Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға


Мен өмірді сүйемін және өмір сүргім келеді



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Мен өмірді сүйемін және өмір сүргім келеді 
       
Мен  өзімнің  денсаулық  туралы  әңгімелерімде  өзімнің  студент  кезімегі 
өлеңдердің сөздерін жиі еске аламын: «Мен өмірді сүйемін және өмір сүргім 
келеді».  Бұл  күшті  сөздер  әрқайсымыздың  көмескі  қалауымызды  білдіреді. 
Өмірдің өзі керемет. Осы ғажайып өз қолымызда тұр. Өмір таңқаларлық. Бұл 
қазынаның қазынасы! 
     
Жұмақта  өмір  сүрген  Адам  ата  мен  Хауа  уақытынан  бері,  адамзаттың 
өмірін ұзарту ең маңызды мәселе болып келеді. Оны Христиан дініне дейін, 
жүздеген  жылдар  бойы  парсы,  грек  ғұламалары  шешпекші  болған,  әрине 
нәтижесіз.  Бүгінде  жиырмасыншы  ғасырда  барлық  салиқалы  ақыл  иелері 
ізденісте, көбінесе құр қармануда, нәтиже жоқ. 
     
Әлем  жаратылғаннан  бері  бір  де  бір  адам  өлім  тырнағынан  қашып 
құтылған  емес,  бірақта  әрбір  адам,  егерде  қатерден  сақтаса,  тамақ  жеу, 
тазалық сақтау ережелерін ұстану арқылы ұзақ өмір сүруіне болады. Осыны 
әркім өзі үшін, туыстары үшін, өзінің елі үшін жасауы керек. Бұған тек өзің 
тәніңнің  саулығын  сақтап  қана  қол  жеткізесің,  тәннің  саулығы  ғана  өмір 
жасыңды  қалыпты  жағдайға  ұзартқаныңда  адамды  қоғамға  пайдалы  азамат 
етеді.  Әрбір  адам  кем  дегенде  120  жыл  өмір  сүретініне  мен  кәміл  сенемін, 
Бұл  жөнінде  Інжілде  айтылған.  Өмір  сүру  ұзақтығы,  дені  сау  адамның 
жанына жайлы, жағдайына сәйкес болу керек. 
 
 
 
 
Зиянды әрекеттер американдықтарды өлтіруде 
 
Адам  өзінің  тамаққа,  сусынға  деген  ұятсыз  ашқарақтығынан  өзіне 
берілген  мерзімнің  жартысына  жетпей  өледі.  Жабайы  аңдар,  қырсығынан 
сақтаса,  өзінің  өмірін  толық  сүреді.  Бұл  ережені  сақтамайтын  –  адам. 
Мүмкін,  миллиондаған  тіршілік  иелері  ішінде,  тек  адам  ұрпағы  ғана  өзінің 
табиғи жасын жасамайды. Аңдар, қалай өмір сүру керек екендігін, не жеп, не 
ішу  керек  екенін  болмысымен  сезеді.  Аурғанда  және  жараланғанда  олар 
ашығады. Жануарлардың табиғи сезімі, оларға пайдалы нәрсені жегізеді, ал 
адам  ауыр  қортылатын  тамақты  пайдаланады,  оны  улы  сусындармен  ары 
тықпалайды, сөйте тұра, адам неге жүз жасамайды деп таңданады. 
      
Шартты  түрде  бәріміздің  де  ұзақ  өмір  сүргіміз  келеді,  ал  іс  жүзінде 
өзіміздің  өмірімізді  барынша  қысқартамыз.  Мұнда  қандай  мағына  бар? 
Таңқаларлық жұмбақ мынада, адам жаратылысының керемет құрылымы, ең 
кішкентай  бөлшегінің  өзі  жетілген,  құдайдың  санасына  ұқсас  сана, 
мүсіншілер  еліктейтін  тұлға,  осыны  адам  өзі  аяусыз  жоюда!  Бұған  ақталу 
жоқ!  Рим,  Ватикандағы  Апполонның  мәрмәр  ескерткіші  -  әлемге  танымал 

 
14 
өнер  шығармасы,  бірақ  біздің  отандастарымыздың  денесінің  әдемілігінен 
әсем  емес,  алайда  осы  мәрмәр  Апполонды  асыл  гаухар  тастан  артық 
бағалайды, бақылайды. Ал тірі адам өзінің рахымды, нәзік, сезімтал денесіне, 
тәніне өзінің мысығы не итіне бөлген уақыттан аз көңіл бөледі. 
      
Барлық  дұрыс  ойлы  адамдар  бақытты,  ұзақ,  пайдалы  өмір  қалайды.  Ол 
үшін ұзақ ғұмыр, сенімді денсаулық ережесі болуы тиіс – ақ, өкінішке орай – 
бәрі керісінше! 
 
 
 
 
Ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық 
     
Ғасырдың басында, мен дене шынықтыру қозғалысының негізін қалаушы, 
«
Дене  шынықтыру»  журналының  баспагері,  ұлы  тұлға  Бернард 
Макфедденмен  жақын  болдым.  Журналдың  мұқабасында:  «Ару  қылмыс, 
қылмыскер болмайық!» - деп жазылатын. 
     
Бопаулық,  әлсіздік,  аурушаңдық,  мен  үшін,  адамның  ғажайып  тәніне 
жасалған  масқара  қылмыс.  Мен  өз  денсаулығымды  түзеп,  қалпына  келтіріп 
алғаннан  кейін,  тәнімді  жетілдіретін  шараларды  түгел  қолданамын. 
Сергектікке,  шыдамдылыққа,  өміршеңдікке  үйретілген  денсаулығымның 
арқасында, мен өзімді денсаулықтың миллионерімін» - деп атаймын. Жасаған 
жасыңа  тәуелсіз,  денсаулықтың  миллионері  болып,  деніңнің  саулығынан 
ләззәт  алу  үшін  еңбектенуге  болады.  Қартаймайтын,  шаршауды  білмейтін 
денсаулықтың «құпиясы» таза ауа, ашығу, дене шынықтыру, демалыс, табиғи 
тамақтармен ішкі ағзаны тазалау. Сіз өз тәніңізді дүркін – дүркін ашығу және 
табиғи  тағамдармен    тазалаған  кезде,  сіздің  ағзаңыз  күнделікті  дене 
шынықтыруды,  дене  қозғалысын  тілейді.Осылардың  көмегімен,  сіз  өз 
қалауыңыз бойынша денеңізді, мүсініңізді өзгерте аласыз. Ойлап көріңіз! Сіз 
өз  тәніңізді  шыңдап,  сауықтыра  аласыз.  Осы  кітаптан  алған  білім 
толыққанды  өмір  сүруіңізге  көмектеседі!  Адам  табиғаттың  жаратқан 
ғажайыбы, кім де кім уақытын аямай, ағзасының өмірін күн сайын бақылап, 
зерттеп отырса, осыны басқаратын заңдылық қарапайым, әрі түсінікті. 
 
Өмір бақытты және көңілді шым – шытырық оқиға болуы мүмкін 
     
Өзіңді  өзің  оқып  үйрене  беру  шексіз  болып  көрінуі  мүмкін,  бірақта 
күнделікті  өмірдің  нақтылы  заңдарынан  тайқымай  дұрыс  қолдана  білсең, 
өмір  сүру  таңқаларлық  қуаныш,  шым  –  шытырық  оқиғаға  айланады.  Біздің 
әрқайсымыз да, денсаулыққа осы бағытпен беттеуіміз керек. Осыны жылдар 
бойы  зерттеп  үйреніңіз.  Саулықта,  бақытта,  ұзақ  та  салауатты  өмірдің 
нәтижесінде өткен әр күніңіз, сізге шаттық әкеледі. 
 
 
 
ПОЛЬ БРЭГГ, өмір сүруді ұзартудың маманы. 
 
2 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Ашығу кереметі 
     
Біздің  ғасырымыздың  ашқан  басты  жаңалығы  не?  Моңғолия  шөлінен 
табылған, он миллион жыл болған динозаврдың жұмыртқасы ма? 
Өркениетті елдің куәсі болған, ертедегі қалалардың қазбасы, жазулары ма? 

 
15 
Таф-Колледжден  шыққан  профессор  Лейннің  ашқан  жердің  жасын 
1250000000 жыл деп анықтаған радиоактивтік сағат па? Реактивті ұшақ па? 
Теледидар  ма?  Радио  ма?  Атом  қуаты  ма?  Сутегі  бомбасы  ма?  Жоқ! 
Бұлардың біреуі де емес. 
 
 
 
 
 
Біздің заманымыздағы ұлы жаңалық   
     
Менің  пайымдауымша,  қазіргі  адамзаттың  ашқан  ұлы  жаңалығы,  ерікті 
түрде ашығу арқылы өзінің тәнін, санасын, рухын жасарту. Ашығуды ғылми 
негіздей  отырып,  солмайтын  жастыққа  ие  болу.  Адам  ашығу  арқылы, 
мезгілсіз  қартаюдың  алдын  алады.  Қартайып  масылға  айлану  қорқынышы 
әркімнің  жүрегінің  түбінде  ұялап  жатыр!  Осы  кітаптан  алған  мағлұматтың 
көмегімен сіз мезгілсіз қартаю қауіпінен құтыласыз. 
     
Апта сайынғы 24  сағаттық толықтай ашығу, жылына 52 күнді құрайды, ең 
болмағанда  үш,  жеті,  он  күндік  ашығу  буын  мен  бұлшық  еттерді  улар  мен 
қалдықтардан  арылтады.  (Метоболизм  дегеніміз,  тамақты  тірі  затқа 
айландыру, ал бұл одан әрі қуатқа айналады). Метоболизімнің жанама өнімі 
біздің  ауруларымыз  және  мезгілсіз  қартаюымыздың  себебі.  Ағзамызда 
өмірлік  күш  пен  қуат  қалыпты  деңгейден  төмендеген  кезде,  сізде  тән  және 
жүйке шырғалаңы басталады. 
 
Ашығу біздің өмірлік күшімізді сақтайды 
      
Кеңінен  түсіндіруге  тырысайын.  Біз  тамақты  жұтқан  кезде  ұсақталады, 
қортылады, сіңіріліп - өзгеріп, қалдығы ағзадан шығарылады. Адамның төрт 
мүшесі  зиянды  қалдықтарды  аластатуға  жауап  береді:  ішек,  бүйрек,  өкпе 
және тері. Бұл мүшелер жақсы жұмыс істеу үшін, ағзамыз жоғары деңгейдегі 
өміршеңдікке,  яғни  қуат  мүмкіншілігіне  ие  болуы  керек.  Артықты  шығару 
үшін қуат жұмсау қажет. Өңештен, тік ішекке дейін (отыз фут) немесе 10 – 12 
метр аралықтағы ас қорту жолымен тамақты өткізу үшін де аса көп мөлшерде 
өмірлік  қуат  кетеді.  Бүйректегі  екі  миллион  сүзгіден  сұйықты  тазалап 
шығару үшін, ағзамыздағы миллиардтаған клеткалардың қорегін өңдеу үшін, 
бауыр  мен  өтте  жүретін  химиялық    ағымдарға  да  тіршілік  қуаты  қажет. 
Өкпенің  көмегімен  ағзамыздағы  5  –  8  литр  қанды  оттегімен  қанықтырып, 
көмір  қышқыл  газынан  тазалау  және  теріміздің  96  миллион  тесігі  арқылы 
тәніміздегі уларды тер түрінде бөліп шығару үшін де зор мөлшерде өмірлік 
қуат қажет. 
Аз жесең көп жасайсың. Өзінің жаман әдеттерін жоя білген адам, мықты 
адам.  
 
 
 
 
 
 
 
БЕНДЖАМИН ФРАНКЛИН 
 
 
 
 
Біз уланған әлемде өмір сүреміз 
       
Өмірлік  күштің  міндеті,  ас  қорту  ағымында  пайда  болған  улардан 
арылтатын  қуатпен  ағзаны  қамтамасыз  ету  және  денеде  бірқалыпты  36,6 
Цельсия  бойынша  температураны  ұстап  тұру  (ыстығымыз  көтерілсе  де, 
төмендесе  де  аурамыз).  Біздің  қазіргі  өркениетті  әлемімізде,  адамның  өзі 

 
16 
жасаған және басқа да улардың бәрі - өмірлік күштің жаулары, өмірлік күш 
осылардың бәрін жеңуі қажет. 
 
 
 
 
Ең көп кір аспанда 
      
Кір бізді төбемізден төмпештейді. Мысалы Нью – Йоркте: Әрбір шаршы 
милге,  ай  сайын  60  тонна  шаң  –  тозаң  құйылады.  Осы  лас  Нью  –  Йорк 
жағдайында, ағза аман болу үшін қалай жанталасатынын ойлап көріңіз. Осы 
уланған қалада аурухана мен аурулардың көптігіне таңырқауға болмайды. 
     
Ғалымдардың  анықтауынша,  Питтсбург  немесе  Алабама  штатындағы 
Бриминген  сияқты  ауыр  өнеркәсіптері  дамыған  қалалардың  тұрғындары, 
мезгілсіз  ажалдың  себепкері,  өте  қатерлі  өкпе,  жүрек  ауруларымен  жиі 
ауырады.  Себеп  –  лас  ауамен  дем  алғанның  нәтижесі.  Бұндай  ерекше 
түтінмен  улану  Лос  –  Анджелс,  Феникс,  Чикаго,  Сент  –  Луисе,  Канзас  – 
Сити, Вашингтон т.б. үлкенді кішілі қалаларда әсерін тигізуде. 
      
Күйенің,  фабрика  мен  зауыттардың,  қоқыс  өртейтін  пештердің,  химия 
өнеркәсібі және автокөліктердің түтіндері мен газдары, американдықтар дем 
алатын  –  қорқынышты  қойыртпақ  жасайды.  Ауаның  ластануы  біздің 
денсаулығымызға  және  өмірімізге  төнген  қатер.  Осы  сұмдық  қалдықтарды 
ағзамыздан аластатудың жалғыз жолы – ашығу. 
 
 
 
 
Біздің өзен, көлдеріміз де қатты ластанған 
       
Біздің  ағзамызды  тек  ауа  ғана  уламайды,  ласталған  кір  суды  ішуге 
пайдалану  үшін,  арнайы  химиялық  әдістермен  тазалаймыз.  Ішетін  суды 
тазалау үшін өлі зат – хлор т.б. қоспаларды пайдаланамыз. Есіңізде болсын: 
біздің  ағзамыз  тек  қана  тірі  заттарды  ғана  сіңіре  алады  (өсімдік  және 
жануардан  алынған).  Қандай  болмасын  өлі  зат  ағзадан  шығарылып 
тасталынады (мөлшерлі өмір қуатының шығындалуымен). Егер адам өмірлік 
күшінің  шегіне  жетсе,  осы  өлі  заттар  тәнде  жинала  беріп,  келешекте 
денсаулықты ойсыратады.  
     
Эри көлінің жағдайы қыл үстінде. Бұрынғы ақ шаңқан жағалау, қолқаны 
қаптыратын  мүк  қойыртпағына  айланған.  Бекіре,  табан,  алабұғалар  мүлдем 
жоғалған. Маған бір болашақ дәрігер – студент Кливлендтен хат жолдапты: 
«Біздің көл өндіріс орындарының қоқыс құятын апаны. Бұнда балық тіршілік 
етпек  тұрмақ,  адамдар  суын  іше  алмайды,  себебі  улы  химикалилермен 
уланған.  Осында  құятын  Детройт  –  ривер  өзеніне  ғана,  Детройт  өндірісі 
күніне  бір  жарым  миллион  галлон  қалдықтар  төгеді.  Акрон  мен  Кливленді 
жарып  ағатын  Кайахога  өзені  шірінді,  ағаш  жаңқасы  мен  ұнтағы,  жанар  – 
жағар  май,  ескі  арқан  т.б.  қалдықтарды  көлге  апарып  құятындықтан 
Америкадағы  ең  лас  өзен  атағына  ие  болды.  Осыған  қосымша  мыңдаған 
өлген балықтардың қалдығын қоссаңыз, сұмдық көрніс айқындала түседі. 
      
Өткен  жылы  Буффалоның  әкімімен  Буффало  өзенінде  саяхат 
жасағанымда  химия,  өндіріс,  кір  –  қоқыс  қалдықтарынан  пайда  болған 
аралдар тізбегін көргенде: «Сұмдық – ай!» - деп жан даусы шыға айқайлап 
жіберді.  Осындай  ласталған  су  көздерін,  еліміздің  барлық  жерінен  табасыз. 
Біз  суды  өте  көп  мөлшерде  қолдануымыз  қажет,  бірақ  ол  химиялық 

 
17 
тазаланудан  өткен.  Есіңізде  болсын:  осы  өлі  заттар  ағзадан  шығарылуы 
керек, әйтпесе қатерлі зиян... 
      
Ағзадағы өмірлік күштің деңгейі төмендесе, өзінің шығаратын жүйесімен 
өлі заттарды шығара алмаса, онда олар ағзада қалып – кемтарлыққа, өлімге 
ұрындырады. 
      
Егер біз ағзамыздан уларды шығаруға тырыссақ, онда ашығуымыз керек, 
ашығудың  көмегімен  ағзамызға  физиологиялық  тыныштық  береміз.  Осы 
демалыс біздің өмірлік күшімізді қайта қалпына келтіреді, осы күш көбейген 
сайын ағзамыздағы улар мен қалдықтар тез шығарылады.  
     
Ашығу – ішкі емделу және тазалану. 
 
 
 
 
Химиялық тозаңмен улану 
       
Тонналаған  улы  заттар  ауада  тозаң  түрінде  зиянды  құрт  – 
құмырсқаларды  өлтіріп  қана  қоймайды,  біз  жейтін  жеміс  –  жидектерге  де 
сіңіп қалады.  
        
Салаттар, пайдалы да, дәмді, бірақта кей кезде өмірге қауіпті де болады, 
егер де улы пестицидпен (құрт – құмырсқаларды өлтіретін улар) өңделсе. Қай 
кездегіден болмасын, жеміс – жидектердің өнімі химиялық пестицидтармен 
көптеп  өңделеді.  Сондықтан  да  өз  денсаулығыңды  қатерге  ұшыратудан  сақ 
болуың керек. Салаттан адам уланып қалуы мүмкін. Бір кездерде Маямидің 
қонақ  үйінде,  бірнеше  әйелдер  таңғы  астан  кейін  бастары  айланып, 
қалшылдап  –  дірілдеп  жүректері  айни  бастады.  Жедел  жәрдем  келіп 
анықтағанда,  олардың  көк  салаттан  уланғаны  белгілі  болды.  Дәрігер  ДДТ 
және басқа да улы химикаттармен уланғанын дәлелдеді. 
        
Біздің жейтін тағамдарымыз өте жоғары мөлшерде улы пестицидтармен 
өңделеді.  Тамақ  және  дәрі  басқармасының  хабарлауынша:  «Сараптама 
бойынша  жемістердің  үш  тобы  пестицидтармен  уланған,  екі  топ  цикориде 
мөлшерден  тыс  у  бар.  ДДТ  –  ның  көп  болуына  байланысты  салаттар  тобы 
жойылды». 
       
Бұл  әлі  түк  емес.  Тексеруден  тек  қана  сауда  жасаған  кезде  штаттан 
штатқа  өтетін  жемістер  қамтылады.  Пестицид  қалдығы  бар  көптеген  тонна 
салаттар өздері өсірген штатта қала береді. Олар мүлде тексерілмейді. Тамақ 
және дәрі басқармасының мойындауы бойынша, саудаға түскен тағамдардың 
белгілі бөлігін ғана тексеріп үлгереді. 
 
Кейбіреу білім бұлағынан қанғанынша сусындайды, басқалары 
тамағын ғана шайқайды 
 
      
Ащы  шындық  мынада,  ауылшаруашылық    өнімдерінің  басым  бөлігі 
хлорлы  көмір  сутегі,  ДДТ  –  ны  қоса,  фосфор  қоспалары  және  басқа  да 
пестицидтермен, улармен дәріленіп өңделеді. Дәрігелердің дәлелдеуінше тек 
өсіп тұрған сабағын ғана емес ДДТ, т.б. химикаттар топырақта айлап жатып, 
осы алқапқа егілген басқа өсімдіктерге сіңеді. У тамырмен жоғары көтеріліп, 
жеміске сіңіп, өсімдіктің бір бөлшегі болып қалады да, одан шығару мүмкін 
емес. Егер сіз памидордың уланғанын білсеіңіз, онда оның қабығын аршып 

 
18 
удан құтылуға тырысасыз. Өкінішті, сіз бекер әуреленесіз. Сіз, бірдемесінен 
құтылдыңыз,  бірақта  удың  негізі  өсімдікте  қалды.  Улар  қайнатқанда  да, 
тамақ пісіргенде де кетпейді. 
 
 
 
 
Ашығу ағзадан уларды аластатуға көмектеседі 
       
Адам ашыққан кезде тамақ жеуді доғарады, тамақ қорытуға кететін бүкіл 
өмірлік қуат, енді ағзадағы уларды шығаруға жұмсалады. 
       
Мен  лекциялар  оқумен  Құрама  Штаттарды  және  басқа  да  елдерді  көп 
саяхаттадым. Менің бақытыма қарай көптеген адамдар маған өздері өсірген 
жеміс  –  жидектерін  жиі  жіберіп  тұрды.  Көп  жағдайларда  осы  тағамның 
негізгі бөлігі улы химикаттармен қанықтырылғанын біле тұра барына қанағат 
тұттым.  Міне,  мен  сондықтан  да  аптасына  24  не  36  сағат,  жыл  бойы  он 
күннен төрт қабат ашығамын. Он күндік ашығу кезінде, таңертең оянғаннан 
кейін,  кіші  дәретімді  кішкентай  құтықшаға  құйып,  салқын  жерге  сақтап 
қоямын.  Бірнеше  күннен  кейін,  кішкентай  қиыршықтар  пайда  болады. 
Осыны  химиялық  сараптамаға  жібергенде,  ДДТ  және  басқа  улардың  ізін, 
қалдығын көрсетеді. 
       
Бір  кезде  мен  21  күн  ашықтым,  19  –  шы  күні  кіші  дәретке  отырғанда 
қуығым  қатты  ауырды.  Мен  дәретімді  сараптамаға  жібердім,  сөйтсем  ДДТ 
және басқа уларға толы екен. Осы улар менен шығып болған кезде, мен өзіме 
керемет  қуаттың  құйылғанын  сездім.  Көзімнің  ағы  аппақ  қар  сияқты,  ал 
терімнің өңі құлпырып кетті. Әлі есімде, Калифорния штатында Пасадендегі 
Уилсон тауына, ашығуымның 19 – шы күні қиналмай – ақ шықтым. Жүгіріп 
төмен  түскен  кезде,  өзімді  керемет  жеңіл  сезіндім.  Менің  көзқарасым 
бойынша, ашығу – ағзаны улардан тазалайтын бірден – бір әдіс. 
 
Жеміс – жидектегі балауыз біздің денсаулығымызға қауіпті 
        
Ұлтымыздың  денсаулығына  тағы  бір  қауіп  төнуде.  Алма,  алмұрт  шие, 
қияр  не бұрыш жеген кезде сыртқы қабығын мұқият қараңыз. Жалтырап тұр 
ма?  Теп  –  тегіс  жылтыр  ма?  Олай  болса  сақ  болыңыз!  Мүмкін  бұларға 
балауыз  ертіндісі  жағылуы.  Дәрігелердің  пайымдауынша  –  бұл 
американдықтардың  денсаулықтарына  өте  қатерлі.  Жемістің  қабығына 
жағылған  балауыз,  оның  суын,  шырынын  және  дәмі  мен  алғашқы  қалпын 
сақтайды. Бірақта бұл қабық денсаулыққа өте зиян. Біз жемісті жеген кезде, 
қортылмайтын  балауызды  қоса  жейміз.  Балауыз  –  мұнай  өнімі,  оны  біздің 
ағзамыздағы бір де бір мүше қорыта алмайды. Қауіпті балауыз ағзада жинала 
береді.  Дәрігерлердің  мазасызданатын  да  жөні  бар.  Сауда  мақсатында 
тағамдарды өңдегеннен бастап, Америкада аурудың жаңа түрлері пайда бола 
бастады. Біз өз ағзамызда, ауру әкелетін балауызды қалдыруға тиіс емеспіз. 
Менің көзқарасым бойынша, 24 не 36 сағат ашығу және жыл бойы ашығулар, 
осы қауіпті қалдықтан ағзаңызды тазалайды. 
         
Біліңіз, ашыққан кезде босаған өмірлік қуатыңыз, ағзаңызда зор тазалау 
жұмысын жүргізеді. 
 

 
19 
 
Медицина  –  жай  ғана  ауруыңды  жеңілдетеді.  (паллиатив)    УЭЙР 
МИТЧЕЛЛ 
 
Әрбір  аурудың  негізінде,  ешқандай  дәрі  жоя  алмайтын  оның  себебі 
жатыр.  
 
 
 
 
Біздің тағамымызды жаңа улар жаулап жатыр 
         
Ұлттық тағамымызға мыңдаған жасанды тамақ қоспаларының қосылуы, 
ауруға ауру жамап жатыр. Ұзақ жылдар бойы «зиянсыз» деп келген қоспалар, 
денсаулық үшін өте қауіпті болып шықты. Сөйткенмен де,  көпшілігі әлі де 
қолданылып  жүр.Өндірістік  кәдімгі  ақ  нанды  алайықшы  –  ол  ақталған, 
боялған, 
байытылған, 
тазаланған, 
жұмсартылған, 
иістендірілген, 
қораптандырылған.  Осының  бәрі  жасанды  химиялық  ингредиенттің 
көмегімен жасалған. Қазіргі уақытта 100 пайыз жасанды қоспа қоспаған, таза 
бидай ұнынан істелген нан таба алмайсыз. 
        
Адам  ағзасы  –  жеке  клеткалардың  жиынтығы ғана,  басқа  ештеңе  емес. 
Егер  сіз  дұрыс  тамақтансаңыз,  асыңыз  -  өсу  мен  қозғалыстың  сұрамын 
толықтай қамтамасыз етсе, онда клеткаларыңыз 120 жыл, не одан да көп өмір 
сүруіңізге мүмкіндік береді. Адам қай уақытта өзінің ағзасымен санаспайды, 
сасық  –  лас  ауамен  тыныс  алады,  онда  оның  клеткалары  да  осыған  сәйкес 
әрекет істейді, адам не ауруханаға, не зиратқа кетеді. Өзінің тамағын ластап, 
оның  құрамына  улы  химикаттар  қосса  ағзасындағы  клеткаларға  сөзсіз  зиян 
келтіреді, бұндайға бейімделмеген ол, өз қызыметін нашар атқара бастайды. 
Жасанды  қоспаларға  толы  ағза  қалай  жақсы  жұмыс  істейді?  Жалғыз  берер 
кеңесім,  химиялық  өңделген  тамақты  емес,  мүмкіндігінше  табиғи 
тамақтармен тамақтаныңыз! Сатып алған кезде жарнамасын мұқият оқыңыз! 
Дүкеннен  алатын  тағамдарыңыздың  толықтай  сараптамасын  анықтап, 
өндіретін кәсіпорынға дейін сұрау салыңыз. 
        
24 пен 36 сағат ашығу кезеңінде көптеген саудалық улардан құтыласыз. 
Таза  емес  екенін  сезсеңіз,  онда  7  –  10  күн  толық  ашығып,  толықтай 
тазаланыңыз.  Тағамыңызда  қанша  улы  заттар  болғанына  өзіңіз  шошисыз. 
Біліңіз,  алыпсатар  мен  сатушы  сіздің  денсаулығыңыз  бен  өміріңізге 
пысқырып та қарамайды, керісінше: «өлмесең, өме қап» - дейді. 
 
 
Түсте  аздап  қана  жеңіз,  кешке  онан  да  аз,  ең  дұрысы  тамақтанбай 
ұйықтаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
БЕНДЖАМИН ФРАНКЛИН 
Сіз ашыққан кезде, ағзаның өмірлік қуаты тазалау жұмысын жүргізеді. 
Ағза өзін өзі тазалайды, өзін өзі емдейді, өзін өзі қалпына келтіреді. 
Сіз тамақ жеуді тоқтатқан кезде, ағзаңызда керемет құбылыстар болады. 
Егер, сіз ағзаңыздың тазалығын сақтағыңыз келсе, сіз ашығуға тиіссіз! 
Бірнеше  рет  ашығып  көріңіз,  сіз  бұрын  сезбеген  –  денсаулыққа  жетелейтін 
ішкі тазалыққа тап боласыз, настықтан құтыласыз! 
 
 
 
 
 
 

 
20 
Қарапайым ас тұзы туралы білгеніңіз, сізді өте таңырқатады 
          
Тамаққа, суда сілтіге айналатын натрийді қосасыз ба? Немесе улы газ 
хлорды? «Күлкілі сұрақ, басы істейтін бір де – бір  дені сау адам адам бұлай 
жасамайды»  -  деп  айтасыз.  Әрине  жоқ.  Бірақ  та  шырылдаған  шындық, 
адамдардың көпшілігі натрий мен хлродың химиялық әрекетінің нәтижесінде 
пайда  болған,  өлі  зат,  АС  ТҰЗЫН  пайдаланады.  Ғасырлар  бойы  қолданған 
«жердің тұзы» деген сөз тіркесі маңызды жақсылықты меңзеді. Бұдан өткен 
қаталық  болмайды.  Күнделікті  тамаққа  қолданатын  осы  қауіпті  қоспа, 
денсаулықты бұзады. Келіңіз дәлелдерге жүгінейік: 
1.
 
Тұз  тамақ  емес!  Тамаққа  дәріханадан  алған  калий  хлоридін,  кальций 
хлоридін, барийді т.б. қосқанмен тең. 
2.
 
Тұз  қортылмайды,  ағзаға  сіңбейді.  Қоректік  қасиеті  жоқ.  Тұздың 
құрамында  витамин,  тірі  қоректік  заттар  болмайды.  Керісінше, 
бүйрекке,  өтке,  қуыққа,  жүрекке,  қан  тамырларына  зиян.  Тұз  бұлшық 
еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді. 
3.
 
Тұз  жүрекке  у  болуы  ықтимал,  сондай  –  ақ  жүйкеңіздін  қозуын 
арттырады. 
Тұз  ағзаңыздағы  кальциді  шайып,  асқазан  –  ішек  жолдарындағы  кілегей 
қабығына әсер етеді. 
      
Егер  тұз  сондайлық  зиян  болса,  неге  кеңінен  пайдаланылады?  Негізгі 
себебі  мынада,  мыңдаған  жылдар  бойы  тамақты  тұздап  сақтау  әдетке 
айналып  кеткен.  Осы  әдеттің  қалыптасуы,  адам  ағзасына  тұз  қажет  деп 
есептеуден.  Бірталай  халықтар,  мысалы  эксимостар  ешуақытта  тұз  жемейді 
және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен құтылған адамға тұздың әсері, 
өмірі  темекі  шекпеген  адамның  темекі  шеккеніндей.  Кейбір  жануарларға, 
әсіресе үй құстарына тұз нақтылы у. Шошқалар, тұзды мөлшерден артық жеп 
қойса қырылып қалады. 
 
 
 
 
Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет