Асаубай майлыбаев : ИӘ



жүктеу 0.7 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата06.05.2017
өлшемі0.7 Mb.
#8548
1   2   3   4   5   6

Сандуғаш ТҮСЕН, 

Әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың студенті

КОНКУРС


ФОР

УМ

Қызылорда облысы әкімдігі 



мен облыстық мәдениет басқар-

масы ның  мұрындық  болуымен 

еңселі еліміздің Тәуелсіздігіне 20 

жыл толуына орай облыстық 

«Елім менің» атты 

шығармашылық конкурстың 

қорытын дысы белгілі болды.

Білім және ғылым министрлігі 

және Оңтүстік Қазақстан мемле-

кеттік педагогикалық универси-

теті, «Әлеуметтік маңызды жоба-

ларды дамыту институтының 

ұйымдастыруымен аталған 

жоғары оқу орнының мәжіліс за-

лында ел Тәуелсіздігінің 20 

жылдығына орай «Мәдени мұра 

– ұрпақтар сабақтастығы» атты 

жастар форумы өтті. 

Мәдениет 

майталмандары 

марапатқа 

ие болды

Мәдени мұра 

жастар көзімен

Конкурстың қорытындысы бо йынша 

үз  дік деп танылған же ңімпаздар жүлделі 

орындар мен облыс әкімінің арнайы ди п-

ло   мымен  және  қаржылай  сый лық та рымен 

ма  рапатталды.  Атал мыш  байқауға  об лыс-

тық Н.Бе кежанов атындағы Қазақ му  зы ка-

лық драма театрының ұжы мы да атса лы-

сып, айтулы ша радан шет қалмады. «Қа-

зақ  стан  Республикасының  Тәуел сіз ді гіне 

– 20 жыл» мерекелік ме да лі мен облыстық 

Н.Бе кежанов атын дағы Қазақ музыкалық 

дра  ма  театрының  көркемдік  же тек ші сі,  Қа-

зақ станның  еңбек  сі ңір ген  қайраткері, 

«Құр  мет»  орде ні нің  иегері  Әмір-Темір  Хұ-

сейн,  об лыс тық  Н.Бекежанов  атын да ғы 

Қа  зақ  музыкалық  драма  теа тры ның  бас 

су рет шісі,  Қа зақ стан ның  еңбек  сіңірген 

қыз мет ке рі Серік Пірмаханов, театр ре-

жис сері Оңталап Нұрмаханов, сон дай-ақ 

Бақытбек Ал пысбай, Әб жанова Кәмила, 

Үмігүлсүн Өрік байқызы, Бақытбек Темір-

беков, Рус лан Ахметов, Ұғым Бай маханов 

сынды 


ак тер лер 

ма рапатталды. 

20 

номинация бо  йын ша үздік деп танылған 



«Мә дениетім – мәртебем» но ми нациясы 

бойынша «Үздік сце 

нарист» Оңталап 

Нұрмаханов об лыстық «Елім менің» шы-

ғар ма шылық  конкурсының  I  дә ре желі 

дипломымен  жә не  қар жы лай  сыйлықпен 

марапатталды. 

Аталған шараның қоры тын дысына ар-

нал ған салтанатты жиын да облыс әкімі Бо-

лат бек Қуан дықов сөз сөйлеп, облыс тағы 

мә дени шараларға көптеп кө ңіл бөлініп 

жат қанын айтты. «Об лыс аумағында мә-

де ни  мұ ра ларды  сақтау  кейінгі  өскелең 

ұр  паққа жеткеру мақсатында «Жан ды да-

уыс тар» атты әнші-жыр шылардың өз да-

уыс тары жа зылған dvd дискілер жарыққа 

шы ғарылды. Онда 280 адамның жанды 

да уыстары жазылған. Осындай игі шаралар 

ал дағы уа қыттарда да жалғасын та ба ды» 

деді әкім.



Айдос ТӨЛЕГЕНОВ, 

Қызылорда облысы

Елбасының өзі ерекше назарға алған 

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарла ма-

сы ның негізгі мақсаты елдің тарихи-мә де-

ни мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және 

сақ тау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қай та-

ру, шетелдерде Қазақстанның мәдени мұ-

ра сын үгіттеу екені белгілі. Ал осы бағ дар-

ла маның іске асуына жастар тарапынан 

қы 


 

зығушылықтың артуы үлкен жетістік 

екені сөзсіз. Өйткені бұл бағдарламаның 

жастар назарын өзіне аударуы тарихи-мә-

дени мұраның, салт-дәстүрлеріміздің ұр-

паққа үлгі, ұлттық тәрбиеге негіз болары 

сөзсіз. 

Форумға жиналған қауым алдында пе-

да гогикалық университеттің басшылары ал-

ғы сөз айтқаннан кейін «Шымкент жас та ры» 

МКК директоры Заңғар Үсіпах ме тов «Жастар 

– Тәуелсіздік тұғыры» тақыры 

бын 

 

да 



баяндама жасады. Сондай-ақ «Қа зақ  стан 

студент тер  Альянсы»  Шымкент  фи  лиа лы-

ның лидері Мағжан Исақов, «Бәй   терек» 

жас тар ұйымының төрағасы мен тәуелсіздік 

құр дастары өздерінің жылы пі кірлері мен 

ой ларын ортаға салды. Жақ сы іс концерттік 

бағ дар ламамен  жал ғас ты. 

Ш.МОЛДАБЕК, 

Оңтүстік Қазақстан облысы

«СОҢЫҢНАН БАРАРМЫН, КӨКЕ…»

(Нұрмұхан  Жантөриннің  өмірде  өзі  көр   ме ген, 

кездеспеген әкесіне жазған ха ты нан үзінді).

«...Жетім күйімде 50 жасқа жеттім. Бұл ту  ралы газеттерге көп жазылды, бүкіл Қа-

зақ  стан білетін. Ал сен үндемедің. Сенің ұлың әке атанды. Үндемедің…

Жанын азапқа салса да, мені асырап, адам етіп шығарған кім? Ғазиза! Оқытып, 

тоқытқан кім? Ғазиза! Ең қиын минуттарда жа нымда болған кім? Ғазиза! Сондықтан 

кө ке, сен ренжіме, менің әкем де, шешем де Ғазиза болды. 

…Иә, мен Адай руынанмын. Бірақ Адай  дың қандай буынынан тарайтынымды біл-

меймін. Оны маған кім айтып жатыр?.. Адай лардың арасында «Мен – Адаймын» деп 

айтуға ұялатын едім. Себебі сұрап кал са, қай буыннан екенімді толық, нақты ай та 

алмаймын ғой… Ал Ғазиза Ұлеке мен Бай ке (аталары – С.Т.) туралы ғана аз-мұз айт-

ты. Ол одан басқасын білмейтін де еді. Ал сен үндемедің.

Ғазиза кетті. Сен де кететін шығарсың… үн сіз. Ешбір шындықты біле алмай, мен 

де сен дердің соңдарыңнан барармын. Орыс қа үйленгенім үшін о дүниеде отқа күйетін 

шы ғармын. Ештеңе етпес! Бәрібір мен сіз бен қарым-қатынас жасап тұрамын… Егер 

се нің жорғаң тамұқтың қасында жайылар бол са, саған хат жазып тұруға тыры са-

мын…


Сау бол. Аман бол, көке!

Мен де әзірге аман-сау, тірліктемін ғой… 



Сәлеммен Нұрмұхан»

– Қасым тойына түркітілдес аға-

йын жұрт тан барған қаламгерлер әлі 

күн ге там са нып айтып келеді. Әлбет-

те, мә се л е той өткізілген күн дердегі 

ме ре келік ша раларда емес, мәселе – 

ақын жы ры ның, қазақ ойының на си-

хаты үлкен ау қымдарға шыға баст а-

уында.  Қа сым ның  өлең де рін  біз  өз 

бас тамамызбен  бір не ше  тілге  тәр жі-

маладық.  Түрік  әде биет  т анушылары 

қа сымтануда  жа ңа ша  ой,  жаңаша  пі-

кір білдіріп отыр. Ал ТҮРКСОЙ ал да-

ғы  жыл  да ры  еліміздің  әде  би-мәде ни 

өмі  ріне  белсене  ара ла сып,  халық-

ара лық дәрежеде бірнеше үл кен ша-

ра лар  ұйымдастырмақшы.

Айбат АҚЖОЛТАЙ,

Қарағанды – Ыстамбұл – 

Анкара – Қарағанды

– Қасымның өткен ғасыр басында 

дү ниеге келіп, сталиндік қапасты елі -

мен бір ге өткеруі, соғыс жылда рын да 

жаз ған дүниелері, басынан кешкені – 

кез келген қаламгерге өне ге! Ол – ХХ 

ға  сыр дағы 

қазақтың 

мо дер   нистік 

әде    биетін  биік ке  көтер ген   дер дің  бірі, 

бір  егейі. 

Оның 

шы ғар   ма ларының 

ішін  де  «Ақын  өлі мі  ту   ралы  аңыз»  бен 

«Дүниеге жар» ат ты жыры шоқтығы 

биік дүниелер екен. Кеңестік режимге 

қарсылықтың нақ   ты белгілері осы екі 

өлеңінен анық бай  қалады. Өзге шы-

ғар малары  да  тү  ркітілдес  халықтар 

әде биетінің  да   муы на  үлкен  үлес  қос-

қан ұлы ақын екенін анық аң ғартады. 

Дүйсен ҚАСЕЙІНОВ, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:

Шұғайып ҚАРАҚАШ, әдебиеттанушы, 

Ыстамбұл Айдын университетінің докторы, профессор:

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№225 (677) 21.12.2011 жыл, сәрсенбі             



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

– Кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ. 

Ер 

тең үшін бүгінгі Тәуелсіздігімізге 

тоқта лып  көрсек. 

– Бұл – өте үлкен, ауқымды тақырып. 

Тәуелсіздік туралы айту үшін сонау 

ғасырларға баруға тура келеді. ХІІІ ғасырда 

Шың ғыс ханның қол астына өткен бүкіл 

Дешті Қыпшақ ұлысы екіге жарылды. Со-

ның бір бөлігі қазақ ру-тайпаларын бас-

қар ған Керей мен Жәнібек сұлтандар 1456 

жы лы Шу өзенінің бойында Қазақ хан ды-

ғын құрды. Тым арыға бармай-ақ содан 

бе рі қарай айтсақ, қазақтың басынан нелер 

өт педі, халық не қиындықтарды шекпеді?! 

Өзі нің басы бірікпеді. Әрине, күллі қа зақ-

тың басы біріккен кездері де болды, бірақ 

бү кіл елдің бірігуі көп деп айту қиын. Бір 

жа ғынан – Қытай, мына жақтан Жоңғар 

қа заққа көз алартты. Одан келіп, орыс им-

пе риясының боданы болдық. Тарихқа үңі-

ліп, өткенімізді електен өткізсек, қазақ хал-

қы не көрмеді?! 

 Теңіз жұлдызы деген жәндік бар. Олар 

жа ғадағы құмға мыңдаған жұмыртқа тас-

тай ды. Шашылған тұқымға жан бітіп, жа-

рып шыққаннан кейін теңізге жетуі керек. 

Теңізге де йін оларға қожа емес нәрсе жоқ. 

Ұшқан құс, бақа-шаян т.т. теңіз жұлдызына 

өш, қо  рек етеді, жейді. Солардан аман 

қалған бі рен-сараны теңізге жетіп, өмірін 

жал ғас ты рады,  қайтадан  ұрық  шашады. 

Бұл – тағ дыры өте ауыр теңіздің жәндігі. 

Қа зақтың тағдырын осы теңіздің жұлды зы-

на теңер едім. Қанша рет жоғалып кетудің 

жие гінде тұрып, Құдайға шүкір, Тәуелсіз-

дікке жет тік. 



– Қилы-қилы қиындықтардан Тә-

уел сіздікке жеткізген қазақтың қай қа-

сиеті дер едіңіз?

– «Момынның ақысын Құдай жемейді» 

дейді. Халық ниетінің түзулігі, момындығы 

осы күнге жеткізген. Халық болған соң, 

кем шілік кездеседі. Ал, жалпы келгенде, 

қазақ – өте жақсы халық. Есігі жабылмаған, 

кім келсе де, құшақ жайып қарсы алған, 

айта берсең, жақсылығын тауыса алмай-

сың. Құдай сол қасиеттерін елеп-ескерген 

шы ғар... Иә, Тәуелсіздікті алдық, Аллаға 

шү кір. Енді оны ұстап тұру, өрбіту, егемен-

ді лікті еңселі ету – осының барлығын Елба-

сының көреген саясаты, іскерлігі, қажымас 

қай раткерлігімен ұштастыруға болады. Қа-

зақ айтады: «Елді ер бастайды, ерді ерен 

бас  тайды» дейді. Сондай ерен еріміздің 

еңбегі мен ерлігін бағаламау, көрсе де көр-

мегенсу – бізге қажет емес. Біз бір жұдырық 

бо луымыз керек. Халықтың ынтымағы аса 

қажет. Жаһандану дейтін жойқын, масқара 

күш келді. Талайлар жұтылып кетуі мүмкін. 

Соның ішінде кетіп қалмай, осылай бүгінгі 

күйімізде тұрсақ, Аллаға тәубе айтуымызға 

болады. 


– Елдегі игілікті істерге, қандай да 

қам-қарекеттерге араласып жүрген 

аза матсыз. Жөн сілтеп, бағыт-бағдар 

бе ре қалған жағдайларда қандай қа-

ғи даларды  қалайсыз? 

– Ауызбірлік, ерінбей еңбек ету, айта 

берсең, механизмдер көп қой. «Есті адам 

болам, десең» дейді, Абай: «Айына бір рет 

өзіңе-өзің есеп бер». Мен не істедім, не 

қой дым? Қазаққа мұқияттылық жетіспей 

жа тыр. Бұл – әрбір қазақ азаматы ойла на-

тын тірлік. Аузымызды қу шөппен сүрте ал-

май мыз. Ойбай, енжармыз, жалқаумыз 

емес, біздің тәуір жақтарымыз көп қой. Қа-

зір халықтың көзі ашық. Қайтсе ел болып, 

жұ тылып кетпейтінін, тағдыры өз қолында 

еке нін әрбір саналы азамат түсінеді деп ой-

лай мын. Біз кімнен кейінбіз? Кімнен кембіз? 

Мақтаншылық та керек шығар, дегенмен 

ел болу жолындағы әрекеттерімізге қана-

ғат  сыздықпен де қарауымыз қажет. Бұл – 

то йымсыздықтан, қанағатсыздықтан емес, 

өзіңе-өзің талап қоя білу, алға ұмтылу. 

Қазір қазақтың қай саласында да талпыныс 

бар. Бұл – қызыл сөз үшін айтыла салған 

нәр се емес, шындығында, ел болып же-

тілуімізге, мемлекет болып қалыптасуы-

мызға, қалай болғанда да, бүкіл қазақ хал-

қының еңбегі зор. Бірақ барға мастанбай, 

жетілдірген жөн. 



– Туған топырағыңыз Тараз өңірінде 

қызмет етіп келесіз. Өскен еліңіз 20 

жылдыққа не берді?

– Жамбыл облысы – Атырау, Маңғыстау, 

Ақтөбе секілді мұнайлы өңір емеспіз. Біздің 

бар байлығымыз – Жамбыл облысының 

халқы. Еңбекқор, артық сөйлемейтін, 

момындау халық тұрады, Жамбыл өңірінде. 

Тәуелсіздіктің бергені өте көп қой. 

Облыстың басшысына байланысты. 

Экономикалық жағынан Жамбыл облысы 

орнында тұрыңқырап қалды. Қаламыз да 

90-жылдардың басындағы деңгейде 

тұрды. Былтырдан бері қозғалыс басталды. 

Қаланың ішінде құрылыстар бой көтерді, 

ауыл шаруашылығында өркендеу бар, 

инвестицияда жағымды жағдайларды 

атауға болады. Экономиканың барлық 

саласында өркендеу бар. Осының бәрі 

Тәуелсіздіктің бергені ғой.

 Мен бұрынғы банк қызметкерімін. Сол 

замандарда сметасы 3 миллионнан асатын 

қаржыны қажет ететін құрылысты Қазақстан 

бекіте алмайтын. «Союзный министр» бе-

кітетін. Жай ғана кинотеатр соғу үшін, оның 

құны 3 миллионнан бір сом асса, Мәскеуге 

шабатынбыз. Өзіміздің билігіміз жоқ еді. 

Міне, егемендіктің бергені. Қазір қандай 

құрылыстар салынып жатыр! Республиканы 

айтпағанда, Жамбыл облы сында Спорт 

кешені басталды, ықшам аудандар соғылып 

жатыр, Металлургия зауыты іске қосылды, 

Цемент, Арматура зауыттары – осының 

барлығы азаттықтың арқасы. Құдайдың 

бер гені, қазір өзіміз шешеміз, өзіміз бе-

кітеміз. Ақшаң табылып, жағдайың бол са, 

облыстың өзі-ақ бекітіп, ғимарат соға ала-

ды. Осының бәрі – жетістік, Тәуелсіздіктің 

бе р гені  емес  пе?! 

Облыстық банкке алғаш келгенімде, 

50-лерге келіп қалған орыстың екі әйелімен 

бір кабинетте отырдым. Бір күні жұмыс 

бабымен кеңес сұрап, Мойынқұм ауда ны-

нан банк қызметкері телефон соқты. Мен 

кеңесті қазақша бердім. Телефон тұтқасын 

қойға ным сол еді, әлгі екі орыс әйел маған 

дүрсе қоя берсін: «Неге сен қазақша кон-

суль тация бересің? Сен қайда жүрсің? Неге 

орыс ша бер мейсің? Неге қазақша сөй лей-

сің?». Ме нің мінезім шатақ! Екі әйелмен 

ай қайласып, бастыққа айттым: «Мен мына 

еке уімен отыр маймын! Не жұмыстан ке те-

мін, не мы налар басқа кабинетке барып 

отырсын!» Бұл уақытта мен отызға жаңа 

кел ген адам мын. Мен осы қорлығымды әлі 

ұмыт пай мын. Бұл не деген масқара!? Өз 

ана тілімде сөйлеуге тыйым салады! 

– Жаппай сөйлеп кетсек, жақсы-ақ 

болар еді, бірақ қазақ тіліне түгел көше 

алмай жатқанымыз жасырын емес қой. 

Түр лі себеп, сан салдар бар. Асаубай 

аға, «банк, қаржы саласын қазақшаға 

көшіріп жіберсе, қазақстандықтардың 

тіліндегі түйін-күрмеуі шешіліп, мем-

лекеттік тілде сайрап кетер еді» деген 

пікірді естіген едім. Сіз не дейсіз? 

 – Мен, соған қосылмаймын. «Мұ сыл-

ман болу әсте-әсте» дейді. Тіл дегеніміз–

үлкен саясат. Мұны бірден, шорт кесіп: 

«Бәрің қазақша сөйлеңдер!» деу қиын. Та-

банда тыйып тастау – ауыр нәрсе. Бизнестің 

тілі – әлі орыс тілі. Мен Мұхтар Шахановтың 

ұлтқа жаны ашитынын, көбірек айқайлай-

ты нын түсінемін... Бірақ бірбетке кетіңкіреп 

қа лады деп есептеймін. Мен ол кісіні өте 

жақсы көремін. Бірақ бірбетке кетіп қалуға 

болмайды. Елбасының саясаты – жайлап, 

әсте-әсте кіргізу керек. Кіріп те келе жатыр. 

Облыс бойынша қарасаңыз, Жамбылда 

орысша болған жиналысты көрген жоқпын. 

Онымыз отырып, бір орыс болса, орысша 

сөйлейтінбіз, ал қазір 10 орыс отырса да, 

қазақша сөйлейміз. Түсін бе се, қайтпекпіз? 

Түсінер. Қалай бұрасақ та, бірден мойнын 

жұла алмаймыз. Жайлап өзі келетін шығар. 

Келе жатыр! «Ойбай, қар жы керек! Қазақ 

тілін оқыту қажет!» дегенге қосыла 

бермеймін. Шындығында, орыс тілінен 

кетіп те қалмауымыз керек секілді. Айталық, 

ауылдағы балалар орыс ша білмейді. 70 

жылдық қана емес, бүкіл та 

 

рихымыз 


орысша жазылып кеткен. Орыс ша білмеу 

– тарихымызды білуімізге ке дер гі келтіреді 

деп есептеймін. Орысшыл емес пін, ұлтшыл 

адаммын. Алайда орыс ті лін қосып алып 

жүрсек, одан біздің ұты ла тын түгіміз де 

жоқ. Қазақтілді басқа ұлт тар дың ішіндегі 

қабілеті барын көтермелеп, әкімге дейін 

қызметке қоюымыз керек. Ол да – қазақ 

тілін насихаттаудың бір түрі. 

– Идеология осындайлардан шыға 

ма? Бұл тарапқа не айтар едіңіз?

– Егемендігіміздің өзі идеология ғой. 

Біз сусап жеткен жоқпыз ба! Менің немерем 

Рио-де-Жанейрода балалар арасында 

шахматтан әлем чемпионы болды. «Қаз-

прав даға» шықты. Бізді қай кезде сон дай 

деңгейге жіберіп еді. Бұрын «Союздан» 

шыға алмайтынбыз. Боксшыларымызды 

алайық, қаншама Олимпиада чемпиондары 

бар. Осының бәрі идеология емес пе! Ойы 

бар адам үшін идеология көп. «Мен еге-

мен дікті жоғалтпауым керек!» деген идео-

логия ғой. 

– Мәңгілік, Тәуелсіз Қазақ мемлекеті 

болу дейсіз ғой.

– Басты идеологиямыз – осы! Әрбір 

намысы бар қазақ соған тырысуы керек 

қой. Мәселен, Кеңес өкіметі идеология сы-

ның санамызға өте кіріп, сіңіп кеткен себебі 

– сол уақыттарда біз сауатсыздау болдық. 

Қа зіргі қазаққа ол идеологияны сіңіре ал-

майсың. Әркімнің көзі ашық. Отанына де-

ген патриотизм, Тәуелсіз ел болып өр ке-

ниет ке ұмтылу, дамыту, сақтап қалу – үлкен 

идео логиялар  осылар. 

– Кеңес кезінде коммунизмді желеу 

етіп, ауадағы арманды қуалатты ғой. 

Кер еметке кездесеміз деп жүргенде 

ке ңес өкіметі келмеске кетті. Қандай 

қуат ты еді. Бірақ шындық жоқ жерде 

не нің болсын ғұ  мыры келте бола ты-

нына бұдан өзге мы сал табу қиын се-

кілді. Ал Қазақ мемлекетінің болашағы 

бос ауа емес, баянды баспал дақ тардан 

тұрады ғой. Әрине, ел мұратын түйсіну 

үшін де сауаттылық қажет. Асаубай 

аға, сауатсыздық дегенді қалай айтар 

едіңіз? 

– 10-сыныпты бітіргеннің барлығын 

сауатты деуге келмейді. Сауаттылық – жан-

жақ  ты ойлана білу, әр нәрсенің байыбына 

жете білу. Әйтпесе қол қоя білетіндерді, хат 

танып, оқи алатындарды есептесек, сауат-

сыз адам жоқ. 100% сауаттымыз деп қоя-

мыз. Бірақ шынайы сауаттылықтың дең ге-

йінде қарасақ, 100 % сауатты емеспіз және 

саясатпен айналысқандардың бар лығы са-

уат тылардың тізіміне кірмей қалуы мүм кін. 

Ал, жалпы алғанда, ел сауатты деуге бо-

лады. 

– «Қазақтың тілі бай, көркем, шұ-

райлы т.т.» деп жатамыз. Бірақ белгілі 

бір орта немесе сөйлеп жаттық қан бол-

маса, жоғары оқу орынын бітір ген де-

ріңіз де кез келген тақырыпқа сөйлей 

ал майды. Ал алабажақ, шалдыр-шат-

пақ, қысқасы, біздің ділімізге, мента-

ли тетімізге  жуымайтын,  батыс тық тар-

дың қай-қайсысына микрофон ұсын-

саңыз, кез келген тақырыпқа пікір біл-

діріп, өз көзқарасын айта алады» дейді. 

Бұл – қатардағы қарапайым азаматтың 

пікірі. 

– Келісемін! Әр адам өзімен жұмыс іс-

те мейді. Біздің халықтан жекелеген ғұла-

ма лар, ойшылдар көп шыққан. Мысалы, 

біз неге спорттың жекелеген жекпе-жек те-

рінде жеңеміз де, ұжымдық, командалық 

ойындарда ұтылып қаламыз. Айталық, 

күрестен, бокстан мақтанатын жағдайлар 

бар. Ал футбол, волейбол сияқты топтық 

ойындарда төменде екеніміз жасырын 

емес қой. Неге? Өйткені ұжымдасқандағы 

ұғым жоғары деңгейде емес. Осындайдан 

интеллектінің төмендігі көрінетін сияқты. 

Көпшіліктің көкейі бір мүддеге бірігуі тиіс. 

Қай сала, қандай мақсатта болсын, ұстаным 

бір болғаны абзал. Әркім өз білгенімен, өз 

бетінше кетсе, болмайды. 

– Екі қазақтың бірі өлең жазған, ән 

айт қан. Біз шешен халықпыз. Тарих 

солай дейді. Әрине, негізден ауытқып, 

болмы сы мыздың  божыраңқырап  кетуі 

бодандықтың, ел басынан өткен нәу-

бет тердің,  зұлмат тар дың  кесірі  ғой. 

Бірақ қалай болғанда да өзі мізді-өзіміз 

тауып, қалыпқа келіп, бола ша ғымызды 

нықтауымыз керек. Ауыл, да ла, қала 

баласының сауаты, өмірге көз қа расы, 

болашаққа сенімі деңгейлес болғаны 

дұ рыс. Осы тұрғыдан келгенде, облыста 

ат қа рылған  қандай  амал-шараларды 

атар едіңіз? 

– Бұл сұраққа бір сөзбен жауап беру 

оңай шаруа емес. Екі қазақтың бірі шешен 

болған, екі қазақтың бірі жазып-сызған 

де сек, қателесеміз. Ол – белгілі бір адам-

дарға қонған дара қасиет. Ал жаппай 

халықтың олай болуы үшін – қазаққа 

көбі рек оқу керек. Біз қазір теледидардан, 

интернеттен ақпарат аламыз да, әркім 

өзінше соя бе ре міз, айта береміз. Кітап 

оқымай, ондай қа сиет ке, сауаттылыққа 

жете алмаймыз. Бү 

гін 

гі балалар ұялы 



теле 

фон, интернет пен те 

левизордан 

басқаны білмейді. Кітап оқу жоқ. Кітапсыз 

интеллектіні көтере алмай мыз. Оқу керек. 

Мәселен, қазіргі балалар кө бейту кестесін 

білмейді. Неге? Калькуля тор бар! Баса 

салады да, «мынау» дейді. Ол – жаттама-

ған. Ал сіз бен біз жаттап өстік. Ал жаттау 

– миды шынықтыру. Ақпараттың көптігі 

және оның барлығына қолжетімді болу 

– адамды шегере ме деп ойлаймын. 



– Кем-кетікті түзейтін, елді өрге 

сүй рейтін, көпшіліктің көзін ашатын 

зиялы қауым ғой. Бүгінгі зиялы қауым 

туралы не айтасыз? 

– Бәрі болмаса да зиялы қауым жалтақ, 

қор қақ, жағымпаз. 70-80 %-ы сондай-ау. 

Шындықты айту жоқ бізде. Жағымпаздық 

жүрген жерде сатқындық қоса тұрады. Жа-

ғым паз адам – сатқын, сатқын адам – жа-

ғымпаз. Бірен-сараны болмаса ойын таза 

айтып: «менің кішкене ғана пайдам халық-

қа тисе» дейтін зиялы қауым өкілдерін көр-

мей жүрмін. «Әй, мынау білгіш қайдан 

шыққан?!» деп радиоңды тыңдаса айтар, 

бірақ мен білгіш емеспін. Бұл – менің жеке 

көз қарасым, пікірім. 100% шындықты айту 

қиын шығар, әйтсе де шындыққа жақын 

жүретін адаммын. Елдің көбісі шындықты 

ай налып өткісі келеді. Өту оңай, ал таза ай-

ту әркімнің қолынан келе бермейді. Міне, 

интеллигенцияға осы шындықты айту же-

тіс пей жатыр. Мемлекеттің саясатына қай-

шы келмейтін, шындық айтамын деп оппо-

зи ция ға шығып кету емес, ел мұраты үшін 

ақи қатты жасырмау керек. 100% келісім-

паз дықпен біз өрістемейміз. Ой өрістеп, 

өр кениетке жету үшін бізде жан-жақты ой-

лар, пікірлер, көзқарастар болуы шарт. Сіз 

– бір нәрсе, мен – басқаша, ол тағы бір ой 

айт  са, осылар сарапталып, ортақ шешім 

қа  былдану керек. Ал біз бәріміз келісе бе-

ре міз. Түбегейлі бір жаққа құлауға бол май-

ды. 90-жылдардың басындағы, 80-жыл-

дар дың  аяғындағы  Ж.Мол да ғалиев,  С.

Шай мерденовтер сөз еткен шын дық тарды, 

біз айта алмаймыз-ау. Жет піс жыл төбе-

мізден  төмпештеп,  жерге  кір гі зіп  жі берген 

ғой. Қорқақтық қасиет пайда бол 

ған. 


«Қазақ – батыр халық» дейді. Кей де ой-

ланып қаламын... Соңы 70 жылға со зыл ған 

қорқақтық санамызға сіңіп кеткен-ау. Бір 

шетінен, қазір айту оңай. Сонау 1937 

жылғы сталиндік репрессия жаныңды 

түршіктіреді, масқара ғой. Адамды 

қорқытып жіберді ғой! Көршісін, ағайынын 

сату, әкесі – баласын, баласы әкесін сату, 

сұмдық қой! Сол біздің миымызға сіңіп, 

санамызды жайлап, халық қорқыныштан 

ажырай алмай келеді. Содан кейін біздің 

интеллигенция кедей ма? Кедей адамның 

қорқақ болатыны бар. Абайдың сөзі бар: 

«Тоқалдың өр келетіні, кедейдің кер келетіні 

несі?» – деген. Қиын сұрақ. Жауап беру 

оңай емес. Өнер, сөз бағаланғаны жөн. 

Біз дің зиялы қауым, ақын-жазушылары-

мыз дан гөрі, олардан ойы аспай тұрса да, 

«жа ман ләпке» ұстағандар шірене сөйлейтін 

бол ды. Мұның барлығы ұғым-түсінікке ке-

ліп тіреледі. Біз ойды, ақылды бағалауымыз 

ке рек. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.7 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет