Асаубай майлыбаев : ИӘ



жүктеу 0.7 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата06.05.2017
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

Мойнақ ГЭС-і. Жуық арада Шарын 

өзенінде қуаты 300 млн текше метр суды 

игеріп, электр қуатын өндіретін Мойнақ су 

электр стансысы іске қосылады. Ол ТМД 

елдері арасында тұңғыш жоғары қысымды 

гидоэлектрстансы. Жоғары технологиялық 

деривациялық туннельді пайдаланудың 

арқасында судың шығатын жерінде қатты 

ағыс пайда болады. Соның нәтижесінде, 

бір МВт өндіруге жұмсалатын су шығыны 

секундына бір текше метрдің ширек бөлігін 

(0,25) ғана құрайды. Бұл ТМД айма ғын-

дағы өзге су электр стансыларымен са лыс-

 тыр ғанда 15 есе аз. Мойнақ ГЭС-і елі міз-

дің оң түстік өңірін тегіс электр қуатымен 

қам та масыз  етеді.  Демек,  бұрын ғы дай 

көрші ел дерден тасымалданатын электр 

энер гиясына мұқтаждық болмайды, яғни 

елдің энергетикалық тәуелсіздігі артады. 

Жобаға сай, мұнда жылына ша мамен 1 

млрд кВт/с электр қуаты өндіріледі деп кү-

ті луде. Елбасы: «Мойнақ ГЭС-і – асыға күт-

кен ны сан. Бәріміз де оңтүстіктегі электр 

қуа ты  тап шы лығынан  хабардармыз.  ГЭС 

ен ді осы қа жеттілікті өтей алады», – деп 

оған оң баға берді. 

Айта кеткен жөн, Мойнақ ГЭС-інің құ ры-

   лысына қатысты жоспар бұрын да қа рас-

тырылған. Алайда оны еліміз Тәуел сіз дік ке 

қол жеткізгеннен кейін ғана жүзеге асы  ру 

мүмкін болды. Астанамен  бей не бай ланыс 

барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма 

директоры Есберген Әбітаев Елбасыға құры-

лыс тың аяқталғаны жөнінде хабарлады. 



«Өзен-Түрікменстан». Елбасының 

тап  сырмасымен  «Самұрық-Қазына»  әл-

ауқат қоры жүзеге асырған тағы бір жоба 

– «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік 

шекара». Бұл – биыл іске қосылған те мір-

жол тармағы. Тәуелсіз Қазақстанды әлем-

нің теңіз айлақ та рына апаратын, Парсы 

шы ғанағымен  бай ланыстыратын  жаңа 

жол. Келесі жыл дың бірінші тоқсанында 

жолдың түрікмен және иран бөлігі де іске 

қосылады. Бұл жо ба елімізді және Ресейдің 

орталық ай мақ тарын Түрікменстан мен 

Иран арқылы Парсы шығанағы, Оңтүстік 

және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен 

бай ланыстырады. 

Пайдалануға берілген бірінші жылдың 

өзінде-ақ тасымал көлемі 9 млн долларды 

құрайтын болады. Жоба бүкіл Батыс Қа-

зақстан экономикасын дамытуға серпін 

береді. Мұнда заманауи инфрақұрылымы 

және әлеуметтік нысандары бар ««Бола-

шақ» стансысы салынған. «Өзен» стансысы 

ке ңейтіліп, жаңғыртылды. Разъездер сәу-

лет   тендірілді. 

«ҚТЖ ҰК» АҚ вице-президенті Ермек 

Қи затовтың айтуынша, бұл желі өте қысқа 

мер зімде салынды. Жол құрылысы бары-

сын да 800-ден астам адам жұмыспен қам-

тыл ды. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» 

ҰК құрылыс бойынша тапсырыстың 80 па-

йы зын ел ішінде орындады. 2000-нан ас-

там құрылысшы 146 шақырым жол ды тө-

сеп, жеті жаңа стансы мен разъезд, 68 

«жа   санды» ғимарат, төрт көпір салынды. 

Же  лі толығымен электр қуатымен, тал шық-

ты-оптикалық байланыспен қам тылған. 

Бұл по 

йыздарды өткізгенде қауіпсіздік 



ере  же сін  сақтауға  жәрдемдеседі.  Жылдық 

жүк тасымалы 8–10 млн тонна деп күтілу-

де. Жоба құны – 61,7 млрд теңге. 

Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауап-

кер шілігіне арналған «Парыз» Президент 

бай қауының биылғы қорытын дысы бо-

йын  ша «Қазақстан теміржолы» АҚ «Ин-

дус трияландыру көшбасшысы» деген ар-

на йы сыйлықпен марапатталды.

КЕЗДЕСУ


ОЛЖАС АЛДАМАЙДЫ

Кітаптың атауы ақын Олжастың Фатима 

анасына жазған бір жыр шумақтарынан 

алынған екен. «Барлығына бірдей көмек 

бе ре алмадым, жалғыз ғана ақынның қо-

лы нан не келеді? Барлық сұрақтарға жауап 

таппадым, адамзатты алайда мен алдама-

дым, мүмкін болса да...», – деп жыр лапты 

40 жасқа енді толған Олжас Сүлейменов. 

«Бүгін мен 40-та емеспін, бірақ бұл сөзімді 

таза ар-ұятқа салып, қай талай аламын. 

Шы нымен де, осы уақытқа дейін мен бі-

реу ге қиянат жасап, алдағаным жоқ. Сө-

зім ді жерге тастап, халқымды, мемлекетімді 

сатпадым. Сол себепті осыдан 35 жыл бұ-

рын айтқан өлең жолдарымды мүдірмей 

оқып, бүгінде ол сөздерім үшін жауап бе-

руге даярмын. Мен адамды алдамадым. 

Алайда болатын еді. Қазір олай істейтіндер 

көп қой, тіпті адамды алдаған кезде алдына 

жан салмайтын азаматтар да баршылық 

арамызда. Менде ондай әдет қалыптас па-

ды. Сондықтан өз оқырмандарымды да 

осы ған үндеймін», – дейді О.Сүлей ме-

нов.  

БАНКТІҢ ИГІ БАСТАМАСЫ ҚУАНТАДЫ

Ақынның осы бір қасиетін негізге ала 

отырып, оның өмірі мен шығармашылығын 

біраздан бері зерттеп жүрген әдебиетта-

нушы ғалым, жазушы Сафар Абдулло 

жинақтың атауын дәл солай етіп қоюды 

шешіпті. Ол кітапты баспаға өзі әзірлеген 

екен. Оған ақынның 1972-2011 жылдар 

ара лығындағы шығармашылығын қамти-

тын афоризмдер мен қанатты сөздер енді. 

Бүгінде жарыққа шығып отырған Олжас 

Сү лейменовтің «Адамзатты алайда мен ал-

да мадым...» атты жинағы 200 данамен 

ба сылды. «Алтынмен апталып, күміспен 

күп телген» кітап қымбат полиграфиялық 

материалдардың негізінде «Олжастың 

кітапханасы»  баспа үйінде бастырылып 

отыр. Жобаның демеушісі – «Альянс Банк» 

АҚ. «Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 

жа  сап отырған біздің сыйымыз. Тәуелсіздік 

не сімен құнды? Ол Олжас Омарұлы сияқты 

біз дің ақын-жазушыларымызбен бағалы. 

Бү гінде олардың шығармалары егемен елі-

міз дің рухани іргетасына айналып отыр. 

Сол себепті Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 

жыл       дығына  орай,  біз  Олжас  ағамыздың 

«Адам затты алайда мен алдамадым» атты 

жинағын көпшілік қауымға таныстырып 

отырғанымызға аса қуаныштымыз. Біз үшін 

бұл үлкен абырой әрі Қазақстанның рухани 

мұрасына қосқан өз үлесіміз болса керек», 

– дейді «Альянс Банк» АҚ басқарма 

төрағасы Мақсат Қабашев. 

СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ КОТТЕДЖІ ЖОҚ

Жазушы Олжас Сүлейменов Тәуелсіз-

діктің тағылымын жас ұрпаққа бүгінгі аға 

буынның естеліктері арқылы жеткізу қажет 

деп санайды. Ол естеліктер 20 жылдан ар-

тық уақытты қамтуы тиіс. Себебі бүгінгі Тә-

уел сіздікке жету жолында біз одан да ауыр 

қиыншылықтарға тап болдық. Ал ол туралы 

90-жылдардан бері қарай туған жастардың 

көбісі білмей жатады. «Біз болсақ, бір 

жүйеден екінші жүйеге көшіп, аса ауыр 

өтпелі кезеңді бастан өткердік. Оны кез 

кел 

ген ұрпақ көтере алмайды. Мі 



не, 

осының бәрін біз бүгінгі жастарға жет кізе 

білуіміз қажет», – дейді О.Сүлейменов. 

Осы дан кейін кейбір бұқаралық ақпарат 

құралдарының ақын Сүлейменовтің бай-

лық қа белшесінен батып жатқандығы ту-

ралы ақпаратты жоққа шығарған ол: «Осы 

уақытқа дейін мен біраз жерлерде болып, 

барлық жер-жаһанды аралап шықтым. Бі-

рақ өзіме екі қабатты коттедж сала ал ма-

дым. 1986 жылы Алматыда болған Жел-

тоқ сан көтерілісі кезінде мен алаңға барған 

едім. Сол жерде үйі-күйі жоқ жастарды 

көріп, ішім күйді. Сонда мен кеңестік жүйе 

тұсында жазған соңғы кітаптың қала мақы-

сы на, ал ол кезде оның көлемі 200 мың 

рубль, сегіз пәтер сатып алып, алаңға шық-

қан желтоқсаншыларға таратып бердім. 

Менің бай лығым – халқымның риза шы-

лығы. Мен еліме, халқыма, бүгінгі Тәуел-

сіз дігімізге қызмет етемін. Ал ол жұмысты 

ақшаға ба ғалай алмайсың», – деді ақын. 

Осы орайда ол өзін «қазақстандық ақын» 

деп  санай тын дығын  жеткізді.



ЮНЕСКО-ның ЖАҒДАЙЫ МӘЗ ЕМЕС

Ақын ғана емес, саясаткер ретінде де 

танымал Олжас Сүлейменов еліміздің білім 

беру саласында орын алып жатқан түйткілді 

мәселелерден де хабардар екен. Отандық 

еңбек нарығында жоғары білімі бар жас-

тар дың саны сапасына сай емес екендігін 

әрі ел экономикасына кәсіби инженерлердің 

жетіспей жатқандығын тілге тиек еткен ол 

ЮНЕСКО ұйымының осы саладағы жұмы-

сына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі 

кез де ұйым барлық қаражатты кейбір мем-

лекеттердің бастауыш білім беру саласын 

да мытуға жіберіп отыр. Олардың ішінде 

Аф рика және Азия елдері бар. Қазақстан 

сол ақшадан ештеңе алып отырған жоқ. 

Алайда ұйым жарнасын үнемі төлеп тұ-

рады. «Биыл Америка өз жарнасын бе ру-

ден бас тартты. Себебі ЮНЕСКО өз құра-

мы на Палестинаны қабылдады. АҚШ-тың 

ойын ша, ондай мемлекет әлі жоқ. Біз бол-

сақ, онымен келіспедік. Әрине, енді Аме-

ри ка ұйымға жыл сайынғы 65 млн дол-

ларын бермейді. Бұл – қыруар әрі қажет 

қа ражат. Бірақ ЮНЕСКО-ның басшылығы 

оған қараған жоқ. Осыдан кейін Сауд Ара-

биясы бұл қаржыны өтеуге даяр екендігін 

жет кізді. Дегенмен ұйым араб елдеріне де 

мойынсұнбай, 65 млн долларды мүше 

елдердің есебінен толтыруды ұйғарды», 

– деп атап көрсетті О.Сүлейменов. Оның 

хабарлауынша, ЮНЕСКО-ның бүгінгі жағ-

да йы мәз емес, бірақ уақыт өте келе, оның 

бә рі шешіледі.   

  

БАНКТІҢ БАСТАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Ешкімге сатылмайтын ЮНЕСКО-дағы 

Қа зақстанның тұрақты өкілі Олжас Сү лей-

менов те біреудің сөзін сөйлемесе де, осы 

жолы Альянс Банктің игі бастамасына зор 

ықыласын білдірді. «Әрине, мен, ең 

алдымен, банк пен оның басшысы Мақсат 

Қа башевқа осынау үлкен құрметі үшін зор 

ал ғысымды айтамын. Мен үшін бұл – Тә-

уел сіздіктің 20 жылдығына орай жасалған 

үлкен сый-сыяпат. Әрине, өткен 20 жылдың 

ішінде біз  бәріміз осы Тәуелсіздік үшін 

қызмет етіп, оған өз үлесімізді қостық. Еге-

мен дігіміздің ендігі 20 жылдығы баянды 

бол ғай! Бұл міндет тек бізге ғана емес, өз-

де рін саясаткер деп атап жүрген аза мат-

тарға да зор жауапкершілік жүктейді», – 

деп түйіндеді өз сөзін Олжас Омарұлы. 

«Альянс Банк» АҚ басқарма төрағасы 

Мақсат Қабашев атап көрсеткендей, қаржы 

ұйымының бұл бастамасы алдағы уақытта 

да жалғасатын болады. Бәлкім, келесі жы-

лы Олжас Сүлейменовтің «Адамға та бын, 

жер, енді» сияқты бұрынғы шығармаларын 

қайта бастыратын болар.  «Сондай-ақ 

ақын ның жаңа шығармаларын да басып 

шы ғаратын болсақ, біз үшін үлкен абырой 

бо лар еді», – дейді ол.



Арман БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ

Адамзатты алайда 

мен алдамадым...

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өз заманының заңғар 

ақыны, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, жазушы Олжас 

Сүлейменовтің  «Адамзатты алайда мен алдамадым...» (Но людям я не 

лгал) атты жинағы жарық көрді. «Альянс Банкі» АҚ-тың демеушілігімен 

жарыққа шыққан жинақта Олжас Омарұлының афоризмдері мен 

қанатты сөздері топтастырылып отыр.

Білейін дегенім, аграрлық саланың өсу-даму кезеңі деп қай жылдар-

ды айтуға болады?

Дәурен АРЫНОВ, студент

Ауыл шаруашылығы саласының 

өсу-даму кезеңі 2003 жылдан бері 

бас тау алды. Осы жылдардан бастап 

Қа зақстан  Рес публикасының  «2003-

2005 жыл дарға арналған Мемлекеттік 

аг рар лық  азық-түлік  бағдарламасы», 

«Ауылдық аумақтарын дамытудың 

2004-2010 жыл дарға арналған бағ-

дар лама»,  Қа зақ  стан  Республикасы-

ның Жер кодексі (2003), тағы басқа 

көп те ген заңнамалар мен нормативті 

құ жат  тар  қабылданды  жә не  ауыл  ша-

руа  шы лы ғын  қолдау  үшін  үл кен  кө-

лем ді қар жылар бөлінді. Осы ша ра-

лар дың нәтижесінде  аграрлық сек тор 

өтпелі кезеңдегі (1991-1998) құл ды-

раудан басқа елдермен салыстырғанда 

ерте рек құтылды деп айтуға болады. 

Елі міз дің  ауыл  шаруашылығында 

жалпы өнім мөлшері 2009 жылы 

1620,3 млрд тең геге дейін өсті. Бұл 

2001 жыл мен са лыс тырғанда 3,1 есе-

ге көп. Бір гектар егіс тік жерден 70 

мың тең ге ден астам өнім алынды, ол 

2006 жылға қарағанда 1,9 есе артық. 

Қа  зақ стан  қазірдің  өзінде  азық-түлік 

жө  нін дегі  өз  қажетінің  80  па йы зын 

қам  та масыз  етеді.  Өткен  он жыл дықта 

агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген қар-

жы 20 есеге ұлғайып, 2010 жылы 

235,5 млрд теңгені құрады, оның 

ішін де 20 пайызы дерлік немесе 44,4 

млрд тең гесі субсидияның (қай та рым-

сыз қаржы) үле сіне келеді. Ауыл ша-

руа  шылығы өнімі мен оны қайта өңдеу 

өнім дерінің экс пор ты соңғы он жылда 

үш есеге ұлғайды. Мұ ның барлығы 

ауыл шаруашылығы са ласына жаса-

лы  нып  жатқан  ре фор ма лар дың  өз 

үде  сінен  шығып  жатқанын  біл ді ре ді.

Өткен жұмада Астанадағы 

арнайы телекөпір шеңберінде 

Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев Мемлекеттік 

үдемелі индустриалдық-

инновациялық даму 

бағарламасына енген 

бірқатар жобаларды 

іске қосты. Соның ішінде 

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат  

қоры мен оның еншілес 

кәсіпорындары жүзеге 

асырған ірі жобалар ел 

экономикасын өркендетуге 

қомақты үлесін қосары анық. 

Олардың кейбіреуі тіпті  

«Халық құрылысы» деген 

атауға ие болды. 

Қазақстан 2012 жылдың 

соңына қа рай Дүниежүзілік 

сауда ұйымына енуді жос-

парлап отыр... Бұл жайында 

еліміздің эко номикалық 

интеграция істері жөніндегі 

ми нистрі Жанар АЙТЖАНОВА 

хабардар етті.

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№225 (677) 21.12.2011 жыл, сәрсенбі   



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қандай үздік шығармалар 

іріктелді?

ӨРКЕНИЕТ


«Алтын адам» жайлы жаңа кино түсіріліпті», Тәуелсіздік мерекесі кезінде 

көрсетіледі екен деп естідік, осы қауесет пе, әлде шын ба?

Гүлзат ШЫНТАЕВА, Түркістан қаласы

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимыл да май-

ды» дегендей, «Алтын адам» құнды экспонаты 

жайлы жаңа туынды жарық көргені рас. Дә-

лірек айтсақ, ол шытырман оқиғалы фильмге 

арқау болып отыр. Әлдебір қарақ шы лардың 

торуылдауымен қолды болған әлгі жәдігерді 

тонады деген айыппен Айша есімді басты ке-

йіпкер түрмеге жабы лады. Өзінің жазық сыз-

дығын дәлелдеу әрі Қазақ елінің мақтанышы 

болып саналатын «Алтын адам» экспонатын 

құтқару үшін Айша түрмеден қашады. Фильм-

де қаршадай қазақ қызының өршіл рухы, 

қиын дыққа қасқая қарсы тұрған қайсар бей-

несі, Отанға, сүйген жарға деген ыстық ма-

хаб баты қатар өріледі. 

Басты рөлдерде Гауһар Нұрмағанбетова, 

Сан 


жар Мәдиев, Қорлан Жолжақсынова, 

Меруерт Өтекешова, Меңтай Өтепбергенов 

жә не т.б. елге белгілі әртістер ойнаған бұл 

фильмнің режиссері – Еркін Рақышев.

Тәуелсіздік тойына тарту ретінде ұсыныл-

ған фильм желтоқсанның 16-сынан бастап 

Ал маты  және  Астана кинотеатрларында көр-

се тілді.

«Алтын адамды» кім ұрлады?

БІРТУАР


«Мен ойнаған кейіпкерлердің 

кеудесінде менің жүрегім бар...»

Ұлттық театр сахнасы 

мен кино әлемінде 

өзінің шығармашылық 

болмысымен, талант-

танымымен киелі өнерді 

өмірлік серік етіп, жарық 

жұлдыздай ағып өткен 

саңлақ актерлердің бірі – 

Нұрмұхан Жантөрин.

Биылғы «Тәуелсіздік толғауында» қандай туындылар үздік шығып, кімдер марапат-

талғанын білсем деп ем, жалпы байқау қорытындысы шықты ма? 

Жәнібек, Алматы қаласы

Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен 

өт кізілген «Тәуелсіздік толғауы» атты шығар ма-

шылық байқауында биыл 



1.«Ең үздік заманауи тақырыптағы ән» – 

Сейфолла Оспановтың сөзіне жазылған, Серік-

жан Әбдінұровтың «Құт мекен» әні;

2.  «Хорға арналған ең үздік шығарма» –  

Құмарбек Сыдықтың сөзіне жазылған Айдос 

Ро берттің «Отаным менің» әні; 

3. «Ең үздік опералық шығарма» – Ерік Ас-

қа ровтың сөзіне жазылған,  Бекболат Ті леу хан-

ның «Айналайын, Азатым!» әні; 

4. «Ең үздік драмалық шығарма» номи на-

ция сы бойынша бас жүлде Төлен Әбдіктің «Ар-

дагер» пъесасына берілді.

Жеңіп шыққан шығармалар иесі ақшалай, 

ди п ломдай марапатталып, опера және драма-

лық жанрлардағы ең үздік шығармалар респу-

бли  кадағы жетекші театрларда қойылу мүм кін-

дік терін  алады.

МЕРЕЙ


Қоңыр күзде Қарағандыда 

басталып, Қарқаралыда 

жалғасқан Қасым ақын 

тойы жақын күндері туыс-

тас Түрік елінде де ерек 

аталып өтті. ТҮРКСОЙ 

халықаралық ұйымының 

ұйымдастыруымен Ыстамбұл 

мен Анкарада өткізілген Қасым 

Аманжоловтың 100 жылдық 

мерейтойына Қазақстаннан 

арнайы делегация барып, 

Арқа аспанын жырға 

толтырған ақын тойының 

жалғасын айрықша леппен 

орайластырды.

Түркияда Қасым тойы тойланды

Қазақстандық делегацияны белгілі 

ақын, Ғалым Жайлыбай бастап барды. Еу-

ро  па мен Азияның тінінде орналасқан Ыс-

тамбұл шаһарында басталған ақын ме рей-

тойына арналған шаралар ел астанасы Ан-

карада жалғасты. Қасым ақынның да уыл-

ды жыры мен өзгеше ғұмыр жолын жас -

тарға, түркітілдес елге жеткізуді мұрат тұт -

қан алғашқы кеңес Ыстамбұлдағы Ай дын 

қар   саңында  ақын  шығармалары  бір  не ше 

тілге тәржіма ланған болатын. Қа сым жы-

рының қуатын ұғын 

ған қандас туысқан 

жұрт жазар ман дары ақын өлең дерін тала-

са тәржімалап, өз елдеріндегі бас  па бет те-

рі не кезегімен жа риялаған екен. Аудар ма-

шы лар  мен  қа рын дас  жұрт тың  ақын-шә-

йір  лері  қа зақ  ақы нының  аса  те геурінді  ша-

бытына  та ңыр қап,  Ыстамбұл-Ан  ка ра да ғы 

басқосу лар  да  таңдай  қаға  әңгі ме леді.

Ал ТҮРКСОЙ басшылығы, бұйыртса, Тү-

рік елінің бас қалаларының бірінен Қа сым 

Аманжолов атындағы бақ не көше бер гізуге 

тырысып жатыр екен. Тір 

лігінде рақат 

ты 

ғұмыр қызығын кемдеу көр  ген тағдыр-та-



лайлы ақын рухына ерек қыз  мет иша ра сын 

жасаған  ТҮРКСОЙ  бас шылығы ның  іл ти-

патты шаралары көңіл қуантады.

университетінде ұйымдастырылған бо 

 

-

латын. Ән мен жыр, әңгіме, естеліктер ара-



 ласа өрілген басқосуда аталмыш уни вер -

ситеттің тіл-әдебиеті факультетінің де каны, 

профессор Шұғайып Қарақаш Қа 

сым 


шығармашылығы мен өмір жолы жай  лы 

то 


лымды баяндама жасады. Мұнан соң, 

уни верситет  ректоры  профессор  Жә ді  гер 

Із 

мірлі ханым, университеттің құ 



рыл 

тай-


шысы,  доктор  Мұстафа  Ай дын  ке зе  гі  мен 

шығып,  қазақ-түрік  әде биет ші лері  ара-

сындағы ізгі байланыс жа йында, екі ел ді 

туыстастыратын  мәдени  өзек-жүл ге ле р    дің 

тамырын баса тұрып, әңгіме өр біт ті. 

Анкарада жалғасқан Қасым тойының 

ха 

лықаралық дәрежедегі қорытындысы 



ТҮРКСОЙ ұйымының бас кеңсесінде өт кі-

зіл ген отырыспен тиянақталды. Басқосу со-

ңын ала түрік, башқұрт, татар, қырғыз, әзір-

байжан тілдеріне тәржімаланған Қа 

сым 

жырлары оқуы орайластырылды. ТҮРК-



СОЙДЫҢ 

ұйымдастыруымен 

ме рей  той 

Нұрмұхан Жантөриннің өмірі аңызға 

бер гісіз, құпия сәттерге толы. 1928 жылы  

Аты рау атырабына бет түзеген ұлы көште 

тү йе үстінде отырған  16 жастағы  Ғазиза 

ана толғатып, сол жерде жалғыз ұлын дү-

ние ге әкелген екен. Келіні босанып жат-

қан да шырылдап жылаған немересінің 

үнін естіген атасы Ұлмырза: «Құдіреті күшті 

Алла тағала маған да ұл баланың дауысын 

естуге жазған екен ғой», – деп жылап 

жіберіпті. Немересінің атын қоюға арнайы 

молда алдырып, азан шақыртып, «Нұрмұ-

ха мед» деп қойған деседі. Бірақ бертін 

келе Нұрмұхан болып кеткен ол, кейіннен 

дү йім жұртқа осы есіммен танылады. От-

ба сында болған түсініспеушілік салдарынан 

ер лі-зайыптылар ажырасып, анасы қо лын-

дағы үш айлық баласымен төркініне кетіп 

қал ған. Баланы өзінің тегіне жазған. Жан-

тө ре – анасының арғы атасы.  Актерлік 

әуел баста ойына да кіріп-шықпаған Нұр-

мұ хан еңбекке ерте араласып, мұнай мұ-

на расы операторының көмекшісі болып 

іс теген. Арада біраз уақыт өткенде кино-

ме ханик болу мақсатымен Алматыдағы 

театр артистерін дайындайтын училищеге 

тү седі. Студент кезінен-ақ кез келген рөлді 

жоғарғы деңгейге алып шыға алатын ерек-

ше дарынымен, ешкімге ұқсамайтын дара-

лы ғымен көзге түсіп, «Алитет тауға кетіп 

ба рады» алғашқы фильміне түседі. Учи ли-

ще ні тамамдаған соң Ташкенттегі театр 

инс титутының актерлік бөлімінің 3-курсына 

бір  ден қабылданады. Институтта жүр ген-

нен-ақ сахнаға шығып, өзіне тән орын дау-

шылық ерекшелігімен, көркем-эстетикалық 

тал ғамымен дараланып, қазақ әдебиетінің 

Қозы Көрпеш, Кебек секілді классикалық 

кейіпкерлерін сомдайды. 

Өнер табалдырығын осылай аттаған 

Нұ  рағаң өмірінің соңына дейін М.Әуезов 

атын дағы академиялық қазақ драма теа-

тр ы ның сахнасында, сонымен қатар «Қа-

зақфильм» киностудиясында көптеген 

спек такльдер мен фильмдерде ойнап, ак-

тер лік шеберліктің озық өрнегін көрсетті. 

С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»  

– Шо қан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-

Баян сұлуында» – Қодар, М.Әуезовтің 

«Ең  лік – Кебек» пен «Қарагөзінде» – Кебек 

пен Сырым ды, М.Булгаковтың «Жендетте-

рін де» – Мольер, У.Шекспирдің «Отелло-

сы» мен «Макбетінде» – Яго мен Макбет, 

А.Пуш кин нің  «Шағын  трагедияларында» 

Саль е ри, Барон және Дон Жуан рөлдерін 

ой на са, «Оның уақыты келеді» фильмінде 

– Ш.Уә лиханов, «Атаманның ақырында» 

– Абы лай ханов, «Құрманғазыда» – Құр-

ман  ға зы, «Сапар құдығында» – Сапар, 

«Кө  лең ке сін қуған шалда» – қария, «Сұл-

тан Бей ба рыс та» – Сұлтан Бейбарыс сияқ-

ты басқа да көп теген тұлғалы бейнелерді 

ас қан ын та мен сомдап, өзгеше адами әрі 

ак терлік  қы рынан танылды. 

М.Булгаковтың В.Мажурин қойған 

«Мо льер» спектаклі Н.Жантөриннің асқан 

ше берлікпен ойнауы арқасында Мәскеудің 

театрсүйер қауымын дүр сілкіндірген екен. 

Ол актерліктің шеберханасына үлкен ең-

бекпен, ізденіспен зор жауапкершілікті ар-

қалап келді. Кейіпкерінің жан дүниесіне 

еніп, шынайы  беру үшін жанын салды. 

Шек спирдің «Макбет» трагедиясы туралы 

К.Жұмабековтің «Үш таған» атты ес те-

лігінде: «Репетицияға кіріскен күннен-ақ 

Го голь атындағы облыстық кітапханаға ба-

рып, Шекспир шығармалары жөнінде жа-

зыл ған бірнеше кітаптарды жиып алған 

бо латын. Бір күні түстікке бірге бармақ бо-

лып, қонақүйіндегі бөлмесіне келдім. Ме-

ні көре салып: «Макбеттің қанышерлігі тек 

әйе лінің азғыруы мен аярлығынан ғана 

емес, қанында, тегінде бар екен», – деп 

ба ладай мәз болып айтып жатыр. Сөйтсе, 

Шекс 


пирдің кейіпкері қанішер Ричард 

ана 


лары жағынан Макбетке екінші не 

үшін ші атадан қосылады екен. Міне, із-

денудің жемісі. «Енді ойнауға бо-ла-ды, 

тү йін шешілді», – деп жеңіл орнынан кө-

те рілді. ...Макбет рөлі Н.Жантөриннің сом-

да  уымен дүниеге келуі шеберліктің шыңы, 

театр үшін үлкен шыңдалу мектебі бол-

ды...», – дейді. 

Н.Жантөриннің асқан шеберлігі жағым-

ды және жағымсыз бірегей тұлғалар бей-

не сін қатар сомдай алатын ерекше қа бі леті 

арқылы көрініп отырды. Ол қандай рөл ді 

ойнаса да кейіпкерінің бойына өзін ше жан 

бітіруге талпынды, әрбір кейіп керін жақ сы 

көре білді, оларды жанымен түсінді. Бұл 

туралы өзінің бір естелігінде: «Аналар 

барлық баласын жақсы көреді ғой, мен де 

сол сияқтымын – жек көретін рөлдерім 

жоқ. Барлығын өздеріне сәйкес жақсы кө-

ре мін. Әрине, өз ауқымдылығымен, пси-

хо логиялық тереңдігімен Шоқанға, Бей ба-

рыс қа тең келетіні аз. Бірақ бәрібір түгелі 

ме нің туысқаным сияқты: менің бетім, ме-

нің құлақтарым, менің мұрным... Мен ой-

на ған кейіпкерлердің кеудесінде менің 

жү регім бар. Тіпті «қара ниетті» ке йіп кер-

лер де де. Мен кинода «патенттелген бас-

ма шы» атанып аз уақыт жүргенім жоқ. 

Ш.Айтматов әңгімесінің желісінде да йын-

дал ған  Л.Щепитьконың  «Аптап»  кар ти на-

сын дағы Абакирдің рөлін ерекше атағым 

ке леді: қуатты болғанымен, үнемі са ры уа-

йымға салынып жүретін ол, өмірден өз ор-

нын таба алмайды. Жаның ашиды, бір рет-

те, тіпті жек көріп кетесің...» – деп жаз ғаны 

бар.  


 М.Бегалиннің «Оның уақыты келеді» 

фильміндегі Нұрмұхан Жантөрин сомдаған 

Шоқан бейнесі ерекше дара. Бұған актер-

дің Шоқанды өзіне идеал тұтып, өмірінде 

де, өзі сомдаған үздік рөлдерінде де соған 

еліктегені негіз болса керек. Бұл ретте Ба-

қыт Жантөрина: «Әкемнің басқа рөлдерінің 

бә рі де «Шоқан Уәлихановтан» шыққан. 

Олар дың ішінде шекспирлік ге рой лар да, 

хик меттік  Доктор  да,  бул гак ов тық  Мольер 

де, Сұлтан Бейбарыс та бар», – дейді. 

Режиссер Б.Мансұров қойған «Сұлтан 

Бейбарыс» фильміндегі Бейбарыс бейнесі 

тек Жантөриннің емес, қазақ киносының 

ірі табысы болды. Бұл фильм туралы 

актердің жұбайы, театр зерттеушісі Мар га-

рита Иоглева-Жантөрина: «Сұлтан Бей-

барысты образы актер Нұрмұхан Жан тө-

риннің ұлы шығармашылығы екенінде дау 

жоқ. Сұлтандыққа жанкештілікпен жеткен 

адамның тағдыры. Менің мәскеулік актер 

достарым «Сұлтан Бейбарысты» орысша 

дыбыстандырған кезде Сергей Фе до ро-

вич тің таңғалысын айтқан болатын. Ол 

пау за кезінде «Қандай актер, қандай тұлға! 

Оның сөздерін дыбыстандырудың өзі бір 

ға нибет!» деп ризалық білдірген екен», – 

деп жазған. Осы рөлі үшін Н.Жантөрин ке-

ңес киносы актерлерінің Бүкілодақтық 

«Соз вездие – 90» фестивалінде «Актер 

ма мандығына қосқан аса зор үлесі үшін» 

сый лығын жеңіп алып, арнайы дипломмен 

ма рапатталды. Бүкілодақтық фестиваль 

күн дері Тверь қаласы көшелерінде Нұр-

мұхан Жантөринді халық «Сұл-тан Бей-

барс!.. Сұл-тан Бей-барс!..» – деп қошемет-

теп, қолпаштап тұрып алған екен. 

Сегіз қырлы, бір сырлы Нұрмұхан аға-

мыз тек актерлік өнердің заңғар биіктерінен 

кө рініп қана қойған жоқ, өзінің «Орман 

бал ладасы» (1972), «Медальдің үшінші 

жа ғы» (1976), «Қара таулар қазынасы» 

(1978) тәрізді үш көркем фильм түсіріп, 

ре жиссерлік қырынан да көріне білген. 

Сондай-ақ қоңыр үнімен айналасындағы 

жұрт ты еліктіріп ала жөнелетін әншілік қа-

сие ті де болған. Халық әртісі Нұржұман 

Ық тымбаев өзінің бір естелігінде: «Мұхит 

салдың «Зәуреш» әнін Нұрмұхандай ба-

йыбына жеткізе орындаған ешкім жоқ»,  

– дейді. Майталман актердің шын шыл ды-

ғы, жұмсақтығы мен қызбалығы, қай сар-

лығы оның қайталанбас рөлдеріндегі ке-

йіп керлерінің бойынан да көрініс тауып 

тұ ратын. Нұрағаң өз мінезімен кейіпкерінің 

мі незін бір-біріне барынша ұштастыра біл-

ген. Ол кісінің  жеке болмысының өзі адам-

ды магнитше тартатын, кез келген рөл 

оның мінез-құлқының белгісін, яғни күр-

де лілігін, алмастай өткірлігін, қарама-қай-

шы лығын, басқа да қасиеттерін аңғартып 

тұ ратын. Кейде жұмсақтығының өзі тік мі-

нез 

ділігімен, өжеттігімен тұтасып кетіп 



жатса, кейде балаша тез жараланып  қала 

салатын көңілшек те болған екен.

Актерлік шеберліктің биік шыңына 

шыққан қас шебердің айналасынан қиянат 

көрген кездері де аз болмаған. Ойнаған 

спектакльдері театр репертуарынан алып 

тасталғанымен қоймай, өзін де сахнадан 

шеттету әрекеттері болған. Әкесінің театр-

дан кеткені жөнінде Жанна Жан төрина: 

«Нұр мұхан Жантөрин – әлемдік деңгейдегі 

әртіс. Ол театрда қалып, әлем клас си ка-

сынан әлі де бірнеше рөлдер ойнағанда, 

ол туралы дүниежүзілік театр баспасөзі 

шулата жазған болар еді. Бұл тек актерге 

ғана емес, ол ұлы болып табылатын елге, 

ұлтқа мәртебе болар еді. Ә.Мәмбетов 

Жан 

төринді қатыстыра отырып, ұлттық 



клас сика негізінде де, тап сондай әлемдік 

классика негізінде де тамаша спектакльдер-

ді қою мүмкіндігін «қолдан шығарып ал-

ды» деп ойлаймын», – деп өкініш білдірген. 

Ал Нұрмұхан ағаның өзі болса, әрдайым: 

«Мен дегі бар қымбат нәрсені осынау жа-

рық дүниеге тастап кеткім келеді-ақ. Жи-

нап-терген, түйсініп-түйген тәжірибем, 

бар білімім мен білігім топырақтағы құрт-

тар ға жем болмаса екен деймін! Әлі көп 

нәр се істегім келеді… Жұмыс жасағым ке-

леді...» – деп армандаумен өткені артында 

қал ған  естеліктерінен  айқын  аң ға ры ла-

ды... 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.7 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет