Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз 
Мұхаммед (с.ғ.с.) 
Менің  талабым  өте  қатал.  Аспирантым  бітірген  кезінде  бір  сорттың 
авторы болуы керек! Сондықтан да аспиранттарыма комбинация үшін жақсы 
сорт пен жақсы сортты будандастыруға беремін. Аспирант та сорт шығаруға 
құлшынады.  Ерінбейді.  Соның  нәтижесінде  Истай  «Жетісу»  деген  сапалы 
сорт шығарды. Оңал Шегебаев, Мұхтар Құдайбергенов, Бақытжан Қалыбаев, 
Тыныштық Құдайбергенов, Алма Кохметова, Қанағат Баймағембетова, Ольга 
Кершанская,  Сейсенгүл  Әшірбаева  т.б.  аспиранттар  4...5  жыл  бойы  терлеп-

 
144 
тепшіп  жүріп  жұмыс  істеулерінің  арқасында  бір-бір  сортты  мемлекеттік 
сынаққа  өткізді.  Жақсы  тәрбиенің  тезінен  өтті,  ысылды.  Студенттік  кезде, 
аспиранттық  жылдарында  жұмыстың  көптігінен  қиналған  кім  де  болса 
кейінгі жылдарында күліп жүретін әдеті. Менің алдымнан өткен  кез келген 
аспирантым  бір  емес,  бірнеше  кандидаттық  жұмыс  қорғайтындай  мол 
материал жинайды. Бәрі де мезгілінде қорғайды. Тіпті бір ғылми кеңесте екі 
шәкіртімнің қатар қорғаған кезі де болды. 
Жұмыс  істей  білетіндер  қай  кезде  де  бос  отырмайды.  Олар  бәріне  де 
уақыт табады, үлгереді. 
Адамның жақсысы – өзгелерге пайдасы тиетіні. 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
Иә, бар істе адал болғанға не жетсін! Егер аспирантқа жетекші болдың 
ба, оның санасында сенің ұстаз ретіндегі ерекше еңбегің із қалдыруы керек. 
Адал болуды, абыройлы болуды ол сенен үйренсін! Кейін «Ұстазым осындай 
тамаша кісі еді, еңбоққор еді, талапшыл еді» – деген сөздерді сүйсіне айтып 
жүретін болсын. Әу баста сондай ұстаз болсам деп армандап едім. Кім біледі, 
діттеген  деңгейімізге  көтеріле  алдық  па,  жоқ  па..?  Әйтеуір  шәкірттерімнің, 
ғылымда жемісті еңбек етіп жүрген ізбасарларымның көптігіне мақтанамын. 
Олар жақсы болса, мен де жаман болмаспын. 
 
Ілім  үйреніп,  одан  соң  оны  басқаларға  үйретпеу  –  мол  дүние  жиып,  оны 
керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей.   
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
– 
Ғылымның ұзақ жылғы еңбегіміздің жемісін беріп, 1967-2000 жылдар 
аралығында, шәкірттеріммен бірлесіп жалпы астық дақылдары бойынша 136 
сорт шығардық, оның 50-ден астамы ауданстырылды.  
Сұрақ:  –  Кейбір  ғалымдар  өмір  бойы  1-2  сорт  шығарғанына  да 
шүкіршілік  етеді.  Сіз  осы  күнге  дейін  136  сорт  шығарып,  оның  50-і 
аудандастырылыпты.  Қазіргі  басты-бастыларын  атай  кетсеңіз?  Осы 
сорттардың егілетін көлемі, қай елдерде егілетінін айтып өтсеңіз? 
Жауап:  –  Күздік  бидайдың  –  Прогресс,  Алма-Атинская 
полукарликовая, Богарная-56, Комсомольская-1, Қарлығаш, Жетісу, Южная-
12,  Стекловидная-24,  Эритроспермум-350,  Зернокормовая  50,  Наз,  Сапалы, 
Юбилейная-60, Алмалы; жаздық бидайдың – Казахстанская-10, 15, 17, 19, 25, 
Лютесценс-32,  73,  90,  СКЭНТ-2;  сұлының  –  Казахстанская-70;  күздік 
арпаның  –  Береке-54  сорттары  Қазақстан  және  ТМД  елдерінде  және 
Ауғанстан  мен  Моңғолияда  кең  көлемді  қамтып,  4,5  млн  га  жерге  себіліп 
отыр. Ауыл шаруашылығының мамандарының бұл сорттарға деген сұранысы 
өте үлкен. 
– 
Рахым  Алмабекұлы,  әңгімемізді  ары  жалғастыра  отырып,  өмір 
баспалдақтарыңызға екеулеп көтеріле берсек қалай? 
–  1990-
1992  жылдары  қайта  құрылған  Қазақ  ауылшаруашылығы 
академиясының  селекция  мен  егіншілік,  орман,  су  шаруашылығы, 
агроэкология  мәселелерімен  айланысатын  академик  хатшы  болдым.  1992 
жылы Вице президенті болып сайландым. 

 
145 
Дүние  жап  –  жасыл  гүлбақша  секілді.  Кімде  –  кім  содан  адал  еңбегімен 
сыбағасын алса, береке табады. Кім де кім нәпсіге ілесіп, еңбексіз, қиянат 
жасап алса, қиямет күні оған тозақтан басқа ештеңе бұйырмайды.   
 
 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
– 
Рахым Алмабекұлы, осы ғылымғы сіңірген ұшан теңіз еңбегіңіз қалай 
бағаланды? 
– 
1992 жылы Қазақ ауылшаруашылығы академиясының және Украина 
аграрлық  ғылымдары  академиясының  академигі  болып  сайландым,  ал  1998 
жылы  Ресей  ауылшаруашылығы  ғылымдары  академиясының  шет  елдік 
мүшесі  болып  та  сайландым.  Ғылымдағы  жетістіктерім  үшін  ҚСРО 
Халықшаруашылығы  жетістіктері  көрмесінің  алтын,  күміс,  қола 
медальдарымен,  ҚКСР  Жоғары  Кеңесінің  (1984),  Өзбекстан  Республикасы 
Жоғары  Кеңесінің  (1994),  ҚКСР  АШ  Министірлігі  және  Бүкілодақтық 
ауылшаруашылығы  ғылымдары  академиясы  Шығыс  бөлімшесінің  Қырғыз 
КСР АШ Министрлігі Құрмет грамоталарымен, Н.И. Вавиловтың ескерткіш 
меделімен,  сондай-ақ  Социалистік  Еңбек  Ері  атағын  екі  мәрте  иелеген 
академик В.Н. Ремесло атындағы Халықаралық сыйлықпен марапатталдым. 
– 
Рахым  Алмабекұлы,  өзіңіз  АШ  ғылымдары  академиясының  Вице  – 
президенті  қызметінде  қандай  ауқымды  жұмыстардың  дамуына  ат 
салыстыңыз? 
– 
Ол  жылдары  Қазақстанның  агроөндірістік  кешенінің  1995-2000 
жылдары  дамуының  концептуалды  бағдарламасын  жасауға  белсене  ат 
салыстым.  Сонымен  бірге  Қазақстанның  кейбір  облыстарында  жаңа  ғылми 
орталықтар 
ұйымдастырдым. 
Осылайша 
ҚазАШҒА 
жүйесінде 
Агороөндірістік кешенді ғылми тұрғыдан басқару үшін облыстарда ғылми – 
өндірістік  орталықтар  аштық.  «Агроэкология»  және  «Дәрілік  шикізат» 
сияқты жаңа маңызды бағыттағы жұмыстарын жолға қойдым. 
 
Шындыққа қарсы байбалам салсаңдар да, шын сөйлеуге тырысыңдар. Сонда 
өзіңді  құтқарасың.  Пайда  іздеп  тұрсаң  да,  жалғаншылықтан  сақтан. 
Өйткені, бәрібір өтіріктің – құйрығы бір-ақ тұтам.  
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
Сұрақ:  –  Екінің  бірінің  қолы  жете  бермейтін  мәнсапты  қалай  тастап 
кеттіңіз? 
Жауап:  –  Сол  жылдардағы  еліміздің  АШ  мен  АШ  ғылымдарының 
күйзеліс  жағдайын  жете  білгендіктен  АШҒ  академиясының  жоғары 
лауазымды  қызыметінен  өз  еркіммен  бас  тартып,  дамып  өркендеуіне  ұзақ 
жылдар  бойы  өзім  ат  салысқан  Қазақтың  Егіншілік  Ғылми  Зерттеу 
институтына 1995 жылдың Наурызында басшы болып тағайындалдым. 
 
Тіпті сендерге мейіздей қап-қара эпиофиялық құл басшы болып сайланса да, 
оны тыңдаңдар, бойұсыныңдар.   
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
Сұрақ:  –  Сіздің  жетекшілігіңізбен  жүргізілген  АШ  және  академиялық 
зерттеулер  тереңдігімен  және  көлемділігімен  ерекшеленіп,  тіпті 

 
146 
ведомстволық шектен тыс асып түсіп жататынын өзіңізбен үзеңгілес жүрген 
ғалымдар мен мамандар ғана біледі. Осы туралы оқырмандарға не дер едіңіз? 
Жауап:  –  Менің  негізгі  ғылми  еңбектерім  классикалық  селекцияға 
қомақты үлес болған теориялық және әдістемелік мәселелердің кең көлемін 
қамтиды.  Менің  өз  шәкірттерімен  бірігіп  жасаған  селекциялық  ағымның 
негізгі  моделі  болып  табылатын  бағдарламасы  мен  алгоритмдері  жалғыз 
Қазақстанның  емес,  Орта  Азия,  Украина,  Ресейдің  де  селекционерлері  мен 
биологтары үшін де көмекші құрал болып табылады. 
 
Қайсыбір ғалым ілім сұрағанға қызғаныштан ештеме айтпаса, қиямет күні 
оның аузына оттан ауыздық салынады.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
 
 
Сұрақ: – Сіздің өсімдіктердің гендік қорын жасау туралы мәселені жан 
жақты көтеріп, осы мәселемен тікелей президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының 
қабылдауында академик Медеубеков екеуіңіз 1 сағат 5 минут болып, ауызба-
ауыз  сөйлесіп,  ол  кісіге  істің  маңыздылығын,  болашақ  ұрпақтың  қамы, 
еліміздің  қазнасының  қайнар  көзі  екенін,  дәйекті  түрде  дәлелдеп,  осыған 
Нұрекеңнің  қолдау  көрсетіп,  қаражат  бөлгенін,  біреу  білсе  –  біреу  білмес. 
Өзіңіздің қазақтың академик Вавиловы екеніңізді тағы бір дәлелдеп бердіңіз. 
Осы туралы не айтар едіңіз? 
Жауап:  –  Одақтың  күйреуі  ғылымды  да  күйзеліске  түсірді. 
Республикалар  арасындағы  жылдар  бойы  қалыптасқан  байланыстың  үзілуі 
ғалымдардың  жағдайын  қиындатты.  Селекционерлерді  әлемдік  коллекция 
үлгілерімен  қамтамасыз  етіп  отыратын  Бүкілодақтық  өсімдіктер 
шаруашылығы  институтымен  (ВИР)  байланысы  жоғалды.  Осы  жағдайлар 
түрткі болып өсімдіктердің гендік қорын жасау туралы ұлттық бағдарламаны 
негіздеп,  әлемдік  флораның  табиғи  алуан  түрлілігін  сақтау,  Ұлттық  ген 
қорын құру.  Менің мектебім астық тұқымдастардың ауқымды коллекциясын 
жинақтап,  жүйеледі,  сонымен  қатар  түрлі  елдер  арасында  ұрықтық  плазма 
материалымен  алыс-беріс  жасау  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлдім.  Менің 
жетекшілік  етуіммен  селекция,  генетика,  физиология,  иммунитет,  өсімдік 
шаруашылығы,  биотехнология,  биометрия,  агроэкология  мен  дәрілік 
шикізаттар  бойынша  бірнеше  халықаралық  конференциялар  мен  кеңестер 
өткізілді.  
 
Мұсылманның  өлімінен  кейін  (оның  пайдасына)  жататын  істер: 
таратқан ілімі, қабілетті перзенті, мұраға қалдырған Құран кітабы, 
салдырған  мешіті,  қонақ  үйі,  шығарған  суы,  сауында  берген  қайыр  – 
садақасы.   
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с..) 
Сұрақ: – Қандай салада, қанша ғылыми еңбектер жаздыңыз? 
Жауап:  –  Селекция,  генетика,  физиология,  иммунитет,  өсімдік 
шаруашылығы,  биотехнология,  биометрия,  агроэкология  саласында 
жүргізілген  жан-жақты  зерттеулер  бойынша  562  ғылми  еңбектер 
жарияладым,  оның  12  монография,  20  –  әдістемелік  ұсыныстар,  50  – 
аудандастырылған сорттар. 

 
147 
Сұрақ: – Қазір қандай ғылыми қоғамдық жұмыстар атқарып жүрсіз? 
Жауап:  –  Қазақстан  дән  технологиясы  мен  ғылми  комитетінің, 
Қазақтың  генетиктер  мен  селекционерлер  қоғамының,  агроэкология  мен 
қоршаған ортаны қорғау туралы үйлесімдік кеңестің төрағаларымын, Ұлттық 
ғылымдар  академиясының  президиумының  мүшесі,  «Асыл  тұқым» 
Республикалық  тұқым  шаруашылығы  президенті,  биоресурстар  жөніндегі 
халықаралық  кеңес  мүшесі,  ҚР  Білім  және  ғылым  министірлігі  қорының 
ауылшаруашылығы  ғылымдары  секциясының  төрағасы,  ҚР  Ұлттық 
ғылымдар  академиясы  президумы  мүшесі,  ҚР  ҰААЗО  бюро  мүшесі, 
«Вестник  с/х  науки  Казахстана»  және  «Жаршы»  журналдар 
редколлегиясының  мүшесі,  Еңбекшіқазақ,  Қордай  аудандарының  «құрметті 
азаматымын».  Министрлер  Кабинетінің  нұсқауымен  «Селекция  жетістіктері 
туралы  заң»  шығаруға  жетекшілік  еттім.  Маман  ретінде  Агроөндірістік 
кешен салаларын дамыту мәселелері туралы үкімет қаулыларын дайындауға 
белсене  қатысамын.  Ауыл  шаруашылығы  және  биология  ғылымдарының 
түбегейлі  мәселелері,  жалпы  АШ  салаларының  дамуы  туралы  көпшілік 
алдына  лекциялармен,  республикалық  теледидар,  радио,  баспасөзде  ұдайы 
сөйлеймін.  Сондай-ақ  отандық,  шетелдік  ғалымдар  арасында  әңгіме-
толғаулар, пікір-таластар жүргіземін. 
Сұрақ: – Генетика ғылымы нені зерттейді? 
Жауап: – Генетика деген ғылымның өзі математикаға өте жақын. Қиыр-
шиыры  мол  жатқан  есеп  дерсің...  Қаптаған  сызба-схема,  заңдылық.  Тұқым 
қуалаушылық қалай жүреді, не себепті белгілер ажырайды, қалай жалғасады, 
бәрі  есепке  құрылған,  тек  қана  осының  құпия  сырын  үйренуің  керек.  Екі 
геннің  өзара  әсерлесуін  білудің  қиындығы  бола  қоймас,  ал  енді  көп  гендік 
құрылымдардың  нәтижесі  қалай  өзгеретінін  анықтау  қиын  да,  күрделі.  Бұл 
үшін математиканы жақсы білуің керек. 
Сұрақ:  –  Ең  жақын  «қанды  көйлек»  досыңыз  академик  Ізбасар 
Рақымбайұлы Рақымбаев, сонан кейін өзіңіз құрметтейтін марқұм академик 
Мұрат  Әбенұлы  Айтхожиндер.  Бірі  –  «Рақымбаев  мектебінің  іргесін 
биіктетіп жатса, екіншісі – «Айтқожин мектебін» қалыптастырып кетті, осы 
екі тұлғаға тоқталып өтсеңіз? 
Жақсы адаммен бірге болу – мускус (бірқатар жануарлардың ұрық безінен 
шығатын  иісі  күшті  зат)  қоймасында  отырғандай.  Жаман  адаммен  бірге 
болсаң  –  теміршінің  балғасының  қасында  отырғандайсың.  Мускусі  бар 
кісіден  хош  иіс  тарайды.  Одан  сенің  жаның  ләззат  алады.  Ал  балғадан 
үстіңе  от  шашырайды,  киіміңді  күйдіреді,  ең  болмағанда  мұрныңа  жаман 
иіс келеді.                        Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
 
Жауап: – Шалқар бауырым, осы әңгімеге Мұрат Айтқожин мен Ізбасар 
Рақымбаевты өте әдемі кіріктірдің. Табиғат – аса дарындыларды үстемелетіп 
беруге өте сараң келеді. Сондықтан да Мұрат сияқтылар аз. Ең өкініштісі – 
сол  Тәңірінің  сирек  берген  дарынды  ұлдарының  ғұмырын  қысқа  етіп 
қоятыны... 

 
148 
Ізбасармен  жақсы  араласамын,  өзің  айтпақшы  «қанды  көйлек 
жолдасым», жақын досым. 
«Ұлылар ұқсас келеді» деуші еді. Бірақ Мұрат та өзінің көзі тірісінде 
«ұлымын»  деп  көкірек  керген  кісі  емес-ті.  Барынша  қарапайым  еңбоққор 
болатын.  Алдымен  Қаз  МУ-дің  биофагіне  түскен  Мұрат,  кейін  Мәскеуге 
барып  Ломоносов  атындағы  Мемлекеттік  университетте,  МГУ  дейміз  ғой, 
сонда оқыды. Содан дарынымен ерекше көзге түскен жас түлекке А.Н. Бах 
атындағы  Биохимия  институтының  аспирантурасына  жолдама  берген. 
Кандитаттығын  қорғаған  кезде  ғылыми  жетекшілік  жасаған  А.С.  Спирин 
деген академик әбден айналдырады. «Қазақстанға барғанда не бітіресің? Ол 
жақта сенің айналысып жүрген ғылымыңды түсінетін адам жоқ. Қолдаушың 
бола  қоймас.  Сондықтан  да  осында  қал»,  –  деп  қанша  үгіттегенімен,  ол 
Қазақстаныма  қайтамын,  еліме,  халқыма  қызмет  етемін  деген  сөзінен 
танбайды.  Қазақстанда  менің  ғылымымды  бұған  дейін  ұқпаған  болса,  енді 
ұқтырамын.  Мен  бастамашы  боламын.  Қатарымды  көбейтемін.  Келе-келе 
ықпалды  күшке  айналамыз  деген  ойынан  қайтпайды.  Расында  да  жігерлі 
ғалым  өзінің  мықтылығын  әлемге  әйгіледі.  Қазақстанда  Молекулалық 
биология  ғылымын  дамытудың  негізін  салды,  өзінің  мектебін 
қалыптастырды. Кейін ол мектебі іргелі институтқа айналды. Қазір академик 
Айтхожин  атындағы  молекулалық  биология  және  биохимия  институты  деп 
аталады. Қаншама шәкірттер тәрбиеледі. Солар бүгін де Мұраттың бастаған 
мәнді істерін одан әрі қарай жалғастыруда. 
 
Жастықта алынған білім – тасқа ойылған нақыш.      
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
1976 жылы молекулалық биология ғылымында ашқан жаңалығы үшін 
Лениндік силық алған Мұрат Әбенұлының қызмет баспалдақтары бірте-бірте 
биіктей берген. Әуелі Ботаника институтында кіші ғылми қызметкер болып 
келген  ол  көп  өтпей  лаборатоия  меңгерушісі  болады.  Институт 
директорының  орынбасары,  одан  кейін  директор  болып  бекітіледі.  Қазақ 
КСР  ғылым  академиясының  президенті  қызметінде  жүрген  кезінде  қайтыс 
болады. Мұрат – Қазақстанда академияны басқарған бірінші биолог. Әйтпесе 
бұрынғы басшылықта болғандардың бәрі де тау-кен мамандары еді ғой. 
«Күніне  16-17  сағат  жұмыс  істемесем  көңілім  жайланбайды»,  –  деп 
отырушы еді. 
Химиялық  реактивтермен  жұмыс  істеу  –  денсаулыққа  өте  зиянды. 
Соның  қасіреті  емес  пе,  мезгілінен  бұрын  көз  жұмды.  Қатерлі  ісік  деген 
қасиетсіз кесел жұтып тынды. 
Генетика – Мұраттың шұғылданған саласында да, менің селекцияма да 
ортақ  ғылым.  Биохимиялық  генетика  екеуміздің  басымызды  тоғыстырды. 
Шырғалаңымыз  –  біреу:  бірігіп  ақылдасып,  бағдарлы  жұмысымызды 
ұштастырғанда  ғана  жақсы  нәтижеге  жететінімізді  айқын  ұқтық.  Мінезіміз 
жарасты. Айтар әңгімеміз таусылмайтын еді. 
Көзқарастарымыз  да  керемет  ұқсас  болды.  Сырласта,  силас  та  едік. 
Санаторияға бірге баратынбыз. Демалысымыз бірге өтетін. Серуендеп жүріп: 

 
149 
«Ойпырмай, ә! Қарашы, ана өсімдік пен мына өсімдіктің ұқсасын! Формасы 
бірдей», – деп жол жиегінде көктеп тұрған шөпке үңілетінбіз. 
Бір сағат ілім үйрену – бір түнгі ғибадаттан артық. Ал бір күндік дәріс – 
бір ай ұстаған нәфіл оразадан артық.   
Пайғамбарымыз  Мұхаммед 
(с.ғ.с) 
Сондай-ақ Рақымбаев деген азаматпен де табыстыратын тақырыбымыз 
өте көп. Ол ағаларың биотехнология – генетика саласында да биохимияның 
тәсілінде де, физиология және цитология саласындағы үлкен ғалым. Ал, енді 
биотехнология  –  генетика  мен  биохимияның  тәсілін  де  тоқайластыратын 
өзгеше ғылым. Басталып, жалғасып-ұштасып жатқан ағымның өзі. Мәселен, 
өсу,  жетілу  дамуының  бір  кезеңінде  биохимиялық  ағымдар  басым  болып 
жатса, екінші бір кезеңінде физиологиялық ағымдар алмастырады, одан кейін 
басқасы  дегендей.  Сөйтіп  Ізбасарды  –  бір  сөзбен  айтқанда,  Қазақстандағы 
биотехнология  ғылымның  атасы  деуге  әбден  болады.  Ізекеңмен  жолыққан 
сайын  біздің  әңгімеміздің  бәрі  өзіміз  айналысатын  ғылымымыздың 
төңірегінде  өрбиді.  Ғылымның  болашағы  туралы  сырласамыз.  Шығарып 
жатқан  сорттарымыздың  мән-жайын  сөз  етеміз.  Мемлекеттік  сынақтан  өтті 
ме, өтпеді ме соны сұраймыз. Гендікқорға қосыла ма, жоқ па соны білгіміз 
келеді.  Жасаған  будандастыруларымыздың  жайы  қалай,  –  бізді  сондай 
мәселелер қатты қызықтырады. 
– 
Рахым  Алмабекұлы,  «Гендіққор»  деген  сөзді  мағынасын  қалай 
түсінеміз? 
– 
Шалқар Әбішұлы, сен тәп осы сұрақты кәсіпкер ретінде қойдың ғой. 
Жәрәйді түсіндірейін.  
Гендікқор деген қыруар баға жетпес байлықтың өзі. Мысалы, біз татар 
дәміміз таусылған күні фәни әлемнен бақи әлемге көшеміз. Себебі адам тәні 
мәңгілік емес, ол материяның бір түрінен екінші түріне ауысады. Бұл туралы 
өткен  әңгімелерімізде  тәпіштеп  айтқанбыз.  Бірақ  біз  шығарған 
сорттарымызды  қалдырсақ,  оларды  келер  ұрпақ  игілігіне  жаратса  дейміз. 
Солай  болу  үшін  сорттың,  сондай-ақ  кез  келген  бағалы  генотиптердің  қай-
қайсының  да  тұқымдарын,  немесе  шыны  түтік  ішіндегі  жасаушалары  мен 
тіндерін гендікқор ретінде сақтайды. Әр сорт – бойында бағалы гендері бар 
аса қымбат дүние, міне солардан гендікқор жасақталады. Біз оны гендік қор 
дейміз.  Ол  тек  бидай  мен  арпаға,  жүгері  мен  жүзімге,  қарбыз  бен  қауынға 
қатысты  емес,  өсіп  тұрған  кез  келген  өсімдікке,  қарағай  ман  қайыңға, 
шыршаға  да  –  біржола  құрып  кетпей  сақталу  үшін  гендікқор  жасау  қажет. 
Бұл  –  мемлекеттік  шаруа.  Дамыған  мемлекеттердің  бәрінде  гендікқор  бар. 
Оған  ұлттық  байлық  ретінде  айрықша  мән  беріледі.  Өздерінде  жоқ 
дүниелермен  оны  үнемі  толықтырып  отырады.  Гендікқорды  байытумен, 
әрдайым  толықтырумен  болады.  Оған  мемлекеттік  тұрғыда  мән  беріледі. 
Арнаулы  қоймаларда  сақтайды.  Тоңазытқыштық  жүйе  іске  қосылған. 
Бүлдіріп  алмаудан  қауіптеніп,  қатаң  бақылаудан  тыс  қалдырмай,  қадағалап 
ұстайды. Қажет еткенде қаржысын аямайды. Әр генотиптің тұсына салынған 
мерзімін, шыққан жерін көрсететін таңбаша қояды. Бізде әзірше бұл жоқ. 
 

 
150 
Ілімге кәдімгі шопан сияқты күзетші, қорғаушы болыңдар, бірақ ілім туралы 
тек қана әңгімелеуші болмаңдар.    
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
Жақында  президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлымен  кездесіп,  түсіндіріп 
ауызба-ауыз  бір  сағат  5  минут  сөйлескенімде,  ол  кісі  бар  ықыласымен 
тыңдап, бұндай игі іске көмегін де, қаржысын да аямайтынын айтты. 10...12 
миллион  доллар  қаржы  бөлді.  Алла  қолдаса  келесі  жылдан  бастап 
Қазақстанда  бар  400  мың  түрлі  өсімдік  пен  жан-жануарлардың  т.б.  қалпын 
сақтайтын  қойма  құрылысы  басталмақшы.  Үкімет  Ел  басымыздан  осы 
жөнінде нұсқау алып қаулы қабылдады. Бұл да болса менің еліме, халқыма 
деп  атқарып  жатқан  борышымның  бір  ұшығы,  ұсынысымның  ескерусіз 
қалмағанына  тәубә  деймін.  Бұған  дейін  болған  қаншама  сорттарымыз 
жоғалып  кетті.  Әлгіндей  қордың  жоқтығынан  жоғалды.  Әрбір  сорт  – 
қайталанбайтын  үлгі.  Бір  жоғалған  соң  оны  қалпына  келтіру  қиын,  тіпті 
мүмкін емес. Сондықтан да гендікқор аса қажет. 
 
Нан  –  бұл  менің  жерімдегі  нағыз  күн,  дастарқанда  мәңгі  жылу  шашып 
тұратын ыстық от.   
 
 
 
 
Э. Межелаитис 
– 
Рахым Алмабекұлы, сіздің «Бидайдың атасы» ретінде, тек бізде ғана 
емес жақын- алыс шет елдердің бәріне танымал екеніңіз құпия емес. Әсіресе 
сондай  бір  кездесуіңізде  қарапайым  тәжік  шалының  сіздің  алдыңызға 
тізерлей құлап, көстөміңіздің етегінен сүйіп, көзіне жас алып тұрып айтқан 
алғысын өзіңіз айтқан бір әңгімеден естіп едім. Енді сол бір болған оқиғаны 
оқырмандар да біле отырғаны артық емес сияқты. Біздің қазекең айтады ғой: 
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын!», – деп, оған қалай қарайсыз? 
 
Нанға деген ұқыптылық қоғамның бүкіл өмірін көктей өтетін мемлекеттік 
іс болуы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.В.Гиталов 
– 
Бұл  былай  болған  оқиға  еді.    Мені  Тәжікстан  үкіметі  жыл  сайын 
майда  арнайы  шақыртып  отырады.  Сонда  10...15  күн  аралап  тұрамын. 
Душанбеден  бастап  ар  жағында  Бақыш  деген  егістік  егетін  тауы  бар.  Онда 
менің  бес  сортым  егіледі,  осы  алқаптарды  аралаймын.  Ең  көп  егілетіні 
«Стекловидная-24»  деген  сорт.  Менің  ондағы  сорттарымның  бойы,  сапасы, 
дәні,  масағы,  өнімі  де  жақсы.  Қазір  «Алмалы»  деген  сортым  кетті. 
Тәжікстанда менің сортым егістіктің 40-50 пайызын құрайды.  
 
Бір  күні  бір  ауданның  әкімін  алып  кетуге  тура  келді,  біраз  күтіп 
қалдық.  Олар  егістікті  адамның  аяғы  тұрмайтын  биік  қияның  қырат  жеріне 
себеді. Себебі жер аз, адам көп. Олар осы қиядағы тастақ жерді, өгіз жегілген 
ағаш соқамен жыртып, қолмен сеуіп оны тырмалап тіршілік қылып жатады. 
Олардың жылына үкіметтен  алатын еңбек ақылары 2-3 қап бидай, жарты қап 
бұршақ. Сол кезде бір шал жұмыс істеп жатыр екен байқап тұрмын. Қасына 
барып  сәлемдесіп  амандастық.  Сөйтсем  бидайдың  төңірегіндегі  арам 
шөптерді  орып  жатыр  екен.  Қасымда  бір  аудармашы  қыз  бала  мен 
халықаралық қордың төрағасы бар болатын. Қарасам өзімнің «Стекловидная-
24»  деген  сортым  екен.  Масағы  да  ірі,  керемет  тамаша  өсіп  тұр  екен.  Сол 

 
151 
кезде жаңағы ақсақал 75-80-ге келген сақал шашы аппақ қудай адам. Мен ол 
кезде 60-тың маңайындамын. 
 
Нан турасындағы қамқорлықтың адам өмірінің барлық құбылыстарынан да 
жоғары тұруы жайдан жай емес.  
 
 
 
И.П.Павлов 
 
 
Сол кезде жанымдағы кісі айтты: «Мына кісі осы бидайдың әкесі», – 
деп. Сол сәтте сақал шашы аппақ қудай шал, көзіне жас алып отыра қалып 
менің  қолымнан,  көстөмімнің  етегінен  сүйе  бастады.  Мен  оны  тұрғызып 
алдым.  Сонда  әлгі  ақсақалдың  айтқаны:  «Мен  осы  бидай  келгелі  байып 
кеттім,  үш  қызымды  тұрмысқа  бердім,  үш  ұлымды  үйлендірдім».  Сөйтсем 
олар  қалың  малға  1-2  қап  бидай  береді  екен.  Мен  бұрын  сепкенде  осының 
жартылай өнімін алатынмын. Қазір осыны сепкеннен бері әр гектарынан екі 
тоннадан алатын болдым. Бір уақытта түсте егістерді аралап келіп асханадан 
шықсақ  бағанағы  ақсақалым  күтіп  тұр  екен.  Болар  да  болмай  сүйрегендей 
болып үйіне алып барды. Үйіндегі астық сақтайтын жерден қазған қоймасын 
көрсетті.  Үлкен  қойманы  алты  бөлікке  әдемілеп  бөліп.  балшыққа  сабан 
араластырып сылап қойыпты. Әр бөлімінде кем дегенде 5...6 тоннадай бидай 
жатыр екен. Онан кейін үйіне кіргізіп дәм татырды. Сонда осы бидай ұнынан 
өзі  пісірген  тапа  нанды  жедім.  Сол  жеген  нанымның  дәмі  мен  тәттілігі  әлі 
күнге  дейін  аузымнан  кетпейді.  Анда-санда  осы  нанды  аңсап  та  қоямын. 
Кетер кезде әлгі тапа наннан әр қайсымызға 5...6 дан салып берді.   
 
Халықтың  кемеліне  келіп  өркендеуі  үшін  ең  алдымен  азаттық  пен  білім 
қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
Шоқан Уәлиханов 
Бір  ғана  мысал  келтіре  кетейін.  Оңтүстік  Қазақстан  облысында 
қызғалдақтың  әдемі  түрі  бар.  Қазір  де  өседі.  Гүлі  үлкен  сап-сары  болады. 
Голландықтар  біздің  елімізге  20  ғасырдың  басында  әдейі  ғылми  сапармен 
келіп, өздерімен бірге сол қызғалдақтың тұқымын ала кеткен. Өсіріпті. Соны 
селекциялық  және  биотехнологиялық    тәсілдер  арқылы  жақсартып,  қазір  
атақты  «голландские  тюльпаны»  деп  бағасын  шарықтатып  бүкіл  әлемге 
сатып жүр. Ал, шын мәнінде, ол – Шымкенттің Сарыағаш тауларында өсетін 
өзіміздің  қызғалдақтардың  арасынан  шыққан.  Бірақ  мұны  кімге  айтарсың, 
қайтіп дәлелдерсің? 
Гендікқор  малдың  асыл  тұқымын  сақтау  үшін  де  керек.  Ол  үшін 
тұқымы жақсы еркек малдың шауқатын (сперма) құйып алып, арнайы орында 
сақтайды.  Белгілі  қалыпта  мұқият  сақталғандықтан  қасиетін  жоймайды. 
Қажет кезінде алып, малдың сол тұқымын көбейтуге әбден болады. 
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де адамға мейірленіп, 
тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.         Абай Құнанбаев 
Әлемдік  жаңалықтар  ашқан  үшін  Айтхожин,  бүгінде  берекелі  істерге 
ұйытқы  болып,  ғылымға  құштар  бір  қауым  жасқа  жанашыр  аға  атанып, 
ұстаздық  етіп  жүрген    қайраткер  –  ғалым  Ізбасар  Рақымбайұлы  осындай 
маңызды  мәселелердің  қалыс  қалып  бара  жатқанын  аңдаған  кезде,  қам-
қаракет жасады. Өз басым солай деймін. 

 
152 
Қазір  Мұраттың  туған  қарындасы  –  Нағима  Айтхожина  басшылық 
жасайтын М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия 
институты  бізбен  тығыз  байланыста  қызмет  етеді.  Бидай  ДНК-сының 
(дезкасирибонуклей қышқылының) құрамы қандай, бидайдың сапасын одан 
әрі жақсартуға бола ма, жоқ па – соны зерттеумен шұғылданады. Гендердің 
тұрақталуы  немесе  өзгеруі  туралы  мәселемен  Нағима  түптеп  айналысады. 
Космостық  биологияға  байланысты  бағдарлама  бойынша  да  жұмыс 
жүргізудеміз.  «Мақсат»  және  «Болашақ»  деген  бағдарлама  бойынша  қазақ 
ғарышкерлері  Тоқтар  Әубәкіров  пен  Талғат  Мұсабаев  деген  бауырларымыз 
менің  шығарған  сорттарымды  космосқа  алып  барып  қайтқан  еді,  қазір 
солармен тәжірибе жасап жатырмыз. 
Адам өз досының дүние таным, пиғылына қарай үйлесіп кетеді. Сондықтан 
кіммен достасуды алдын ала ойланып алған абзал.   
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
І.  Рақымбаев  басқаратын  Өсімдік  физиологиясы,  генетикасы  және 
биоинженерия институты, институт ғалымдарымен бірнеше сорт шығардық. 
Биотехнологиялық  тәсілдерді  қолдану  арқылы    сорттар  да  шығарамыз  ба 
деген  үміттеміз.  Ал  өзімнің  институтымда  жұмыс  істейтін  ғалымдар 
биотехнологиялық  тәсілмен  шығарылған  арпаның  бір  сортын  Мемлекеттік 
сынақ  комиссиясына  «Бастама»  деген  атпен  берді.  Оның  негізгі  авторы 
өзімнің  шәкіртім  Әйіп  Ысқақов  дейтін  азамат.  Бұл  елімізде 
биотехнологиялық тәсілмен шығарған арпаның тұңғыш сорты. 
Жалпы,  достық  деген  аяулы  сезім  ғой.  Мақсаттас  ғалымдардың 
достығы  –  алдыға  жылжытушы  күш.  Мұндай  достық  келелі  істерге,  кемел 
жетістіктерге  жол  ашады.  Ізекең  екеумізді  ойландыратын,  толғандыратын 
мәселелер жетеді. Соның ішінде мамандар жайын айрықша бөле-жара айтуға 
болады.  «Біз  сияқты  шәкірттеріміз  неге  аз»,  –  деп  қамығамыз.  «Ұлттық 
намысымыз  неге  асқақ  болмайды?»  деп  жеңіл  жүрістің  желігімен  жүрген 
жастарымызды  ойлап,  күйінеміз.  Сауда-саттық  деген  бірдеңе  шықты.  Бар 
дүние  саудаға  келіп  тіреліп  қалғандай,  азын-аулақ  тиын-тебенді  пайда 
көретін қыз-жігіттеріміз базар жағалаумен жүр... Әйтпесе қазақтай қабілетті 
халық сирек. 
Болашағы  нұрлы  деген  жастардың  қатарына  өз  басым  Мұратбек 
Қарабаев  деген  азаматты  қосамын.  Биотехнолог  –  ғалым.  Докторлығын 
қорғаған,  профессор.  Ұлттық  биотехнология  орталығының  бас 
директорының  бірінші  орынбасары.  Сол  секілді,  Жалпы  генетика  және 
цитология  институтының  директоры,  КазМҰУ-да  осы  аттас  кафедраны 
басқаратын  Рахметқажы  Берсімбаевты  сондай  дарынды  ғалымдардың 
санатына  жатқызамын.  Ол  жануарлар  мен  өсімдік  биохимиясы  және 
генетикасы  деген  мәселелермен  айналысып  жүр,  Ғылым  академиясының 
мүше-кореспенденті,  профессор.  Талай  шет  елдерде  болып,  мол  тәжірибе 
жинаған үлкен ғалым. 
 
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға 
үйретеді.   
 
 
 
 
 
 
Шоқан Уәлиханов 

 
153 
Сұрақ: – Басқа қандай ғалымдармен тізе қосып жұмыс істеп жатырсыз? 
Жауап: – Әлбетте, Ғылымда шекара болмайды. Өз басым 25 жыл бойы 
Қазақ КСРҒА-ның Ботаника институтында жұмыс істеген Валерий Петрович 
Денко  деген  ғалыммен  жақсы  одақ  құрып,  жемісті  жұмыс  істедім.  Қазір  ол 
Екатеринбург  университетінде  сабақ  береді.  Талайдан  дос-жармыз,  ірі 
физиолог, фотосинтестік-ғалым, профессор. 
Фотосинтез болмаса өсімдік өспейді. В.П. Беденкомен бірлесіп жұмыс 
жүргізуімнің  арқасында  «ОПАКС  18»  деген  сортты  сынақтан  өткіздік. 
Өкінішке  орай,  бұл  сортымыз  аудандастырылмай  қалды.  Өте  жақсы  сорт 
болатын.  «Жетісу»  одан  бір  жыл  бұрын  шықты  да,  «ОПАКС»-тің  жолын 
бөгеді. Екеуі тайталасты. Сапалы сорт болғанымен тағдыры әлгіндей... Бірақ 
ол жоғалған жоқ, гендікқорға тапсырылды. 
М.  Айтхожин  атындағы  Молекулалық  биология  және  биохимия 
институның  ғалымы  О.В.  Фурсов  деген  кісімен  бірлесіп  мағыналы  істер 
тындырдық. 
Ғұламаның алдында мақтану, надандармен сөз таластырып айтысу, ілімді 
адамдардың назарын өзіне аудару үшін тыраштану – күнәқарлықтан басқа 
ештеңе емес. 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
 
– 
Рахым  Алмабекұлы  осы  100-ден  астам  шәкірттеріңіз  тек  ғылым 
саласындағылар ғана, ал тікелей өндіріс саласында еңбек етіп өзіңізді ұстаз 
тұтатындардың мөлшері қанша? 
– 
Шалқар  Әбішұлы,  мынауың  бір  қиын  сұрақ  болды  ғой.  Мен  өзім 
тыным  тапайтын  адаммын  деп  алдында  айтып  кеттім  ғой.  Сондықтан  да 
уақытымның  көбісін  осы  еңбек  адамдарының  арасында  өткізем  десем 
қателесе қоймаймын. Мен бармаған, араламаған Қазақстанның түкпірі жоқ та 
шығар  деп  ойлаймын.  Барған  жерімде  облыс,  аудан  әкімдерінен  бастап 
қарапайым  дихандарға  дейін  мені  ұстаз  тұтатындары  жетерлік.  Менің 
лекцияларымды,  өткізген  семинар-кеңестерімді  бар  ынта  ықыласымен 
тыңдайды,  көптеген  сұрақтар  қояды.  Тұқыммен  көмектесуімді  өтінеді. 
Шамам  келгенше  бәрін  де  разы  қылуға  тырысамын.  Енді  жалпы  еліміз 
көлемінде қанша шәкірттерім барын өзің есептей бер. 
 
Қандай  ғылым  болса  да,  ол  адам  санасына  дербес,  ерекше  мәндерді  ұғыну 
арқылы ұялайды.  
 
 
 
 
 
 
Әл – Фараби   
Адам досы үшін даналық сөзден артық еш нәрсе сыйлай алмайды. Өйткені 
сол даналық арқылы Алла оны тура жолға салады, әйтпесе жаман жолдан 
сақтайды.   
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Ізбасар Рақымбайұлы Рақымбаев – Өсімдік физиологиясы, генетикасы 
және биоинженериясы институтының директоры, Ғылым акадамиясының 
мүше-корреспонденті, биология ғылымының докторы, профессор. Ол Рахаң 
жайлы былай деді: 
 
– 
Біздің  бойымыздағы  жаман  әдет,  ол  да  пендешілік  қой,  аты  әлемге 
танылған азаматтарымыз жөнінде айтылар жақсы сөздерімізді көзі тірісінде 

 
154 
айта алмаймыз. Көзі жұмылып, көрге енген кезде ғана «дана еді, данышпан 
еді,  одан  мықты  адам  жоқ  еді»  деп  жылап-сықтап,  тіршілікте  олқы  соққан 
марапат,  мадағымыздың  орнын  толтыруға  тырысамыз.  Меніңше,  бұл 
келешекке қадам жасаған сайын арылуға тиісті «әттегенайымыз». Бұл келер 
ұрпақ  кемелді  болу  үшін  керек.  Міне,  осы  тұрғыда  Рахым  Алмабекұлы 
туралы  айтылар  сөз  көп.  Ол  сөз  Рахаң  үшін  емес,  оның  кім  екенін  білген, 
жасаған  жұмысын  сезінетін  салауатты  ел  үшін  керек.  Сондықтан  да  ол  кісі 
туралы  жылы  сөз  айтуға,  бағасын  асырып  айтпай,  анық  айтуға  құштар 
қазақтың  бірімін.  Ондай  азаматтар  көп.  Олар  өзге  ұлттардан  да  табылады. 
Өйткені біз білетін Рахым Алмабекұлы Оразалиев – тарихи адам! Тарихта өз 
ізін қалдырған адамды солай атасақ керек-ті! Рақаңның ізі нақты да, затты; 
оны қолмен ұстауға болады, көзбен көруге болады. 
 
Рақаң туралы сөз – өзгеше болуға тиіс... 
 
Рақаң  екеуміздің  жасымыз  қарайлас.  Екеуміз  дос  ретінде,  замандас 
ретінде көп сырласамыз.  
Менің  білуімше,  ата-анасы  мәпелеп,  әлпештеп  өсірген  балалар 
оқымайды,  керісінше  келешегім  қалай  болар  екен  деп  тырысып,  тырмысып 
білім  алған  балалар  ойлаған  мақсатына  жетеді.  Рақаңды  алға  сүйреген  биік 
мұраттар бар еді. Оны биік мақсаттар жетеледі, асықтырды. Ол – елге қызмет 
ету  борышы  болатын.  Одессада  да  қызық-думан  қумай,  Қазақстаныма 
биіктеп  барайын  деп  білім  қуды.  Екінің  бірінде  бола  бермейтін  болмысын 
танығаннан кейін ғана жетекшілік еткен ғалымдар оған айрықша үміт артқан. 
Бағдарламасын нақтылай түсуге, жетілдіре түсуге ықпал еткен. Бұл жігіттің 
болашағы мықты болады, берері көп деп айрықша ықылас танытқан. 
«Рақым,  әлі  де  болса  ойлансаңшы.  Сенің  келешегің  зор.  Қазақстанға 
барғаныңмен, дәл біздегідей жағдай болмайды сенде. Бізде жағдайың жақсы 
болады,  тез  таныласың.  Докторлығыңды  да  ұзамай  қорғап  аласың»  –  деп, 
қайта-қайта шынайы жанашырлық танытқан сүйікті ұстаздарына алғыстарын 
айта  отырып,  жеме-жемге  келгенде  осының  бәрін  азаматтығына  жеңдірді. 
Жағдай қуып, жақсылық іздеп қала салса, болмас па еді? Міне, Рақаң секілді 
біртуар ғалымның азаматтық сезімін осы тұрғыдан бағалау қажет. 
Мен ойлаймын, егер Рақаң Одессада қалып қойса, сол уақыттың өзінде-
ақ әлемге әйгілі ғалым-селекционер болып кетер еді деп. Бірақ ол оған онша 
қызықпаған.  Отан  сүйгіштік  сезіміне  жеңдірген.  Қазағына,  халқына  қызмет 
етуді ойлаған. Намысына жүгінген. Міне туған жер, қасиетті топыраққа деген 
адалдық!  
Рақаң  Алматыға  қайта  оралғанда  институт  директоры  Мұхамеджан 
Ноғайұлы  Ерлепесов  еді.  Институт  қалашығын  салдыруға,  барлық 
ғимараттарды  тұрғызуға  ұйтқы  болған  адам,  күллі  лабораторияларды 
жабдықтауға, жас ғалымдарды оқуға жіберіп, тәрбиелеуге септігі тиген адам 
Рақымға  да  ілтипат  көрсетеді.  Қолынан  келгенінше  көмектеседі.  »Келгенің 
жөн болды, айналайын. Бидайдың селекция жұмысы сенің мойныңда» – деп 
үлкен үміт артады. 

 
155 
«Адам  өледі,  ал  ғалым  адам  –  мәңгі  тірі»  деген  екен  Мұхаммед 
пайғамбар  хадистерінде.  Ерлепесовтың  есімі  ел  есінде.  Ұстазын  ұлықтап, 
атын аузынан тастамайтындардың бірі – Рахаң. 
Сол  Рақаң  қай  мәселеде  болмасын,  осы  біздің  халқымызға  қандай 
пайда әкеледі – деп әуелі соны таразылайды. Кемістігімізге күйініп, күйзеліп 
жүреді. 
Осыдан он сегіз жыл бұрын Тәжікстанда бірге болдық. Вавиловтың жүз 
жылдығын мерекелеуге дүние жүзінің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналды. 
Біздің  қатты  араласып  достасып  кетуімізге  сол  күндер  себеп  болды.  Рақаң 
Душанбедегі  данышпан  ғұламаларға  қойылған  ескерткіштерді  көріп,  әбден 
тамсанды.  «Апырмай,  ә!  Қарашы,  кішкентай  ғана  мемлекет:  қай  көшесіне 
барма,  алдыңнан  ескерткіш  шығады.  Біздің  Қазақстанымыз  бұл 
Республикамен  салыстырғанда  алып  қой,  бірақ  мұндай  белгілер  жоқ.  Әлде 
біздің  тарихымыз  келте  ме?  Ғұлама  ғалымдарымыз  жоқ  па?  Солай  дейін 
десең,  қаншама  батырларымыз,  билеріміз  бар.  Қазақ  топырағында  туған 
талай  ғұламаларды  білеміз.  Алматыда  неге  солардың  ескеркіштері 
тұрмайды? Бұл қалай өзі? – деп. Қатты ойланған, мені де ойландырған. 
Көрдіңіз бе, Рақаңның намысшылын?! Әлгі сөздерін естіп отырып өзім 
сүйсіндім. Жүрегі бар азамат екенін білдім. 
Сол  Рақаң  кешкілік  серуендеп  жүргенде:  «Тәжік  халқы  –  мықты 
халық», – деді. Вавилов дүние жүзіне танымал ғалым. Соның жүз жылдығын 
туған Ресейі, қызмет еткен Ленинград, Москва, Саратовы ғана емес, солардан 
кем  қалмай  Душанбе  де  тойлап  жатыр.  Вавиловтың  шәкірттері  әлемнің  әр 
қиырынан  келген  ірі  ғалымдардың  басын  қосып  отыр.  Бұлар  мықтылық 
жасады!» 
Рақаң  сонда  осылайша  сүйсінген.  Менің  қазағым  да  сондай  халық 
болса екен деп өз ойына ерік берген. 
Рақаңды  мазалайтын  мәселенің  бірі  –  Қазақстан  ғылымының  жайы 
екенін сол кезде-ақ білгенмін. Ол үшін тәрбиені мектептен бастау керек деп 
жүрді.  Осы  оймен  Алмалыбақтағы  мектепте  биология  класын  аштырды. 
Кейін  сол  мектеп  биологияға  бейімделген  мектепке  айналды.  Мектепті 
бітіргендердің  дені  универститетке,  Ауыл  шаруашылығы  институттарына 
түсіп, жақсы маман болып шықты. 
«Осы  біздің  балаларымыз  спортқа  жеткілікті  мән  бермейді,  –  деп 
күйінді бір жолы. – Бабаларымыз батыр болған ғой. Шыдамды көнбіс болған. 
Ал  қазіргі  жастарды  қараңызшы,  көбі  әскерге  жарамайды.  Біз  неге 
алжуазбыз, неге нәзікпіз деп денсаулықтарына қарамайды. Бұрқыратып қызы 
да,  ұлы  да  темекі  тартады.  Арақ  ішіп  мас  болады.  Өстіп  бойдағы 
бабаларымыздан  қалған  асыл  қасиеттерді  жоғалтып  жатыр.  Келешегіміз 
қандай болады?!» 
Қараңызшы,  ойы  қалай?  Биолог-ғалым  қазақтың  әскерін  қайтсек 
түзейміз, сарбаздарымыз қайтсек мықты болады деп басын ауыртып, жүрегін 
сыздатып  отыр.  Мен  Рақаңды  осындай  сергек  сезім,  биік  ойы  үшін 
құрметтеймін. Расында, бұл азаматтық емес пе? Патриотизм деген осындай-
ақ болар, әсте!... 

 
156 
Рақаң  –  қалың  елдің  ортасынан  шыққан,  қарапайым  жанұяның 
жағдайын ұғатын жан. Халықтың қиналғаны жанын жегідей жейді. Директор 
болып  келген  кезде,  Алмалыбақ  ауылында  не  жылу,  не  жарық  болмай 
қалыпты.  Келісімен,  әуелгі  шаруасын  содан  бастады.  Көп  қабатты  үйлерге 
көп  қаражатты  бөлдірді.  Көше  тазалығын  қолға  алды.  Қарамағында  қызмет 
ететін кісілер неге мұқтаж, соны сұрап білді. 
Ғалым  адам  қандай  ғұлама,  білгір  болсын,  оның  бойынан  зиялылық 
айрықша  танылуы  керек.  Мәдениетті  болуы  шарт.  Гуманист  болуы  қажет. 
Рақаңда  осы  қасиеттердің  бәрі  бар.  Және  молынан  табылады.  Өз  басым 
Рақаңның  бойындағы  осындай  адамгершілік  нышандарын  ерекше 
бағалаймын. 
Қазақ  елінің  қадірін  көтеру  үшін  ат  салысушылардың  бірі  –  Рақаң. 
Кейбір  мықтымсыған  мырзаларша  «мен  ғалыммын,  қазақ  тілінсіз  де 
нанымды  тауып  жеп  жүрмін»  демей,  шәкірттеріне  үлгі  көрсетті.  Өзім 
білемін,  балаларым  сөйлейді,  енді  қалғандарында  жұмысым  жоқ  демей, 
«Қазақ тілі» қоғамын құруға ат салысты. Оған да уақыт тапты... 
Рақаң  –  ғылым  докторы,  Қазақстан  Республикасы  ғылым 
академиясының, Украина аграрлық ғылымдары академиясының, Ресей ауыл 
шаруашылық  ғылымдары  академиясы  академигі.  Үш  мемлекет 
академиясының академигі болу өте сирек жағдай. Ондай ғалымдар саусақпен 
санарлықтай  ғана.  Украина  мен  Ресейдің  ғылымына  сіңірген  еңбегі  деп 
бағалағаны бұл. Әділ баға деп білемін мен. Тірі кезінде тарихқа енген адам 
деп қараймын. Көптеген шәкірттері де солай құрметтейді. 
Біздің  тәуелсіз  мемлекетіміз  үшін  астық  –  басты  байлық.  Нан 
экономикалық  та,  стратегиялық  та  маңызы  бар  нәрсе.  Осы  жерде 
стратегиялық  деген  сөзді  қолдануымның  да  сыры  бар.  Себебі,  біздің  еліміз 
жер  бетінде  өсетін  мол  астығы  арқылы  да  әлемнің  бай  елдерінің  санатына 
қосыла  алады.  Халқымыз  «арпа-бидай  ас  екен,  алтын-күміс  тас  екен»  деп 
бекер  айтты  дейсіз  бе?  Демек,  астығымыз  алтындай  ардақталу  керек,  ол 
мұнайдан да мәнді болуы керек. Өзіміз бағалай білсек, біздің бидайымыз қай 
кезде де Қазақстанның даңқын асыра алады. Рақаң осы салада қыруар еңбек 
еткен, іс бітірген кісі... 
Рақым Алмабекұлының шығарған сорттары – басқа мемлекеттерде көп 
тараған,  қамырлылығы,  нанның  дәмділігі,  нәрлілігі  жағынан  теңдессіз 
сорттар.  Табиғаттың  қаталдығына  төзімді  келеді.  Бұл  –  бидайды  жетілдіру 
жағынан  алғандағы  Рақаң  ашқан  көптеген  ғылыми  жаңалықтардың  жемісі. 
Бидайдың  қандай  қасиеттерін  жақсарту  керек?  Ол  қасиеттер  қай  сортында 
көбірек? Қандай өсімдікті қандай өсімдікпен будандастыруға болады? Одан 
болашақ  ұрпақтарға  қандай  қасиеттері  дариды?  Қалай  сұрыптау  керек? 
Сұрыптаудың биохимиялық жолдары қалай? Міне, осындай сауалдарға Рақаң 
ұзақ  жылдар  бойы  нақты  жауап  іздеп  келеді.  Және  ойға  алған  мақсатына 
жетті де. Мәселен, биотехнологиялық, физиологиялық әдістерді селекциялық 
жұмыстарда  қолдануға  байланысты  Рақаң  екеуміз  бірлесіп  көп  ғылыми 
жұмыстар істедік. Ол кісі бізге жол көрсетті. 

 
157 
Рақаң  теория  жағынан  алғанда  да  үлкен  жаңалық  ашқан  ғалым.  Бір 
қасиеттердің  ұрпақтарда  таралуы,  ол  қасиеттердің  өзгеруі,  немесе  сақталып 
қалуы,  оның  заңдылықтары,  түрліше  экологиялық  жағдайларға  байланысты 
құбылуы,  –  міне  осының  бәрі  сол  кісінің  докторлық  дисертациясында  жан-
жақты  зерттеліп,  нақты  заңдылықтары  ашып  көрсетілген.  Аттары  әлемге 
танымал  ғалымдардан  әділ  бағасын  алған,  сіңірген  еңбегі  таудай  кісі.  Сол 
себепті  мен  ғана  емес,  еңбегін  білетіндердің  бәрі  де  Рақым  Алмабекұлы 
Оразалиевті  қазақстандық  биологтардың  ішіндегі  танымал  ғалымдардың 
тарланы деп есептейді. 
Алмабекұлымен санасады. 
Алмабекұлын ардақ тұтады, мақтан етеді... 
Бұрынғы  одаққа  әйгілі  генетик-ғалым,  ВАСХНИИЛ  мен  Ураина 
ғылымдар  академиясының  академигі  Алексей  Алексеевич  Созинов: 
«Оразалиев  –  үлкен  ғалым.  Оның  бойында  көне  Шығыс  ғұламаларына  тән 
даналық бар». 
К.А.Тимирязев  атындағы  Өсімдік  физиологиясы  институтының  шет 
елдермен байланыстарды жүзеге асырушы ғалым Зинаида Петровна Хейн: 
«Бұрын  менде  табынатын  бір  кісі  ғана  болатын.  Ол  Ельцин  еді. 
Қазақстанға  келгелі  менде  екіншісі  пайда  болды.  Ол  –  Оразалиев.  Рақым 
Алмабекұлының  өз  тәжірибе  жұмыстарын  соншама  бір  мақтанышпен 
көрсетіп,  сорттары  жөнінде  жігін  жатқызып  айтқандарын  естіп, 
жайқалып өскен егініне көз салып, сол егіннің ортасында қарыштап жүрген 
кесек  тұлғасына  қарап,  қайран  қалмасқа  амалым  қалмады.  Шіркін-ай,  осы 
кісінің лайықты ізбасары бар ма екен деп ойладым». 
ЖИРКАС-тың  (Жапония  ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының 
халықаралық орталығы) Бас директоры әйгілі ғалым Кейджи Кайнума: «Бұл 
институтпен шартқа тұруымызға Оразалиевтің жеке басына сенгендігіміз 
болды.  Ол  кісімен  1993  жылдың  күзінде  Жапонияда  жүздескенбіз.  Біздің 
ғылыми  орталықта  жүргізіліп  жатқан  жұмыстармен  танысты.  Біз  де 
алғаш  рет  Орта  Азия  елдерімен,  соның  ішінде  Қазақстанмен  бірлескен 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдадық.» 
«Дән  көтерген  құмырсқаға  тимеңдерші,  алысқаны  өмір  ғой,  өмір 
сондай  абзал  ғой»,  –  деген  екен  Фердауси.  Рақаң  тіршіліктің  тірегі,  өмір 
нәрі  –  нанды  нәрлі  де  дәмді  ету  азабын  арқалап  жүрген  азамат.  Маған 
Қазақстандағы  бидай  селекциясымен  шұғылданып  жүрген  бір  ғалымның 
атын  ата  десе,  алдымен  Оразалиевті  атар  едім.  Егер  екі  кісі  бар  екен, 
соларды  айтып  бер  десе,  тағы  да  әуелі  Оразалиевтің  аты-жөнін  ауызға 
алар едім» 
Ғани  Әлімұлы  Қалиев  –  Қазақстан  Республикасы  Ғылым 
академиясының,  Ресей  және  Украин  аграрлық  ғылымдар  академияларының 
академигі,  бұрынғы  Қазақстан  экономика  және  өндіріс  кешенін 
ұйымдастыру  ғылми-зерттеу  институтының  директоры,  Қазақ  ауыл 
шаруашылық ғылымдар академиясының президенті былай деді: 
– 
Рақым  батыр  адам.  Батыр  қашан  да  аңғал.  Ертегілерде  солай 
болушы еді. Өмірде де дәл солай. Рақымның іс әрекетіне, Тәңірі жаратқан 

 
158 
табиғатына  қарай  отырып,  мен  осылай  деймін.  Оның  болмысы  бөлек. 
Айтты  ма,  сол  айтқанынан  айнымайды-ау,  айнымайды...  Ерекше 
жаратылған  дарынды  адамдарда  сондай  мінез  болады  дейді.  Сол  себепті 
оны  түсіну  қажет.  Қателестірмеу  керек.  Мұндай  мінездің  кісілері  бір 
жаңылысса, оңбай жаңылысады; содан бастары тасқа тимей қайтпайды. 
Ал  енді  жақсы  іске  бір  жегілсе,  бастаған  ісін  бақайшығына  дейін  шағып, 
шегіне жеткізеді. 
Мен Рақым Алмабекұлының ғылымдағы шешек атқан ісін көзбен көріп, 
оның кемелді келешегіне сенгендіктен солай деймін.... 
 
Селекция  деген  ғылымның  өзі  өсімдіктер  мен  жануарлардың  жаңа 
түрлерін  шығарумен  айналысатын  ғылым.  Рақаң  140  сорттың  авторы.  Мен 
айтар едім, бір сорт шығарған адамға тірі кезінде ескерткіш қою қою керек 
деп.  Осы  реттен  алғанда  Оразалиев  барынша  бағаланатын,  айрықша 
ардақталатын адам болуы керек.  
 
Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет