Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

 
 
 
Ашығу – бұл жекпе жек 
        
Біздің  үзбей  тамақ  жеу  әдетіміз,  тамақ  ішпей  қалған  уақытымызды 
ашығу деп санаймыз. Бірақ бұл ашығу емес. Ашығу емделудің ең бір көне 
әдістерінің бірі, бірақта тағы айтамын: ТӘН АҚЫМАҚ. 
      
Сіз  әрқашан  ашыққан  кезде,  тамақ  ішетін  сәтті  жіберіп  алмай, 
жадыңызда ойша сақтап жүріңіз. Егер сіз жігерлі адам болсаңыз, ашығуды 
өміріңіздің ажырамас бөлшегіне айландырасыз. Артық салмақ сізді ауру, 
әлсіз,  мезгілсіз  қартайтуға  әкелуіне  жол  бермеңіз.  Өз  денеңіздің  иесі 
болып, семіруіне жол бермеңіз. Өзіңізге бағдарлама жасап алыңыз, бірақта 
бір аптаның ішінде арықтаймын деп ойламаңыз. Қалыпты салмаққа келу 
үшін  уақыт  керек.  Қалыпқа  келіп,  сымбатты  да  әдемі  болғанда  өзіңізді 
өзіңіз  мақтан  тұтыңыз.  Кімнің  болса  да,  өзін  тамаша  сергек,  көңілді 
сезінгенінде,  өзі  үшін  мақтанғысы  келеді.  Осылай  болу  үшін  еңбектену 
керек!  Ашығу,  өзіңді  өзің  тежеу,  дұрыс  тамақтану  –  міне  денсаулықтың 
өтемі. 

 
69 
       
Өзіңіздің салмағыңызға, қарныңызға, бөксеңізге, қолдарыңызға үнемі 
назар  аударып  жүріңіз.  Осы  кітапты  мұқият,  ыждағаттылықпен  оқып 
шығып,  арықтағыңыз  келсе  қолданыңыз.  Ашығу  мерзімін  анықтағыңыз 
келсе дәрігермен ақылдасыңыз. Бағдарлама жасалғаннан кейін, сіз жақсы 
нәтижеге  жетем  деп  өзіңізді  иландырыңыз.  Санаңыздың  илануы 
денсаулықты  түзетуде  маңызды  орын  алады.  Ашығу  оңай  емес,  арықтау 
да қиын. Тек санаңыз иланып, дұрыс әрекет жасағанда ғана, сіз көздеген 
нәтижеге жетесіз. Бүгіннен бастаңыз. 
 
17 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Ашығудың көмегімен қалай толуға болады 
        
Көптеген  адамдар  салмағының  аздығынан  зардап  шегеді.  Олардың 
көпшілігі  менен  көмек  сұрап,  салмақтарын  көбейту  үшін  арнайы  мәзір 
тағайындауымды өтінеді. Олардың кейбіреулері жаз күндерінің өзінде де 
тымауратып,  тоңып  жүреді.  Бұған  қоса  олар  өздерінің  арықтығынан 
ұялады.  Мен  оларға  мұндай  арнайы  мәзірдің  болмайтынын  айтсам 
сенгілері  келмейді.  Алайда  мен  оларға  салмақ  ұлғайтудың  бағдарламасы 
бар  екенін,  бірақ  ол  ашығу  арқылы  жүзеге  асырылатынын  айтқанымда, 
олардың  сенімі  тіпті  азаяды!  Олардың  түсінігінше  ашығу  олардың 
жағдайын  тіпті  төмендетіп  жібереді.  Сонда  мен  олардың  арықтығының 
себебі  ішкен  тамақтарының  құрамы  дұрыс  еместігінен  деп  түсіндіремін. 
Мен оларға айтамын, тамақ пен тамақтану бір ұғым емес, құрамы майлы, 
көміртегі көп, қант, сүт, кілегей және т.б. майлы тамақтар қосылған мәзір 
жасауға  болады,  бірақ  бұлар  салмақ  қосуға  тіпті  де  көмектеспейді,  олар 
осындай тамақ ішсе одан сайын арықтай түседі. 
       
Адамның  салмағы  қанша  тамақты  жеп  ішкеніне  байланысты  емес, 
оның ағзаға қанша мөлшерде сіңіуіне байланысты. Сіңіру нашар болғанда, 
қанша  майлы,  күшті  тамақ  ішсең  де  жұмырыңа  жұқ  болмайды,  салмақ 
қосып  семірмейсің.  Қалыптан  тыс  арықтау,  денсаулықтың  жалпы 
нашарлауының белгісі. Сіңіру төмен деңгейде болса, көп тамақ ішкеннің 
мүлдем  пайдасы  жоқ.  Салмақ  қосудың  құпиясы  мынада,  ашығудың 
көмегімен  тамақ  сіңірудің  жұмысын  жақсарту.  Салмағы  төмен  адам,  тек 
тазалану арқылы ғана тамақ сіңіру механизімін қалпына келтіре алады. 
     
Салмағы  аз  адам  да,  салмағы  жоғары  адам  сияқты  ағзаға 
физиологиялық демалыс – ашығуды өте қажет етеді. Артық салмақта да, 
төмен  салмақта  да  ас  қорту  жүйесі  шамасы  келмейтін  ауыр  жұмыстар 
атқарады. Әрине, осыны арық адамға түсіндіру қиын. Олар салмақтарын 
тез  көтеруге  асығады.  Біріншіден  осы  адамдар  анық  түсініп  алулары 
керек,  ашығу  кезеңінде  ағзада  болатын  физиологиялық  демалыста  ас 
қорту  жұмысы  жақсарып,  сіңірілуі  артады.  Ағза  тамаққа  лықа  толып 
тұрмаса, өзінің ішінде керемет алапат күштер болады. 50 жылдың ішінде, 
аштықтың  және  табиғи  тамақтардың  көмегімен  талай  арық  адамдарды 
емдеуде өте жақсы нәтижелерге жетістім. 
     
Менің өте жақсы көретін бірге туған қарындасым бар. Ол әлсіз болып 
туды.  Туғанда  салмағы  2  килограммға  толмады  десем  қателеспеймін. 

 
70 
Менің қарындасым Луизаны өмір бойы «Шибике» деп атады, кішкентай 
күнінен бастап шешем мол мөлшерде сүт, кілегей, шошқа етін, картофель, 
күріш,  самса  және  т.б.  өзінің  пікірінше  салмақ  қосатын  тағамдарды 
жегізді. Жылдар өтті, менің қарындасым осы тағамдарды көп жеген сайын 
шибійіп,  әлсіреп  аурушаң  бола  берді.  Кей  кезде  әлсірейтіні  соншалық, 
төсектен тұра алмайтын. Осы кезеңнің өзінде де салмақ қосатын мәзірде 
отырды. 
      
Денсаулығымды  түзеп  алғаннан  кейін  Вирджиниге,  Луиза  тұратын 
үйіме  қайтып  келдім.  Ол  күйеуге  тимеген  бойжеткен  қыз  болатын. 
Мектепте сабақ берді, құп қу, жіңішке, арық және өте әлсіз болды. Сабақ 
беріп келгеннен кейін, мұрттай ұшып төсектен тұрмайтын. 
       
Мен  Вирджиниге  жазғы  демалыс  басталғанда  келдім.  Қарындасыма 
өзімнің  бағдарламамды  айтып,  өзімнің  көмегімді  ұсындым.  Ол  табиғи 
өмір сүру нәтижесінде менімен болған өзгерісті аса ғажап санап, менімен 
келісті.  Мен  оған,  ағзаға  физиолргиялық  демалыс  беру  және  ас  қорту 
жүйесін  жаңалау  үшін  дүркін  –  дүркін  ашығу  әдісін  қолдану  керектігін 
түсіндірдім. Тазалау - белокты көп мөлшерде сіңіруге қажет асқазан сөлін 
көбейтеді,  тек  қана  белоктың  сіңірілуі  жақсармайды,  ашығудың 
нәтижесінде  бүкіл  ас  қорту  жүйесі  жаңаланып,  жұмысын  жақсартады. 
Өмірдің мәні болып табылатын зат алмасу ағымы, клеткадағы химиялық 
өзгерістер, өлген заттың орнын жаңа зат басуы, нәтижесінде өмір сүруге 
қажет қуат шығарылуы, осылардың бәрі де ашықаннан кейін тіпті тамаша 
жүре бастайды. 
      
Ұзақ  жылғы  тәжірибе  көрсеткендей,  тамақтың  тірі  затқа  айланып, 
сонан  соң  қуатқа  айналуы,  ашықаннан  кейін  ет  талшықтарының 
молайуына, ұлғайып көбеюіне әкеледі. Ашығу – ағзаның белокты, майды, 
көміртектерді,  қантты,  минералдарды,  витаминдерді  және  т.б.  ағзаның 
жақсы жұмыс істеу үшін керекті заттарын сіңіруіне көмектеседі. 
       
Луиза таза сумен толық жеті күндік ашығуды бастады. Ол табиғаттың 
оның  ағзасын  тазалайтынына  және  ас  қорту  жүйесінің  тазалануы  оған 
жаңа дене беретініне шүбәсіз сенді. Алғашқы жеті күнде біраз салмағын 
жоғалтты,  бірақ  ашығуды  аяқтағаннан  кейін  тәбеті  керемет  ашылды. 
Апталық физиологиялық демалыс оған таңқаларлық нәтижелер әкелді. Ол 
өзін әбден жалықтырған майлы тамақ пен ботқаның орнына, қазіргі жеген 
тамақтарына дән разы болып, тамақ жеуге өмірінде бірінші рет қуанғанын 
айтты.  Оның  тамағының  құрамының  50  пайызы  шикі  көкөністерден, 
күнбағыстың  дәнінен  және  жемістерден  болды.  Қосымша  қайнатылған 
көкөністер,  бөрттірілген  бидай,  жаңғақтар  және  жаңғақтардың  түрлі 
майларын  бердім.  Бірінші  ашығудан  кейін,  3  аптадан  соң  келесі  10 
тәуліктік ашығуды тағайындадым. Бұл оның жаңа өмірінің басталуы еді. 
Ол  тола  бастады.  Менің  арықтықтан  көтерем  болған  қарындасым  әдемі, 
тығыршықтай  толық  әйелге  айланды.  Денесінің  әрбір  мүшесі  жаңадан 
қайта  жасалғандай  көрінді.  Беті  шырайланып,  нұрланып,  көзінде 
сәбилерге  ғана  тән  ұшқын  пайда  болды.  Біздің  ата  анамыз,  достарымыз, 
көршілеріміз  Луизаның  бұлай  өзгеруіне  жағаларын  ұстады.  Ең  таң 

 
71 
қаларлығы, менің қарындасым сол өңірдегі әйгілі қыздардың бірі болып, 
келесі  жылы  өте  тартымды,  жақсы  адамға  тұрмысқа  шықты.  Олардың 
балалары  бар,  бақытты  өмір  сүреді.  Менің  қарындасым,  өзінің  әдемілігі 
мен сұлулығын ұзақ  жылдар бойы өзгеріссіз сақтауда. 
       
Мен  қарындасыма дене шынықтыру бағдарламасын да ұсындым. Ол 
жаяу қыдыруды аздап бастап, біртіндеп көбейтті. Мен оған таза ауада, күн 
сәулесінде  жиі  болып  тұруды  және  20  минуттық  тыныс  алу 
гимнастикасын жасауды үйреттім. 
     
Менің  қарындасым  жасағанды  кейін  жүздеген  адамдар  қайталады. 
Ашығу  артық  салмақта  да,  кем  салмақта  да  таңқаларлық  нәтиже  береді. 
Осы  2  топтағы  адамдарға  да  табиғи  өмір  сүру  мен  ашығу  бағдарламасы 
қажет. Ашығу - өзіңнің денсаулығыңды қалыпқа келтірудің және шыңдап 
жетілдірудің  сиқырлы  кілті.  Ашығу  –  аса  керемет  тазалағыш,  тек 
тазаланған  ағзада  ғана  барлық  жүйе  қалыпты  жұмыс  жасайды.  Ашығу  – 
денсаулықпен ұзақ ғұмыр сүруге апаратын даңғыл жол. 
       
Әрине,  барлық  адамдар  бірдей  емес,  кейбіреулердің  нәтижесі 
басқаларға  қарағанда  жылдам  болады.  Егер  сіз  арық,  салмағыңыз  төмен 
болса,  оның  үстіне  әртүрлі  мәзірлерді  қолданып  көргеніңізде  нәтиже 
болмаса,  қапаланбаңыз,  ашығу  бағдарламасын  байқап  көріңіз.  Сізді 
қалыпты салмақтағы адам етіп шығаруға табиғатқа мүмкіншілік беріңіз. 
 
Еркіндік  пен  дұрыс  демалу  адамды  талмай  ақиқат  табуға  алып  келеді. 
Шексіз ізденіс! Ақиқат - өмірдің шыңы! 
 
 
 
 
 
 
ЭМОРСОН 
 
18 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Суық тиіу мен тымауға қарсы күрес 
         
Тымау  тигенде  адамға  өмір  сүру  қиын.  Егер  осы  жағдайға  тап 
болсаңыз  табиғатты  кінәламаңыз.  Мәселе  аяғыңыздан  суық  өткенде, 
тоңғанда,  суық  тигенде  емес.  Суық  тиіудің  нақ  ақиқаты  –  жазылуға  бет 
бұрған  жайсыздық.  Себеп  ішкі  тазалықтың  болмауында.  Қалдықтар  мен 
улы заттар  өте көбейгенде, ағза тұмаудың көмегімен өзінен аластатады, 
жазылуға  бет  бұрады.  Осыны  вирустың  әсері  немесе  ауру  демеңіз.  Осы 
кезде, өмірлік күштер сізге жұмыс жасап жатыр. Егер сіз табиғатпен одақ 
болсаңыз,  онда  тазалануына  көмектесесіз.  Тазалау  ағымына  бөгет 
жасайтын әрекет істемеңіз. Сізден жалғыз талап етілетіні – ашығыңыз! 
        
Табиғат  не  істеу  керек  екенін  жақсы  біледі.  Сізге  қалатын  бір  –  ақ 
нәрсе,  жылы  төсекте  жату.  Барлық  тамақтан  бас  тартыңыз,  жемістен  де, 
шырынынан  да.  Анда  санда  аз  ғана  бал  қосылған  не  лимон  шырыны 
қосылған  ыстық  таза  су  ғана  ішіңіз!  Жататын  жеріңіздің  ауасы  таза 
болуын  қадағалаңыз,  оқымаңыз,  теледидар  көрмеңіз,  радио  тыңдамаңыз. 
Тек  ұйықтап  демалыңыз.  Туыстарыңыз,  достарыңызбен  әңгімелесем  деп 
қуатыңызды жоғалтпаңыз. Өзіңізді қоршаған ортадан бөліп тастаңыз. 
     
Тазалану  жайсыздығында  қанша  ашығуға  тиіссіз?  Мұндай 
жайсыздықтар жылдың әр мезгілінде бола береді, әсіресе суық  кездерде. 

 
72 
Аяқтан тұрып кетуге көбінесе 3 тәулік жетеді, кей кездерде апта немесе 10 
тәулік  керек  болады.  Тәулік  туралы  мазасызданбаңыз,  тазалану 
жайсыздығынан кейін тәуір болғаныңызды өзіңіз байқайсыз. 
        
Мен  5  бала  тәрбиелеп  өсірдім.  Олаға  тұмау  тиген  кезде,  оларды 
ашығу  және  дем  алу  үшін  төсекке  жатқызып  қоятынмын.  Бір  аптадан 
кейін  жазылып  шауып  кететін.  Менің  12  немерем,  8  шөберем  осыны 
ұстанды.  Көпшілік  адамдарға  осы  әдіс  қарапайым  сияқты  көрінеді. 
Оларды  қорқыныш  билеп,  емделу  үшін  әйтеуір  бірдеме  істеулері  керек. 
Тіпті табиғаттың, сіздің ағзаңызды тазалауы созылып кетсе де, үрейге бой 
алдырмаңыз.  Әрбір  адам  өзінің  денсаулығын  түсінген  сайын  ыждағатты 
бола  беруі  керек.  Ол  өзінің  денсаулығын  өте  жоғарғы  деңгейге  жеткізуі 
керек,  осының  басқа  ілімдермен  салыстырғанда  маңызы  зор.  Әрбір  адам 
өзінің мінез құлқының қалыптастырушысы, сондай – ақ өз көңіл күйі мен 
денсаулығының сақтаушысы. 
       
Табиғат  адамды  жаратқанда,  өзінің  денсаулығының  күшін  орынды 
пайдалану  үшін,  таңқаларлық  сана,  ерекше  қабілет  берген.  Ашығу  – 
табиғи  денсаулыққа  жетелейтін  жолдардың  біреуі  ғана.  Табиғат  бізге 
қарапайым  тазалау  құралын  берді.  Біз  табиғатпен  одақтасып,  өзіміздің 
өмірімізді табиғаттың бұлжымайтын заңдарымен үйлестіруіміз қажет. Тек 
табиғатпен  бірігіп  өмір  сүру  арқылы  ғана,  тәніміздің,  ақылымыздың, 
рухымыздың  жоғары  деңгейге  жету  мүмкіншілігін  арттыра  аламыз. 
Денсаулыққа  төте  жол  жоқ.  Табиғат,  өзімізге  тиесілі  жұмысты 
атқаруымызды  есепке  алады.  Біз  ашыққан  кезде  осы  жұмыстарды 
атқарамыз.  Біз  өзіміздің  әдеттерімізді,  өмірімізді  табиғат  заңдарына 
үйлестірмейінше, табиғат ғажайыптарын байқатпайды. 
 
Артық нәрсе табиғатқа жат. ГИППОКРАТ 
 
 
 
 
Табиғатқа сеніңіз 
        
Менің  ақиқат  сенімім  бойынша,  бір  де  бір  адамның  басқа  адамды 
емдеуге құқысы жоқ, себебі бұл табиғаттың ісі. 
        
Ашығу  мен  табиғи  тамақтарды,  табиғи  әдеттерді  қолданудың 
арқасында, әрбір адам өзінің өмірін сау, салауатты қыла алады. Тазалану – 
ағзаның өзі ғана орындай алатын ішкі биологиялық міндет, ашығу арқылы 
осы жұмыстарды жандандыра түсесіз. Табиғат үнемі сізді неғұрлым сау, 
өміршең болуға итермелейді, сондықтан өзін өзі тазалау кезінде болатын 
келеңсіздікте не істеу керектігін өзі біледі. Табиғаттың жетегіне жүріңіз, 
сізді еш уақытта орта жолға тастамайды. Ашығу – аса керемет көмекші. 
 
 
 
 
 
 
 

 
73 
19 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Ашығу мезгілсіз қартайтпайды 
 
 
 
 
Айна ешқашан да алдамайды 
       
Айнаның  алдына  келіп  өзіңізге  қараңыз.  Өз  келбетіңізге  ризасыз  ба? 
Қартайып  мыж  –  мыжыңыз  шығып  тұрған  жоқ  па?  Бетіңізді  әжім  басып 
кеткен  жоқ  па?  Мойныңыз  қылқиып  тұрған  жоқ  па?  Жанарыңыз  өлеусіреп 
тұр  ма?  Сұрқыңыз  қашып  тұр  ма?  Өз  көркіңіз  туралы  не  айтасыз?  Жас 
көрінесіз  бе?  Әлде  кәрі  ме?  Бұл  сұрақтарға  шынуайттап  келсек  өзіңіз  ғана 
жауап  бере  аласыз.  Өзіңізден  басқа  адам,  осы  туралы  дұрыс  төрелік  айта 
алмайды. 
 
Қазір  өзіңізді  қалай  сезінесіз?  Күш  қуатқа  толысыз  ба,  әлде  ауру  – 
сырқаудан  зардап  шегіп  жүрсіз  бе?  Буындарыңыздың  қимыл  қозғалысы 
туралы  не  айтар  едіңіз?  Еңкейсеңіз  ауыра  ма?  Түнде  қалай  ұйықтадыңыз? 
Оянғанда  көңілді  сергек  тұрдыңыз  ба,  әлде  түні  бойы  дөңбекшіп  шаршап 
тұрдыңыз  ба?  Тәбетіңіз  қалай?  Тамақтан  ләззәт  аласыз  ба?  Тамақтанудан 
кейін ауырсынбайсыз ба? Шығару жүйеңіз қалыпты ма? Осының бәрін жиып 
қойғанда,  бүгін  бақыттысыз  ба?  Кеше?  Әлсізсіз  бе,  әлде  тыңсыз  ба? 
Қарттықтың жақындап, санаулы күніңіз қалғанын сезесіз бе? «Жасым келген 
сайын, өзімді жас сезінемін» - деп айта аласыз ба? Немесе керісінше: «жасым 
ұлғайған  сайын,  күннен  күнге  төмендеп  барамын»  -  деп.  Сіз  өзіңіздің 
жасыңызға  қарамай,  жайсаң  жас,  деніңіз  сау  қалпын  қалайтыныңызды,  мен 
кәміл сенемін.  Сіздің мына сөзді де жаратпайтыныңызды да білемін: «Мына 
байғұс  мезгілсіз  қартайып  кетіпті»  -  деген.  Ашығу  сіз  үшін  бәрін           
жасайды.  Осы  табиғат  ғажайыбы  мезгілсіз  қартаюдан  сақтайды.  Дүние 
жүзінің  ғалымдары  дәлелдеген,  ашығу  –  мәңгілік  жастыққа  жетелейтін 
сиқырлы кілт. 
Ғалымдар ұзақ жылдар бойы теңіз шошқасы мен ақ тышқандарға тәжрибе 
жүргізіп 
мына жағдайды анықтапты. Олар лаборатория жағдайында осы жануарларды 
ашықтырып, аралығында табиғи тамақпен қоректендіріпті. Ең кереметі, осы 
жануарлардың  жасаруы!  Бұл  асыра  айтқандық  болып  көрнуі  мүмкін.  Бірақ 
ғалымдардың  мақсаты  біреу  –  ақ,  нәтиже  алу  болды.  Нәтиже  шындықты 
айтты. Осы жаңалық баспасөзде жарияланды, жақсы кітапханалардан өзіңізге 
де оқуға болады. 
      
Ашығу – уақытты қарама қарсы бағытқа бұрып, адам ағзасында керемет 
ғажайып  өзгерістер  жасайды.  Мен  мезгілсіз  қартайған  және  ашығу  арқылы 
жасарған көптеген адамдарды көрдім. 
       
Мен  өзімнің  шәкіртім  Мартин  Корникті  есіме  аламын.  Корник  мырза 
кино өндірісінде талай жылдар істеді. Ол өзін қартайдым деп санағанда, 40 
жас мөлшерінде болатын. Неге осылай шешті? Американдықтардың орташа 
ғұмыры  68  жас.  Міне  сондықтан  40  –  қа  таман  өмірімнің  талай  жасын 
жасадым деп, енді ол кәдімгі  қариялардың қатарына өзін өзі қосып қойған. 
Ертеректе  Корник  мырза  теннистен  чемпион  болған,  қазір  бұл  ойын 
жастардікі деп есептеген. Бір күні киностудияда менің лекцияларым туралы 

 
74 
әңгіме қозғалған. Корник мырза қатты қызығып, менің бір лекцияма қатысты. 
Осы лекция Корник мырзаның көзқарасын өзгертті. Осы әлемдегі мыңдаған 
адамдар  тыңдағанды  тыңдады.  Адам  қашан  өзінің  ағзасын  мәпелейтін 
іліммен танысады, сонда оған өмірдің құпиясы ашылады. Корник мырзаға да 
өзін жас сезінгісі келді. Ол осы әдісті өзіне қолдануға бел буды. 
      
Ол менің лекциямнан шыға салып, ертеңіне 24 сағаттық  ашығуға кірісті. 
Ол  бірден  табиғи  тамаққа  көшті.  Ашығу  мен  табиғи  тамақ  өзінің  жасын 
ұмыттырып жіберді. Оған 40 жас болса да, теннис ойнағанда өзінің 20 жасар 
кездегісінен  де  өзін  күштірек  сезінді.  Ол  ашығуын,  табиғи  тамақтануын, 
табиғат  заңдылығын  сақтауды  жалғастыра  берді.  Әр  күні  белестен  белеске 
шыға берді. Оның күшейгені соншалық, теннистен қайтадан чемпион болды. 
Соңғы 30 жылда, жарыстарда үнемі жеңімпаз атанып, өзінен жастарды да бет 
қаратпайды.  Қазір  Корник  мырза  70  –  тен  асқандардың  арасында  әлем 
чемпионы. 
      
Орташа  адам  ойлайды,  70  –  тен  кейін  шаруам  бітті  деп.  Корник  мырза 
керісінше екенін дәлелдеп берді. Өмірді қанша сүргенің маңызды емес, оны 
қалай өткізгенің маңызды. Мен Корник мырзаны бақылауға алып, әрбір адам 
табиғат  заңдылықтарын  сақтаса,  жастықтың  ләззатына  рахаттануына 
болатынын  дәлелдегенін  мақтаныш  тұтамын.  Қандай  жаста  болмасын, 
табиғат  кері  шегінуге  мүмкіндік  береді.  Сіз  өзіңіздің  ескі  тозығы  жеткен 
денеңізді, жаңа, уақыттың әсеріне ұшырамаған денеге ауыстырып ала аласыз. 
    
Бір  жылдық  ашығу  мен  табиғи  тамақтану,  табиғи  заңдылықты  сақтау 
бағдарламасынан  кейін  айнаға  қараңыз,  осы  аралықта  болған  өзгерістерге 
өзіңіз таң қалатын боласыз. Егер сіз осы кітаптағы бағдарламаны ұстансаңыз, 
туған  туыстарыңыз,  достарыңыз  сізбен  болған  керемет  өзгерістерге  назар 
аударады.  Сіз  осы  өзгерістерді  көріп  қана  қоймайсыз,  сезесіз  де.  Осының 
бәріне  өз  денеңіздің  қожайыны  бола  алсаңыз  ғана  қол  жеткізесіз.  Корник 
мырза сияқты 24 сағаттық ашығудан бастаңыз. Осы кітапта айтылған дұрыс 
тамақтануды  қайталап  оқып  шығыңыз.  Өзіңізге  көмекке  табиғаттың  9 
дәрігерін  шақырыңыз,  олар  өзіне  өзі  көмектескен  адамға,  мақсатына  жету 
үшін, әрқашан көмек беруге әзір. 
 
Күшті дене сананы да күшейтеді. ТОМАС ДЖЕФЕРСОН 
 
20 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Ашығу қан тамырларын жасартады 
      
Құрама  Штаттарда  автокөлік  апатынан  қаза  тапқан  адамдардың  санын 
естігенде  шошимыз.  Жылына  50  мың  адам  өліп,  бірнеше  миллион  адам 
жараланып,  өмірлік  кембағал  болып  қалады.  Ұшақ  апатынан  өлгендерді 
естігенде  жағамызды  ұстаймыз.  Әлемдегі  соғыс  ошақтарында  қаза 
тапқандардың санын айтса тітіркенеміз. Бірақта, әрбір секунд сайын жүрегі 
қысып  өліп  жатқан  адамдардың  саны  қатты  әсер  етеді.  Әрбір  екінші  өлген 
адамның  ажалының  себебі  жүрек  ауруы.  Жүрек  ауруы  біздің  батыстағы 
өркениетті дамыған елдердің қамшысы деген  атауға ие  болды. 1965 жылғы 

 
75 
ұлттық  есептеу  қызметі  жүрек  қан  тамыры  ауруларынан  978 260  адамның 
қайтыс болғанын хабарлады. Қазір осы аурулар індетке айналды. 
       
Жау  құрбандығын  тек  қартайған  адамдардан  ғана  таңдамайды.  Осыны 
дәлелдеу  үшін  Корея  соғысында  өлген  300  адамның  мүрдесін  жарып 
тексерді.  Тексерудің  нәтижесінде  18  –  25  жастағы  жас  адамдардың  77,7 
пайызының  қан  тамырлары  мен  жүрек  түтікшелерінің  тозып  кеткенін 
көрсетті. 
       
Жүрек  ауруы  бірден  жабыспайды.  Қан  тамырларын  тоздыру  үшін  де 
талай уақыттың өтуі қажет. Бұған ұзақ уақыт темекінің, арақтың, аса майлы 
тамақтың (әр түрлі еттер, жұмыртқа, сүт тағамдары) әсерлері керек. Тағы бір 
себеп  дене  қимылының  аздығы.  Қан  тамырының  тозуы  жар  басына  жиі 
әкеледі,  бірақ  құрбандық  осы  қатерді  айқын  сезінбейді.  Адам  өзінің  қан 
тамырларының  50  пайызы  бітеліп  қалғанын  тіпті  сезбей  де  қалады.  Тіпті 
білгір мамандардың өздері де, қазіргі зерттеу әдістерін қолданып қауіпті еш 
нәрсе таба алмауы мүмкін. Қан тамырларын бітеп тастайтын зат – холестерин 
немесе  арам  еттер.  Бітелу  біртіндеп  басталады,  қан  тамырларының  іші 
жіңішкере  беріп,  жүректің  бұлшық  еттерін  жұмыс  істететін  мөлшерде 
қанның құйылуын қамтамасыз ете алмайды. Қан тамырлары тіпті жіңішкере 
бастағанда,  жүрек  пен  қан  қысымының  ауруы  белгі  бере  бастайды.  Қан 
тамырларының  бұзылуы  жас  шағынан  басталып,  біртіндеп  тозып  бітеле 
бастайды.  Сонан  соң,  әлдекім  таңертең  өзінің  күнделікті  күйбеңіне 
кіріскенде, кенеттен көзі қарауытып, жүрегі қысып өліп кетеді. Өлмей қалған 
жағдайда, өмірлік кембағал болып қалады.  
     
Өзіңнің  қан  тамырларыңның  тазалығын,  басқа  заттармен  ластанбауын 
тұрақты  түрде  тексеріп  отыруың  керек,  әйтпес  жүрегің  қысуы  мүмкін. 
Қалыпта  тағам  да  тамырларға  қақ  тұрғызып,  бейнетке  ұшыратады. 
Адамдардың  көпшілігі,  қатерге  ұшырамай,  өзінің  қан  тамырларының 
жағдайын  білмейді.  Ауру  қыспағанша,  олар  өздерінің  жаман  әдеттерінен 
арылмайды және өзінің қалыпты тамағын жей береді. 
 
 
Сіздің жас мөлшеріңіз қан тамырларының жағдайымен айқындалады 
      
Бұрыннан  белгілі  жайды  қайталауға  рұқсат  етіңіз.  Сіздің  жасыңыз  бұл 
сіздің  қан  тамырларыңыздың  жағдайы.  Есіңізде  болсын,  көпшілік  жағдайда 
қан тамырларының бітелуі жас күніңнен басталып, мөлшері 55 – ке келгенде 
жүрек – қан тамырлары ауруына әкеп тірейді. 
      
Мен  ашығу  жүрек  –  қан  тамырларының  ауруын  емдейтін  әдіс  деп 
есептемеймін.  Ашығу  алдын  алу  шарасы.  Мен  осы  кітапта  тұрақты  түрде 
айтып  келемін,  ашығу  дегеніміз  ішкі  тазалау.  Ол  біздің  қан  тамырларымыз 
қиналмай  жүректі  қоректендіріп  тұру  үшін  оның  тазалығын  сақтауына 
жәрдемдеседі. Тамырлардың жүйесі арқылы, қан қоректік заттармен барлық 
ағзаны қамтамасыз етеді. Ағзадағы қан айналу тұрақты және біркелкі болуы 
керек. Егер қан айналымы ағзаның бір бөлігінде бір сәтке тоқтап қалса, онда 
алапат  соққы  аламыз.  Егер  бұл  көздің  айналасында  болса,  соқырлыққа 

 
76 
ұшырататын  қан  құйылады.  Бүкіл  ағзаны  бөгетсіз  қоректендіру  үшін, 
тамырлар таза болуы керек.  
      
Қазір  таза,  иілгіш,  серіппелі  қан  тамырлары  бар  70  –  80  тіпті  90  жасқа 
келген  еркек,  әйелдерді  сирек  болса  да  табуға  болады.  Жастары 
ұлғайғандықтарына  қарамай,  олар  жас,  себебі  олардың  қан  тамырлары 
қозғалғыш, серіппелі, тозбаған. Егер осы адамдардың ағзалары улардан таза, 
денсаулықтары жақсы болса, неге оларға әлі талай жылдар өмір сүрмеске? 
    
Інжілден білеміз, бүкіл әлемдік топан судың алдында  кейбір адамдардың 
900  жыл  өмір  сүргендерін.  Біз  бұған  күлеміз,  олардың  есептеулері  басқаша 
болған деп. Біз осылай болмады деп қалай айта аламыз? Бәрі мүмкін, себебі 
осы  адамдар  өздерінің  қан  тамырларын  тамаша  қалыпта  ұстау  үшін,  қалай 
өмір  сүру,  қалай  тамақтану  керктігін  білді  ғой.  Қан  тамырлары  өзінің 
жұмысын  дұрыс,  жақсы  атқарғанда  бүкіл  ағзаның  жұмысы  тепе  теңдік 
қалпын сақтайды. 
     
Біз айтамыз, адам қартайып бара жатыр деп, бұл бір нәрсені ғана білдіреді, 
ол  өзінің  қан  тамырларын  сақтау  үшін  қалай  тамақтану,  қалай  өмір  сүру 
керектігін  білмейді.  Қан  тамырлары,  қашан  өзінің  міндетін  дұрыс  атқармай 
бұзылғанда,  адамның  денесінің  бөліктеріне  қан  дұрыс  бармағандықтан, 
адамдар аурушаң, ұмытшақ, әлсіз болады. Олар біртіндеп өледі, себебі оның 
денесі мен миына қан дұрыс бармайды. 
     
Біз ашыққан уақытта, бүкіл өмірлік күш ағзаның ішкі тазалығын және қан 
тамырларын  тазалауға  жұмсалады.  Міне,  10  тәулік  ашықаннан  кейін  бүкіл 
дене  жеңілдеп,  ақыл  ұшқырланып,  есте  сақтау  қабілеті  артады  және  дене 
қимылына  деген  зор  құлшыныс  пайда  болады.  Мен  есептеймін,  біз  ашығу, 
дұрыс  тамақтану  бағдарламасы  арқылы  қан  тамырларын  тазалап,  өз 
жүрегіміздің  өмірін  ұзартуымыз  қажет.  Егер  денсаулық  үшін  айқаста 
жеңімпаз болғымыз келсе, өзіміздің қан тамырларымызды өмірдің кілті деп 
санауымыз керек. 
     
Күнде  майлы  ет  жей  берсеңіз,  сіз  өз  ағзаңызда  уларды  шоғырландыра 
бересіз. Есеп айырысуға тура келеді. Ағза майды аз ғана тілейді, біз майлы 
тамақты күнделікті көп қолданамыз, соңы жүрек – қан тамырлары ауруына 
әкеп  соғады.  Таңертеңгі  тамақты  ішпе  деуімнің  бір  себебі  осында.  Сырт 
әлпетіне  қарасаң  сау  сияқты  көрінетін,  таңертең  ет,  жұмыртқа,  картофель, 
кілегей,  кофе  ішетін  көптеген  ер,  әйелдерді  білемін.  Сыртынан  сау  сияқты 
көрінетін  осы  адамдардың  жүрек  ауруының  құрбаны  болып,  біреулері 
молаға, енді біреулері өмірлік кембағал болып қалғандарын да білемін. Сіз өз 
ағзаңыздың  физиологиясын  білмегендіктен,  осылай  тамақтану  керек  деп 
ойлайсыз. Тамақ ішу – ләззатанудан да тереңірек ілім.  
      
Осы  кітаптағы  бағдарламаны  бастамас  бұрын,  жүрек  –  қан  тамырының 
маманымен кеңесіңіз. Ол сіздің жүрегіңіз бен қан тамырыңыздың жағдайын 
айтсын.  Қан  қысымы  мен  тамырдың  соғуын  тексеріңіз,  сонан  кейін  жыл 
бойы  ашығу  мен  қатаң  мәзірді  ұстаныңыз.  Дәрігерге  қайта  барыңыз.  Мен 
сенімдімін, ол өз ағзаңызғбен ғажайып жасадыңыз деп айтпасына. 
Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет