Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/26
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

 
 
 
Қан және су 
      
Қан судан он пайыз қоюырақ екені белгілі. Қан құрамының плазмасы 80 
пайыз  судан  тұратындықтан,  бүкіл  денеде  еркін  айналады.  Ол  тамақ  пен 
газды,  өлі  тұздарды,  қоректік  заттарды,  қалдықтарды  тасымалдайды  және 
басқа да қосымша жұмыстар атқарады. 
    
Клетка өзін құратын заттарды және оған қажетті нәрселерді плазма алып 
келеді. Клетканы жаңалап  құру, жұту немесе шығару ағымдарының бәрі де 
плазманың көмегімен жүреді. Ас  қорту және тыныс алу жүйелерінен тамақ 
пен отынды алып, плазма ағзаның барлық мүшелеріне тасымалдайды. 
 
 
 
 
Қан салқындықты сақтайды 
        
Автомобилдің двигателіне бірқалыпты температураны сақтап тұру үшін, 
радиаторына  су  қажет.  Осының  адам  ағзасына  да  қатысы  бар.  Себебі,  су 
жылуды  тез  сіңіріп  алады.  Температура  деңгейі  бірқалыпта  болатын  тірі 
ағзаларға, су тамаша суытқыш. Адам ағзасы ауа райы мен қоршаған ортаға 
тәуелсіз,  әрқашан  бірқалыпты  температура  деңгейінде,  Цельсия  бойынша 
36,6 градус. 
     
Температура буланудың көмегімен эпидермис арқылы реттеліп отырады. 
Одан  басқа,  ағзада  оттегі  мен  тағамдар  жанған  кезде  бөлінетін  жылудың 
төрттен  бір  бөлігі  тыныс  алғанда  шығады.  Терлеген  уақытта,  ағза  сағатына 
0,5  литрге  дейін  су  жоғалтады.  Салқындағанда  терлеу  тоқтап,  барлық  су 
еттерге  шоғырланады.  Температураның  тепе  теңдігін  сақтау  үшін,  біздің 
ағзамыз көп жұмыс жасайды. 
      
Зерттеулердің көрсеткеніндей, адам қалыпты ылғалдылық пен тыныштық 
жағдайда,  терісі  мен  өкпесі  арқылы  күніне  300  грамм  сұйық  шығарады. 
Алысқа  жүгіретін  желаяқтар  сағатына  4,  ал  футболист  6  литрге  дейін  су 
жоғалтады.  Ағзаның  жартысынан  астамы  судан  тұрғандықтан,  шығару 
ағымы  осыған  негізделген,  сондықтан  судан  айрылып  қалу  оңай.  Ұзаққа 
созылып  кетсе,  судың  жетіспеуі  өте  қауіпті.  Сондықтан  осыған  назар 
аударып, суды көп ішу керек. 

 
85 
 
 
 
 
Су майлағыш зат 
       
Ағза  өзіндік  майланады,  майлағыштың  негізі  су.  Ол  мүшелердің  бір 
бірімен  қажалуына  мүмкіндік  бермейді,  буындарда  сүйектердің  еркін 
қозғалуына  көмектеседі.  Сіз  тізеңіз  бен  шынтағыңыз  майланбаса  бүге 
алмайсыз.    Ағзаның  негізі  майлау  жүйесі  болып,  әр  түрлі  қысымдарды 
тудырып,  әр  түрлі  қысымдарға  төтеп  береді.  Бұлшық  еттердің  3/4  бөлігі  су 
болғандықтан, қалыпты жұмысы сусыз әрекет ете алмайды. Біздің ағзамызда 
судың азайған кезде шаршайтын себебіміз осы. 
 
 
 
 
Судың үш бастауы 
        
Сіздің  ағзаңыз  қажетті  суын  өзі  табуға  тиіс.  Бірінші  жолы  белгілі.  Бұл 
құрамында суы бар тағамдар – жемістер, шырындар, сұйық тамақ, сусындар, 
уақтылы  тамақтану  т.б.  Жұмыртқа  70  пайыз,  өрік  80  пайыз  судан  тұрады. 
Барлық құрғақ, қатты тағамдардың 25 пайызын су құрайды. 
    
Үшінші  маңызды  судың  көзі  –  метоболизм  (асқазанға  түскен  тамақ  тірі 
затқа  айланып,  одан  қуатқа  айналу  кереметі),  ағзада  жүретін  химиялық 
әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын метаболикалық су, клеткалар ағзаға 
түскен тамақты сіңірген уақытта болады. Осының жақсы мысалы түйенің су 
өндіруі.  Түйе  ішкендегі  сияқты  суын  өндіреді.  Кейбір  жәндіктер  де,  суы  аз 
тамақ жесе де, осындай су өндіруге қабілетті. 
      
Адам  күніне  орташа  2,5  литр  пайдаланады,  ал  ағзасында  5  литр 
мөлшерінде су айланып жүреді. Айырмасы метаболикалық суды құрайды. 
 
 
 
 
Ағзаға судың жетіспеуі 
      
Су  жетіспегенде  ағза  қарсыласады.  Біріншіден  без  кішірейіп,  сілекей 
азайып, ауыз кеберсіп шөлдейміз. Осы сезім ағзаға тез су кіргізу керек екенін 
хабарлап тұр. Егер судың жетіспеуі ұлғая түссе, басқа белгілер пайда болады 
– 
бас аурады, жүйке жұқарады, асқазан бұзылып т.б. көптеген келеңсіздіктер 
келеді. Су осылардың бәрін тез арада қалпына түсіреді. 
 
 
24 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Төртінші дәрігер – табиғи тамақтану 
      
Сіздің денеңіз бүкіл ғарыштағы ең жетілген құрал. Егер оны жақсы отын, 
таза  ауамен  қамтамасыз  етіп,  дене,  күн  шуағымен  шынықтырып,  ашығу 
арқылы ішкі тазалығын сақтап отырсаңыз, осы құрал өзінің қызметін мінсіз 
атқаратын болады. 
      
Сау  дене  –  ең  жетілген  химиялық  фабрика.  Біз  оны  сапалы  шикізатпен 
қамтамасыз  ете  отырып,  тамаша  дене  жасауына  көмек  беріп,  көптеген 
бактериялар мен вирустарға және қоршаған ортаның келеңсіздіктеріне қарсы 
төтеп  беретін  қабілетін  арттырамыз.  Адам  ағзасы  –  барлық  машиналардың 
ішіндегі ең жетілгені. Қалыпты жағдай тудырсаңыз, тамаша жұмыс істейтін 
өзінің жөндейтін шеберханасы бар. Ағза үнемі сізге жұмыс жасайды. Оның 
клеткалары  секунд  сайын  жойылып,  қайта  пайда  болып  отырады. 

 
86 
Биологиялық  жас  шектеуі  жоқ,  адам  қартаятындай  биологиялық  себеп  те 
жоқ. Адам ағзасына мәңгілік өмір сүру тұқымы салынған. Адам өлмейді, ол 
табиғатқа  қарама  қайшы  әдеттерімен  өзін  өзі  біртіндеп  өлтіреді. 
Ғалымдардың  дәлелдеуі  бойынша,  біздің  ағзамыздағы  әр  клетка  11  айда 
жаңаланып  тұрады  екен.  Сонда  біз  неліктен  қартаямыз?  Адам  қайтсе 
қартаяды, тозады, саудырап барып өледі десе сенбеңіз. Егер адам табиғи өмір 
сүрсе, дұрыс тамақтанса, онда уақыт соған жұмыс жасайды, керісінше емес. 
        
Адамдар  минералдар  мен  витаминдердің  жетіспеуінен  қартаяды. 
Зерттеулер  көрсеткендей,  мыңдаған  адамдар  артық  жеген  тамақтарының 
құрбаны  болады.  Ағзада  миллиондаған  қызыл  қан  түйіршіктері  үзбей 
жойылып  және  пайда  болып  жатады,  кейбіреулері  секунд  сайын.  Бірақта 
олар белгілі заттар болмаса қайта қалпына келе алмайды. Осы керекті заттар 
толыққанды табиғи тамақтардан алынады. Бүгін кім болсаң, ертең де солсың, 
келесі  аптада  да,  келесі  айда  да,  10  жыл  өткеннен  соң  да,  тек  не  жеуіңе 
байланысты.  Сіз  –  бұл  жеген  тамағыңыздың  жиынтығысыз.  Өзіңізді  қалай 
сезінесіз,  қалай  көрінесіз,  өз  жасыңызды  қалай  сезінесіз,  бәрі  ішкен 
тамағыңызға байланысты. Басыңыздағы шашыңыз, көзіңіз, тісіңіз, сүйегіңіз, 
қаныңыз  бен  тәніңіз,  ағзаңыздағы  әр  бөлік  тамақтан  құралады.  Тіпті  бет 
әлпетіңізге  дейін  немен  тамақтанатыныңызға  байланысты,  себебі  дені  сау 
адам – бақытты адам. 
    
Біз  жиі  айтамыз:  «Қандай  әдемісің!»  -  деп,  біз  оның  бет  әлпетін  ғана 
айтпаймыз,  сондай  –  ақ  оның  денсаулығының  жалпы  жақсы  екенін 
білдіреміз. 
    
Барлық    мүшелердің  негізі  қаңқадан  бастайық.  Біздің  сүйектер 
минералдарды  ең  көп  қолданады  –  кальций  мен  фосфорды.  Қаңқа  құралып 
болса,  сүйектерге  қорек  керек  жоқ    деп  пайымдайды,  бұл  дұрыс  емес. 
Зерттеулерге изотопты қолданғаннан кейін, әбден өсіп жетілген сүйектің өзі 
тұрақты  түрде  минералдармен  қоректенетінін  биохимиктер  анықтады.  Бұл 
дегеніміз,  сүйектер  тіршілік  етіп  қоректенеді,  қанша  мөлшерде  емес,  қалай 
тамақтанғанында. Сүйектер тірі сүйек клеткаларынан тұрады, олар да басқа 
клеткалар сияқты минералдармен қоса басқа қоректік заттарды қажетсінеді. 
Сүйек сынғанда, осы қажеттілік арта түседі. Егер сүйек өсуі мен өмір сүруін 
тоқтатса,  сынған  сүйек  өмір  бақи  бітпеуші  еді.  Осы  кезде  клеткалар  тек 
минералдарға  емес,  өзін  өзі  сақтау  үшін  қалыпты  тамаққа  да  зәру  болады. 
Сүйек  еттеріне  де  әртүрлі  тағам  қажет.  Сүйектердің  бітісіуіне  осының 
маңызы  зор.  Тамақтану  клетканы  қалпына  келтіруде  маңызды  жұмыс 
атқарады  немесе  дұрыс  тамақтың  алатын  орны  ерекше.  Оташы  дәрігер, 
сынған сүйектің қайта қалпына келуі үшін, тамақ басты орында екенін біледі. 
 
 
 
 
Сіздің ағзаңыз табиғи тамаққа зәру 
     
Терінің,  шаштың  клеткалары  тағамның  үзбей  келуін  тілейді.  Теріңіздің 
үнемі  түлейтінін,  шашыңыздың  күні  түні  жылдап  өсе  беретінін  есіңізге 
алсаңыз, осы тіпті түсінікті бола бастайды. 
     
Үйлерінде  мал  немесе  ит  пен  мысық  ұстайтындар  біледі,  хайуандардың 
терісі олардың айнасы екенін. Егер терісі мен жүні жақсы қорек алса, онда 

 
87 
ағзаның  басқа  да  клеткаларының  жағдайы  жақсы  болғаны.  Әр  түрлі 
тағамдардың  тері  мен  жүнге  де  тигізетін  әсері  әртүрлі  болатыны 
лабораториялық  тәжрибелерден  белгілі.  Тамақтану  жөніндегі  мамандар, 
адамның қандай тамақпен қоректенетінін терісіне қарап ажырата алады. Әр 
түрлі витаминдердің жетіспеуін, адамның терісінің аурушаңдығы көрсетеді, 
терінің түрі өзгеріп кетеді. 
     
Асқазан  мен  ішектің  жиырылу  жұмысын  атқаратын  ішек  жолдары, 
тәуелсіз  теп  тегіс  жылтыр  бұлшық  еттерден  тұрады.  Ол  толқынның 
қозғалысы секілді қозғалып, қортылған ас қойыртпағы мен қалдықтарын тоқ 
ішекке  алып  келіп,  шығарып  тастайды.  Осы  теп  тегіс  бұлшық  еттердің 
клеткалары  жұмысын  жақсы  істеу  үшін,  өте  жақсы  тамақ  керек.  Ішектің 
жұмысын  жақсарту  үшін,  қоздырғыштар  мен  іш  өткізетін  дәрілер  жиі 
қолданылады.  Осы  «жеделдеткіштер»  бұлшық  еттің  клеткаларын  зорлайды, 
ал осы клеткаларға бар болғаны табиғи өмірмен ұштасқан жақсы тамақ қана 
керек.  
    
Қанды  ағзаның  түпкір  түпкіріне  апаратын  қан  тамырлары  мен 
тамыршықтары  да  тәуелсіз  жұмыс  істейді.  Олардың  клеткаларына  да 
қалыпты  жұмыс  жасау  үшін  жақсы  тамақ  қажет.  Қан  тамырларының 
қабырғаларына  қақ  тұрып  қалуына  байланысты,  дұрыс  тамақтанбаудың 
салдарынан, жұмыс ырғағы бұзылады. Қан айналымының орталығы жүрек - 
өте  жұмыскер,  оның  тамақтануының  маңызы  аса  зор.  Жүрек  қанды  бүкіл 
денеге  айдайды,  ол  өте  алапат  бұлшық  ет,  осыны  жұмыс  істету  үшін  зор 
мөлшерде қуат керек. Сондықтан да жүректің бұлшық ет клеткаларына да аса 
сапалы  мәзір  қажет.  Егер  жүректі  қоректендіретін  тамырлардың 
қабырғаларына қақ тұрып қалса, онда жүректің бұлшық ет клеткалары ашыға 
бастайды.  Егер  оттегінің  жетіспеуі  минуттың  бір  сәтіне  ғана  созылса,  адам 
жүрегі қысылып өліп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қанның мөлшері жеткілікті 
болуы  мүмкін,  бірақта  ол  жүректің  бұлшық  етінің  клеткалары  арқылы 
өтпегендіктен  оларға  қорек  жеткізе  алмайды,  жүрек  клеткалары  өле 
бастайды, нәтижесінде бүкіл ағза өледі. 
     
Өздеріне  ерекше  тамақ  қажет  ететін,  арнайы  мүшелер  бар.  Бұлар 
гормондар  –  ішкі  бездің  өнімдері,  қалқаншақ  бездің  гормоны,  адреналин, 
жыныс  бездерінің  гормоны,  инсулин,  т.б.  Олар  да  клеткалардан  тұрады, 
осылар  да  басқа  клеткалар  сияқты  үзбей  дұрыс  тамақтануды  тілейді. 
Толыққанды  гормонды  құру  үшін,  әсіресе  осы  клеткаларға  сапалы  табиғи 
тамақ  өте  қажет.  Тироксиналдық  гормон  шығаратын  клеткалар  йодқа  зәру. 
Кейбір аймақтарда, Тынық мұхитының солтүстік – батыс жағалауы, Ұлы Көл 
маңы  немесе  Швейцарияның  топырақтары  мен  өсімдіктерінің  құрамында 
йодтың  деңгейі  төмен.  Нәтижесінде,  осы  араның  адамдары  мен 
жануарларының  қалқаншақ  бездерінде  йод  үнемі  жетіспейді.  Тамақ 
құрамында  йодтың  жетіспеу  салдарынан  бездері  дұрыс  жұмыс  жасамайды. 
Егер  де  теңіз  капустасын,  ирландия  мүгін  немесе  теңіз  балығын  жесе 
қалқаншақ бездер кішірейіп қалпына келіп, ауру жоғалады. 
 

 
88 
Мөлшерден асырып жіберсең, ең сүйкімді нәрсенің өзі сүйкімсіз нәрсеге 
айналады. ЭПИКТЕТ 
 
 
 
 
Тамақтың миға әсері 
       
Бір  қарағанда  ойлауыңыз  мүмкін,  тамақтану  мен  ойланудың  арасында 
қандай байланыс болуы мүмкін деп, бірақ сізді сендіре аламын, тамақ басқа 
мүшелердің қимыл қозғалысына қалай әсер етсе, біздің ой өрісімізге де солай 
әсер етеді. Осы себепті, біздің ой өрісіміз тұрақты түрде жейтін тамағымызға 
тікелей  тәуелді.  Ми  ойлау  ағымымызға  әсер  етеді,  кейбіреу  күмәнданатын 
шығар,  ой  бізден  тыс  жерде  пайда  болады  деп.  Қайда  пайда  болмасын,  ой 
ағымы біздің әр мүшемізге әсер етеді. Ми ағзада ең басты бағдарлама беретін 
орында. Ол сезім, ырғақ және дұрыс пайымдаудың заттық орталығы 
     
Ми аса керемет рефлектор орталығы, одан барлық қозғалыс пен сезімдерді 
бақылайтын жүйке жүйесі тарайды. Мидың жұмысы қанмен келетін оттегінің 
мөлшеріне  байланысты,  сондықтан  біздің  тамақтануымыз  оған  тікелей  әсер 
етеді. Қанымыздың сапасы, ішкен тамағымызға тәуелді. 
        
Әртүрлі  уларман  уланған  қанмен  қоректенген  мидың  жақсы  жұмыс 
жасай алмайтыны белгілі. Улар миды соншалықты топастандырып жібереді, 
айқын ойлау қабілетінен айрылып қалады, бас мүлдем істемей қалуы мүмкін. 
Айқын,  таза,  өткір  ақылға  ие  болу  үшін  қанды  таза,  жақсы  қалыпта  ұстау 
керек. Ол үшін, мидың әр клеткасын табиғи тамақпен қоректендіретін мәзір 
қажет. Осыған дүркін, дүркін ашығу жақсы көмектеседі. 
     
Қазіргі тамақ өндірісі ауру балалардың санын көбейтуде. Улар мен нашар 
тамақтың,  оқуға  қабілеті  жоқ  балаларға  тигізетін  әсерін  анықтау  үшін,  мен 
осы  балалармен  жұмыс  істеген  көптеген  ұстаздармен  әңгімелестім. 
Осылардың  миының  әлсіз  болуының  себебі,  қазіргі  қалыпты  дейтін 
амарикандық  тамақ  мәзіріндегі  улардың  әсерінен  болып  шықты.  Өзінің 
балаларына  тамақтарды  сатып  алып  пісіретін  аналар  -  теледидар,  радио, 
газет,  журнал  насихаттарымен  уланған.  Осы  насихат  көздері  сіздің 
балаларыңызға  құрамы  өлі  крахмал  консервідегі  көже,  қант,  майлар  жеуге 
кеңес  береді.  Осы  тағамдар  керексіз  -  минералы,  витамині  жоқ,  баланың 
тәбетін тез ашатын калориямен қанықтырылған. Аналарға әртүрлі еттерден, 
майсыздандырылған ұннан пісірілген нанды, сосиканы жегізуге кеңес береді, 
ал бұлардың құрамында химиялық қоспалар бар. Қазіргі балалар кока – кола 
ішіп,  кептірілген  пайдасыз  калориясы  бар  жүгері  жейді.  Қазіргі  балалар 
ағзаға керекті витамин, минералдары жоқ балмұздақ, құрамында неше түрлі 
қоспалар  бар  тоқаш,  торт,  самса,  басқа  да  тәттілерді  жейді.  Осы  тамақтар 
балаларды  семіртіп  жібереді,  бірақта  оның  ағзасы  үнемі  аш  болғандықтан, 
өскен сайын мешкей бола береді. 
       
Осындай тамақтармен баланы қалай ғана ақылды қылып өсіріп жеткізуге 
болады? 
 
 
 
 
Америкада жастардың көпшілігі науқас 
     
Бізді мына дәлелдер таң қалдырмай ма, әскерге шақырылған жастардың 58 
пайызы,  әскерге  жарамайды!  1962  жылы  АҚШ  армиясының  әскерге  іріктеу 

 
89 
комиссисының төрағасы генерал Д. Утсон, 1962 жылы былай деп мәлімдеді: 
«Тіпті  осы  іріктеу  қатал  болмай  бұрынғы  деңгейде  қалғанның  өзінде, 
америка  жастарының  денсаулығының  жаман  екенін  көрсетеді.  Әскерге 
шақырылған жастардың денсаулығы тіпті төмен деңгейдегі талаптарға сәйкес 
келмейді, жарамдылардың пайызы құлдырап бара жатыр». 
     196
1  жылы  Американың  денсаулық  журналы  жазады:  «Тамақ 
денсаулыққа  өте  маңызды.  Осының  1  ден  101  жасқа  дейінгілердің  бәріне 
қатысы бар. Тамақтанудың жаңа бағдарламасын жасаған кезде, осы көбінесе 
ескерілмей  қалады.  Аурудың  алдын  алуға  және  көптеген  созылмалы 
ауруларды емдеуде тамақтың алатын орны айрықша».  
     
1957  жылы  май  айында  «Медикл  Сайенс»  жазады:  «Бір  сақтандыру 
компаниясының  мәліметі  бойынша,  20  жасқа  дейінгі  әрбір  14  –  ші  ұл  бала 
және  17  –  ші  қыз  бала  кем  дегенде  жылына  бір  қабат  ауруханаға  жатып 
шығады». 
    
Лондонның  «Таймс»  өзінің  мақаласында  жазды:  «Егер  тамақ  өнеркәсібі, 
өзінің  тамақ  зерттеу  қортындысын  ұятсыздықпен  жойып  бөгет  жасамаса 
дұрыс болар еді». 
    
«Уорлд  Медикл  Джорнел»  1961  жылы  қараша  айында  профессор, 
медицина  докторы  Г.  Берча  мақаласында:  «Тіпті  ең  жас  адамдардың 
арасында  лейкемия  ауруы  көбейіп  барады.  Өткір  артрит  барған  сайын  етек 
жайып келеді». 
     
Ұл  балалардың  денсаулықтары  нашарлап  барады,  ал  болашақ  ана  –  қыз 
балалардікі  одан  да  қауіпті.  Көптеген  тамақтану  мамандары,  дәрігерлер, 
ұстаздар  мынандай  қортындыға  келді,  негізінен  екі  мәселе  кінәлы  –  тамақ 
туралы  надандық  және  ата  ананың  қамқорлығының  жетіспеуі.  Осының  бір 
салдары – жұқпалы аурулаға жөнді қарсы тұра алмауы. Босанғаннан кейінгі 
келеңсіздік  –  дұрыс  тамақтанбаудың  тағы  бір  көрнісі.  Өз  ағзасының  дұрыс 
дамуына мүмкіншілік бермеген әйелдің дені сау бала табуы неғайбыл. 
      
Басқа  ұлттармен  салыстырғанда  американдықтар  тамақтарына 
химикалилерді  көп  қолданады.  Дүние  жүзі  бойынша  американдыктардың 
болашаққа болжауы түнек. 
      
АҚШ  ауру  және  тамақты  химиялау  жөнінен  бірінші  орында,  осыларға 
ұлттың денсаулығын қалпына келтіру үшін қатаң тиым салса болар еді. 
 
 
 
Біздің  үлкен  адамдардың  тәнінің  және  ақыл  ойының  қайғылы 
жағдайы 
      
Енді  үлкен  адамдардың  жағдайларын  байқайық.  Егер  жастарымыздың 
жартысы  әлсіз,  ауру  екеніне  көзіңіз  жетсе,  үлкен  адамдардың  жағдайлары 
бұдан  да  сорақы.  Мен  айтып  кеттім,  біздің  18  бен  20  жас  аралығындағы 
жастарымыздың 58 пайызы әскерде қызмет етуге жарамайды деп. Егер біз 25 
пен  75  жас  аралығындағы  адамдарымызға  қарасақ,  жағдайлары  тіптен 
мүшкіл. 
     
Егер 15 адамнан топ жиып, оларды тексерсек не денсаулығы ауруы жайы 
сөйлессек,  онда олардың 99 пайызының бір немесе бірнеше өмірлік маңызы 

 
90 
бар мүшесінің созылмалы аурумен ауратынына сенімді бола беріңіз. Қайтсе 
де, әрбір адамның бір жері аурады. Олар сізге өзіне жасаған операцияларын, 
ішкен дәрілерін, шеккен зардаптарын айтады. 
      
Үлкен адамдардың көпшілігі, өздерін рухани және тәндік дамытпайтын, 
қалыпты өмір сүру бағдарламасын ұстанады. Осының дәлелі, қаптап жатқан 
қарттар үйлері. Осы үйлер қарттарға, ауруларға, қаңғыбастарға лықа толы. 
     
Менің  сізден  сұрайын  дегенім,  табиғат  шынында  да  біздің  өміріміздің 
соңын осылай қайғылы қылып қойды ма? 
     
Ми  тәндік  ағым  арқылы  қоректенетіндіктен,  тамақтану  мен  ойланудың 
байланысын  байқау  қиын  емес.  Тәндік  ағымдар  ішкен  тамақ  түріне  тікелей 
байланысты  болғандықтан,  тамақтану  мен  ойланудың  байланысын  жоққа 
шығару ақылға қонбас еді. 
     
Ашығу барысында дене тазаланғандықтан, адамның іс қимылы өте ширай 
түседі.  Адамзаттың  кейбір  ұлы  ұстаздарына  ашыққан  уақытта  нұр  жауып, 
әлемнің  тылсым  жұмбақтары  ашылған.  Адамның  ақыл  –  ой  қабілетінің 
еселеп арта беруі, ашықаннан кейін де ұзақ мерзімге созыла береді. Ашығу 
ағзаны улардан тазартқандықтан, ми да таза қанмен қоректенеді және ойлау 
қабілеті де жоғары деңгейге көтеріле береді. 
    
Біз  ғылым  мен  техника  саласында  ғажайыптарға  қол  жеткіздік,  егер  де 
қарапайым табиғи тамақтану әдісін үйренсек, бұдан да жоғары нәтижелерге 
жеткен болар едік. 
    
Ертедегі  грек  философтары  өздерінің  шәкірттеріне  тамақты  тарта  ішетін 
мәзірді  бірінші  орынға  қоюды  үйретті.  Эпикур,  Сократ,  Платон  т.б. 
философтар өздерінің шәкірттерінің тамақ мәзірін бірінші орынға қойды, осы 
тамаққа деген қатаң талап, бұлардың тағам құрамына қандай маңыз бөлгенін 
көрсетеді.  Осы  алыптардың  даналық  сүю  ілімі  (философиясы),  нешеме 
ғасырлар өтсе де, әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Лас денеден – лас ойлар 
және керісінше таза, аурусыз денеден мөлдір ойлар туындайды. Дене қалай 
улардан  тазаланады,  адамға  ләззат  әкелетін  ой  өрістің  деңгейі  де  жоғарлай 
береді. 
 
25 - 
ТАРАУ 
 
 
 
Бесінші дәрігер – ашығу 
     
Ашығу емдеудің ең бір көне әдістері. Інжілде 74 қабат қайталанады. Осы 
әдіс бәріне бірдей, әсіресе жабайы аңдар кең қолданады. Емдеу туралы көне 
жазбаларда – ашығу табиғи әдіспен емделудің тізімінде бірінші орында тұр. 
Бірақ  ашық  айту  керек,  ашығу  белгілі  бір  аурудың  емдеу  әдісі  емес. 
Ашығудың мақсаты – бүкіл ағзаны сауықтыру және қайта құру мен қайтадан 
жаңалау.  Жаңалау  ішкі  биологиялық  қызмет.  Ашығу  ағзаға  физиологиялық 
демалыс  береді  және  сауығу  ағымының  жүруіне  себепкер  болады.  Ашығу 
терең  біліммен  қамтамасыз  етілгенде  немесе  дұрыс  бақылауға  алынғанда  – 
ауруды білмейтін денсаулыққа жетелейтін ең қауіпсіз жол. 
     
Ашығу  барысында,  ағзаның  бүкіл  өмірлік  күші  тазалану  мен 
сауықтырылуға жұмсалады. Біз, ашығу іліміне бүкіл өмірін арнағандар және 
мыңдаған  ашығуларды  басымыздан  өткізгендер,  толық  ашығу  кезеңінде 

 
91 
ағзаның ғажайып жасайтынын білеміз. Ол ағзаның ішкі мүшелерінің жұмыс 
істеуіне ерекше қабілет береді. 
      
Өткен  уақыттың  пайғамбарлары  рухани  емделу  үшін  ашығуға  жүгінген. 
Олар  ашығудың  ақылды  ұшқырлап,  ойлау  қабілетін  арттыратынын  білген. 
Ашығу  біз  дұрыс  қолданбайтын  ас  қорту  мүшелерінің  және  бүйректің 
жұмыстарын  жетілдіреді.  Бүйрек  ашығу  барысында  біртіндеп  өзгере  беріп, 
жұмыстарын жақсартады. Бүкіл сезім мүшелері қалпына келіп, қызмет істеу 
қабілеттері  жоғары  деңгейге  жетіле  түседі.  Осыдан  басқа  денсаулықты 
түзейтін  бір  де  бір  әдіс,  ағзаға  осындай  көп  жақсы  өзгерістер  әкелмейді. 
Ашығудан  кейін  қан  айналымы  жақсарып,  өмірлік  күш  көбейеді,  ас  жақсы 
қортылады,  шыдамдылық  пен  күш  арта  түседі.  Ашығудан  кейін  ерік 
жігеріңіздің өсетіні сонша, санаңыз тәніңізді толық бағындырып, бақылауға 
алады. 
      
Ашығу – ішкі рухани тазалыққа апаратын жол. 
 
26 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Алтыншы дәрігер – сана 
     
Мынадай көне нақыл бар: «Құдай үштікті жақсы көреді». 
Рухани  –  бұл  адамның  бірінші  бастауы,  пенденің  өзіндік  қайталанбас 
ерекшелігі. 
Сана  –  адам  жанын  көрсететін  екінші  бастауы.  Сана  –  адам  жанын 
айқындайтын құралы. 
Дене  –  тәндік  көрінетін,  адам  санасының  деңгейін  көрсететін  үшінші 
бастауы,  адам  санасының  қоршаған  ортамен  араласатын  құралы.  Осы  үш 
бастау, адам деп аталатын бір бүтінді құрайды. 
     
Біз  білеміз,  тән  ет  мүшелерінен  құралатын,  өзара  байланысқан  жеке 
клеткалар,  олар  бір  бірінсіз  өмір  сүре  алмайтын  бөлінбейтін  бір  бүтінді 
құрайды.  Осы  әр  түрлі  мүшелерді  бір  бірінен  бөліп  қарау  көзқарасы  өте 
ұзаққа  созылды,  егер  бір  мүше  аурса  қалғандары  да  зардап  шегетінін 
түсінбей, әр мүшені жеке бөліп емдеуге бейімделді. 
      
Тән  неше  түрлі  қызмет  атқаратын,  таңқаларлық  бір  бүтін.  Бір  бөлігіне 
жақсы  болса  бәріне  жақсы,  біреуіне  жаман  болса  бәріне  жаман.  Егер 
аяғыңның бір бармағы аурса, бүкіл денең зардап шекпей ме? Тек қана денең 
аурып қоймайды, тәбетің жоғалып басың аурады, ұйқың қашып, бір суып, бір 
ысып қалтырайсың, ал бармақ тәннің кішкентай ғана бөлшегі. 
      
Біз  ашығу  ілімінде  адамның  жанымен,  санасымен  және  тәнімен  істес 
боламыз. 
Каталог: files -> pdf
pdf -> Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет