Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға


Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
 
Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
1847  жылы  Қырғыздың  бай  шонжар  манабы  Орманхан  шешесіне  ас 
береді.  Бұл  ас  жиынға  Қазақ  пен  Қырғыздың  игі  жақсылары  бас  қосады. 
Қазақ  ақыны  Сүйінбай  Қырғыз  ақыны  Қатаған  да  осы  жиында  кездеседі. 
Екеуінің  айтысы  болып,  Қазақтың  бар  баласы  айтылатын  бұл  айтыстың 
мақсаты  елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру. 
 
Айтысты Қатаған ақын бастайды: 
Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді,   
 
 
  
Ояйын ба көзіңді! 
Ақын мен деп ойлайсың,  
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен тұрғанда өзіңді! 
Қисық ағаш кездесті,    
 
 
 
Басыңнан өлең жаудырып, 
Бір құрайын тесімді!   
 
 
 
Барың болса қарышта,   
 
 
 
 
 
 
 
 
Барар жерің сезілді!   
 
 
 
 
 
Келіп қапсың байқамай,  
 
 
 
 
 
Өлетұғын жеріңді, 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көрсетейін деп өзіңе, 
Қазулы тұрған көріңді! 
Ажал айдап келген соң, 
 
 
 
 
 
Саған өлім тегін-ді! 
Тентіреп жүріп қаңғырып,    
Былғама шалқар көлімді! 
 
 
 
 
 
 
Қара жалым  хан Орманхан, 
Жантай, Бәйтік бегімді! 
 
 
 
 
 
Сыртыңнан іздеп, жүруші ем, 
Келтірді Құдай кезіңді!  
Түстің бе бәлем қолыма, 
 
Үрлейін мес қып теріңді! 
Қатырлатып та шайнайын,   
 
 
Қыбырлаған жеріңді! 

 
167 
Ай Сүйінбай, Сүйінбай, 
 
Сүйінбай маған бұйым ба-ай! 
 
Сүйінбай сені жеңермін, 
Ешкімге де сиынбай!   
 
Айтысатын ақынсың,   
 
 
 
 
Бір қалаштық тиынға-ай! 
Керегің жоқ Қырғызға,  
 
Керегің Қазақ жиынға-ай!   
 
 
 
 
Келіп қапсың ордама, 
Қатағанды тұйынбай!   
 
 
 
 
 
 
Боз жапалақ сен едің,   
 
 
 
 
Қияқты сұңқар мен едім, 
 
 
 
 
  
Тырнағыма ілінсең, 
 
 
 
 
 
 
Қалмайды желкең қиылмай!   
 
 
 
Осы жерде жеңілсең   
 
 
 
 
 
Кірмессің қайта жиынға-ай!   
 
 
 
Еліңе сонсоң қайтарсың,  
Көзіңнен жасың тиылмай! 
 
Арманда қалма Сүйінбай, 
Ақында болсаң байқайын, 
Басыңнан өлең жаудырып, 
Миыңды біраз шайқайын! 
Айтыспаймын да сенімен, 
 
Сес көрсетіп қайтайын! 
Көптігімді-ау айтайын, 
Байлығымды-ау айтайын, 
Менің атым Қатаған, 
Қоңыр Бөрік асында, 
Бес жүз жылқы матағам! 
Сүйінбай тәуір ақын деп, 
Мұның несін атаған! 
Құс мойынды, қоян жон, 
Тұлпардан туған жатаған! 
Бай мырзаңды қоса ғып, 
Айтысыам деп менімен, 
Өлтіріп алма қападан! 
Сүйінбай сенен жеңілсем, 
Қатаған болмай қатайын, 
Көк шешектен жатайын! 
Қырғызға әкеп мақтанып, 
Беш тиынға-ау сатайын! 
Әскер тартып барғанмын, 
Сөзімнің тапшы жалғанын, 
Әскер тартып барғанда, 
Өзімдікі болмап па ед, 

 
168 
Қойныңдағы жарларың! 
Атқа да мінген арларың! 
Кенесары төреңнің, 
Басын кесіп алғанмын, 
Науырызбайдай бегіңді, 
Итіме сүйреп салғанмын! 
Заты жаман Сүйінбай, 
Кәне кегіңді алғаның! 
Алам деп кегің жүргенде, 
Ішіңде кетер арманың! 
Ау, көптігімді де айтайын. 
Орауыз, қара бурадай,   
 
 
 
 
Шала сөйлеп жатпайын! 
 
 
 
 
 
  
Күніне шауып жараған,  
 
 
 
 
 
Жүйрік жалын тараған,  
 
 
 
 
 
Қара Бәйтік бегім бар,   
 
 
 
 
 
Падишадан шен алған, 
Орманханға балаған!   
 
 
 
 
 
 
Аузына Қырғыз қараған! 
Батыр Жантай бегім бар, 
 
 
 
 
 
 
 
 
Егізек пен Тоғызақ
 
 
 
 
 
 
Бұғы деген қырғызым,  
Маңдайға біткен жұлдызым! 
 
Қырғыз болып аттансам, 
 
 
 
 
 
 
Өзімдікі емес пе!  
 
Қазақтағы бар қызың!   
 
 
 
 
 
Қызың тұрмақ құл болар, 
 
 
 
 
 
Босағаңдағы жалғызың! 
 
 
 
 
 
Қаңғырып жүрген қазағым, 
Қимылдашы кәнеки. 
Сүйінбай ақын сені ме,  
Меніменен айтыссаң,   
 
 
 
 
 
Кіргізермін әкеңнің,   
 
 
 
 
 
 
Өзенді жерге бас ұрған,  
 
 
 
 
 
 
Қазулы тұрған көріне!   
 
 
 
 
Кезеңді жерді-ау асырған,   
 
 
 
 
Қазақтың шауып жылқысын, 
Алдына салып айдаған! 
 
 
 
 
 
Байлық десең, бізде бар,  
Батырлық десең, бізде бар! 
 
Ел шетінен айтайын, 
 
Сарыбақ үш мың дұлым, 
 
Жағамдағы құндызым! 
 
Маңдайдағы жұлдызым, 
 
Бұғы деген жұртым бар, 

 
169 
 
Байлық десең, мұнда бар, 
 
Көптік десең, мұнда бар! 
 
Беттік десең, мұнда бар, 
 
Көкше қоян құмда бар, 
 
Біздей ерчі қайда бар! 
 
Қасар ұры деген қырғызым, 
 
Сары рудан қозғасам, 
 
Тең келмес оған қаруың! 
 
Ауадан былай көп Солта, 
 
Найзасын тасқа жаныған, 
 
Тұлпар мініп жаратқан, 
 
Жанды аузына қаратқан! 
 
Сол Солтының ішінде, 
 
Қалың қара Қанайым, 
 
Қанайымды қаптатып, 
 
Қазағым саған салайын! 
 
Қазақ қандай, мен қандай, 
 
Оған несін қарайын! 
Айтысам деген ақынның, 
 
 
 
Сүйінбай! 
 
Зар жылатқанмын талайын!   
 
 
Онан бері танайын, 
Қақ шекеңнен ұрайын! 
Қимылдашы кәнеки, 
Қай жақсың бар ей Қазақ, 
 
 
 
 
 
Сыртыңнан бағып тұрайын! 
Алатаудан төтелеп, 
Тау ешкідей, тік басып
Саяғыма шығайын! 
Тынай менен Саяқтың, 
Артық қылып нәсілін, 
Жаратқан жоқ па Құдайым! 
Онан да бері Саяғым, 
Саяғым аман тұрғанда, 
Сүйінбайдың да үстінен, 
Алар ма еді таяғым! 
Бұрынғы мен соңғыда, 
Оңалып еді баяғым, 
Орманхандай бегімнің, 
Құшақтап сүйген аяғын! 
Сүйінбай ақын байқадым, 
Қақ шекеңнен шабайын, 
Сыртыңнан бағып қарайын! 
 
Сондағы Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны: 

 
170 
 
 
 
 
 
Қашырма төрем қанымды, 
 
 
 
 
 
Кіргізейін жанымды, 
 
 
 
 
 
Қатағаннан жеңілсем, 
 
 
Талап алғын малымды! 
 
 
Іздегенім осы еді, 
 
 
Іздегенім табылды. 
 
 
Қатаған сөзден жаңылып, 
Өз-өзінен жаңылды. 
Қызып тұрған темірге, 
Өзі келіп қарылды! 
Нарескенге жолықтың, 
Шашамын судай қаныңды. 
Болаттан құрыш қылышпын, 
Алтыннан соққан сабымды! 
Қабағын шытса Сүйінбай, 
Тарту қылып тартарсың, 
Қойныңдағы жарыңды, 
Айдап келіп берерсің, 
Алдыңдағы малыңды, 
Малың түгіл барыңды! 
Жүйрік аттай көсілсем, 
Көре алмассың шаңымды, 
Алжыған тазы секілді, 
Аңыламай шаптың аңыңды. 
Заты жаман Қатаған, 
Иттігің қашан арылды! 
 
Жаңадан сөзім жаңада, 
Мақтанып жүрсің Қатаған! 
Бес алты біткен танаға, 
Кенесары, Наурызбай! 
Қырғызды барып бес шауып, 
Келтірген аузын тобаға! 
Төрелерін кергілеп, 
Апарып тыққан молаға, 
Бұл Құдайдың қазасы, 
Қазаға қарсы бола ма? 
Заты жаман Қатаған, 
Маңайыма жолама! 
Әрнәрсені бір сөйлеп, 
Әркімді бір даттайсың, 
Алжып аңға шыққанша, 
Үйде неге жатпайсың? 
Байлығың сенің белгілі, 
Бұтыңды отқа қақтайсың, 
Жаздай егін айдайсың, 

 
171 
Жалғыз бұзау байлайсың! 
Түр-түрлікті қоймайсың, 
Сүйінбай сынды ақынды, 
Жеңемін деп ойлайсың, 
Қарсы шапқан қырғиға, 
Ажалы жеткен торғайсың! 
Көн шоқайың бұлтылдап, 
Көмекейің жылтылдап, 
Аз қонаққа ақ сұрап, 
Көп қонаққа қап сұрап, 
Қазақ жақын келгенде,  
Келмеуші ме едің мал сұрап! 
Көппін деп айттың Қатаған, 
Көптігің сенің қайда бар, 
Үш атаның ұлысың, 
Қазағымды қаптатсам, 
Жұртта қалған күшіктей, 
Айдалада ұлырсың! 
Шапырашты елім бар, 
Асқар таудай белім бар! 
Байтақ жатқан елімнен, 
Шапыраштыға сенім бар. 
Тұлпар мініп жаратқан, 
Жауын жеңіп қаратқан! 
Маған қандай теңің бар? 
Сұраншы, Саурық аттанса, 
Сыртқы жауға өлім бар! 
Қарасайлап аттанса, 
Дұшпанға қазған көрім бар! 
Шапырашты қалың ел, 
Жауды көрсе қаптаған, 
Сабыр қылып саспаған. 
Қарасай үлкен ер еді, 
Есімі елге белгілі. 
Асыл заттың бірі еді, 
Аруағы дүркіреп,  
Басылмай әлі келеді! 
Тұлпар шапса талмаған, 
Бар қазақтың ұлында, 
Онан асқан болмаған! 
Даңқты батыр болмаған! 
Даңқты батыр ер еді, 
Бүкіл қазақ жиналса
Қарасай білсін дер еді! 
Мен Қарасай ұлымын, 

 
172 
Нар келдемнің түрімін. 
Айтулы ердің бірімін, 
Шапырашты батыр ел, 
Батыр туған мен едім! 
Менменсіген мықтының, 
Талайын жеңген ер едім. 
Сұраншы, Саурық кезінде, 
Қайссың бетке кеп едің? 
Құдияр хан мен Орманды,  
Алдыма салып қуғанда, 
Білінбей кетті дерегің! 
Қаршыға тиген шілдей қып, 
Сондағы туған мен едім! 
Қырғыз, Қазақ елдесіп, 
Тыныштықта тұрғанда, 
Анау мынау демегін! 
Шапырашты ішінде, 
Қалың жатқан асылым. 
Артық менің нәсілім, 
Шыбыл менен Айқыным, 
Маңдайдағы айқыным! 
Екей деген ақын ел, 
Өлең таппай қиналсаң, 
Айтысқанда бізге кел. 
Есқожа деген батыр ел, 
Көсе көсе көктеген. 
Бүкіл қазақ халқында, 
Оған ерлік жетпеген! 
Онан бері айтайын, 
Қалың жатқан Ошақты,  
Атамыз қойған осы атты. 
Талай елді олжалап, 
Талай жерді босатты! 
Жасаған жауға осы атты, 
Батырлары көп шығып,  
Алтыннан сауыт жасатты! 
Ошақты деген батыр ел, 
Ішіндегі атақты! 
Қатаған ақын оңбайды, 
Тіл тигізіп халыққа
Аруаққа тас атты! 
Онан бері Ыстым бар, 
Алатаудай күштім бар. 
Қазағым атқа қонғанда, 
Қатаған артың мұштыңдар! 

 
173 
Сол Ыстының ішінде, 
Ойық пенен Тілігім бар. 
Барлығы түгел қозғалса, 
Сырқырар сенің жілігің! 
Елдесіп отырған екі елдің, 
Қалаймысың бүлігін? 
Шағыстырған жұртымды, 
Жақпады маған қылығың! 
Атағы жоқ Қатаған, 
Құрысын сенің ырымың! 
Онан бері Сары Үйсін, 
Ұлы жүздің бәрі Үйсін! 
Екенімді Сүйінбай, 
Осыларды қаптатсам, 
Енді «батыр» танисың. 
Есеңгіреп еліңнен, 
Ұмыт болар тарихың! 
Онан бері Қаңлым бар, 
Қаңылыны қаптатсам, 
Аузы басыңды қан қылар! 
Қолыңдағы барыңды, 
Қойныңдағы жарыңды, 
Тартып алып зар қылар! 
Шанышқылыны қаптатсам, 
Кең дүниеңді тар қылар. 
Қожа менен Тоғышақ, 
Сәлделері бір құшақ. 
Қали пірім өз жұртым, 
Сахарадан жөнейтін, 
Көлден ұшқан қу құсап! 
Онан бері Сіргелі, 
О, да бір жұрт іргелі. 
Жігеттедің бәрі де, 
Теке жәуміт мінгені. 
Дүниенің қызығы, 
Тамаша дәурен сүргені! 
Іледен ары өтейін, 
Жалайырға жетейін. 
Он екі атаның ұлы еді, 
Абақ, Тарақ жұртым бар. 
Ақ Көбікті өлтірген, 
Орақ батыр сонда бар, 
Арғы атасын айтайын, 
Қоғалы көлді шалқытқан, 
Туған айды балқытқан, 

 
174 
Сөзге шешен Балпықтан, 
Он екі ата Жалайыр, 
Аршынға қолын сермеген, 
Маңына дұшпан келмеген! 
Батыр деген сол елде, 
Найзамен шаншып ет жеген. 
Ажалдан бұрын өледі, 
Ыңғайына көнбеген! 
Тұлпар деген сол елде, 
Алтын Ордада бағылып,  
Дорбада тұрып жем жеген! 
Сұлу деген сол елде, 
Ашпаған бетін пендеге, 
Еркектерін ардақтап, 
Өмірі адам көрмеген! 
Батырлары жасанып, 
Аттары кетпес кермеден, 
Қазақ деген батыр ел, 
Ешкімге намыс бермеген! 
Онан әрі Дулатты, 
Батырлары көп шығып. 
Талай жерді шулатты, 
Спатай аңдас Бәйсейіт, 
Қарсы келген дұшпанын, 
Садақ тартып найзамен, 
Қылышпен кесіп турапты! 
Төрт Дулаттың баласы, 
Жердің жүзін жасырған. 
Ерегескен дұшпаны, 
Алдына келіп бас ұрған! 
Былай барсам Сиқымым, 
Сиқымымды қозғасам, 
Басыңа салар қиқуын! 
Онан бері Жанысым, 
Жанысымды қозғасам, 
Жанып кетер намысым! 
Батырлары көп шыққан, 
Ешкімге бермес намысын, 
Қалай екен шабысым? 
Сөзімді енді байқап  көр, 
Қатаған қайта барысып! 
Онан бері Ботпайым, 
Ботпайымды қозғасам. 
Кетерсің жанып оттайын. 
Етім қызып кеткенде, 

 
175 
Сабыр қып қалай тоқтайын? 
Меніменен егеспе, 
Жерге ұрамын доптайын! 
Тұра тұрғын Қатаған, 
Шымырымды жоқтайын! 
Онан бері Шымырым, 
Шымырымды қозғасам, 
Кеудеңнен шығар шыбының! 
Артыңнан шығар дыбының! 
Одан әрі асайын, 
Алатаудан тосайын. 
Алты аталы Албаным, 
Албанымды қозғасам, 
Саған түсер салмағым! 
Көбікті сөзді көп сөйлеп, 
Заты жаман Қатаған! 
Әр кімге тиді салдарың, 
Албаным атқа қонғанда, 
Тосырқаған торы аттай, 
Бойыңда қалмас иманың! 
Онан әрі Суаным, 
Аз да болса жуаным. 
Бүкіл дүние жүзінде, 
Шөгіп жатқан мұнарым! 
Ешкісіндей кедейдің, 
Азғантай ғана Қырғызсың! 
Алдыма салып қуамын, 
Алдымнан жұтып Қатаған, 
Артымнан қайта туамын! 
Одан әрі келейін, 
Қазақты тере берейін. 
Айта берсем таусылмас, 
Жалпақ жатқан Ұлы Жүз! 
Орта Жүзге келейін, 
Орта жүздің ішінде, 
Жалпақ жатқан Найманым! 
Құлашын кең жайғаным, 
Құдайындай силайтын, 
Үйіне келген мейманын! 
Түр-түрлікті қоймадың, 
Сүйінбай сынды ақынды, 
Жеңемін деп ойладың! 
Ажалы жеткен қарғасың, 
Бүркітпенен ойнадың! 
Сүйінбайға жетем деп, 

 
176 
Қазанымнан ас ішкен, 
Қан құсып жүрме тойғаным! 
Сол Найманның ішінде, 
Бегімбетпен, Қызайым, 
Қос уыстап өлеңді, 
Төбеңнен әкеп құяйын! 
Төбеңнен өлең сауласа, 
Сонда болар уайым! 
Одан бері келейін, 
Керейімнен терейін. 
Байлық пенен көптік те, 
Мырзалық пен бектік те, 
Оған ешкім жетпеген, 
Тәуекел қып көрейін! 
Сарыарқаны жайлаған, 
Мамаға атын байлаған. 
Даладағы аттары, 
Құлын тайдай ойнаған! 
Қарсы келген дұшпанын, 
Қоралы қойдай айдаған. 
Сол Арқаның жерінде, 
Арғын деген жұртым бар. 
Былай барсаң Арғыным, 
Арғыным атқа қонғанда, 
Басыңнан сенің қарғыдым! 
Ешкім басып көрген жоқ, 
Олардың екпін арынын! 
Арғын деген сансыз ел, 
Қоныс қылған мекен ғып, 
Дүниенің жарымын! 
Жерге кіріп кетерсің, 
Олардың бассаң тамырын! 
Сүйінбай пірің мен болам, 
Енді «батыр» таныдың! 
Қатаған деген адам ба, 
Айтқанда сөздің анығын! 
Сол Арғынның ішінде, 
Қаракесек елім бар. 
Айта берсем Қазақта, 
Талай, талай көрім бар, 
Қатаған ақын қозғадың, 
Менің де айтар жөнім бар! 
Атығай мен Қарауыл, 
Әр қайсысы әр ауыл, 
Одан да ары барайын, 

 
177 
Жауған қардай борайын, 
Алды артыңды орайын! 
Тобықты менен Уағым! 
Оған дағы барайын. 
Байлық пенен бектікте, 
Мырзалық пен көптікте
Барлығыңды жисаң да, 
Көре алмассың маңайын! 
Жеті ата деген көп жұртым, 
О да, менің бек жұртым. 
Жанқұтты деген беге бар, 
Керегеге алтын сырды жақтырған, 
Керней сырнай қақтырған. 
Сен сияқты Қатаған, 
Ақылы жоқ ақынды, 
Құл қылып малын бақтырған! 
Орал тауға бір қонып, 
Қиғаштап төмен кетейін. 
Бақ орнап Қызыр жайлаған, 
Мыңдап бие айдаған, 
Мыңдап бие байлаған! 
Қарсы келген дұшпанын, 
Қоралы қойдай жайпаған, 
Кіші Жүзге жетейін! 
Елімнің қандай екенін, 
Түсінді шығар көкейің! 
Көктен төнген көк тұман, 
Кіші жүздің баласы, 
Айналасы көк теңіз, 
Сол теңізге құятын, 
Еділ Жайық екі су
Сырдарияның саласы, 
Арасында сол жердің, 
Кіші Жүздің баласы! 
Сұлтан Сиық, Бақсиық, 
Хан қызы екен анасы, 
Он екі ата Байұлы, 
Жеті аталы жеті ру, 
Әлімменен, Шөмекей, 
Халқымның еді жағасы! 
Кәнеки бетке қарашы, 
Қазағым түгел атқа қонғанда, 
Ешкімнің келмес шамасы! 
Одан әрі шу дейін, 
Ескен желдей гулейін! 

 
178 
Кіші жүздің ішінде, 
Алшын менен Жаппасым, 
Жаңадан бұрдым ат басын! 
Сүйінбай сөйлеп болғанша, 
Тұра тұрғын саппасым! 
Одан әрі барғанда, 
Қазақты жиып алғанда, 
Тоқсан баулы Қоңыраттан, 
Әңгімені қозғасам,  
Жүре алмассың жалғанда, 
Тоқсан екі ұлы бар, 
Қыпшағымнан айтайын, 
Күнің қандай болады, 
Ноғайлыға барғанда. 
Ноғайлыға қосымша, 
Тағы да бар Тамасы, 
Кәнеки бетке қарашы! 
Көппін деген Қазақтан, 
Қатағанның жоқ қой санасы! 
Толып жатқан көп қазақ, 
Көк пенен жердің арасы! 
Манаптары Қырғыздың, 
Қатағанды ақын деп, 
Алып келдің ұялмай. 
Қатаған ақын сөйлесе, 
Күлесің езу жия алмай, 
Енді міне отырсың, 
Орныныңнан тұра алмай! 
Мына отырған Қатаған, 
Қайта қайта мақтанып, 
Жантайдың шенін қоймайды. 
Аңға шыққан тазыға, 
Оған да қарғы байлайды! 
Еменнен күшті ағашпын, 
Еселесең сынбаймын! 
Алдаспанға жолықтың, 
Түбіңе жетпей тынбаймын! 
Топ бастаған бұлбұлмын, 
Сөз бастаған жүйрікпін, 
Судан шыққан сүйрікпін, 
Бәйгеден озған дүлділмін, 
Шығарма Қатаған үніңді! 
Есіңе сақта бүгінгі, 
Қанатың сынған күніңді! 
Жардағы өскен жапалақ, 

 
179 
Келтіріп менің жынымды! 
Қырғыз, Қазақ қосылып, 
Қырғыз, Қазақ қосылып, 
Жалтылдатпа мұныңды! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ: 
Жасы  үлкендермен  сұқбаттасып,  ғұламалардан  ақыл  сұрап,  дәрігерлермен 
араласып тұрыңдар.   
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.) 
Академик Рақым Алмабекұлы Оразалиев: 
– 
Біз осының алдында жазған «Жасару құпиясы» атты кітапта баяндалған, 
ашығу  арқылы  тазаланып  барып,  адам  ағзасы  өзін-өзі  қалай  емдейтінін, 
жасаушалардың  қалай  жаңаланатынын  және  «Жасару  құпиясын»  анықтау 
үшін,  Әсеттің  өзіне  ұзақ  жылдар  бойы  тікелей  тәжірибе  жасау  арқылы 
денсаулығының түзелуін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, адам баласының 50 күн 
аштыққа  шыдайтынына,  тікелей    сынақ  жүргізіп:  ағзаның  күнделікті 
өзгерістерге  келуінің  биологиялық,  физиологиялық,  психологиялық 
ағымының  сараптамасын  мұқият  жасап  отырдық.  Ең  бастысы,  Әсет 
денсаулығын тек таза еңбегінің, ашығып ораза тұту арқылы түзеп алғаннан 
кейін  ғана,  ғылыми  тұрғыдан  баға  беріп,  оның  себептерін  анықтап  барып  
жаздық. 
 
Ең  ғажабы,  Жаратушы  –  дәрігерді  де,  дәріні  де  әр  адам  баласының 
тікелей  өз  қолына  бергеніне  көзіміз  анық  жетті.  Азап  шегіп  ауру  болу  да, 
денсаулығыңның  өте  мықты  болуы  да  өзіңнің  ғана  санаңа  байланысты 
екеніне,  сондай-ақ    Жаратушы  өз  тағдырыңды  өзің  ғана  шеше  алатын  етіп 
пендені  жаратқанына  шүбәсіз  иландық,  көңілімізге  ақиқат    ұялады.  Жұмыр 
басты пендеге Алла тарпынан осыдан артық қандай әділеттілік қажет?!  
Ауру болу да, сау болу да, тұрмыс дәрежеңнің жоғары не төмен деңгейде 
болуы да, жақсылыққа бөленіп бақытты болуың да, жаманшылыққа ұшырап 
маңдайыңның  соры  бес  елі,  бейшара  мүсәпір  болуың  да  тікелей  өзіңе 
байланысты  екенін,  өз  тағдырыңды  қалай  күрт  өзгертуге  болатыны  туралы 
да, бәрі-бәрі  осы күнделік-кітапта баяндалған. 
Қандай пенде болмасын бұл дүниеге келгеннен кейін бақытты, шаттықты 
өмір сүргісі келеді және осындай өмірді өзінің үрім бұтағына да тілейді. Ол 
үшін  осы  кітапты  жанұяңызбен,  тілектес  адамдарыңызбен  бірігіп  оқып 
шығып, түсініксіз жерін қайта-қайталап оқып, саналарыңызға әбдән сіңіріп, 
ми қыртыстарыңызға қашап жазып алыңыздар!  
Ең бастысы денсаулық та, бақыт та, материалдық байлық және ұзақ ғұмыр 
мен солмайтын жастық, сондай-ақ тәнің мен қоса санаңды, рухани деңгейіңді 
бірер  жылдың  ішінде  түгелдей  өзгертіп,  өмірге  мүлдем  басқа  «жаңа»  адам 
болып қайта туғандай боласың. 
Адамның жақсысы – өзгелерге пайдасы тиетіні. 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.) 

 
180 
Соңғы  айтарым:  мен  65  жасқа  келгенше  тәулігіне  16-18  сағаттан  жұмыс 
істедім, қазір орташа жұмысқа күніне 12 сағатымды бөлемін. Қазіргі айтайын 
деп отырған негізгі ойым осы кітапты жазып бітіруіміз.  
Кім тамақты көп ішпейді, сол ерінбейді. 
 
Даналық дарбазасы ешуақытта жабылмайды.  
Бенджамин  Франклин  
Орта  Азия  мен  Қазақстанда  тұңғыш  рет  ашығумен  емдеу  орталығын 
ашқан Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі: 
 
– 
Өз  денсаулықтарын,  тағдырларын  жақсылыққа  бет  бұрғызып, 
өзгерткісі келетін адамдарға айтарымыз, бұл кітап жәй әңгіме кітап емес, бұл 
ДАНАЛЫҚ  кітабы.  Егерде  шын  ниетіңмен  бақытты  өмірге,  сыңғырлаған 
денсаулыққа,  жалындаған  жастыққа,  байлық  пен  молшылыққа  толы  ғұмыр 
сүргіңіз  келсе,  осы  кітап  сіздің  күнделікті  жастанып  жатып,  қайта-қайта 
қайталап оқитын кітабыңызға айналуы тиіс! Бұл күнделік кітаптың қасиеті – 
әр  оқыған  кезіңізде  басқаша  жаңа  қырымен  сізге  ашыла  берілуінде, 
сондықтан  да  осы  кітап  әрбір  қазақша  оқитын  оқырманның  үйінде  әрі 
оқулық,  әрі  даналық,  әрі  денсаулық  ілімін  жағатын  шамшырақ  болатынына 
кәміл  сенеміз,  бұрынғы  дәрі-дәрмекке,  бақсы-балгерге  сеніп,  сүйеніп, 
шашылып-шабылғаныңыз, жалбарынып-жалынғаныңыз қалып, өзіңізге өзіңіз 
әрі қожа, әрі «құл» екендігіңізге көзіңіз жетіп шексіз қуанасыз! 
 
 

Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет