Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет26/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Денсаулық керек болса 
Орта  Азия  мен  Қазақстанда  тұңғыш  рет  Шымкент  қаласында  ашығу 
арқылы емдеу орталығының негізін қалаған  – ақын, ҚР Жазушылар мен 
Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет 
қайраткері,  облыстық  мәслихаттың  депутаты  Шалқар  Әбішұлы 
Қыстаубайтегі: 
 
 
 
 
 
Аштан өлмейсің, 
 
 
 
 
Астан өлесің! Шалқар Әбішұлы 
Жаратушы  өзі  жаратқан  пендесіне  көңілі  түссе  келбетті  де,  талантты  да, 
адамгершілік  қасиеттерді  де  –  адам  баласының  басына  үйіп-төгіп  бере 
салатын, аса сирек кездесетін құбылыстары болады: 
Жетім  қозы  –  тас  бауыр  болмай,  керісінше  ақыл,  қайрат,  жүректі  бірдей 
ұстап,  дәулеті  келбетіне  емес  –  ақылына  біткен,  сөз  асылын  аңдай  білген, 
Жаратушы сәулесі – ердің жасы елуде жүрегін ашқан, тереңге батқан термені 
– 
тәй-тәйләтіп  аяғынынан  қайта  қаз  тұрғызған,  жомарттығы  жайлау  көл, 
жапырағы  жайқалып,  ұрпақтарының  өзі  –берекелі  ел,  таланты  құйылып 
жатқан  сел,  көңілі  Шалқар  атына  сәйкес  шалқып  жатқан  көл,  пәктігі  бейне 
балдырған, артына ұлағатты сөз қалдырған, жанарынан шуақ, денесінен қуат, 
халқының қамын, өзінің жанын жеп, адамзаттың бәрін бауырым деп сүйген, 
әділетсіздікке  жаны  күйген,  пайғамбар  жасына  келсе  де,  елуді  ерттеп  мініп 
жүрген  азаматқа  лайықты  іс-әрекет  істеп,  кейбіреудің  қатасын  түзеп, 
көпшіліктің  батасын  алып,  қазақтың  отаны  мен  ошағы  болған,  қасиетті 
Қаратауда  туған,  өлке  табиғатына  мінезі  сай,  оңтүстік  өңір  мен  Шымкент 
қаласына белгілі, «қазақ қандай?»  – деп сұраса, «қазақ мынандай» – деп ауыз 
толтыра мақтанышпен, кеуде тола қуанышпен айта алатын, ұлтымыздың бір 
туар  азаматы  Орта  Азия  мен  Қазақстанда  тұңғыш  рет  Шымкент  қаласында 
ашығу арқылы емдеу орталығының негізін өз қаржысына қалаған  – ақын, ҚР 
Жазушылар  мен  Журналистер  одақтарының  мүшесі,  Қазақстанға  еңбегі 
сіңген  мәдениет  қайраткері,  облыстық  мәслихаттың  депутаты  Шалқар 
Әбішұлы Қыстаубайтегімен сұхбат: 
 
Сұрақ:  –  Шалқар  Әбішұлы,  өзіңіздің  ашығып  жүргеніңізге  ширек 
ғасырдан  астам  уақыт  болыпты.  Жалпы  ашығу  дегеніміз  не?  Бұл  әдістің 
ерекшелігі  неде?  Қандай  пайдасы  бар?  Біздің  тәнімізге,  жанымызға, 
рухымызға беретін әсері бар ма? 
Жауап:  –  Әсет  бауырым,  ашығу  –  тазаланудың  әдісі.    Тамақ  жеген 
кезімізде, ағзамыз пайдалы заттарды қабылдап, зиянды және бөтен заттардан 

 
257 
арылғысы  келеді.  Бірақта,  ағза  осыларды  үнемі  ажырата  алмайды,  не  оны 
лықа толтырып тастадық немесе ішіп жеген тамағымыз өте лас. Бұл жағдайда 
қалдықтар:  улар,  маңқа  мен  шырыш,  тастар  ағзада,  әсіресе  ішекте,  бас 
қуыстарында т.б. жерлерде шоғырланып жинала береді. 
Тіпті  таза  тағамдардың  да  қалдықтары  қалып  отырады,  сондықтан  да 
ағза  тазалау  жұмыстарын  жүргізуі  үшін,  ара-тұра  ашығып  тұрған  пайдалы. 
Ашығу  –  табиғаттың  бізді  үйрететін  әдісі.  Жануарларға  қараңызшы:  олар 
ауырған уақытта ашығуға кіріседі; бір жерге тығылып алып тазаланып, өзіне 
шипа болатын шөптерді тауып, емделіп жазылып жатады. 
Сіз үйіңіз бен жиһаздарыңызды шаң басып кетсе, тазалау керек екенін 
білесіз. Бірақта өз ағзаңызды жоқ дегенде аптасына бір қабат тазалап отыру 
қажет 
екендігін 
және 
жұмыс 
жасап 
жатқан 
миллиондаған 
жасаушыларыңыздың (клетка) да дем алғысы келетінін түсіне алмайсыз. Егер 
де  өзіңізді  өзіңіз  тазалағыңыз  келмесе,  онда  дене  мүшелеріңіз  сіз  үшін  осы 
жұмыстарды  атқаруға  мәжбүр.  Осы  тазалану  барысында  адамның  қызуы 
көтеріліп, танауынан су, көзінен жас ағып, түшкіріп-мүшкіріп, терісі бөртіп 
берекесі кетеді. 
Ашығу  денсаулыққа  жетелейтін  салауатты  өмір  сүрудің  әдеті,  егер 
жағдайы  келсе  кімнің  де  болмасын  аптасына  24  сағат  ашыққаны    дұрыс 
болар  еді.  Осы  мезетте  рухани  істермен  ғана  шұғылданыңыз:  Өзіңізді 
шабыттандыратын  жақсы  кітап  оқып,  жанға  жайлы  әуен  тыңдап,  сезіміңіз 
бен ойыңызды тазалаңыз.  
Ашығудың  мәселелері  өзің  көз  алдыңа  елестетуге,  көңіліңе  келтіруге 
зауқың  жоқ  өткен  кезеңдерде  жатыр.  Өткен  кезеңдердегі  настық,  ластық 
адамға  бейнет  шеккізеді.  Әрбір  күнәң,  әрбір  қателігің  шоғырланып  жинала 
береді.  Барлық  бақытсыздық,  шарасыздық  осы  жойылмаған  настықтың 
салдарынан  болады.  Ашыққан  уақытта  адам  осы  зиянды  қалдықтардан 
құтылады, нұр құйылып өзін бақытты, жеңіл сезіне бастайды. Сондықтан да 
ораза бүкіл діндерде орын алған.  
 
Ашығу  –  өзіңді  бірдеңеден  тежеу  емес,  керісінше  тамақтану.  Сен  өз 
тәніңді тамақтан тежеген мезетте басқа денелерің тамақтанып, жұмыс істей 
бастайды. Ашығу – тек тамақтан бас  тарту емес, кейбір сезімдерден, өзіңді 
мазалап  бөгет  жасап  жүрген  ойлардан  да  бас  тарту.  Үнемі  жеу,  ішу, 
шоғырлауға құмартудың орнына бас тарту мен азат болуды да үйрену қажет. 
Топтастырып, жинау – кері кетуіңді үдетеді. Әрбір жаман ойың, сезімің және 
қалауың,  қыстағы  ағаштың  бұтағына  жабысқан  қырау  сияқты.  Қырау  еру 
үшін көктемгі күннің шуағы қажет, сол мезетте біз өзімізбен өзіміз боламыз. 
Біз өзімізде шоғырланып қалған керексізден құтылған кезде, Жаратушының 
құдіретті лебі, өзіміз арқылы өтіп, рухани әрекетімізге жан бітіргенін сеземіз. 
Кім  де  кім  өзінің  басына,  жүрегіне  керексіз  нәрселерді  топтастырып 
алса,  өзінің  рухани  дамуына  жол  таба  алмай  қалады.  Сен  өзіңнің  тәнің, 
басың,  жүрегің,  өкпең,  асқазаның  т.б.  мүшелерің  өзара  үйлесімді  қызмет 
атқарулары  үшін  еңбектенуің  қажет.  Ашығудың  нақ  шындығы  осында 
жатыр. 

 
258 
Біздің бір дәрігер жолдасымыз айтады: «Үнемі ораза тұтып, ашығуды 
қалт жібермейтін  адамдардың үлкен дәреттерінде жағымсыз иіс болмайды. 
Егер өзіңіздің үлкен дәретіңіз бен жіпсігенде шығатын теріңіздің иісі сасып 
кетсе, онда сіздің тәніңіздің не жүйкеңіздің ауыратынының белгісі. Мүмкін 
сіз қарсы болып, бүгінгі жеген жаман тамақтың салдары деп айтарсыз. Жоқ, 
олай  емес.  Тағы  бақылау  жүргізіп  көріңіз:  егер  өзіңіз  бірнеше  күн 
аралығында мазасыз, күйгелек, қызғаншақ т.б. болсаңыз исің өзгеріп кетеді. 
Осының бәрі денеңнен иіс арқылы бөлініп шығады». 
Бірнеше тәулік бойы ашығу пайдалы, бірақ осы кезеңге сәйкес қолайлы 
жағдайың  болу  керек.    Ашығуды  демалыс  күндері  не  айларында  ұстаңыз. 
Ашыққан  кезіңізде  ауа  тамақты  алмастырады,  сондықтан  да  ашығуды  таза 
ауасы бар жерде өткізуге тырысыңыз, саяжайыңызға жалғыз кетіп қалсаңыз 
тіптен  жақсы,  ал  ауылды  жерлерде  тұратын  ағайындарда  осы 
мүмкіншіліктердің бәрі де бар. 
Көпшілігі  байқайды,  ашығу  барысында  арқасы,  басы  ауырып,  жүрек 
соғысы  жиілеп  кетеді.  Біз  табиғаттың  арнаулы  сыбырлаған  даусын  ести 
алмағанымыздан:    «Мен  енді  ешқашанда  ашықпаймын!».  Бұл  дұрыс  емес. 
Осы белгілер болашақта дәл осы мүшелеріңнің ауруға шалдығатынын айтып 
тұрған  табиғаттың  ескертпесі.  Егер  өзіңіздің  осал  жеріңізді  білгіңіз  келсе 
бірнеше  тәулік  ашығып  көріңіз;  егер  де  белгілі  бір  мүшең  ауыра  бастаса, 
онда  осы  жерден  кесел  шығуы  мүмкін,  сондықтан  да  алдын  ала  алу 
шараларын қарастыра беріңіз. 
Егер  дұрыс  ашықсаңыз,  онда  қауіпті  емес,  сізге  пайдасынан  басқа 
зияны жоқ. Осының дәлелі: бастапқы екі тәулікте өте ауыр болып, сонан соң 
келеңсіздіктер мен қарын ашу сезімі жоғалып кетуінде. Егер осы ашығудың 
салдарынан  болса  ауруыңыз  өрши  түсер  еді,  жоқ,  керісінше  сіз  тыныштық 
пен алаңсыздық күйге енесіз. Әлі күнге дейін ара-тұра ашықаннан бір де бір 
пенде  өлген  жоқ,  керісінше  миллиондаған  адамдар  қомағайлықтан  өліп 
жатыр. 
Бастапқыда  ашығу  бір  сұмдық  боп  көрінуі  мүмкін,  себебі  ағза  үшін 
мұндай  тазалану  өзі  әдеттенбеген  аласапыран  жәйт.  Бірақта  бастапқы 
әсермен  баға  беруге  болмайды.    Керісінше  ауырып  жүрген  адамдардың 
тазалануы  қажет,  аурудың  себебі  артық  қоқыс  пен  қалдықтардың,  улардың 
кенеттен  қанға  араласып  кетуінен.  Адамдардың  басым  бөлігі  ашығу 
әлсіретіп,  жүдетіп  жібереді  деп  ойлайды.    Бастапқыда  дұрыс  шығар,  ал 
бірнеше  тәулік  ашықаннан  кейін  өңіңіз  нұрланып,  көз  жанарыңыз 
жалтылдап, қимылыңыз да, денеңіз де жеңілдеп құлпырып шыға келесіз.  
Ашығам  деушілер  бәрін  басқаша  түсіну  керек.  Қолайсыздық  сезілсе, 
осы  мазасыздық  жоғалғанша  жасқанбай  оразаны  ары  қарай  жалғастыра 
бергені жөн. Егер сіз ашығуды жарты жолда тоқтатсаңыз, ыстығы көтерілген 
науқастың, ыстығын түсіру үшін дәрі ішкенімен бірдей. 
Өзінен өзі түсінікті, олар бірден өзі жақсы сезініп кетеді, бірақ олардың 
түсінбейтіні, келешекте өзін белгілі бір қатерлі, созылмалы ауруға дайындап 
жатқандығы.  

 
259 
Өзіңіздің ағзаңызға еркіндік беріңіз, ағза лықа қоқысқа толып тұрғанда, 
өзі  барлық  қалдық  пен  қоқыстарды  шығарып  тастауға  не  ерітіп  жіберуге 
тырысады.  Денеміздің  қызуы  көтерілетіні  осыдан.  Осы,  ағзаның  тазаланып 
жатқанының дәлелі, бұған шыдау керек. Ағзаның жұмысына көмектесу үшін 
ыстық қайнаған су ішуіңізге болады. Бірінен кейін бірін, жеделдете бірнеше 
кесе  ыстық  су  тартып  жіберсеңіз  қызуыңыз  тез  түседі:  қан  айналымы 
жақсарып,  тамырлары  кеңіп  қалдықтар  мен  қоқыстарды  табиғи  шығару 
жолдары мен тері тесіктері арқылы шығара бастайды.  
Ашыққан  кезеңде  ыстық  су  ішу  өте  пайдалы.  Қайнағаннан  кейін 
тұндырып  барып  ішіңіз.  Суық  сумен  майлы  ыдысты  жуған  кезде  толық 
тазаланбайды,  таза  жуу  үшін  ыстық  су  қажет.  Ағзада  да  осылай  болады, 
ыстық  су,  суық  су  шая  алмайтын  талай  қоқыстарды  ерітіп  оларды  бүйрек, 
тесіктер  т.б.  арқылы  шығарып  тастағанда,  сіз  өзіңіздің  тазаланып 
жасарғаныңызды  сезесіз.  Ыстық  суды  ораза  бойы  үзбей  ішуіңізге  болады. 
Ыстық су түтіктердің бәрін тазалайтындықтан қан тамырларының қатуы мен 
буын ауруларына таптырмайтын дауа. 
Үйренбегендіктен  бастапқыда  ыстық  суды  ішу  біртүрлі  жағымсыз, 
бірақта біртіндеп рахаттана бастап соңынан ләззат аласыз. Ыстық су табиғи 
зиянсыз дәрі, бірақ арзан және қарапайым болғандықтан ешкім де салиқалы 
түрде  қабылдамайды.  Баяғыда  біреу  ыстық  судың  көмегімен  дәрігерлер 
дәрімен жаза алмаған ауруын жазып алған. Күдер үзген дәрігер осы ауруды 
көруге келгенде, ол өзінің қалай жазылғанын айтады, сол кезде дәрігер былай 
дейді:  »Мен  ыстық  судың  шипалық  талай  қасиетін  білемін,  бірақта  мен 
ыстық суды сата алмаймын ғой!». 
Тағы бір айтайын дегеніміз, көп күндік ашығуды қалай аяқтау жөнінде, 
егер  де  бірден  бұрынғы  тамақтанғандай  тойып  алсаң  өліп  кетуің  мүмкін. 
Осындай  жағдай  алғашқы  10  күн  ашыққанымда  өз  басымнан  өткен. 
Білмегендіктің салдарынан тамаққа  бірден тойып алып, ішегім түйіліп өліп 
қала жаздағанмын.  
Сондықтан  да  бірінші  күні  жеңіл  жеміс,  көкөністерден  дайындалған 
салат пен сұйық көже, келесі күні салат пен осы көжеге аздап кептірілген нан 
қосып  ішіңіз,  үшінші  күні  аз  мөлшерде  қалыпты  тамаққа  көше  беруіңізге 
болады.  Осы  жайында  төменіректе  кеңінен  тоқтала  кетерміз.  Осы 
нұсқауларды мүлтіксіз сақтасаңыз ғана қауіп қатер болмайды. 
Осындай  ашығудан  кейін  сезіміңіз  ұшқырланып,  ақыл  ойыңыз 
нұрланып,  өзіңізге  тылсым  дүние  ашылып,  жасарып,  бұрынғы  нас  басып, 
қалдық толы тәніңіздегі қоқыстардың күлі де қалмай жанып кеткенін сезесіз.  
Әрине  адам  баласы  тіршілікте  Құдайдың  берген  өмірін  жасайды. 
Пешенесіне  жазған  тірлігінде  тағдырын  көреді.  Адам  баласының  барлық 
сенімі солай болған соң, оған дауа жоқ. 
 
Азамат 
«
Қазақта  жігіттер  бар  нар  қасқа»  деп  Төлеген  Айбергенов 
жырлағандай, 
бұл 
қазақ                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              
нар  қасқа  азаматтарға  кенде  болмаған.  Әсіресе,  Төлеген  өмір  сүрген  кезде. 

 
260 
Кейінірек сондай азаматттардың қатары бірте-бірте сиреп, «суала» бастады. 
Тартылып  бара  жатқан  Арал  теңізіндей.  Барларының  өзі  бақайесепшіл, 
жұмыртқа  берсе  артынан  балапан  дәмететін,  дәулеттіге  жомарт,  жоққа 
жоламас,  сырты  көл,  іші  шөл,  жасанды  мінезді  қанына  сіңіріп  қалған 
қалыптасқан жаны жұтаң «жаңа» адамдар көбейе бастады. Өйтіп-бүйтіп оқу 
бітіріп  келгеннен  кейін  кітап  бетін  қайтып  ашпаған,  өнегелі  әңгімеге  екі 
құлағы  тас  керең,  сөйлей  қалса  берген  мен  алғаннан  әрі  аспайтындардың 
саны күн сайын молайып келеді. 
  
Биылғы жылы Бәйдібек ауданының Ақтас деген ауылында туып-өскен, 
жиған-тергенін  басып  жемей,  шашып  жейтін,  туған  ауданына  қолынан 
келгенінше  көмек  беріп,  елінің  еңсесін  көтеруге  бел  шешіп  кірісіп  жүрген 
Шалқар  Әбішұлы  деген  азаматпен  бірге  жүріп,  көп  сырласудың  сәті  түсті. 
Бұл  азаматтың  атын  баспа  жүзінен  көріп,  термелерін  тыңдап  жүргенім 
болмаса,  бұрын-соңды  жүзбе-жүз  кездесудің  реті  келмеп  еді.  Алғашқы 
сәлемдескеннен бастап ежелгі достай араласып кеттік. 
 
Елі ерге қарап, ері жерге қарап отырған мынадай қиын-қыстау кезеңде 
төмен  түскен  ел  еңсесін  ісімен  де,  сөзімен  де  көтеріп  жүрген  осындай 
азаматтың  бар  екеніне  қатты  қуандым.  Ол  облыстық  мәслихаттың 
депутаттығына түсіп жатты. Халқы бірауыздан сайлады. Солай болуы заңды 
құбылыс  еді.  Көп  кандидаттар  секілді  Шалқар  өзіне  дауыс  керек  болғанда 
ғана емес, еліне деген көмегін баяғыдан беріп келеді екен. Ондай азаматын 
елі  неге  қастерлемесін.  Мұндай  азаматпен  мәжіліс  депутаттығына  қатар 
түсіп, ұтылып қалсаң да ренжімессің. 
 
Өнерде де, өмірде де жолың бола берсін, досым Шалқар! 
 
Дулат Исабеков, 
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік силығының лауреаты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пайдаланылған кітаптар: 

 
261 
 
1. Коранъ. Переводъ съ арабскага языка. Г. С. Саблукова. Третье изданіе. 
  
Казанъ. Центральная Типографія. 1907 . 
2.  Құран Кәрим, қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. 
3.    Поль  Брэгг.  «Здоровье  и  долголетие.  Чудо  голодания».  –  Москва: 
Издательство «Грэгори». – 1996. 
4.    Досым  Омаров.  «Абайтану»  немесе  ұлы  ойшылдың  рухани  кемелдену 
туралы ілімі. – Алматы: «Мектеп». – 2002. 
5. Омраам Микаэль Айванхов «Свет мира». Юбилейное издания 1900 – 2000 
год.  – Москва: Издательство «Техническая книга». – 2000. 
6.    Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы.  Шығармалардың  екі  томдық  толық 
жинағы. – Алматы: Жазушы, Өлеңдер мен аудармалар.  – 2004. 
7.  Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Иманым». – Алматы: «Арыс» баспасы. –  2000. 
8.    «Қазақтың  халық  медицинасының  ғылыми  көкжиектері».    – 
Алматы:«Атамұра».- 2003. 
9.  «Наука о жизни с позиции Аюрведы». – Москва. – 1998. 
10.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  хадистері.  –  Алматы:  «Жазушы».  – 
1994. 
11
.  «Отбасы  және  Денсаулық»  журналы.  –  №6.  –  Алматы:  «Жедел  басу 
баспаханасы». – 2005. 
12
. «Қазақ мақал-мәтелдері». // Құрастырған Ж. Малайсарин. – Алматы: «Ана 
тілі».– 2005. 
13
. Уэйн У. Дайер. «Поверь в Себя».  – Минск: «Белорусский Дом печати». – 
2000. 
14
.   «Сөз тапқанға қолқа жоқ». – Алматы: «Жазушы». – 1988. 
15
. Аманжан Жақыпов. «Қаракерей Тума тарихы». – Алматы: «Үш Қиян». –– 
2004. 
16
. Сүлеймен Нұрания. «Ұрпақ үндестігі» Шежірелер. – Алматы: «Дәуір». – 
2003. 
17
. Зейнолла Сәнік, Бейсенғали Садықан. «Қаракерей Қабанбай» – Алматы: 
«Жазушы».  –1991 
 
 
 
 
 
18
.  Рахым  Алмабекович  Уразалиев.  «Материалы  к  библиографии  деятелей 
науки  Казахстана».  –  Алматы:  Казахская  Академия  сельскохозяйственных 
наук. Республиканская научная сельскохозяйственная библиотека. – 1996. 
19
.  Талғат  Айтбайұлы.  «Нан  мен  тер»  (Сыр  –  сұқбат  кітабы).  –  Алматы: 
«Тоғанай Т» баспасы. – 1998. 
20
. Рахым Алмабекұлы Оразалиев (библиографический указатель). – 
Алматы: «Алейрон». – 2005. 
21. Шалқар Әбішұлы. «Жақсы болу өзіңнен». Тәрбие-тағлымдық өлеңдер 
мен жыр-толғаулар. Алматы: –1999. 
22.  Шалқар  Әбішұлы.  «Ойланып  көрші  өзіңде»  Тәрбие-тағлымдық  өлеңдер 
мен жыр-толғаулар. Алматы: – 2003. 
23.  Шалқар  Әбішұлы.  «Мән  бергін,  жастар,  сөзіме!»  Тәрбие-тағлымдық 
өлеңдер мен жыр-толғаулар. Алматы – 2003. 
Кітаптың авторлары туралы мағлұматтар: 

 
262 
 
Рақым Алмабекұлы Оразалиев  
 
Рахым  Алмабекұлы  Оразалиев  –  1935  жылы  желтоқсан  айының  8 
жұлдызында  Алматы  облысы,  Қаскелең  ауданы  «Каменка»  ауылында 
дүниеге келді. 
Селекция,  генетика,  физиология,  иммунитет,  өсімдік  шаруашылығы, 
биотехнология,  биометрия,  агроэкология  саласында  жүргізілген  жан-жақты 
зерттеулер  бойынша  562  ғылми  еңбектер  жариялады,  оның  12  монография, 
20 – 
әдістемелік ұсыныстар, 50 – аудантастырылған сорттар. 
Ғылымдағы жетістіктері үшін ҚСРО Халықшаруашылығы жетістіктері 
көрмесінің  алтын,  күміс,  қола  медальдарымен,  ҚКСР  Жоғары  Кеңесінің 
(1984),  Өзбекстан  Республикасы  Жоғары  Кеңесінің  (1994),  ҚКСР  АШ 
Министірлігі және Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясы 
Шығыс  бөлімшесінің  Қырғыз  КСР  АШ  Министрлігі  Құрмет 
грамоталарымен,  Н.И.  Вавиловтың  ескерткіш  меделімен,  сондай-ақ 
Социалистік  Еңбек  Ері  атағын  екі  мәрте  иелеген  академик  В.Н.  Ремесло 
атындағы Халықаралық сыйлықпен марапатталды. 
Көрнекті  ғалым  селекционер  Оразалиев  Р.А.  ғылым  жолында 
аспиранттан бастап академик деңгейіне дейін көтеріліп, ауылшаруашылығын 
зерттеу  саласында  үлкен  үлесін  қосып  келеді.  Ол  Қазақстан  дән 
технологиясы  мен  ғылыми  комитетінің,  Қазақтың  генетиктер  мен 
селекционерлер  қоғамының,  агроэкология  мен  қоршаған  ортаны  қорғау 
туралы  үйлесімдік  кеңестің  төрағалары,  Ұлттық  ғылымдар  академиясының 
президиумының  мүшесі,  «Асыл  тұқым»  Республикалық  тұқым 
шаруашылығы  президенті  тағы  сол  сияқты  басқа  да  ғылыми,  қоғамдық 
қызметтер атқарып келеді. 
Рахым  Алмабекұлының  селекционер  –  генетик  ғалым  есебінде  40 
жылдың  ішінде  (1966-2005ж.ж.)  өзінің  шәкірттері  және  әріптестерімен 
бірлесіп ауыл шаруашылық  дақылдарының, бидайдың 120 астам сорттарын 
шығарды, оның 45-і аудандастырылған.  
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  академиясының,  Ресей  ауыл 
шаруашылық  ғылымдары  академиясының,  Украина  аграрлық  ғылымдар 
академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор. 
 
Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі 
................. 
................ 
 
Әсет Ризаұлы Мұқашбеков 
 
Әсет  Ризаұлы  Мұқашбеков  –  1951  жылы  тамыз  айының  21  жұлдызында 
Бұрынғы Семей облысы Ұржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келген. 

 
263 
 
Науалы  ауылындағы  орта  мектепті  1968  жылы  бітіріп,  1970  жылы 
Алматы  қаласындағы  Қазақ  ауыл  шаруашылық  институтының  агрономия 
бөлімшесіне түсіп, 1975 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. 
 
1977-
1979 жылдары Науалыдағы «Ленин» атындағы колхозда бригада, 
тұқым агрономы болып қызмет істейді. 
 
1979-
1982 жылдары Мақаншы ауданында «Қарабұлақ» совхозында бас 
агроном болады. 
 
1982-
1985  жылдары  «Қарабұлақ»  совхозының  партия  ұйымының 
хатшылығына сайланады. 
 
1985-
1996 жылдары Ұржар ауданында «Ленин» атындағы колхозда бас 
агроном болады. 
 
1996-
1998  жылдары  Ұржар  ауданының  «Науалы»  ЖШС-де  бас 
агроном. 
 
1998-
2001 жылдары «Құсақ» өндірістік кооперативының, «Риза» жеке 
шаруа қожалығының төрағасы. 
 
2002-
2004  жылдары  Ұржар,  Аякөз  ауданаралық  «Республикалық 
әдістемелік  фитосанитарлық  диагностикалық  болжамдау  орталығы» 
мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды. 
 
2000  жылдан  бастап  өзіне-өзі  тәжірибе  жасап,  ашығу  ілімімен  үзбей 
шұғылданады.  
2005 жылдан  аудармашылықпен қоса әңгімелер, көпшілікке арналған 
ғылми-кітаптар,  дихандарға,  саяжай  иелеріне  арналған  оқулық  жазумен 
айналысады. 
 
Кітап шығарудың демеушісі: Серік Шалқарұлы Құндызбаев 
 
....................... 
...................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
264 
Мазмұны: 
 
Кітаптың кілті.............................................................................................3 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ашығу кереметі, дәрісіз емделу, толықтар мен арықтарға,   
 
 
жасарудың құпиясы. Ширақ та ұзақ  өмір сүрудің шарты,   
 
 
 
аурусыз ғұмыр сүрудің әдісі. ..................................................................12 
 
 
 
 
 
 
Ой елегінен өткізіп көр  
 
 
 
 
 
 
 
1-
 
Тарау.......................................................................................................12
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өмірден бәрін алу 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен өмірді сүйемін және өмір сүргім келеді 
Зиянды әрекеттер Американдықтарды өлтіруде 
 
 
 
 
 
 
Ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық....................................................14 
Өмір бақытты және көңілді шым – шытырық оқиға болуы мүмкін 
 
2 – 
Тарау.....................................................................................................14 
Ашығу кереметі 
Біздің заманымыздың ұлы жаңалығы......................................................15  
Ашығу біздің өмірлік күшімізді сақтайды 
 
 
 
 
 
Біз уланған әлемде өмір сүреміз 
Ең көп кір аспанда 
Біздің өзен, көлдеріміз қатты ластанған 
Химиялық тозаңмен улану   
 
 
 
 
 
 
 
Кейбіреу білім бұлағынан қанғанынша сусындайды, басқалары  
аузын ғана шайқайды 
Ашығу ағзадан уларды аластатуға көмектеседі 
Жеміс – жидектердегі балауыз біздің денсаулығымызға қауіпті   
 
Біздің тағамымызды жаңа улар жаулап жатыр 
Қарапайым ас тұзы туралы білгеніңіз, сізді өте таңырқатады..............20  
Тұз қан қысымына қалай әсер етеді 
 
Тұздың жетіспеушілігі жайында аңыз....................................................21 
Неліктен сиырларға тұзды көп береді 
 
 
 
 
 
 
Бізге ыссы күндері тұз таблеткасын пайдалануға кеңес береді 
Менің Калифорнияда ажал алқабынан асуым.........................................21 
Тұздың қажетсіздігін дәлелдейтін тағы бір тұжырым  
 
 
 
Адамға қанша тұз керек? 
Ашыққан кезде клеткалардан және тәннен тұзды шығару 
Ашығу – керемет тазалағыш, бірақ аурудың дәрісі емес   
 
 
Әлсіздік қалай түсіндіріледі 
Біз  жаман  әдеттеріміз  үшін  жазаланамыз,  жақсы  үшін  – 
марапатталамыз 
Адамдар еш уақытта өздерінің келеңсіздіктеріне өздерін кінәламайды   
Ғажайып өзіңізде 

 
265 
Сізде жаман әдеттер бар ма? 
Ашығу – табиғи болмыс (инстинкт) 
 
 
 
 
 
 
Ұлы адамдар да ашыққан 
3 – 
Тарау.......................................................................................................27 
Дұшпан біздің ішімізде  
 
 
 
 
 
 
 
Сананы надандық бұлты торлауда 
Өзіңді өлімге неге ерте қиясың 
Қазіргі өмір салтымыз – біртіндеп өзіңді өзің өлтіру 
Қалың маймен майланған табадан   
 
 
 
 
 
 
Қышқылдықты (ацидозды) қалай жеңу керек 
Көк жемістер мен жидектер – табиғи тазалағыштар   
 
 
 
Асқазаныңызда сілтілік әрекет қалыптастырыңыз   
 
 
 
4 – 
Тарау.......................................................................................................32 
Улы қышқылдардың қиыршықтары 
Буындар майланудың орнына цементтелген 
Улы қышқылдар қиыршығы сіздің буындарыңызды цементтеуде 
Біздің ағзамызда улы қышқылдар қиыршығы қалай пайда болады 
Бел ауруы – адамзат қасіреті 
Тазалану үшін ашығу   
 
 
 
 
 
 
 
Өзін өмірге қайтарған мүгедек 
Ашығумен, дене шынықтыру және қатаң мәзір сақтаумен жеткен жеңіс 
5 – 
Тарау.....................................................................................................35 
Ашығу ілімі кеңінен түсіндіріледі   
 
 
 
 
 
 
Ашығу да әлем сияқты көне 
Ашығу сананы оятады 
Пайғамбарлар да ашыққан.........................................................................37 
Қарынның құлы болмаңыз   
 
 
 
 
 
 
 
Өзіңіздің ашығу бағдарламаңызды бүгін жоспарлаңыз 
Егер  ашығыуыңыз  табысты  болсын  десеңіз,  санаңыз  тәніңізді  билеуі 
керек 
Өз тамағыңызды дененің қимылына қарай ішіңіз 
 
 
 
 
Америкада тамақ жеу спорт 
Өз ағзаңызды тазалықта ұстаңыз   
 
 
 
 
 
 
Сіз ашығуға дайынсыз ба?   
 
 
 
 
 
 
 
6 – 
Тарау.....................................................................................................41 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен неліктен тек таза су ішемін 
7 – 
Тарау.....................................................................................................44 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ашығу тәжрибесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қанша ашығу керек?   
 
 
 
 
 
 
 
Неғұрлым жиі ашықсаңыз, соғұрлым ұзақ ашығатын боласыз   
8 – 
Тарау....................................................................................................46 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қандай мерзімдегі ашығу жақсы нәтиже береді? 

 
266 
Мен жақсы тамақ пен салауатты өмірде ұстаған қысқа ашығуға сенемін 
Менің ашығуымның жеке бағдарламасы   
 
 
 
 
 
9  – 
Тарау......................................................................................................47
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
24 сағаттық ашығуды қалай өткізу керек 
Ғажайып мүшелер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Швейцарлық дәрігер – менің құтқарушым 
Өзіңіздің рухани күшіңізді жоғары деңгейде ұстаңыз 
3 – 7 – 
10 тәуліктік ашығуды қалай өткізу керек 
 
 
Ашығу барысында ішектің жұмысына алаңдамаңыз   
 
 
 
10 – 
Тарау...............................................................................................51 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен жылына төрт қабат 7 – 10 тәуліктен ашығамын 
Дәм мен иіс туралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
11 – 
Тарау...................................................................................................53 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7 тәуліктік ашығуды қалай аяқтау керек 
10 тәуліктік ашығуды қалай аяқтау керек 
Тамақ қортудың мінсіз бағдарламасы 
Ет жемейтіндер етті жеуге қарсы   
 
 
 
 
 
 
Менің сүйікті 7 ұстазым 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қашып құтылатын тағамдардың тізімі 
12 – 
Тарау..................................................................................................58 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен ашығу барысында клизмаға қарсымын 
13 – 
Тарау.................................................................................................58 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тіліңіз еш уақытта алдамайды 
14 – 
Тарау................................................................................................60 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тістеніп алып күліңіз 
Жеу үшін өмір сүрмеңіз, өмір сүру үшін жеңіз 
15 – 
Тарау.................................................................................................62 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дұрыс ашығу маңқаға қарсы 
Біздің өркениетті дамыған тамағымыз маңқа тудырады 
 
Ашығу барысында кіші дәретіңізден маңқа табасыз 
Ашығудың көмегімен темекі тартудан, арақ, шәй, кофе ішуден құтылу 
16 – 
Тарау................................................................................................66 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ашығу артық салмақты азайтады 
Артық салмақ – ауыр жүк 
Американдықтардың денсаулықтарын жоятын тағамдар   
 
 
Ашығу арқылы таусылмайтын қуатқа ие боламыз 
Ашығу – бұл жекпе жек 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
267 
17 – 
Тарау..................................................................................................69 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ашығудың көмегімен қалай толуға болады  
18 – 
Тарау...................................................................................................72 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Суық тиіу мен тымауға қарсы 
Табиғатқа сеніңіз  
 
 
 
 
 
 
 
 
19 – 
Тарау...................................................................................................73 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ашығу мезгілсіз қартайтпайды 
Айна ешқашан алдамайды 
20 – 
Тарау..................................................................................................74 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ашығу қан тамырларын жасартады 
Сіздің жас мөлшеріңіз қан тамырларының жағдайымен айқындалады   
21 – 
Тарау..................................................................................................77 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бірінші дәрігер күн сәулесі   
 
 
 
 
 
 
 
Оның мамандығы күн сәулесімен емдеу (гелиотерапия) 
22 – 
Тарау...............................................................................................78 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Екінші дәрігер таза ауа 
Йогтардың терең жайлап дем алу тәжрибесі   
 
 
 
 
Терең дем алу   
 
 
 
 
 
 
 
 
23 – 
Тарау................................................................................................82 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үшінші дәрігер таза су 
Су тамақтан да маңызырақ   
 
 
 
 
 
 
 
Су және ас қорту 
Су және қалдықтар 
Қан және су 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қан салқындықты сақтайды 
Су – майлағыш зат 
Судың үш бастауы 
Ағзаға судың жетпеуі   
 
 
 
 
 
 
 
24 – 
Тарау...................................................................................................85 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Төртінші дәрігер – табиғи тамақтану 
Сіздің ағзаңыз табиғи тамаққа зәру  
 
 
 
 
 
Тамақтың миға әсері   
 
 
 
 
 
 
 
Америкада жастардың көпшілігі науқас 
Біздің  үлкен  адамдардың  тәнінің  және  ақыл  –  ойының  қайғылы 
жағдайы   
25  – 
Тарау....................................................................................................90
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
268 
Бесінші дәрігер – ашығу 
26 – 
Тарау.....................................................................................................91
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алтыншы дәрігер – сана 
Ойлау және денсаулық 
27 – 
Тарау.....................................................................................................93
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жетінші дәрігер – дененің түзулігі 
Қалай дұрыс тұру, жүру және отыру керек 
 
 
 
 
 
28 – 
Тарау...................................................................................................95 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сегізінші дәрігер – дене шынықтыру 
Өмір сүру үшін жүру   
 
 
 
 
 
 
 
Қарын бұлшық еттері үшін жаттығу 
Ашығу барысында дене жаттығуларымен шұғылдануға бола ма? 
29 – 
Тарау...................................................................................................97 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тоғызыншы дәрігер – демалыс 
Өмір қуаныш болу керек 
Өзіңіздегі табиғатқа сезімталдығыңызды дамыта беріңіз   
 
 
Мамыражайлылық – бұл қарапайым 
30  – 
Тарау..................................................................................................100
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Зор денсаулыққа алып келетін тамақтану ілімі 
Сілтілік тағамдар денсаулықты түзейді   
 
 
 
 
 
Табиғи тамақты тепе теңдікте ұстауға тырысыңыз   
 
 
 
Көкөніс пен жемістер – ең сау тағамдар   
 
 
 
 
 
Көкеністер – тазалағыш және қорғағыш   
 
     
Мөлшерлі тамақ мәзірі  
 
 
 
 
 
 
 
 
Мазмұны   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Денсаулықтың 10 қағидасы 
31 – 
Тарау..................................................................................................107 
Табиғат аяуды білмейді 
Қорытынды...............................................................................................108 
 
Р. Оразалиев, Ш. Әбішұлы, Ә. Мұқашбеков. 
Поль Брэггтің ізімен (Кемелді сұрақтар – толымды жауаптар) 

 
 I – 
БӨЛІМ.........................................................................................................109 
Академик  Оразалиевтің  бірінші  толғауы.  Тақырыбы:  Ашығу  бастауын 
қайдан  алған?  Қазақсатанда  ашығумен  емдеу  орталығы  бар  екенін  білуім. 
Ашығумен емдеу орталығын ашқан азамат Шалқар Әбішұлымен танысуым. 
Қазақстандағы  қазіргі  жастардың  денсаулығының  жайы  қалай?  Бізде 
артық 
мүше 
бар 
ма?.......................................................................................................110 

 
269 
 
Академик  Оразалиевтің  екінші  толғауы.  Тақырыбы:  Тұқым  қуалаушылық 
пен  қарымта  аурулары  деген  не?  Адам  ауруға  шалдыққанда  ағза  мүшелері 
қандай  белгілер  береді?  Адам  баласы  басқа  жан  иелеріне  әсер  ете 
ме?.......113 
 
Академик  Рақым  Оразалиевтің  үшінші    толғауы.  Тақырыбы:  Өзімнің 
тамақтану  ережелерім  мен  ашығу  бағдарламам.  Тамақ  ішу  кезіндегі 
сақтайтын  жалпы  ережелер.  Тіліңіз  денсаулығыңыздың  айнасы  екенін 
білесіз бе? 
Науалы ауылының тұрғыны Жұматай Абылханның баяндауы бойынша, әкесі 
қадірменді қария Нұртаза Абылхановтың жас шағында Қытайда тұрғанда, 
Керей арасында бір еркек қойдың етін намысқа тырысып түгел жеп қойып 
«Найманның 
тажалы 
атануы» 
туралы 
әкесінің 
айтқан 
әңгімесі.................................................................................................................116 
 
Қазақстанда  алғаш  рет  ашығумен  емдеу  орталығын  ашқан  азамат,  ақын 
Шалқар  Әбішұлы  мен  академик  Рақым  Алмабекұлының  бірінші    сұхбат 
толғауы.  Тақырыбы:  Табиғаттың  (пәндік,  материалдық  әлемнің)  –  ізгілік, 
құмарлық, надандық байлауларына қалай байланамыз?................................126  
 
Қазақстанда  алғаш  рет  ашығумен  емдеу  орталығын  ашқан  азамат,  ақын 
Шалқар  Әбішұлы  мен  академик  Рақым  Алмабекұлының  екінші  сұхбат 
толғауы.  Тақырыбы:  Сана  деңгейлері  қандай  болады?  Адам  анасының 
жатырында 
қалай 
дамиды? 
.........   
...................................................................131  
 
Шалқар  Әбішұлы  мен  академик  Рахым  Алмабекұлының  үшінші  сұхбат 
толғауы.  Тақырыбы:  академик  Оразалиевтің  қысқаша  өмір  жолдарының 
өткелдері..............................................................................................................135 
Балалық шақ пен есею жылдары.......................................................................137 
Есею  мен кемелдену жылдары..........................................................................141 
Кемелденуден – даналыққа................................................................................158 
ҚОРЫТЫНДЫ:...................................................................................................179 
Орта  Азия  мен  Қазақстанда  тұңғыш  рет  ашығумен  емдеу  орталығын 
ашқан 
Шалқар 
Әбішұлы 
Қыстаубайтегінің 
қортындысы:........................................180  
 
Ресейдің  даңқты  спортшысы  болған,    қояма  қолтық  шайқастан 
(рукопашный  бой),  ережесіз  айқастан  (бой  без  правила),  панкратионнан 
(гректердің  ережесіз  шайқасы)  және  соғыс  самбосынан  –  осы  аталып 
өткен  шайқастардың  төртеуінен  де    халықаралық  дәрежедегі  спорт 
шебері,  бокстан  және  соғыс  самбосынан  Ресей  Федерациясының  спорт 
шебері, соғыс самбосынан және ережесіз шайқастан Қазақстанның спорт 

 
270 
шебері: Ресей әскери әуе – десант күштерінің бұрынғы офицері    Қасабаев 
Саяуыш Өндірханұлының толғауы:.................................................................180 
 
Ашығу  ілімін  ұстайтын  Әсет  Ризаұлының  бірінші  толғауы.  Тақырыбы: 
Рухани надандықтың және бей-берекет өмір сүрудің салдарынан қалай өліп 
қала  жаздадым?  Поль  Брэгг  ілімімен  танысып,  өзімді-өзім  қалай  жазып 
алдым?  2006  жылғы  24  наурыз  бен  13  мамыр  аралығында    50  тәуліктік 
аштық ұстауым..................................................................................................186  
 
Қазақстанда  ашығумен  емдеу  орталығының  негізін  салушы  Шалқар 
Әбішұлы  мен  ашығу  ілімін  ұстанушы  Әсет  Ризаұлының  екінші  сұхбат 
толғауы.  Тақырыбы:  Қазіргі  адамдар  неге  аурушаң?  Гиппократ  қандай 
емдеу  әдістерін  қолданған?  Ашығу  ілімінің  негізін  салған  Поль  Брэгтің 
өмірлік қағидалары. Ашығуды қалай бастау керек? 104-ке келген Саңқайбай 
атамның 
әңгімесі.................................................................................................................191 
 
Қазақстанда  ашығумен  емдеу  орталығының  негізін  салушы  Шалқар 
Әбішұлы  мен  ашығу  ілімін  ұстанушы  Әсет  Ризаұлының  үшінші  сұхбат 
толғауы.  Тақырыбы:  Пәндік  әлемді  қабылдайтын  сезім  мүшелері.  Адамда 
қанша  дене  бар?  Нәзік  денелер  дегеніміз  не?  Ашыққан  уақытта  қалай 
жазылып 
кетеміз? 
Жан 
мен 
рухтың 
айырмашылығы 
неде?.........................................................194 
 
 
 
Академик Рахым Алмабекұлы мен ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлының 
бірінші  сұхбат  толғауы..  Тақырыбы:  Рухани  білім  алуымның  бастауы.  Дін 
дегеніміз 
не? 
Діни 
жанкештілік 
(фанатизм) 
қалай 
пайда 
болады?..............................................................................................................208 
 
Академик Рахым Алмабекұлы мен ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлының 
екінші  сұхбат  толғауы.  Тақырыбы:  Көрінбейтін  әлем  дегеніміз  не? 
Көрінетін әлем қуатты қайдан алады? Көзге көрінбейтін жан иелері. Өзін 
рухани  дамытқысы  келетін  адам  не  істеуі  қажет?  Ғарыштағы  біздің 
алатын  орнымыз  қайда?  Ғарыштық  әлемді  қалай  суреттеуге  болады? 
Өмірде  бақытқа,  табысқа  жету  үшін  не  істеу  керек?  Кеңес  Одағының 
әскери  теңіз  флотында  қазақ  баласынан  тұңғыш  «Щука»  сүңгуір  соғыс 
кемесінің  командирі    болған, 2-ші  рангалы  капитан,  Науалы  балалар  үйінің 
түлегі 
Ахмадиев 
Сабыр 
ағаның 
естеліктері............................................................................................................21

 
Академик Рахым Алмабекұлы мен ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлының 
үшінші сұхбат толғауы. Тақырыбы: Ата-тегім. Менің бала күнгі жағдайым. 
Бала  күнгі  аурушаңдықты  қалай  жеңдім,  Семейге  барып  оқу  оқуым. 

 
271 
Спорттың 
маған 
тигізген 
пайдасы....................................................................223 
 
Қазақстанда  ашығумен  емдеу  орталығының  негізін  салушы  Шалқар 
Әбішұлы  мен  ашығу  ілімін  ұстанушы  Әсет  Ризаұлының  үшінші  сұхбат  
толғауы.  Тақырыбы:      Марқұм  Нұртаза  Абылханов  ақсақалдың  естелігі 
бойынша  айтылған  1932-33  жылдарда  елімізде  болған  ашаршылық. 
«Қарақалпақ  Мамай  бидің  әңгімесі  мен  Қожакелді  мен  Шыңқожа 
батырлардың  әңгімесі».  Адам  кәріліктен  өле  ме?  Біздің  ата  бабаларымыз 
қалай  бір  ғасыр  жасаған?  Найман  бабамызды  неге  90  жасында  қайта 
үйлендірген?  Поль  Брэгг  қалай  95  жасқа  келді?  Бұрынғы  қазақтар  неге 
балаларының атын Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп 
қойған? 
..............................................231 
 
II. ШЕКСІЗ ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ...................................................241 
Алматы  облысы,  Қарасай  ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық 
әкімшілігінің  төрағасы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиевтің  толғауы. 
Тақырыбы:  Ұлттық  Рухани  қараңғылықтан  құтылар  жол  бар  ма?  Біздің 
идеологиямызға, 
дәстүрімізге 
тірек 
бола 
алатын 
ілім 
бар 
ма?.......................241 
 
III. 
ДЕНСАУЛЫҚ КЕРЕК БОЛСА....................................................................255 
Орта  Азия  мен  Қазақстанда  тұңғыш  рет  Шымкент  қаласында  ашығу 
арқылы  емдеу  орталығының  негізін  қалаған    –  ақын,  ҚР  Жазушылар  мен 
Журналистер  одақтарының  мүшесі,  Қазақстанға  еңбегі  сіңген  мәдениет 
қайраткері, Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
272 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Document Outline

  • Өз ағасын ағаламаған, кісі ағасын жағаламайды.  Қазақ мақал-мәтелдері
  • Жапырағы қураған ескі үмітпен
  • Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды
  • Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым!  Абай
  • Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан
  • Басында жоқты бар қылған,
  • Жоқтықты жойып көр қылған.
  • Есепсіз дене жаратып,
  • Еріксіз жиып нәр қылған
  • Сұрақ: – Көрінетін әлем қуатты қайдан алады?
    • Жауап: – Әсет Ризаұлы, өзіңіз жақсы білесіз қазіргі кездегі ұлттық дәстүрдің құлдырау шағында әркімге де бақытты өмір жолынан адастырмайтын тұрақты нысана керек. Біз ол нысананы Абай және басқа ғұлама ағаларымыздың ілімінен таба аламыз. Бұл туралы пре...
    • "...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ ...
    • Осының барлығы да бүгінгі рухани құлдырау заманында халқымыздың салауатты өмір жолына түсіп, өркендеуі үшін зор маңызы бар дүниелер. Абай мұрасын елдегі саяси-әлеуметтік, экономикалық және басқа да шиеленісіп жатқан көптеген мәселелердің себеп-салдары...
  • Абай жеке адамдар ғана емес, бүкiл адамзат қоғамы дұрыс жетiлуі үшiн болмыс заңдылықтарын жақсы түсiнiп, оларды бұлжытпай орындауы керек екенiн бiлдiредi. Адамзат қоғамында ол заңдылықтар  жүйеленiп, көбiнесе  түрлi реттегiш принциптер, тәртiптер ретi...
  • Жетілу жолындағы адам Құдайдың Өзіне сенiп, Оның сансыз көп қуаттарына  сенiп, не болмаса олардың кәрiнен қорқады. Имандылық кімге болса да адамгершiлiгін жоймай, дұрыс өмір сүруіне мүмкіндік береді. Санасы жоғары адамдардың өмірі өздерінің ішкі дүние...
  • Реттегіш тәртіптерге имандылық қана емес, басқа да жүйелер жатады. Халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері,  де реттегіш тәртіп бола алды. Мысалы, Кеңес дәуiрiнде үкiмет орнатқан темiрдей қатты тәртiптiң арқасында ұрлық-қарлық, жұмысқа шықпай ...
  • Халықтың ұлттық дәстүрін бұзу қоғамға қарсы әрекет деген сөз. Сондықтан олар қатты жазалануы керек. Бұрын бейберекет, қалай болса солай өмір сүрiп жүрген адамға өзін дұрыс жолға салу үшін өнеге керек. Сондықтан ол рухани жетілген, имандылығы жоғары кi...
  • Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ

Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет