Қасқабасов С. Таңдамалы



жүктеу 6.84 Kb.
Pdf просмотр
бет1/19
Дата29.01.2017
өлшемі6.84 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қасқабасов С. 
Таңдамалы.  – Астана: Фолиант, 2014. 
ISBN 978-601-7568-39-9
Т.2. Мифология. Фольклор. Әдебиет. Зерттеулер. – 344 б.
ISBN 978-601-7568-41-2
Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­
реаты Сейіт Қасқабасовтың таңдамалы шығармаларының екінші томы на 
қазақ және әлем мифологиясына қатысты әр жылғы зерттеу еңбекте рі, 
жыраулар поэзиясы, Абай және Жамбыл шығармашылығына арналған 
ғылыми мақалалары еніп отыр.
Кітап әдебиет пен фольклорды, өнер мен мәдениетті зерттеушілерге, 
тарихшылар мен философтарға, сондай­ақ әр елдің фольклоры мен мифо­
логиясын салыстыра талдайтын мамандарға, халық мұрасын сүйетін 
жалпы қауымға арналады.
ISBN 978-601-7568-39-9
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
     Қ 44
Қ 44
© 
Қасқабасов С., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
ISBN 978-601-7568-41-2 (Т.2)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді

[
 
 3  
]
ҚАЗАҚ МИФІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК МИФОЛОГИЯ 
(Ізденістер мен болжамдар)
МӘСЕЛЕНІҢ ҚОЙЫЛУЫ
Жалпы мифологияны кең ауқымда, макролық тұрғыдан 
қа растырсақ, яғни әлемдік мифология үш сипатта болатынын 
көреміз. Бірінші – алғашқы қауымда пайда болған рух­иелік 
мифтер. Олар, негізінен, адамды қоршаған жер бетіндегі әр 
алуан объектілердің, өсімдіктердің, жануарлардың, тіпті адам­
дардың өздерінің пайда болу тарихы мен жекелеген аспан шы­
рақтары жайында баяндайды.
Екінші – құлиеленуші мемлекеттер тұсында туып, қа­
лып  тасқан мифтер. Олардың тақырыбы мен мазмұны бірін­
шідегіден әлдеқайда кең. Мұнда екі процесс орын алады: 
бұрынғы миф 
тер өңделеді, әрі жаңа мифтер туады. Енді 
алғашқы қауымда шыққан рух­иелік мифологияның ау­
қы 
мы зорайып, тек жер бетіндегі объектілер ғана емес, 
күллі Космостың Хаостан рет 
телу тарихы әңгімеленеді. 
Сонымен қатар алғашқы қауымға тән ру­тайпалық қатынас 
жағдайындағы адамдардың азаматтық, әлеуметтік теңдігі, 
ру бірлігі, бауырластығы, кісілердің өза ра қайырымдылығы 
жойылып, олардың орнына қоғамда тап тық жіктелу пайда 
болып, әлеуметтік әрі мемлекеттік қа нау орныққан шақта, 
яғни құлиеленуші және феодалдық мемлекеттердегі деспотизм 
күшейген тұста, бұрынғы ру­тайпалық өмірді аңсаған, оны 
«алтын ғасыр» («қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» 
деген сияқты) еді деп дәріптеген мифтер туады. Бұл мифтер 

[
  4  
]
кейін, бірқұдайлық дін орнаған шақта, «жұмақ», «пейіш» 
туралы болып өзгереді.
Үшіншісі – феодалдық мемлекет кезінде қалыптасып, дамы­
ған бірқұдайлық мифология. Мұнда алғашқы қауымдағы 
рух­иелік мифология да, құлиеленуші мемлекет тұсындағы 
көп 
құдайлық мифология да қайта қаралып, рух­иелер мен 
көп құдайлардың орнын енді әлемді бір өзі жаратып, бір өзі 
басқаратын жалғыз Құдай иемденеді, бұрындағы рух­иелер 
мен құдайлардың барлық қасиеті жалғыз ғана Құдайдың 
бойына жинақталады. Сөйтіп, бірқұдайлық мифология адамзат 
қоғамының дамуындағы жаңа белес болып, жаңа дәуір пайда 
болғанын айғақтайды. 
Аталмыш үш сипатты мифологияның үшеуінде де көрініс 
беретін бір тақырып бар, ол – дүниенің жаратылуы мен күйреуі, 
яғни топан су мен одан кейінгі тіршілік туралы баяндайтын 
миф. Осы алуандас мифтерді зерттеу арқылы әлемдік мифо­
логияның жалпы даму жолдары, оның жалпы адамзаттық 
(типологиялық) және ұлттық сипаттарын айқындауға болады.
Сонымен, топан су туралы мифтер. Мұнда дүниенің қира­
уы  мен  ақырзаман  жайында баяндалады. Түптеп  келгенде, 
бұлар – эсхаталогиялық мифтер. Олардың қарапайым үлгілері 
сонау  алғашқы қауымда пайда  болған және космогониялық 
сипаттағы мифтермен араласып жүрген. Жалпы, заманақыр 
туралы  мифтердің бізге жеткен классикалық үлгісі –  топан 
су жайындағысы. Бұл мифтер  алғашқы қауым тұсындағы 
эсхаталогиялық мифтердің негізінде туған, бірақ кейін діни 
мазмұнмен толығып, өзінің алғашқы «танымдық» сипа­
тын діниге ауыстырған. Сөйтіп, ежелгі құлиеленуші мем­
лекеттегі көпқұдайлық діннің негізгі тірегі болған миф кейін, 
бірқұдайлық дін кезінде, құдайдың адамдарды күнәлары үшін 
жазалағаны жайындағы мифке айналған.
Сонымен, біздің қарастыратынымыз – әлемнің жаратылуы 
мен күйреуі туралы мифтер, олардың өзгеру та рихы. Әлемнің 
жаратылуы дегеніміз – аясы өте кең ұғым, мұнда аспан мен 
жердің жаралуы, жер бетіндегі объектілердің және аспан 
шырақтарының пайда болуы, сондай­ақ жерде тіршілік ете­
тін аң­құстардың, адамдардың дүниеге келуі қамтылады. 

[
 
 5  
]
Ал әлемнің күйреуі туралы мифтерден, негізінен, то пан су 
жайындағылары талданады.
Әлемнің, адамдардың, жан­жануарлардың, жер бетіндегі 
нәр 
селердің, аспан денелерінің пайда болған дәуірі әр 
халық тың мифінде әр түрлі аталады. Көбінесе «ерте заманда», 
«баяғыда», «жер кеппей түрғанда», тағы басқаша аталып, 
сипатталады. Этнографиялық еңбектерде осындай мифтік 
уақыт ты «Түс заманы» («Время сновидений») деп атау орнық­
қан. Бұл орта лық Австралия түрғындарының мифтік уақытты 
атаған сөзі. Кейде бұл мифтік мезгілді «оу баста» деп те айтады. 
Бұл атаулардың бәрі фольклорлық түсінік тұрғысынан екені 
көрі ніп тұр. Гуманитарлық ғылым үшін мұның еш сөкеттігі 
жоқ. Дегенмен, дәл болу үшін мифтік дәуірді жаратылыстану 
не месе математика мен физика ғылымдарының ұғымдарымен 
де белгілеуге болатын тәрізді. Айталық, космос пайда болған 
мифтік дәуірді, яғни мифтегі адам өзі пайда болмаған заманды 
«минус І дәуір» деп, ал адам өзі пайда болған уақытты «нольдік 
дәуір», одан кейінгі мезгілді «плюс І дәуір» деп атауға болатын 
сияқты. Сонда аспандағы жұлдыздардың, Ай мен Күннің, 
Жердің жаралғаны туралы баяндайтын мифтер «минус І дәуір­
ді» бейнелейтін болып табылады. Ал жердегі тау­тас, өзен­көл, 
алғашқы адамдар жайында айтатын мифтер «нольдік дәуірді» 
көрсететін болып саналмақ. Адамдар қауымының өмірі мен 
әдет­ғұрыптары, олардың реті жөніндегі мифтер «плюс І дә­
уірді» бейнелейді деп есептелуге тиіс.
Міне, егер біз осы атауларды қолданар болсақ, онда біз­
дің ғылымымыз мифологиялық түсінік негізінде туған атау­
ларды пайдаланбас еді. Сөйтіп, біз мифтерді, «оу ба ста», «түс 
заманында» деген жалпылама анықтаудан гөрі ғылымға 
негізделген, әрі мифтік дәуір мен мифтік сананың стадиялық 
сатыларын да дәлірек бейнелейтін ұғымдарды фольклористика 
ғылымына енгізген болар едік. Бұл әдістің тағы бір ұтымды 
жағы – алғашқы қауымнан кейінгі қоғамдарда орын алған 
қайта мифологизация процесін, жаңадан туған мифтерді және 
ескі мифтерді жүйелеп, циклденген мифологияны да, оларда 
көрінетін уақытты, оларды тудырған мезгілді де анықтауға 
мүмкіндік туатындығы. Мәселен, алғашқы қауымнан соң 
пайда болған мифтердің уақыты – құлиеленуші мемлекет тұсы, 

[
  6  
]
демек, бұл «плюс ІІ дәуір», ал бірқұдайлық дінге негізделген 
миф туатын феодалдық қоғам мезгілі – «плюс ІІІ дәуір» болып 
белгілене алады. Сонда біз күллі адамзат мифологиясының 
туып, даму мезгілдері мен сатыларын дәлірек анықтай аламыз.
Осы әдіспен қарайтын болсақ, аспандағы жұлдыздардың,
 
Ай дың, Күннің, Жердің өзінің қалай пайда болғаны туралы 
баяндайтын мифтер ең көне болып табылады. Олардың бейне­
лейтін уақыты – «минус І дәуір». Олай болса, мифтердегі ке­
ңістік те, оқиғалар да, кейіпкерлер де бәрі – «минус І дәуір­
дің» жемісі. Екінші сөзбен айтқанда, «жасампаздық туралы 
мифтер» түгелімен осы дәуірдікі болып есептеледі, ал бұл дә­
уірдің өзі екі сатыдан тұрады.
Біріншісі – адам әлі өзін маңайындағы қоршаған табиғаттан 
бөлмеген уақытта, екіншісі – адам өзін ерекше сезінген заман. 
Бұл екеуі – мифтік сананың екі сатысы, әрі
  архаикалық 
мифтердің екі бөлігі. Алғашқысы – адамның аңға, жұлдызға, 
тасқа оп­оңай, өз еркімен айналып өтетіні, сондай­ақ керісін­
ше – аңдардың, т.б. адамға айналатындығы туралы баяндайтын 
мифтер. Мұнда адам мен табиғат арасында алшақтық жоқ. 
Екіншісі – адамның басқа нәрсеге (немесе керісінше) айналып 
кетуі – біреудің зорлауымен яки бір қауіптің кесірінен болып 
көрінеді. Демек, мұнда адам өзін аңнан бөлек жан екенін біледі 
және аңға өзі айналғысы келмейді. Оны басқа бір күш мәжбүр 
етеді. Көп жағдайда жазадан қашу немесе бірдеңеден қорқу 
сияқты болып келеді.
Сонымен қатар мифтерде аспан шырақтары, басқа да нәр­
селер біреудің (кейде көп құдайдың біреуінің) дене мүше­
лерінен жасалады. Бұл да «минус І дәуірді» көрсететін 
«жасам 
паздық миф». Алайда, бұл мифтердің пайда болған 
уақы 
ты – құлиеленуші мемлекеттер, яғни, көпқұдайлық 
пай да болған тұс, демек, бұл мезгіл – «плюс ІІ дәуір». Сырт 
қарағанда, мұнда қайшылық бар: кейінгі заманда туған миф 
ежелгі, адамнан бұрынғы уақытты көрсетеді. Дұрысында, 
бұл – заңды. Мифтердің бәрі адам өзі туралы, аспан, жер, 
табиғат жайында ойлап, олар қалай және қашан пайда болған 
деген сұрақтар қоя алатын халге келгенде, соларға өзінше 
жауап бере алатын жағдайға жеткенде ғана туған. Олай болса, 
мифтер – адамзаттың өзі мен табиғат жайында кейінгі заманда 

[
 
 7  
]
шығарған әңгімелер мен шежірелер, ырымдар жиынтығы. 
Олардың қайсысын қай кезде шығарды, не нәрсеге сүйеніп 
шы ғарды – міне, осы тұрғыдан келгенде, мифтерді тарихи­
стадиялық әдіспен зерттеп, олардың ең көнесі қайсысы, олар 
қандай мақсатта айтылған деген сауалдарға жауап іздеуге тура 
келеді.
Адамдар әр дәуірде миф шығарып отырған. Алғашқы миф­
тер ежелгі адамдардың тұңғыш рет өзін адам сезініп, табиғаттан 
бөлектенген кезде, топ болып қауымдаса бастаған тұста пайда 
болғаны күмәнсіз. Бұл кезеңнің мифтері өте қарапайым, 
онда айтарлықтай абстрактілік жоқ. Адам дар маңайындағы, 
көзіне көрініп жүрген, күнделікті тіршілігінде кездесіп, 
көріп, аңдап жүрген нәрселерін тілге тиек еткен, олар туралы 
ойланып, олардың ерекшеліктері жайлы ойға шомып, түсінуге 
тырысқан. Сонда оның ақыл­ойы, түйсігі өзінің өмірі мен тә­
жірибесінен аспаған, сөйтіп, ол өз өмірін соларға көшірген. 
Мұндай жағдай мифологияның барлық түрінде кездеседі, тіпті 
мифологияланудың екінші түрінде де айқын көрінеді. Екінші 
рет мифологиялану процесі құлиеленуші мемлекет тұсында 
болған. Мәселен, көпқұдайлық мифологияда құдайлар мен 
адамдардың, алыптардың фантастикалық өмірі мен бастан кеш­
кендері сырт көзге ешбір реті жоқ хаос болып көрінеді. Бірақ 
жіті талдаған адам ондағы образдар мен жайттардың бірізді 
екенін байқайды, эпизодтар мен тұлғалар тізбегі жүйелі екенін 
аңғарады. Сөйтіп, ол ондай мифтерде табиғат пен қоғамның 
ақиқаттан алшақ мифологиялық тарихы баяндалатынын кө­
реді. Бұл – екінші мифологияланудың нәтижесі. Ол – «плюс 
ІІ дәуірде», яғни, құлиеленуші мемлекеттер тұсында жүзеге 
асқан процесс. 
Осы кезеңнің өзінде де адамдар болмысты жаңа мифтік сана 
негізінде қабылдайды, тек мұнда алғашқы қауымдағы мифтік 
емес, жаңа сатыдағы мифологиялық ойлау бой көрсетеді
өйткені «ежелгі замандағы халықтар өзінің алғы (бұрынғы) 
тарихын өз қиялында, мифологиясы арқылы елестетеді»
1

Ен деше, адам өзінің әлі ақыл­есі бар кісі, яғни, Homo Sapiens 
болмаған кезін миф арқылы білгісі келеді, ал оған бұл істе 
қиялы мен биогенетикалық жады (память, код) жәрдемге 
келеді.

[
  8  
]
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАР
Дүниедегі халықтардың бәрі де өзінің фольклорында әлем­
нің қалай жаралғаны, жер бетінде тіршіліктің қалай пайда 
болғаны, адамдардың қайдан шыққаны туралы әңгімелеп, 
алуан түрлі мифтер мен әпсана­хикаяттар, аңыздар шығарған. 
Олардың көпшілігінде дүниенің адам нан әлдеқайда бұрын пай­
да болғаны жайлы айтылады, аспан мен жер, көктегі жүлдыз­
дар мен жердегі тау­тастар, өзен­сулар, сондай­ақ жануарлар 
мен жәндіктер дүниеге қалай және қандай жағдайда келгені 
жайында баяндалады. Бір ғажабы, барлық елдің мифінде дүние 
ең әуелде түпсіз тұңғиықтан (зияющая бездна), шетсіз де шексіз 
ғаламнан (пустота), түбі жоқ, жағасы жоқ телегей­теңізден, 
қараңғылықтан, тұманнан жаралған болып келеді. Бірер мы­
сал келтірейік. «Оу баста қаймағы бұзылмаған хаос, шым­шы­
тырық су – мұхит Нун (ең кәрі құдай) болған. Судан күн құдайы 
пайда болған. Ол – өзін­өзі жасаған Атум, екінші есімі – Хепри, 
ең бірінші төбе. Ол төбе – мұхиттан шыққан алғашқы қатты 
жер еді, әрі әлем жаратылысының басы болатын»
2
. Египеттің 
барлық теогониясы мен космогониясында дүние пайда болғанға 
дейінгі заманда әлемді жауып тұрған мұхит болған делінеді
3

Ең көне кітаптардың бірі – үнділіктердің «Ригведасында» бы­
лай делінеді: 
1. Жоқ нәрсе де жоқ болатын ол кезде, 
     Бар нәрсе де жоқ болатын ол кезде,
     Ауа кеңістігі де, оның үстіндегі аспан да 
                                                                       жоқ болатын. 
    Не нәрсе әрі-бері қозғалды екен? 
    Қай жерде? Кімнің қарауында? 
   Қандай су еді бұл түпсіз терең?
2.  Өлім де, мәңгілік те жоқ еді ол кезде, 
     Түннің де, күннің де белгісі жоқ еді. 
     Әйтеуір, бір нәрсе дем алып тұратын 
                                                                  ауаны қозғамай, 
     Одан басқа еш нәрсе жоқ еді.

[
 
 9  
]
3.  Қараңғылық басқан түнек еді оу баста, 
     Дүниенің бәрі айқындауға келмейтін 
                                                             түпсіз мұхит еді...

Ежелгі гректердің мифологиясында әлемнің алғашқы жағ­
дайы, былай суреттеледі:
«Әуелі тек мәңгі шексіз, қап­қараңғы Хаос болды. Өмірдің 
қайнар көзі сонда жатқан. Барлығы да бүкіл дүние мен мәңгі 
жасайтын құдайлар да шетсіз­шексіз Хаостан пайда болды...»
5
.
Әлемге әйгілі «Библияда» жаһанның алғаш қалай пайда 
болғаны жайлы былай деп жазылған: «Оу баста құдай кле пан 
мен жерді жаратты. Жер көрінбейтін­ді, әрі қуыс, әрі қараң­
ғылық басқан түпсіз түңғиық болатын...»
6

Қай елдің мифологиясын алсақ та, әлемнің алғаш пай да 
болғаны жайында осы мәнде әңгімеленеді. Біз ондай мысал­
дарды зерттеу барысында көптеп келтіреміз.
Ал енді осындай бірізділікті қалай түсінуге болады? Елдер 
бір­бірінен ауыстырып ала берген жоқ қой. Ауыс­түйіс, әлбетте, 
болды, бірақ ол, көбінесе, тарихи және тегі жағынан жақын 
халықтар немесе көрші елдер арасында болатын құбылыс. 
Ендеше бұған басқа бір себеп болуға тиіс.
Жоғарыдағы мысалдарда айтылатын жайттарды еш адам 
көрген жоқ, тіпті көруі мүмкін де емес, өйткені ол кезде адам­
заттың өзі жоқ болатын.
«Адам (Ноmо) – осыдан екі миллионнан астам жыл бұрын 
жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан, ақыл­есі бар адам 
(Ноmо Sаріеns) – 80 мың жыл бұрын пайда болған»
7
. Демек, 
дүниенің қалай пайда болғанын адам көре алған жоқ. Олай 
болса, өзінен әлдеқайда бұрын болып кеткен оқиғаларды адам 
қалай біркелкі, ұқсас етіп баяндайды? Міне, бұл сұраққа жауап 
беру үшін жаратылыстану ғылымын көмекке шақыруға тура 
келеді. 
Атақты биолог­ғалым Эрнст Геккельдің биогенетикалық 
заңы бойынша, адамның ұрығы ана жатырының ішінде жатқан 
9 айда адамзаттың миллиондаған жылдар бойы жәндіктен 
адам түріне дейін дамыған жолын өтеді екен де, адам кейпінде 
(Ноmо) дүниеге келеді екен...
8
 Туғаннан кейін бала алғашқы 
1 жылда адамзаттың еңбектеп жүрген кезінен тік тұра алатын 

[
  10  
]
қалпына жеткенге дейінгі дәуірді қамтиды, ал одан кейінгі 2 
жылда бала адамзаттың ақыл­есі бар Ноmо Sаріеns болған за­
манына дейінгі уақытты өтеді. Сөйтіп, ана құрсағында пайда 
болған күннен бастап дамып, қазіргі кейпіне келген эво­
люциясын өтеді екен. Әрине, бұл – жедел даму.
Осы жедел даму барысында адам (бала) сол құрсақта өткен 
әр алуан түрдегі өз сипатына тән кейбір қасиет­белгілерді 
бойына сіңіріп, сақтап қалатын көрінеді. Осы күнгі адамның 
жан түкпірінде жатқан, сондай­ақ мінез­құлқындағы, сырт 
пішініндегі кейбір қасиет­белгілер – біздің бабаларымыз өткен 
әр дәуірдегі, әр сипаттың көріністері. Яғни, адам бойында 
та 
рихи ғана емес, сонымен бірге биогенетикалық та жады 
(память) белгі беріп тұрады екен. Олай болса, кейінгі заманның 
адам дары біркелкі етіп айтып жүрген әлемнің пайда болуы 
туралы мифтер – сол ежелгі эволюциялық дәуірдердің ізін 
сақтаған биогенетикалық жадының жемісі болуы да ықтимал.
Міне, мифтерді енді осы тұрғыдан қарастырып көрейік. 
Әуелі адамның пайда болуын биология негізінде сөз етелік.
Дарвин мен Геккель ілімдері бойынша, жан­жануардың бәрі 
(адам да) о баста судан шыққан
9
. Су ішінде әр алуан сипаттағы 
жәндіктер түрінде дамып, бірте­бірте құрлыққа шығып, басқа 
кейіптерге түсіп, әрі қарай дами берген.
Адамзат та солай пайда болған. Ал дамыған, яғни Ноmо Sа­
ріеns болған адамның ұрығы да жатырға түскеннен соң тоғыз 
ай бойы су ішінде дамып жетіледі. Басқаша айтқанда, кішкене 
ғана нүкте (ұрық) жатырдағы су ішінде пайда болады да, бірте­
бірте үлкейіп, суға сыймайтын көлемге жетеді, сөйтіп басқа 
сипатқа көшеді.
Жердің  судан  пайда болғаны туралы мифтер де осы 
лай. 
Жер планетасын қараңғылық қоршаған судың, яғни түнектегі 
түпсіз мүхиттың ішінде пайда болған қатты нәрсе (нүкте) деп 
баяндайтын  мифтерде таңғаларлық бір сыр бар. Ол – Жерге 
сыртынан, космостық биіктен қараған сияқты әсер.  Ға­
рыш – шетсіз де шексіз қараңғылық. Сол түпсіз түнек ішінде 
(күн сәулесімен) көрініп тұрған Жер –  космостан қарағанда 
да кіш кентай ғана нүкте. Ғарыштан ұшып келе жатып, бірте­
бірте жерге жақындаған сайын Жердегі құрылықтар – ұшан­
теңіз судың арасында тұрған нүктелер болып көрінеді. Жерге 

[
 
 11  
]
космос биігінен қарағандықтың екінші бір белгісі кейбір миф­
терде, әсіресе Құранда көктің жеті қабаттан тұратындығы 
айтылады. Мәселен, Фұссилат сүресінің 11­12­аятында былай 
делінеді: «Оларды (аспан мен жерді – С.Қ.) жеті көк етіп, екі 
күнде жасады. Сондай­ақ, әр көктің міндетін өзіне білдіреді. 
Жақын көкті жұлдыздармен әшекейледік әрі қорғауға ал­
дық»
10
. Демек, Космоста көптеген галактика бар екені, соның 
ішінде Күн системасына кіретін жеті планета (дұрысы тоғыз 
ғой) бар екені айтылады. Сөйтіп, бұдан біз жеті планетаның 
әрқайсысының өз орбитасы бар бір көк болып саналатынын 
көреміз.
Жерге алыстағы космостан қарағандықтың тағы бір айға­
ғы сияқты нәрсе – біраз мифтерде жер жұмыртқа сияқты деп 
айтылатындығы. Жердің дөңгелек, жұмыртқаның  форма­
сындай екенін ежелгі мифті шығарушылар қайдан біледі деген 
сауал туады.
Бұл айтылғандардан жер бетінде адамдар космостан кел­
ген деген түсінік тумасқа керек. Себеп басқада. Ол – жоға­
рыда айтқан биогенетикалық заңның әсерінен. Нәресте ана 
құрсағында жатып дамыған кезде атам замандағы эволю­
циялық дамудың іздерінен генетикалық информация алады, 
өйткені әр адамның бойында, ұрығында  генетикалық код 
бар және жатырдағы қараңғылық пен су соған өте қолайлы 
жағдай жасайды. Соның арқасында адам өмір бойы өзі біл­
мейтін, бірақ экстремалды жағдайда  көрінетін жүк арқалап 
жүреді. Адам ның түрі, бет­әлпеті, дене құрылысы ата­анадан 
мирас болатыны сияқты, генетикалық жүк те бұрынғы ба­
балардан келе жатқан қасиеттер. Олай болса, Жерге кос мостан 
қарағанның сыры – осы генетикалық жүкте жатыр. Сол себепті 
де оу бастағы, әлемнің, адамның жаралуы туралы мифтерде 
ешқандай бір таза этникалық сипат жоқ.
Генетикалық жүктің іздері, біздің ойымызша, топан су 
туралы мифтерде де байқалады. Әдетте, бұл тақырыптардағы 
мифтерді Библиядағы жер жүзін су басып, Нойдың (Нұхтың) 
аман қалғаны жайлы мифпен байланыстыру етек алған. Шын­
дығында олай емес. Атақты Дж. Фрезердің дәлелдеуі бойынша, 
жер жүзін басқан топан су туралы мифтік әңгімелер әлемнің әр 

[
  12  
]
түкпірінде тұратын, бір­бірімен еш байланысы болмаған және 
әр түрлі мәдени сатыда өмір сүрген халықтарда бар екен
11
.
Әр жақта, әр қоғамда өмір сүрген елдердің топан су туралы 
мифінің де біркелкі, ұқсас болуының сыры неде? Осыған жауап 
іздеп көрелік.
Топан су туралы мифтің бір халықтан тарамағаны даусыз. 
Сондай­ақ бүкіл жер жүзін (аспанға дейін) түгел басып кеткен 
су тасқыны болмағаны да күмәнсіз. Олай болса, неліктен бар­
лық халықта топан су жайлы әңгімеленеді?
Біздіңше, бұл жерде биогенетикалық заң мен Жердің плане­
та  түріндегі  даму  тарихына жүгіну керек секілді. Геология 
ғылымының дәлелдеуі бойынша,  Жер бетін бірнеше дүркін 
қа лың мұз басып, қайта еріген. Мұз дәуірлерінде еріген судың 
деңгейі құрылықта бірнеше метр  көтеріліп, жердің бетін 
қалың су басқан. Жылы жақ та  бірте­бірте кеуіп, солтүстікке 
қарай жылжып отырған. Тірі қалған жануарлар мен жәндіктер 
қайтқан суды қуып, судан босап, кепкен жерлерде қайта өмір 
сүре бастаған. Соңғы мұз дәуірі ғылымда четвертичный немесе 
антропогендік  деп  аталады. Бұл дәуір 2  миллиондай жылға 
созылған. Соның аяғына қарай адам жетіліп, Ноmо Sаріеns 
қал пына  келген.  Адаммен бірге ол кезде жер бетінде алу ан 
түрлі ғажайып хайуандар мен жәндіктер де өмір сүрген: ма­
монттар, мүйізтұмсықтар, алып кесірткелер, зор жыландар, 
айдаһарлар, т.т.
Бұл хайуандардың да  бейнелері адамның генетикалық жа­
дында сақталып қалған. Жер жүзі халықтарының фоль 
к­
лорында неше түрлі фантастикалық хайуандар мен мақұлықтар 
образының кездесуі, бір жағынан, адам табиғатындағы сол 
баяғы заманнан қалған генетикалық жүктің ізі болса, екінші 
жағынан, сөз жоқ, кейінгі заман адамдарының  көркем қия­
лының жемісі. Сол сияқты топан су туралы мифтер де – адам ның 
Ноmо Sаріеns бола бастаған шағында болған мұз дәуірінің, сол 
замандағы қалың мұздың еріген орасан суының биогенетикалық 
жады арқылы жеткен ізі туралы әңгімелер. Кейінгі заман 
адам да рының санасына биогенетикалық код арқылы сақталып 
жет кен оқиғалардың және сол уақыттағы хайуандардың елесі 
фольклорда қиял­ғажайып мәндегі сюжеттер мен кейіпкерлер 
болып көрінеді. Әрине, оларға кейінгі дәуірлердегі кісілердің 

[
 
 13  
]
қиялы қосылған, өйткені әлемнің жаратылуы мен адамның 
пайда болуы жайындағы мифтер өте кеш, бертінгі заманда 
туған. Адам өзін ақыл­есі бар, жан­жағын қоршаған табиғаттан 
ерекше жан екенін сезіне бастаған мезгілде дүниенің, өзінің, 
ба 
сқа нәрселердің қалай, қайдан пайда болғаны жөнінде 
ойланып, неше түрлі миф шығарған. Сонда ол өзінің ақылды 
адам болғаннан бұрынғы өмірін, сол шақтағы оқиғаларды 
өз ойымен қалпына келтіруге тырысқан. Бұл істе оған екі 
нәрсе көмекке келген, бірі – өзінің еркінсіз көрініс беретін 
биогенетикалық коды да, екіншісі – өзінің наным­сенімі мен 
қиялы. Сөйтіп, ол өзі жоқта болған тіршілік пен қиял­сенімнен 
туған өмірді бейнелеп, әңгімелейтін болған. Сонымен, әлемдік 
мифологияның басты тақырыбы – дүниенің жаратылуы мен 
күйреуі, басты кейіпкері – жасампаз қаһарман мен құдайдар, 
адамдар екен де, басты сипаты біркелкілігі болып шықты. Қа­
зақ мифологиясы да осы тектес. Мұнда да әлемнің жаратылуы 
мен күйреуі баяндалады, жасампаз қаһармандар да, адамдар 
да, құдай да әрекет істеп жатады. Алайда, бұдан әлемдік 
мифоло гия барлық халықта, барлық уақытта бірдей болған, еш 
өзгеріске түспеген деген тұжырым тумайды. Керісінше, ол әр 
дәуірдің рухына сәйкес, әр халықтың өмір салты мен тұрмыс­
тіршілігімен байланысты туып, қоғамның әр кезеңіне қатысты 
өзгеріп отырған. Сол себепті әлемдік мифологияны тарихи­
стадиялық, әрі салыстырмалы­типологиялық әдіспен зерттеу 
нәтижелі болмақ. Міне, осы шартты негізге ала отырып
әлемдік мифологияның әр замандағы, әр халықтағы нақты 
сыр­сипатын ашуға және жалпылық белгілерін айқындауға 
болады. Сөйтіп, біз қазақ мифінің әлемдік мифологияға 
қатысын, өзіндік ерекшеліктерін, сондай­ақ типологиялық 
қасиеттерін анықтай аламыз (Бірақ қазақ мифін жеке емес, 
әлемдік мифология аясында зерттеу керек). Ол үшін біз 
әлемдік мифологияны жоғарыда айтқан әдіс негізінде үш 
үлкен тарихи стадиялық топқа бөліп, алғашқы қауымдағы 
рух­иелік мифология, құлиеленуші мемлекеттер тұсындағы 
көпқұдайлық мифология, феодалдық мемлекеттер кезіндегі 
бірқұдайлық мифо логия деп қарастырамыз.
Әрине, бұл топтаулар мен атаулар өте шартты, өйткені 
біздің негізгі критерий етіп алып отырғанымыз – әлемдік 

[
  14  
]
мифологияның жалпы сипаты, яғни дүниенің жаратылуы мен 
күйретілуі. Ал оны жаратушы кім? Күйретуші кім? Міне, біздің 
топтауларымыз бен атауларымыздың негізінде осы жатыр. 
Екінші сөзбен айтқанда, дүниені жаратушы да, күйретуші 
де әр заманда өзгеріп отырған бір күш. Алғашқы қауым 
кезіндегі мифтерде ол – әр заттың рух­иесі немесе жасампаз 
қаһарман (ілкі­ата, демиург), құлиеленуші мемлекеттер 
мифологиясында – құдайлар, ал феодалдық қоғам тұсындағы 
мифологияда – бір Алла, жалғыз Құдай. Міне, осы макролық 
сипат әлем мифологиясының басты ерекшелігі деп есептеліп, 
ол аталмыш атаулар мен топтауларға негіз болды.

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 6.84 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет