Шіркін, заманның мамыражай кезі екен ғой, «Еңку-еңку жер шалмай, егеулі найза қолға
Шіркін, заманның мамыражай кезі екен ғой, «Еңку-еңку жер шалмай, егеулі найза қолға
алмай, ерлердің ісі бітер ме?» деп жырлайтын. Ал бүгін?... Бұрынғы егеулі найзаны қолға алып,
алмай, ерлердің ісі бітер ме?» деп жырлайтын. Ал бүгін?... Бұрынғы егеулі найзаны қолға алып,
ел қорғайтын соқталдай азаматтар бүгін оны біртұтам микрофонға алмастырып, елді
еңіретуге көшкен. Келісесіз ғой? Тізім басында Нұртастың немересі...
еңіретуге көшкен. Келісесіз ғой? Тізім басында Нұртастың немересі...
кинофильмінен туса керек. Папараццо – фильм-
дегі бас кейіпкердің досы, фотограф. Аталған
көрінеді. Папараццо деген атты режиссер өзінің
керек. Ал ол адам өмірде бар, яғни Феллинидің
ро ли. Папараццоның елге ұнағаны сонша, кейін
әлдеқайда бұрын бастау алғанын нұсқайды. ХХ
руыл даса керек. Олар сол жерде отырып күлкілі
көбіне. Бірақ солардың көбі қолға түсіп қалып,
көбіне соққы жеп тынады екен. Ал біздің зама-
жүрегіне» әпердік. «Мейлісіне» де ар-
найы жүлде бұйырды. Марқұм Ержан
ратқа. Ол, расында, халықтың сүй кім-
көрерменнің өзі айту да. Жігерлі әнді
бол ды. Жылап жүрген қыз әншіні ұш-
жы лайтын – жапырақ. Жігіттің жігер-
деп жалынса. «Мәжбүр болдым са-
ған» деп мойындаса... «Жоқ, жүрегіме
сатындай. Себебі өзі де сол сарындағы
жы лап тұр» дейтіні бар еді ғой. Бірақ
тен тек кейіпкер еді ғой қайта. Ал бү-
көрдік. Бір оқырман «Өнер адамдарын періште
көретіндер көп. Тіпті табынып та кетеді оларға.
әжелеріміз аман болсын!» депті. Расында,
кеткен.
дүниеге әкелді...
дүниеге әкелді...
әні еді. Бірақ сол екіншіден кейін әншіміз ұзақ
толғанды. Алайда алты жылға созылған үзілісте
Мәдина әнші сахнадан түскен жоқ. Қайта ән
көрінді. Содан ба екен, әйтеуір келесі бейнеклипті
биыл ғана шығаруды ұйғарыпты.
болары сөзсіз. Қалай болғанда да көрермен соны
күтеді. «Айтатын саған сырым бұл» деп аталатын
ұқтым. Сол себепті бейнебаян түсіруге бел
байладым. Сонымен қоса қыркүйек айында жаңа
альбомым жарыққа шықпақ. Бұл таспада тек
жаңа әндерім жазылады. Ал таспаның тақырыбы
әзірге құпия болғанын қалаймын», – дейді.
Топ-томпақ, жүні күжірейген
күшігімен есте қалған Мәдина
Сәдуақасованың «Сүйген жүрегі»
қаншама көрерменнің жүрегіне әдемі
әсер сыйлағаны анық. Зымыран
уақыт, сол бейнебаянның жарыққа
шыққанынан бері де алты жыл
өтіп үлгеріпті.
№150 (832)
24.08.2012 жыл,
жұма
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
– Ақұштап апа, бүгінде сіздің
Оралдағы мәдени-қоғамдық
қызметіңіз оқырманға да, бізге де
аян. Сіз қазақ қыздарын тек
поэзияға ғана емес, болашақ ана,
бір отбасының бағын жағып,
тұтқасы болуға да тәрбиелеп
жүрсіз. Алайда одан бұрын сіздің
ақын деген атыңыз бар ғой.
Сондықтан ештеңе ойламай,
көрмей, сезбей жүруіңіз мүмкін
емес. Олай болса, дәл қазір
көкейіңізде қандай ойлар жүр?
– Иә, мен Жайықтың өнерлі жастарын
қолдан келгенше жөнге салып, ең құрыса
біреуінің болса да есін жиып, етегін
жабуына түрткі болуға барғанмын. Содан
соң маған қа лам герлер жағын да қараусыз
қал дыр мау ды табыстады. Күні кеше
арамыздан мәң
гілікке кеткен қазақтың
қадірлі ақыны, ай
быны Қадыр Мырза
Әлінің шараларын барынша көтерісіп,
барынша жоқтап жүрміз. Алайда дәл қазір
мені ойлан ды ратын ол емес, ақын-жазушы
күндерін көрер, бәлкім, олардың да
еңбегіне қа лам ақы төленетін заң қабыл-
данар. Мені алаң
да
татыны –
болашақ
ұрпақ тың жайы. Осын ша бай елдің жас-
тары неге арабтар секілді балқып-шалқып
өмір сүре алмай отыр? Әрине, қолы жеткені
оқып жатыр, мүмкіндігі жоғы қара жұмыс
істеп, жау таң дап жүр. Шет тілін үйреніп
жатыр, олар Батыстан біздің жер байлы-
ғына келген ше тел дік компаниялардың бір
шетінде аудар
машы болса да табал-
дырығын аттап, соның шетіне тырнағын
іліндіргеніне мәз болады. Тіпті вахтамен
барса да, бір емес, екі ауысымға қалса да
кө бірек ақша тапсам деп әуре. Содан кей-
біреулері уланып, кей біреуі ауырып, тіпті
кенет қаза тауып жат қан дары да бар. Бірақ
солай екен деп налып жатқан қазақ жоқ.
Ақша керек, үй салу керек, бала үй лен діру
керек, сол себепті қандай шарт қой са да
соған көнеді. Міне, сол жастарды көріп,
менің жүрегім ауырады. Парла мент тегі осы
елдің қалау лысымын деген азамат тар дың
осы жайды қозғайтын кезі келді ғой.
Еліміздегі кез келген шетел компаниясы
бөтен елде жүрмін-ау деп ең құрыса
қымсынбайды да: өз туын тігеді, өз елінің
мерекесін біздің ақшаға тойлайды, сол
мерекеге қызмет еткізуге түрлі ұлт өкілдерін
ұшақпен жалдап алдыртады, біздің жер
байлығына өз бәтеңкесін сүртетін үндісті
жалдайды. Ұшақпен ары-бері жүргенде
талай көрдім өз басым ондайларды. Сонда
біздің елге келіп, туларын тігіп, мерекесін
тойлап, солайша өздері бір кезде құйған
инвестициясын бірнеше есе қылып алып
кетіп жатқан шетелдіктердің тым болмаса
тамшысын көріп жүрген қазақ жігіттері мен
қыздарын ешкім сыйламайды да. «Біз
қазақ жерінің байлығын алып жатырмыз
ғой, қазақтың туын ілейік те ең құрығанда»
деп шетел компаниясының басшысы да
айт
пайды, оған жалданған қазақ қыз-
жігіт
тері болса да ол жайлы ауыз аша
алмай ды. Осыдан намыс та, ұлттық сана-
сезім де тапталып отыр. Тіпті біздің
композиторларымыз ұранды әнде рі мізді
жаза да алмай отыр. Жалындыларды
көрмей отыр өйткені. Біз қазір өз жерімізде
жүргенмен, өз байлығымыз болғанымен,
шетел дік инвесторларға жалданып, солар-
дың берген тиын-тебеніне күн көріп
отырмыз. Ащы да болса, бұл – шындық.
Осыны көзім көріп отырғандықтан ішім
удай ашиды. Ендігі жерде бұл, жалпы, ел
тізгінін ұстаған азаматтардың қатты
ойланатын мәселесіне айналуға тиіс.
– Ендеше, еңсені көтеру үшін не
істеу керек бізге?
«Сен бір елдің азаматысың, сенің заңың
мынадай» деген заң шығарып беру керек.
Сонда ше телдік инвесторларға жалданушы
жастар да қандай басшыға болсын
тайсалмай тура қарап: «Заң бойынша
менің мынадай пайыз мөлшерінде ақы
алуға құқығым бар» деп еңсесін жоғары
көтере алар еді. Неге шетелден келгендер
бір айда 20-30 мың долларды күреп кетеді
де, менің балам денсаулығын беріп, намы-
сына тиетін талай жайлардың қорлығын
көріп, айтқандарына төзіп, жаутаңдап қа-
рап, 2-3 мың долларды әзер алады. Мұның
әділетсіздік екенін көзіміз көріп тұр ғой.
Егер біз заңы бар, құқығы бар ел болсақ,
өз азаматтарымызды қорғауымыз керек.
Кішкентайынан елді сүю, ұлтты сүю де-
генді санасына сіңірген бала, өскенде
қоғамда сол сезімдеріне қарама-қарсы
құбылыстармен ұшырасады. «Намысты
жоқтағаным үшін арқамнан қағар кім
бар?» деп күйініп жүргендер содан
шығады. Абай да қазаққа ұрсады,
жазғырады, бірақ ол ұлтын сүймегендіктен
деп ешкім айтпайды ғой. Алайда Абай –
кемеңгер, дана, ал бұлар бала. Бұлай кете
берсек, біз ұлттық намыс, адами намыс,
отансүйгіштік деген қасиет
терді өлтіріп
аламыз ба деп қорқамын. Себебі егемен
елді қорғау үшін бізге тек намыстылар
керек. Қазақ ұлтының қазақы намысы
жоғалған жерде не қалады? Азаматтық пен
Парасаттылық дегенді де ұмытып барамыз.
Тек күнделікті ақша табу, баю деген ғана
ұғым бар көпшілікте. Кім ақша берсе, соған
жылмаңдап қарай беру ден қысылмайтын
болып алдық. Ақшалыға құл болу дегенді
ар санамаймыз, керісінше, қазір байдың
жанында жүр генін өзінше мақтан тұтып,
күні кеше өзі қатар жүрген жандарға бір
саты жоғарыдан қарап шыға келетіндер
жай
лады. Онымен ұзаққа бар
маймыз.
Тарих оның барлығын дәлелдеген. Тек
көкірек көзімізді ашып қарауымыз керек.
Орыс халқында бір мақал бар ғой: «лучше
стоя умереть, чем жить на коленях» деген.
Ал қазір керісінше тізерлеп жүрсе де өмір
сүруді қалайтындар көп пе деп қаламын.
Әйтпесе түбірі жоқ әлдебір сектаға ақша
үшін кіре ме адам? Кім ақша берсе, соның
қолшоқпары болып, тіпті оған қарсы ұшып
келе жатқан оқты да кеудесімен қағып
алуға жалдана ма? Қанша жерден
төбесінен алтын құйып тұрса да, есті адам
есірткі сатуға келісе ме? Бірақ кінә солардың
өзінде ғана ма? Тұрмысын түзеп, өзіне
лайық жұмысын беріп қояйықшы, құқығын
қорғап, ақысын дұрыс айырып берейікші,
сосын көрейік, ахуал түзеле ме, түзелмей
ме? Тіпті менің өзімді «мынау қазақ елінің
ақыны» деген статусымды қорғап шығар
біреу бар ма? Өлеңіме жазған әнді халқым
шырқап, той өткізеді. Сөйтіп отырған
ақынның айрықша құқықтары бар ма? Мен
дегенде жалғыз өз басымды емес, мен
секілді қаламгерлерді айтамын. Қаламақы
деген жоқ, зейнетақы 40 мыңның үстінде
ғана. Естігенге күлкі емес пе? Табиғаттың
таланттысы күнде тумайтынын кез келген
шенеунік болсын, кез келген ел тізгінін
ұстаған азамат та біледі. Сонда халықтың
бағына туатын талантты саз бен сөздің
иелерін тойға барып, асаба болып күн
көруге жұмсап отырғандарды қалай
ақтауға болады? Әр нәрсені өзінің атымен
атасақ, анығы – осы! Тоқтату керек мұны
осы жерден. «Неге шығарма жоқ, неге
патриоттыққа баулитын ән жоқ?» деп
айғай саламыз. Қоғам ауру болса, оның
бірі де тумайды. Себебі біздің жүрегіміз
қоғаммен бірге соғады. Қоғам егер
бақытты болса, біздер бақыт әнін сол күні
шырқап береміз. Ал қазір қоғам менің
ұрпағымның бақытын қорғайтын заңдарын
дұрыс пайдалана алмай, дұрыс іске қоса
алмай отыр.
– Неге?
– Рух өле ме деп қорқамын. Ол өлсе
бітті ғой, біз кімбіз? Қанша жерден үріп
ішіп, үлде мен бүлдеге оранып отырсақ
тағы, ұлттығымызды дәлелдейтін бірде-бір
құндылығымызды көрсете алмасақ, кімнің
алдында қадіріміз қалмақ? Адам байлыққа
тоя ма? Жоқ. Тек екі көзін топы
рақ
жапқанда барып, амалсыз көнеді. Байысын
мейлі, бірақ сонда бар жиған-терген
байлығын берсе де бір кездері жоғалтып
алған өз болмысын сатып ала ала ма қайта?
Кімнен, қанша ақшаға? Осыны ойлайық-
шы. Бір күндік рахат өмір үшін ертеңді
құрбандыққа шалмайықшы. Тән өледі,
өлмейтін тек рух қой?! Олай болса, сол
рухқа қызмет етейік те.
– Қазіргі қыздарымыздың
жағдайын да бір сәт тілге тиек
етпеске болмайды. Себебі сіз бір
кездері Алматыдағы жылы
орныңызды сол батысқа қыздар
тәрбиесі үшін суытқансыз. Дәл
қазір сол кездегі қазақ қызының
жағдайы мен бүгінгісін
салыстырсаңыз, не ілгерілеу, не
кешеуілдеу байқайсыз?
– Мен кезінде «орыстанған өңір ғой, ең
құрығанда сондағы қазақ қызының
түрілген етегін жабайын» деп барғаным
рас. Бірақ содан әлі күнге түзелу аз.
Осындай аптапта қазақ қызы желбіреген
жібек етек киіп жүрсе, қандай жарасымды!
Жоқ, олар жат жұрттың суға түсуге арналған
келте шалбарын киеді. Қызды қойып,
қазақтың келіншектері жамбасын әзер
жабатын етекпен бала жетектеп келе
жатады. Заман дейік, қоғам, уақыт дейік,
бірақ мен дәл солай киінгенді Еуропа не
Шығыс елдерінің көшесінен көрмеймін.
Аялдамада сүйіс
кенді мен Италия,
Францияда көрмеймін. Жапонияда болса
да жоқ. Неге менің қаза ғымның қызы қазір
соны істейді? Қалай қазаққа ана болады ол
ертең? Оған да мүмкін тыйым салатын заң
керек пе деп ойлаймын кейде. Қазір
Астанада көшеге қоқыс тастағандар
айыппұл төлейтін болды. Енді ата-әжелер,
аналар, сәбилер жүретін мәдениетті
көпшілік орындарда қыздың жігітке өзі
жабысып тұруына да тыйым салатын заң
шығарып қоямыз-ау?! Әйтпесе ыңғайсыз
жағдайдың үстінен түсем бе деп
көшелердің әдемі жерлерінде қыдырудан
қалдық бүгінде. Сонда деймін, көшеде
сүйісуден ұялмайтын қазақ қызына анасы
«Сен қазақ деген ұятты бәрінен жоғары
қоятын ұлттың қызысың» демей ме?
Қыздарымыздың тағы бір жартысы
пәренже жамылып, ұзын етекке оралды да
қалды. Оған да жаным ауырады. Қазақы-
лықтан гөрі арабтың ғұрпына жақындап
кеткенін оның өзі мойындағысы келмейді.
Осындай жастармен кім тәрбие жұмысын
жасауы тиіс? Оны да ешкім білмейді.
Сондай-ақ жұмыссыз, не оқуда жоқ, қайда
болса сонда, кім болса соған еріп жүрген
қыздардың есебін кім алады? Мен осыған
қынжыламын.
– Қазақтың ең жаман әдеті –
рушылдық деуші едік. Қазір одан
сорақысын көріп жатырмыз, «мен
қазақпын» деген құндылықтың
орнын әртүрлі діни сенім басып
бара жатқандай. Төртеу
түгелденбей жатқанда, алтаудың
алауыздығы қалай болар екен?
– Қазақ, негізі, болмысы бөлек кеңістік
қой. Екі ғасыр бұрынғы әжелеріміздің өзі
тым діндар болмаған. Бірақ иманның ең
негізгі қағидалары – «Құдайдан қорық,
адамнан ұял, Алла бәрін көріп тұр, өтірік
айтпа, кісі ақысын жеме» деп жөргегінен
бастап ұрпағының құлағына құйды емес
пе? Соның барлығын өз тіліміздегі жыр-
дастанмен де айтқан. Біле білсек, ұлттық
идеологияның нағыз көкесі сол – жыр-
дастан. Кеңестік кезеңде неге жыр-
дастанмен жаудай алысты дейсіз? Қазір де
болса ол оқулықтарда жоқ, оның орнына
«Мәке, Сәке», яғни әркім өзінің руласын,
жерлесін, танысын енгізген заман бұл.
Бірден есін жия бастаған балаға «Алпамыс»
пен «Қобыланды», «Ер Тарғынды» оқып
бергенде, бізге ештеңеден қорықпауға
болар еді. Сосын ағылшынша, мейлі
немісше оқытсақ та көкірек сарайы өз
ұлттық құндылығымен толып тұрған бала
барлығын қазақы рухпен қабылдар еді,
онысын ештеңе ығыстырып шығара алмас
еді. Қыз тәрбиесінде ең керегі «Қыз Жібек»
еді. Бәрін де ауыз әдебиетінен бастау керек
едік... Қазір осыдан айырып, «анау харам»,
«мынау ширк» деп, түбі қазақты надандық
пен ұлтсыздыққа апара жатыр. Бір баламыз
– вахаббист, бір баламыз – кришнаит, енді
бірі йегованың жетегінде жүр. Бірақ бір
нәрсені анық айта аламын, мұсылмандық
адам баласын аздырмайды, ал әлгіндей
елге іріткі салушылар – дүмшелер. Мысалы,
Оралда орыстың шіркеуіне жұмысқа
орналасқанына мәз болып жүрген қазақ
қыздары бар. Олар қазаққа емес, орысқа
тұрмысқа шығып, бала туады. Бұл жерде
ұлттық намыс жайлы айтудың өзі артық
секілді ғой. Қарын қамы үшін ұлтыңды
құрбандыққа шалу деген – барып тұрған
опасыздық, сатқындық. Қатты айтсаң,
«ойбай сен ұлтшылсың» деп шыға келеді.
Қазақ қай ұлтты жатсынып отыр еді?
Дегенмен демократияның жөні осы екен
деп кімді де болсын еркіне қоя бергеніміз
жөн бе? Ал анығында, демократия – сенің
ұлттық еркіндігің, өз еліңдегі еркіндігің, өз
құқың, өз ата-бабаң сыйлап кеткен қара
жеріңде «мен қазақпын» деп әніңді салып,
шаруаң
ды құрып, ұрпағыңды сүйіп,
бақытты өмір сүру емес пе? Менің ұғы-
мымдағы демократия, міне, сол! Шетелге
күйеуге тию қазақ қызының демократиясы
емес. Осыны түсіндіріп отырған кім бар?
Идеология қайда? Жазушы, ақын, жалпы
қаламгерлер қайда? Олардың өздері не
істерін білмей қалды. Себебі оларға «сіз
сөз құдіретін білетін едіңіз-ау, жастар
тәрбиесіне араласыңызшы» деп құрметтеп
отырған кім бар? Қазір қаламгер болу
деген де ақшамен орындалатын болды
ғой. Бүгінде кімнің баласы бизнесмен
болып байыса, соның кітабы шығатын
болды. Байлық та керек, бірақ сауатсыз
байлық орға жығады. Сауатсыздың жаса-
ғаны есекке арғымақтың жабуын жауып,
жүгенін кигізгенмен бірдей. Біздегі жағдай
сырт көзге тура сондай. Адамның бағасы
ешқашан байлықпен есептелмейді. Неге
адамзат қайыршылықпен өлген Фир-
доусиді ұмытпайды? Неге есалаң секілді
байлық та жыймай, бала да сүймей, тек
қана сурет салған Сальвадор Дали Испа-
нияның беткеұстарына айналып отыр
бүгінде? Себебі Испанияны сол Далидің
суреттерін көруге баратын туристер асырап
отыр. Міне, бизнес. Ал сондай тұлғаларын
қазақ неге қастерлемейді? Қазақтың оған
байлығы жетеді. Бірақ бүгінгі байдың
жүрегінде иман жоқ, құнығып алды,
сондықтан есепсіз байлығы болса да, ол
әйелі мен бала-шағасынан артылмай
жатыр.
Поделитесь с Вашими друзьями: