Қасым а м а н ж о л о в поэзияның өзге жанрлардан бір өзгешелігі онда



жүктеу 0.49 Mb.

бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5

187 

Қалайын  құшақ жайып, көз алдымнан 

Өтсеңші ең болмаса бір елестеп 

Әлде сен тәтті  ұйқының  құшағында 

Маужырап, еш алаңсыз жатырсың ба? 

Түс болып барайын да, сырласайын 

Соғуын жүрегімнің тыңда-тыңда 

Немесе мен  ұйықтайын түсіме кір, 

Құшып, сүйіп  қ ұ марда н  қанайын бір. 

Бұған сабақтас және бір өлеңін келтірген мақұл. 

Сен болсаң нұлы жердің  қызыл гулі, 

Болар ем сахараның мен бұлбұлы, 

Қ она қ та й гүл жанынд а ра қ а т тауып, 

Гұл  құшып, сайрар едім күні-түні. 

Сен болсаң жапандағы жалғыз терек, 

Кез болсам келе жатып мен тентіреп; 

Ж о л а у ш ы  ж а л қ ы жүрген  ж а т а р едім, 

Ж а п а н д а жапырағыңды көлеңкелеп. 

Сен болсаң кәусар сулы мөлдір бұлақ, 

Ж а р қ ы р а п жатсаң ағып таудан  құлап 

Суыңды шөлдеп келіп ішер едім, 

Маңында паналар ем мекен  құрап. 

Немесе жұбай аққу болар ма едік, 

Аялап айдынға кеп  қонар ма едік. 

Күн болса, күн нұрымен бірге балқып, 

Түн болса самалда бір тоңар ма едік. 

Айта кету керек, отызыншы жылдары жазылған бұл 

өлеңдерде ауыз әдебиетінің және Шығыс әдебиетінің 

әсері күшті сезіледі. Мәселен,  Қасымның жоғары өлең-

дерінің приемі, теңеулері, эпитеттері, жібек лепті әуені 

фарсы әдебиетінен жиі кездеседі. Әрине,  Қасым содан 

көшіріп алды демейміз. Тек, белгілі дәрежеде Шығыс 

әдебиетінің ықпалы тигенін аңғартамыз. Және бұдан 

ешқандай сөлекеттік те көрмейміз.  Қайта өз орнында 

жарасып тұрған сыңайы бар. Мәдениетті болам деген 

ақынның бүкіл дүниелік әдебиеттен мол  қанығуы шарт. 

Қасымның жастық жырларында европалық әдебиет-

тің мәдениеті де баршылық. 

Сәулешім  құшағымда тұрды еркелеп, 

Д ә л тар төсек сықылды болды терек. 

Ж а й қ а л ғ а н жапырағы шымылдықтай 

Сыбырлап бізді тұрды көлеңкелеп. 

Міне, мұнда жайқалған жапырақты шымылдыққа 

теңеу арқылы ақын лирикалық геройларын табиғат  құ-

шағына әдемі жарастыра біледі. Тіпті, тар төсек пен те-

ректі табыстырады. Өте батыл теңеу! Осындай тың те-

ңеулер соғыс тұсында жазған өлеңдерінен жиі  ұшырай-

ды. Мысалы, «Байқал» атты өлеңінде атып келе жатқан 

.188 



танды сыланған жеңгеге теңейді. «Таң жеңге ерте оян-

ды» дейді ол енді бір жерде.  Қасым «Алдында мен махаб-

бат әулиенің» деп басталатын өлеңінде нәпсі  құлдары-

ның махаббатты үзіп алып, тастап кетер гүл сияқты ба-

ғалайтынын шенеп келеді де: 

Ж о қ !  М а х а б б а т - гүл емес,  ж а н н ы ң күйі, 

Табиғаттың  а д а м ғ а  т а р т қ а н сыйы, 

Кеуде бейне күй сандык, білсең ойна, 

Оның да бар  Д о , Ре, Ми... Соль,  Л я , Сиі,— 

дейді. 


Тауып айтылған сөз! Гуманистік  ұғымы мол ақын 

ғана махаббат мәселесіне осылайша трактовка жасай 

алмақ! 

Ақын «Жылқышы жыры» дейтін романсында жылқы-



шының сезімін әдемі береді. 

Ж ы л қ ы м  ж а т ы р  ж а й ы л ы көкорайда 

Аш  қ а с қ ы р л а р  ұлиды  ә л д е к а й д а ; 

Ж е р д е тұрып ым  қағам  қ а л ғ ы м а деп, 

Аспандағы серігім алтын айға... 

Б ұ л б ұ л  қақты  қанатын, таң да таяу, 

Мезгіл жетті салатын әнге баяу, 

Ж а с жүрегім тербетсін, әнім жетсін, 

Ж а т қ а н  ш ы ғ а р  ж а н сәулем  ұйқылы-ояу. 

Осындай шынайы махаббатты  қастерлейтін ақын же-

ліккіш сезімнің соңынан дедектеп ере беретін  қауқарсыз 

сорлыларды аяусыз әжуалайды. 

Қара түнді  ж а м ы л ы п , 

Қайда кеттің  қ ай қ аңдап , 

Тыным таппай сарылып 

Ш а р ш а д ы ң - а у бай таңдап. 

Ақын «Бикеш» атты поэмасында махаббат мәселесі-

не ойланбай, жауапсыз  қараушылық  қайғы-қасіретке 

апарып соғатынын шебер дәлелдейді. Алданған, мінезі 

жеңіл Бикеш аянышты халге түседі. Алдампаз Азғын-

баев алғашқыда «мерейі» үстем болса да, ақырында 

жексұрын  құлқымен әшкере болады. Мораль жағынан 

саудасы біткен ол омақаса  құлайды. Сондықтан да ав-

тор поэма оқиғасының бар сырын: 

Өмір деген -  ұлы теңіз 

Кең дүниеде  ж а т қ а н шалқып. 

Теңіз сырын білмесеңіз 

Әкетеді түпке тартып,-

деген шумақпен нәзік береді. 

.189 



Тұрмыстағы сондай биморальдықты, керенаулықты, 

тоғышарлықты, жалғаншылдықты, демагогияшылдықты 

батыл сынау  Қасым творчествосында әр тұстан-ақ кез-

деседі. Жеке породиялар мен эпиграммалардан ол сати-

ралық үлкен шығармалар жазуға дейін іркілмей барады. 

Өмір деген  қилы-қилы  қатпарсыз, ойлы-қырсыз жа-

зық дала емес екенін, ол  қайшылыққа толық екенін 

анық  ұққан ақын даурықпашыл көкмылжыңдарды  қала-

мының  ұшымен түйреп отырады. 

1940 жылы жазған «Күлемін де жылаймын» атты 

өлеңінде-ақ  Қасым өзінің ойшыл, сыршыл ақын екенін 

танытады. 

Білмеген  ж а н өлерін, 

Қ айті п сүйер өмірді 

Білмей  қайғы келерін, 

Қ айті п бола р көңілді? 

Бұл жолдарда  қарапайым да шынайы философия-

лық пікір жатыр. Дүниеге бір келіп, бір кетпек бар. 

Соны байыптаған адам ғана өмірдің  қадірін біледі, шек-

сіз сүйеді. Сүйгендіктен де өмірді  ұзартудың,  қолдан 

келсе мәңгілік етудің  қамын жейді. Мұның атын,  қара-

дүрсін тілге аударсақ, творчествоға айналған еңбек деп 

атауға болар еді. Бірақ өлім жүрген жерде  қайғы да жү-

реді. Ақын осыны түсінбейтін адамдарды әжуа  қылады. 

Д ә л осыны түсінбес 

А д а м д а р бар, не  ш а р а , 

Іші  қуыс, сырты мес 

Тас бауырлы бишара. 

Ондай адамдар өз топастығымен, өз тоңмойындығы-

мен  қоймай, сезімтал жандарға  қырсығын тигізеді. 

-  Ж ы л а м а сен, күл,- дейді 

Күлсем  ж ә н е сенбейді 

Қ а р а тер боп тергейді, 

- Неге күлдің сен?- дейді. 

Өмірде мұндай адамдардың бар екеніне кім шүбә 

келтіре алады? Өз бақыты үшін ғана күрерпей, келешек 

ұрпақтардың бақыты үшін күресіп отырған, бүкіл жер 

жүзіне әлеуметтік әділеттіктің туын көтеріп отырған со-

вет адамдары  ұлы  қасиеттің иесі. Олардың ішкі дүниесі 

терең, өмірге көзқарасы кең, мейрімділігі, бауырмалды-

ғы мол. Сол  қауым үшін: 

.190 



Ішкенге мас, жесе ток, 

Қ ұ р даурығу , бос  ы р ж а ң — 

Қ у а н ы ш  ж о қ ,  қ а й ғ ы  ж о қ , 

Неткен сонша сорлы  ж а н , — 

секілділер бағалы мүше бола алмайтыны да хақ. Сон-

дықтан да озық саналы ақын: 

Осындай дос көргенде 

Қ айті п  қ а н а  ш ы д а р с ы ң 

Ойлап-ойлап келгенде 

Күлерсің де  ж ы л а р с ы ң . 

деп күрсінеді. Болмыстағы керенаулықты сынаудың өт-

кір түрлерінің бірі деп міне осыны айтамыз. 

Және бұдан біз ақынның сондайлық сезімталдығын, 

алғырлығын, нәзік те өткір иронияға бейімділігін аңға-

рамыз. Тегі, нағыз ақын әр  қырлы болса керек. Мысалы, 

Лермонтовта тамылжыған тәтті лирикамен  қатар ащы 

сарказм жүретіні белгілі. 

Қасым алғаш  қалам тартқан кез,  қ аза қ совет әде-

биетінің әлі жас кезі еді.  Қаулап өсіп келе жатқан кадр-

лары болғанмен, профессионалдық дәрежесі төмен бола-

тын-ды. Әлі де ауыз әдебиетінің ықпалы күшті еді. Шы-

найы сезім орның жадағай ақыл айту, сыр ашу орнына 

сылдыр шешендікке салыну сияқты искусство аңғыртты-

ғы көп ақынның басында-ақ болды. Идея образ арқылы 

көркем түрде берілмей, көбінесе жалаң күйінде берілді. 

Әрине, әдебиетке жаңа келген  Қасым да ақындық 

шеберлікті бірден меңгере алған жоқ. Оның алғашқы 

шәкірттік шығармаларында ауыз әдебиетіне еліктеу ба-

сым болды. Бос мақалдаушылығы да бар еді. Ол 1936 

жылы: 


Қ а с  т ұ л п а р деп кім айтар, 

Өрге  ұмтыла шаппаса 

Ақ  с ұ ң қ а р деп кім айтар, 

Қ и я ғ а  қ ана т  қ а қ п а с а 

Гүлде көрік болар ма, 

Қ ұ лпырып , шешек атпаса,-

деп мәтел-тақпақпен сөйлеуге тырысса, 1937 жылы: 

Сайра-сайра, домбыра 

Қ ұ л а қ т ы ң  қ ұ ршы н  қ а н д ы р а , 

Әлемді таң  қ а л д ы р а , 

Ж а у д ы ң  ж а н ы н  ж а н д ы р а , -

деп желдірме термеге бой  ұрды. Осының салдарынан ол 

тұстағы өлеңдерінен орынсыз  ұзақтықты, шұбалаңқы-

лықты да байқаймыз. 



191 

Әрине, фольклор - әдебиетіміздің кәрі әжесі. Одан 

қол үзіп кет, оны сыйлама демейміз. Дан а әжеден үй-

ренетін көп жайлар бар. Әсіресе, ол баяндайтын аңыз-

ертегілер  қиялыңды оятады, сонау алыс заманға алып 

кетеді, халықтың ежелгі ой-арманынан хабардар етеді. 

Әженің тілінде де не-не  құнарлы орамдар,  ұтымды те-

ңеулер, әдемі машықтар бар. Бірақ, мұның бәрі өз ал-

дына бір  ұлы мәселе екені де түсінікті. 

Біздің айтып отырғанымыз жас  Қасым творчество-

сындағы шеберленген, ысылған әдебиетке жараса  қой-

майтын үстірт желдірмелер. Және бір мысал келті-

рейік: 


Ж е б е л і  с а д а қ толғаған, 

Ж е л е к т і найза  қолға алған, 

Б а т ы р л а р да өтіпті, 

Лебізі - күй, сөзі - жыр, 

Жігері бейне электр 

Гомер, Байрон, Пушкиндей 

А қ ы н д а р да өтіпті 

Ғылым бейне дария, 

Ш е ж і р е шешен 

қ а р и я -

Аристотель сықылды 

Ғ а л ы м д а р да өтіпті... 

Айға шапқан айбарлы, 

Арыстан да өтіпті; 

Ж а л ғ ы з өзі  ж и һ а н н а н 

Алысқан да етіпті 

Б о л а ш а қ т ы  б о л ж а ғ а н 

Д а н ы ш п а н да өтіпті... 

Осынау жолдарда соны теңеу,  қызық эпитет жоқтың 

қасы. Мұның «электр» деген сөзден басқа жерін фольк-

лорлық жыр деп оқысаң, тосын адам сеніп  қалатыны да 

даусыз. 


Сол сияқты, болған істің үстінен шығып  құр  қызығу-

шылық та кездеседі. Өлеңді ойлы жазатын  Қасым мұн-

дай реттерде көріністің үстін  қарып өте шығады. 

Ауыл бар колхоздасып күлімдеген, 

Қ а р қ ы н д а п өндірісі дүрілдеген, 

Табыс пен  ұлы думан өршіп өсіп, 

Ж ү р е г і н тап  ж а у ы н ы ң тілімдеген 

Қірпішін социалды қ  қ а л а п  ж а т қ а н , 

Көтеріп еңбек шуын  д а б ы л д а т қ а н , 

Сом білек,  құрыш дене ерлері бар, 

Тұрмыста  ұлы еңбектің тәмін татқан. 

Бұл жолдарды ақынның, тәжірибесіз кезінде, әрі не-

ге еліктегіш шағында жазғаны сайрап тұр. 

Еліктеу дегеннен шығады,  Қасым Абай дәстүріне көп 



192 

құлаш ұрған, тереңн шолған ақындарымыздың бірі. Бер-

тін келе ол өз бетін танытты, өз төтесін тапты. Бірақ шә-

кірттік кезінде  құр еліктеуден шыға алмаған өлеңдері де 

болды. Мысалы, «Сұлудың сымбаты» атты өлеңінің: 

Қ а р а көз,  қ и ы л ғ а н  қ ас ,  ж а з ы қ маңдай , 

Алма бет,  а қ ш а  ж ү з і нұр тамғандай, 

Қ ы р мұрын, ойма қ ерін, меруерт тіс, 

Бейне мақпал  қ ы з ы л тіл шекер балдай; 

Төгілер иығына  қ а р а  ш а ш ы 

Ж і б е к т е й  ж ү з  құлпырған  д а м ы л алмай; 

Күмбездей  ж а р қ ы р а ғ а н мойны бар, 

Т а м а ғ ы күн  ш а л м а ғ а н ақ торғындай,-

деген жолдары Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маң-

дайлы» деп басталатын өлеңіне өте  ұқсас. 

Мұраның аты мұра. Оның да биігі мен аласасы, шал-

қары мен шағыны, күнгейі мен теріскейі болады. Мысал-

ға өз мұрасына сондайлық жауаптылықпен  қараған, өз 

басына зор талап  қоя білген Лермонтовты алатын бол-

сақ, сол Лермонтов мұрасының да ойлы-қырлы жері то-

лып жатыр. Мәселен, оның «Шеркестер» атты поэмасы 

орыс әдебиет жұртшылығында шәкірттік поэма, жатты-

ғушылық поэма деп танылады. «Кавказ тұтқыны» поэма-

сының көп-көп шумақтары Пушкиннің сол аттас поэма-

сына рабайсыз  ұқсап жатады. «Бастунджи аулы» поэма-

сы «Измаил-Бейдің» әлсіз вариациясы сияқты, «Боярин 

Оршаның көп жолдары «Мцыриде» араласып жүретінін 

білеміз. 

Олай болса, Аманжоловтың да мұрасының ішіндегі 

азын-аулақ әлсіз шығармалардың мүлдем  ұмыт болма-

ғаны дұрыс. Бұлар ақынның зор талантын әлсірете ал-

майды.  Қайта, оның өсу жолдарын, биіктеген сатыларын 

көрсетеді. 

Ақын, әрине, іштен туады.Бірақ іштен жетіліп тумай-

тынын өмір көрсетуде. Әр нәрсе азды-көпті тәжірибемен 

өседі.  Қасым алғашқыда тәжірибені, сөз жоқ, ауыз әде-

биетінен алды, сол ықпалда тұңғыш жырларын жазды, 

Абай дәстүріне бірте-бірте келіп, кейіннен Лермонтов, 

Маяковский дәстүріне  ұласты. 

Асылы, Аманжолов ғажап тез өскен ақын. 1936 жыл-

ғы өлеңдеріндегі примитивизмді 1940 жылғы шығарма-

ларынан іздеп табу  қиын. Ілуде бір ғана кездеседі. Со-

ның өзінде  Қасым  қаламының ерекше серпінін сездіретін 

нышандар мол жатады. Ең алдымен,  Қасымның тілі 

мейлінше  құнарлы. Халықтың  қалың ортасында туып өс-

кен ақын ана тілінің нәрлі  қазынасына ерте молыққанын 

193 


танытады. Мұның үстіне, пікірдің молдығы мен сезімнің 

шынайылығы да аңғарылатын еді. Соған ерекше зерек-

тік, байқампаздық  қосылып, ақын творчествосын жыл-

дам жетілдіргенін көреміз. 

Қантыс болғаннан кейін жарияланған «Өзім туралы» 

атты дастанында ақын: 

Өкінбен менде бір күн өлемін деп, 

Өкінем  ұқсата  а л м а й келемін деп 

Күніне  ж ү з ойланып, мың толғанам, 

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп,-

дейді. 

Осынау арман ақын творчествосының басынан аяғы-



на шейін тұтас тартылып жатқан өрнек сияқты. Әрине, 

әлеуметтік мәні зор мәселелерді  қозғаған өлең ғана  ұзақ 

өмір сүре алатынын Аманжолов жақсы білді. 

Сондықтан да ол  қоғамдық өмірдегі  ұлы оқиғаларды 

жан-жақты суреттеп отырды. Көркем әдебиет дегеніміз 

адам санасын жүректі тербету арқылы оятатынын терең 

ұғынған ақын өмір  қайшылықтарын оңай шешуге барма-

ды. Ол, А. М. Горький сөзімен айтқанда, нағыз «адам 

жанын зерттеуші» бола білді. 

Қасым әдебиетте  құлашын кең жайды. Оның алғаш-

қы тақырыптарының өзі алуан-алуан.  Ұлы Октябрь ре-

волюциясынан  қайта туған  қазақ халқының жаңа өмі-

рін, бақытын жырлай келген ақын елімізде болған оқи-

ғалардың бәріне үн  қосып отырады. Ол социалистік 

отанымыздың  ұлылығын, коммунистік партия мен совет 

өкіметінің өмірге бейімділігін, советтік конституцияның 

әділетшілігін дәріптеді.  Қаһарман испан халқы фашизм-

мен айқасып жатқанда, испан  қызына арнап жалынды 

жыр шығарды.  Қызыләскер маршын жазды. Фин соғы-

сына өлең арнады.  Ж а с ақын малшы әйелдің образын 

жасады. 

Бұл алуандас тақырыптар 30-жылдардағы жалпы  қа-

зақ совет әдебиетінің соның ішінде, әсіресе,  қазақ совет 

поэзиясының тақырыбы еді. 

Әрине, осындай санқилы тақырыпты әркім әртүрлі 

дәрежеде меңгерді. Өзара бір-біріне  қоянның баласын-

дай  ұқсап тұратын ақындар да болды. Соның көбісі әде-

биеттің жастығынан туған  ұшқарылық еді.  Қасымда да 

жалпылама жырлаушылық болмай  қалған жоқ. Әрбір 

құбылыстың  қоғамдық мәнін ашып көрсетудің орнына, 

болған істіц үстінен шығып, таңдана, тамсана берушілік 

ертедегі  Қасым поэзиясынан да азды-көпті орын алды. 



194 

Бірақ, о бастан-ақ  Қасымның жалпы ақындық рухының 

ерекше сезіліп, ақындық келбетінің дараланып көзге ша-

лынғанын еске түсіре өту ләзім сияқты. 

Ертеде жазған «Сұңқар жырын» (Максим Горький 

туралы) ақын былай бастайды: 

Бір уһілеп, бір өксіп 

Ж а т т ы дүние дөңбекшіп; 

Азап шеккен арудай 

Тұншықтырып түн түнек. 

Т ұ н ж ы р а у л ы  ж е р мен көк, 

Күйзелгендей күн мен ай 

Сонда сонау  қиядан 

Ұшты с ұ ң қ а р  ұ ядан . 

Ұшты самғап,  с а ң қ ы л д а п : 

Қ а р а түнді  к а қ  ж а р а 

Қ а н а т ы м е н  ж о л сал а 

Н а й з а ғ а й д а й  ж а р қ ы л д а п . 

Осыдан болашақ ақын Аманжоловтың өршіл үні, 

салмақты сөзі, байсалды мәнері атой беріп-ақ тұрған 

жоқ па? 


Асылы,  Қасым Аманжолов пафосшыл, шешен ақын 

еді. Бірақ, оның шешендігі жадағай емес-ті. Мағынаға 

мейлінше толы болатын. Дүние жүзінің әдебиетінде 

Виктор Гюго, М. Лермонтов сынды  ұлы ақындардың 

поэзиясынан жарастықты, нәрлі шешендік үлгісін көп 

табамыз. Өз халқының тіл ерекшелігін есте тұтқан  Қа-

сым сөзді ылғи сақадай сайлап алушы еді. Және бұл 

оның сезімін  қарапайым да, нәзік те суреттеуіне ешқан-

дай нұқсан келтірмейтін. Дауылға бой бермейтін еменді 

ағаштың мықтысына теңегенде, оның сәнді жапырағы, 

балауса бұтағы болмайды деп ойламаймыз. Үлкен ақын 

әрқилы келеді де, бір пафостан шоқтығы биік көрініп 

тұрады.  Қасым поэзиясының шоқтығы азаматтық пафос-

тан көрінсе, жал-құйрығы жіті зерттеуді тілейтін тұтас 

бір дүние. 

Соғысқа дейінгі  Қасым шығармаларында Абайдың 

әсері басым тәрізді. Тіпті, азын-аулақ сөз  қылған махаб-

бат жырларының өзінен Абайға тән терең іңкәрлік 

шексіз  құштарлық, оптимистік армай сезіледі. Бір түрлі, 

Абай лебі ескендей болады. Әлбетте,  Қасым Абайды кө-

шіріп жырлады деген  ұғым тумайды бұдан. Оның көлең-

кесінде  қалып та  қойған жоқ. Өз бет алысын, өз төтесін 

тапты. Бірақ, Абай сынды данышпанға жүгінбей, жөн 

сұрамай өту  қиын да еді. Бұл жай, әсіресе,  Қасымның 

ойға  құрылған өлеңдерінен мол байқалады: 

195 


Ішім пысты  ж а л ы қ т ы м 

Ж ү р е алман енді  а я н д а п ; 

Кенде  қаппын,  ж а ң а  ұқтым 

Не болса соған  а я л д а п 

Өткен күннен белгім аз 

Беттегі әжім болмаса, 

Шимайлаппын көп  қағаз,-

О  д а ғ ы бір  д а л б а с а . 



(1940 жыл.) 

Осы жолдардан Абай рухы анқып тұрған жоқ па? 

Мұны жас акын жазды деп сенудің өзі күш. 

М. Лермонтов 18 жасында: 

Қ ұ лазы п  к а л ғ а н  ж а н ы м а 

Ш а б ы т ы  к а й т т ы өмірдің; 

Ермегі өлең тағы да 

Зеріккіш, мұншыл көңілдің, 

деп жазды. Мұның бәрі романтизмнің әсері еді.  Ж а с 

ақынның еліктеуі табиғи нәрсе. 

Қасым әлгі өлеңінде: 

Өкінгеннен не пайда? 

Кеш болса да  қ а л сілтеп 

Кім өкпелер Абайға 

Қ ыры қ т а  қ ызд ы  ж а з д ы ң деп!-

деп Абайдың шәкірті екенін мойындай отыра, өзін өзі 

қайрайды. Осыдан өздігінен іздену соқпағы да шықпақ 

еді. Ол енді: 

Көңіл күйі екен деп 

Күнделік тұрмыс ызыңын 

Өмір сыйы екен деп 

К в а р т б ю р о н ы ң тізімін,-

деп алаңдаудан бойын аулақ салады. 

Сол ізденіс жолында жүргенде  Ұлы Отан соғысы бас-

талады.  Қасым майданға аттанады. 

Қасымның өте  қызықты, әсерге бай өмір тарихы 

ақындық талантының тез ашылуына үлкен себепкер бол-

ғанын аңғарамыз. Ескі дүние мен жаңа дүние мықтап 

қақтығысқан күрес жылдарын көзімен өткерген ақын за-

ман жалынына шыңдалғандай  құрыш, шымыр боп өсті. 

Екі өмірге де азды-көпті куә болды. Жетімдікті бастан 

кешті. Жаңа өміріміздің тарихта теңдесі жоқ  ұлылығын, 

парасаттылығын, әділдігін  ұғына түсті. Марқұм, әдетте, 

өзі туралы әңгімелеуді  ұнатпаса да, көңлі түскенде бала-



196 

лық шағын жырдай ғып айтушы еді. Өз өмірінен үлкен 

роман жазбақшы еді. Әттең дүние, сол асыл арманына 

жете алмай кетті ол.  Ұзақ жылға созылған дімкестік 

мұршасын келтірмеді. 

Ескі ауыл мен жаңа ауылдың өмірі, жетімдік зары, 

жаңа  қоғам  қамқорлығы, күңгірт сахра көңлін шайдай 

ашқан совет мәдениетінің мол шұғыласы, Семей мен 

Орал, Алматы мен Ленинград, сөз жоқ, ақын  қиялын 

оятуға, тербеуге, шарықтауға көп сеп тигізді. Ақынның 

дүниеге көзқарасы кеңейді. Жазушының талантын семді-

ріп,  қабілетін  қашыратын үйкүшіктіктен жастай аулақ 

болған  Қасым өмір шындығын кең көрді. Ол: 

Дүние бір кең сарай, кең - мекенім 

Көре алмай көп жеріңді мен кетемін, 

деп өмірдің  қысқалығын, талаптың  ұзақтығын сыр ғып 

айтса: 


Екі көз - екі  ж ұ л д ы з маңдайдағы, 

Көруші ең  құбылысты  қай-қайдағы,-

деп кәдімгідей дүние танып  қалған байқампаз, ойшыл, 

парасатты ақын екенін аңғартты. 

Сондай бай  Қасым өмір тарихында  Ұлы Отан соғы-

сы ерекше орын алады.  Қасымның «Өртке тиген дауыл-

дай» ең күшті өлеңдері де осы Отан соғысы жылдарында 

туған. 


Әскер  қатарына шақырылған  Қасым біраз уақыт 

Қиыр Шығыста болады. Содан  қызыл эшелонмен май-

данға тартады. Ақынның біраз шығармасы осы жорық-

та немесе кейін осы жорық туралы жазылған. Сол шы-

ғармаларының ішінде поэзиялық балы сорғалап тұрған 

ерекше екі жыр бар. Бірі - «Байқал», бірі - «Орал». 

Лев Толстой «Соғыс пен Бейбітшілікті» жазып жүр-

генде Тютчевтің «Көктем» атты өлеңін бес мәрте оқыған 

екен. Табиғат көрінісін соншалық дәл, шебер суреттеген 

ақыннан үйренуді  ұлы романист бойына мін көрмеген. 

Көңіл ашнасы поэзия - табиғаттың да сырласы.  Қа-

сымның «Байқалы» шалқыған сурет. Соған ақынның 

ұшқыр  қиялы, отты сезімі, мол парасаты  ұласып, тама-

ша романтикалық дүние жасап тұр. «Байқал торғын 

тұман жамылып, көсіліп жатыр. Таң сәріден сабыла 

жәрмеңкеге жосылған, кернейлеткен көп өзен тұс-тұстан 

құяды. Ерте оянған таң жеңгең шығыстан  қарап тұр. 

Байқалға ғашық болған сол таң сұлу ғашығына  қарап 

ой тастап, арай шашады. Айналадағы асқар тауларға 

алтын ту  қадап  қойған». 



197 

Әсірелемей,  қосарламай  қара сөзге аударғанда  Қа-

сым өлеңінің алғашқы бір он екі жолының беретін суре-

ті осындай. Ал, поэзия тілінде бұл  қаншалықты ойнайды 

десеңізші! 

Осыдан кейін ақын «Көңілінен  құстар  ұшырып, жа-

нында жыр жырлайды, шымылдықтай төгілген Байқал! 

орманын аралайды. Ал балтырлы  қайыңға бұралтып би 

билетеді». Байқалға ақын  қызығады,  құшпақ болады. 

Бірақ,  қайрылуға мұрша жоқ. Алда сын шайқасы тосып 

тұр. Ақын соған асығады. 

Сол беттен «асығыс, алыс сапарға» бара жатқан жа-

уынгер ақын Оралдың үстінен өтеді. Сонда оның  қанша-

лықты тебіренгенін төл сөзімен болмаса, бөгде сөзбен 

айтып жеткізу мүмкін емес. Ғажайып музыка секілді. 

Құлақпен тыңдай бергің келеді. 

Оралым,  ш ы қ т ы н алдымнан, 

О р а л ы м менің, Оралым; 

Қ о л созып  қ ы з ы л вагоннан, 

Үстіңнен өтіп барамын. 

Бір әсерлі күй басталды. Рухы терең, мазмұны шын-

шыл күй тәрізді. Соның арқасында форманың кейбір әл-

сіздігі байқалмайды да. Немесе: «Алдымнан - вагоннан, 

Оралым - барамын» деген  ұйқастар онша мықты  ұйқас 

емес. Бірақ, дәл осы арада мұның орны титтей де жоқ-

талмайды. 

Оралым, сенің  қойныңда 

О й н а қ т а п өткен  ж ы л д а р ы м 

Ж а р қ ы л д а п  Ж а й ы қ бойында 

Д о с т а р м е н сайран  құрғамын. 

Өмірінің жастық шағы ойнақтап өткен жер - ақынға 

ерекше ыстық. Сондықтан да іңкәр ақын тебірене жыр-

лайды. 


Бұдан кейінгі шумақтан Орал - ақынның талай тәт-

ті арманын, творчестволық ойын әлдилеген  құтты бесігі 

екенін аңғарамыз. 

Ш а ғ а н н ы ң бойы - көк шалғын, 

Ш а л қ а м н а н  ж а т қ а н  ш а ң қ а й түс; 

Гүл болып менің  құшағым, 

Кеудеме  қонған бұлбұл  құс. 

Жаңа заманда еркін біліп алып, емен-жарқын ескен 

ақын: 



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал