинақтарда ара-кідік жарияланып 

қойғаны болмаса, жеке кітабы жарық көрген 

жоқ. Оған ықты-жарды тыңдамай кеткен заман 

да оң қабақ танытып, ырық бере  қоймады. Бірақ 

одан ақынның шабыты мен шабысы, шалқуы мен 

ширығысы арта түспесе кеми  қоймапты. 



Оқырманым аз менің, тыңдаушым да, 

Қалай ғана болмасын мұң даусымда. 

Ана тілім бара ма ұмытылып, 

Тағдыры әлде шайырдың тұрлаусыз ба? — 

деп жазады ол. 

Ол  қашанда өз өлеңдерінде жеке адамға тән, 

бүкіл адамзатқа ортақ проблемаларды қозғаумен 

келеді. Өмір мен өлім, жақсылық пен зұлымдық, 

махаббат пен жек көру, соғыс пен бейбітшілік, 

бүкіл ғалам мен адамзат тағдыры, жаратылыс 

пен жан-дүние экологиясы сияқты мәңгілік 

тақырыптарға оларды жырлап өткен Эсхил, 

Шекспир, Тагор, Абай, Неруда, Пастернак, Рене 

Шар, В. Хлебников, Муин Бсису, И. Бродский 

сияқты ұлылардың мысы мен сұсынан қорықпай, 

батыл барып, өз сөзін айтуға талпынады. Оған 

оның ақындық  қарымы, білігі мен білімі жетіп 

те тұр. Алайда, нені жазса да әлемдік масштабта 

қарастырып, жақсы мағынасындағы глобализм 

сатысынан түспей  қоятын кездері де кездессе, 

мұны мен Сәбиттің өзі жасынан  ұстаз тұтып, 

жастанып оқып келген асқақ ақындарға  ұқсап, 

жырлауға лайық биік материя тұрғанда күйкі тір-

шілікті суреттеуге мойынсұңғысы келмегенінен 

деп түсіндім. 



Нені көрсе де  құс биігінен көретін ақынға 

біздің кейбір пендешілігіміз түсініксіз: 

- Сендердікі осы не жүз, һәм не ру? -

деп тұрғандай Джавахарлал Неру. 

- Береке жоқ не жүзде бұл, не руда,-

деп тұрғандай ақын Пабло Неруда. 

Бұл жерде Сәбит сөз ойнату арқылы ел бірлігі 

идеясын  қозғап отыр. 

Орыстың дәстүрлі өлеңінің "омыртқасын 

опырған" экспериментші ақын Велимир Хлеб-

ников әдебиетке 'словотворчество" (сөз шы-

ғармашылығы) деген термин енгізген болатын. 

Осы терминді Сәбит Бексейіт бір мақаласында 

"сөзгер" деп аударған екен. Зергер дегенге 

ұқсас. Осы анықтаманы жасынан сөз өнерімен 

шұғылданған ақынның өзіне  қатысты айтсақ та 

болатын секілді. Бар ғаламның жыр жүзіндегі 

жоқшысындай сөзгер ақын Сәбит Бексейіт ердің 

жасы елуге келіп отыр. 

"Поэзияға керегі оны жақтаушылар емес, 

шын сүйетіндер" деген Федерико Гарсиа 

Лорканың сөзін өз шығармашылығына кредо 

етіп алғандықтан да жыр алдында жан-тәнімен, 

барынша адал болуға тырысатын С. Бексейіттің: 

Сендерге бердім, ала ғой, мә, мансабыңды, 

қалдырсаң болды  қолымда  қаламсабымды. 

Мен - еркін  құспын, тәрк етіп балақбауыңды, 

Бақиға  ұшып кетейін, Ғалам сағынды,-

деген сөзіне сенесің. 

Жалпы, дарынды ақын Сәбит Бексейіттің сыр-

лы сұлулық пен асыл шындыққа іңкәрлік, адам-

зат арманы туралы сыр шертетін интеллектуал-

ды поэзиясы жыр сүйер қауымның жүректерінен 

жылы орын алатыны анық. 

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, 



ақын, Қазақстан 

Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, 

халықаралық "Алаш" 

сыйлығының лауреаты. 

ЕУРОПА, АЗИЯНЫ 

ЖАЛҒАСТЫРДЫҢ 



Жаңа дәуір сөйлеп тұр Астанадан, 

Елордадан сонар жол бастау алған. 

Жас  қаладан рухани ләззат тауып, 

Қанаттанып  қайтасың Бас  қаладан. 

Туды, міне, АСТАНА УАҚЫТЫ, 

Қоңырауы даланың күмбір  қақты. 

Өзін-өзі билеуге  қолы жетіп, 

Басына елдің  қонды ғой  құт-бақыты. 

Туды сәті, мезгілі Астананың, 

Мақтанамын, риясыз шаттанамын. 

Мәртебесі өсті де  қазағымның, 

Мейманасы тасыды боз даланың. 

Сән-сымбатың жарасып бұла жүзге, 

Көрік бердің, өң бердің  құладүзге. 

Сарыарқаның саф алтын моншағындай, 

Ұна өзгеге, Астана,  ұна бізге ! 

Ғасыр менен ғасырды алмастырдың, 

Еуропа, Азияны жалғастырдың. 

Қос  құрлықтың боп тұрсың дәнекері, 

Келешекке жетелеп Алаш жұртын! 

Болашаққа Астана  ұмтылғандай, 

Арманы асқақ, өміршең жұртым  қандай! 

Хан Кене тұр біздерге сенім артып, 

Бұлқынғандай жүрегім, жұлқынғандай! 

Елорда кестесімен көлік жүрер, 

Көш-керуен жолында өңір түлер. 

Таңнан тұрып жасампаз халқым менің, 

АСТАНА УАҚЫТЫМЕН өмір сүрер! 

ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ 

НАЗАРЫ - АСТАНАДА 

Таңнан тұрып елорда жасанады, 

Астана күніне орай ғажап сәні. 

Мемлекеттің бұл деген мерекесі, 

Ұлттың тойы бұл деген асқақ мәні. 

Әне, 500 мыңыншы астаналық, 

Тапты, білем, жаны жай баспана алып. 

Қоныс тойын жасады дүркіретіп, 

Тұрады деп мұнда әлі миллион халық. 

Марапаттап ел біткен Астананы, 

Әуелейді аспандап  қазақ әні. 

Ән шырқайды қазақша кілең бұлбұл, 

Келбетіне келіскен  қас-қабағы. 

Менің ана тілімде шырқап тұрды 

Малайзия бұлбұлы, Сингапурдің. 

Мына бір ұл елінен Джеки Чанның, 

Мына бір қыз елінен Радж Капурдің. 

Құдыретін сезінген тіл мен ділдің, 

Сұлу қызы ән салды Филиппиннің. 

Түсінсе ғой  қазақша сәлеміңді 

Тап осылай жайраңдап, күліп құрбың. 

Бұлбұл бағы шаһардың мәуелі еді, 

«Айттым сәлем,  қаламқас...» әуеледі. 

Қандай әйбат, гүл  қыздар уылжыған, 

Қандай керім, келіншек сәукелелі! 

Он екі бірдей мемлекет қазағыма 

Көрсетіпті пейілін таза мына. 

Әніме іңкәр көргенде шетелдікті, 

Алашымның шын сендім ғажабына. 


Тектілік пен өрлікті аңғарасың, 

Таң қалдырса түріктің паң қарасы. 

Желеп, жебеп жүреді әр түрікті 

Ататүрік көсемнің Анкарасы. 

Қолдау тауып халқымнан бастамасы, 

Қанат жайған  құрылыс - аспан асты. 

Рух береді әр  қазақ баласына 

Нұр-Ағаның сәулетті Астанасы! 

Еуразия жүрегі тап осында, 

Ынтымақтың лебі бар ауасында. 

«Бәйтерекке» келіп жұрт жүгінгендей, 

Тапқандай бір «дертіне» дауасын да. 

Батыс-Шығыс, Түстігің-Терістігің, 

Ақ ниетті бар жұрты Жер үстінің, 

Қазақ елін риясыз мойындады, 

Татулығын  ұсынып, келісімін. 

Іске асырған ойларын асқан дана, 

Азат халық, аман бол, бостан дала! 

Тіл мен көзден Тәңірім сақтай гөрсін, 



Төрткүл дүние назары - Астанада! 

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> eBooks
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
eBooks -> Өскембаев қанат Сәдуақасұлы
eBooks -> Кәрім Сауғабаевтың бұл кітабына туған жер, еңбеккер ағалар, бақытты
eBooks -> В. И. Ленин В. Д. Бонч-Буревичпен бір әңгімесінде халықтың
eBooks -> Григорий николаевич потанин
eBooks -> Отан соғысы кезінде көрсеткен ерлік өмірі баяндалады
eBooks -> «та заводская проходная »
eBooks -> Уақыттан мықты құдірет жоқ дегенімізбен, оның да қайраны жүрмейтін жандар болады екен. Сәл

жүктеу 47.51 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет