Асаубай майлыбаев : ИӘ


ШЫҒЫННЫҢ АЛДЫН АЛА КӨЛЕМІ –



жүктеу 0.7 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата06.05.2017
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

ШЫҒЫННЫҢ АЛДЫН АЛА КӨЛЕМІ – 

1,9 МЛРД ТЕҢГЕ

Үкіметтік комиссияның алдын ала қо-

ры тындысы бойынша, Жаңаөзенде 41 құ-

рылыс нысанын жөндеу қажет. Оның ішін-

де әкімдікке қарасты бес ғимаратты жөн-

деуге – 770 млн теңге, «ҚазМұнайГаз» 

бар лау жә не өндіру» АҚ үш ны саны на – 

1 млрд теңге, 29 коммерциялық ны   санға 

– 250 млн теңге және екі тұрғын үйді қал-

пына кел ті руге 3 млн теңгеден ас там қара-

жат қажет. Ко миссияның есебіне сәйкес, 

елдеріміз арасындағы тауар айналымы 

мен өзара тиімді инвестиция көлемінің ар-

туы на жағымды ықпал етеді. Нұрсұлтан 

Назар баев ЕурАзЭҚ-тың қамқорлығымен 

нақ ты экономикалық жобалар іске асыры-

лып жатқанын атап өтті. Бұлар – ортақ 

энер гети калық жүйенің құрылуы, бейбіт 

атом энер 

гиясы өндірісі саласындағы 

бірыңғай ке 

зең, еуразиялық көлік 

магистралының құ 

ры 


лысы және т.б. 

ЕурАзЭҚ аясында қар жылық ықпалдастық-

тың нақты тетіктері құрылуда.

Отырыстың қорытындысы бойынша 

2001 жылғы 31 мамырдағы Еуразиялық 

эко но микалық  қоғамдастықтың  артықшы-

лықтары мен иммунитеттері туралы кон-

вен цияның жаңа редакциясы қабылдан-

ды, ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсат-

ты бағдарламасын әзірлеудің және іске 

асырудың тәртібі бекітілді. Сонымен қатар 

ЕурАзЭҚ Сотының жұмыс істеуінің негізгі 

қырларына қатысты шешім қабылданды. 

2012 жылдың қаңтарынан іске қосылатын 

Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекет-

тері аймақтық экономикалық бірлестіктер 

ап параттарын біріктіру жөніндегі қазақ-

стандық бастама қолдау тапты. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На-

зар ба ев Жоғары еуразиялық экономикалық 

кеңестің және ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетара-

лық кеңесі отырыстарының қорытын ды сы 

атал ған ны сан дарды жөндеуге кететін шы-

ғынның көлемі 1,9 млрд теңгені құрайды. 

Ө.Шө ке ев  тің  айтуынша,  бүгінде  жекемен-

шік ком паниялар ол ақшаны күтпей-ақ жұ-

мысқа кірісуге даяр. «Жеке меншік нысан-

дар ды бюджеттік емес ресурстардың есе-

бі нен қал пына келтіру ұсынылып отыр. Ол 

үшін «Жа рылқау» қоры құрылған болатын. 

Оған қа жетті қаржы көздерін тарту көз дел-

ген», – дейді комис 

сия 

ның жетекшісі. 



Ө.Шө   ке ев  атап  көрсет кен дей,  шығынның 

нақ ты көлемі тек бар лық жұмыстың соңын-

да ғана анық тал мақ.

МҰНАЙШЫЛАР ТІЗІМ БОЙЫНША 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгінде «Өзенмұнайгаз» филиалының 

өндірістік жұмысы жолға қойылды. Оған 

қа расты нысандар мен ондағы ұжымның 

қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етілді. 

Бүгінде мұнайшылардың 80 пайыздан 

астамы жұмысқа шықты. «Ендігі кезекте 

жұ мыссыз қалған мұнайшылар мәселесін 

ше шу қажет. Осы уақытқа дейін «Өзенмұ-

най 


газдан» 900 жұмыскер шығарылса, 

«Қа ражамбасмұнай» компаниясынан да 

осын шама маман жұмыстан босатылған 

бола тын. Біз осы мәселені шешудің жолын 

бы лай деп ұсынып отырмыз: жұмыстан 

боса тылғандарға республиканың тау-кен 

жә не мұнай-газ саласының ірі өндірістік 

ошақ тарынан бос орындар ұсынылады. 

Жа лақысы бұрынғы ақшаның 80-90 па-

йызы нан кем болмайды. Олар осы шарт-

тар мен келіскен жағдайда мұнайшыларды 

көшіріп, баспанамен қамтамасыз ету 

мәселесін де шешу жоспарланған. Осы 

орай да «Жұмыспен қамту – 2020» бағ-

дар ламасының тетіктерін қолдану қарас-

ты рылып отыр. Бірақ ол құжатқа еңбек 

ре сурс тарын көшіру бойынша тиісті өзге-

рістер енгізу қажет болмақ», – дейді Ө.Шө-

к еев. Бұл мәселе бойынша Үкімет басшысы 

жұмыссыз қалған мұнайшылардың нақты 

тізімін әзірлеуді тапсырды. «Елбасы мұнай-

шыларды жұмыспен қамтуды басты мәселе 



Қай мемлекеттің бүкіл территориясында Wi-Fi 

арқылы интернет тегін таратылады?

Санат ӘБЖАНБАЕВ, Алматы

2 мыңнан астам адам 

тұратын тынықмұхиттық 

Ниуэ мемлекетінің бүкіл 

территориясында Wi-Fi 

арқылы интернет те 

гін 

та  ратылады  екен.  Ниуэ 



елі  нің  барлық  террито-

рия 


сында тегін интернет 

тарату құқығын жеңіп 

ал 

ған Уильям Семичтің 



NU Domain компаниясы 

.nu. доменін тіркеген. 

Ниуэ тұрғындарын те 

гін 


интернетпен қамтама 

сыз 


ететін NU Domain ком па-

ниясының жылдық ай на-

лымы 4 млн долларға тең. 

Сайттарға арналған осын-

дай домендер бірқатар 

еу 


ропалық елдерде та-

ны мал болып келеді. Дат, 

швед, нидерланды тіл де-

рінде nu сөзі «қазір» деген 

мағынаны береді екен. 

Киелі мекен – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы оқиға 

қоғам тарапынан әртүрлі пікірлер туғызып, әлеуметтік желілерде ел 

ішін арандатуға апаратын ақпараттардың кеулеп кеткені жасырын емес. 

Еске сала кету керек, 16 желтоқсан күні басталған Жаңаөзендегі жаппай 

тәртіпсіздік салдарынан 46 нысан бұзылып, өртелді. Бас прокуратура 

14 адамның қаза болғанын, оның 11-інің аты-жөндері анықталғанын 

хабарлады. 17 желтоқсанда Шетпе станциясында тәртіпсіздіктерге 

тосқауыл қою кезінде бір адам қаза болып, бес полиция қызметкері 

жарақат алды. Президенттің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылдың 5 

қаңтарына дейін төтенше жағдай енгізілді.

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге бай-

ла ныс ты  Елбасы  Н.Назарбаевтың  төраға-

лығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде 

Пре 

зиденттің тапсырмасы бойынша бі-



рін 

ші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев 

бас қ аратын үкіметтік комиссия құрылды. 

Жа ңа өзен қаласындағы жаппай тәртіпсіз-

дік 

термен байланысты туындаған әлеу-



метт ік-экономикалық, гуманитарлық жә-

не басқа да проблемаларды шешу жө-

нін дегі үкіметтік комиссия жұмысын жал-

ғастыруда. Сондай-ақ ішкі істер министрі 

бастаған жедел тергеу тобы құрылды, 

ол жедел-іздестіру шаралары мен тергеу 

амалдарын белсенді жүргізуде, жаппай 

тәр  тіпсіздіктер 

мен 

талаушылықтарды 



ұйым    дастырушыларды  және  неғұрлым 

белсенді қатысушыларды анықтап, оларды 

ұстау  жөнінде шаралар қабылдауда. Бас 

прокуратураның баспасөз қызметі таратқан 

мәліметке сүйенсек, Жаңаөзендегі ахуал 

бір т індеп  тұрақталып  келеді.  Жаңаөзен 

қа ласының комендатурасы құқық қорғау 

ор гандарымен бірлесіп, аталған елді ме-

кен де Қазақстан Республикасының Прези-

ден 


ті енгізген төтенше жағдай режимін 

қам 


тамасыз етуде. Жаңаөзен қаласында 

жә не Шетпе кентінде өткен тәулік ішінде 

бірде-бір қылмыс жасау фактісі тіркелген 

жоқ. Өткен түнде (желтоқсанның 19-

ынан 20-сына қараған түн) Жаңаөзен қа-

ласында коменданттық сағатты бұзғаны 

үшін комендатураға үш адам жеткізіліп, 

профилактикалық сұхбат жүргізгеннен 

кейін үйлеріне жіберілді.

ҚР төтенше жағдайлар министрі Вла -

ди 

мир Божконың хабарлауынша, Жаңа-



өзенде ұялы байланыс қалпына келтіріліп, 

телефон байланысын қосу жұмыстары 

жүргізіліп жатыр. «Біздің бірінші топ қа-

ла ның инфрақұрылымын қалпына кел тіру 

бағытында жұмыс істеп жатыр. Біз тек-

серу жүргіздік, қазір жағдай туралы баян-

дай аламыз. Жаңаөзен қаласында бар-

лық дүкен, базарлар жұмыс істеп жа тыр. 

Жекелеген тауарлардың бағасы Аста-

надағыдан арзан. Наубайханалардың бәрі 

ұнмен қамтамасыз етілді, нан жеткізуде 

іркі 


лістер жоқ. Байланыс пен жарық 

қал  пына  келтірілді...  Банкоматтарының 

біразы зардап шекті, бірақ көп бөлігі 

бар. Оларда инкассаторлық көліктер бар, 

сондықтан қаржы тасымалдауда қиын-

дықтар туын да майды. Жылу, газ, су бар. 

Ауызсу мен техникалық суды жеткізу бо-

йынша іркі лістер жоқ», – деді ТЖМ бас-

шысы.

Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты 



зиялы қауым өкілдері мен еңбек ұжым-

дары бүкіл елді сабыр сақтауға және ты-

ныш 

тық пен тұрақтылықты қадірлеуге, 



мәсе 

лені байыпты шешуге шақыруда. 

Қа 

зақстан кәсіподақтары федерациясы 



Жаңа өзендегі жағдайға байланысты елдегі 

барлық еңбек ұжымы мен кәсіподақтарды 

ұстамдылық пен арандатуға еріп кетпеу-

ге шақырды. Әл-Фараби атындағы Қа зақ 

ұлттық университеті ұжымының қа 

з 

ақ-



стандықтарға жолдаған үндеуінде «Жа-

ңаөзен қаласы мен Шетпе бекетінде болған 

оқиғалар қоғамның тыныштығын бұзуға 

бағытталған және ұйымдастырылған 

аран 

да 


тушылық екені ақиқат. Біз оны 

ашық қылмыстық іс-әрекет және жаппай 

жүргізілген тәртіпсіздік деп бағалаймыз. 

Барлық қазақстандықты аталған оқиғаны 

бағалау мәселесінде белсенді азаматтық 

ұстаным танытуға, Қазақстанның даму жо-

лындағы басты құндылықтары – бостан-

дық, бірлік, тұрақтылық пен өркениетті 

сақ 

тауға шақырамыз» делінген. Шығыс 



Қазақстан облысындағы «Нұрлы көш» 

бағдарламасымен бой көтерген Шы-

ғыс ауылының оралман тұрғындары Жа-

ңаөзенді қайта қалпына келтіруге көмек 

ретінде өз қалталарынан қаржы аудармақ. 

Мырсалым Матсұтқанның Жаңаөзен қа-

ла сын қалпына келтіру үшін 10 мың тең-

геден ақша аудару туралы ұсынысын 



ауыл дастары  қолдады. 

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын:

– Қасиетті мерекеміз – Тәуелсіздік 

күнін де келеңсіз оқиғаның болуы жаны-

ма қат   ты батты. Бейбіт күнде қақтығыстар 

бо  лып, кінәсіз адамдар оққа ұшты. Осы 

уа қыт қа дейін тыныштыққа үйреніп қал-

ған, мамы ражай күн кешіп жатқан қазақ 

қо ғамы үшін бұл күтпеген оқиға болды. 

Оқи ғаның се беп-салдарын зерттеуге ма-

ман дар жұмыл дырылып жатыр ғой. Бұл 

мә се лені егжей-тегжейлі зерттеу қажет. 

Мен бұл оқиғаны көзбен көрмегеннен 

ке йін нақты бағасын бере алмаймын. Тек 

бір жақты кінәлап, екін шіні жақтап пі кір 

айтуға қақым жоқ қой. Десе де, жаңа-

өзен 

дік бауырларымызға болған іске 

болаттай берік болсын дейміз. «Сабыр 

түбі – сары алтын» демей ме, бар лығын 

сабырлылыққа шақырамын. Осы 20 

жыл ішінде жет кен жетістіктеріміз бол са, 

ол – біздің береке-бір лігіміздің арқа сы. 

Осы береке-бірлік тен ажы рамауымыз 

керек. 

Камал БҰРХАНОВ, саяси ғылымдар 

докторы:

– Біздің ең үлкен байлығымыз, құн-

ды лығымыз – Тәуелсіздігіміз. Қазір біз 

бо ла шақ ұрпақ үшін күшті мемлекет құ-

рып жа тырмыз. Ұлт тарихындағы ең үл-

кен мақта нышымыз – Тәуелсіздігіміздің 

20 жылдық мерейтойын атап өтетін күні 

Жа ңаөзенде болған оқиғаны ұйым дас-

ты 

рушылар ұятты нәрсе жасады деп 

есеп  теймін. Қаза тапқан адамдар – әр бір 

азаматын басты байлығы санайт 

ын 

еліміздің тұрғындары. Олардың отбасы-

ларына көңілімді білдіріп, сабырға ша-

қыр ғым келеді. Әлеуметтік бұлқыныстар 

барлық елде болған. Бірақ қандай да бір 

әлеуметтік шиеленіс біреудің басын 

жарып, біреудің көзін шығарумен шек-

тел мейтінін әлемдік тәжірибеден көруге 

болады. Шап-шағын ғана қаладағы 

еңселі деген барлық ғимаратты өртеп, 

мемлекет мүлкіне нұқсан келтіргендер 

қателікке бой алдырды. Бұза қылықтың 

салдарынан бір отбасы қайғы құшып 

отырса, енді біреулердің көлігі, дүкендері 

отқа оранды. Бұл – үлкен шығын. Тәуел-

сіздігіміз баянды болсын десек, халқы-

мыз ды айрандай ұйытып отырған бере-

кемізден қол үзбеуіміз керек. Жастарды 

дабыраға ермеуге шақырамын. Жастар 

ел бір лігін ойлайтын, мемлекетшіл болуы 

қа жет. Мұндай келеңсіздіктер елді несі-

бе сінен айырады. Ел ішіндегі ты ныш-

тықты сақ тауды ойлауымыз керек.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Болар іс болды ғой. Енді «бәрін 

ұйым дас тырған бұзақылар мен базбұ-

зарлар екен», «халыққа оқ атылыпты» 

деген дақ 

пырт сөздерге ерік бермей, 

елді қалай біріктіреміз деген мәселені 

алға қою керек сияқты. Біз біраз азамат  

бас қосып, Жаңа  өзендегі оқиғалардан 

зар дап шеккен дерге көмек қолын созуды 

ұйымдастырып жатырмыз. Өмірден 

озған азаматтарды ақтық сапарға шы-

ғарып, жарақат алған аза маттарға қолдау 

көрсеткен жөн. Донор 

лық шарасын 

ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Ұлт 

болып, ел болып барынша қол дауымыз 

қажет. Әлеуметтік проблема 

ларды да 

шешуді қолға алу қажет. Бұрын дары 20-

30 мың ғана халық тұрған Жа ңаөзен де 

қазір 130 мыңға жуық адам тұра ды екен. 

Ауыл шаруашылығы жоқ, ауа райы 

қолайсыз аймақтағы мұнай шылар мәсе-

лесін реттеу керек. 

Игорь САХАР, тележүргізуші:

– Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік 

күні менің туған жерімде болғаны жаны-

ма батқаны рас. Менің анам Шетпеде 

тұрады. Бұл жағдайды естігенде қатты 

күйзелдім. Біз өзімізді неге Біріккен Араб 

Әмірліктері, Сауд Арабиясымен салысты-

руымыз керек? Олар мемлекеттігінің 

негізін әлдеқайда ертерек қалады емес 

пе?! Біз кеше ғана бір жылы тәуелсіздік 

алған Өзбекстан, Қырғыз стан, Тәжікстан-

мен салыстырып қарайық шы... Беларусь 

елінде азық-түлік екі есеге дейін қымбат-

т ап кетті. Бұл мемлекеттермен салыстыр-

ғанда біздегі жағдай еріксіз шүкір 

дегізеді. Әлеуметтік проблемалар Жаңа-

өзен де бұрын да болған. Алайда бар-

лығы келіссөздер арқылы шешіліп келген. 

Бұл жолы бәрі басқаша болды. Қандай 

жағдай болсын, туған қаламызды 

қиратпауы керек еді. Әкімшілік және тағы 

басқа қаланың сәнін келтіріп тұрған 

ғимараттарды өртке орады. Қазіргідей 

кезеңде бізге ауыз біршілік пен татулық 

ауадай қажет. Жерлес 

те 

рімді сабырға 

шақырамын.

ҚАРЕКЕТ


Жағдай тұрақталып 

келеді

Мемлекеттік наградаларымыз қандай?



Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ел азаматтары «Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарымен 

марапатталып жатыр. Елімізде тағы қандай мемлекеттік наградалар бар? 

Жанар ӘСПЕНБАЕВА, Алматы

ҚР мемлекеттік наградаларының ішін-

дегі жоғары дәрежелік ерекшелік белгі-

лері: 1995 жылы белгіленген, айрықша 

мемлекеттік қызметі үшін берілетін «Алтын 

қыран» орден жұлдызы (орден жұлдыздан 

және ілмекті алқалық белгіден тұрады), 

1993 жылы бекітілген, ҚР-ға ciңірген аса 

көрнекті қызметі үшін, оның бостандығы 

мен Тәуелсіздігі жолындағы азаматтық 

және жауынгерлік ерліктері үшін берілетін 

«Халық қаһарманы» aтағы («Алтын жұл-

дыз» және «Отан» ордені), 2008 жылы 1 

жел  тоқ санда  бекітілген,  Қазақстан  Респуб-

ли  касын  экономикалық,  әлеуметтік-гума-

ни  тарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері 

үшін берілетін «Қазақстанның Еңбек Ері» 

атағы («Алтын жұл дыз» және «Отан» ор-

дені). Сондай-ақ, ҚР ордендері – «Отан» 

ор дені, «Қазақстан Республикасы ның Тұң-

ғыш Президентi – Елбасы Нұр сұл тан На-

зарбаев» ордені, үш дәрежесі бар «Барыс» 

ордені, екі дәрежесі бар «Данқ» ордені, 

үш дәрежесі бар «Айбын» ордені, «Па-

расат» орденi, «Достық» орденi, «Құр-

мет» орденi бар. Сонымен бірге «Шапа-

ғат» медалi, «Жауынгерлік epлiгi үшін» 

медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Ерлігі 

үшін» медалі; құрметті атақтар – «Қазақ-

станның еңбек ciңipгeн қайраткері» құр-

метті атағы, «Қазақстанның ғарышкер-

ұшқы шы» құрметті атағы; көп балалы 

ана ларға арналған наградалар – «Алтын 

алқа», «Kүмic алқа»; Қазақстан Респуб-

ли касының Құрмет грамотасы, мерейтой 

және естелік медальдары – Қазақстан 

Тә уел сіздігінің 10 жылдығының мерей-

той ме далі бар.



Арман БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№225 (677) 21.12.2011 жыл, сәрсенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

 

Жаңаөзен мәселесін шешудің қандай жолдарын ұсынар едіңіз?



Андрей 

ЧЕБОТАРЕВ, 

«Альтернатива» өзек-

ті зерттеулер орта-

лығының директоры: 

Нәбижан 

МҰХАМЕТХАНҰЛЫ, 

тарихшы:

Досым 

СӘТПАЕВ, 

Тәуекелді 

бағалау тобының 

директоры:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Мұндай қантөгісті болдырмау үшін Қазақстанда еңбек адамының құқы  ғын 

қорғаумен айналысатын кәсіподақтық қозғалыстар құрылуы керек. Олар 

мемлекеттің емес, қарапайым еңбекшілердің жоғын жоқтап, құ қығын заңды 

түрде қорғаумен айналысуы керек. Тек сонда ғана осындай заң сыздық орын 

алмайды. Қазір Қазақстандағы кәсіподақтық күштер өте әлсіз. Нәтижесінде 

өзара күреске түскен тараптардың арасында бітімгер бо латын, заңды делдал 

жоқ. Яғни еңбек адамының өз құқығын қорғауындағы ме 

ханизмдердің 

болмауынан жұмыскерлер өздері дұрыс деп тапқан жол дармен күрес жүргізіп, 

осындай радикалды құбылыстарға жол берді. Ал 

ма 


тыдағы «Шаңырақ» 

оқиғасынан кейін әлеуметтік конфликтілерді реттеу 

дің қоғамдық кеңесі 

құрылған болатын. Бұл кеңес қарсылыққа келіп отыр ған барлық тарапты бір 

үстелдің басына жинап, мәселені ортаға салып ше  шуді қолға алды және сол 

әрекет нәтижесін берді. Дәл сол сияқты Жаңа өзен оқиғасына да бұра тартпайтын 

қоғамдық кеңес керек және ол тек Жа ңа өзенге қатысты емес, ары қарай да 

өмір сүре беретін, тұрақты болса игі.

– Әлеуметтік-еңбек конфликтілерін шешудің 

жолдарын жетілдіру керек. Мәселен, осыдан екі жыл 

бұрын «Нұр Отан» партиясы «әлеуметтік конфликтілерді 

шешуші қоғамдық кеңес құрып жатырмыз» деп 

жариялаған еді. Жаңаөзен оқиғасында осы кеңес 

ортадан көрінуі керек болатын. Жалпы, бұл оқиғадан 

бір ғана Жаңаөзен немесе Маңғыстау облысының 

әкімшілігі ғана емес, барлық аймақ пен билік те дұрыс 

қорытынды шығарып, мәселені кешенді түрде шешуі 

керек. Жарты жыл бұрын жергілікті билік жұмысынан 

қуылған мұнайшыларға қайтадан жұмыс тауып береміз 

деп уәде бердік. Меніңше, әлі де болса соларды 

жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысу керек.

– Жеке басым бүлікшілердің бұзақылыққа, қатыгездікке, 

тонаушылыққа алдын ала дайындалып шығуын қолда-

маймын. Дегенмен ондай жағдайды болдырмаудың толық 

мүмкіндіктері бар еді. Жұмыссыз қалған адамдардың жеті 

айдың ішінде азып-тозып кететіні анық. Сондықтан оларды 

бүліктен кейін де болса тұншықтыра бермей, әлеуметтік 

көмек көрсету керек. Сол күні алаңда жүргендердің барлығын 

бұзақылардың қатарына қоса беруге тағы болмайды. Олар 

билікті төңкеруді көздейтін саяси топ емес еді. Олар – өз 

еңбектері дұрыс бағаланбай жатыр деп есеп тейтін адамдар. 

Бұқаралық сипат алған наразы топты тәртіп сақ шысы тоқтата 

алмайды. Демек, арада диалог болуы ке рек. Меніңше, осы 

оқиғаны пайдаланып, еліміздегі еңбек адам 

дарының 

мәселесін ортаға салу керек, оны шешудің жол дарын іздеу 

керек. 

Дайындаған Сәкен КӨКЕНОВ

МӘСЕЛЕ


Шымкенттік көліктер 

қақалып тұр

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Нұрлан СЕЙДІН, 

саясаттанушы

Аршат ОРАЗОВ, 

сайт жасаушы, блоггер

Әлеуметтік желілер қоғамдық тұрақсыздықты 

туғызудың факторына айналып отырған жоқ па?

Әлеуметтік желілерді бақылауға алу қажеттігі биылғы 

жылдың ақпан айында Мәжілістің отырысында сөз етілген-

тұғын. Сол кезде біраз депутат одан келетін қауіптің орасан 

екендігін ескертіп, әйгілі сайттарды айрықша қадағалау 

жөнінде құзырлы орындарға ұсыныс білдірді. Тіпті сарапшы-

лар комиссиясын құру қажеттігі де айтылды. Оған шенеунік-

тер, бейресми ұйымдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, елге 

сыйлы азаматтар еніп, түрлі форум, блогтарда кімнің не жа-

зып, не қойғанын талдап, мониторинг жасау қажет делінді. 

Комиссия сарапшылары қорытынды шығарғаннан кейін 

интернет-ресурстарға белгілі бір санкциялар қолданылуы 

қажет дескен экс-депутаттар. 

Айтпақшы, өткенде ғана әйгілі сайттың авторы Марк Цу-

керберг Пало «бақылаудан шығып кетті, ал компанияны 

басқарудан келген күйзеліс менің өмірімді талқандады, мен 

бұған тоқтау салуға тиіспін» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, 

Facebook келесі жылғы наурызда жабылып тынбақшы. 

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.7 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет