Қасым а м а н ж о л о в поэзияның өзге жанрлардан бір өзгешелігі онда



жүктеу 0.49 Mb.

бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5

209 

леп ақты, ормандар да күйін шертіп, даламыз кеңіп кет-

ті». Сол жаңа дүние Лениннің  қазасына тап болғанда 

ақын нендей суреттер жасайды деңіз? 

Күректің сабы енгендей жүрегіне, 

Сүйеніп  ш а р у а тұрды күрегіне 

Сақалын  а ғ а р т а р д а й  а қ қ а н жасы, 

Қонды кеп  қасірет б ұ л т реңіне. 

Ш а т күліп кең  д а л а д а  ш а п қ а н кедей! 

Кенет кілт  қ а л д ы тоқтап 

тырс үндемей 

Қ ұ ш а қ т а п атты ң  ж а л ы н т ұ рд ы еңіреп 

Д а л а д а  қалған  қатып бір белгідей. 

Ананың ауыр  ж а с ы түсті аунап, 

Қасірет қ о л а м т а с ы  қ а й т а  қ а у л а п , 

П а р т и з а н баласына  қ а р а й берді, 

Б а қ ы т ы н әкеткендей біреу  ж а у л а п 

Балғын  қыз бұрымына  қызыл  т а қ қ а н 

Түсті  с ұ л қ 

айрылғанда махаббаттан, 

Ж а с жігіт  қ а л д ы тұнып кәриядай, 

Ж а п - ж а ң а  д о м б ы р а д а күйін тартқан. 

С а ғ а д а сыңсыды да үзілді күй, 

Бір ауыр  т ы н ы ш т ы қ қ а толды әр үй 

Алдында әр  а д а м н ы ң бір бос ыдыс, 

Сықылды мезгіл тұрды,-

ж а с ы ң д ы  құй. 

Бұл  қайғыдан жауымыз шошып кетсе, күллі еңбекші 

әлем өзіміздей зар иледі: 

З а р  ж ы л а п бүкіл дүние еңбекшісі 

Қ азағ а  ж а н ы н тосты үлкен-кіші, 

Нілінде  қасіреттің тұрды негр 

Ерінге  қ а т т ы батып күрек тісі. 

С а р ы өзен -  с а р у а й ы м  а қ қ а н сыңсып, 

Бойында  қытай  ұлы тұрды ыңырсып 

«Аһ! Ленин!..» кеудесінен шықты  ж а л ы н , 

Үміті  ш а л а ж а н с а р түсті ыршып. 

Ленин дүниеден  қайтты, бірақ, өлген жоқ. Оның ілі-

мі, идеясы мәңгі жасайды, ол орнатқан жаңа өмірдің 

коммунизм жолындағы күресте мерейі үстем бола бере-

ді. Сондықтан да ақын өз ойларын былай түйеді: 

Өлген  ж о қ  ж а т ы р Ленин  ұйықтап  қ а н а , 

Ж а һ а н н ы ң жүрегіндей  ұлы  д а н а : 

Жердегі  б а р л ы қ  ж о л д ы ң түйіні сол, 

Құяды  ж ұ р т ағыс ы соған ғана. 

Келешек  ғ а с ы р л а р д ы ң тың  ж о л д а р ы 

Күман  ж о қ , сол торапқа соғар бәрі, 

Күн маңдай көсемінің төңірегінде 

Айналар  а д а м з а т т ы ап жердің  ш а р ы . 



210 

Маяковскийдін рухынан үйрену деп осыны айтамыз! 

Әрине, «Біздің дастан» жалғыз Маяковскийдің әсері 

арқасында ғана пайда болды деу ағаттық болар еді. 

Бұған  Қасым  ұзақ жылдар іздену арқасында келді. 

Осыған дейін ол «Абдолланы» айтпағанның өзінде, 

«Қытай  қызы», «Құпия  қыз», «Боран», «Бикеш» сияқты 

поэмалар, «Естай -  Қорлығайын» секілді драмалық 

поэма жазған. Бұлардың әрқайсысы әр дәрежеде жазыл-

ғанмен, бәрін тұтас алғанда ақын үшін творчестволық 

биікке алып баратын саты есепті болды. «Қытай  қызын-

да» ақын туысқан  қытай халқының жапон басқыншылы-

ғына  қарсы  қаһармандық шайқасын суреттеді. «Құпия 

қызда» әйел теңдігі, әйел жанының фактігі, батырлығы, 

сезімінің тереңдігі жырланды. «Боранда» адамның долы 

табиғатпен күресі бейнеленді. 

Міне, солардың бәрі  Қасымның творчестволық тәж-

рибесін байытып, «Біздің дастандай» шалқып жатқан 

тамаша поэзияға алып келді. Әрине, әлгі айтылған 

поэмаларға да классиктердің ықпалы тимей  қалған 

жоқ. Мәселен, «Боран» көбінесе Пушкин әсерімен жа-

зылды. Бірақ сол ықпал, әсерлер  Қасымды өзінің таби-

ғи дарынынан тайдырған жоқ. Оны  қанаттандырып, 

шабыттандыра түсті. Тегі,  Қасым Аманжолов күллі 

дүниелік әдебиеттен мол үйренген, жаны мәдениетті 

ақын. Пушкин, Абай, Низами, Байрон, Гетелердің бәрі 

Қасымға көптен таныс болатын-ды. Бірақ солардың 

ішінде ақындық рухы жағынан Лермонтов пен Маяков-

ский оған өте-мөте бауырлас еді. 

Қасымның 1940 жылы жазылған «Дауыл» атты өле-

ңін алып  қарайық. 

Ы ш қ ы н а соққан  д а у ы л ғ а 

Қ ұ м а р т у ш ы е м  ж а с ы м д а ; 

Нөсерлеп  құйған  ж а у ы н д а 

Қ ы з ы ғ у ш ы е м  ж а с ы н ғ а ; 

Ж ү г і р у ш і ем жарысып, 

С а р ы а р қ а н ы ң желімен 

О й н а у ш ы еді алысып 

С о қ қ а н  д а у ы л менімен... 

Өзің де «Сарыарқаның желімен жарыса» жүгіргендей 

боласың. Сенімен дауыл алысып, ойнағандай сезінесің. 

« Д а у ы л , дауыл!» дегенге, 

Ш ы қ т ы қ үйден дүркіреп, 

Аспан тұрды төбемде 

Аласұрып күркіреп. 

Д ү н и е сол кез дүрілдеп, 

211 


Келе  ж а т т ы бір  д а у ы л . 

Түндіктері желпілдеп, 

Күтіп тұрды  ж а р л ы ауыл. 

Лермонтовтың «Желкенінің» сарыны бар емее пе?! 

Әрине, жаңа заманның жыршысы  Қасым дауылға 

басқаша, жаңаша мән береді. Тозығы жеткен ескі дүние-

ні  қиратып, жаңа өмір орнататын күштің бейнесі ретінде 

алады ол дауылды. Сондықтан  Қасым өлеңінің идеясы 

да айқын. Бұл - революцияшыл өз дәуіріміздің идеясы. 

Қасым өмір бойына туған жердің тамаша табиғатын 

жырлап өтті. Сол табиғаттың  құлпырған  құбылыстарын 

көргенде  Қасым еске түспей тұрмайды. Рауандап атқан 

«таң жеңгені», «қанаты  қанға малынған ақша бұлтты», 

кешкі шымқай арайды көргенде  Қасым еске түседі. 

«Алыстағы нажағайдың  қара түнгі  қанаты» жарқылда-

ғанда, аспан сатыр-сұтыр жарылғанда, дауыл ысқырып 

соққанда арасында  Қасым жүргендей сезіледі. «Сіркіреп 

жаңбыр жауғанда ақын жаны ауамызда  қалықтап жүзіп 

жүргендей» болады. «Қарауылға тұрған ай» да, «заң-

ғарда жүзген жұлдыз» да, «Сарыарқа жақтан ескен жі-

бек  қанат самал» да  Қасымды еске салады. Тауға шы-

ғып, жаңарған кең далаға көз жүгіртсек,  қатарымызда 

Қасым тұрғандай әсер аламыз. 

Ш ы қ т ы тауға  қ а р а ш ы кең  д а л а ғ а ; 

Мәз боласың,  ұқсайсың  ж а с балаға, 

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, 

Ш а р ш а й с ы ң ба,  қ ұ м а р ы ң бір  қана ма? 

О, дариға, алтын бесік туған жер, 

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр! 

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, 

Ақын болмай тасың болсам мен егер. 

Неткен байтақ, неткен  ұлы  ж е р едің! 

Нендей күйге жүрегімді бөледің? 

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,-

Арманым жоқ бұл дүниеде,- дер едім. 

Мен де өзіндей  б а й т а қ едім, кең едім, 

Қ ызығыңд ы көріп еркін келемін 

Сен де  а я м а й бердің маған  б а р ы ң д ы 

Мен де аямай барым саған беремін. 

Б о л д ы м ғашық, туған  д а л а , мен саған, 

Алыс жүрсем арманым - сен, аңсаған 

Ж а қ ы н жүрсем, мен - төріңде  ж а н н а т т ы ң , 

Алтын діңгек - өзім туған босағам!-

деп туған жерді  Қасымға  қосыла жырлағымыз келеді. 

Сол сияқты,  Қасымның «Көкшетау», «Бурабай тол-

қындары», «Жайық», «Сырдария аңызы», «Бетпақ да-



212 

«Алматы» тәрізді өлеңдерінен де туған өлкенің бү-

гінгі гүл-гүл жайнаған бейнесін көреміз, ақынның ынтық 

лебізіне балқып, онымен  қосыла сүйгендей боламыз. 

Сондай шалқыған шабытты жыр  Қасым поэзиясында 

дәмді де, ойлы да шырайлы лирикаға ауысып отырады. 

Ол  Ұлы Отан соғысының соңғы жылы жазылған «Қыз-

ғалдақ» атты лирикалық өлеңінде: 

Өртенген үй орнында 

Өскен  ж а л ғ ы з  қ ы з ғ а л д а қ : 

Кез боп  қ а л д ы ң  ж о л ы м д а , 

Аялдаттың азырақ. 

Өртенген үй  ж ұ р т ы н д а 

Қ ып- қ ызы л боп желбіре п 

Қ а л а й өстің сен мұнда? 

Нендей сыр бар, нендей кеп? 

Қансың ба әлд е тамға н бір 

Күнәсыз  ж а с жүректен? 

Сен екенсің  ж а с өмір 

Ескі  ж ұ р т ы күзеткен?-

дейді. 


Өртенген үйдің жұртында  қып-қызыл болып желбіре-

ген  қызғалдақ жаңа өмірдің жалауы сияқты болып та 

көрінеді. Бұл жолдарда сағыныш та бар, шаттық та бар, 

жалпы өмірдің мәңгілік екеніне такаббар мақтаныш та 

бар.  Қасым поэзиясының әрбір жолының астында осын-

дай бұрқыраған сезім, мол пікір жатады. 

Қасым  қ аза қ сахарасында искусство үшін туған жан 

еді. Ол өз тексті бойынша бірнеше ән шығарған комио-

зитор да болатын. Мәселен, атақты «Қайда екен,  қайда, 

дариға, сол  қыз» өлеңінің арнаулы әні бар. 

Осы өлең арқылы және «подполковник Альпинге» тә-

різді майдандық өлеңдері арқылы  Қасым жалпы  қазақ 

поэзиясына тың түрлер  қосты.  Қазір  Қасым өндірген он 

буынмен жазып та, аударып та жүрміз. Сол сияқты, ай-

қасып келіп отыратын сегіз буынмен тоғыз буынды жол-

дар да ауызекі сөз ырғағын беруге орамды-ақ. Форма 

саласында  Қасымның  құнтты ізденгенін бұрын жария-

ланбаған жырларынан да көп аңғарып отырмыз. 

Қасым әр жанрда жазды. Оның фельетондары,  қыс-

қа актылы пьесалары өткір сатираға жатады. Прозалық 

шығармаларынан ой парасаттылығы, тіл  құнарлылығы 

мол кездеседі. Әдеби сын мақалалары искусство табиға-

тын терең  ұғынғанын танытады. 

Қасымның көп аудармалары біздің жалпы аудару-

шылық тәжірибеміз үшін биік үлгідей саналады. Түп-

нұсқаны терең түсінудің, әлеуметтік идеялық сапасын, 



213 

көркемдік өзгешелігін, ой мен тіл ерекшелігін толық 

жеткізе білудің үстіне,  Қасым аудармаларында  қазақ 

тілінің ішкі заңдары мол ескеріледі. Және сол тіл түп-

нұсқаға жарасып, байып та отыратын сияқты.  Қасым 

аудармаларын творчестволық жарыс аудармасы деп ай-

туға әбден болады. 

Өтеді күндер, өтеді түндер, 

Өтеді  ж а з ы м зымырап: 

Соғады дауыл, солады гүлдер 

С а р ғ а я д ы  ж а п ы р а қ . 

Ой  ұйқыда, жүрегім  ж ы м - ж ы р т , 

Сөнеді көздің  ж а н а р ы ; 

Бәрі үйкыда  ж а т ы р ғой мүлгіп 

Тірліктің  ж о қ еш хабары... 

Берші өмір, бер  м а х а б б а т 

Ж ү р е к п е н сүйсін  а д а м д ы 

Ол болмаса, етіп  т а л а қ 

Өртесін мына  ж а л ғ а н д ы . 

С ы б а ғ а м  к а й д а , сыбағам, 

Ж о қ па, сірә, ешқандай?! 

Ж а қ с ы л ы қ менен аясаң 

Ж а м а н д ы қ бер, а,  құдай! 

Тарас Шевченко өлеңінің осы аудармасынан мін 

табу  қиын.  Қазақ тілінде Тарастың өзі жазған секілді 

болып тұр. Аударма атаулының ең бір үлкен  қасиеті 

осында болмақ. Ләйлі мен Мәжнүн хаттарының, «Пол-

таваның», «Маскарадтың», «Василий Теркиннің аудар-

малары әрқайсымызға да үлкен ой салады, өнеге береді; 

Қасым Аманжолов «Нар тәуекел» дейтін өлеңінде 

творчество сапарының  қиын сапар екенін, бірақ соны 

біле-тұра, «қиынға  құлаш  ұруға» біржола бекінгенін, бұл 

жолда мүлги, ілби алмайтындығын айта келіп: 

Ж ы ғ ы л с а м да жүгірумен өтемін, 

Аяңшының  а қ ы л ы н мен не етемін 

Ж ы ғ ы л а р м ы н , алқынармын,  ш а р ш а р м ы н , 

Б а р а р жерге  б ұ р ы н ы р а қ жетемін,-

деген еді. 

Сол өзі айтқандай, ол творчестволық аз өміріп жа-

рыспен, жүгіріспен өткізді. Әрине, аяғын ақырын бас-

қан адамнан гөрі жүгірген адамның көбірек сүрінуі 

бек ықтимал. Оның үстіне,  Қасым «омбылап өз төтесі-

мен» тартты. Сол творчестволық іздену жолда ішінара 

сәтсіздігі, де сүрініп кеткен жерлері де болады. Бірақ, 

оның есесіне, мәрелі жеріне тезірек жетті. Жаман-

жақсы болса да ел  ұлы бола білді. Өз халқының бақыт-

ты тағдырын дұрыс болжап, коммунизм жеңісін аңсап 



214 

өтті. Халқын соған үндеді. Оқушы жұртшылығы түгел 

таныған  Қасым Аманжолов  қазақ халқы мәдениетінің 

тарихында өшпес жұлдыздардың бірі болып  қалады. 

«Аманжол Рақымжанның  Қасымы едім, мен  қалған бір 

атаның ғасыры едім» деген  Қасым ақын, шынтуайтында, 

бір атаның ғана ғасыры болып  қалған жоқ. Ол халқы-

мыздың адал әм ардақты  ұлы болды. Ел-жұртын шексіз 

сүйе білді.  Қолынан келгенше  қызмет те етті. «Әрі-сәрі 

болмай, жүрегінің күйі неде екенін білген» ойлы ақын 

Аманжолов бізге недәуір өнеге де қалдырды. 

Өмірінің ең соңғы күндерінде, төсек тартып хал үстін-

де жатқанда  қайта жазған «Нұрлы дүние» атты өлеңін-

де марқұм былай деген: 

Нұрлы дүние, шіркін, дәурен, 

Ойлаймын ғой сені ылғи! 

Көкейімнен кетпей сәулең, 

Көкірегімде толқиды күй. 

Қ а т т ы сыр қ а т үстінде д е 

Б і р сені ойлап  қ и н а л а м ы н , 

Өңім тұрсын, түсімде де 

Сені  қайтіп  қия аламын! 

Тіршілікте тыпыршыған 

Бір күніңе не жетеді! 

Аулақ, ауру ыңырсыған, 

Өмір күйі тербетеді! 

Творчестволық зар күйіндегі жас өмірін және осынау 

нұрлы дүниені  қия алмай, «арызын  қағазға жазып», оқу-

шы достарымен жылай-жылай  қоштасқан, артында тау-

сылмас арманы  қалған аяулы ақынымыз  Қасым Аман-

жолов әрқайсымыздың жүрегімізде мәңгі-бақи сақтала-

тын  қасиетті есім болмақ. 

Тірлікте тербелейін, тебіренейін, 

Бір күні  ұйықтап кетсем, оянбаспын,-

деген  Қасым өзі айтқандай оянбайтын  ұйқыға шомды. 

Жыр дауылы толастап,  қыран  қиял тұғырына  қонды. 

Тулаған жүрек тұнды. Халыққа  қадірлі үлкен бір өмір 

үзілді. Бұл өмірді әлі талай адам сағынады; мезгілсіз, 

ерте үзілгеніне шексіз өкінеді. Сонда  қазіргі замандас-

тарымыз бен келешек  ұрпақтар ақынның томдарын ақ-

тарып, жүрекпен сөйлесіп отыратын болады. 

Поэзия халықтың рухын көрсетеді.  Қасым поэзия-

сынан халық жанының батырлығын, жомарттығын, 

бауырмалдығын, мархабаттылығын, алғырлығын мол 

табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы 

жағында.  Қасымның мейлінше жалынды, лепті, күйлі, 

215 


сыршыл поэзиясы - әр  ұрпақтың да көңіл серігі бола 

алатын,  ұзақ жасайтын поэзия.  Қасым халықтың жаны-

на үңіліп, оның шаттығына бірге шаттанды, мұңына 

бірге мұңайды. Жалпы адамға тән сезім  Қасымға да тән 

еді, әрине. «Кең жайдым  құшағымды дүниеге, білдім мен 

қайғыра да, сүйіне де» деп сырын жасырмай, «жанының 

терезесін айқара ашып» отырған бұл ақын оқушының 

қайғысына да,  қуанышына да  ұзақ ортақтасады. Оған 

көңіл жабыққан шағында рухани медеу болады, күресте 

жасымас жігер  қосады, тыныс сәттерінде  құлақ  құры-

шын  қандырып, көңіл хошын келтіре түседі.  Қасым поэ-

зиясы домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған  қо-

ңыр күйге  ұқсайды. Бұл күйден көңілінің санасы барлар 

әрқашан да мол ләззат, нәр алып, кең тыныс табады. 

Қаншама тыңдасаң да жалықтырмайтын өміршіл күй 

бұл! Сезіміңді тереңдетіп, мейріміңді молайтып,  қиялы-

на  қанат  қақтыратын, жаныңды шабыттандыратын  Қа-

сым поэзиясы жаңарған өмірге әржақты жараса бермек! 

Сондықтан да өлімнің  құшағына симайтын ақындардың 

бірі өзіміздің  Қасым деп білеміз. 

* * * 

Қазақтың аяулы ақыны  Қасым Аманжоловтың дү-



ниеден өткеніне де жиырма жыл толыпты. Осы мезгіл 

ішінде ақынның аты көңілінде жатталып, жүрегінде мәң-

гі сақталыпты. 

Әдебиетке отызыншы жылдардың орта шенінде кел-

ген  Қасым Аманжолов бұғанасы бекімей жатып  Ұлы 

Отан соғысына аттанады. Соғыстан кейінгі өмірінің соң-

ғы үш-төрт жылында ол төсек тартып жатты. Бұл кезде 

бұрынғы жинап-тергендерін бір ізге түсіріп, реттеуден 

әріге бара алмады. «Арнадым жинағымды бәріңізге» де-

ген жолдың астарында жүрек шошырлық сыр бар еді. 

Сонымен, оның білек сыбанып жұмыс істеген мезгілі -

он жыл шамасында. Оның ішінде сапалы жазғаны соғыс 

жылдары мен соғыстан кейінгі жылдар. Бұған шейінгі 

шығармаларын «Шимайлаппын көп  қағаз» деп сынай 

қарайды. «Сен айтсан мен де айтайын айым-қайымның», 

былайша айтқанда, инерцияның кезеңін бастан кешкенін 

мойындайды. Әдебиетте көштен  қалмау бар да, көш 

бастау бар. Абай айтқан керуен басына айналу үшін па-

расатқа тәжірибенің  қосылуы шарт. «Аяғының желі бар, 

алынбаған тері бар» деген дәстүрлі сөз ақын-жазушы-

ның жас шағына арналады. 

216 


Бұл күнде  Қасым Аманжоловтың әдеби мұрасы сүбе-

лі төрт том. «Шарлаған ізім жатыр жер бетінде» деп өзі 

айткандай, бұл томдарда акынның өмірбаяны бар. За-

мана шежіресі де осының ішінде. 

Оның мұрасы арнаулы зерттеудін мойнында. Бұл ара-

да топтап айтсак, оның ең күшті өлеңдері «Майданнан 

хат» деп аталатын дестелерге саяды. Тұрғылас ақын-

жазушылар Ғали Ормановтың, Ғабдол Слановтың, өзі-

нің туған ағасы Ахметжанның және басқалардын атына 

жазылған бұл хаттар өмір мен өлімнін арасында жүрген 

жауынгердің ішкі сырын паш етеді. Бұл - жауынгер 

акын. Оның тебіренісі, толғанысы, аңсары, күдігі, мұңы 

жалынды жыр боп төгіледі.  Қаламдасқа,  құрбы-құрдас-

қа, туысқанға деген бейіл мен сағынышта күйреуіктік 

жоқ, кайрат бар, торығу жок, үміт бар, енжарлық жоқ, 

іңкәрлік бар. Жалқыдан жалпыға айналған шындық 

жанды шежіре боп сайрайды. Ет-жүректі елжіретер 

шыншыл лебіз асып-төгіліп жатады. Дестелі өлеңдер 

бірте-бірте басталып, өсіп, өрбіп, заңды дүниелікке ай-

налады. Осының баршасында ақынның өз кескіні, өз 

бейнесі араласып жүреді. Окопта өлең жазған ақын: 

О ң а ш а ойдың күркесін, 

Д а у ы л ғ а тігіп,  ұрланып: 

Отырмын кымқап іргесін, 

Қ а р а л ы кеште с ұ рланып ! 

- деп, ішкі әлемі терең, киын адамның келбетін көз ал-

дына келтіреді. Бұл - шиыршық атардағы ақынның бей-

несі. Шабыт сәті. Ойлы, әсершіл ақын енді бір өлеңінде 

«мыңға  қарсы» шабудан тайынбайды. Жүрек батыры де-

ген осы! Жауға берілмей өртке күйіп өлген Абдолла да 

осындай жүрек батыры еді. Ол хақында жазылған поэ-

маны Ғабит Мүсрепов кезінде «Майданнан соққан леп!» 

деп атаған. Бертініректе Николай Тихонов: «Қазақ поэ-

зиясының інжу-маржаны» деп бағалады. 

Ақын атаулының ашылатын, ерекше өнер ашатын 

шағы болмақ.  Қасымның  Қиыр Шығыстан Батыс майла-

нына шеру тартып бара жатқанда жазған «Оралы» осын-

дай шақтың олжасы. 

Оралым, шықтың 

алдымнан, 

Оралым, менің,  О р а л ы м ! 

Қ о л созып кызы л вагеннан , 

Үстіңнен өтіп барамын. 

217 


Сөз  қайталаудың ойнақылығына  құрылған осынау 

қарапайым шумақта  қаншама сағыныш жатыр! «Орал-

ға» еліктеуден туған өлеңнің көптігі де сондықтан. 

Еліктеу демекші, кезінде Ярослав Смеляковтың 

«Кремль аршасы», Сергей Орловтың «Оны жер шарына 

жерледісі», одан бұрынырақ Михаил Исаковскийдің 

«Жалғыз гармоны» көптеген  ұқсас өлеңдер тудырды. Бі-

рақ олардың бір де бірі түпнұсқамен жарыса алмайды. 

Қасым да осындай үздік ақын. Онымен жарысу үшін 

оны көшірмей, өзіңді іздеуің шарт. 

Соғыстан кейінгі кезеңде жазған шығармаларында 

Қасым жаңа бір  қырынан танылады. Бұл кезде оның 

объектісі, көбінесе, адам. Өзі туралы толғауында: «Жақ-

сыға жанасуға ғашық едім» деген  Қасым, адамның әр-

түрлі екенін анық пайымдайды. Ол жақсыны жақақтаса, 

жаманнан  қашқақтайды; жетеліге болысса, күншілден 

жиренеді ойшылды мадақтаса, алаңғасарды әжуалайды. 

Өнерпаздың табиғатын түсінбейтін  ұзын-сойыл  ұрда-

жықтар жайында ол: «Неге күлдің сен?» дейді; «жыла-

сам және сенбейді!» деп жазады. Осындай-осындайдан 

барып  Қасымның өлеңдері адамның мінез-құлқына,  қа-

рым-қатынасына  құрылады. Абайдан дарыған бұл  қа-

сиет  Қасымның өз дәуірінің кейіпкерлерін жасауына сеп-

тігін тигізді. 

Қасымның әр кезде, көбінесе бозбас шағында жазған 

махаббат лирикасы «дәптерлік» сарыннан аулақ. Бұнда 

әсіреқызылдық жоқ, іңкәрлік бар; сырдаңдық жоқ, сұлу-

лық бар. «Сүйдім-күйдімнің» күйреуіктігіне немесе өзім-

шілдіктің базыналығына  ұрынбай, мұңды, назды сыр 

шертеді. «Ғашық едім,  қайтейін?!» секілді өлең есімінің 

өзі көп жәйтті аңғартады. Ол әзіне бұйырмаған бақытты 

өзге әйелге  қияды. Терең сезім, менменсіз іңкәрлік, шал-

қыған арман оның «Қайда екен,  қайда, дариға, сол 

қыз?!» деп келетін әйгілі өлеңіне  ұласады. Сөзіне әні сай, 

әніне сөзі сай осынау махаббат гимні - әсершіл ақын 

жанының жаңғырығы. Абайдың: «Жарқ етпес  қара көң-

лім неғылса да» атты өлеңімен, оған Сыдық Мұхамед-

жановтың жазғаи әнімен  қапталдасарлық бұл шығарма 

Қасым лирикасының да, музыкасының да шыңына 

жатады. 


Нағыз ақын сегіз  қырлы, бір сырлы болады екен.  Қа-

сымның майдандық өлеңі «Өртке тиген дауыл» болса, 

махаббат сазы - жатқан наз, іззет, әдеп! 

Осындай санқырлылық  Қасым поэзиясының ішкі, 

сыртқы пішініне тән. Дүниеде формасыз нәрсе жоқ бол-

218 


са, поэзия дөңгеленген пішімге,  қонымды формаға діл-

гер. Белгілі нәшірит жоқ кездің өзінде Абайдың он жеті-

ден астам өлең түрін енгізуінде гәп бар. «Көлеңке басын 

ұзартыптың» ырғағымен болыстарды шенеуге болмас 

еді... Пушкиннің «Евгений Онегин» сынды романды ям-

бадан басқа ырғақпен жазуы мүмкін емес-ті. Поэзияның 

мазмұны өмір болса, сол өмірді көкейге  қондыруға 

қызмет ететін - түр. Мазмұн мен түрдің ымы-жымы осы 

арадан басталады. Осы жағынан келгенде,  Қасым Аман-

жоловтың жаңашылдығы Абай үлгісіне жатады. Оның 

майдандас офицерге арнаған «Құттықтаймын бірімен 

майдың, подполковник жолдас Альпині» сегіз буын мен 

тоғыз буын айқасқан өлең. Бұрын  қазақта болмаған 

ырғақ. Сол секілді, оның «Дариғасы» да, Тарас Шевчен-

кодан аудармасы да - поэзиямызға тың ырғақтар әкел-

ді. Бұл ырғақтар заңдылыққа айналып кетті. 

Ән мен күйдің алтын бесігі  Қарқаралы өңірінде туып-

өскен  Қасым Аманжоловтың балалық, өспірімдік әсері 

бай еді. Сауықшыл елдің әдет-ғұрпын, салт-санасын, 

өнерпаздар мінезін жыр ғып айтушы еді. Оның музыка-

лық аспаптарға үйірлігінде «ұяда не көрсең,  ұшқанда 

соны істейсіннің» кері бар-ды. Ол домбырада, сырнайда, 

скрипкада, күйсандықта емін-еркін ойнайтын. «Қос ба-

сарын» өзінше тартқанда, Арқаның  қоңыр самалы есуші 

еді.  Қасымның: «Әйтеуір, әрі-сәрі болғаным жоқ, білдім 

мен көңілімнің күйі неде!» деуіне өлең мен өнерді  ұшта-

суы жатады. 

Ауызекі айтысқа шабан  Қасым жазба өлеңге келген-

де керемет төкпе еді. Ол аударманы да, шығармасын да 

қалың дәптерге бірден түсірер-ді. Жеке жолдарын некен-

саяқ  қана жөндер-ді. Менің өзім оның осындай  қабілеті-

не тәнті болсам да, екшеуге, еріншектігіне өкінемін. 

Классикалық тәжірибе, әсіресе, өзіміз  қанық орыс клас-

сикасының тәжірибесі поэзияның өзі мейлінше екшелген 

еңбектің жемісі екенін растайды... 

1955 жылы  Қасым дүние салған соң, көп  ұзамай, 

ақынның екі томдығына жазылған көлемді алғысөз -

алғашқы әсерімнің жемісі болатын. Енді арада жиырма 

жыл өткенде баяғы алғы сөздің астамшылығы жоқ еке-

ніне көз жетеді. Өз сөзіңді өзгелер арқылы сынар бол-

саң,  Қасымға деген ілтипат ете-мөте күшті. Ол  қайтыс 

болғанға бір жыл толғанда Әбділда Тәжібаев: «Жыл 

болды  ұлы жүрек тоқтағалы, біз оны көп айтамыз жоқ-

тап әлі» деп жазды. Осының бәрі «асқар алыстан көрі-

неді» деп Есенин айтқандай,  Қасым Аманжоловтың үл-



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал