Арналған ғылыми-практикалық конференция Ақтау



жүктеу 209.2 Kb.

Дата18.02.2017
өлшемі209.2 Kb.

   

МИТИНГ

  

Басқалардан  гөрі  біздің  облыс,  қаламызға  етене  жақын, 

Украинның біртуар таланты, ұлы ақыны, суретші, этнограф  

Тарас  Шевченконың  200  жылдығы  елімізде  кең  көлемде 

аталып  өтті.  Жақын  дейтініміз  –  Тарас  Шевченко  айдауда 

болған 7 жылын тап осы, өзіне аты берілген қалада өткізген 

ғой. 

Т.Г.Шевченконың  200  жылдық  мерейтойы  облыс,  аудан 



көлемдерінің өзінде кең көлемде аталып өтілді. Отызыншы 

мамыр  күні  Т.Г.Шевченконың  200  жылдық  мерейтойына 

арналған 

ғылыми-практикалық 

конференция 

Ақтау 


қаласында өткізілсе, соңы Форт-Шевченкода жалғасты.

Қалалық  саябақта  Т.Г.Шевченко  мұражайының 

алдындағы 

Т.Г.Шевченко ның 

ес керт кіші нің 

жанында  өткен  митингіде  облыс  әкімінің  бірінші 

орынбасары  Сүйіндік  Алдашев  өз  сөзінде:  - 

Жазмыштың  жазуымен  Украин  халқының  ұлы 

ақыны Т.Г.Шевченко қамауға алынып, Маңғыстауға 

жер  аударылған  жылдары  20-ға  жуық  повесть, 

100-ден  астам  өлең,  500-ге  тарта  сурет  салды. 

Туындыларының  көбі  қазақтың  салт-тұрмысына, 

әдет-ғұрпына  арналған.  Ол  қазақ  халқының 

тарихы  мен  мәдениетіне  көптеген  материалдық 

құндылықтар қалдырды. 

Елімізде  ақынның  қазақ  елі не  сіңір ген 

еңбегін  ескере  отырып,  1932  жылы  Шевченко 

мемориалдық-мұражайы  ашылған  болса,  1939 

жылы  бұрынғы  Новопетровск  бекінісіне  Шевченко 

есімі  беріліп,  қала  -  Форт-Шевченко  деп  аталды. 

Қазіргі таңда Форт-Шевченко қаласы ұлы ақынның 

атына  лайық  болып,  көркею  үстінде.  Мұражай  да 

жоғары деңгейде қызмет етуде. Ақынның жаны мен 

жүрегінің бір бөлігі мәңгі осында қала бермек,..-  деп 

атап көрсетті. Митингте Қазақстан Республикасы Парламенті 

Сенатының депутаты Михаил Бортник, Украин ұлттық ғылым 

академиясы Т.Г.Шевченко атындағы әдебиет институтының 

қызметкері  Сергей  Гальченко  Тарас  Шевченконың 

шығармашылығы жайында сөз сөйледі. 

Одан  кейін  Т.Шевченконың  өлеңін  қазақ,  украин  және 

орыс  тілдерінде  оқыған  3  оқушы  қыздарға  қатты  риза 

болып,  жұртшылық  мықтап  қол  соқты.  Украинның  ұлттық 

киімдерін  киген  облыс  орталығындағы  украин  этномәдени 

орталығының қызметкерлері украин тілінде өлеңдер айтты. 

Келген  қонақтар  мен  жиылған  жұртшылық  Т.Шевченконың 

мұражайын аралап көрді. 



ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№ 28 (656)

5 МАУСЫМ,

2014 жыл

Газет 1931 жылдың 

5 тамызынан шыға бастады.

e-mail: akketikaraii@mail.ru



ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

(Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар баев тың Қазақстан халқына Жолдауынан)

Қазақстан - 2050: 

БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ



Елдің  тарихи  басты  факторы  ретінде  сол  халықтың  ұлт  болып 

қалыптасу  жолында  ұстанған  қоғамдық  қарым-қатынас  қалыптары, 

наным- сенім, тыйым, әдет-ғұрып сынды ұлттық ұстанымдар тоғысынан 

пайда  болған  адами  ережелер,  яғни  Ата  заңы  болып  есептелінеді. 

«Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәукенің жеті 

жарғысынан»  бастау  алған,  мемлекеттің  билік  жүйесі  мен  басқару 

формасындағы  тарихи  құбылыстар  аясында  өзгеріске  ұшыраған 

бүгінгі Қазақстан Республикасының Ата заңы мемлекет азаматтарының 

құқықтарын қорғау, әрі қолдау мақсатында, ел игілігіне қызмет көрсетіп 

келеді.  Бұл,  әрине,  қуантарлық  жағдай.  Бүгінде  Қазақстан  құқықтық 

тұрғыда рәсімделген және әлемдік қоғамдастық мойындаған мемлекеттік 

шекарасы бар, берік, бірлігі мен татулығы жарасқан, беделді мемлекет 

ретінде танылды. Осындай зор жетістікке жетуі оның Конституциясының 

азаматтар  тарапынан  құрметтеліп,  белгіленген  нормативті  актілер  мен 

құқықтық заңнамалардың жүйелі жүзеге асуы деп білемін. Азаматтардың 

құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауда  табандылық  танытуы,  әрі 

сот  жүйесінің  әділ  қызметі  мен  әділетті  шешім  шығаруында  екендігіне 

сенімдімін. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясындағы  сот  жүйесі



  Елбасының 

2014  жылғы  17-қаңтардағы  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ» атты халыққа Жолдауында заң шығару әрі атқарушы билікке үлкен міндет 

артқан  болатын.  Заң  үстемдігі,  теңдік  және  әділеттілік  салтанат  құрған,  дамыған 

демократиялық қоғамда өмір сүруді қалайтын, белсенді көзқарастағы әр азаматтың 

тікелей  атсалысуын  талап  етті.  Бұл  міндет  орындалмайынша,  яғни  құықтық 

еркіндгі  сақталмаған,  азаматтардың  талап-тілегі  ескерілмейтін  елде  экономика 

мен  ғылымның,  білім  мен  мәдениеттің  дамуы  мүмкін  емес,  себебі  соттарда 

мыңдаған  адамдардың  тағдыры,  өзара  даулары  шешілетіні,  олардың  құқықтары 

мен  бостандықтарының  қорғалатыны  баршамызға  мәлім,  яғни  соттар  қызметінің 

тиімділігі,  олардың  шығаратын  шешімдерінің  әділеттілігі  мен  жедел  және  толық 

орындалуы  -  кез  келген  мемлекеттің  демократиялық  дамуының  негізгі  көрсеткіші 

екендігі,  және  сот  мемлекет  билігінің  бір  тармағы  болып  саналатыны  Елбасының 

сөзінде Қазақстан халқына әр Жолдауында баса мән беріліп, жаңа бастамалар мен 

игі істерге назар аударылып келеді. 

Сондықтан,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2014 

жылғы 17-қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  бағдарламасындағы  алар  орнына  сай  басты 

қағидасы,  судья  –  ол  халықтың  ар-ожданы,  судья  таза,  ешқандай  жамандыққа 

араласпаған, саяси-қоғамдық өмірде белсенді, мемлекеттік міндеттерді орындауда 

алдарына  жан  салмас  озат  және  науқаншыл,  қалың  бұқараны  жігерлендіруде 

ұраншыл,  ары  мен  қолы  таза,  ақ  жүрек,  заңға  қол  бергіш,  замана  ағымы  мен 

ыңғайына  бейімделгіш,  күнделікті  тұрмыста  қарапайым,  барға  қанағатшыл,  жоққа 

жабықпас төзімшіл, адамдарды алыс-жақынға бөліп алаламайтын көпшіл, ой-пікірін 

әдемі  сөздермен  әдіптеп,  сабақтап,  татымды  тұздықтап  айтатын,  қызыл  сөздерді 

жарыстырмай,  аталы  сөзге  қонақ  бергіш,  кемшілігін  көзге  шұқып,  мін  тақпай,  тек 

сыпайы  қамшылайтын  сырбаз,  жоқ-жітікке  жанашыр,  қажығандарды  демегіш, 

отбасының ұйтқысы, ұрпақ өсіріп, жапырағын жаюда арманшыл, жастарға баталы, 

жарқын болашағына үмітті және нық сенімді болатын азамат қана судья болуы тиіс. 

Сот жүйесі кез келген демократиялық мемлекетте негізгі құқықтық институт болып 

есептелінеді.  Елдің  ішкі  әрі  сыртқы    саясатында  орын  алып  жатқан  әлеуметтік-

экономикалық  және  саяси  реформалардың  табысты  болуы  көп  жағдайда  тікелей 

сотқа байланысты. Сондықтан да Елбасының  Қазақстан халқына Жолдауындағы 

бағдарламасында, соттардың жұмыстары барлық кезеңде  шексіз жауапкершілікті 

талап ететіндігін нақтылап өткен еді.

Елбасы Жолдауында сот жүйесінің тиімділігін арттыру мемлекет қамқорлығында 

болатындығын  атап  айтты.  Осыған  орай,  бүгінгі  таңда  елдегі  сот  жүйесінің 

реформалары  оң  нәтижесін  беруде.  Қоғам  талаптарына  жауап  бере  алатын, 

халықаралық нормаларға сәйкес келетін азаматтардың сот арқылы құқығын қорғау 

жұмыстары да сәтті жүргізілуде. Оң көрсеткіштер көңіл қуантарлықтай. Сот жүйесінің 

келешекте  де  үлкен  істер  атқарып,  алдындағы  қызметтеріне,  адалдықтары  үшін, 

елімізде  әділдік  пен  құқық  тәртібі  салтанат  құруы  үшін  атқарып  жүрген  күнделікті 

мәртебеге лайықты еңбектері өз деңгейінде марапатталатындығына сенімдімін.

Р. БЕЙСЕНОВ,

Түпқараған аудандық сотының судьясы 

Форт-Шевченко  қаласында  тағы  бір 

мектеп  салынбақ.  Осыған  орай  жиылған 

тұрғындар  алдында  облыс  әкімінің  бірінші 

орынбасары  Сүйіндік  Алдашев,  ҚР  Парла-

менті  Сенатының  депутаты  Михаил  Бор-

тник  және  НКОК  компаниясының  сыртқы 

қатынастар  бойынша  директоры  Пьер 

Дельпон  құттықтау  сөз  сөйлеп,  мектептің 

алғашқы  кірпіштерін  қалады.  Ақсақал  бата 

берді. Бұрын осы Форт-Шевченко қаласының 

өзінде  2  балалар  бақшасы,  8  пәтерлік  2 

тұрғын  үй,  спорт  кешені,  емхана  салған 

«Баутин  құрылыс  компаниясы»  ЖШС-нің 

директоры Ілияс Мүсірепов: - Өзіңіз білесіз, 

біздің серіктестік басқа жерлермен бірге осы 

Түпқараған ауданының түрлі құрылыстарын 

салуға атсалысып келеді. Ал мына қалалық 

мектепті жақында қолға алдық. Бұл мектеп 3 қатарлы заманауи үлгідегі мектеп болғалы тұр. Құны 1 400 миллион 

теңге болатын мектеп 550 оқушыға арналған. Жанында 120 орындық жатақханасы болады. Жалпы жоспарымыз 

бойынша 2016 жылғы сәуір айында салып бітіруіміз керек. Бірақ одан бұрынырақ та бітіріп қалуымыз мүмкін, - деді. 

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ - 

СОТ ЖҮЙЕСІНЕ СОНЫ СЕРПІН БЕРДІ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ - 

СОТ ЖҮЙЕСІНЕ СОНЫ СЕРПІН БЕРДІ

ТАРАС  ШЕВЧЕНКОНЫҢ  

200  ЖЫЛДЫҒЫ  ТОЙЛАНДЫ

ҚУҒЫН-СҮРГІННІҢ  

ҚҰРБАНДАРЫ  

ЕШҚАШАН  

ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

АБАЙ БОЛАЙЫҚ!



2-бет

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» 

МАУСЫМДА 

БАСТАЛДЫ


4-бет

4-бет

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Аудандық Мәдениет үйінде Т.Г.Шевченко туралы суретшілердің көрмесі өтті. Одан соң облыстық филармония 

артистері украинның ұлы кобзарына арналған үлкен концерт қойды. Онда Т.Г.Шевченконың сүйікті әндері, оркестрдің 

орындауында  күйлер,  қазақ  әндері,  украин  халқының  әндерінен  попурри,  украин  халқының  әндері  орындалып, 

көрермендер қатты риза болды.                                                      

 Мұқанбетулла КЕМЕР

***   ***   ***

ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ 

***   ***   ***

СУ АЙДЫНЫНДА 



2

№28 (656)  5 маусым 2014 ж.

akketikaraii@mail.ru

«Өңірімізде  оңтүстік  аймақ тар да ғыдай  қазірден  суға  түсе 

беруге  болмайды.  Бізде  тіпті  15  маусымнан  бастап  түсу 

керек.    Ал  шомылу  маусымына  қаламыздың  суда  құтқару 

бекеті сақадай сай»- дейді суда құтқару мекемесінің бастығы 

қызметіне  жаңадан  тағайындалған  Бердіғали  Тілемейсов. 

Автотехникалар  мен  сүңгуір  құрылғыларының  барлығы 

бар.  Қазірден  алдын-алу  шаралары  қолға  алына  бастады. 

Мектептерде  оқушыларға  суға  түсу  ережелеріне  қатысты 

сабақтар өткізіп, әңгімелер ұйымдастыруда. 

Бүгінгі күнгі алдарына қойған басты мақсат – Форт-Шевченко 

қаласындағы  Каспий  теңізінің  жағалауларын  қадағалау 

жұмыстарын  жүргізу.  Ауа-райы  жылынысымен  адамдар 

қазірдің өзінде суға түсуге талпынуда. Сондықтан суда құтқару 

қызметкерлері алдын-алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Ауданымыздағы  суда    құтқару  қызметінің  жұмысында 

күрделенген мәселелері де жоқ емес. Бүгінгі күні осы қызметке 

бөлінетін  штаттың  аздығы  жұмысқа  қолбайлау  болып  отыр. 

«Біздің  бүгінгі  ең  қиын  мәселеміз,  ол  бізге  бөлінген  штаттың 

аздығы.  Қызмтекерлеріміздің  саны  бар  болғаны  6  адамды 

құрайды.  Сүңгуірлеріміз  өте  аз.  Ал  қадағалайтын  аумақтың 

көлемі 300 км. Қызылөзен, Ақшұқыр, Таушық елді мекендеріне 

дейінгі  аумаққа  созылып  жатыр.  Бұл  аумаққа  бар  болғаны  6 

адам қызмет көрсетеді», - дейді Б.Тілемейсов.

Бүгінгі  таңда  ауданымыздың  Суда  құтқару  бекеті  барлық 

техникамен  жабдықталған.  Көліктердің  және  басқа  да 

жабдықтардың жаңа болмаса да барлығы бар дейді басшылық. 

Сүңгуірлерге    арналған  құралдар  да,  моторлы  қайықтарда 

бар. Яғни, бұл жағынан шомылу маусымына дайын деп айтуға 

болады.  Шешімін  таба  алмай  отырған  тағы  бір  мәселе,  ол 

қаламызда  суға  шомылуға  арналған  орындардың  жоқтығы. 

Адамдар  қалаған  жерлеріне  суға  шомыла  береді.  Арнайы 

талаптарға  сай  орындардың  жоқтығы  салдарынан  шомылу 

кезінде  адамдардың  өлімі  жылдан-жылға  ұлғаюда.  Суда 

құтқару  бекетінің  көрсеткіші  бойынша,  2012  жылы  15  адам 

суға кетсе, оның 10-ы құтқарылып, 5-і мерт болған. Ал, 2013 

жылы  2  адамның  ажалы  судан  келді.  Осы  жыл  басталғалы 

бері 4 адам, 2-і құтқарылды, 1-і мерт болып, 1-і әлі күнге дейін 

табылмай  отыр.  Негізі  суға  кеткендердің  60  пайызы  ішімдік 

ішіп  суға  түсетіндер,  екінші  орында  қараусыз  қалып,  суға 

түскен  балалар  қайғылы  қазаға  ұшырайды  екен.  Ал,  үшінші 

орында суда жүзе білмейтіндер.

Қазіргі күні   ауданымыздың  Суда құтқару бекеті қайғылы 

қазаға жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын мықтап 

қолға  алуда.  Осы  аптада  Баутин  ауылындағы  Ж.Мыңбаев 

мектебінің  4-5  сынып  оқушыларына  дәріс  оқыған  суда 

құтқару қызметінің сүңгуіршісі мен аға-медбикесі оқушыларға 

алғашқы көмек пен суға түсуге болмайтын жағдайлар туралы 

мағлұмат  берді.  Сондай-ақ,  сабақ  барысында  оқушылар 

өздерін  қызықтырған  сауалдарға  жауап  алды.  5  сыныптың 

сынып  жетекшісі  Ақдидар  Жетібайқызы  түсіндіру  сабағын 

жақсы  бағалап,  оқушылардың  суға  түсу  туралы  танымын 

өздері  де  тәрбие  сабақтарында  кеңейтіп  жүргендіктерін, 

бірақ  мамандардың  әсерлі  әңгімесі  балалардың  жадында 

жақсы  сақталатындығын  жеткізді.  Барлық  ауданға  қарасты 

білім  ошақтарында,  колледждермен  мектептерде  осындай 

шаралар жүргізіліп, суға түсудің ережелері түсіндірілуде. Ал, 

жазғы  уақытта  балалар  лагерлерімен  жұмыстар  жүргізілмек. 

Мамандар балаларға қалай суға түсу керектігін немесе қалай 

суға  түспеу  керектігін  үйретеді.  Құтқарушылардың  да  білімін 

шыңдау  ұдайы  жүргізіледі.  Әрбір  аптаның  сейсенбісінде 

сүңгуірлер теориялық және тәжірибе жүзінде дайындықтарын 

шыңдап  отырады.  Ал  жылына  2  рет  қызметкерлердің 

дайындықтары  тексерілетін  көрінеді.  Теңізге  барып  жүрген 

жандарға суда құтқару бекетінің телефондары: 50-558 немесе 

112  нөмірлерін  жадында  сақтауға  кеңес  береміз.  Кез-келген 

оқыс жағдайға куә болсаңыз, ойланбастан хабарласыңыз. 



Жадыра ЕДІГЕҚЫЗЫ

Жаз  келіп  күн  жылынысымен  суға  шомылу 

маусымы  басталады.  Үлкен-кіші  жабылып  күннің 

аптап  ыстығынан  қашып,  өңіріміздің  мақтанышы 

теңізден  сая  табады.  Жүзіу  білетін  бар,  білмейтіні 

бар,  әйтеуір  теңізге  түсуге  құмар-ақ.  Ал  суда 

құтқарушылардың  жұмысы  осы  мезгілде  қыза 

түсетіні  белгілі.  Бұл  қызметтің  басты  мақсаты  – 

адамдар  суға  кеткен  жағдайда  оларды  аман  алып 

қалу. Суға шомылу маусымы өңірімізде ресми түрде 

1 маусымнан бастап - 30 тамызға дейін жалғасады. 

Десе  де,  ауа-райының  +40  градусқа  дейін  күрт 

жылынып  кетуі  биылғы  суға  түсу  маусымын 

ертелетіп жібергені анық.

Аманғали  Сүлейменұлы  НҰРДӘУЛЕТОВ 

–  Түпқараған  ауданының  орталығы  – 

Ақкетіктің  тұңғыш  әкімі.  2013-жылдың 

сәуір айының ортасында тағайындалған 

болатын. Яғни, 1 жылдан жаңа ғана асты. 

Жасы биыл 33-ке толады. 

Аманғали 

Нұрдәулетовты 

Тарас 

Шевченко ның  200  жыл ды   ғын  той-

лардың  алдында  ғана  жаңар ты лып, 

жасандырылып  жатқан  Орта лық  сая-

бақтағы  жұмыстарды  көр іп  жүр генінде 

кездестіріп, сұхбат қа тартып едік.

-Аманғали  Сүлейменұлы,  саябақ  ішінде 

біраз  жұмыстар  жасалған  екен.  Оңынан 

болсын.    Дегенмен,  тұрғындарды  қала 

бойынша  атқарылған,  атқарыл мақ  жұ  м-

ыстар  көбірек  қызықтырады  ғой,  осыны 

бір шолып өтсек қайтеді?

-Саябақтан  бастайын.  Негізгі  жұмыстар 

аяқталды,  қазір  су  жүйелері  жүр гізі лу де. 

Сондай-ақ,  саябақ  ішіне  4  жер ге  16  видео-

бақылау камера лары қой ыл ды. Келушілердің 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін.  Осындай 

видеокамералар  қала  ішінде  бірнеше  жерге 

қойылатын  болады,  бірақ  бұл  сәл  кейінірек. 

Жалпы,  аудан  басшысының  өзі  қаланың 

көріктендірілуіне,  абаттандырылуына  қатты 

мән  береді.  Жоспарлы  жұмыстар  бар,  солар 

жүйе-жүйесімен атқарылуда.

Қаланың  жаңа  Бас  жоспары  дайын. 

Сол 


бойынша 

жұмыстар 

баста  лып 

жатыр.  Негізгі  назар  Жаңакетік  тұрғын 

ауданына  аударылмақ.  Жаңа  550  орындық 

мектептің  құрылысы  басталды.  Қасында 

120  орындық  интернаттық  жатақханасы 

болады.  Көп    лысатын  демалыс  аймағына 

айналдырмақпыз. Ол жерде демалуға қажетті 

барлық нәрселер болады, жарықтандырамыз, 

көгалдандырамыз,  сонымен  қоса,  суға 

түсушілердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін 

қызмет жұмыс істейді.

«Дарын»  орталығының  жанынан  60 

орындық жатақхана құрылысы да биыл қолға 

алынады.


Қала  орталығында  тағы  бір  шағын  да 

болса көрікті, әдемі жаңа саябақ жасамақ ой 

бар.  Ол  қазіргі  «Айгөлек»  балабақшасының 

жанындағы үлкен алаңда болады. Бұрыннан 

да  егілген  талдар  бар,  ендігі  жерде  сол 

жерге  ботаник  ғалымдармен,  мамандармен 

ақылдаса  отырып,  көк  желектерді  көбейтіп, 

абаттандырсақ,  тұрғындардың  демалысына 

лайық әп-әсем саябақ болады да шығады.

Жол  қиылыстарына  жаңа  свтодиодты 

бағдаршамдар  орнату  жалғасады.  Бір 

қиылысқа  орнаттық,  әлі  де  болады. 

Көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. 

-Жаңакетіктің  тұрғындары,  әсіресе, 

шет  жағында  тұратындар  газ  бен  электр 

линияларының  келмей  жатқандығына 

ренішті...

-Жағдайды  өте  жақсы  біліп  отырмыз. 

Бұларға  қажет  ақша  көлемі  белгілі.  Бірақ 

қаражат  көзі  анық  емес.  Республикалық 

«Шағын  қалалар»  бағдарламасына  ену  үшін 

аудан,  облыс  көлемінде  жұмыстар  жасалып 

жатыр.  Егер  осы  бағдарламаға  енсек, 

республикадан қаржыландырылатын болады. 

Тұрғындар  сонымен  қоса,  үй  салу  үшін  жер 

учаскелері  қашан  бөлінеді  деген  сұрақты  да 

жиі  қояды.  Жер  телімдерінің  орны  белгілі, 

дайын,  бірақ,  қазіргі  талапқа  сай,  алдымен 

ол жерлерге коммуникация апаруымыз керек, 

яғни,  жол,  су,  газ  электр  желілері  тартылуы 

керек.  Сол  кезде  жер  телімдерін  иелеріне 

тапсыру  басталады.  Сметалық  құжаттары 

дайын, ақша бөлінісімен жұмыс басталады.

Су желілеріне қатысты да осыны айтамын. 

Жыл  соңына  дейін  су  жүйесі  іске  қосылады, 

бұл анық.

Тұрғындарға бір нәрсені тағы бір қайталап 

айту  керек  шығар:  аудан  бойынша,  соның 

ішінде  Ақкетік  бойынша  барлық  түйткілді, 

проблемалы  жайлар  аудан  басшылығына 

белгілі, 

барлығы 


бойынша 

жоспарлы 

жұмыстар бар. Бірақ, мәселе қаражатқа келіп 

тірелгенде, берісі облыстан, арысы Астанадан 

шешілетін  болғасын,  бірден  қолға  алып  кету 

мүмкін болмай жатады.



-Алдағы  ойларыңыз  туралы  қысқаша 

айтып өтеміз бе?

-Менің  арманым  –  Ақкетіктің  жаңа 

Бас  жоспар  бойынша  тез  бой  түзеп,  осы 

заманғы,  барлық  жағдайы  жасалған,  әдемі 

де мұнтаздай таза қала болып қалыптасуына 

ел айта жүретіндей үлес қосу. Қала бойынша 

жасалып жатқан жұмыстардың барлығын өзім 

бақылап жүремін. Сапалы, талапқа сай болса 

екен  деймін.  Алға  межелеп  жүрген  ойларым 

баршылық, бірақ, қазір айту – ертерек шығар 

деймін. Бір нәрсені анық айта аламын – қала 

үшін, тұрғындар үшін мүмкін болған қажеттінің 

бәрі жасалады. Сол үшін жүрміз.

Сұхбаттасқан – Айсағали ҚЫДЫР

СУ АЙДЫНЫНДА 

АБАЙ БОЛАЙЫҚ!

1  маусым  –  дәстүр  бойынша  барлық  әлемде  балалық 

шақ  мерекесі  мерекеленеді.  Осы  күні  Баутин  ауылы 

әкімшілігінің  ұйымдастыруымен  ауылдағы  77  бала  үшін 

мерекелік  іс-шаралар  өткізілді.  Дәл  осы  күні  болашақта 

адамгершілікке,  әділдікке,  баянды  өмірге  толы  қоғам 

құру  үшін  оның  негізі  –  балаларға  барлық  жағдай  жасау 

керектігі  тағы  да  паш  етілді.  Осылайша,  Балаларды 

қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа 

бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Баутин әкімшілігі 

қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен,  «Вагенбург»  ме ке-

месінің  демеушілігімен  өткен  мерекелік  кешке  жиналған 

балалар  ауылдағы  «Ақбота»  балабақшасының  кішкентай 

өнерпаздары дайындаған концертті тамашалып, өздеріне 

арнайы  әзірленген  сыйлықтарды  алып,  үйлеріне  мәз-

мейрам тарасы.



Жадыра Едігеқызы

Баутиндегі 

балалар мерекесі

Аманғали НҰРДӘУЛЕТОВ :

«

МЕНІҢ АРМАНЫМ 



-

 АҚКЕТІК ӘДЕМІ ҚАЛАҒА АЙНАЛСА!



..»

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ СЕССИЯСЫ 

ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

БЕСІНШІ САЙЛАНҒАН ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ 

МӘСЛИХАТЫНЫҢ  КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА ЕКІНШІ 

СЕССИЯСЫН  ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы 

№148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік 

басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 18- бабының 

4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 

 ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Бесінші  сайланған  Түпқараған  аудандық  мәслихатының 

кезектен тыс жиырма екінші сессиясы 2014 жылғы 9 маусымда  

Форт-Шевченко қаласында шақырылсын.



Сессия төрағасы                А.БЕРІШБАЕВА

2 маусым 2014 жыл  №31-ш

Бесінші  сайланған  Түпқараған  аудандық  мәслихатының 

кезектен тыс жиырма екінші сессиясының  күн  тәртібі:

1.  Аудандық  мәслихаттың  2013  жылғы  25  желтоқсандағы 

№17/119  «2014-2016  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет 

туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу туралы  

2.  Аудандық  мәслихаттың  2013  жылғы  11  желтоқсандағы 

№17/111  «Әлеуметтік  көмек  көрсетудің,  оның  мөлшерлерін 

белгілеудің 

және 


мұқтаж 

азаматтардың 

жекелеген 

санаттарының  тізбесін  айқындаудың  Қағидасын  бекіту 

туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

3.  Аудандық  мәслихаттың  жиырма  үшінші  сессиясының 

төрағасы туралы

БЕСІНШІ САЙЛАНҒАН ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ 

МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Бесінші  сайланған  Түпқараған  аудандық  мәслихатының  

тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілісі  2014  жылғы 

9  маусымда  сағат  14  00  –  де,  кезектен  тыс  жиырма  екінші 

сессиясы 2014 жылғы 9 маусымда сағат 15 00 – де аудандық 

әкімдіктің кіші мәжіліс залында басталады



Аудандық мәслихат хатшысы              А.ДОСАНОВА

3

№28 (656)  5 маусым 2014 ж.

akketikaraii@mail.ru



“Мұғалімдерге тамаша 

қызмет тапсырылған, 

күн астында одан жоғары 

ешнәрсе болмақ емес

 

 



 

Коменский Ян Амос,

чех педагогы

Қиындығы    да,  қызығы  

да    жетерлік,  ең    бастысы  

-    жауапкершілігі      жоғары  

мамандықтың  бірі  ұстаздық  

ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  

мамандық  иелері нің мой ны-

на  ешнәрсе ден  хабары  жоқ, 

мыңдаған    тарыдай      ғана   

бүлдір шін дер дің    бойына  

білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  

шығару    міндеті    жүктелген.  Сондықтан    басқа    мамандық  

иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

Осындай қасиетті де қастерлі мамандық иесі, бүкіл саналы 

ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған,  рухы  таза,  ой – өрісі  

биік,    ұлты    мен  Отанының    болашағы    үшін    тер    төгіп,  

шыдамдылық    пен    табандылықтың    үлгісін    көрсетуші,    өз  

бойындағы  асыл  қасиеттері  мен білімін  болашақ  ұрпақтың  

бақыты  мен  кәдесіне  жаратып,  қоғамды өрге  өркендетуші,  

жаңашылдықтың    бастаушысы,    жүрегі  –  жылы,    көңілі  – 

дарқан,  ардагер  ұстаз  –  Амандық  Ізбалаұлы  туралы  ой 

қозғамақпын.  

...  Отызыншы  жылдарда  ашық  түрде  қолдан 

ұйымдастырылған  ашаршылықта  елдің  жаппай  қырғынға 

ұшырауы,  жағдайы  кеткен  халықтың  «балапан  басына, 

тұрымтай тұсына» басы ауып, есі кеткен кезде ел асып, жер 

асып, босып кетуі Маңғыстау облысында да белең алды. 1931 

жылы  шиеттей  бес  баласымен  үдере  көшкен  елмен  бірге 

Қадыров  Ораз  (1899-1945)  әулеті  де  тарихи  мекені  Ақкетік 

қаласынан  көрші  Түрікменстанның  Красноводск  қаласы 

маңындағы Қабилы-Шиық елді мекеніне келіп қоныстанады. 

Қадыров Ораз менің кейіпкерім – Оразов Амандықтың атасы, 

осы  Қабилы-Шиық  елді  мекенінде  11  жыл  ферма  бастығы 

болып  еңбек  етіп,  1942  жылдың  күзінде  Қызыл  Армия 

қатарына алынып, сұрапыл соғыстан елге оралған жоқ...

...  Амандық  ағай  көп  балалы  жанұяда  тәрбиеленген,  он 

баланың үлкені.

Ағайдың  айтуынша,  әкесі  –  Ізбала  Оразұлы  (1925-1996) 

жарқын  жүзді,  жұмсақ  мінезді,  ауыл-аймаққа,  дос-жаранға 

сыйлы,  аз  сөйлеп,  көп  тыңдайтын,  сауатты  кісі  болған,  ал 

анасы  –  Қамқа  Оңайбайқызы  (1927-2001)  қасиетті  көріктің 

шоғын  үрлеген  зергер,  Маңғыстау,  Түрікмен  еліне  танымал, 

руы  –  қызыл  шегем  Кенжебаев  Оңайбайдың  (1892-1975) 

кіндіктен  жалғыз  қызы.  Амандық  ағай  өзіне  өмір  сыйлап, 

осындай  күнге  жеткізген,  қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға 

шоқыттырмай өсірген ата-анасын былайша еске алады:

“Қиын  жылдардың  куәсі  болған  қайтпас  қайсар  тұлға,  біз 

үшін бірегей белес, мәңгілік елес – әкеміз Оразұлы Ізбаланың 

сәулелі жүрек, нұрлы жүзі қашанда жанымыз бен қанымызда, 

ал анамыз Қамқа Оңайбайқызы баршамыздың ақылшымыз, 

баянды  базарымыз,  ақ  сүттей  ажарымыз  бола  білді.  Ата-

анамыз  біздерді  ешкімнен  кем  қылмай  өсірді,  тәрбиеледі, 

білім  алып,  еңбекке  араласып,  көзіміздің  ашық,  көңіліміздің 

ояу болуына жан-жақты қамқорлық жасады. Тал бесіктен жер 

бесікке  жеткенше  ата-анамызға  риза  болып,  Алла  Тағала 

алдынан жарылқасын деп отырамыз”.

... Красноводск қаласына 1942 жылы Туапсе қаласындағы 

мұнай өңдеу зауыты  көшірілді. Жаңадан құрылған зауытқа 

су  қажет  болып,  осы  қаладан  25  шақырым  жердегі  Лепес 

ауылындағы су қоры мол жеті құдықтан құбырмен су айдала 

бастайды.  Лепес  ауылында  да  жаңа  зауыттың  №17  цехы 

ашылып,  онда  әр  түрлі  мамандықта  жергілікті  жерден 

жұмысшылар  қабылдана  бастады.  Ауылда  бастауыш 

мектеп, медпункт, дүкен ашылып, ондағы халықтың тұрмысы 

жақсарып сала берді. 

Соғыстан әкесі оралмаған соң, жалғыз шешесі Сағираның 

жағдайын  ойлап,  Небиттау  қаласында  оқып,  мамандық 

алған  кейіпкерімнің  әкесі  –  Ізбала  Оразұлы  1952  жылы 

отбасымен Лепес ауылына көшіп келеді. Амандық ағай осы 

ауылда  бастауыш  мектепті  үздік  бітіріп,  5-10  сыныптарды 

Красноводск  қаласындағы  №3  қазақ  орта  мектебінде 

жалғастырады.  Жастайынан  білімге  құштар  жас  жігіт  өзінің 

бала  күнгі  арманы  –  мұғалім  болып,  шәкірт  тәрбиелеуді 

мақсат  етіп  қоя  білді.  Осы  арманның  жетегінде  1967  жылы 

Гурьев  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  физика-

математика  факультетіне  оқуға  түсіп,  оны  1972  жылы 

математика  пәні  мұғалімі  мамандығы  бойынша  ойдағыдай 

бітіріп шығады. 

...  «Шәкіртсіз  ұстаз  –  тұл»  деген  халық  даналығында 

айтылғандай, әрбір жас ұрпаққа білім беріп жүрген ұстаздың 

еңбегі  өзінің  білімімен,  ізденімпаздығымен,  дарынымен, 

еңбекқорлығымен  көрінсе,  сол  бойындағы  қасиетін 

дамытуға  өз  үлесін  қосатын  ол  –  шәкірті.  Амандық  ағай 

өзінің  пір  тұтар  ұстаздарын  тізбектей  жөнелгенде,  ерекше 

тоқталғаны  мектеп  қабырғасында  жүргенде  математикадан 

сабақ  беріп,  республикалық  математика  олимпиадалары 

мен  әр  түрлі  шахмат  турнирлеріне  қатынастырып,  шәкірт 

бойындағы  қабілеттің  ары  қарай  ұшталуына  өз  үлесін  қоса 

білген аяулы ұстазы – шебер шахматшы, математик Дәулет 

Айшуақов  болды.  Өздерінің  білімділігімен,  жүріс-тұрыс, 

сөйлеу  мәнерімен,  сырт  келбетімен  шәкіртіне  ерекше  әсер 

қалдырған ұстаздар қатары аз емес. Сол ұстаздар қатарына  

– Қаржау Ерғазиев, Өмірзақ Озғанбаев, Таған Кайпеев есімді 

ұстаздарды жатқызуға болады. Ағай өзінің осындай дәрежеге 

жетуіне  осындай  кемел  ұстаздардың  еңбегі  ерекше  екенін 

атап айтты.

А.Оразов  алғашқы  еңбек  жолын  өзі  білім  алған  ұясы 

-  Красноводск  қаласындағы  №3  қазақ  орта  мектебінде 

аға  пионер  вожатый  болып  бастап,  соңынан  математика 

пәні  мұғалімі  болып  жалғастырды.  Сол  жылдары 

мектепте  ұстаздық  тәжірибесі  мол,  қарапайымдылық  пен 

табандылықты,  ізгілік  пен  ізденімпаздықты  жүректеріне 

ұялатқан  жайсаң  жандар  еңбек  етуші  еді.  Осындай  мол 

тәжірибелі  ұстаздар  қауымында  еңбек  еткен  ағай  өзінің  іс-

тәжірибесін байыта отырып, кісіге шын құрмет, кең пейілділік, 

шыншылдық,  зеректік,  мейірбандық  сияқты  адамгершілік 

асыл қасиеттерді бойына дарыта білді.

Оның  жеке  мұрағатына  үңілсек,  сонау  алыстағы  1972 

жылдан  бері  баспа  бетінде  жарияланған  тәрбие,  білім, 

адамгершілік,  т.б.  әртүрлі  тақырыптарда  жарық  көрген 

мақала,  ой-толғауларын  қолға  алып  оқығанда,  ұстаздың 

қаламгер екендігін де байқауға болады. Ұқыпты ұстаз өзінің 

жиған-тергенін  мұрағатында  сақтамай,  қазақ  балаларына 

арнап бірнеше кітап етіп басып шығарды. 

Алматы  қаласындағы  “Нұрлы  Әлем”  баспасынан  2001 

жылы  “Қызықты  100  есеп”,  2002  жылы  “Шахмат  есептері”, 

“Ди-Пи-Эс”  баспасынан,  2007  жылы  “Мәтінді  есептер  және 

олардың  шешулері”,  2007  жылы  “Қызықты  120  есеп”  атты 

кітаптары  жарық  көрді.    Кітаптары  облыстағы  барлық  қазақ 

тілінде оқытылатын мектептерге таратылып, оқырмандардың 

қолдарына тиіп, ыстық ықыласына бөленуде.

“Ұстаз  таразысы”  –  шәкірт  білімі,  шәкірт  тәрбиесі.  Олай 

болса, ағайдан сапалы білім, саналы тәрбие алып, жоғарғы 

оқу  орындарын  бітіріп,  өмірден  өз  орындарын  тауып,  түрлі 

салада еңбек етіп жүрген шәкірттері баршылық. Атап айтсақ, 

Балниязова Шынар, Самиева Жадыра, Баймұратова Айгерім, 

Қортанов Диас, Сатжанова Жұлдыз, т.б.

Бірнеше  жыл  табан  аудармастан  ұстаздық  жолында  тер 

төккен  А.Оразов  зейнеткерлікке  шыққан  соң,  С.Шапағатов 

селосына  қоныс  аударып,  осындағы    №1  мектеп-лицейде 

дарынды балаларға шахматтан дәріс береді.      

Жыл  сайын  Форт-Шевченко  қаласында  аудан  мектептері 

оқушыларының  арасында  шахматтан  жарыс  өтіп  тұрады. 

Ағай  дайындаған  шахматшылар  2011-2012  оқу  жылында 

екінші орын алға, 2012-2013 оқу жылында 19,5 ұпай жинап, 

аудан  мектептері  арасында  жүлделі  бірінші  орынға,  2013-

2014 оқу жылында 27,5 ұпай жинап бірінші орынға ие болды. 

Ағай  үміт  артып  отырған  жас  шахматшылар:  Жаңабаев 

Данияр,  Қарабасов  Арман,  Ахмеджанов  Диас,  Қожахмет 

Алуа, Жеңісова Айжан.  

Ұзақ жылдар бойы “Шахмат есептерін шешудің балалардың 

логикалық  ойлау  қабілетін  арттыруға  тигізетін  әсері”  деген 

тақырыпты  нәтижелі  зерттеп  келеді.  Аталған  тақырыпта 

баяндама  жасап,  қалалық  “Педоқу-2001”  байқауында 

бірінші  орынға,  2003  жылы  ІІІ  Облыстық  педагогикалық  оқу 

конкурсында екінші орынға ие болды. 

Осындай  білімді  де  білікті  ұстаздың  шәкірт  тәрбиелеуде 

еткен  еңбегі  ескерусіз  қалмады.  Бұған  дәлел  ретінде 

әкімдіктерден, аудандық, қалалық, облыстық оқу бөлімдерінен 

берілген  бірнеше  Алғыс  хаттар,  Құрмет  грамоталарын 

айтсақ болады. Мысал келтіре кетсек, 2003 жылы Қазақстан 

Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 

2006  жылғы  “Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  ісінің 

Құрметті  қызметкері”  төс  белгісі  және  2013  жылы  “Өрлеу” 

Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Маңғыстау 

облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін 

арттыру  инститтының  директоры  И.Джумагалиевадан  “Үздік 

мұғалім” медалінің берілуі, осының барлығы ұстаз еңбегінің 

ескерілгендігі.  2008  жылы  жарық  көрген    “Маңғыстау”  және 

2013  жылы  басылып  шыққан  “Маңғыстау  мұғалімдері” 

энциклопедияларына Амандық ағайдың есімі енгізілген.

    Тәжірибелі  ұстаз  ізбасар-жас  мамандарға  ақыл-кеңесін 

беруден аянған емес. Ұлағатты ұстаздың кеңестері:

а)  “Сіздер  өзіңіздің  біліміңізді  үздіксіз  көтеріп 

отырмасаңыздар,  білімді  мұғалім  бола  алмайсыздар.  Үнемі 

ізденіп,  алға  ұмтылып  отырсаңыздар,  мықты  маман  иесі 

боласыздар”;

ә)  “өзіңіздің  жылы  лебіздеріңізбен  оқушыларға  сыйлы 

көріне біліңіздер”; 

б) “көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен 

жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең 

бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады” 

деген  грек  жазушысы  Плутарх  сөзін  жас  мұғалімдерге  жиі 

айтып, оларды жігерлендіріп отырады.

А.Оразов  жоғарғы  санатты  математика  пәні  мұғалімі 

қызметімен  қатар  30  жылдан  бері  шәкірттеріне  шахматтан 

дәріс беріп келеді және ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағы 

да бар. 


Осындай өз ортасында абыройлы, беделді ұстаз – жанұяда 

адал жар, асқар таудай әке, ақылшы ата. Ол зайыбы Күләш 

Қадырбайқызы  апамызбен  бірге  екі  ұл,  бір  қыз  тәрбиелеп 

өсіріп,  ұлдарын  ұяға,  қызын  қияға  қондырып  отырған  асыл 

жан. Бүгінде ұл-қызы жоғарғы оқу орындарын бітіріп, өмірден 

өз орындарын тауып, түрлі салада еңбек етуде. 

Алла жазуымен үлкен ұлы - Балтабай өмірден ертерек озып 

кеткенімен, артында шаңырағын ұстап, түтінін түтетіп отырған 

аяулы жары, баласы бар. Келіні Дина Шаңытбайқызы Ақтөбе 

қаласында,  стоматолог  қызметінде.  Немересі  Бауыржан 

Балтабайұлы  –  Ақтөбе  қаласындағы  М.Оспанов  атындағы 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  медицина  университетінде 

стоматология факультетінің 4 курс студенті.

Қызы  Гүлбану  –  жоғары  білімді  экономист,  күйеу  баласы 

Дүрды – инженер, үш баласы бар бақытты жанұя.

Ағайдың  кіші  баласы  Орынбек  –  өндірісте  инженер, 

келіні  Гүлназ  –  медбике  болып  қызмет  етеді.  Олардың  да 

шаңырағында екі бүлдіршін өсіп келеді.

Бүгінде Амандық ағай Күләш апамызбен бірге балаларынан 

өрбіген  немере,  жиендерінің    рахатына  бөленіп  отырған 

ұлағатты ата, бақытты әже.

Ел  сенімінен  шығып,  жауапкершілік  жүгін  қайыспай 

көтерген,  40  жылдан  астам  уақыт  ұстаз  болып,  ізгілігі  мол 

жылдарды  бастан  кешірген,  өмірі  өнегелі  ардагер  ұстаз  – 

Амандық  Ізбалаұлына  деніне  саулық,  отбасына  амандық, 

еңбегіне  жеміс,  ұзақ  және  бақытты  ғұмыр  тілей  отырып, 

жасай беріңіз аға дегім келеді.

Арайлым БЕКБОСИНОВА,

С.Шапағатов селосындағы №1 жалпы орта білім

беретін мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі

Өнегелі өмір 

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҚ

ҚОЖАЛЫҚТАРЫ БАСШЫЛАРЫ МЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕСІНЕ!

Табиғи шөпті өрттен сақтау үшін мына ережелерді орындау қажет:

-  Пішен  маялаған  алаң  шөптен  тазартылсын,  бөтен  адам  немесе  мал 

түсіп  кетпеуі  үшін  айналасын  жыртып,  қоршалсын  немесе  терең  етіп 

орлансын,  тәулік  бойына  кезекші  қойылсын.  Сондай-ақ  су  (су  қойма 

немесе су құйған ыдыс) артығымен және бастапқы өрт сөндіру құралдары 

мен  мотопомпалар,  от  сөндіргіштер,  сыпырғыштар,  ара,  тырмалар  және 

басқаларымен жабдықталсын.

- Пішен маяларының сыртын орай 15 метр қашықтықтан ені кем дегенде 

4 метр жер жыртылсын. Жеке маялар төңірегі де 5 метр жерден қорғалуға 

тиіс.


- Өрт болған жағдайда хабарлау үшін пішен қоймаларына сирена немесе 

дыбыс беретін қарапайым дабылдар (қоңырау, рельс кесіндісі) орнатылсын.

-  Табиғи  шөп  қоймаларында  жұмыс  істеуге  ұшқын  өшіргішпен 

жабдықталмаған  тракторларды  не  автокөліктерді  жіберуге  болмайды. 

Қоймаға  кірер  алдында  жүргізушілер  ұшқын  өшіргіштің  дұрыс,  әрі  сенімді 

қондырылғандығын тексеруге тиіс.

- Пішен тиеген кезде автокөлікті сөндіріп тастау қажет. Автокөліктің орнын 

қарап, газ шығатын тұрбасының маңындағы пішенді жинап алғаннан кейін 

ғана қоймадан шығуға рұқсат етілуі тиіс.

- Пішен сақталған учаскелерде арнайы жабдықталған «Темекі тартатын 

орын» деп жазылған орын болуға тиіс. Пішен не сабан маясының маңында 

темекі тартуға, от жағып жұмыс жасауға тиым салынады.

- Базалық қоймалар сенімді жай тартқышпен жабдықталсын.

- Пішен қойма алаңының кіре-берісіне және ішіне өрт қауіпсіздігі шаралары 

туралы стенділер, плакаттар, жадынамалар ілінуі қажет.

Өрт  шыққан  жағдайда  <<101>>  немесе  8(72938)  2-21-01  телефонына 

шұғыл түрде хабарлау керек.

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ!

Жұртшылық  бұл  кездесулерге  ерекше  көңіл-күймен  дайындалады.  Он 

бір жыл бойы мектеп партасында қатар отырып, бірге ойнап-күлген, бірге 

сабақтан  қашып,  талай  қызықты  бірге  өткізген  достарыңа  деген  ыстық 

сезім  кеудеңді  кернейді.  Бал-балалық  шақты  еске  алып,  сол  кезге  бір 

сәт  қайта  оралғың  келеді.  4-5  ай  бұрын  кездесуге  дайындық  шаралары 

басталып та кетеді. Қиялға ерік беріп кездесуді ерекше есте қаларлықтай 

етіп  өткізуге  тырысады.  Өмірден  өткен  құрбы-құрдастарын,  ұстаздары 

мен ата-аналарын еске алып, оларға құран бағыштатуды парыз санайды. 

Аудандағы өзіндік қалыптасқан дәстүрі бар іргелі ауылдардың бірі –Таушық 

ауылы. Өз болашақтарына нық сеніммен қарайтын өршіл, жасампаз жұрт. 

Адамдары  ұлағатты  бастамалары,  іскерлігі,  еңбектерімен  көпке    үлгі  

боларлықтай игілікті істерімен ерекшеленеді. Әдетке айналған кездесулер 

ұйымдастыра  отырып,  туған  ауылдың  көркеюіне  атсалысуды  азаматтық 

парыз  деп  таныған  ауыл  азаматтары,  осындай  кездесуден  бір  ескерткіш 

ретінде қалсын деп ауылға керек, өздерінің күші жететін дүниелерді қолға 

ала бастапты. Бұл игі шара өткен жылғы 10 жылдық өткізген түлектерден 

бастау  алған  көрінеді.  Таушық  ауылына  кіре  беріске  аялдама  салған. 

Биылғы  10  жылдыққа  жиналған  түлектер  ауылға  жаздық  сахна  салып 

берсе,  20 жылдық кездесуге келгендер  «Дәніспан» қорымына белгі қойды. 

Жыл сайын мектеп бітіруші түлектердің туған ауылына, алтын ұя мектебіне 

өздері  бірлесіп  демеушілікпен  өнегелі  іс  тындырып,  артқа  із  қалдыруы 

жалғасып  келеді.  Ауыл  тұрғындарына  жарқын  істеріңіз  қашан  да  жалғаса 

берсін демекпіз.

Осындай үлгі аларлық 20 жылдық кездесулердің бірі Аташ елді-мекенінде 

де өтті. Т.Г.Шевченко атындағы орта мектептің 1994 жылғы түлектері «Талай 

қызық  күнді  өткізген  қайдасыңдар,  достарым!»  атты  20  жылдық  кездесу 

концертін  ұйымдастырды.  Кеш  қонақтары  болып  10,  20,  30,  40  жылдық 

түлектер  қатысты.  Кеште  лотерея  билеттері  ойнатылып,  сыйлықтар 

тапсырылды.  Ауыл  тұрғандарына  арналған  концерттің  соңы  жастарға 

арналған би кешімен аяқталды.

Әдетте, осындай кездесулерге жиналушылар тек өздері кездесіп, 2-3 күн 

ұлан-асыр той жасап, арты немен біткенін білмей тарасып жататындары да 

бар. Ал жоғарыда айтылған, атқарылған істер алдымен туған жерге тартуың, 

сенің  де  бір  кірпіш  болып  қаланып,  өз  ауылыңа  пайда  әкелетін  азамат 

болғаныңды көрсетіп, тамшыдай болса да көркейтуге үлесіңді қосуың. Осы 

орайда, ауылда мұндай жұмыстарды қолға алуға жер бөліп, тұрғындармен 

тығыз  байланыста  отырған  әкімдерді  де  айта  кету  керек.  Жақсы  бастама 

болғанымен жергілікті атқарушы органның қолдауынсыз  қолдың байлаулы 

қалатыны  да  аян.  Демек,  ауыл  мен  қаланың  дамуна  өз  үлесін  қосатын 

демеуші табылып жатса, әкімдер жер бөліп, техникамен қамтамасыз етуден 

қашпау керек сияқты.



Жадыра ЖОЛДАСОВА

ҮЛЕКТЕРДІҢ 

УҒАН ЖЕРГЕ 

АРТУЫ

Мамыражай тірлік кешетін мамыр айы – еліміз үшін мерекелі

ай деп айтуға болатындай. Бірінен соң бірі келетін мерекелер

шеруі  1  мамырдан  бастап,  7-9  мамыр  мерекелеріне  ұласып,

25  мамырдағы  соңғы  қоңыраумен  аяқталады.  Осы  күнді

мектеп бітіруші түлектерден бөлек асыға күтетеін тағы бір топ

бар.  Әр  ұрпақ  кезектесіп  тойлайтын    бір  мереке  бар  –  мектеп

бітірушілердің 5 жылдық, 10 жылдық, 20 жылдық кездесуі.

Т

Меншік иесі:

Газет Ќазаќстан Республикасы Мәдениет және аќпарат министрлігінде  тіркеліп,

 №13362-Г куєлігі берілген.

Газет жарияланымдарындаѓы автор пiкiрi редакцияныњ т‰пкiлiктi кµзќарасы болып есептелмейдi. 

Жарияланѓан материалдарды сiлтемесiз кµшiрiп басуѓа болмайды.

Жарнама, хабарландырулар мазм±нына редакция жауап бермейді. 

Редакцияѓа жолданѓан материалдарѓа рецензия жасалмайды жєне ќолжазба авторѓа ќайтарылмайды.

Тақырыптық суреттер ғаламтордан алынады



Газет “Маңғыстау - Медиа” ЖШС Дизайн орталыѓында беттелдi.

Мекенжайымыз:      

Аќтау ќаласы ,  14 ш/а,  Облыстыќ єкімдік ‰йі,    2-ќабат.        Қабылдау бөлмесі    8 (7292) 42 97 95    



e-mail:mangistau-media@mail.ru

Таралымы:1300

Индекс: 65809.

газеттің бағасы келісімді.

 «CASPY PRINT» ЖШС 

баспаханасында басылды.

130000, Аќтау ќаласы, 22 ш/а. 

тел: 750999, 750666.

Беттеуші дизайнер:  Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ

Редактордың м.а  Жадыра ЖОЛДАСОВА

Тілшілер: Жадыра ЖОЛДАСОВА; Мұқанбетулла КЕМЕР

Редакцияның мекенжайы: 

Маңғыстау облысы, Түпқараған 

ауданы, Форт-Шевченко қаласы,кіші 

акимат ғимараты. № 21-22 кабинет



 ТЕЛ/факс: 8(72938) 22-59-6,  

 e-mail:  akketikaraii@mail.ru



Түпқараған аудандық қоғамдық-саяси газет

ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

Директор

Ғалымжан МЕЛДЕШОВ

АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

5 МАУСЫМ

түнде:  +22   күндіз:  +29

6 МАУСЫМ

түнде:  +24    күндіз  +28

7 МАУСЫМ

 түнде: + 23    күндіз +27

8 МАУСЫМ

түнде:  +24    күндіз  +27

4

№28 (656)  5 маусым 2014 ж.

akketikaraii@mail.ru



ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

Дизайн орталығының жетекшісі Сағындық РЗАХМЕТОВ

КӘСІПКЕРЛІК ТОҚТАТЫЛАДЫ

Койчыбаев Базарбай Майлыбаевич атына берілген жеке кәсіпкерлік 

куәліктің тоқтатылуына байланысты арыз-шағымдары бар азамматтар 1 

ай мерзім ішінде 87014208226 байланыс нөміріне хабарласуы сұралады. 

К-11


Матбаев  Ибрагим  Сабитович  атына  берілген  сериясы  08915     

№ 0097248 санды жеке кәсіпкерліктің жабылуына байланысты жарамсыз 

деп танылсын, арыз шағымдары бар азаматтар 1 ай мерзім ішінде 2-25-

42 байланыс нөміріне хабарласу сұралады. 

К-12

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛСЫН

К-13


-Бұл 86 бала – ауданымыздың 7 мектебінің 1-сыныбына барады. 

Бәрі де аз қамтылған не көпбалалы, соғыс және тыл ардагерлерінің 

отбасылардан  шыққандар.  Бұл  жолы  балалар  «Теңізсервис» 

компаниясынан,  «Жайлау»  серіктестігінен,  аудан  әкімдігінен  және 

оған  қарасты  мемлекеттік  мекемелерден  базарлықты  болды. 

Акция алдағы уақытта да жалғасын табады, - дейді аудандық білім 

бөлімінің бастығы Айбаршын Өтесбаева.

Биыл  аудан  мектептеріне  1-сыныпқа  баратын  балалар  саны 

700-дің үстіне шығыпты. Бұл – аудан халқының жылдам өсіп келе 

жатқанының көрінісі. Осыған орай жаңа мектептердің құрылысына 

да баса көңіл бөлінуде. Ақшұқырда үлкен мектеп салынып жатыр, 

аудан орталығында да 30-мамыр күні 120 орындық жатақханасы 

бар  540  орындық  мектептің  құрылысы  басталды.  Ол  құрылыс 

Жаңакетіктегі спорт кешенінің теңіз жақ бетінде, «Балбөбек» балабақшасының қарсысында.

Мерекеде сондай-ақ әртүрлі ән, би, сурет, спорт сайыстары өтті. Оған ауданның барлық мектептерінен келген 

балалар қатысып, орталық алаңды дүбірлетіп жіберді.



Айсағали ҚЫДЫР

Форт-Шевченко  қаласындағы  қуғын-

сүргіннің    құрбандарына  орнатылған 

ескерткіш жанына үлкен-кішісі бар көп адам 

жиналды.  Аудан  әкімі  Темірбек  Асауов, 

аудан  әкімінің  орынбасарлары,  аудандық 

мәслихат  депутаттары,  ақсақалдардан 

бастап 


оқушыларға 

дейін 


рәсімді 

ескерткішке  гүл  шоқтарын  қоюдан  бастап, 

1 минут үнсіз тұрып еске алды. Аудан әкімі 

Темірбек  Асауов,  аудандық  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Боқан  Таңғұлов, 

аудандық  мұрағат  директоры  Оразбибі 

Серікбаева, 

қуғын-сүргінге 

ұшырған 

адамдардың  ұрпақтары  атынан  Тельман 

Махановтар тебірене тұрып сөз сөйледі. 

Аудандық  орталықтан дыр ыл ған  кітап-

хананың  ұйымдастыруымен  «Тарихтан 

тағлым-өткенге  тағзым»  атты  тарихи 

танымдық  шара  өткізілді.  Онда  оқушылар 

сол  кезең  туралы,  жазықсыз  ұсталып 

кеткен  ерлер  туралы  өлеңдер  оқыды. 

Оқушылардың  қолдарына  ұстап  тұрған 

үлкейтілген суреттерінен біз де көп жайды аңғарғандай болдық. Аудандық мешіттің имамы Опа қажы Жусип оқылған 

Құран  сүрелерінің  сауабын  құрбан  болғандардың  рухтарына  арнады.  Аудан  әкімі  қуғын-сүргін  құрбандарына 

арнап мешітте ас беріп, дұға оқылды. Соңында оқушылар эстафетамен жүгіріп өтті.   

Мұқанбетулла КЕМЕР

Руы  бәйбіше  Жеменей 



Қаршығаұлы  Ізбасаров  Амандықтың 

жүз  күндік  садақасы  болатынын  хабарлаймыз  7-маусым  қонақасы, 

8-маусым садақасы. Форт-Шевченко қаласы Оңғалбайұлы көшесі №21. 

Хабар айтушы анасы және бауырлары. 



ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ЖЕТІСТІГІ

Қарағанды қаласының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тұлға–2014» халықаралық жас орындаушылар 

фестиваліне «Хазірет» жастар қоғамдық қорының бастауымен, аудан әкімдігі мен Таушық ауылы әкімдігі қолдап, 

ауданымыздың  өнерпаздары  қатысып  қайтқан  болатын.  Шахта  орта  мектебінің  10  сынып  оқушысы  Жасұлан 

Айтуғанов би номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығасына байлап, ауданымыздың атын асқақтата түсті. Ал  

Е.Өмірбаев мектебінің 10 сынып оқушысы Күмісбай Орынтай ақындық және көркемсөз мәнерлеп оқуда  3-ші орын 

иеленді. Фестивальға Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, т.б бірнеше елден өнерпаздар  қатысты. Бұл   Түпқараған 

ауданы оқушыларының биылғы жылға тамаша жетісітктері деп ойлаймыз.



Өз тілшіміз.

ҚУҒЫН-СҮРГІН  ҚҰРБАНДАРЫ  

ЕШҚАШАН  ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» 

МАУСЫМДА БАСТАЛДЫ

Мереке атаулының ішіндегі ең бір әдемісі – балалардың 

мерекесі болса керек-ті. 1-маусымда аудан орталығында 

осындай  мереке  өтті.  Бұл  Балаларды  қорғаудың 

халықаралық  күніне  орай  өткен  шара  болатын.  Әнмен, 

бимен, көңілді сайыстармен өрнектелген бұл мерекенің 

аясында «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы 

да  бар  екен.  Осы  жолы  енді  1-сыныпқа  баратын  86 

бүлдіршін сөмкесіне салынған оқу құралдарының толық 

құрамын және бағалы сыйлықтар алды.

ХАБАР АЙТАМЫЗ

Иә, дүниеде не болып, не қоймады десеңші?! Тыныштық уақытта өз елінің жаулары атанған ерлерді 

қалай  ұмытарсың?  Олардың  әйел,  балаларының  не  жазығы  бар  еді?  Қаннен-қаперсіз  отырғанда, 

түннің бір уағында ұсталып, «Халық жауы» болып кету, ол уақытта еш қиындық келтірмепті. Ол, ол 

ма, олардың әйелдері мен балалары да «Халық жауының әйелі, балалары» атанып, басқасын қоя 

қойғанда, өзіміздің еліміздің аттарын неше түрлі қылып ойлап тапқан лагерлерінде отырып, атылып, 

асылып, бірнеше жылға сотталып кете барған. Қазіргі ұрпақ оны әрине білмейді де, білмей-ақ қойсын. 

Оның есесіне қазіргі ата-әжелеріміз біледі. Сол кісілердің әке-шешелері, аға-жеңгелері ұсталып кете 

барған  ғой.  Бұның  көпшілігі  1937-38-жылдары  болған.  Одан  бері  де  бір  адамның  өміріндей  уақыт 

өткен екен. 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 - мамыр Саяси қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Содан бері бұл күн еске алу күні ретінде аталып келеді. 

ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ 

АТЕСТТАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТЫР

Күнделікті концерттерде фонограммадан құлағымыз тұнып жүрсе, бұл 

жол жанды дауыстағы орындаушыларды тыңдау мүмкіндігіне ие болдық. 

Оркестр ұжымы «Жылқышылар» композициясын орындағанда  қазақтың 

кең  даласында  шауып  жүрген  әсем  жылқылар  көз  алдымызға  келіп,    өз 

басым  әдемі  әсер  алдым.  Яғни,  өнерпаздар  бір  көрерменнің  болса  да, 

жүрегінен орын ала алды. Комиссия мүшелерінің де, жүректеріне жеткен 

болар.


Жадыра Едігеқызы

Бұл  жолғы  концерт  әдеттегіден  өзгешелеу  болды. 

Көрермендері  аз  болса  да,  белгілі  бір  топтың  көңілінен 

шығып,  өздерінің  халықтық  атағын  сақтап  қалу  үшін  аудан 

өнерпаздары жанын салып дайындалыпты. Аудан жастарынан 

құрылған Елбасы Жолдауын кеңінен насихаттауды мақсат еткен 

«Ақжелкен» үгіт-бригадасы, халықтық атағы бар оркестр ұжымы, 

«Қызғалдақтар»  үлгі  би  ансамблі,  «Айна»  этнографиялық- 

халықтық ұжымы, «Ғажайып әлем» қуыршақ театры ұжымдары 

өздерінің  ең  керемет  деген  нөмерлерін  көрсетіп,  комиссия 

мүшелерінің көңілінен шығуға тырысты.

Фототілші: Айсағали ҚЫДЫР




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал