Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға


Балалық шақ пен есею жылдары



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет16/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

Балалық шақ пен есею жылдары 
 
– 
Рахым  Алмабекұлы,  кітапты  оқып  отырған  оқырмандардың  сұрауы 
мүмкін ғой: «Осынша телегей теңіз білімді меңгерген Рахым ағамыздың өмір 
өткелдері қалай болған? « – деп. 
– 
Шалқар  достым,  өзім  туралы  көп  айтпай-ақ  қояйын  деп  едім,  сенің 
бәрібір айтқызатын түрің бар, сондықтан көндім.  
– 
Мен Рахым Алмабекұлы Оразалиев, 1935 жылдың 8 Желтоқсанында 
Қаскелең  ауданы  «Каменка»  ауылында  дүниеге  келдім.  Бұл  ауыл  шыңдары 
бұлтқа тірелген ақ басты Іле Алатауының бөктеріне жайғасқан. Мен туғаннан 
бір жылдан кейін отбасымыз таумен қоян-қолтық жапсарласып жатқан кіші 
Алматы  орман  шаруашылығына  қоныс  аударды.  Сұлулығы  адам  баласын 
тәнті ететін маңғаз таулардың бөлек болмысы, наз табиғаты, саф ауасы ата-
бабадан  ұрпаққа  ауысатын  жақсы  қасиеттерімді  еселей  түсіп,  жеке  тұлға 
ретінде рухани дамуыма ерекше жағдай туғызғаны сөзсіз. 
Жерді атына қарап, адамды досына қарап тануға болады.  
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
– 
Рахым  аға,  осы  сіз  туып  өскен  жерде,  қасиетті  топырақта 
халқымыздың  белгілі  перзенттері  –  көрнекті  мемлекет  қайраткерлері  Ораз 
Жандосов,  Тұрар  Рысқұлов,  Дінмұхамед  Қонаев  және  Қазақстан 
Республикасының  тұңғыш  елбасысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтардың  да  туып 
өскені  жалпы  оқырман  қауымға  мәлім,  сонда  сіздің  де  тегін  адам 
болмағаныңыз ғой, менің осы пікіріме қосыласыз ба? 
– 
Шалқар Әбішұлы, мынауың тұтқиылдан қойылған қиын сұрақ болып 
тұр.  Сондықтан  да  мен  осы  сұраққа  жауап  берместен  бұрын  өткен  өмір 

 
137 
соқпақтарыма  шолу  жасап  өтейін,  бағасын  оқырмандарымыздың  өзі  бере 
жатар. Бұған қалай қарайсың? 
– 
Мақұл, Рахым аға. Сізден өтініп сұрайтыным осыған кеңірек тоқтала 
кетсеңіз қарсы емессіз бе? 
 – 
Жәрәйді, келістім. Онда ары қарай тыңдауға дайындал. 
– 
Менің  балалық  шағым  халқымыздың  небір  дүрбелеңді  басынан 
өткізіп, аш-жалаңаш өмір кешкен қиын-қыстау дәуірге тұспа-тұс келді. 
– 
Рахым аға, бал дәурен балалық шағыңызға байыппен саяхат жасасақ, 
қалай дейсіз? 
– 
Ақиқаты солай: біз құралыптас, өзің құралыптас балалардың бәрінің 
балалық шағы бақытты деуге келмейтін ауыр жағдайда өтті. Мәселен, мен өз 
басым  он  жасымнан  ауыр  еңбекке  жегілдім.  Артымнан  ерген  іні-
қарындастарым болды. Төрт жасқа толар-толмасымда әкем марқұм Ұлы Отан 
соғысына аттаныпты. Оның алдында Фин соғысы болғанын білесіңдер. Әкем 
сол  соғысқа  да  қатынасқан  екен.  Оқ  пен  оттың  ортасынан  аман  келдім-ау, 
енді  ата-анамның  алдындағы  перзенттік  парызымды  өтейін,  немере 
қызығына  кенелтейін  деген  асыл  арманы  үзілді.  Сұм  соғыс  үзеді.  Сол 
уақытта  мен  төрт  жаста  екенмін.  Төрт  жасар  баланың  қандай  болатыны 
белгілі  емес  пе,  сондықтан  мен  әкемді  шала-шарпы  ғана  білемін.  Қайран 
әкем,  сұрапыл  майданның  өтінен  өткен,  талай  қырғыннан  аман  шыққан 
алтын  басы  туған  босағаға  келер-келмесін  білмей,  анық  сезбей,  артына 
қарайлай-қарайлай  кете  барған.  Анамыздың  аяғы  ауыр  екен.  Ұзамай  ұлды 
болады.  Қазақ  ырымшыл  халық  қой,  сол  ініме  Командор  деп  ат  қойыпты. 
Онысы – Командир дегені. Жеңіспен оралған әкесін Командир болсын деген 
ізгі  арманы  орындалмады.  Құдай  адамның  күллі  тілегін  орындай  бермейтін 
көрінеді  ғой.  Әйтпесе,  алысқа  аттанған  әкесінің  орнын  іңгалаған  үнмен 
толтырған сүйкімді Командарымыз маңдайы кең, сары алтындай топ-томпақ 
бала  еді.  Жалпы,  анығын  айту  керек,  біздің  әулеттен  тарағанның  бәрі  де 
шетінен  сымбатты  әрі  сұңғақ  болып  келеді.  Егер  Құдай  өмір  беріп, 
қатарымызда  жүргенде  қазағымның  мықты  бір  азаматы  атанып  өсер  еді. 
Әттең, суық тиіп шетінеп кетті, қабырғамызды қақыратып кетті, қайыстырып 
кетті.  Соғыстың  ызғары  ғой.  Әкеміз  жылы  ұямыздың  ортасында  болса,  ол 
баланың да ғұмыры ұзарар ма еді деймін кей-кейде... 
Өзіммен  емшектес  інім  Ахан  бар,  қазір  Қаракестекте  тұрады.  Ал, 
Бағжан есімді қарындасымның үй-жайы осы Алмалыбақта. 
Нағашы  қарындасым  Рая  Құдысова  мен  Күлән  есімді  қарындасыма 
деген ілтипатым да ерекше. 
 
Қайсыбір  мұсылман  егін  ексе  немесе  миуалы  жеміс  ағаштар  отырғызса, 
олардан  құстар,  адамдар  яки  хайуандар  да  жесе,  осының  бәрі  ол  үшін 
садақаға жатады. 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз  Мұхаммед 
(с.ғ.с.) 
 
Анам  Шалдыкен  Оразалиева  (1910  жылы  дүниеге  келген)  майданға 
кеткен  әкемнің  ісін  жалғастырып,  соғыс  жылдарынан  бастап,  60-шы 
жылдарға  дейін  орман  питомнигі  бөлімшесін  басқарды.  Сол  жылдары  кіші 

 
138 
Алматы  орман  шаруашылығы:  қарағай,  қайың,  шырша,  емендердің  екі 
жылдық  сепкін  көшеттерін  Алматы  маңындағы  Комиссар,  Бутаковка, 
Каменка,  Ремиз,  Ақсай,  Қаскелең  шатқалдарындағы  тау  алаңдарына 
отырғызумен  айналысты.  Содан  бері  50...60  жыл  өтсе  де  Іле  Алатауы 
баурайларының  ғажап  көрністерін  одан  сайын  әрлендіріп  тұрған  ағаштар 
асыл  анамның  қол  табының  ізімен,  еңбегінің  айғағындай  өркендерін  жая 
түсуде.  
 
Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық 
жаса. 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Сол  жылдары  майдандағы  ер-азаматтардың  орнын  жоқтатпай,  күш-
қайрат жұмсап еңбек еткен анамның қолында, үш кішкентай жас балалар мен 
әкемнің анасы қалды. Мен 6 жастамын, анам 30 жасқа толар толмас болатын. 
Менің анам өзінің отбасымен ғана шектелмей, қолынан келген көмегін туған 
туыстарына  ешқашанда  аямаған  ақылы  мен  жігері,  парасаттылығы  мол, 
пейілі де, қолы да жомарт адам еді. Менің ғазиз анам бойшаң кісі болатын. 
Күннің атысы, күннің батысы жұмыстан бас көтермеді. 
Біздің міндетіміз малға қарау, қысқа отын мен жем-шөп дайындау. 10 
жасымнан бастап жұмысқа араластым. 
 
Сегізінші  кластан  бастап  қалаға  қатынап  оқыдым.  Ауылымыздың 
мектебі  жеті  жылдық  болатын.  Оның  өзі  қашықта,  үйден  бес  шақырым 
қашықта еді. Қыста аяз, ал Алатау бөктерінің көктемі мен күзі қандай! Көкті 
тұмшалаған  бұлыңғыр  тұманы  дым  бүркіп  тұрады.  Күннің  көзі  жылт 
еткенімен,  жер  шіркін  дегдіп  үлгермейді.  Аяғына  киетін  керзі  етігі 
барлардың  бақыты  бес  елі.  Резіңке  етік  деген  таптырмайды,  атымен  жоқ. 
Жыртық-жамау  кебісті  сүйретеміз.  Онымыз  аяғымызға  дәл  болса  бір  жөн, 
нығыз  тұру  үшін  шылғау  ораймыз.  Әрине,  бұл  жан  жадыратып  айтатын 
әңгіме  емес.  Сондықтан  да  қатарластарымның  көбі  оқуды  тастады.  Бес 
кластық,  алты  кластық  біліммен  қалды.  Солардың  ішінде  мен  сияқтылары 
ғана тырмысып жетіншіні бітірді. Оқуымда әрі қарай жалғастырдым. Менің 
сегізіншіден бастап білім алған мектебім Қажымұқан көшесі бүгінгі Достық 
даңғылының  қиылысында  әлі  тұр.  Жанынан  өткен  сайын  баяғы  балалық 
күндерім ойыма оралады. Ұстаздарымды есіме түсіремін. Парталастарым көз 
алдыма  келеді.  Қазіргі  тоғызыншы,  оныншы  оқып  жүрген  ұл-қыздар 
сияқтымыз ғой: жап-жас, әп-әдемі... 
 
Тоғызыншы класта жүргенде-ақ бойшаң едім. «Бесіктен белім шықпай 
жатып» демекші, кішкентайымнан ауыр еңбекке араласып, әбден пістік қой. 
Шөп  маялаймыз.  Маяның  төбесі  биік.  Айырмен  құшақ-құшақ  шөп  көтеріп 
ұшар  басына  жеткіземіз.  Басқалар  да  әперуге  құлшынады.  Сонда  үлкендер 
жағы: «Рақым әперсін, Рақым әперсін» – дейді. Атымды ала бөтен атап, «Ой 
бәрекелді!» деп марапат сөзін айтып тұрғанда шыдай алмай кетемін. Орынды 
айтылған мадақ сөз де адамға дем береді екен, төбедегілер әперген шөбімді 
алып үлгермейді. 
Жаманнан жақсы,  
Жақсыдан жаман туады демеңіз, 

 
139 
Түбінде тартпай қоймас негізіне.   Қазақтың мақал-мәтелдері 
Әкем  Алмабек  Оразалиев1905  жылы  туған  аға  орманшы  боп  жүріп, 
1941  жылы  майданға  аттанды.  Смоленск  түбінде  қырғын  шайқаста  қаза 
тауып,  сол  жерде  бауырластар  зиратына  жерленеді.  Әкем  Алмабек  тамаша 
аңшы, мерген, әрі адам баласынан жеңіліп көрмеген айтыскер ақын болған. 
Бүкіл Жетісу өңірінде ақын бар дегенді естісе өзі іздеп барып айтысады екен. 
 
Шынында да әкеміздің көзін көргендер бертінге дейін көп болды, солардың 
айтуынша  «ауылда  өз  орны  бар,  беделді  кісі»  екен.  Өнерлі  десе  өнерлі 
болыпты. Қазақта  екі кісінің бірі «әу» деп өлең шығарады, ал біздің әкеміз 
суырыпсалма  ақындығымен  де  төңірегіне    танылыпты.  «Бір  күн,  бір  түн 
айтысса  –  талмайтын  еді»  дейді  куә  болғандар.  Алматы  облысының  пәлен 
деген жерінде бір ақын бар екен дегенді құлағы шалса, қыс демей, жаз демей 
барып айтысып жеңіп қайтады екен. Әрине, мәселе – жүлде алғанында емес, 
намысқойлығында.  Сол  асыл  қасиет  әкелік  махабатына  молынан  шуақтай 
алмасамда,  маған  айналайын  әкемнен,  әруағыңнан  айналайын  әкемнен 
ауысқан сияқты...  
 
Міне, әкем еккен ағаштардың қатарында біздің қолымызбен қондырып, 
көктіккен  ақ  балтырлы  қайыңдар  мен  зәулім  қарағайлар  бөктерлерді 
құлпыртып тұр. Мен соған мақтанамын. 
 
 
 
Оқысаңыз балалар, 
 
 
 
Шамнан шырақ жағылар. 
 
 
 
Тілегенің алдыңнан, 
 
 
 
Іздемей – ақ табылар.  Ыбырай Алтынсарин 
Сұрақ: – Бастауыш білімді қайдан алдыңыз? 
 
Жауап: – Көктемнің – күзгі лайсаңында, қыстың қақаған аязында да 20 
шақты бала «Каменское плато» ауылындағы № 95 жеті жылдық мектепке 5 
шақырым жерден жаяу барып оқыдық. 
Одан  кейін  8...10  сыныпты  қазіргі  Абылайхан  даңғылындағы  №  30 
қалалық мектепте оқыдым. Мектеп қаладағы ең таңдаулының бірі болатын. 
Сұрақ: – Мектепте қалай оқыдыңыз? 
Жауап: – Менің оқуым қызық болды. Өйткені орыс класына берді. Өзім 
бір ауыз орысша білмеймін. Үндемеймін, ұяламын. Әріпті таныдық. Бәрібір, 
бірінші  класты  жетістіріп  оқымадым.  Екі  мен  үшті  еншілеп  жүріп  екіншіге 
көшіппін, әйтеуір. Екінші жылы тілім кішкене сынды. Сабағым сәл де болса 
жақсарды.  «Орташамен»  тамамдадым.    Үшінші  класта  да  не  жақсыға,  не 
жаманға  қосылмадым.  Ал,  төртіншіге  келгенде  білімге  деген  ынтам  арта 
түсті.  Сабақ  басталғаннан  мақтаулы  балалардың  санатына  қосылдым.  Оған 
мектебімізге жаңадан келген Татьяна Ефимовна деген мұғалім себеп болды. 
Өзі  география  пәнінен  береді.  Сабақты  сондай  беріліп  түсіндіреді  екен. 
Қыбыр етпей тыңдап отырамын. Бірде сабақты кім айтады деді.  Бұған дейін 
құлшынып  көрмеген  мен  қол  көтеріппін.  Жоқ,  мүдірмей  айтып  бердім. 
Ойымды  еркін  жеткіздім.  «Ой,  молодец!»,  –  деп  шын  ықыласымен  риза 
болды.  Сөйтті  де  «бес»  қойды.  Сол-сол  екен,  географиядан  кілең  «бес» 
алатын  болдым.  Тарихтан  да  «бестік»  аламын.  Ботаникаға  да  ықыласым 
айрықша ауды. Бұрын мұндай баға алып көрмеген балаға үстемелетіп алған 

 
140 
«бестіктердің»  ықпалы  қатты  болады  екен.  Үйге  барғаннан  кейін  келесі 
күндердің сабақтарын жақсартуға жігерлене кірісемін. Жақсы баға алу үшін 
оқимын.  Татьяна  апайымның  мақтауы  менің  тынысымды  ашты.  «Ой 
молодец» деген бір ауыз жылы сөзі жігер берді. Адамға қай кезде де жігер 
беретін  сөз  керек  екен.  Әсіресе,  бәрін  білуге  құлшынып,  ұмтылып  тұратын 
балаға.  Әйтпесе,  кім  де  болса  тапталып,  қатардағы  көптің  бірі  болып  қала 
бере ме деймін. 
Жетінші,  сегізінші  кластарды  да  үздіктер  қатарында  бітірдім.  Орыс 
тілін де өте жақсы меңгеріп алдым. 
1946  жылы  әкемнің  інісі  соғыстан  оралып  бір  шаңырақ  болып  түтін 
түтету өміріміздің түзелуіне себеп болды. Күш біріктіріп ағаштан үй салып, 
жеке  шаруашылығымызды  ұлғайттық,  киім-кешегіміз  бүтінделді.  Жалпы 
елдің еңсесі көтеріле бастады. 
 
Оқығанның көңілі жарық, 
Оқымағанның беті шарық.  Қазақ мақал-мәтелдері 
Өмірде  қызық  қой.  Кейін  студенттік  кезде  соншалықты  тырысып, 
кітаптан  көз  алмай  оқыған  курстастарым  болды.  Олар  көтерме  стипендия 
үшін оқыды. Мен «төрт» пен «беске» оқыдым. «Қызыл диплом» алайыншы 
деген ой болмады. Мән бермедім. Алайда кілең «беске» оқитын студенттер 
өздері  түсінбегендерін  менен  сұрайтын.  Айтып  беремін.  Биологиядан  да, 
зоологиядан да кеңесшілері мен. Еріншектік, себеп-сылтау айту деген мүлде 
болмаушы еді. 
 
Атадан жақсы ұл туса, 
Қар үстінде от жанар, 
Атадан жаман ұл туса,  
Ат үстінде ит қабар.   
Қазақ мақал-мәтелдері 
Студент  болып  алғаннан  кейін  мамандыққа  деген  қызығушылық 
оянды. Тауда, ағаш арасында өскен баламын ғой, не лесфаққа, не плодафаққа 
барамын деп қоймаймын. Ол уақытта бір-ақ факультет, үшінші курсқа дейін 
бірге оқиды. Алматыда апорттың арасында, немесе жеміс-жидектің арасында 
агроном болып жүрген қандай жақсы! Мақсатым сол ғой менің. Осы жерде 
тағы  да  ойлағанымдай  болмады.  Мен  ойланып-толғанып  жүргенде  көп 
қыздар мен ұлдар пысықтық танытып, күні бұрын жазылып қойыпты. Мен де 
барайын  десем,  «кеш  қалдың,  бөлініп  қойды,  бітті»  деп  жолатпайды.  Тіпті, 
сенің бойың ұзын, қолыңа сажын алып алқапта жүруің керек. Ағаш арасында, 
памидордың ішінде саған не бар?» деп қылжақ қылады. Олардың осы сөзін 
естіп,  тағы  ренжідім.  Сөйтсем  бекер  ренжіппін.  Себебі  жаман  болған  жоқ. 
Оқуды  да  алдыңғылардың  қатарымен  мақтаумен  бітірдім.  Аспирантураға 
қалсаң қайтеді деген ұсыныс айтты ұстаздарым.  
 
Диқаншылықты  кәсіп  етіңдер,  өйткені  ол  –  берекелі  іс.  Диқаншылықты 
қорғайтын сақшыларды көбейтіңдер!    Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
  

 
141 
Сұрақ:  –  Жоғары  оқу  орнын  қай  жерде,  қай  жылы  бітірдіңіз?  Жас 
маманды қайда жіберді? 
Жауап:  –  Өмірдің  қыры  мен  сырын  түсіне  бастағанымда  ел  дәулеті 
болып табылатын астық жолында еңбек етуді мақсат етіп, Алматыдағы Қазақ 
ауыл  шаруашылығы  институтының  агрономия  бөлімшесіне  оқуға  түстім. 
1960  жылы  жақсы  бітіргеннен  кейін,  Талдықорған  облысы,  Алакөл 
ауданындағы  «Қызыл  Ту»  колхозында  бас  агроном  болып  еңбек  жолымды 
бастадым.  1961...1964  жылдары  аудандық  Ильич  атындағы  тәжірибе  – 
көрсеткіштік  сохозының  бас  агрономы,  директордың  бірінші  орынбасары 
қызметін атқардым. 100 мың га жалпы астам жері (оның 30 мыңы егістік), 75 
мың  қойы,  көптеген  бас  ірі  қаралары  мен  жылқысы  бар  ірі  шаруашылықта 
істей  жүріп,  мол  өндірістік  тәжірибе  жинақтадым.  Осында  жүргенде-ақ 
ғылми тәжірибелер қоюмен айналыстым. Білімімді молайтуға талпындым.  
 
 
 
Есею  мен кемелдену жылдары 
 
Тіпті қытайдан болса да білім алуға ұмтыл, өйткені білім алуға әрекеттену 
– 
әрбір діндардың парызы.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Сұрақ: – Ғылымға деген талпынысыңыз қай уақытта басталды? 
Жауап:  –  1964...1966  жылдары  Қаскелең  ауданының  Ораз  Жандосов 
атындағы совхозында жұмыс істеп жүргенімде астық дақылдарының сорттық 
технологиясы  тәжірибелерін  қоюмен  айналыстым.  Тіпті  үй  маңымда  да 
осындай  тәжірибелер  болатын.  «Жұрт  үй  алдына  бау-бақша  өсірсе,  Рахым 
бидаймен тәжірибе жүргізеді» деп көргендер қалжыңдайтын. Өндірісте алған 
мол  тәжірибелерімді  теориямен  ұштастыруға  ұмтылдым.  Осы  талап  мені 
ғылым  жолына  түсірді.  Ғылымдардың  ішінен  өсімдіктердің  жаңа  түрлерін 
шығару  мен  оның  табиғатын  өзгертуге  мүмкіндік  туғызатын  селекция 
ғылымын таңдадым. 
Сұрақ:  –  Ғылым  жолындағы  баспалдағыңыз?  Қай  жерде,  қай  уақытта 
оқыдыңыз? Ғылым тұңғиығындағы алғашқы ұстазыңыз кім болды? 
Жауап:  –  Осы  мақсатпен  Одесса  қаласындағы  селекциялық-
генетикалық институтының аспирантурасына түстім. Бұл институт Кеңестер 
Одағы  мен  Экономикалық  өзара  көмек  кеңесі  елдерінің  өсімдіктер 
генетикасы  мен  мен  селекциясы,  әсіресе  астық  дақылдары  селекциясы 
бойынша беделді ғылыми теориялық орталықтардың бірі еді. Осы институтта 
көптеген 
көрнекті 
селекционерлер, 
өсімдіктердің 
классикалық 
селекциясының негізін қалаушылар өз еңбектерін жасаған-ды. Институттағы 
белгілі  селекционер,  Социалистік  еңбек  ері,  Лениндік  және  Мемлекеттік 
сыйлықтардың  иегері  Ф.Г.Кириченко  менің  зерттеу  жұмыстарыма 
жетекшілік етті. 
«Шәкіртсіз  ұстаз  –  тұл»  дейді.  Ұстаз  адам  алдына  келген  жастың 
бойына  өнеге  нәрін  құюы  қажет.  Білмегенін  білдіру,  жасай  алмағанын 
ешкімнің жәрдемінсіз-ақ жасай алатын етіп үйрету оның міндеті.  
Әлемге  әйгілі  медицина  ілімінің  атасы  Әбу-Ғали  ибн  Сина  бір 
байбатшамен келе жатыпты, – дейді, – Сөйтсе бір бозбала жолын кесіп өте 

 
142 
беріпті.  Оны  көре  салысымен  әйгілі  ғұлама  екі  бүктетіліп,  екі  қолын 
кеудесіне қойып қайта-қайта сәлемдесіпті. 
– 
Бұл кім? Патшаның баласы ма, әлде елден асқан байдың ұлы ма? – 
деп сұрапты қатты таңырқаған байбатша. Сонда данышпан дәрігер: – Менің 
адам болғаным, осыншалық биік дәрежеге көтерілгенім әлгі баланың әкесінің 
арқасы!..– депті. 
Адал  кәсіппен  айналысып,  содан  шаршап  ұйықтаған  адам  күнәлары 
кешірілген халде түнейді.   Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
 
 
 
Сұрақ:  Алғашқы  ғылыми  атағыңызды  қай  жерде,  қай  уақытта 
қорғадыңыз? 
Жауап:  –  Өзімнің  тәжірибе  нәтижелерімді  негіздеп  1970  жылы 
кандидаттық  дисертациямды  табысты  қорғап  шықтым.  Осы  институт  маған 
осы  ғылым  орталығында  жұмыс  істеуге  бірнеше  мәрте  ұсыныстар  жасады. 
Бірақта:  «Күш-жігер,  білімімді  Қазақстан  ғылымының  дамуына 
пайдалансам»,  – деген шешімімді өзгертпедім.  
Сұрақ: – Елге қашан оралдыңыз? Ғалым ретінде алғашқы қадамыңызды 
қайдан, неден бастадыңыз? Жұмыс баспалдақтарыңыз? 
Жауап:  –  Қазақстан  ауылшаруашылығы  министірлігі  жанындағы 
Ғылыми  басқармасы  бастығы  Ш.М.  Шолтыровтың  ұсынысымен  Шығыс 
селекциялық орталығы негізделіп жасалынған Қазақ егіншілік ғылми-зерттеу 
институтына  қызметке  жіберілдім.  Осы  институт  қабырғасында  ғалым-
селекционер, азамат және қоғам қайраткері болып қалыптастым. 
1971-
1995  жылдары  институттың  ірі  бөлімдерінің  бірі  болып 
есептелетін  бидай  селекциясы  бөлімін  басқардым,  Шығыс  селекциялық 
орталығының  жетекшісі,  институт  директорының  ғылым  жөніндегі 
орынбасары  (1978-1983)  болып  қызмет  атқардым.  Шығыс  селекция 
орталығында  қомақты  селекциялық-генетикалық  зерттеулердің  қарқынды 
жұмыс  істей  бастауына  ат  салыстым.  Республикамыздың  түрлі  климаттық-
топырақтық  аймақтарын  қамтитын  он  шақты  экологиялық  пункттер 
жүйесінің ашылуына мұрындық болдым. Бұл пункттерде көптеген будандық 
популяциялар  мен  линияларды  сынақтан  өткіздік,  жергілікті  және  әлемдік 
ғылми қауымның қажетіне жараттық. 
Осы  30  жылдың  ішінде  қолданбалы  және  теориялық  генетика  мен 
селекцияның көптеген маңызды мәселелерін шештік. 
– 
Рахым  аға,  осы  жылдар  аралығында  өзіңіз  ғылым  саласында  қанша 
шәкірттерді тәрбиелеп қанаттандырып ұшырдыңыз? 
– 
Осы жылдар ішінде менің жетекшілік етуіммен 41 адам кандидаттық, 
докторлық еңбектерін қорғап, ғылми дәрежелер алды. Менің шәкірттерімнің 
көпшілігі,  олардың  ішінде  ғылым  кандидаттары,  ғылым  докторлары,  мүше-
корреспендент,  профессорлар  бар.  Осылардың  бәрі  Қазақстан  ғылымында 
еңбек  етуде,  ал  қазір  қосымша  30  шақты  аспиранттар  ғылми  дайындықтан 
өтуде. Сонда тек ғылым саласында ғана 100 астам шәкірттерім бар. 
 

 
143 
Қолыңда көшет тұрған кезде, қиямет – қайым болатынын анық білсең де, 
үлгерсең еге бер.   
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
Сұрақ: – Өмірімнің мазмұны мен мән-мағнасы неде деп түсінесіз? 
Жауап:  –  Өмір  –  өткінші.  Біреулер  келеді  де  кетеді.  Кейбіреуі  сәби 
сәтінде  дүниеден  озады.  Ал,  енді  бірулер  алпыстан  асып,  жетпіске  жетеді. 
Сексеннің  сеңгіріне  шығып,  бірақ  тіршілікте  тұшымды  ештеңе 
тындырмайтындар  да  ұшырасады.  Сондықтан  да  Сенека  «Өмір  де  мысал 
өлең  секілді:  ұзақтығымен  өлшенбейді,  мазмұнымен  өлшенеді»  –  деп  текке 
айтпаса  керек.  Ғалым  –  ұстаздың  көңілге  тоқ  алар  бір  ісі  –  ұшырған 
шәкірттері  десек,  өз  басым  50-ден  аса  арманшыл  жастың  ғылым  әлеміне 
енуіне  қол  ұшымды  беріппін.  Солардың  жартысынан  астамы  кандидаттық, 
докторлық диссертацияларын қорғады. Қорғайтын күнін күтіп, әне-міне деп 
дайын жүргендері қаншама! 
 
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл – ойы айқын, ерік – жігері, тілек – 
мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат 
іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. Әл – Фараби 
Сұрақ:  –  Өмірде  адамды  алға  жетелейтін,  өсіретін  не?  Селекционер 
(сұрыптаушы) болу үшін басты қандай қасиет керек? Шәкірттеріңізді қалай 
баулисыз? Ұстаздың басты борышын қалай түсінесіз? 
Жауап: – Адамды еңбек өсіреді. Сол себепті шәкірттерімнің жұмысына 
айрықша мән беремін. Ұстаздың ұстаздық борышына адалдығы деген жақсы 
ұғым,  мен  соны  бір  сәт  есімнен  шығармауға  тырысамын.  Аспиранттың 
жоспарлы бағдар бойынша атқаратын шаруаларының сыртынан тағы да үйіп-
төгіп қосымша тапсырма беремін. Селекционерге керегі де ерінбеу. «Мұнша 
комбинация  жаса,  мынаны  өйт,  мынаны  бүйт»  –  деймін  үстемелеп.  «Аға 
тапсырмаңыз  басымнан  асты  ғой,  қалай  үлгеремін?»  –  дейді  кейбіреулері. 
«Көкем-ау,  бұл  жұмыстардың  рахатын  әлі-ақ  көресің.  Мәселен,  мына 
жұмыстар  сорт  үшін  керек,  ал  мына  комбинациялар  комиссия  мүшелері 
жарысып сұрақ бергенде, қиналмай жауап беруің үшін керек» – деймін. Үнсіз 
көнеді, үлгергенінше жұмыс істеп бағады. Әйтпесе жалқаулық деген жау ғой, 
мойынға  бір  мініп  алса,  түспей  қояды...  Ал  менің  жалқау  аспиранттармен 
жұмыс істегім келмейді. 
 
Тәртіптілік  –  тұрмыстың  жартысына,  достасу  –  ақылдың  жартысына, 
уайымшылдық  –  кәріліктің  жартысына  тең;  өнерлі,  ақылды  әйел 
байлықтың екіден біріне тең.
Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет