Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға


II. ШЕКСІЗ ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

II. ШЕКСІЗ ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ 
Алматы  облысы,  Қарасай  ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық 
әкімшілігінің  төрағасы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиевтің  толғауы. 
Тақырыбы: Ұлттық Рухани қараңғылықтан құтылар жол бар ма? Біздің 
идеологиямызға, дәстүрімізге тірек бола алатын ілім бар ма? 
 
Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиев – өзінің жасынан жас көрінетін 60-ты 
алқымдаған, әр сөзін ойланып барып айтатын – тұлғалы, келісті жігіт ағасы. 
Түр-тұлғасының  өзі-ақ  салауатты  өмір  салтын  ұстанатын  азамат  екенін 
айшықтап  тұрғандай,  іс-қимылы    байыпты  да  байсалды.  Сымбатты    денесі 
мен бет әлпетінен ішкі рухани қуат пен байлыққа толы  екенін бірден сезесіз.  
Қайратты  қысқа  қырқылған  қара  шашы,  парасатты  қара  торы  өңіне  ерекше 
жігер  берсе,  шуақ  шашқан  жылы  жанарында  адамды  өзіне  баурап  алатын 
ерекше  қасиеті  бар.  Ә,  деп  сөйлескеннен-ақ  осы  адам  өзіңізді  бұрыннан 
білетіндей  ішкі  сырыңызды,  мұң-мұқтажыңды  айтқызбай-ақ  біліп 

 
242 
отырғанына  таң  қалмасқа  шараңыз  қалмайды  және  қабылдауынан  кейін 
алдынан разы болып шығуыңыз бір бөлек. 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  өзіңіз  осы  басшылық  қызметте  ұзақ 
жылдар бойы жемісті жұмыс атқарып келе жатырсыз, ел басқару үшін басшы 
адамда қандай қасиеттер, ерекшеліктер болу қажет? 
 
Жауап:  –  Әсет  бауырым,  сен  өте  күрделі  де  мағыналы  сұрақ  қойып 
отырсың. Басшылық туралы талай оқулықта мен кітаптар да жазылған, әлі де 
жазылып жатыр. Осының жауабын мен Абай атамыздан тапқан сияқтымын: 
 
 
 
 
 
Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек? 
 
 
 
 
Жұрты сүйген нәрсені ол да сүймек. 
 
 
 
 
Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып, 
 
 
 
 
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек. 
 
 
 
 
 
Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір, 
 
 
 
 
Сүйтсе де ірісімен кеңесіп жүр. 
 
 
 
 
Кейбірін хауіптендір, мінін тауып, 
 
 
 
 
Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір. 
 
 
 
 
 
Көрінбе ел көзіне әсте қорқақ, 
 
 
 
 
Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ, 
 
 
 
 
Анда-санда құтырған жаман емес, 
 
 
 
 
Оныңды жиі қылмай және бол сақ. 
 
 
 
 
 
Кісімсі қайда жүрсең олжаға тоқ, 
 
 
 
 
Шоқыма халық көзінше қарғаша боқ. 
 
 
 
 
Жұрт – жас бала, ешнәрсесін тартып алма, 
 
 
 
 
Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ. 
 
 
 
 
 
Жат елге жадағайда сөйле шәргез, 
 
 
 
 
Тар жерде тайпалудан танба әр кез. 
 
 
 
 
Жатты жау деп еліңді үрпитіп ап, 
 
 
 
 
Жауға жабдық деп жиып, пайда қыл тез. 
 
Әсет бауырым, менің сұрағыңа берер жауабым осы, осыдан артық жауап та 
болмас деп ойлаймын.  Ұлы  Абай  атамыз  өмірдің  бар  сұрақтарына  жауап 
беріп кеткен ғой, тек қана ұғынар жүрек, тыңдар құлақ болса болғаны. 
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы,  рухани қараңғылықтан құтылар жол бар 
ма?  Қазір және келешекте біздің ұлттық идеологиямызға, дәстүрімізге тірек 
болатын ілім бар ма? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  өзіңіз  жақсы  білесіз  қазіргі  кездегі  ұлттық  дәстүрдің 
құлдырау  шағында  әркімге  де  бақытты  өмір  жолынан  адастырмайтын  тұрақты 
нысана  керек.  Біз  ол  нысананы  Абай  және  басқа  ғұлама  ағаларымыздың  ілімінен  таба 
аламыз.  Бұл  туралы  президентіміз  Н.Ә  Назарбаевтың  ұлы  ақынның  1995  жылы  болып 
өткен  150  жылдық  мерейтойында  сөйлеген  сөзінде  айтқан  мына  салихалы  ойы  кімге 
болса да бағыт бергендей болады:  

 
243 
"...Абай  әлемі  бізді  жеті  түнде  адастырмас  темірқазық  іспетті.  Соған  қарап 
тірлігіміздің  дұрыс-бұрысын  сараптай  аламыз.  Өйткені,  жанды  жегідей  жеп  жүрген  көп 
сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын 
баяғыда-ақ  жөнге  салып  алуға  болатын  еді.  Сорлатқанда  біреудің  уақыты  жетпейді, 
біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ.  
...Қазіргідей  заманда  Абай  жырларына  айына  емес,  аптасына  емес, 
күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де 
бәріне  жауап  таба  аласың."  Бұл  сөздер  әрбір  адамның  дұрыс  жетілуіне 
кепіл  болатын,  қоғам  өмірінде  басшылыққа  алатын  бағдарламалық  ойлар 
тәрізді.  
Әр  елдің  өз  ұлы  адамдары  болады.  Оларды  кезінде  дұрыс  танып, 
олардың  қалдырған  мұраларын  халықтың  игілігіне  қолдана  білген  елдер 
заманның  қандай  шырғалаңынан  да  еркін  шығып    отырады.  Мысалға  бір 
ғана елді, көршіміз Қытайды алайық. Конфуций мұрасын қытай халқы өзінің 
рухани  өмірінің  күре  тамырына  айналдыра  білген.  Ұлы  ойшыл  осыдан  екі 
жарым мың жылдай бұрын өмір сүрсе де қытай халқы оның жазғандарын 
әлі күнге дейін өздерінің күнделікті өмірлерінің кодексі ретінде пайдаланады. 
Елдің  барлық  саяси-әлеуметтік  өзгерістерінде  де  ұлы  Конфуцийдің  ілімі 
ешбір  мұқалмайды,  қайта  сол  саяси  өмірдің  іргетасына  айналып,  жаңаша 
құбылып  отырады.  Оның  нәтижесін  осы  күнгі  Қытай  елінің  қарқындап 
өркендеу  екпінінен  де  көріп  отырмыз.  Қытай  халқына  ұлы  Конфуций  жол 
көрсететін  шамшырағы  болса,  ал  бізге  –  ұлы  Абай  бабамыз  сондай 
шамшырақ болуға лайық.  
Осының  барлығы  да  бүгінгі  рухани  құлдырау  заманында  халқымыздың  салауатты 
өмір жолына түсіп, өркендеуі үшін зор маңызы бар дүниелер. Абай мұрасын елдегі саяси-
әлеуметтік, экономикалық және басқа да шиеленісіп жатқан көптеген мәселелердің себеп-
салдарын  табуға,  қоғамдағы  болып  жатқан  шым-шытырық,  бір  қарағанда  түсіну  қиын 
құбылыстардың заңдылықтарын анықтау үшін қолдансақ та құба құп.. Осылайша бүгінгі 
өміріміздегі  қиындықтар  мен  шырғалаңдардың  себептерін,  оларды  шешу  жолдары  мен 
бағытын анықтауға мүмкіндік туады. Сөйтіп, ұлы ойшылдың рухани дүниесін толығырақ 
ашу  арқылы  оны  адамның  күнделікті  өмірдегі  тірегі  ғана  емес,  сонымен  бірге  еліміздің 
алдағы стратегиялық болашағын анықтау құралына айналдыру бүгінгі заман талабы болса 
керек. 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  имандылық  дегеніміз  не,  оған  қандай 
адамдар, қалай келеді? Имандылықтың реттегіш тәртіптері қандай? 
 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  сенің  қойған  сұрақтарыңа  тағы  да  Абай 
атамыздың іліміне сүйене отырып: Имандылыққа төрт түрлi адамдар келедi. 
Бiрiншiсi,  өмірдiң  қайғы-қасіретінен  құтылу  үшін  келгендер.  Бұлардың 
жүректерi өмірдiң зардабымен бiртiндеп тазарған. Сөйтіп, олар имандылыққа 
жетті.  
Абай жеке адамдар ғана емес, бүкiл адамзат қоғамы дұрыс жетiлуі үшiн 
болмыс  заңдылықтарын  жақсы  түсiнiп,  оларды  бұлжытпай  орындауы  керек 
екенiн  бiлдiредi.  Адамзат  қоғамында  ол  заңдылықтар    жүйеленiп,  көбiнесе  
түрлi  реттегiш  принциптер,  тәртiптер  ретiнде  қалыптасады.  Ол  тәртiптер 
толық орындалмай,  немесе мүлдем  ұмытылған кезде қоғам өмірi жетiлмек 
тұра  тұрсын,  керiсiнше,  құлдырау  жолына  түседi.  Сол  кезде  материалдық 

 
244 
әлемнiң  ақ-қара,  суық-жылы,  жақсылық-жамандық,  бақыт-зардап  тәрiздi, 
тағы  сол  сияқты  екiұдайылық  қасиеттерi  адамға  үлкен  сынақ  әкеледi. 
Бұлардың табиғи құбылыс екенi туралы Абай жиырма сегiзiншi қара сөзiнде 
көрсетеді.  Адамның  жақсылық,  не  болмаса  жамандық  көруi  өзiнiң    болмыс 
заңдылықтарын  дұрыс  ұғып,    дұрыс    орындауына,  яғни  имандылығына 
байланысты. Адамның әділет заңдылығы бойынша көретін көрешегіне Құдай 
араласпайды.  Егер  пенденiң  жүрегi  ояу,  имандылығы  жоғары  болып, 
нәпсiсiнiң  құлы  болмай,  сезiмдерiн  белгiлi  бiр  бағытта  тежеу  арқылы  өмір 
тәртiптерiн бұзбай,  дұрыс іс-әрекет жасайтын болса, оның тағдыры да солай 
айқын,  бақытты  болады.  Ал  керiсiнше,  тойымсыз  сезiмдерiнiң  ырқына 
берiлiп,  тек  қана  өз  құлқынының  құлы  болып,  басқалардың  керегiн  аяққа 
басып,  оларға  қасiрет  әкелетiн  болса,    соған  байланысты  ерте  ме,    кеш  пе 
азапты  тартады.  Табиғаттың  бұлжымас  әділет  заңы  бойынша  "Не  ексең  – 
соны  орасың"  деген  осы.  Өмірдегi  барлық  зардаптың  себебi,  мiне,  осында. 
Бiрақ  бұл  да  Жаратушының  адамға  деген  бір  мейiрiмдiлiгi.  Ауыртпалық 
адамды  ойға  қалдырып,  оның  ой-өрісін  тазартып,  имандылыққа  келудi 
жеңiлдетедi. Бiрақ бұл имандылықа келудің ауыр және ұзақ жолы. Данышпан 
осылайша  Тәңiрi  өзiнiң  пенделерiн  бiртiндеп  үйретiп,  дұрыс  жолға  салып, 
өмір  мақсатына  жетуге  көмектеседi  деген  ой  тастайды.  Бұның  өзi  бұл 
өмірдегi жақсылық та, жамандық та адамның пайдасы үшiн  деген қағидамен 
үндесiп жатыр. 
Имандылыққа  келетiндердiң  екiншiсi  –  дәулет    iздегендер.  Мысалы, 
бүгiнгi кәсiпкер бiр үлкен iстiң алдында өзiнiң жолы болуын Құдай тағаладан 
бiр рет жалбарына сұрауы мүмкiн. Егер, Құдай тағаланың пейілі түссе, оның 
мақсаты  орындалады.  Бұдан  үмiтi  оянған  кәсiпкер  екiншi,  үшiншi  рет 
жалбарынады  және  оның  нәтижесiн  көредi.  Сөйтiп,  ол  ешнәрсенiң  себепсiз 
болмайтынына  көзi  жетiп,  әр  iсiнде  де  жолы  болуын  сұрап,  Жаратушыға 
бетiн  бұратын  болады.  Осылай  ол  имандылыққа  жетедi.  Ол  Жаратушыға 
жетістік үшiн жалбарынады.  
Үшiншiсi, өмірдiң сыр-құпияларын тереңдеп бiлгiсi келетiн бiлiмпаздар. 
Ғалымдардың  кейбiреулерi  табиғат  заңдылықтарын  зерттей  келiп,  бүкiл 
болмыстың  жалпы  заңдылықтары  барына  көзi  жетiп,  оның  себебiн  iздейдi. 
Бұл  ізденіс  барлық  себептердiң  бiр  себебi  барын  түсініп,  сенген  адамды 
имандылыққа жеткiзедi.  
Төртiншiсi,  Абсолюттiк  Ақиқатты  iздегендер.  Бұлар  болмыстың  түпкі 
мақсатына  ұмтылып,  Алла  тағаланың  Өзін  іздеп  ең  жоғарғы  ләззатқа 
ұмтылғандар.  Бұлар  –  рухани  жолға  түскендердiң  ең  жоғарғылары.  Үлкен 
талап,  шын  ниетiмен  талпынған  адамға  өмірдiң  түпкi  мақсатына  жетуге 
мүмкіндік бар.  
Жетілу  жолындағы  адам  Құдайдың  Өзіне  сенiп,  Оның  сансыз  көп 
қуаттарына  сенiп, не болмаса олардың кәрiнен қорқады. Имандылық кімге 
болса  да  адамгершiлiгін  жоймай,  дұрыс  өмір  сүруіне  мүмкіндік  береді. 
Санасы  жоғары  адамдардың  өмірі  өздерінің  ішкі  дүниесімен  басқарылып, 
олар  ұят  сезімін  аяққа  баспайды.  Ал  санасы  төмен  болып  ұят  сезімдері 
өздерін басқара алмайтындарға дұрыс өмір сүру үшін басқа тәртіптер керек. 

 
245 
Оларға жасаған қателіктері үшін соған сәйкес жазаларын беріп, табиғаттың 
әділет заңы барын сездіріп, бойларына сіңіру керек. Жазадан қорқу оларды 
өздерінің  адамгершiлiк  қасиеттерiн  сақтап,  табиғи  мiндеттерiн  орындауға 
мәжбүр  етедi.  "Ғылым-білімді  әуел  бастан  бала  өзі  ізденіп  таппайды. 
Басында  зорлықпенен  яки  алдауменен  үйір  қылу  керек,  үйрене  келе  өзі 
іздегендей  болғанша.  Қашан  бір  бала  ғылым,  білімді  махаббатпенен 
көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады". – деп жазады Абай отыз 
сегізінші сөзінде. Діннің де "Жақсылығың үшін – жұмақ, жамандығың үшін – 
тозақ" деген қағидасы осы принципке негізделген болса керек.  
Реттегіш  тәртіптерге  имандылық  қана  емес,  басқа  да  жүйелер  жатады. 
Халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері,  де реттегіш тәртіп бола 
алды.  Мысалы,  Кеңес  дәуiрiнде  үкiмет  орнатқан  темiрдей  қатты  тәртiптiң 
арқасында  ұрлық-қарлық,  жұмысқа  шықпай  қалу  сияқты  қоғамға  зиянды 
әрекеттер  қатты  жазаланып  отырғандықтан,  әркiм  өзiнiң  мiндетiн  дұрыс 
орындауға ұмтылды. Соның нәтижесiнде алғашқы тәртiптiң әлi босаңсымай 
тұрған  шағында  Кеңес  елі  жақсы  жетiлiп,  тiптi  алдыңғы  қатарлы 
капиталистiк елдермен үзеңгі қағыстырды емес пе?!  
Халықтың  ұлттық  дәстүрін  бұзу  қоғамға  қарсы  әрекет  деген  сөз. 
Сондықтан  олар  қатты  жазалануы  керек.  Бұрын  бейберекет,  қалай  болса 
солай  өмір  сүрiп  жүрген  адамға  өзін  дұрыс  жолға  салу  үшін  өнеге  керек. 
Сондықтан ол рухани жетілген, имандылығы жоғары кiсi іздеп, немесе өзіне 
жақсы қоғам іздеуі керек. Бұл оның дұрыс жолға түсуін жеңілдетеді. Сонда 
ол  түзелейiн  деп  түзелмейдi,  жақсы  адамды  ренжiтуден,  қоршаған  ортаның 
тәртiбiн бұзудан қорыққандықтан, не болмаса оны сыйлағандықтан түзеледi. 
Сондықтан  пенде  адам  болуы  үшiн  не  Құдайдан,  не  болмаса  Оның 
қуаттарынан,  қала  берді  бұзуға  болмайтын  әділет  заңдылығынан  қорқуы 
керек. Адам санасының төменгi деңгейінде басқа қозғаушы күш жоқ. Мұны 
бүгiнгi  заман  өзгерiстерiнен  көрiп  отырмыз.  Демократия  орнап,  жазалау 
қаупi  төмендегеннен  кейiн  ұрлық-қарлық,  зинақорлық,  пара  алушылық, 
қызмет  бабын  пайдаланушылық,  сыбайластық,  коррупция,  жұмыстан 
қашушылық  тәрiздi  қоғамға  зиянды  әділетсіздіктердің  бетке  шығуы  – 
осының көрiнiстерi. Бұлар – Абайдың "Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық – 
аздырар адам баласын" деген данышпандық сөзінің дәлелі.  
Имандылыққа  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинаған  әдет-ғұрып,  салт-
сана  болып  қалыптасқан  тәжірибелеріне  қоса  ұлттық  психология,  әдептік 
нормалары,  халықтың  түрлі  наным-танымдары  жататыны  белгілі.  Бұлар  да 
түрлі  реттегіш  тәртіптерді  құрайды.  Оларға,  айталық,  үлкен  кісінің  жолын 
кесіп  өтпе,  ата-анаңа  қатты  сөйлеме,  нанды  аяққа  баспа,  ақты  төкпе,  гүлді 
жұлма,  малды  басқа  ұрма,  құстың  ұясын  бұзба,  "жоқ"  деп    айтпа,  адамға 
қарап түкірме, кешке қарай көңіл сұрама, бейуақытта жылама, үйде ысқырма, 
пышақты  шалқасынан  қойма,  біреуге  қару  кеземе,  таңдайыңды  қақпа, 
бөрігіңді  теріс  қаратып  киме,  мойныңа  белбеу  салма,  отпен  ойнама,  екі 
езуіңді  керме,  пышақтың  жүзін  жалама,  адамды  саусақпен  санама,  тісіңді 
шұқыма,  күлді  шашпа,  суға  дәрет  сындырма,  шелектегі  суға  аузыңды 
батырма,  шашты  аяқ  астына  тастама,  құдыққа  түкірме,  киімнің  жағасын 

 
246 
баспа тәрізді тәртіптер жатады. Мұхтар Шахановтың пайымдауына қарағанда 
қазақта  мұндай  сөздер  240-тан  асады.  Бұлардың  кейбіреулерінің  түпкі  мәні 
бірден  түсінікті  бола  бермеуі  де  мүмкін.  Себебі  бұл  заңдылықтар  адамның 
психологиясымен,  дүниенің  көрінбейтін  нәзік  сырларымен  байланысты 
көрсетеді.  Көкірек  көзі  ашық  адамдар  бұлардың  барлығын  түсіндіріп  бере 
алады.  Ал  қарапайым  адамдарға  олардың  кейбіреулерін  түсінбесе  де 
мүлтіксіз  орындағандары  абзал.  Сонда  ол  табиғаттың  көптеген 
кесапаттарынан аулақ болады.  
Реттегіш  тәртіптердің  басты  қайнар  көзі  –  дін.  Адам    өмірiн  реттейтiн 
тәртiптер исламиятта молынан берiлген. Діни салт дәстүрден басқа, олардың 
ең қарапайым түрлерi:  адамның мiндеттi түрде отбасылы болуы, сәби сүюi, 
еркек баласы болуы, үй салуы және тағы сол сияқтылар.  Мiне осылар сияқты 
тағы    да    көптеген    реттегiш    тәртiптердi  бұлжытпай  ұстану  бүкiл  қоғам 
өмірiнiң жүйелi дамуының кепiлi болып табылады. 
Адам өмірiн реттейтiн тәртiптер руханиятқа салынған соқпақ тәрiздi, яғни 
имандылықтың  алғашқы  шарты.  Имандылығы  төмен  қоғамдарда  бұл  
принциптер  моральдық-этикалық  өлшемдермен,  қарабайыр  түрлі  кодекс 
жазбалармен  реттеледi.  Қасиеттi жазбаларда берiлген реттегiш тәртiптердiң 
сыртқы  мәнiнен  басқа,  адам  көзiнен  сырт  қалатын  iшкi    мәнi    де  болады.  
Оны толық түсiну көбiнесе оңайға түспейдi. Сондықтан реттегiш принциптер 
көп талқыға салынбай мүлтiксiз  орындалғанда ғана толық нәтижесiн бередi.  
Адамның,  тiптi  бүкiл  қоғамның  жетiлуi  осы  реттегiш  тәртiптердi  орындау 
дәрежесiне  тәуелді. 
Реттегiш  тәртiптер  адамның  сезiмдерiн  ауыздықтап,  нәпсiге  жол 
бермеуiне,    жарамсыз  iстерден  қорғап,    сабырлы    болуға  үйретедi.    Сөйтiп 
адамның iшкi дүниесiнiң бiртiндеп тазаруы барысында көкiрек көзi  ашылып, 
жанының оянуына жағдай туады. 
     
Реттегiш  тәртiптердi  –  адамның  дамуына  септесетін  және  оған  бөгет 
болатын  –  деп  екiге  бөлуге  болады.  Көмектесетiн  реттегiш  тәртiптерге 
имандылықтың  тiрегi  болып  табылатын  төрт  принцип  жатады.  Олар:  iшкi 
және сыртқы тазалық; аскеттiк  немесе  тақуалық (жоғары мақсат үшiн өзiне 
ыңғайлы жағдайлардан бас тарту); қайырымдылық және шыншылдық. Бұлар 
адамның  материалдық    және    рухани  жетiлуiнiң  барлық  нормаларын 
қамтиды.    Адамның  да,  қоғамның  да  жетiлу  дәрежесi  осы  төртеуiнiң  таза 
ұсталуына байланысты. Себебi, бұлар адамның iшкi және сыртқы болмысын 
тәрбиелеуге арналған.  
    
Жетiлуге бөгет болатын тәртiптер: арақ-шарап, нашақорлық тағы басқадай 
адамның жүйкесiн қоздыратын нәрселердi қолдану; зинақорлық; харам тамақ 
iшу;  қарта  сияқты  құмарлықты  қоздыратын    ойындар.  Бұлардың  адамның 
сыртқы  және  iшкi  жан  дүниелерiн  кiрлетiп,    тоздырғаннан,    адамды 
аздырғаннан  басқа  пайдасы жоқ. 
 
 
Өмірдің мақсаты танып-білу емес, іс әрекет. Т.Г. Гексли 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  табысқа  жету  дегенімізді  қалай 
түсіндірер едіңіз? 

 
247 
 
Жауап:  –  Мен  үшін  табысқа  жету  –  алдыңа  қойған  мақсатқа  қарай 
үздіксіз  жылжи  беру.  Табыс  –  әлеуметтік,  рухани,  психологиялық, 
молшылық,  өреңнің  дамуларын  үздіксіз  арттыра  отырып  жалпы  қоғамның 
дамуына өзіңдік үлесіңді қосу. 
 
Табыс – соңғы аялдама емес, қарқынды түрдегі қозғалыс.   
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  табысқа  жетудің  өзіңіз  қолданып 
жүрген ережелерін оқырмандарымызға айта кетсеңіз? 
 
Жауап:  –  Өзім  өмірден  түйген  кейбір  ережелерім  бар,  олар 
төмендегідей: 
1.
 
Егер  біз  ойымызды  бағындыра  алсақ,  онда  өз  тағдырымыздың 
бағытын, беталысын өзіміз қалаған жаққа бағыттай аламыз. Бір сөзбен 
айтқанда болашақта қандай әлемде өмір сүретінімізді, өзіміздің тұрмыс 
жағдайымызды  өзгертуімізге  әсер  ете  аламыз,  қалауымызша  жасай 
аламыз. 
2.
 
Біз өміріміздің басым бөлігін басқаларға ұқсауға тырысып жоғалтамыз. 
3.
 
Бұлыңғыр  болашақтағы  белгісіздіктің  алдындағы  қорқыныш  – 
адамдардың белгілі шешім қабылдауын кешіктіріп бөгет жасайды. 
4.
 
Өмірде  жетістікке,  табысқа  жету  адамның  тыныс  алуы  сияқты  туа 
біткен қасиет. 
5.
 
Табыс,  жетістік  дегеніміз  –  өзің  алдыңа  қойған  мақсаттарыңның 
тұрақты  түрде  орындалуы  және  осы  бағытта  тоқтап  қалмай  алдыға 
жылжи беруің. 
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, үнемі зердеңе тоқып алатын адамның 
қандай ерекшеліктері бар? 
Жауап: – Төмендегі шарттарды есіңе сақтап ал: 
1.
 
Қазіргі  өмір  сүріп  жатқан  пенделердің  ең  бастысы  –  өзіңсің.  Өзіңнің 
шексіз  мүмкіншілігіңе  сен,  бұл  сенің  ұлы  жетістіктеріңе  бастаған 
бірінші қадамың. 
2.
 
Саған  қандай  қабілет  дарыса  да,  ең  алдымен  өзіңе  ұнайтын  шешім 
қабылда да, осыны іс жүзіне асыр. 
3.
 
Жұмыстың  өзің  айналысқаны  нәтижесін  береді,  оны  ары  дамытпасаң 
кері кетеді. Өзіңнің туа біткен қабілетіңді көрсете, жетілдіре, пайдалана 
біл. 
4.
 
Өзіңдегі  бар  кілтпен  керекті  есікті  аша  білсең,  кім  болмасын  өмірде 
молшылыққа жетеді. 
5.
 
Надандық  көгертпейді,  білімнің  зияны  жоқ.  Тәуекелге  бар,  сонда 
өзіңнің ойлау қабілетіңнің деңгейін мөлшерлейсің. 
 
Өмірде  табысты  болу  үшін  адамдармен  қарым-қатынас  жасай  білу 
талантты болудан әлдеқайда маңыздырақ.   
 
 
 
Леббок 
 
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, өзіңді тану, бақылау дегенімізді қалай 
түсінесіз? 
 
Жауап:  –  Өзіңді  силаудың  негізінде,  өз-өзіңді  бақылау  жатыр,  өзіңді 
тану – өзіңді бақылаудан басталады. Адамды істеген ісінен білесің. Көптеген 

 
248 
адамдардың  табысқа  жетпеуінің  себебі,  өзі  туралы  өте  төмен  пікірде, 
қабілетім жоқ деп есептейді. Бұл алған тәрбиенің нәтижесі, себебі сәби, бала 
күнінен ананы істеме, мынаны істеме деп өзін силауды ұмыттырып жіберген. 
Ол өзін-өзі бағалай алмайды. Біздің қоғамда жалпы мораль өзін-өзі силаған, 
сүйген адамды жазғырады, сондықтан да сіз туралы басқа адамдардың теріс 
пікірін өзіңіз жоққа шығарған уақытта табыс келеді. 
 
Өзіңді  өзіңе  елестету  үш  құрамдас  бөліктен  тұрады:  бірінші  өзіңді 
қалай  көргің  келетінінен  немесе  өзіңіздің  арманыңыз,  екіншіден  қазіргі 
сәттегі  нақтылы  қалпыңыз,  үшіншіден  өзіңді-өзің  силаудан  немесе  өзің 
туралы  өзіңе  берген  жоғарғы  бағаң.  Сіздің  өзіңізді  қалай  көргіңіз  келетін 
арманыңыз сізді жеңіске, табысқа әкелуі мүмкін. Біз өмір сүретін орта белгілі 
ретпен құрылған емес. Біз өз тағдырымызды өзіміз өзгерте аламыз. Біз өмірде 
қай бағытпен жүрсек те өз еркіміз. 
 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  адам  неге  азып-тозып  құлдырайды, 
себебі неде? 
Жауап: – Адамның құлдырауы жүрегінің былғануынан басталады. Жүрегі 
таза  емес  адам  өзінің  табиғи  міндеттерін  дұрыс  орындамайды.  Сөйтіп 
жалқаулыққа ұрынады. Бұл оны енжар, салғырттыққа итермелейді. Әрі қарай 
жарамсыз  қылықтар  пайда  бола  бастайды.  Сөйтіп  ол  алдау-арбау,  өтіріктен 
тірек табуға ұмтылады. Бұл оны имандылықтан ада қылады. Әрі қарай оның 
құлдырауы  ұлғайып,  ақыры  оны  ажалға  әкеледі.  Осылай  бейберекет  өмір 
надан,  әрі  қысқа,  бейнеті  көп  болады.  Ал  жоғары  санадағы  рухани  өмір 
керісінше, білімге толы, қуанышы көп және ұзақ болады. Адамның құлдырау 
жолына түсу себебін Абай былай деп көрсетедi: 
 
Танымассың, көрмессiң, 
Қаптаған соң көздi шел. 
 
 
("Сәулең болса кеудеңде", 1888 ж.) 
  
 
           
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ 
            
Ең болмаса кеттiң ғой мал баға алмай, – 
                       
 
 
("Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын", 1895 ж.) 
 
деп  маңдайының  соры  бес  елi  бейшараларға  жаны  ашып,  оларды    дұрыс 
жолға    салуға    ұмтылады.  Оларды  адасқан  адаммен  салыстыруға  болады. 
Егер  адасқан  адам  өзiнiң  адасқанын  бiлсе,  ол    одан  шығатын  жол  табуға 
ұмтылар  едi.  Ал  жол  табуға  ұмтылып,  iзденiске  түскен  адам  дегеніне  жете 
алады. Сондықтан бұл туралы Абай "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ" 
дейдi.  Осыны  жақсы  түсiнген  ойшыл  елдiң  "көзiн  қойып,  көңілiн  ашпақ" 
болды. Ол халықты имандылыққа шақырып, өмірдiң түпкi мәнiн, оған жету 
жолын көрсетедi. 
 

 
249 
 
 
 
 
Сәулең болса кеудеңде, 
 
 
 
 
Мына сөзге көңіл бөл, –  
Егер сәулең болмаса, 
Мейлiң тiрiл, мейлiң өл. 
("Сәулең болса кеудеңде", 1888 ж.) 
 
Мәселе сонда, ретсiз бейберекет өмір сүретiн адамдар өздерiнiң өмірiн бiр 
қалыпқа  салатын  ешқандай    реттегiш  тәртiптердi  ұстанбайды,  сондықтан 
өздерiне  тән  мiндеттердi  де  дұрыс  орындамайды.  Сөйтiп  отбасында  әке, 
шеше, бала табиғи міндеттерін, ал қоғамда әр адам өз қызметiне байланысты  
мiндеттердi  толық  атқармайды. Ал бұл жеке адамның да, бүкiл қоғамның да 
дамуына орасан зор зиянын тигiзеді.  
Көкіректе  сәуле,  көңілде  сенім  жоқ  адамдарда  iшкi,  сыртқы  тазалық  та, 
әдептi мiнез де, шындық та болмайды. Олар тек қана өз қарабасының қамын 
ойлап,  өз  құлқынын  ғана  ойлағандықтан  адамгершiлiк  талаптарын  да  жиi 
аяққа басады. Аз iстеп, көп алуға ұмтылып, жалқаулыққа, мөлшерден артық 
ұйқы  мен  тамақ  жеуге  салынады.  Абай  өзiнiң  үшiншi  қара  сөзiнде  оларды 
былайша  сипаттайды:  "Һамма  ғаламға  белгiлi  данышпандар  әлдеқашан  
байқаған:  әрбiр жалқау кiсi қорқақ, қайратсыз тартады; әрбiр  қайратсыз, 
қорқақ мақтаншақ келедi; әрбiр мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келедi; 
әрбiр  ақылсыз  надан  арсыз  келедi;  әрбiр  арсыз  жалқаудан  сұрамсақ,  өзi 
тойымсыз, өнерсiз, ешкiмге достығы жоқ жандар шығады". Санасы төменгi 
сатыда тұрған адамдардың қасиеттерiн бұдан шебер суреттеудiң өзi мүмкiн 
болмас, сiрә.  
"Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, 
пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте 
ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал." Жөнге салу Абайға емес, ең әуелі көптің 
өзіне  керек.  Данышпанның  сөзінше    шын  сыннан  жүрекке  қайрат  бiтiп,  ол 
ұйықтаған  ойды  түртедi.  Осылай  ақынның  өз  жұртын  сынағаны  жек 
көргендiктен  емес,  керiсiнше  оған  қамқорлық  көрсетіп,  дұрыс  жол  сiлтеу 
үшiн жасағаны ұғынықты болса керек. Ал өз халқын ақынның қандай жақсы 
көрiп,    ол  үшiн  қандай  қам  жейтiнiн,  "Қалың  елiм,  қазағым,  қайран 
жұртым!" деген тебiренiсiнен-ақ  жақсы бiлемiз. 
"Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды – Әдеті надан адамның" – дейді 
Абай.  Бұл  туралы  Абайдың  өзі  "Масғұт"  поэмасында  суреттейді.  Поэмада 
халифаның уәзірі Масғұтқа түнде түсінде Қыдыр ата аян береді: 
 
– 
Ей, балам, пәлен күні жауын жауар, 
Сол жауынның суында кесапат бар: 
Жеті күн жынды болар суын ішкен,  
Жеті күн өткеннен соң және оңалар. 
 
Осыны  естіген  соң  халифа  мен  уәзір  өздеріне  жетер  суды  алдын  ала 
құйып алады. Ал көпшіліктің ақылы ауады. 
 

 
250 
Болған соң уәде күн жауын жауды,  
Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды. 
Күні-түні шуласып таласады, 
Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды. 
 
"Үйіңе бар, ұйықтаңдар!" – деген ханды жынданған көпшілік "– Хан мен 
уәзір  ақылдан  айырылыпты,  Өлтірейік  екеуін,  жынды  екен",  –  деп  халық 
"Өлтіргелі ордаға қайта жүрді". Өлімнен қорыққан халиф пен уәзір олар да 
жынды суды ішіп алады. 
 
Екеуі жынды судан ішіп салды,  
Құтырып көп алдына жетіп барды. 
Өңкей жынды, байқамай айтыппыз деп, 
Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарды. 
 
Сонымен бет-бетімен тарқап кетті, 
Әйтеуір, тарқайтұғын уақыт жетті. 
Көрдің бе, көп тентектің қылған ісін, 
Еріксіз есті екеуін есер етті. 
 
Көптің бәрі осындай мысал етсең, 
Көп айтты деп алданып, уағда күтсең, 
Ғапіл болып көп нәрседен бос қаласың, 
Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең. 
 
Алла  тағала  жанды  бiртiндеп  тазартып,  өзіне  қайтару  үшiн  оған  дене 
бередi.  Жан  өзiне  берiлген  дененi  тиiмдi  пайдаланып,  өзiнiң  қалау-ниет, 
құмарлықтарын  тежей  бiлiп,  белгiлi  бiр  арнада  ұстап  отыруы  керек.  Бiрақ, 
өкiнiшке  қарай,  фәни  өмірдiң  әсерiмен  тән  жанның  ықпалынан  шығып, 
жанның өзiн басқарып кетедi. Сол кезде адам жетiлудiң орнына құлдырамақ. 
Жан  әуелден  бiлiмге  толы  болғандықтан  қай  қай  адам  да  өмірiне  керегiн 
бiлiп,  тәнiн  басқара  алады.  Бiрақ  оны  фәни  өмірдiң  шелi  қаптағандықтан, 
яғни  кiрi  басқандықтан,  материалдық  мұқтаждыққа  бой  алдырып  бұл 
қасиетiнен  айырылады.  Жаны  ұйқыдағы  адам  өмірдiң  төменгi  деңгейiнен 
шыға алмай қалады. Сондықтан мақсат – көкiрекке сәуле түсiрiп, ұйқыдағы 
жанды  ояту.  Денсаулықтың  iрге  тасы  болып  табылатын  салауатты  өмірдiң 
негiзi, міне, осы.  
 
Әуелден  қалыптасқан  ұлттық  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптар  ұмытылып, 
олар  халықтың  тұрмысын  реттейтін  бұрынғы  қалпынан  қалып  барады. 
Бұрынғы заманда адамның өмірі бірбеткей тыныш, бірқалыпты болды. Оның 
себебі  ұлттық  салт-дәстүрлер  мен  бүкіл  халыққа  ортақ  менталитет  әркімге 
бірбеткей  ой-өріс  пен  өмір  салтын  берді.  Қандай  өмірдің  қиын  соқпақтары 
болса да ұлттық салт-сана мен қалыптасқан әдет-ғұрыптар әркімге мәселені 
ушықтармай  дұрыс  шешуге  мүмкіндік  беріп  отырды.    Себебі,  ұлттық  салт-
дәстүр  мен  халық  менталитеті  заман  ағымы  мен  табиғат  ерекшеліктерін, 

 
251 
халықтың  тіршілік  көріністеріне  байланысты  қалыптасады.  Халық  дәстүрі 
табиғат заңдылығына үйлесімді болып келеді. Табиғаттан алынған тәжірибе 
халық  санасында  қорланып,  қорытылып  жалпы  елдің  мінез-құлқы,  әдеті 
болып  кетеді.  Сөйтіп  халық  даналығына  айналады.    Қазақтың  көптеген 
ұлттық  салт-дәстүрлерін  елдің  беделге  бөленген  би,  хандарымен  бекітіп, 
мемлекеттің заңдарына да айналдырды.  
Сонымен қатар, қазіргі замандағы Еуропа мәдениеті араласып, халықтың 
салт-дәстүрлері  ұмытылып,  қоғамдық  сана-сезімде  бейберекеттік  араласа 
бастағанда ел салауатты өмір салтынан айырылып, өмірде көптеген келеңсіз 
көріністер  пайда  бола  бастады.  Бұл  оларды  салауатты  өмірден  бұрып, 
көптеген  қиындықтар  тудырды,  аурулардың  көбейiп,  адам  ғұмырының 
қысқаруына  әкелiп  соғып  отыр.  Сондықтан,  ұлттық  дәстүрлерді  қайта 
жандандырып, қалпына келтірудің маңызы өте зор.  
Сұрақ: – Жаңаша ойлау дегеніміз не? 
 
Жауап:  –  Біз  көбінесе  өзімізге  қанағаттанбаймыз,  бірақта  өзімізді 
өмірге  разы  адам  етіп  көрсетуге  тырысамыз.  Сіз  қоршаған  ортаға 
байланбауыңыз, тәуелді болмауыңыз керек (жанұя, орта т.б.), осы ортада сіз 
есейесіз,  үйленесіз,  зейнеткерлікке  белгілі  жолмен  шығасыз.  Бұндай 
жағдайда  сіз  өлген  кезде  құлыптасқа  мынадай  жазу  жазу  керек:  «Жиырма 
жасында өлді, жетпісінде жерленді». 
Адамдардың көбі өмірінің бірінші жартысын – екінші жартысын бақытсыз 
етуге жұмсайды. 
 
 
 
 
 
 
 
Ж. 
Лабрюйер 
 
 
Сондықтан да сіз өзіңізді өмірде табысқа жетуге бағыттауыңыз керек, 
есіңізде  болсын:  бөгет  жасайтын  жағдайларды  да  адамдар  жасаған,  бұл 
қолдан  жасаған  қателіктер.  Егер  сіз  өзіңізді  тұрақты  түрде  жетілдіріп 
отырсаңыз,  бұл  бөгеттерді  жоясыз.  Болашақты  елестетіп,  санаңызды  дұрыс 
тамақтандырып  жаттықтыруыңыз  керек.  Табыс  белгілі  ойлау  қабілетіңіз 
болғанда – сәттіліке, заңдылыққа, әдет бағытыңызға айналады. 
 
Енді өзіміздің кім екенімізге талдау жасайық, ол үшін өзіңізге тән бес 
жақсы,  бес  жаман  әдеттерімізді  жазайық,  сонан  соң  өзіміз  қалайтын  бес 
қасиетті жазайық: 
№  Жақсы әдеттеріміз 
Олар сізге қалай көмектеседі? 

Адалдық, өтірік айтпау 
 

Еңбекке ерінбеу 
 

Тәуекелшілдік 
 

Өзіме ғана сену 
 

Білімге құмарлық 
 
 
№  Жаман әдеттер 
Олар қалай бөгет жасайды? 

Ақшаны шашып ұстау 
 

Әр істің басын бір шалу 
 

Жұмысты жоспарламау 
 

 
252 

Тым көңілшектік 
 

Жан емес, нәпсі билеп кету 
 
 
 
 
 
 
Өзім қалайтын әдеттер 
№  Жаңа әдеттер 
Олар қалай көмектеседі? 

Ақшаны үнемдеп ұстау 
 

Бір бағытта жұмыс істеу 
 

Күнделікті істі жоспарлау 
 

Көңілшектікті жою 
 

Тәнді жанға билету 
 
 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  табысқа  жетуге  бөгет  жасайтын  қате 
пайымдауды қалай түсінеміз? 
 
Жауап:  –  Сізге  қоғамның  тигізетін  әр  түрлі  әсерін  ескерсек,  онда 
неліктен  сіздің  табиғи  қабілетіңіздің,  ішкі  мүмкіншілігіңіздің  жабылуы 
белгілі болады. Сондықтан да іс-әрекет жоспарын құрмас бұрын, ең бастысы 
болашақта  кездесетін  бөгеттерді  және  оны  жою  жолдарын  анықтап  алуың 
қажет.  Бұған:  қорқыныш,  мазасыздық,  уайым,  беті  қайту,  босаңдық, 
ынжықтық, өз-өзіңе разы болу және бұрынғы кемшіліктерің мен қателіктерің 
жатады. 
 
Біздің  қазекеңе  тән  нәрсе  –  пенде  бала  күнінде  бәрін  істегісі, 
көмектескісі  келеді,  бірақ  үлкендер:  «бұл  сенің  қолыңнан  келмейді,  бар 
ойна» – деп баланы ұрысып қуып жібереді, ал осы бала есейгенде ынжықтау, 
жүрексінгіш  болады.  Бұлар  да  өмірде  өздерін  жолы  болмайтындардың 
санатына  қосып,  болашағынан  түңіледі.  Оларға  бұл  сыртқы  жағдайлардың 
әсері  болып  көрінеді,  ал  бұл  олардың  санасына  бала  кезінде  сіңіп  алған 
уайым,  жүрексіну,  ынжықтығының  нәтижесі.  Ол  өзін-өзі  осыған  бейімдеп, 
жоспарлап қойған. 
Фәни  әлемде  де  бірігудің  негізгі  мақсаты  –  ләззат  алу.  Төменгі  әлем 
жоғарыдағы әлеммен сәйкес болғандықтан, жан иелерi ләззаттанып, өмірдiң 
рахатын көру үшiн бұл әлемде де бiрiгедi. Бұл – материалдық бiрiгу. Рухани 
әлемде  кiшкентай  жандар  рухани  құндылық  аясында  бiрiксе,  фәни  әлемде 
олар төменгi материалдық қуат арқылы, яғни материалдық құндылық арқылы 
бiрiгедi. Бұл екi бiрiгудiң бір-бірінен айырмашылығы үлкен: рухани бiрiгуде 
– 
шексiз  ләззат  бар,  ал  материалдық  бiрiгу  –  басында  балдай  тәттi  болып 
көрінгенмен,  ол  уақытша,  сондықтан,  сұйылып  кетеді.  Осының  мысалын 
кешегі өткен Кеңес үкіметі тұсындағы колхоз, совхоздардан көруге болады. 
Бұл  –  материалдық  әлемнiң  заңдылығы.  Материалдық  бiрiгудiң  зардабын 
Абай алтыншы қара сөзiнде былай деп түсiндiредi. 
"Қазақтың бiр мақалы: "өнер алды – бiрлiк, ырыс алды – тiрлiк" дейдi. 
Бiрлiк қандай елде болады, қайтсе тату болады – бiлмейдi. Қазақ ойлайды: 
бiрлiк ат ортақ, ас ортақ, киiм ортақ, дәулет ортақ болса екен дейдi. Олай 
болғанда  байлықтан  не  пайда,  кедейлiктен  не  залал?  Ағайын  құрымай  мал 
iздеп не керек?  Жоқ, бiрлiк  – ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес.  Бiрлiк малға 

 
253 
сатылса,  антұрғандықтың  басы  осы.  Ағайын  алмай  бiрлiк  қылса  керек, 
сонда әркiм несiбесiн Құдайдан тiлейдi, әйтпесе Құдайдан тiлемейдi, шаруа 
iздемейдi.  Әуелi  бiрiне-бiрi  пәле  iздейдi.  Не  түсiн,  не  ажарын,  не  өкпесiн 
бұлдап, ол болмаса, бiр пәле салып, қорғалатып, әйтеуiр бiрiн-бiрi алдаудың 
амалын iздеседi. Мұның қай жерiнен бiрлiк шықты?" Абайдың бұл сөздері 
өмірдегі бірліктің негізі неде екенін түсінуде үлкен маңызы бар.  
Сұрақ: – Уайым дегенді қалай өзгертуге болады? Арамдықпен, қулықпен 
өмір сүргісі келетіндердің арты неге соғады? 
 
Жауап:  –  Біз  өзімізді  сезім  арқылы  өзгерткенде  ғана  жақсы  жақтарға 
қарай  тұрақты  түрде  өзгерте  аламыз.  Біздің  бай-бақуатты  жоғары  дәрежеге 
жетіскіміз  келеді,  бірақ  осыны  іске  асыру  үшін  өзімізбен  жұмыс 
жүргізбейміз,  өзімізді  жақсылыққа,  алдыға  жетелемейміз.  Көптеген 
адамдардан  естуге  болады:  «Менде  анау  болса,  мынау  болса,  мен  ойымды 
іске асырып дәулетті болар едім» – деп. Бұл жерде реті дұрыс көрсетілмеген. 
Біз  жетістікке,  табысқа  қол  жеткізуіміз  үшін,  ең  алдымен  мінезімізге 
көптеген  басқа  қасиеттер  егізуіміз  керек.  Өз  ойлағанымыздай  адам  болған 
кезде ғана, нәтижесінде ойлаған ісіміз жүзеге асады. 
     
Табиғаттағы  өзгерiстер    нәтижесiнде    бiр    себептiң  салдарынан  екiншi 
себеп  пайда  болып,    оның  салдары    келесi    себептi    тудырып,  бiрiмен-бiрi 
жалғаса  бередi.  Адам  баласы  осы  әділет  заңдылығы  сияқты    табиғаттың 
өзгермейтiн  заңдылықтарын,    байланыстарын  бiлiп,    дұрыс  әрекет  еткенде 
ғана  оны  өз  мүддесiне  лайықты  пайдалануына  болады.  Табиғатқа  күш, 
зорлық  жүрмейдi.  Адал  еңбек,  иманды  өмір  болмай,  тек  өз  құрсағының 
қамымен,  ұрлық,  қулық  жасап,    арамдықты  ғана  ойлайтын  адамдар  ол 
дүниеде де, бұл дүниеде де жақсылық көре алмақ  емес.  Себебi  не  ексең,  
соны    орасың.    Әлем  өмірiнiң  үлкен  тiрегiнiң  бiрi  болып    табылатын 
әдiлеттiлiк  заңдылығы  осыған  негiзделедi.  Әдiлеттiлiкке  негiзделген  себеп-
салдар заңдылығын Абай былай бiлдiредi: 
 
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, 
Ұрлық, қулық қылдым  деп қағар көлбек. 
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, 
Мың күн сынбас, бiр күнi сынар шөлмек. 
 
 
("Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек", 1896 ж.) 
 
Шөлмектiң  мың    күн    сынбау  себебi  –  әлi  уақытының  келмеуi.    Уақыты 
келгенде ол мiндеттi түрде сынады. Бұл кездейсоқ емес, бәрiнiң де себебi бар.  
Оның  себебi  –  өткен  өмірдегi  арамдық.    Арамдықтан  жамандық  мiндеттi 
түрде туындайды.   
Табиғат заңы бойынша қараулықпен тапқан мал адамға пайда әкелмейдi. 
Бұл туралы ақын былай дейдi: 
 
              
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, 
         
Қардың суы секiлдi тез суалар. 

 
254 
 
 
 
("Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей", 1895 ж.) 
 
Адамның  сана-сезімі  өмір  сүретiн  ортаға,  өз  қабілеттеріне,  ұлттың, 
мемлекеттiң  саяси-әлеуметтiк  жағдайына  тiкелей  байланысты.  Бұл 
отбасылық,  ұлттық,  мемлекеттiк,  әрi  кетсе  бүкiл  адамзаттық    тағдырлар 
тудырады.  Бiр  сөзбен  айтқанда  адамзат  тағдыры  мен  оның  өмір  сүру 
жағдайлары адамдардың iс-әрекетiнен туындайды. 
          
Бұл  дүниеде  себеп-салдар  заңынан  құтылудың    қиын    екенiн    ақын 
былайша  бiлдiредi: 
 
Ойынға ойсыз надан бәрi құмар, 
  
Дүние iстеп өз жұмысын жатқан шығар. 
  
Елемесең, елетер, бiр танытар, 
   
Қайда айдаса, барасың, - кiм тартынар? 
 
 
 
("Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", 1902 
ж.) 
 
Сонымен,  Абай  келешек  өмірiң  өзiңнiң  өткен    және    қазiргi    өмірiңе 
байланысты  дейдi.  Егер  адамның  iстеген жақсылықтары көп болса, жоғары 
әлемге барып,  онда ұзақ  уақыт  ләззатты  өмір  кешедi.  Адамның мақсаты  
келешекте өкінбейтіндей болып өмір сүру.  
     
Салауатты дұрыс өмір сүру үшін дұрыс іс-әрекет жасай білу керек. Егер 
болмыс заңдылығынан шығып нәпсіқұмарлыққа ұрынсаң, соған байланысты 
қорлық  өмір  көресің.  Ал  имандылық  жолымен  жүрсең  өзіңді  де,  қоршаған 
ортаңды да жоғары мақсатқа бағыттайсың. Қайсысын таңдасаң да ерік өзіңде. 
Тек  қана  болмыстың  бұзылмайтын  әділет  заңдылығын  әрдәйім  есте  ұстау 
керек. Сонда ғана әрбір адам өз өмірін өзі жасай алады.  
Сұрақ: – Істі кейінге қалдыру мен тоқмейілсудің әсері? 
 
Жауап:  –  Бұл  біздің  даму  жолындағы  бөгетіміз.  Өзімізді-өзіміз  ар 
ұятымыздың алдында алдап ақталуымыз. Еріншек адам еш уақытта бақытты 
болмайды,  істейтін  істі  істеп  тастаңыз.  Тоқмейілсу  де  істі  ертеңге 
қалдырудың  бір  түрі,  бірақта  өзіңіз  оны  сезбейсіз.  Өмірдің  жеңіл  жолын 
іздейсіз. 
Істі істеп тастасаң, қолыңа билік тиеді. 
 
Эмарсон 
 
Сұрақ: – Өткен қателіктер мен кемшіліктерді қалай қабылдау керек? 
 
Жауап:  –  Ешнәрсе  істемейтіндер  ғана  қателеспейді,  нәтижесінде  бір 
қадам  да  алға  жылжымай  өзінен  озып  кеткендерге  қызғанышпен  қарайды, 
озғандар  –  тәуекелге  барғандар.  Өткен  кемшіліктер  мен  қателіктерді 
тәжірибе жинаудың мүмкіншілігі деп қабылдау керек. Сіздің күшті не әлсіз 
болуыңыз – өзіңіздің іштей дайындығыңызға, көңіл күйіңізге, елестеткен ой 
өрісіңізге байланысты. 
Себепсіз  ештеңе  де  жоқ,  себепсіз  ештеңе  де  болмақ  емес.  Тек  қана 
болған істің себебін бірден түсіну өте қиын. Оны кейбір аса жетілген адамдар 
ғана  көріп-білуі  мүмкін.  Осыны  түсінбейтін  көпшілік  адамдар  күнделікті 
өмірдің  қызығына  түсіп,  оның  келешек  әсерін  ойламағандықтан,  өздеріне 

 
255 
зиян  келтіретін  әрекеттерге  ұрынып,  көп  күнәлар  жасап  алады.  Ол  күнәлар 
басқа күнәларды тудырып, бүкіл қоғамға әсер етіп, адам баласы тағдырдың 
шырғалаңынан шыға алмай, өмірдің тұңғиығына құлдырап бата береді. Бұл – 
қоғам өміріндегі бейберекеттіктің негізгі себебі. Әділет заңдылығына сенген 
адам  өзін-өзі  қадағалап,  дұрыс  әрекет  жасауға  ұмтылады.  Бұндай  адамдар 
ғалымдардың  тұжырымдары  бойынша  ұяты  бар  адамдар.  Оларды  ұят 
басқарып,  әрбір  істерін  ұят  қадағалап  отырады.  Ал  оған  сенбеген  адам 
нәпсісінің ырқымен болмыстың қандай заңдылықтарын болса да бұза береді. 
Бұндай  адамдардан  құралған  қоғамда  тәртіптің  болуы  мүмкін  емес.  Себебі, 
адамның  өзінің  ішкі  дүниесі,  ұяты  қадағаламағаннан  кейін  оны  сыртқы 
күшпен қадағалап дұрыс жолда ұстау әсте қиын. Олардың жандары кірленіп 
ауруға шалдыққан. Жан ауруын материалдық әдіспен жазу мүмкін емес. Оны 
жазу үшін әділет заңдылығы тәрізді тек қана рухани әдістер керек. Жандары 
ауруға  шалдыққан  адамдардың  көбеюі  салдарынан  қоғамдағы  қылмысты 
істер, қызмет бабын өз пайдасына шешушілік, бюрократия, өз міндетін дұрыс 
орындамаушылық  тәрізді  келеңсіз  көріністер  молая  береді.  Олармен  қарсы 
күресте  полицияны  көбейтіп,  сот,  прократура  тәрізді  қоғам  өмірін 
қадағалайтын  органдарды  өрбіткеннің  пайдасы  шамалы.  Себебі,  олардың 
өздерінің  жандары  ауру.  Адам  өзін-өзі  қадағалайтын  ішкі  қуатынан 
айырылған  кезде  оны  сырттан  қадағалап  жөнге  келтірудің  мүмкін  емес 
екенін өткен атеистік тоталитарлық жүйенің өмірі жақсы көрсетті. Ол кезде 
дәрігерлер,  тәртіп  сақтау  органдары  мен  түрмелердің  көбейгенімен,  ауру 
адамдардың, қылмысты істердің саны одан азайған жоқ еді ғой!  
       
Ал керісінше, әділет заңдылығын дұрыс түсініп, бүкіл халық болып оны 
күнделікті  өмір  көрінісіне  айналдырғанда,  мүлде  басқа  нәтиже  алынады. 
Оған  мысал  ретінде  бүгінгі  күндердегі  Сингапур  елінің  тарихын  алуға 
болады.  Сингапур  осыдан  40-50  жылдай  бұрын  ғана  артта  қалған  елдердің 
қатарында  болған.  Бүгінгі  күндері  оның  даму  қарқыны  мен  деңгейінің 
жоғарылығы сонша, тіпті, оны Америка, Жапон елдерімен ғана салыстыруға 
болады.  Сингапур  бұндай  дәрежеге,  әрине,  ең  бірінші  алдыңғы  қатарлы 
елдердің  ғылыми-техникалық  жетістіктерін  кезінде  дұрыс  қабылдап,  өз 
қажеттеріне  пайдалана  білуімен  жетті.  Бірақ  бұдан  да  маңыздысы  –  ол 
қоғамдағы  әділеттіктің  көрінісі  болып  табылатын  табиғаттың  себеп-салдар 
заңдылығын  дұрыс  түсініп,  оны  қоғам  өмірінде  мүлтіксіз  орындауға 
ұмтылып  отыруында  болды.  Қоғамдық  ақпарат  құралдарының  хабарына 
қарағанда  Сингапур  елінде  зорлық-зомбылық,  парақорлық,  өз  ісіне  салқын 
қарау  тәрізді  арты  қылмысқа  ұрындыратын  әрекеттер  кездеспейді  екен. 
Себебі, ондай әрекеттер қатты жазаланады. Сондықтан, ондай әрекеттерден 
әркім  аулақ  болуға  ұмтылады.  Бұл  Сингапур  еліне  тыныштықта,  үлкен 
қарқынмен, бірқалыпты өркендеу жолына түсуге зор мүмкіндік әкелді. 
 
Сұрақ: – Табыстың негізгі себебі неде? 
 
Жауап: – Өмірге қалай қарайсың, өмір саған солай қарайды. «Не ексең, 
соны  орасың».  Біздің  іс-әрекетіміз,  ой  өрісіміздің  нәтижесі,  ал  біздің  іс-
әрекетіміз  басқа  адамдардың  сезіміне,  көңіл  күйіне,  іс-әрекетіне  әсер  етеді. 
Қалыпқа  түсу  дегеніміз,  белгілі  жүйеде  ойлауға  әдеттену.  Бұны  үйренуге, 

 
256 
жинақтап  жүйеге  түсіруге  болады.  Бұдан  шығатын  қортынды:  біз  өзіміздің 
көңіл  күйіміз  бен  ойлау  жүйемізді  бақылауға  алып,  өз  өмірімізді  өзіміз 
басқара аламыз! 
     
Дәулетке  жету  деңгейiндегi  адамда  терең  рухани  бiлiм  жоқ.  Ол  тек  қана 
өмір заңдылығын бұзбайтын, адал еңбек етiп,  әділ өмір сүретiн адам.  
 
 
 
III. 
Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет