Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет21/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
 
Ашығушы Әсет Ризаұлының 24 наурыз 2006 жылғы жалпы жағдайы: 
 
Салмағым  103кг,  оң  қолымның  қан  қысымы  160/80,  ал  сол  қолымның  қан 
қысымы  130/80,  қан  тамырымның  1  минуттағы  соғысы  82.  Бойым  174  см, 
негізгі  салмағым  74...80  кг  аралығында  болуы  керек,  артық  салмақ  29  кг, 
немесе бір қапшық жүкті өз еркіммен тәулік бойы арқалаудамын.  Ағзаның 
әрбір  артық  салмағының  1  см  кубына,  сенсеңіз  де,  сенбесеңіз  де 
тамақтандыру және жақсы қалыпта ұстап тұру үшін 1 км (капилляр) өте ұсақ 
түтікшелер  қажет.  Сондықтан  артық  салмақ,  жүрек  пен  тыныс  алу 
мүшелеріне  ауыр  жүк.  Тамырдың  соғуы  мен  қан  қысымының  көтерілуі 
қауіпті шепке дейін көтеріліп зардапқа ұрындырады, мен осыны өз басымнан 
өткізудемін. Осыдан бірер апта бұрын үлкен дәретім қан аралас шықты. Бұл 
дегеніміз екі бүйректің санаулы күні ғана қалды, соңғы кезде жүрегім тағы 
шаншып ауыра бастады, күніне бір қорап темекі тартамын, бұдан 5...6 жыл 
бұрын  арақты  бұрынғыдай  емес  анда  санда  2...3  айда  аңыратып  тұрып 
ауырып  құлағанша  сілтейтінмін.  Осыдан  он  шақты  жыл  бұрын  аузым 
құрғамай, үзбей ішетінмін.  
Жалпы  түр  тұлғам,  келбетім:  Бет  әлпеті  қара  қошқылданып  түнеріп 
кеткен,  ойы  дұрыс  емес,  бұрыс,  екі  көзі  құтырған  иттің  көзіндей  қанталап, 
қарны қабақтай, беті табақтай, бұғағы салақтап жүрген, жүрісі баяу, санасы 
жартылай  ояу,  көңілі  қаяу,  о  дүниеге  таяу  пендені  бұрын  кездестірсеңіз  – 
соны мен деп білерсіз. 
Өзімнің көңіл күйім, сезінуім: Өзімді онша жақсы сезінбеймін, нашар 
сезінемін,  артық  салмақ  жерге  қарай  басып,  денем  ауыр  тартып,  тынысым 
тарылып,  қимылым  баяулап,  жүрек  соғысым  жиілеп,  жалқаулық  желкеме 
мініп  алып  диванға    ұрмай-соқпай  жатқызып,  теледидардың  алдына  жіпсіз 
байлап  қойды.  Не  жұмыс  істегім,  не  кітап  оқығым,  не  таза  ауада  жүріп 
жаттығу  жасағым,  не  рухани  істер  істегім  келмейді.  Осының  салдарынан 
өткен  2005  жылды  сандалып  бос  өткіздім.  Қазақша  айтсам    настық  басып, 
жан емес тәнім билеп, нәпсінің құлына айланып кеткенімді өте жақсы сезініп 
түсінудемін.  Осы  қалыпқа  өзім  саналы  түрде  келдім.  Алдыңғы 
ашығуларымда  бұдан  да  сорақы  қалпымды,  ұзақ  мерзімде  ораза  тұтып 
ашығудың  көмегімен  жазылып  алғанмын.    –  Денсаулығымды  қалпына 
келтіру үшін академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің, теолог – философ 
Досым Қайырбекұлы Омаровтың басшылығымен және жергілікті дәрігерлер 
Әбдікәрім  Абдуманапұлы  мен  Харниса  Арупқызы  Имяровтардың 
бақылауымен      2006  жылы  24  Наурызда  50  күндік  ашығуға  қайта  кірісіп 
кеттім.  Мамырдың  13  күні  осы  50  күндік  ашығуымды  ойдағыдай  аяқтап 
шықтым,  осы  кезеңдегі  ашығу  барысы  мен  оқиғалар  желісі  «Жасару 
құпиясы»  атты  академик  Р.Оразалиев,  философ  –  теолог  ғалым  Д.  Омаров 
үшеуміз жазған кітапта кеңінен баяндалды.  (Төменде сол кітаптан үзінділер 
келтірілген). 
– 
Әсет  бауырым,  бүгін  сенің  40  күндік  ашығуың  аяқталды, 
тәжірибеміздің сәтті аяқталғанымен өзіңді шын жүректен құттықтаймын! 

 
189 
– 
Рахмет Рахым аға, Досым екеуіңіздің басшылығымен біткен шаруа болды 
ғой. Құдай қаласа тағы 10 күн ашығуымды жалғастырсам ба деген ойым бар. 
– 
Неге?! 
Жауап: – Менің ағзам әлі толық тазаланып болған жоқ. Тілім таза емес. 
Өзіңіз айтып едіңіз ғой, адам ағзасы толық тазарғанда тілі сәбидің тіліндей 
тап таза, қып-қызыл болады деп. 
Сұрақ: – Онда тәжірибемізді тағы 10 күнге жалғастырып көрейік пе? 
Жауап: – Мен де солай ойлаймын, себебі салмағым әлі 84 кг, артық 8 кг 
салмақ  бар.  Қорқатын  түгім  де  жоқ,  өзіңіз  бен  дәрігерлердің  күнделікті 
бақылауындамын ғой. 
Сұрақ:  –  Енді  оқырмандарға  40  күндік  ашығу  арқылы  жүргізген 
тәжірибемізді  қысқаша  қортындылап  бергенім  дұрыс  шығар,  қалай 
ойлайсың?  
 – 
Осы  40  күндік  бақылауды  өздеріңіз  жүргізіп  бақылап  отырсыз. 
Өзіңіздің қарапайым тілмен қысқаша айтып кеткеніңіз әбдән дұрыс. Ашығу 
барысындағы ағзадағы болып жатқан өзгерістерге өзіңіз толықтай себеп пен 
салдарын  кеңінен,  әр  күн  сайын  осы  кітапта  айттыңыз  ғой.  Құлағым  сізде. 
Жалғастыра бересіз бе?  
– 
Құрметті  оқырман  қауым,  өздеріңіз  де  бастапқы  1-ші  тәулік  пен 
бүгінгі 40-шы тәулікті салыстырып қарасаңыздар байқайсыздар. Ашығудың 
38-
ші  тәулігінде  тәжірибе  жүргізуші  Әсеттің,  түс  ауа  үлкен  дәретке 
отырғанда, ішінен тағы да қап қара қоқсықтар шықты. Егер ашығып жүрген 
басқа  біреу  айтса  сенбес  едім,  адамнан  сонша  көп  мөлшерде  қоқсықтар 
шығады  деп.  Әсеттің  алдындағы  ұзақ  ашығу  күнделіктерін  оқып  талдап 
қарағанымда, бұрынғы балсыз, лимонсыз, ыстық сусыз ашығып жүргенде 40 
тәулік  бойы  анда  санда  болмаса  ештеңе  шықпаған,  оның  өзінде  де  қойдың 
құмалағы сияқты ұсақ түйек бірдемелер ғана. Бал мен ыстық судың қасиетін 
толықтай мойындадым. Басқа біреу емес, өзіме-өзім таң қалып отырмын, бұл 
не  ғажап  деп.  Әрбір  қоқыс  шыққан  сайын  жеңілдей  береді,  жеңілдей 
беретініне. Жүрісі, қимылым ширақ жас жігіттердікі сияқты. Менің осындай 
тәжірибені бақылап жүргенімді білетін, Әсеттің ашығып жүргенін білетіндер 
бастарын  шайқайды:  «Мүмкін  емес,  қалай  құлап  қалмай  жүр?!»  –  деп, 
сенбейін  десе  өздері  және  академик  Оразалиев,    теолог  –  философ  Омаров 
және жергілікті дәрігерлер куә.  
Қазіргі түрі жүзінен имандылық пен нұр шашып тұрған жүрісі жылдам, 
алғыр ойлы, денесінен бұла күш пен қуат бұрқырап, өмірге ынтық 40-тың о 
жақ бұ жағындағы жігіт ағасы, бұрынғы шартиған қарын, салбыраған бұғақ, 
қанталаған көз, ырсылдап әр қадамын санап, баяу жүретін пендеден,  басқа 
бөтен адамға  бір ай он күннің аралығында айналып шыға келді. Міне ашығу 
арқылы тазаланып, денсаулығын қалпына келтірген Әсеттің өзіне жүргізген 
тәжірибесі: ораза тұтып 40 тәулік судан басқа тамақ ішпеуі, ашығудың адам 
ағзасына пайдасының керемет екенінінің тағы бір бұлтартпас айғағы, дәлелі 
емес пе! 
Сол қолымның қан қысымы 65/100, ал оң қолымдікі 75/100, салмағым 
77  кг  болды.  Күндізгі  сағат  он  бір  жарымда  үлкен  ағайым  Асқар  екеуміз 

 
190 
менің аузымды аштық. Ауыз ашар алдында Аллаға шексіз алғысымды айтып 
Құран  сүрелерінен  аяттар  оқып  Жаратушыға  ниет  етіп  барып  аузымды  у 
сарымсақ (чеснок), көк жаңа өскен пияздың сабағы, памидор, қияр, салатпен 
аузымды  аштым.  Жарты  сағат  өткеннен  соң  ішім  өтті.  Тағы  да  қалған  қап-
қара  қоқыстар  бұрқырап  шықты.  Түстен  кейін  тағы  да  ішім  өтті.  Керемет 
жеңілдеп  қалдым.  Мен  енді  келер  алдағы  10  күн  уақытта  тек  осы  жаңа 
жұлынған көкөністерді ғана жеймін. Мен ұзақ ашығуға кірген мезетте-ақ осы 
көкөністердің пісетін уақытына шығатын уақытымды сәйкестендіріп есептеп 
қойғанмын.  Ашығам  деушілерге  берер  кеңесім,  сіз  де  ашығу  мен  одан 
шығатын  мерзіміңізді  өзіңіздің  тұратын  жеріңіздің  табиғат  жайына  қарай 
бейімдеп  алыңыз.  Ағзаңыз  әбден  тазаланған  уақытта,  жаңа  жұлынған 
көкөністер  мен  жемістерден  басқа  нәрселерді  ағзаңыз  қабылдамайды.  Арақ 
пен темекінің жанына тіпті жақын отыра алмайтын боласыз.  
50 күндік ашығуымда ыстық қайнаған суға таза бал және лимон  қосып 
іштім.  Соңғы  15  күнінде  тек  қайнаған  ыстық  су  ғана  іштім.  Себебі  балдан 
адамның  жүрегі  қайтып  қалады  екен,  ағза  өзі  қажеттісін  ғана  қабылдайды. 
Ыстық суға таза бал мен лимон салып, ерітіп ашығуды өзімнің ашығу іліміне 
қосқан қомақты үлесім деп білемін. Ескерту: Сусамыры (сахарный диабеті) 
бар адамға бал қосып ішуіне болмайды, қанты көтеріліп кетуі мүмкін! Ондай 
адамдар тек қана ыстық су ішулері қажет. Ашығу қантты орнына келтіретін 
бірден-бір ем! 
                                         
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар 
 
 
 
 
Еңбегің мен ақылың екі жактап. АБАЙ 
 
– 
Әсет Ризаұлы, өзіңді қазір қалай сезінесің? Оқырмандарға осы туралы 
қысқаша айта кеткенің дұрыс болар?  
Қазір  көңіл  күйім  өте  жақсы,  шаршауды  білмеймін.  Ашығудан  кейін 
күннен  күнге  тәніме  де,  жаныма  да  керемет  буырқанған  қуат  құйылып 
жатқанын  сеземін.  Өзімнің  жасарып,  жас  кезімдегідей  қайратты,  сымбатты 
және  10...15  жылға  бірден  жасарып  кеткеніме  жанымдағы  жұбайым, 
балаларым,  жақсы  араласып  жүрген  достарым  да  таңырқап  жағаларын 
ұстайды.  Тәнім  ғана  тазаланып  қана  қоймай,  жаным  мен  рухым  да 
тазаланғаны соншалық, бұрынғы өмірдің күрделі шешілмейтіндей көрінетін 
шырғалаңдары  өзінен  өзі  қарапайым  шешіліп,  тұрмысым  да  түзеліп,  нақ 
бақытты  болудың  не  екенін  тәндік,  жандық,  рухани  тұрғыдан  да  түсіне 
бастадым.    Осы  деңгей  жанұям,  балаларым  мен  немерелеріме  де  жақсы 
әсерін  тигізуде.  Осыған  ашығу  бағдарламасын  ұстасаңыз  өзіңіз  де  жететін 
боласыз, ал осы жолмен жүрудің түк те қиындығы жоқ. Ол үшін «жан» мен 
«тән» екеуі екі нәрсе екенін жақсы ажырата біліп,  адамды «тән» емес «жан» 
билеу керектігін түсініп, нәпсіңізді тисаңыз болды. 
Қандай  пенде  болмасын  осы  дүниеге  келгеннен  кейін  бақытты, 
шаттықты  өмір  сүргісі  келеді  және  осындай  өмірді өзінің  үрім  бұтағына  да 
тілейді.  Ол  үшін  осы  аударма  кітабын  жанұяңызбен,  тілектес 
адамдарыңызбен бірігіп оқып шығып, түсініксіз жерін қайта қайталап оқып, 
саналарыңызға әбдән сіңіріп, ми қыртыстарыңызға қашап жазып алыңыздар! 

 
191 
Ең  бастысы  денсаулық  та,  бақыт  та,  материалдық  байлық  және  ұзақ  ғұмыр 
мен солмайтын жастық, сондай-ақ тәнің мен қоса санаңды, рухани деңгейіңді 
бірер  жылдың  ішінде  түгелдей  өзгертіп,  өмірге  мүлдем  басқа  «жаңа»  адам 
болып  қайта  туғандай  боласыз.  Ол  үшін  «жан»  мен  «тән»  екеуі  екі  нәрсе 
екенін жақсы ажырата білсеңіз болғаны.                                                                          
 
Біз семірттік денені азықпенен, 
 
 
 
 
Байлап бердік жанды оған қазықпенен. 
 
 
 
 
Ұйқы, тамақ, күйлеген сорлы дене 
 
 
 
 
Құтылар ма осындай жазықпенен.  ШӘКӘРІМ 
 
 
Қазақстанда  ашығумен  емдеу  орталығының  негізін  салушы  Шалқар 
Әбішұлы  мен  ашығу  ілімін  ұстанушы  Әсет  Ризаұлының  екінші  сұхбат 
толғауы.  Тақырыбы:  Қазіргі  адамдар  неге  аурушаң?  Гиппократ  қандай 
емдеу  әдістерін  қолданған?  Ашығу  ілімінің  негізін  салған  Поль  Брэгтің 
өмірлік  қағидалары.  Ашығуды  қалай  бастау  керек?  104-ке  келген 
Саңқайбай атамның әңгімесі. 
 
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, Гиппократ қандай емдеу әдістерін қолданған? 
Жауап: –
 
Шалқар Әбішұлы, 
Гиппократ – ертедегі грек дәрігері – Египет пен 
Индияның  дәрігерлік  ілімдерін  зерттеген,  оқыған.  Ол  –  әрқашанда  адам 
ағзасына  өзін-өзі  қорғауға,  сақтандыруға  мүмкіншілік  беруі  керек  деп 
үйретті.  Табиғат  –  өзін  қорғап  сақтандыра  алады.  Ағзадан  бөлініп  шыққан 
химиялық элементтердің ауруды ауыздықтауға шамасы жетеді. Егер ағзаның 
қорғаныс  қабілеті  артса,  онда  жаудың  беті  тайсақтап  ауру  жоламайтын 
болады. 
Табиғи  тамақ,  күн  шуағы,  дәрілік  шөптердің  тұнбалары,  демалыс, 
моншада  ыстық  су  мен  суық  суды  алмастыра  отырып  қан  айналымын 
жақсарту,  тазалану,  ораза  тұтып  ашығу  т.б.  табиғи  әдістермен  Гиппократ 
адам  ағзасының  өмір  сүргіштік  қуатын  арттырған.  Қазіргі  уақытта  жоқтан 
өзге  дәрі-дәрмектерді  талғамай  іше  беріп  адам  өзінің  ағзасының 
қорғаныштық  қабілетін  аяусыз  жоюда.  Есіңізде  болсын!  Сырттан  келетін 
дәрі-дәрмек  ішкі  қуатыңызды  және  өміршеңдігіңізді  еш  уақытта 
арттырмайды. 
 
 
Тамақтануда,  демалғанда,  ұйықтағанда  және  өмірдің  қарапайым 
әдеттерінде  табиғатқа  неғұрлым  жақын  болуға  тырысыңыз.  Табиғаттың 
қалауы  бойынша  өмір  сүре  бастаңыз,  сіз  шексіздіктің  бір  бөлшегісіз. 
Тағдырыңызды  табиғаттың  қолына  тапсырыңыз,  оған  сеніңіз.  Егер  сіз  қала 
тұрғыны болсаңыз, қаланың сыртына немесе теңіз жағасына барып нақтылы 
демалыңыз, мамыражай қалыпқа түсіп, өзіңізді тәртіпке келтіріңіз. 
Аздап  сырқаттанса  болды  адамдар  дәрі-дәрмектерге  ұмтылады.  Неге 
табиғи  әдістерді  қолданбасқа?  Мысалы,  сіз  қатты  жаурап  қалшылдап 
келсеңіз,  шешініңіз  де  құрғақ  сүлгімен,  не  болмаса  жылқының  қылынан 
жасалған  қолқаппен  өн-бойыңызды  тез-тездедіп  ысқылай  бастаңыз,  сонан 

 
192 
кейін құрғақ киініп, ыстық су ішіп жылы оранып жата қалыңыз. Сіз терлеп 
қолма-қол  сауығып  кетесіз.  Ауырғаныңызды  күтпеңіз.  Кез  келген  нәрсені 
ауызға  салып  қылғытып  жұта  бермеңіз.  Дәрі-дәрмектерді  қолданбауға 
тырысыңыз.  
Омыртқаңызға, оның түзулігіне басты назар аударыңыз. Көптеген аурулар 
омыртқаның  қисаюынан,  жұлынның  қысылып  не  жаншылып  қалуынан... 
болады.  Жүйке  жүйесі  мүшелерді  қоректендіретіндіктен  алдымен  жүйкені 
емдеу қажет. 
Қазіргі  дәрігерлер  адамның  тәнін  ғана  оқиды.  Олар  ақыл,  ой,  сезім, 
саналарды  есепке  алмайды.  Нақтылы  ем  –  бұл  біздің  өмір  сүру  салтымыз; 
қалғанының бәрі де 2-ші, 3-ші, 4-ші орындарға сырғиды. 
Сұрақ: – Әсет бауырым, өзіңнің тұқымыңда не ата-бабаңда салауатты өмір 
салтын ұстап ұзақ жасағандар бар ма?   
 

Шалқар  Әбішұлы,  сізге  өзім  көрген,  куә  болған    бір  оқиғаны  айтып 
берейін.  
– 
Ой, хой Әсет бауырым, осы әңгімелерді жадыңа сақтап айта білгенің 
үшін өзіңді Алла қолдап, ата бабаңынң аруағы қоршап жүрсін! 
– 
Әумин, тілегіңіз қабыл болсын! 
– 
Менің  атамның  әкесі  он  ағайынды  болыпты.  Арғы  бабаларымыз: 
Қаракерей,  Байыс,  одан  Тума,  одан  Ақша,  одан  Қарабас,  одан  Қожакелді, 
одан  Көкі,  одан  Қылқабай,  ал  Қылқабайұлы  Босқынбай  атамыздан    он 
ағайынды  ұл:  Нысанбай,  Жолбарыс,  Аблан,  Қабылан,  Есім,  Өмір,  Естемес, 
Отаршы,  Малшы,  Қасен  екен. Солардың төртеуінің ұрпақтары бармыз. Сол 
ұрпақтарының  біреуі  менің  атам  Жолбарысұлы  Мұқашбектің  бауыры, 
Есімұлы  Саңқайбай  атаны  100  жасында  Науалыда  бір  бауырымыз 
Мақышұлы  Солтансейіттің  жаназасында  кездестірдім.  Саңқайбай  ата  104 
жасында Аякөзде үлкен баласының қолында біраз ғана сырқаттанып жатып 
көз  жұмды.  Саңқайбай  атамыздың  өңі  шырайлы,  бойы  екі  метрден  астам, 
қақпақ  жауырынды,  батыр  тұлғалы,  денесі  тіп-тік,  жүрісі  серіппелі,  әскери 
адамдардікі сияқты аршынды екен. Аузындағы тісі түгелдей бүтін, қимылы 
жас жігіттердікі сияқты ширақ, көз жанары өткір, құлағы сақ. Түрі жетпіске 
енді  ғана  толған  адам  сияқты.  Мен  барып  танысып  өзімнің  Жолбарысұлы 
Мұқашбектің немересі екенімді айттым, осы ашығу ілімін енді бастап жүрген 
кезім. «Ә, мен сенің атаңды, өзімнің ағам  Мұқашбекті  жақсы білемін, 1937 
жылы нахақтан ұсталып, «халық жауы» деген айып тағылып атылып кетті-ау, 
есіл ер! Оның бар жазығы молла болып Құдайға сенгендігі мен ауқатты жеке 
шаруа жер иесі және көзі мен көкірегі ашық болғандығында ғана болды ғой. 
Қайта  жақсы,  ағайымның  көзі  Ризадан  сендер  өсіп  жетіліпсіңдер,  бұғанда 
шүкір»  –  деп  мені  бір  желпінтіп  алды.  Сонан  кейін  өзінен  кәрі  бір  шалды 
әкеп менімен таныстырды  «Әсет, танысып қой Құрман деген ағаң болады, 
менің 78 жастағы екінші балам» дегенде, жас шалдың өзінен 10-15 жас үлкен 
шалды  ұлым  деуі  маған  біртүрлі  ерсілеу  күлкілі  сяқты,  күлейін  десем  екі 
шалдан ұят, күлмейін десем бұрын соңды мұндайды естіп көрмеген басым, 
күлкі  қысып  әкетіп  барады.  Қыстығып,  қымқырылып  күлкімді  әзер  дегенде 
тежедім.  Ол  кісінің  тағы  бір  ерекшелігі  аузына  келген  сөзді,  ойды 

 
193 
мәймөңкелемей  тура  айтады  екен.  Осы  жаназада  ауылдың  ақсақалдарының 
ішінде  «аяқтыға  жол,  ауыздыға  сөз»,  төрден  орын  бермейтін  дегендей 
балапан  шалдардың  ішінде  шоқтықтары  биік,  жастары  80-нің  о  жақ,  бұ 
жағындағы  Данабек,  Есетай,  Нұртаза,  Төлеген  т.б.  ауылдың  қадірменді 
кәриялары    отырған.  Саңқайбай  ата:  «Әй  балалар,  немене  бос  сөйлеп 
отырсыңдар», – деп саңқылдаған даусымен бір тисіп өтті. Ана шалдар жасын 
силағандікі  ме,  бәрі  де  таяқтарымен  жер  шұқылап,  молданың  алдындағы 
шәкіртке  ұқсап,  төмен  қарап  бұқпынтайлап  үндемей  отыра  берді.    Өзінен 
кәрі,  таяққа  сүйеніп  орнынан  әзер  тұрып-отыратын,  аяқ  қолдары  селкілдеп 
берекесі  кетіп  жүрген  өлмелі  ақсақалдарды  өздерінен  жап-жас  адамның 
«бала»  деп  айтқанына  енді  күлмеске  шарам  қалмады.  Былайырақ  шығып 
өзіме-өзім  келгеннен  кейін:  «Ата,  сіз  осы  денсаулыққа  қалай  жеттіңіз, 
осының құпиясы неде?», деген сұрақ қойдым.  
Менің  екі  жұдырығым  бір  уысына  сиып  кететіндей,  еті  қашпаған 
күректей  алақанының  салалы  саусақтарымен  сақалын  сипап  тұрып:  «Біз 
ауқатты  тұрдық,  1932  жылы  кәнпеске  басталғанда  үркінді  болып,  бас 
сауғалап Қытайға өтіп кеттік. Ол жерде байларда малайлықта болдым. Егін 
суғардым,  шөп  шаптым,  бидай  ордым.  Осы  жаққа  келгенде  де,  әлі  күнге 
дейін  қара  жұмыстан  қол  үзіп  көрген  жоқпын,  малға  шөпті  өзім 
дайындаймын,  тыным  таппайтын  мазасыз  адаммын.  Бос  отыра  алмаймын. 
Өмірімде арақ, темекі дегенді аузыма алып көрген пенде емеспін. 
 
Үйірілген сары алтындай сары қымыз, 
Ауруға – ем, сауға қуат, дәрі қымыз. 
Елімнің ең сүйікті асы болдың, 
Шығаршы тағы нең, бар кәні, қымыз!  Жамбыл Жабаев 
 
 
Бие  байлап  қымыз  сауамын,  айына  екі  қабат  саумал  ішіп  ішімді 
тазалаймын. Бірақта өмірімді серілікпен өткіздім, кездескен көлбең етектіні 
құр  жіберіп  көрген  емеспін.  Атаң  жүзге  келсе  де  әлі  қауқары  бар»,  –  деп 
біркелкі  жарқырап  тұрған  аппақ  күрек  тістерін  көрсетіп,  қулана  жымиып 
қойды. 
Есімұлы  Саңқайбай  атаның  туған  апайы  Захария  әже  107-ті  жасқа 
келген.  Захария  әжеміз    107  жасқа  келгенше  инені  өзі  сабақтап,  тауық-
құстарын  өзі  бағып  қағып,  үй  шаруасын  жайғап  тыным  таппайтын  адам 
болатын. Фәни өмірден бақи әлемге ауырмай-сырқамай бір-ақ күнде аттанды. 
Қазір 100-ге таяп қалған соғыс және еңбек ардагері – Данабек Байсалханов 
ақсақал  Захария  әженің  туған  баласы,  әлі  тың.  Данабек  ақсақалдың  бір 
ерекшелігі еш уақытта тоя тамақ жемейді, кешке тамақ ішпейді,  уақытының 
бәрін өлең, қисса шығаруға арнайды. 
Сұрақ:  –  Шалқар  Әбішұлы,  осы  әңгімелерден  қандай  түйін  шығарар 
едіңіз? 
Жауап: – «Күшті сақтау үшін жеу керек» – деген көзқарас қалыптасып 
қалған.  Осының  санаға  сіңіп  қалғаны  сонша,  біз  күніне  3  қабат 
тамақтануымыз  қажет  екеніне  өте  сенімдіміз.  Біз  тәбеті  жақсы,  ашқарақ 

 
194 
адамдарды  денсаулығы  мықты  адамдар  деп  есептейміз.  Біз  сауығу  үшін 
тамақты көп жеуін қолдаймыз. 
     
Әр  түрлі  тағамдарды  ұзақ  зерттеуімнің  нәтижесінде,  бұл  жәй  әдет  емес 
екені туралы көзқарас қалыптастырдым. Аштықты басу үшін, дене асқазанын 
не болса сонымен толтырып алады. Бірақта тамақтың бір түрімен мықты, сау, 
күшті  жас  жасаушалар  жасауға  болады,  ал  екінші  түрімен  әлсіз,  ауру, 
ағзаның жұмысын қалыпты қамтамасыз ете алмайтын жасаушаларды құруға 
болады. Біз «жақсы» тамақтанатын адамдарды жиі көреміз, бірақта олардың 
жағдайлары  жақсының  ауылынан  алыс.  Ас  қорту  жүйесіне  тамақ  молынан 
барып  жатса  да,  терісінің  түрі  нашар,  бұлшық  еттері  болбыраған,  қуаты 
төмен. 
Адам өзінің тамағын өңделмеген қалпы тікелей табиғаттан алып тұрған 
заман болған. Ол уақыттарда адамның, өзінің денсаулығына қажетті тамағын 
табиғи түрде іріктей алатын мүмкіншілігі болған. Не жеу керек екенін ішкі 
даусы айтып тұрды. Осы дауысты болмыс немесе басқа деп атауға да болады, 
бірақта адамның көне дәуірінде осы керемет көмектескен. 
Жоғарғы  керемет,  шұрайлы  тілмен  баяндалған  Нұртаза  ақсақалдың 
әңгімесінен байқайтынымыз – өткен ғасыр ортасындағы қаймағы бұзылмаған 
қазақтардың  салт  дәстүрі,  мінез-құлықтары  және  тамақтану  мәзірі.  Біздің 
халық  табиғатынан  мықты  болса  да  ұзақ  жасамаған.  Қазір  тіпті  де,  себебі 
тамақтану  дұрыс  емес.  Әңгімеде  айтылғандай  Нұртаза  ақсақал  намыс  үшін 
көп  жеп  қойып  артық  тамақтан  уланып  4...5  тәулік  тұра  алмай  қалған.  Тек 
табиғат  берген  ерен  денсаулықтың  арқасына  ғана  аман  қалған.  Осындай 
денсаулықтары  мықты  ақсақалдарымыз  тамақты  тартына  ішсе  сөз  жоқ  100 
...120  жыл  өмір  сүрер  еді.  Әне  өзің  жоғарыда  айтып  өткен  Нұртаза 
ақсақалдың досы, 95-ке келген Данабек ақсақал кешке мүлдем тамақ ішпейді 
екен,  тамақты  еш  уақытта  тоя  жемейді,  ал  оның  шешесі  107-ге  келген 
Захария әжеміз де сол сияқты тамақ мәзірін ұстанумен қатар 107-ге келгенше 
тыным таппаған, ал Захария әженің туған бауыры 104-ке келген Саңқайбай 
атамыз саумал мен айына екі қабат ішін тазалап отыруымен қатар, ол кісіге 
де тынымсыздық тән қасиет болған. 
Әсет  бауырым,  енді  осыдан  шығатын  қортынды  адам  баласы  егер  де 
дұрыс  тамақтанып,  ағзасына  кем  дегенде  36  сағат  ашығу  арқылы  дем  алыс 
беріп,  өмір  бойы  тынымсыздықпен  дене  қимылын  тоқтатпаса  ұзақ  ғұмыр 
сүруіне  толық  мүмкіншілігі  бар.  Адамның  денсаулығы  мен  тағдыры  өз 
қолында  екенінің  бұлтартапас  дәлелі  емес  пе,  бұдан  артық  қандай  дәлел 
керек! 
 
 
Қазақстанда  ашығумен  емдеу  орталығының  негізін  салушы  Шалқар 
Әбішұлы мен ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлының үшінші сұхбат 
толғауы. Тақырыбы: Пәндік әлемді қабылдайтын сезім мүшелері. Адамда 
қанша  дене  бар?  Нәзік  денелер  дегеніміз  не?  Ашыққан  уақытта  қалай 
жазылып кетеміз? Жан мен рухтың айырмашылығы неде? 
 

 
195 
 
 
 
«Алла деген – алданбайды, 
 
 
 
Құдай деген – қор болмайды!» – 
Деген сөз бар ел ішінде. 
Осы сөздің шындығына, 
Көзің жетер өзіңнің де. 
Шыныменен сеніп жүріп, 
Жаратқанның құдіретіне, 
Орын алып жүрегіңнен, 
Тұрса Алла жүрегіңде! 
Жүректегі Алла нұры, 
Қуат беріп тірлігіңде. 
Жолатпастан жамандықты, 
Ұшыратпас бәлекетке! 
...Осы жағын тіршілікте, 
Ойлай жүргін жастар әсте?! 
Шалқар Әбішұлы 
 
Сұрақ:  –  Әсет  Ризаұлы,  пәндік  әлемді  қандай  сезім  мүшелері  арқылы 
қабылдаймыз? 
Жауап:  –  Шалқар  Әбішұлы,  пәндік  әлемді  бес  сезу  мүшесімен 
қабылдаймыз. Бұлар: құлақ – есту, көз – көру, мұрын – иіскеу, тіл – дәм, тері 
– 
сезу жұмыстарын атқарады. 
 
 
 
 
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, 
 
 
 
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. 
 
 
 
Біреуінен мидағы ой хабар алып, 
 
 
 
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.
Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет