Қармақшы таңы №75 (9329) Сәрсенбі 1 қазан



жүктеу 391.46 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі391.46 Kb.
1   2   3   4

Алтыншаш КЕТЕБАЙ.

«Ақние

т» бағдар

ламасы

Өткен  жылдан  бері  облыс  әкімдігі 

мен  «Лукойл»  компаниясының  бі­

рігуімен  ауыл  халқының  әлеуметтік 

жағдайын  жақсарту  мақсатында  «Ақ ­

ниет»  әлеуметтік  серіктестік  бағ­

дар ламасы  іске  асырылуда.  Биыл 

бұл  бағдарлама  арқылы  ауданның 

33  тұрғыны  қайтарымсыз  несие­

ге  қол  жеткізіп,  сертификатқа  ие  бол­

ды.  Солардың  арасында  Төребай  би 

ауылының  тұрғындары  «Компьютерлік 

қызмет көрсету орталығы» жобасы бой­

ынша «Игі лік» номинациясының иегері 

Аман келді  Өтемұратов,  «Ағаш  өңдеу 

цехы»  жобасы  бойынша  «Әлеуметтік 

кәсіпкер»  номинациясының  жеңім­

пазы  Сәндібек  Мусаев  және  «Ағаш 

өңдеу  цехы»  жобасы  бойынша  «Қол­

өнер»  номинациясының  иегері  Әл мен­

бет  Сәтовтер  де  бар.  Осы  Төребай  би 

ауылының  тұрғындары,  яғни  «Ақниет» 

әлеуметтік серіктестік бағ  дарламасының 

биылғы  жылы  сертификатқа  ие  болған 

грант  жеңімпаздары  жайлы  айтар 

болсақ...

БІР АУЫЛДАН 

ҮШ ГРАНТ ИЕГЕРІ



КОМПЬЮТЕР ҚЫЗМЕТIН 

ЖЕТIК МЕҢГЕРГЕН 

КӘСIП ИЕСI 

Аманкелді  Тұрғанбекұлы 

1974  жылы  25  қазанда 

Қазалы 


ауданында 

туы ­


лып, 

Қармақшы 

ауда­

нына  1987  жылы  көшіп 



келеді.  1982­1992  жылда­

ры аудандық №105 орта мек­

тепте  10  жылдық  білім  алып 

шығады. 1997 жылы Алмагүл 

есімді  сол  ауылдың  ару 

қызымен  шаңырақ  көтеріп, 

қазірде  жұбайы  екеуі  4  ба­

ланы  тәрбиелеуде.  Үлкені 

Бақыт  10­шы,  Аружан  7­ші, 

ал  Айбегі  5  сыныптар­

да  оқиды.  Ал,  Еркеназы  3 

жас та.  Балалары  мектепте 

үлгерімді,  жақсы  оқушылар, 

үйде  тәртіпті  әрі  ата­

анасының көмекшілері. Олар 

компьютерді  тез  меңгерген. 

Компьютерді  жақсы  меңгер­

гендіктен  әкесінің  шаруа­

сын  жасап,  сабақтарын  да 

оқып  үлгеріп  отырады  екен. 

Ал,  жұбайы  Алмагүл  сол  ау­

ылдағы  №15  «Ақ  көгершін» 

балабақшасында 

тәрбиеші 

болып қызмет істейді.

Біраз 


жыл 

ауылын­


да  кү ріш  шаруашылығымен 

айналысқан  Аманкелді  кәсіп 

ашудың  көзін  тауып,  үйінде 

компьютермен  жазып,  қағаз 

шығарумен және оны сканер­

леп,  ксерокөшірме  жасаумен 

айналысады.  Содан  соң  осы 

кәсібін  дамыту  мақсатында 

биыл  екінші  жыл  өріс  алған 

«Ақниет» 

бағдарламасына 

құжаттарын тапсырып, жоба­

сын қорғап бәрі ойындағыдай 

болғанына  қатты  қуанады. 

Өз  жоспарын  іске  асыруға 

ұмтылған  кәсіпкер  алған 

қайтарымсыз несиесін өз жо­

басына  керекті  заттарына 

жұмсап,  кәсібін  дөңгелетуге 

кірісті.


­Жұмыс  істеймін  деген 

адамға екі қолға бір күрек та­

былады.  Мен  қолыма  күрек 

ұстамасам  да  өз  отбасымды 

асырап,  ауыл  халқына  пай­

дамды тигізіп, игілікті іс істеп 

жатқаныма  қуаныштымын,­

дейді кәсіпкер Аманкелді.

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Сәндібек Мусаев 1964 жылы 25 нау­

рызда  Қармақшы  ауданы,  Иіркөл  ауы­

лында дүниеге келген. 1971­1981 жылда­

ры 10 жылдық  білім алып, бір жылдан соң 

Ресейдің  Астрахань  облысына  әскерге 

ат

  

танады.  Одан  1985  жылы  әс кери  бо­



рышын өтеп келіп, сол жылы аудандағы 

№12  кәсіптік­техникалық  училищеде 

«Кө лік  жүргізуші»  мамандығы  бойын­

ша 6 ай курс оқып шығады.1987 жылдан 

бастап Иіркөл ауылында шаруашылықта 

7  жылдай  мал  бағады.  1994  жылы  Жо­

салы  ауылына  көшіп  келген  Сәндібек 

қырманда  қарауылдық  қызметпен  қоса 

тұрмысқа қажетті ағаш пен темірден жа­

салатын заттарды жасаумен айналысқан.

Оның  жары  Гүлнар  екеуі  4  бала 

тәрбиелеп,  үлкен  қызы  Маржан  Ақтөбе 

ауылына  тұрмысқа  шығып,  Бақытжан 

есімді  күйеубаласымен  бірге  көз  қуа­

нышы  Бекжан  мен  Бақдәулетті  тәр бие­

леп өсіруде. Одан кейінгі ұлы Нұр жаны 

қолдарында  тұрса,  Ержаны  аудандық 

№12  аграрлы­техникалық  колледждің 

3 курс студенті. Кенже қызы Айнұр сол 

ауылдағы  №199  мектепте  10  сынып 

оқушысы.  Күш­қайратты,  жігерлі  бо­

лып  өсіп  келе  жатқан  Нұржан  мен  Ер­

жан әкесіне көп көмегін беруде. Әкесінің 

жұмысына  бірдей  араласып,  ағаш  пен 

темірден  жасалатын  құралдардың  қыр­

сырына  мән  беріп,  болашақта  әкесі 

сияқты ұста болып, әке жолын қумақшы.

­Бағдарлама ауыл тұрғындарына көп 

септігін  тигізуде.  Тұрмыс­тіршілігімізді 

жақсартып  жатқан  «Лукойл»  ком­

паниясы  мен  облыс  әкіміне  рахмет. 

Ендігі  жерде  бізге  жасаған  көмегі  үшін 

қолымнан  келген  темір  ұстаханасын 

ашып,  ауыл  игілігі  үшін  тіршілік  жа­

сап,  ауыл  халқының,  кейде  аудан­

нан  түскен  тапсырыстарды  қолымнан 

келгенінше  орындауға  тырысамын.  Кез 

келген  ағаштан,  темірден  жасалатын 

есік,  терезе,  үстел,  керней,  қалақ,  ду­

хобка,  т.б.  бұйымдар  жасап,  тапсырыс­

тар қабылдап, уақытылы орындау менің 

мақсатым,­дейді кәсіпкер Сәндібек.

ҚОЛӨНЕР  ШЕБЕРІ

Өмір дегеніміз­баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен 

салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді 

қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір­өзен болса, ағысқа 

қарсы емес. Өмір дегеніміз­баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір 

адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз­адамның шыр етіп 

дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта 

пенденің қуаныш­қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен 

жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмір 

өзі өзен, бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу­толқындар кездессе, 

бірде жайшуақ күндер болады. 

Өмір дегеніміз­Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. 

Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап 

келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз­

адамға бір­ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін 

әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбір сәтін мәнді де, сәнді де 

өткізу керек. 

Өмір деген-мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі. 

Ешкім оған қоя алмайды нүктені, 

Өмір  деген  сөйлем  емес  өйткені,­деген  ақын  Т.Айбергеновтің  

өлеңінде көп сыр бар.



К.ҚҰЛМЫРЗАЕВ,

аграрлы-техникалық 

колледждің психологі.

ӨМІР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Адамзаттың  барлық  ізгі  қасиеттерін 

бала бойына сіңіруде эстетикалық тәрбиенің 

маңызы  айрықша.  Ол  сайып  келген­

де  жас  ұрпақтың  нәзік  сезімді,  ұшқыр 

қиялды,  көңіл  көкжиегі  кең  азамат  болып 

қалыптасуына негіз қалайды. Бұл тәрбиенің 

басты  салаларының  бірі  әуез.  Әуездің 

адам  жанына  ететін  әсері  жөнінде  ұлы  ой­

шыл  Аристотель  былай  деген:  «Ырғақ  пен 

әуенде  әрқашан  өмір  қатар  өріліп  жатады. 

Онда  адамдардың  қаһары  мен  көркемдігі, 

ерлігі  мен  байсалдығы,  сондай­ақ  мінез­ 

құлықтары да бейнеленеді». 

Әуенді  тыңдағанымызда  қай­қайсымыз 

да  көңіл­күйіміз  өзгеріп  сала  береді.  Адам 

баласының  шегі  жоқ  сезімін  тек  әуездің 

құдіреті ғана бейнелеп жеткізе алады. Осы 

бағытта аудандық Тұрымбет Салқынбайұлы 

атындағы  балалар  әуез  мектебінің  педа­

го гикалық  ұжымы  жасөспірімдерге  сана­

лы  тәрбие,  сапалы  білім  беруде  жоғары 

көрсеткіштерге жетіп келеді. 

Қармақшы  аудандық  балалар  әуез  мек­

тебінің іргесі сонау 1972 жылдың қыркүйек 

айында  қаланған.  Сол  жылдары  балалар 

әуез мектебін Жүрсін Қаймақбаев басқарды. 

Ол кісі өте көрегенді, іскер басшы болатын. 

Үл   кендердің  жастарға  қалдырар  құнсыз 

өне  гесі  барын  ұққан  басшы  сол  уақытта 

ар дагер  ұстаздар:  Жалғасбек  Ләпбаев, 

Қап пар  Сәденов,  Қуаныш  Смағұлов,  Та­

лапбек  Серікбаев,  Рахима  Ермаханова, 

Үр ліхан  Қожахметовалардың  басын  қо­

сып,  өнер  ұжымын  ұйымдастырған.  Со­

нымен  қатар,  әр  жылдары  мектеп  жас  ма­

мандармен  толықтырылып,  түрлі  аспап­

тармен 

қамтамасыз 



етіліп 

отырған 


Мек  тепті  1992  жылға  дейін  марқұм 

­  Қаппар  Сәденов  басқарды.  Ол  жылда­

ры  да  әуез  мектебінің  беделі  шарықтады 

деуге  болады,  олардың  өнерлерімен  елді 

тамсантқанын  да  күні  бүгінге  дейін  айтып 

жүрміз.  Одан  кейінгі  жылдардан  бастап 

мектепті  өзім  басқарудамын.  1993  жылы 

мектепке  Сыр  сүлейі  –  Тұрымбет  жырау 

Салқынбайұлының аты берілді. Аты аңызға 

айналған  бабамыздың  атын  арқалағаннан 

кейін  біз  де  жұмысымызды  кеңейтіп,  ел ге 

жан  қуантар  жаңалықтарымызбен  та ныл­

дық,  өрісіміз  кеңейді.  Қазіргі  таңда  әуез 

мек тебінде  домбыра,  фортепиано,  баян, 

домра­прима,  қобыз,  жыр­терме,  саксафон 

кластары  бойынша  334  бала  дәріс  алып, 

43  мұғалім  жұмыс  жасауда.  Негізінде  мек­

теп мұғалімдерінің 80%­ы өз мектебіміздің 

түлектері,  барлығы  да  жоғары,  арнау­

лы  оқу  орындарын  бітірген  білікті  маман­

дар.  Мектебіміздің  мақтанышы  болып 

жүрген  сүйемелдеуші  –  Ләззат  Дембае­

ва,  қобыз  класынан  –  Шарабан  Төрешова, 

домра­прима  класының  мұғалімі  Рашид 

Ақназар, домбыра класының мұғалімдері – 

Аманкүл  Шәйкенова,  Бағдагүл  Мәденова, 

Айгүл  Жағалова,  Жұлдызай  Мадено­

ва,  Айгүл  Көшекова,  Рыскүл  Табынбае­

ва,  Зәуре  Сәрсенбаева,  жыр­терме  класы­

нан  –  Жарқынбек  Тұрымбетов,  Қыдырбек 

Сәденов, Әділбек Сүлейменов, фортепиано 

класынан  –  Нағашыбек  Бижанов,  Салтанат 

Ақназар,  Қаршыға  Науанова,  баян  класы­

нан  –  Бақыт  Серғазиева,  Жанат  Нақыпова, 

Сәния Қанағатова сияқты мұғалімдеріміздің 

шәкірттері 

облыстық, 

Республикалық 

бай  қаулардан  жүлделі  орындарға  ие  бо­

лып, мерейімізді көтеріп келеді. 1986 жыл­

дан  бастап  мектеп  жанынан  жыр­тер­

ме  кластары  ашылды.  Онда  облысқа, 

Республикаға  танымал  жырау,  марқұм­

Шамшат  Төлепова,  Сүйінбай  Ақбаев,  Ал­

шынбек Сәрсенбаев, қазіргі таңда жыраулық 

дәстүрді  жалғастырып  еңбек  етіп  жатқан 

Бидас  Рүстембековтер  жұмыс  жасады. 

Бүгінгі  таңда  сол  ұстаздардың  мектебін 

жалғастырып,  шәкірт  тәрбиелеп  жатқан 

Республикаға  белгілі  сазгер  –  Жарқынбек 

Тұрымбетовтың «Махаббат мұңы», «Өмір ­ 

гүлім», «Әкеме», «Қимаймын», «Бегім сұлу» 

әндері  Республикаға  кеңінен  танымал  бол­

ды. Жарқынбек 2009 жылы аудандық білім 

бөлімінің Құрмет грамотасымен, 2013 жылы 

Астана  қаласы,  Қазақстан  Мұсылмандары 

Діни  басқармасының  «Әзірет  Сұлтан» 

мешітінде өткен «Текті сөздің төресі ­ тер­

ме»  бәйгесінде  «Үздік  мақамы»  үшін  ди­

пломымен  марапатталды.  Бүгінгі  таңда  ба­

лалар  әуез  мектебінен  863  оқушы  әртүрлі 

мамандықтар  бойынша  бітіріп,  куәлік 

алып  шықты.  Шәкірттеріміз  жыл  сай­

ын  облыстық,  Республикалық  «Жас  музы­

канттар»  байқауында  жоғары  орындарды 

иеленіп  жүр.  Мысалы:  Гүлмира  Қосанова, 

Асыл Маханбетова, Сабыржан Салмұрзаев, 

Ақберген Тоғанасова, Мұхамеджан Бағатов, 

Әмірбек  Матжанов,  Гүлмира  Пірмаханова, 

Азамат  Мамыртаев,  Сағындық  Көбеков, 

Сәбит  Мұхамедұлы,  Серік  Нұрасыл,  Ай­

жан Тойбазарова, Дания Орынбекова, Жан­

сая  Пірназарова,  Айнұр  Әбдіраш,  Айгерім 

Жанғабылова,  Нұржан  Сармолдин  сияқты 

оқушылар  «Жас  музыканттар»  байқауынан  

орын  алып,  облыстан,  республикадан  ла­

уреат  атанды.  Оның  ішінде  Асыл  Ма­

ханбетова  Мемлекеттік  консерваторияны 

бітіріп, Құрманғазы атындағы ұлт­аспаптар 

оркестрінде,  Сабыржан  Салмұрзаев  Аста­

на  қаласындағы  Айман  Мұсаходжаеваның 

Өнер  академиясын  бітіріп,  Президенттік 

оркестрде,  Гүлмира  Пірмаханова  Алма­

ты  қаласындағы  П.И.Чайковский  атындағы 

музыкалық  колледжін  және  Құрманғазы 

атындағы  мемлекеттік  консерватория­

ны  бітіріп,  қазіргі  таңда  Астана  қаласында 

Президенттік  фольклорлық  ансамбльде 

жұмыс  жасауда.  Ауданның  өнер  ордасына 

айналған әуез мектебінің мұғалімдері жақсы 

шәкірттер  тәрбиелеумен  қатар  мәдени­

көпшілік  шараларға  да  белсене  араласады. 

Мысалы,  облыстық  ұстаздар  арасындағы 

«Наурыз  шапағаты»  фестивалінде  ұлт­

аспаптар  оркестрі,  орыс  халық  аспаптар 

ансамблі,  вокалды  аспаптар  ансамбльдері 

өнер көрсетіп, бірнеше рет лауреат атанды. 

Білім қызметкерлері арасында 2 жылда 1 рет 

ұлттық музыка өнерінің озық жаңа үлгілерін 

насихаттау мақсатында «Наурыз шапағаты» 

Өнер  фестивалін  ұйымдастырып  келеміз. 

Аудандық  әуез  мектебінің  ұлт­аспаптар 

ор кестрі,  орыс  фольклорлық  ансамблі 

және  қазақ  фольклорлық  «Жыр  күмбезі» 

ансамблі  облыстық  «Наурыз  шапағаты» 

Өнер фестивалінде жоғары кәсіби деңгейде 

өнер  көрсетіп,  лауреат  атанды  және 

концерттік  бағдарламалары  облыстық  те­

ледидар  қорына  жазылды.  Қазіргі  күнде 

өлкенің  өнердегі  үлкен  мұрасы  ретінде 

пайдаланылып  келе  жатыр.  1984  жылы 

құрылған  Ұлт­аспаптар  оркестрінің  ре­

пертуарында  15­тен  аса  шығармалар,  күй­

лер  және  халық  әндері  бар.  Жетекшісі  – 

Нағашыбек Бижанов. 2002 жылы құрылған 

«Орыс  халық­аспаптар»  ансамблінің  же­

тек шісі  –  Рашид  Ақназар.  Ал,  2008  жылы 

вокальді  аспаптар  ансамблі  құрылып, 

бү гінгі  таңда  түрлі  мәдени  шараларға 

қатысып,  жұмыс  жасауда.  Негізінде  бала­

лар  әуез  мектебінің  мұғалімдері  жылма­

жыл  жоғары  көрсеткіштерге  жетіп  келеді. 

Алдағы  уақытта  да  мұғалімдеріміз  дарын­

ды оқушыларын шыңдап, үлкен өнер жолы­

на салу үшін аянбай еңбек ете бермек.

Талғат ҚУАҢБАЕВ, 

аудандық Тұрымбет Салқынбайұлы 

атындағы балалар әуез мектебінің 

басшысы, «ҚР Білім беру 

ісінің үздігі».

ӘУЕЗ—ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ



1 қазан  - Халықаралық музыка күні

ҚАРМАҚШЫ

таңы


4

1 қазан, 2014 жыл

3080

910

САТЫЛАДЫ

ІСКЕ АСПАСЫН

Спорт

КӘСІПКЕРЛІГІМДІ 

ТОҚТАТАМЫН

Мереков  Әбдіжәмидің  атына  Ақтөбе 

ауылы, Кеңсе көшесі, №5 үйдің №896 сан-

ды  1.12.2006  жылы  берілген  Қазақстан 

заңнамасына сәйкес рәсімделмеген жыл-

жымайтын  мүлікті  жария  етуді  жүргізу 

жөніндегі  комиссия  шешімі,  14.02.2007 

жылы берілген №312-02 санды қабылдау 

комиссиясының  жария  етілген  құрылыс 

объектісін  пайдалануға  қабылдау  тура-

лы  актісі,  кадастрлік  нөмірі  10-151-021-

246,  287  ч/00171  санды  техникалық  па-

спорты, 10-151-021-246 санды жер актісі 

жоғалуына байланысты іске аспасын.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. 

Білімді  де  тәрбиелі  шәкірттер  тәрбиелеп,  бар  саналы  ғұ-

мырларыңызды  ұрпақты  білім  нәрімен  сусындатуға  арнаған 

өздеріңізге осындай айтулы мерекеде мол бақыт, қажымас күш-

жігер, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар 

тілейміз.  Аяулы  ұстаздар!  Жүздеріңізден  шаттық, 

көңілдеріңізден ән, өмірлеріңізден мән кетпесін.

Ізгі ниетпен А.Жанпейісов атындағы №105 

мектептің 11 сынып оқушылары.

А.Жанпейісов атындағы №105 орта 

мектептің ұстаздарына!

Теміржол көшесі, №12/5 үй саты-

лады. (Баракта) Үй 3 бөлмелі, веран-

дасы, погребі, сарайы бар, қорасында 

су  ағып  тұр.  Бағасы  келісім  бойын-

ша.  Хабарласу  телефоны  8-777-457-

49-45. Айнагүл.

ххх


“УАЗ-315” маркалы автокөлік са-

тылады.  5  орындық,  1992  жылғы. 

Түсі  жасыл.  Бағасы  келісім  бойын-

ша.  Хабарласу  телефоны  8-701-897-

66-31.

Құттықтаймыз!



Мен,  Шайкенов  Айдын  Талғатұлы 

(870619302498) кәсіпкерлік қызметімді 

тоқтатамын.

Аудан әкімі Н.Шамұратовтың  2014 жылдың 22 тамыздағы 

«Ауданда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 

2 айлығын өткізу туралы» № 73-ө Өкіміне сәйкес Жосалы кентіндегі 

№2-аймақ бойынша  мекемелерге бекітілген көшелер тізімі

Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары -

Қаржаубаев Арман Молдабайұлы



 Жауапты мекеме атауы мен басшысы

Бекітілген көше

1

Аудандық өндірістік телекоммуникация торабының басшысы 



Т.Омаров

 Ж/Д  казарма  көшесі

2

«Қармақшы аудандық ветеринарлық стансасы» КМК  басшысы 



Н.Бисенбаев

Шығыс көшесі және Шығыс 

тұйығы

3

№21 «Тоғжан» балабақшасының меңгерушісі А.Күзенбаева



Қорқыт ата  көшесі

4

Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық  балалар әуез мектебінің 



директоры Т.Қуаңбаев

Ә.Егізбаев көшесі

5

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Н.Бердібеков Аманкелді көшесі



6

“Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүліктер жөніндегі 

орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорынының 

Қармақшы аудандық филиалының басшысы О.Бодыбаев

Қармақшы және Қармақшы 

тұйығы көшесі

7

Аудандық мұрағат мекемесінің директоры Қ.Досниязов



Қармақшы ауданы және Байқоңыр аймағы бойынша мемлекеттік 

экологиялық бақылау инспекциясының инспекторы И.Тасқараев

С.Ахметұлы көшесі

8

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 



бөлімінің басшысы З.Метерова

Рысқұлов көшесі

9

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Ақжігітов Тоқмамбетов көшесі



10

Аудандық Жыраулар үйінің директоры С.Жақсығұлов

Шүленов көшесі

11

С.Есқараев атындағы №27 мектептің басшысы  Б.Дүйсенбаев



Е.Сексенбаев көшесі

12

 №3 «Ертөстік» балабақшасының меңгерушісі А.Әбжәлиева



Б.Медешов көшесі

13

Аудандық статистикалық басқармасының басшысы К.Таңбаев



Сүлейменов көшесі

14

Аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау 



мекемесінің басшысы  А.Бекберген

Тоқтаров көшесі, 

Нұртай көшесі және  Нұртай 

тұйығы 


15

«Ірілендірілген Қазалы жол дистансасы» мекемесінің басшысы 

Е.Қосанов

Темір жолдың бойы 

(Қараөзектегі  темір жол 

көпірінен-ескі Шымкент-Самара 

тас жолының көпіріне дейін)

16

ЛТЦ- 22 мекемесінің басшысы В.Щербаков



Мырзағалиева көшесі

17

Көше комитетінің төрағасы-Боранбаев Жаңабақыт және 



Алтынбасов Амандық

Қайнарбаев көшесі



Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары - 

Қарқынбаев Әлімжан Әбдісәлімұлы 

Аудан әкімі Н.Шамұратовтың  2014 жылдың 22 тамыздағы 

«Ауданда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 

2 айлығын өткізу туралы» №73-ө Өкіміне сәйкес Жосалы кентіндегі 

№1-аймақ бойынша  мекемелерге бекітілген көшелер тізімі



Жауапты мекеме атауы мен басшысы

Бекітілген көше

1

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар 



көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 

М.Еркебаев

Сегізов көшесі

2

«Туған ел келбеті» ЖШС директоры Т.Әбдиев



Абай және Абай тұйығы

3

«Қармақшытехсервис»  мекемесінің директоры А.Мереков



Тоғанас батыр көшесі  және Тоғанас 

батыр тұйығы

4

Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің басшысы 



Б.Жұмабаев

Байзақ тегі көшесі

5

№1 «Аққайың» балабақшасының меңгерушісі  Г.Исламханова Ізтілеуов көшесі



6

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы 

Н.Бақтияров

Ібәш жырау көшесі

7

«Жосалы темір жол стансасы» басшысы Б.Баянов



Вокзал пероны

8

Аудандық маслихат хатшысы М.Наятұлы



Кірекесов көшесі 

9

«Темір жол су құбыры» ЖШС директоры Ж.Смағұлов



Темір жол 

10 Обаға қарсы күрес бөлімінің басшысы М.Бәлібаев

Сералиев көшесі

11  Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы  

Ж.Дәуітбай

Ақмаржан


12 «ППС Ойл Трейд» директоры Т.Жансарин

Құдабаев көшесі

13 «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің 

басшысы Қ.Есдәулетов

 Ескі Шымкент-Самара автожолынан 

бастап этнопаркке баратын жол

14 Өкпе аурулар ауруханасының бас дәрігері Ә.Бекбергенова

Рүстембеков көшесі

15  Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы 

Е.Бисембаев

Өміров көшесі

16 “Таңсықбай” базарының директоры А.Демесінов

Төребай би көшесі

Қазақстан  Республикасының  2014  жылғы 

5 шілдедегі қылмыстық-атқару заңнамасының 

мақсаттары  әлеуметтік  әділеттілікті  қал-

пына  келтіру,  сотталғандарды  түзеу,  сот-

тал ғандардың  да,  өзге  де  адамдардың  жаңа 

қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының 

алдын алу болып табылады.

Гуманизациялау  нәтижесінде  қоғамнан 

оқшаулаумен  байланысты  емес  жазаға  ке сіл-

гендердің  саны  әлдеқайда  артады.  Тиісінше, 

оларға  бақылау  жасауды  жетілдіру  бойын-

ша  заңнамалық  шара  қабылдау  керек.  Бұл 

ретте  халықаралық  тәжірибені  ескере  оты-

рып,  қылмыстық-атқарушы  жүйеге  бақылау 

астындағы тұлғаларға көмек көрсету қызметін 

арттыру көзделіп отыр. Бұл осы қызметке про-

бация сипатын беретін болады.

Пробация  қызметі-қылмыстық  жаза-

лардың  қоғамнан  оқшауламай  орындалуын 

қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және 

өкімдік функцияларды жүзеге асыратын және 

өзінің есебіндегі сотталғандардың әлеуметтік-

құқықтық  көмек  алуына  жәрдем  көрсететін 

қылмыстық-атқару жүйесінің органы.

Қазақстанда  бастапқыда  шартты  жаза-

лау пробациясын сынамалы мерзімге шартты 

жазаланғандарға  қатысты  құру  көзделген  бо-

латын. Ал, бүгінгі күнде сынау пробацияның 

басты сипаты болып табылады.

Қоғамнан  оқшаулаумен  байланысты  емес 

жазалау – бұл сотпен белгіленген міндеттерді 

орындауда,  тағайындалған  жазасы  бойынша 

іс-қимылдарына бақылау жүргізу және оларға 

әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

Сотталған  адамды  пробация  қызметіне 

есепке  қойған  кезден  бастап,  оның  білім 

алуға,  мамандық  алуға,  жұмысқа  орнала-

суына,  емделуге,  сондай-ақ  құқықтық  кө-

мекпен  қамтамасыз  етуге  жәрдем  көрсетіп, 

ұсынылатын  әлеуметтік  құқықтық  көмектің 

көлемін  айқындауға  қажетті  өзге  де  мә-

ліметтерді анықтайды.

Оған  қоса  сотталған  адамға  сот  жүктеген 

міндеттерді  орындау,  оларды  орындамағаны, 

сондай-ақ  пробациялық  бақылау  тәртібін 

бұзғаны  үшін  жауаптылыққа  тарту  тәртібін 

түсіндіреді.

Осы  қабылданған  зандағы  пробация 

қызметі  тек  жазаларды  орындаумен  ға на 

емес,  пробациялық  бақылауда  жүрген  сот-

талғанның    жаза  өтеу  барысында    қайта 

қылмыс  жасауының  алдын  алу  және  оған 

әлеуметтік-құқықтық  көмек  көрсете  оты-

рып, оған қатысты бақылауды жүзеге асыруды 

көздейтінін ұмытпайық, АҒАЙЫН!!!




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал