Қасым аманжолов (1911-1954)



жүктеу 374.88 Kb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата09.01.2017
өлшемі374.88 Kb.
1   2   3   4   5

Орамалға тілесең 

Жүрегімді орап ал! — 

деген  қыз  қан төгілген ауыр заманның  қорғасын салмағын 

сезінгендей, ертеңгі күннің әлде бір сұмдығынан шошын-


ғандай, бірақ соған бір түрлі беріктікпен қарайды. Міне, 

осы шошыну мен беріктік бірдей араласқан сезім оны тра-

гедияға баланар ашынуға жеткізеді. 

Бәлкім, осы орамал 

Қызыл  қанға боялар; 

Жанға тисе жат хабар 

Жарың шошып оянар, — 

дейді. 


Бұл жас жанның  қоштасуы ғана емес, шыңғырып шық-

қан үні. Мұнда сүю де, Тәкен Әлімқұлов айтқан тұрақты-

лық та бар, бірақ «Орамалдың» күші әйел образының мық-

тылығында, оның айқындығы мен бүтіндігінде. Әйел  ұлы 

дәуір фонында іріленіп алынған. Ол  қатер жолына  қажыр-

лы отты көзбен  қарайды. Нәзік сезім  қайралған  қанжар-

дай өткірленген, ол биік мұрат үшін өзі де жауға сілтенуге 

әзір. Осыдан барып біз әйелдің идеал боларлық образын 

көреміз. Ондаған өлеңдерде бөлек-бөлек жырланатын бар-

лық ғашықтық, барлық  құштарлық, барлық  құмарлық 

осындай бір өлеңнің бойынан табылады да, солардың үстіне 

үлкен бір айқын тұлға жарқырай жанып тұрады. 

Бәріміз мақтан көретін «Дариға, сол  қыздың» да асыл-

дығы осы жағында. Отқа жанбаған, оқтан өлмеген ақын 

майданнан жеңіспен  қайтып келеді. 

Қайда екен,  қайда, 

Дариға, сол  қыз! — 

дейді, барлық  құштарымен, барлық пафосты даусымен. 

Мұнда ақын аузымен айтылатын соғыс сұрапылының су-

реті орасан, теңіз теңселген, шың-құз шайқалған, содан 

ақын тірі оралып келеді. Сүйген жарына деген ғашықтығы 

мың рет артылғандай, сонда біз жауды жеңген ғашықтың 

екен деп  қабылдаймыз. Біздің көз алдымызда махаббаты 

ерлікке  қорған болған ғасырмен бейнелес Дариға образы 

тұрады. Мінеки, ірі махаббат, әйелге деген өрттей махаббат 

осы. Бұл совет поэзиясының классикасына жатады. 

Қасым осыдан кейін де әйелге арналған махаббат жыр-

ларын тоқтатқан жоқ. Олардың ішінде  ұқыпты жазылған, 

тәтті айтылған өлеңдері де бар. Бірақ жалпы мазмұны бұ-

рынғы ғашықтық жырларының шеңберінде  қалады. 1946 

жылы жазылған «Сақыпжамалында»: «Қате бассам, кет-

сем желдеп өзің сотта, өзің кеш» десе, «Сенің алма бағың-

дасында»: «Бір сөз айтқым келеді, тіл жетпейді айта ал-

ман» — деген ишаратын білдіреді. «Рабиғаға» атты өлеңін-

де осы ишарат бар. Тағы бір атсыз өлеңінде: 


Келші,  құрбым, 

Кешкі құрым 

тау жаққа. 

Сырласайық, 

Бір жасайық 

аулақта, — 

д е й д і . 

Соңғы өлеңдерінің ішіндегі әлеуметтік мәні бар шығар-

масы — «Үгітші мен кемпір». 

Қасымның жаратылысқа байланысты лирикасында өз-

гелерге  ұқсай бермейтін өзгешелік бар. Ол ешуақытта таби-

ғат көрінісін көлденең көруші (созерцатель) болып жазған 

емес. Сондықтан пейзаж суреттерін одан іздеу  қиын. Әри-

не, тек  қана пейзажды суреттеп, оған өз жүрегін байланыс-

тырмайтын суреткер болған емес. Бірақ сөйте тұра, жара-

тылыс жырларының талай әсем дүниелерін білеміз. Жарық 

дүниеден,  қоғам ортасынан  қашып, табиғатпен бірлік із-

дейтіндер де болған. Олар жаратылысқа  қайта сіңісіп кету-

ге  ұмтылады, өздерінің ішкі сыр, жан күйлерін табиғат 

сыры, табиғат күйіне айналдырады. Пушкин шығармала-

рындағы деревня, Кавказ,  қала суреттері  қандай берілуші 

еді. Некрасов, Кольцовтар жазған орыс өмірінің шындықта-

рында да жаратылыс пейзажы көркемдік күштің бір сала-

сы, біздің классик Абай да өз дәуіріндегі  қазақ аулының 

өмірін оның жаратылысымен тығыз байланыстырды. Біз 

одан әлеуметтік бейнесі бар адамды  қандай көрсек, оның 

географиясын да сондай көрдік: көлі, шөлі, ойы,  қыры, көгі, 

тақыры жылдың төрт мезгіліне байланысты түгел сурет-

телді. Осы ретпен алғанда,  қазақ совет поэзиясының ағала-

ры Сәкен, Ілиястар да көп шығармалар берді. Сәкеннің 

өлеңдерін айтпағанда «Көкшетау» атты поэмасының бас 

геройы жаратылыс сияқты. Ал Ілияс «Жетісу суреттерін» 

өлеңмен жазды. «Жел жіберіп бір желпіп, сел жіберіп бір 

шайып» жатқан тау мінезін де біз Ілияс арқылы таныдық. 

Осындай жақсы талаптар Асқарда, Ғалида да болды. 

Сол «Көкшетауды»  Қасым да дәстүр бойынша жырлап 

көрген. 


Көк  қасқа Көкшетаудың бетегесі, 

Сықылды сепкен алтын көк сәулесі, — 

деп суреттеген. Бұл 1939 жыл еді. 

Ал 1937 жылы «Көктем» деген өлеңін: 

Төбеден төнген аспан күн мен айы, 

Тамаша жанға жайлы күн райы. 

Ақырын жылжып  қана көктем келед 

Сықылды жас жігіттің сәулетайы, — 


деп бастаған. Мұндай мысалдарды келтіре беруге болады. 

Бірақ одан жаратылыс тақырыбына байланысты антоло-

гиялық жырлар жазған  Қасым шықпайды. Табиғаттың 

мол суретін салып, өз сезімін соған байланысты, соған ба-

ғынышты ғана аңғартатын  Қасым жоқ, ол өз жанының 

күйін аса  қатты серпіп, асқақтаған пафоспен айту үстінде 

ғана жаратылысты өз шабытының бір көрінісі, өз жанының 

бір бөлшегі ретінде мол пайдаланып отырды. Жоғарыда 

аталған «Май келедіні» тағы бір еске алайықшы, барлық 

бояу, барлық дыбыс, барлық жаратылыс алдымен ақын  қу-

анышының сипаты болып шыққан емес пе? Бұл жағынан 

да Лермонтовқа көбірек келеді. Аманжоловтың «Мен таби-

ғат бөбегі» деген өлеңі бар. Онысы рас. Табиғатты созерца-

тель болып жырламаған  Қасым, енді бір  қарасақ табиғат 

тұтасымен соның ішінде жатқан сияқты. Дәуірді, отанды 

айта ма, ауыр күндер мен сын сағаттарды айта ма,  қуана 

ма, жылай ма, — соның бәрінде де ақын табиғат суреттері 

мен мінезін өз суретіне, өз мінезіне айналдыра салады. Тіп-

ті, ол «Өзім туралы» дейтін өлеңінде де күн боп күркіреп, 

жаңбыр боп сіркіреп жатқандай. Жаман өлең жазбаймын 

дегенді айту үшін де: 

Құя алман үгітілген балшық өлең, 

Көңлімде көл жасаман тамшыменен, — 

дейтін жаратылыс дүниелерінің нақтылы  қасиеттерімен 

оңай да  ұтымды сөйлеп кетеді. «Қазақстандағы»: 

Аралашы Алматының көшесін, 

Емендермен егесе сен өсесің. 

Әйтпесе: 



Көк  құрыштан  құйылғандай бір елміз, 

Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз, — 

дейтін егіз жолдар да сол сияқты. 

Ел де, ақын да сондай  ұлы, сондай ірі, екеуінің бейнесі 

— отанның өзі сияқты: биік тауындай, кең даласындай, те-

рең теңізіндей. Кейде осы теңеулерді келістірмей пайдалан-

ғанда  құлаққа жағымсыз, көңілге  қонымсыз өрескел гипер-

болаға да айналып кетеді. Ондай тұста өлең реалистік 

қалыптан шығып, жылылығын жоғалтады, поэзиялық кү-

шінен айрылып  қалады. Ал,  Қасым келісімен жарастығын 

тауып береді,  қанша зорайтса да интеллектуалдық сезімі-

нен асырмайды, гуманизмге сыйымдылықтарды шашып 


төкпейді. Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да Қа-

сым осы  қуаттылығымен ғажайып суретке айналдырған: 



Шұғыла шалған кешкі бұлттай 

Толқын шаштар, оттар ойнап. 

Өрт топанын кешіп Нухтай, 

Жалғыз өзі тұрды бойлап. 

Бұл екінің бірі айта бере алмайтын жыр, екінің бірі көр-

сете бере алмайтын сурет. 

Қасымға ғана тән мұндай жолдарды келтіре беруге бо-

лады. Ақынның өзін тауып, шығандаған жырларынан: 

Оянып от  құндақтан күн шыққанда 

Қозғайды биік егін жел бастарын... 

Теректерге асыла 

Шықты ол таудың басына... 

Өлеңнің  қаптатармын отты селін, 

Толассыз топанындай ертегінің... 

Сыбырлайды жапырақ, 

Жалт  қарайды тас маған, — 

дейтін жолдар будақ-будақ кездесіп отырады. Бұл жолдар 

табылатын өлеңдердің бірінде де  Қасым табиғатты жырлай-

мын деп ойламаған. Бірақ табиғатсыз  Қасым жоқ. Өйткені 

оның өзі жаратылыс  құдіретінің бір көрінісі. Барлық жара-

тылыс оның жанды серігі. Ол досын, жолдасын  қандай 

сезінсе, жаратылысты да сондай сезінеді. Сондықтан олар-

сыз сөз сөйлеуі мүмкін емес, оларсыз шабыттануы да мүм-

кін емес. Күн от  құндақтан шықпаса, егін өспес еді. Өйтке-

ні бүкіл тірлік оның ішінде, ақын тірлігі де күнсіз мүмкін 

емес. Осыдан кейін терекке асылмай, тауға шығуға болмай-

ды деп сенеміз. Алыпқа көтерілу үшін алыпқа сүйену 

керек. Сонда терек те  құр серейген ағаш емес, біздің жанды 

досымыз,  қымбат досымыз. Майданнан сағынып  қайтқан 

ақынға жапырақ  қуанбаса,  қуанышын сыбырламаса, тас та 

адамша жалт  қарамаса, біз Алматыны не үшін сүйерімізді 

білмес едік. Заулап бара жатқан поездың терезесінен  қара-

ған  Қасым жүрегінің бір бөлшегін Оралына тастап кеткен 

сияқты. Сол бөлшектің ішіне бүкіл  қала жайы түгел сый-

ып тұр. 


Қош бол енді, Оралым, 

Күле бер, шалқып, сайранда. 

Айтпақшы,  қайда бораның? 

Кетейін алып майданға, — 

дейді ақын. Ол боран — досын бірге ертіп кеткендей, май-

данға да борандатып кіргендей. Ақын  Қасым сол поездың 


үстінен Байкалды қалай мол шолып қалды? Бұралған ақ 

балтырлы қайыңға қалай би билетті? Күркіреген көктегі 

бұлттың сесін қалай тыңдады? Жауап беру қиын. Біздіңше 

бұл ақынның біз түсіндіре алмайтын сиқыры. Оның аты — 

күллі әлемнің  құпия сырын көкірегіне жинаған, шабыты 

түскен кезде соларын ақтарып тастай беретін ересен та-

лант, ал талант кілті ақынның үлкен жүрегінде. 

Ойсыз өлең болмайды. Лирикалық жыр неғұрлым та-

лантты, өнерлі болған сайын ол әр жақты, сегіз  қырлы. Бір 

тамшы суға күн жарығы түгел түскендей өлеңінен де пей-

заждың сурет, философиялық ой, психология, өмірге деген 

махаббат түгел табыла береді. Әртүрлі тақырыпқа шартты 

түрде бөліне  қарап отырған ақынның жақсы жырларынан 

да біз осыны көреміз. Әйтсе де осы шартты түрде бөлшек-

тей  қарау әдісімізбен  Қасым лирикасының ойға  құрылған 

шығармаларына да арнай тоқтап кетеміз. 

Оның үстіне, ой лирикасы — шын үлкен ақынның жас 

жағынан да, мінез жағынан да толыққан, орныққан, терең 

танып тебірене сөйлейтін, көп аңғарғанына көңлі жеткен 

шағында, әбден  қажет деп танығанда айтатын ерекше өне-

рі — үлкен поэзиясының дербес бір түрі. Ол енді гүлге бұл-

бұл болып табыспай, гүлді мұздаған жел, жұлып кетер 

құмарпаз  қолдардан  қалай сақтауды ойлайды. Ол енді жа-

рықты басар көлеңкеден, адалды былғар арамдықтан, таза-

ны кірлер ластықтан шошынады.  Қоңыр үнмен тартылар 

скрипка шектерінде драматизм, тынышсыздық басым, сон-

дықтан кейде зарлы сарын сезілгендей тұстардың өзінде 

ақылды ой айтады: әлде бір жарыққа шақырады, әлде бір 

сұмдықтан сақтандырады. Сөйтіп, ақын ойға арналған ли-

рикасында замана, өмір  қамқоршысы, адам  қамқоры. 

Мұндай айқын нысанаға сана-сезімін дәл көздеген ақын 

жеңіл әзіл, жеңіл кекетуден де аулақ. Ол енді жақсы көрген 

құбылыстарын  қандай дәріптесе, әулие тұтса, жек көрген 

құбылыстарын аяусыз әшкерелейді. Барлық уын, барлық 

оғын соларға ғана атады.  Қанын ағыза, жанын шығара ата-

ды. Демек, ойлы ақынның терең толғақты, барлық нәрсені 

көңіл көзімен безбендеп, соған толқыған оймен  қарап отыр-

ған лирикасының басты бір тіні сатира. Мұндай шығарма-

лар  ұстаздық ақылын айтумен де (поучение) шектеседі, бі-

рақ ол дәрменсіз ақындар жазатын  құрғақ дидактикаға 

айналмайды. 

Ұстаздық  қылған жалықпас 

Үйретуден балаға, — 

деп, Абай сол үшін айтқан. 



Осы тұрғыдан қарағанда, Қасымның ойларын шерткен 

лирикасы Лермонтовпен, Абаймен сабақтас. Әрине, аттары 

аталған классик ақындардан  Қасымның заманы бөлек, ол 

тіпті өзге шындықтың ақыны. Сол үшін де оның өзге жақ-

сы шығармаларындай ойға арналған лирикаларында да со-

вет дәуірінің әсем болмыстары, айқын оптимизмі жарқыл-

дап отырады. Бірақ ақындық жаратылыстары, сол түйсік-

терін жырмен ашу жағынан әбден рухтас.  Қасымның 

дәуірімен, отанымен конфликтісі жоқтығын барлық шығар-

масы растай отыра, ол жаманшылықтың барлық көрініс-

терімен жау. Ол жеке басқа табынудың зиянды зардабын 

сол тұстың өзінде  қатты сезінгенін, ойлана бастағанын, ау-

зынан ащы сөздер шыққанын жоғарыда ескерттік. Осы 

ойлану оның көп өлеңдерінің тереңдей, тегеуріндей түскен 

басты тақырыптарына айналды. 

Сонымен  қатар алыс майданда жүріп сағыныштан ту-

ған ойлары да бар.  Қорыта айтқанда, ой —  Қасым поэзия-

сының бір саласы. 



Аспанымды бұлт торлап, 

Құрыстырды денемді, 

Көзімнен жас домалап, 

Төктім сонда өлеңді. 

Жырымды да жасымды 

Бір сығып мен тастадым. 

Жайнап  қайта ашылды, 

Ойым — менің аспаным, — 

деді, майданда жүріп, 1944 жылы жазған бір өлеңінде. Осы 

сағыныш үстінде сол жылы «Сырласымды» жазды. 

Хат жоқ елден: достан да, жақыннан да, 

Шынымен-ақ шіркіндер  ұмытқан ба? 

Жапа-жалғыз тұңғиың ойга батып 

Ұқсаймын су түбінде отырғанға. 

«Ойлаймын да жазамын әр немені», «Достар  қайда жүр-

сіңдер?», «Сен едің мені айырған» сияқты тағы басқа өлең-

дерінде ақын ойын толғанбай, өлеңге айналдырмай отыр-

майтынын өзі де айтады. Мұндай өлеңдерінде сағынышы, 

аңсаған мұңы, бір жағынан, аянышты келеді де, екінші 

жағынан, елге, достарына деген ыстың махаббатын көрсете-

ді. Бес бөлектен  құралатын «Елге хат» — бұл тақырыптың 

әбден жетілген, піскен үлгісі. Мұнда тек ел ғана емес, сол 

елдің күрделі суреті, балалық шақтан бастап

 еске

 түсетін 



ақын өмірінің үзінділері бар. Сондайлық көрікті көрсетіл-

ген, қиялдай елестейтін туған жерді толғап отырған ақын 

Г сағындырмайтын,  қайта шошытатын  құбылыстарды да 

ұмытпайды: 

Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі. 

Жоқсың деп жала жабар  қудың бірі. 

Түссем де отқа, суға тозар емен 

Солдаттың етігіндей жаным сірі, — 

дейді. 


Жолшыбай ғана атала кеткен жалақор нуға өте уытты, 

аса кекті сөздер айтылған. Осы жалақор  қу ақынды көп 

ойландырып, көп толғандырған, сондықтан оқушы доста-

рын солардан сақтандыруға жалықпайды.  Қасымның үш 

бөлімнен жасалған «Ғалиға жауабы» да «Елге хаттың» 

тамаша жалғасы. Мұнда да әрбір сөз оттан, адамның  қаны-

нан жаралған. Батырлық, майдан, жауға жалын атқан жү-

рек, сағыныш арқылы жырланған  ұлы махаббат — ақын 

ойының алтын тажындай. Еліне арнап ағыл-тегіл ақтары-

лып жатқан  Қасым әлде кімдерді — еліне жат, өзіне жат 

біреулерді түйрей кетеді. 

Мен емес сыртын сылар, іштен іріп, 

Кимеймін тұмылдырық, көзілдірік, 

Өткізіп өз көзімнен бар өмірді 

Аралап жерде жаяу келем жүріп. 

Қасым жалақорлардың неше түрлі сұмдықтарымен со-

ғыстан елге  қайтқан соң кездескені мәлім. Ең көрікті поэ-

масы «Абдолланың» өзінен бәле  қазып жатқандар, оның 

«Қазағым», «Елім» деген адал сөздерін де арамдағандары 

белгілі, бұлар әдебиет сынына араласып, әдебиеттен атақ 

іздеген алакүліктер еді. Ақынның арынды поэзиясына  қыз-

ғаныш көзімен  қараған күшеншек ақындар да пілге шәуіл-

деген күшіктей жаман ниеттерін білдіріп алып жатты. 

Жолдастың жүзін  қайта алдым жинап, 

Айрылсам ала көңіл он досымнан, — 

деп сол кезде айтты. 1949 жылғы «Оңаша ойда» бұдан да 

анығырақ жазды: 

Ұғынар дедім достықты 

Болған соң адам баласы. 

Осы бір ойым бос шықты, 

Жанымда  қалды жарасы. 


Жеңісім менің жарқ етсе, 

Келеді дос боп ант беріп, 

Бір жерімнен  қалт етсе, 

Кетеді, шіркін, жалт беріп. 

Қасым жалақорларды мінеп, сынап отырумен бірге, өзі-

нің кім екенін баяндайтын өлеңдерімен де жауап беріп 

отырды. «Өзім туралы» дейтін өлеңінде  Қасымның «сын-

шыларына» айтатын тікелей жауаптары бар. Бірде: 

Өмірде әлі талай жырлармын мен, 

Біреуге  ұнап, біреуге  ұнамаспын. 

Өзім болып айтармын өз сөзімді, 

Жамау-жасқау жинап, мен  құрамаспын. 

Жұрттың сүрлеу жолымен жүргенім 

жоқ, 


Нар тәуекел омбылап тура бастым, — 

десе, «Өзім туралыда»: 



Қасыммын, сол баяғы бір  Қасыммын, 

Бақытын ойламайтын  құр басымның, 

Тымырсық түнек болсаң дұшпаныңмын, 

Ақ көңіл, адал болсаң сырласыңмын, — 

дегенді айтты. Бірақ бұл екі өлеңнің  құндылығы әлдекім-

дерге жауап беруінде емес, ол себеп  қана.  Қасым барлық 

ойын еліне арнаған,  қалың оқушысына өзінің үлкен жүре-

гін ашқан, барлық ақ сырын шерткен. Мінеки, ғажап осын-

да. Бір арам сөз жоқ, бір жалған сезім жоқ. Біз ақынның 

ішіне кіріп, жан жүрегін түгел ақтарып шыққандаймыз. 

Біздің көз алдымызда үлкен адамның, дарынды совет ақы-

нының сәулетті бейнесі ашылады.  Қаны  қандай таза, жаны 

қандай жалынды. Бар өмірін елге ғана, жырға ғана арна-

ған абзал жан. Алдындағы биік нысанадан бірде-бір аума-

ған, бірде-бір кідірмеген, бірде-бір азбаған, тозбаған, бары 

да, бақыты да, туысы да, досы да өлеңі ғана. Еңбектенсе, 

жыр көрігін басса, жыр ырғағын теміршідей балғаласа бол-

ғаны. Одан өзге  қуанышы жоқ. Кейде өкінсе де, сол бір 

асыл жыр үшін, соның тағдырын ойлап өкінеді: 



Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, 

Өкінем  ұқсата алмай келемін деп. 

Күніне жүз ойланып, мың толғанам, 

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. 

Сөйтіп,  Қасым — биік ақындықтың, жұртын сүйген 

жүректің, шабытты поэзияның, от  қанатты арманның  қор-


ғаушысы болып шыққан; жыршы туралы, жыр туралы өл-

мейтін-өшпейтін жыр жазған. 

Қасымның ойға, көңіл-күйіне арналған жырларының 

бірсыпырасы ауру үстінде, тіпті үзілер шағы жақын  қал-

ғанда жазған  қысқа өлеңдері. 

Көп борыш мойнымызда өтелмеген, 

Ойым жоқ  қарызданып кетем деген. 

Кенімді кеудемдегі жаба тұрдым, 

Азырақ әуре болып жөтелменен. 

Бұл ақынның 1954 жылы, өлерінен екі ай бұрын жаз-

ғаны. Мұндай халде жатқан адамның күйінері де, күрсіне-

рі де белгілі. Бірақ  Қасым  қашан көзін жұмғанша рухани 

күйреген жоқ. 

Нұрлы дүние — туған елім, 

Жарқылдапсың жас айбынмен. 

Бір сен үшін туған едім, 

Бір сен үшін жасаймын мен. 

Бұл  Қасымның туғанда айтып туған және дүниеден ке-

терінде де айтып кеткен сөзі сияқты. Демін алғашқы рет 

осылай алды, демі ақырғы рет осылай тоқтады. 

Қасымның барлық жырын, барлық ақындық сырын тү-

гел  қамту, түгел түсіну  қиын. Ол да уақыт өткен сайын, 

эстетикалық ғылым тереңдеген сайын тереңдей беретін, 

жаңа  қырлары ашыла беретін ақын. 

Қасым  қолданған өлең ырғақтары мен  ұйқастары, әр-

бір сөзі тынымсыз тұтанып, тынымсыз жаңғырып отырған 

үлкен процесс. Ол өзгелер сияқты балалық-шәкірттіктен 

бастап, іздену жолын тынбай шарлады. Поэзия сырын жер-

ді ақтарғандай ақтарды, океандарды, космосты тексерген-

дей тексерді. Сол ізденулерінің нәтижесі: лирикада ашқан 

Қасым жаңалығы атанатын жаңалық — новаторлық. Сөз 

күрделенді: жарыққа, бояуға, музыкаға айналды. Ырғақ 

күрделенді: екпінге, пафосқа,  құдіретке айналды. Шығар-

ма күрделенді: ақын түйсігі бір  құбылыстың, бір әсердің 

үстіндегі сезімін жан-жақты, көп көріністі суреттермен си-

паттарлық шеберлік тапты. Бұл ойымызды анығырақ түсін-

діру үшін «Балалық шақты» түгел келтірейік: 

Түседі еске жалаң аяқ күндерім, 

Ақ сүйекті ала  қашқан түндерім, 

Сол  қашқаннан мол  қашыпты балалық. 

Қайда екенін көптен бері-ақ білмедім. 


Қуар едім осы күні етікшең, 

Бірақ маған жалаң аяқ жеткізсең. 

Мен мұндамын, сен  қайдасың білмеймін, 

Жеңіл аяқ жетім болып кеттің сен. 

Өткен екен талай жылдар, талай күн 

Өмір жолын, өлең жолын санаймын, 

Сонау  қарттың жөтелгенін есітіп, 

Есік жаққа  қайта-қайта  қараймын. 

Барлығы осы ғана. Жаңағы айтқанымыздай бір-ақ түйсік, 

дір еткізген бір-ақ сезім үстіндегі үш-ақ шумақ лирика. 

Кіп-кішкене дүниеде бір кісінің өмірі,  ұзақ поэманың оқи-

ғасы жатыр. Ақ сүйекті ала  қашқан жалаң аяқ бала со-

нау айлы түнді ауылдан, жайлаудан  қашқан, біздің көз 

алдымыздағыдай. Зымырай жүгірген баланың  қимылы сон-

дай айқын, біз соған  қадала отырып көп суреттерді өзіміз 

көреміз. Сол шақты егде тартқан етікшең, аяғы ауырлаған 

ақын өзі де көріп отыр. Біздің алдымызда екі бейне  қатар 

тұр: бірі зымырап бара жатқан балалық, екіншісі соған 

қызыға  қараған,  қуа жөнелгелі, кейін  қайтарғысы келген 

даналық. Екеуі де жүйрік  қимыл үстінде, екеуінің де ентік-

кен демін естігендейміз. Бірақ балалық шақтың өзі  қызық 

болғанмен өмірі ауыр болған. Жастық — идеал, ал өткен 

күн  қызық емес-ті. Баяғы балалық кезінде жүгірген жердегі 

«сонау  қарттың» жөтелі де есінде. Ақын жастығыммен бір-

ге сол  қарт жөтелі  қайта оралып жүрмесінші дегендей сес-

кенеді.  Қанша сурет,  қанша оқиға,  қаншалықты  қарама-

қайшы сезімдер  қабаттасып, астарласып берілген. Осындай 

күрделілікті біз оның толып жатқан өзге лирикаларынан да 

көрдік. Осылай дамып, күрделілік табуды біз оның поэма-

ларынан да көреміз. 

III 


«Біздің советтік поэзиямыз өз өмірінің  қысқа мерзімі-

нің ішінде ірі табыстарға жетті, бірақ оның да бойында 

прозамыздағыдай  қолбырақтар, нәрсіздіктер,... бар»

 7

, — 



деді А. Горький Жазушылардың бірінші съезіндегі  қоры-

тынды сөзінде. Сәкен, Сәбит, Ілияс, Исалардың тарихи та-

қырыптарға жазған поэмаларымен  қатар бүгінгі, советтік 

өмірді жырлайтын шығармаларда кенделік болмады. Сон-

дықтан іздену,  қамдану эпикалық поэзияда да айқын 

бастала бастады. Челюскин жорығына арналған дастандар 



Каталог: kasym -> gallery -> text
text -> Қасым а м а н ж о л о в поэзияның өзге жанрлардан бір өзгешелігі онда
text -> Өмір м е н ө л е ң (Қасымның өмірбаяны, ақындық сапары туралы)
text -> Қасым Аманжоловтың "Мен өмірі Сталин туралы өлең жазған жоқпын" мақаласынан
kasym -> Ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл) Поэт с огненным сердцем
kasym -> Александр твардовский василий теркин (поэма)
kasym -> Қасым аманжолов. Ақын өлімі туралы аңыз
kasym -> Қазақ хандығына 550 жыл Қасым хан Жәнібекұлы
kasym -> Қырық жыл бойына, одан беріректе Қасым
text -> С о в е т т І к м е н І ң Ө з е л І м ө м І р г е ендім еңбектеп

жүктеу 374.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет