Қармақшы таңы №75 (9329) Сәрсенбі 1 қазан



жүктеу 391.46 Kb.

бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі391.46 Kb.
1   2   3   4

ДІН БІРЛІГІ – 

ТӘУЕЛСІЗДІК 

ТІРЕГІ

Қазіргі  таңда  қоғамның 

тұрмыс­салты  мен  дү ние ­

танымының  жүйесі  ретіндегі 

діннің  рөлі  ай тар лықтай 

өсті. 


Діннің 

қоғамдық 

қатынастарға, 

қо   ғам 

санасының ді ни компонентін 

қалып тас ты руға  ықпал  ету 

спектрі  күшейіп,  кеңейе 

түсуде.  Халықтың  әр  түрлі 

топтары  өкілдерінің  рухани, 

соның  ішінде  діни  өмір  сал-

тына  деген  қызығушылығы 

артуда.


2011 жылы Қазақстан Рес­

публикасының  «Ді ни  қызмет 

және  діни  бір лестіктер  ту-

ралы»  Заңы  өз  күшіне  енді, 

онда  біз  алғаш  рет  ханафи 

ба ғы тындағы  исламның  жә­

не  православтық  хрис ти ан­

дықтың халықтың мә дени да-

муы  мен  рухани  өміріндегі 

тарихи рөлін атап өттік. Жал-

пы,  дін  қоғам  мен  мемлекет 

дамуының қажетті және сөзсіз 

жағымды  факторына  айна-

ла  бастады.  Дей  тұрғанмен, 

дінмен  бай ланыстының  бәрі 

бірдей  оң  сипатқа  ие  бола 

бермейді.  Сондықтан  біз 

діннің  жа ғымды  жақтарын 

айтып  қа на  қоймай,  әрбір 

жағдай  мен  үдеріске  әділ 

көзбен, 

шыншылдықпен 

қарап ти істі бағасын беруіміз 

керек.  Бүгінде  жекелеген 

діни конфессиялардың кейбір 

өкілдері  ойдан  шығарылған 

діни  шектеулердің  салда­

рынан 


қоғамдық 

тұр­


мыстың  осы  бір  маңызды 

ком


  

поненттерін  жиі  елемей 

жүргендіктен,  осы  мәселеге 

жіті  назар  аудару  маңызды 

болып отыр. Діни экстремизм 

мен терроризм радикализмнің 

кең тараған түрлері болып та-

былады. 


Осы 

орайда, 


жуыр-

да 


аудандық 

мәдениет 

үй ін

  

де  облыстық  дін  іс­



тері 

басқармасының 

дін  мәселелерін  зерттеу 

орталығының 

ұйым дас ты­

руымен  «Дін  бірлігі  –  тәу­

елсіздік тірегі» тақы рыбында 

аудандық форум болып өтті.

Форумға  аудан  әкімдігі 

жанынан  құрылған  діни 

ақпараттық – насихаттық топ 

мүшелері,  мешіт  имамда-

ры,  мектеп  мұғалімдері  мен 

оқушылар,  қоғамдық  ұйым 

жетекшілері  мен  жастар 

өкілдері,  бұқаралық  ақпарат 

құралдары қатысты. 

Форумның 

ашылуын­

да  аудандық  ішкі  сая  сат 

бөлімінің басшысы Се рік Ай-

даров  сөз  сөйлеп,  фо рум ның 

мақсатына  тоқ талып  өтіп, 

аудандағы  діни  ахуал  жайлы 

өз баяндамасын жасады.  

Сонымен 


бірге, 

об­


лыс тық  дін  істері  бас қар­

масының  дін  мәселелерін 

зерт теу  орталығының  ди-

ректоры  Бақытжан  Кама-

лов,  Қызылорда  қалалық 

№23  мектеп  басшысының 

тәрбие  ісі  жөніндегі  орын­

басары 


Ғалымжан 

Әбе­


нов,  облыстық  «Жастар 

Ода 


 

ғы» 


директорының 

орынбасары  Серік  Ер тар­

ғынұлы, 

облыстық 

дін 

істері  басқармасының  дін 



мәселелерін  зерттеу  ор­

та лығының  бас  маманы 

Қанат  Мырзабеков  және 

аудандық  Ардагерлер  кеңесі 

төрағасының 

орынбаса-

ры  Қалыгүл  Бәлібаевалар 

сөз  сөйлеп,  өз  пікірлерімен 

бөлісті.

«Діни 


қызмет 

және 


діни  бірлестіктер  туралы» 

Қазақстан  Республикасының 

2011  жылғы  11  қазандағы 

№483  –  ІV  Заңына  сәйкес 

аудан  бойынша  Қазақстан 

мұсылмандары  діни  басқар­

масына  қарасты  12  мешіт, 

бұ лардан  өзге  2  діни  бір­

лестік  Әділет  органдарын-

да  алғашқы  және  қайта  тір­

кеуден өтіп, жұмыс жасауда.

Дін – руханият күзетшісі. 

Тәуелсіз  мемлекетіміз  ис-

лам  діні  өркен  жайған  та­

тулықтың,  ынтымақтың  ұя­

сы. Дінге ден қойып, сахаба-

лар салған сара жолмен жү ру 

үшін  сенімге  селкеу  түспеуі 

шарт. 

Балық  аулау  үшін  адамға 



алдымен  қармақ  қажет.  Оны 

қалай  пайдалану  әркімнің  өз 

міндеті.  Дін  де  сол  сипатта. 

Дұрыс ұстай білсең қасиетің, 

бұрыс ұғынсаң қасіретің. 

Дүйсенбі  күні  өткізілген 

форумның да айтпағы осы. 

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.

АУДАНДЫҚ ФОРУМ ҮНДЕУІ

Форум

«Ақбұлақ»  бағдарламасы  аясына 

ағымдағы жылы «Қармақшы ауданы, Жо-

салы  кентінің  су  құбырлары  желілерінің 

құрылысы­4 кезек» объектісінің құрылыс 

жұмыстары  мердіргер  «Ақмешіт­Ме­

лиоратор»  ЖШС  арқылы  жүргізілуде. 

Жобаның  жалпы  құны  432,982  милли-

он  теңгені  құрайды.  Аталған  объектінің 

құрылыс  жұмыстарына  биылғы  жы лы 

республикалық  және  облыстық  бюд­

жет тері  есебінен  жалпы  166,667  милли-

он  теңге  бөлінді.  Қалған  қаржысы  2015 

жылы  бөлінетін  болады.  Қазіргі  уақытта 

құрылыс  жұмыстары  жүргізілуде.  Осы 

жоба  іске  асырылған  жағдайда  Жоса-

лы  кентінің  «Жастар»  және  «Мөлтек» 

шағын  аудандарына  толығымен  жалпы 

29,505  шақырымға  су  құбыры  желілері 

жүргізілетін болады. 

Сонымен  қатар,    Тұрмағамбет  және 

Ақай елді мекендерінде сумен жабдықтау 

жүйесін  қайта  жаңғырту  және  кеңейту 

жұмыстарына  үстіміздегі  жылы  жалпы 

құны 542,270 миллион теңгені құрайтын 

«Тұрмағамбет  елді  мекеніндегі  сумен 

жаб дықтау жүйесін қайта жаңғырту және 

кеңейту» жұмыстарына үстіміздегі жылы 

республикалық  және  облыстық  бюд жет­

тері  есебінен  жалпы  111,828  миллион 

тең ге қаржы бөлініп, мердігер «Өмірзақ» 

ЖШС­і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 

Қалған қаржысы 2015 жылы бөлінетін бо-

лады. 


Сондай­ақ,  жалпы  құны  393,441 

мил   лион  теңгені  құрайтын  «Ақай  ел ді 

ме кеніндегі  сумен  жабдықтау  жүйе сін 

қайта  жаңғырту  және  кеңейту»  объек­

тісінің құрылыс жұмыстарына үстіміздегі 

жылы  республикалық  және  облыстық 

бюджеттері есебінен жалпы 166,667 мил­

лион теңге қаржы бөлініп, мердігер «Ази-

яДамуЛТД»  ЖШС  арқылы  құрылыс 

жұмыстары  жүргізілуде.  Құрылыс  жұ­

мыстары  2015  жылы  аяқталып,  пай­

далануға тапсырылуы жоспарланып отыр.

«Ақбұлақ»  бағдарламасы  арқылы 

жоба­сметалық  құжаттамалары  әзірленіп 

жатырған нысандар да көп. 

1) Қармақшы ауданы,  Жосалы кентінің 

тұрғын  үйлеріне  ауызсу  желілерін 

жеткізу  объектісінің  жоба­сметалық 

құжаттамаларын  әзірлеп,  мемлекеттік 

сараптама  қорытындысын  алу  жұ мыс­

тарына  жергілікті  бюджет  есебінен  5,5 

мил лион  теңге  қаржы  бөлініп,  қазіргі 

уақытта конкурс жұмыстары жүргізілуде. 

Осы  жоба  іске  асырылған  жағдайда  Жо-

салы  кентінің  барлық  тұрғын  үйлеріне 

толықтай таза ауызсу желілері жеткізіліп, 

түбегейлі  оң шешімі табылатын болады. 

2)  «Қармақшы  ауданы,  Жосалы 

кентінің  су  құбырының  жүйелерін,  ре­

зервуарының  және  сорап  станциясының 

құрылысы  және  қайта  жаңғырту  жұ­

мыс тары»  объектісінің  жоба­сметалық 

құжаттамаларын әзірлеп, мемлекеттік са-

раптама қорытындысын алу жұмыстарына 

жергілікті  бюджет  есебінен  4,7  милли-

он  теңге  қаржы  бөлініп,  қазіргі  уақытта 

жобалаушы  «ПроектСервис»  ЖШС­і 

ар қылы  жобалық  құжаттары  әзірленіп, 

мемлекеттік сараптаманың қарауына тап-

сырылуда.

Келісім­шарт 

жасалған 

уақыты 

­17.06.2014 жыл.



Келісім­шарт қаржысы жалпы ­ 4700,0 

мың теңге.

3)  Қармақшы  ауданы  Қуаңдария, 

Алдашбай  ахун,  Иіркөл,  Жаңажол, 

ауылдарының  тұрғын  үйлеріне  ауыз-

су  жүйелерін  жеткізу  объектілерінің  жо­

ба­сметалық  құжаттамаларын  әзірлеп, 

мем лекеттік  сараптама  қорытындысын 

алу  жұмыстарын  «Техно  Строй  Про-

ект» ЖШС арқылы жобалары әзірленуде. 

Ағымдағы  жылдың  аяғына  дейін  осы 

аталған елді мекендердің тұрғын үйлеріне 

ауызсу  желілерін  жеткізу  объектісінің 

жоба­сметалық құжаттамалары әзірленіп, 

мемлекеттік  сараптама  қорытындысы 

алы натын болады. 

Келісім­шарт 

жасалған 

уақыты 

­7.08.2014 жыл.



Келісім­шарт 

қаржысы 


жалпы 

­15950,0 мың теңге.

4) Қармақшы ауданы Қармақшы және 

Көмекбаев ауылдарының тұрғын үйлеріне 

ауызсу жүйелерін жеткізу объектілерінің 

жоба­сметалық  құжаттамаларын  әзірлеп, 

мемлекеттік  сараптама  қорытындысын 

алу  жұмыстарын  «VIC  Enginiring» 

ЖШС­і  арқылы  жобалары  әзірленуде. 

Жыл  аяғына  дейін  осы  аталған  елді 

ме кендердің  тұрғын  үйлеріне  ауыз-

су  же лілерін  жеткізу  объектісінің  жоба­

сме талық  құжаттамаларын  әзірленіп, 

мем лекеттік  сараптама  қорытындысы 

алынатын болады.

Келісім­шарт  жасалған  уақыты  ­ 

7.08.2014 жыл.

Келісім­шарт  қаржысы  жалпы  ­ 

8042,057 мың теңге.

Ауданда  ауыз  суға  байланысты  ау­

қымды  жұмыстар  жүргізілуде.  Бұған 

де ген  тұрғындар  сұраныстары  кезең­

кезеңімен өз шешімін таба береді.

Ж.МҰРАТБАЕВ,

аудандық құрылыс бөлімінің 

басшысы

АУЫЗ СУҒА БАЙЛАНЫСТЫ 

АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР 

ЖҮРГІЗІЛУДЕ 

Өткен  жұма  күні  Қазақстан  Республика-

сы  халықтарының  тілдері  күні  мерекесіне  орай 

кент  әкімі  аппаратының  ұйымдастыруымен  кент 

әкімшілігінде  мерекелік  шара  болып  өтті.  Шараны 

кент әкімі Сақтапберген Медеуов ашып,  ­1989 жылы 

қыркүйектің 22­де «Тіл туралы» заң қабылданған бо-

латын.  Сол  кезден  бастап  Қазақстан  Республикасы 

халықтарының тілдері мерекесі болып аталып келеді. 

Тіл  мерекесі  біз  үшін  және  еліміз  үшін  маңызды 

ме

  



рекелердің  бірі.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев: 

­Мемлекеттік  тіл­ұлттық  саясаттың  діңгегі  болуы 

тиіс,­деп атап өткендей, Қазақстан өзінің Тәуелсіздік 

туын тіккелі бері мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі 

түрде дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде қазақ 

жерінде 134­тен астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Соның 

ішінде біз өмір сүріп жатқан Жосалы кентінде 20436 

тұрғын бар. Оның 300­ге жуығы 8 өзге ұлт өкілдері. 

Солардың  қатарында  бүгінгі  біздің  қонағымыз 

қазақтың  салт­дәстүрлерін  жетік  меңгеріп,  қазақтың 

тілінде қалтықсыз сөйлейтін аудан тұрғындары «Ши-

пагер»  емханасының  дәрігері  Виктория  Лян  мен 

«Жас тар» саябағының бағбаны Алексей Дюсембаев-

тар да бар,­деп өзге ұлт өкілдері Виктория мен Алек-

сей туралы қысқаша мәлімет айтты.

Шарада  сөз  сөйлеген  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 

қоғамы аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман 

Құлдүйсенов:  ­1989  жылы  қыркүйектің  22  күні 

Қазақстанда қабылданған «Тілдер туралы» заңда сол 

кездегі Қазақ ССР­нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал 

орыс  тілі­ұлтаралық  тіл  деп  бекітілді.  Еліміз  қазір 

егемендік алғалы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған 

ана  тіліміз­қазақ  тілі  қанатын  кеңге  жайып  келеді. 

Оған  біріншіден,  Елбасымыз    Н.Ә.Назарбаевтың 

елімізде  жүргізіп  отырған  тілдік  саясаты  ықпалын 

тигізуде. Қазіргі кезде тілге байланысты мектептерде, 

балабақшаларда шаралар өткізіліп жатыр. Солардың 

шараларына  қатысқанымда  мен  білмейтін  қазақтың 

сөздерін мектептегі, балабақшадағы бүлдіршіндерден 

естігенімде  тіліміздің  дамуы  деп  ойлап,  сүйсінемін. 

Осылай  тіліміздің  дамып,  жетіле  беруіне  тілек­

тестігімді  білдіремін,­деп  қатысушыларды  Тіл  ме­

рекесімен құттықтады.

Содан соң шарада «Шипагер» емхананың дәрігері 

Виктория  Лян  мен  «Жастар»  саябағының  бағбаны 

Алексей Дюсембаевтарға кент әкімі аппараты атынан 

сый­құрмет көрсетілді.

А.КЕТЕБАЙ.

ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жуырда Астана қаласындағы 

ҚР  Тұңғыш  Президенті­Ел­

басының  кітапханасының  қыз­

меткері  Анар  Екімбаева  бас­

тап  келген  кітапханашылар 

кен тімізге келіп Елбасы кітап ха­

насын  насихаттады.  Елбасы  кі­

тап ханасының  кітаптарымен  та-

ныстырып, 

кітапханашыларға 

бер ді.  Кітапханашыларға  Елба-

сы Н.Ә.Назарбаевтың «Наш Пре-

зидент»  кітабын,  «Времена  и 

думы» және «Еркін елдің ертеңі» 

қанатты  сөздері  жазылған  кі­

тапшасын  сыйға  тарту  етті. 

Олар  аудан  әкімі  аппаратының 

мәжіліс  залында  Елбасы  туралы 

мәлімет  беріп,  Елбасының  өмірі 

жайлы құжатты фильм көрсетті. 

Шараға  аудандық  мәдениет  бө­

лімі,  аудандық  Абай  атындағы 

кі тапхана,  кент  мектептері  кі­

тапханашылары және №121 орта 

мектептің  8  сынып  оқушылары 

қатысып,  Елбасыға  өз  игі 

тілектерін жолдады. 

Қазақстан  Республикасының 

Тұңғыш  Президенті­Елбасының 

Кітапхана  кешені  2013  жылы 

есімі  әлемге  әйгілі  британдық 

сәулетші Норман Фостердің жо-

басы  бойынша  жүзеге  асты. 

Жалпы  аумағы  28  мың  шаршы 

метрден  тұратын  тоғыз  қабатты 

ғимаратта  кітапхана,  мұрағат, 

тақырыптық  интерактивтік  экс-

позициялар және «Тұңғыш Пре-

зидент қоры» орналастырылған.

Кітапхана  9  қабатты,  28000 

Елбасы  туралы  кітап  қоры  бар. 

Ғимарат  бейнесі  аспанға,  яғни 

биікке  ұмтылған  көз  жанары 

сияқты.  Ол  өзіндік  зәулім  әрі 

қайталанбас  сыртқы  келбетімен, 

сәулетшінің түпкі ойы бойынша, 

қазіргі  заманғы  Қазақстанның 

қайнап  тұрған  өмірлік  қуатын 

көрсетеді.

Өз  қызметін  2014  жылы 

бұрынғы  «Назарбаев  орталығы» 

мемлекеттік  мекемесі  негізінде 

ҚР  Тұңғыш  Президенті­Елба сы­

ның кітапханасы біздің еліміздің 

тарихы  үшін  жаңа  әрі  маңызды 

дәстүрдің  негізін  қалады.  Ол 

республикамызда  алдыңғы  қа­

тарлы  ха  лықаралық  тәжірибе 

ар на сын дағы  президенттік  инс­

титутты  нығайтуға,  сондай­ақ 

ұзақ мерзімдік  перспективадағы 

мемлекет  дамуындағы  тарихи 

мұраны  және  саяси  бірізділікті 

сақтауға бағытталған.

Кітапхананың  қызметі  Қа­

зақстан  Республикасының  Кон­

с титуциясы,  Қазақстан  Рес­

пуб ликасының 

«Қазақстан 

Рес  публикасының 

Тұңғыш 

Пре  зиденті­Елбасы 



туралы» 

Конституциялық 

заңының, 

Қа зақстан 

Республикасы 

Президентінің 

«Қазақстан 

Республикасының  Президенті­

Елбасы 

кітапханасы» 



мемлекеттік 

мекемесінің 

кей бір 

мәселелері 

тура-

лы»  Жарлығының,  сондай­ақ 



Қазақстан 

Республикасының 

Тұң ғыш  Президенті­Елбасының 

кітапханасы  Жарғысының  құ­

қықтық ережелерімен реттеледі.

Кітапхананың 

миссиясы 

қазіргі  билік  басындағы  Мем ­

лекет 

басшысының 



пре зи­

денттік  орталығы  ретіндегі  Кі­

тап хананың  қызметі  тұтастай 

Қазақстан 

Республикасының 

Тұң ғыш  Президенті­Ұлт  көш­

басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың 

бастамала-

ры  мен  саясатын  ғылыми­та­

рихи  пайымдауға,  зияткерлік 

қолдауға  және  тиімді  қоғамдық 

насихаттауға арналған.

Кітапхана заманауи элек трон­

дық­мұрағаттық инф ра құрылым, 

жеке  кітапхана,  ғы лыми­зерттеу 

жұмысы,  қо ғамдық  іс­шаралар 

мен ағартушылық, сондай­ақ ха­

лық аралық ынтымақтастық бой-

ынша шоғырландырылған.



Алтыншаш ЖАБАҒИЕВА.

ЕЛБАСЫ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

Жыр жазғым кеп ойландым 

                                    түніменен,

Егер жастың сұраса бірі 

                                           менен.

“Өзін сыйлап, түңілген жат 

                                      бойынан,

Ауылымызда қарттардың 

                                    күніменен.

Құттықтағым кеп кетті 

                                жырымменен.

Бізді жазар деп күтпеген 

                               бұрын менен.

Келешекте бәріңді сау 

                                 жүрсін деп,

Атыңды атап жыр жаздым  

                                 ырымменен.

Әкбар қажы-Мінуәр, 

                                  Задаменен,

Бижан, Жалғас, Бүйратбек, 

                                  Шамаменен.

Ыспандияр, Жәнібек, 

                              Бекмырзалар,

Жаңбырбай, Байдандарды 

                                    пана деген.

Ақсақал деп елдері сенім 

                                         артқан 

Сайдағали сияқты тегі 

                                      мәрттан.

Мүсілімбек, Қайырбек, 

                            Нұрсұлтандар 

Қожамжарлар аға  ғой келіп 

                                       жатқан. 

Қайырбек пен Дүкенбай, 

                                    Оңалбайды,

Ортасын жүрген бұлар 

                                 қоғамдайды.

Ахун ағам, Марха мен 

                               Молдамұрат

Ардагер боп алғандар 

                                 талай бәйге.

 

Көбінің атын білмей 

                               шаталғаным,

Бұларға да қарттықтың 

                                тақалғанын.

Алпысты алқымдаған 

                                      азаматтар,

Шалдар деп құттықтауға 

                             бата алмадым.

Үміткүл, Шахар, Пәуен, 

                           Ырысты, Күлән,

Сақып, Сәуле, Күлпәштай 

                               шырқап бір ән.

Сәлима бүкіл елдің 

                                 мақтанышы,

Қайнаған бейнетіне беріп 

                                            шыдам.

Бағдагүл, Шарипа мен Жанай, 

                                             Сырға.

Жайшылық пен Нәзилер 

                                   талай қырда.

Рауна, Күлзахи мен Күнімайлар, 

Толтырған Ізімкүлдер 

                                        ізін нұрға.

Шаттықпен көңілін айға 

                                  білейтіндер,

Қуанышқа құлпырып 

                                түлейтіндер.

Осы аталған үлкендер, 

                                     әз әжелер,

Елінің амандығын тілейтіндер.

Риза шығарсыңдар тізілгесін,

Жауын жауып, түргенге 

                                     күз іргесін.

Сәл кедергі болғанмен 

                                       егістікке,

Мол өнімнен күдерлер үзілмесін.

Ерлерге теңеу берсек қыран 

                                           құс деп,

Мақтанамыз, мақтаймыз тіл 

                                      алғыш деп.

Сый көрсеткен ұжым мен  

                              Нұржандарға

Аяқтаймын жырымды мың 

                                          алғыс деп!

Үрліхан ӨНДІБАЕВА,

ҚР Журналистер Одағының 

мүшесі. 

АСЫЛ ЖАНДАР



жұмысы таныстырылды

ҚАРМАҚШЫ

таңы


3

1 қазан, 2014 жыл

Сегіз жыл еттім қызмет

“Жаңақала” елінде.

Қоныс тепкен ел екен

Шөмекейлер жеріне.

Жақсылармен сыйластым,

Көңілмен таза қимастық.

Қаншама адал дос таптым,

Кеткем жоқ әлі қоштасып.

Жақсы ағалар көп еді,

Ақыл да айтқан келелі.

Сол күндерді сараптап,

Ойға алатын кез келді.

Тіл, көзден аман қорға деп,

Я, құдайым қолда тек.

Сіздерге хат жолдаушы

Алтынның мен баласы

Тотайұлы Ордабек.

Талайда ерлер төккен тер,

Кетпейді естен тектілер.

Ер Сейітпембет, Жәрімбет

Мәңгілік қоныс тепкен жер.

Қонымды қоныс іргелі,

Жақсы едің елдің тірлігі.

Баласындай бір үйдің

Мықты да ауыз-бірлігі.

Қаракең сара жол салған,

Сауатты билік мол талғам.

Риза елі, халқы да

Сол кісіден үлгі алған.

Рүстекең адал азамат

Жалғаған ісін жақсының.

Қамқоршы болып еліне,

Алғысын алған халқының.

Сабырлы да салмақты,

Ойы да терең жан-жақты.

Белгілі болған Қасекең

Әділдігімен аумаққа.

Әбутәліп те белгілі

Азамат еді таза бір.

Бибайша апай екеуі

Түспейтін оттан қазаны.

Адал да жақсы азамат

Қызықпайтын мансапқа.

Қызметтес болдық жақсы дос

Ризамын әркез Жанұзаққа.

Бекмағанбет аға белгілі.

Жағымды еді маңайға,

Абыройлы іс атқарып

Емі де қонған талайға.

Молдабек жақсы аға еді,

Есімде қапты бәрінен

Сапарлас талай болғанда

Қысқартқан жолды әзілмен.

Ақсақал еді Дәкең де,

Денсаулығы мықты адам.

Тоқсанға жасы келсе де

Басады әлі нық қадам.

Айтуар аға ақсақал,

Ақыл да айтқан қонымды.

Ұстасаң бос қамысты

Кесерсің деп өз қолыңды.

Серікбай ағам еңбекқор.

Адал да төккен маңдай тер.

Көкорай шалғын болады,

Ол кісі тұқым сепкен жер.

Киікбай ағам кім еді,

Бағып ед көп жыл түйені.

Арқасында еңбектің

Атанған бай түйелі.

Исағабыл ағам қалмасын,

Өмірі тапты жалғасын.

Аттанған ақтық сапарға

Аузынан түспей Алласы.

Қиын да қыстау кезеңде

Қол берген тағы достар бар.

Бірге пұшпақ иледік,

Әбдірей, Сайып, Үміткәр.

Жұмағали, Қожабай,

Қаһарман, Келбай, Алданыш.

Жасадық біраз тірлікті

Алмасақ та мол табыс.

Мұратбек, Мақсұт, Сабытбек,

Ақылбек, Рахман, Таңаттар

Қимаймын әлі еске алып,

Сыйласқан жақсы құрдастар.

Ақбай мен Жүніс,Әбентай,

Тебісіп өскен құлындай.

Тоймұрат пен Адамбай,

Су төгілмес жорғадай.

Кенжеғали, Әмземен

“Өкініп” жүр әлі де.

Әкенің қылмай айтқанын

“Оқып кел, балам, білім ал

Самарқанға бар” деген.

Осылай өткен сегіз жыл,

Есімде қалар мәңгілік.

Мұнымен өлең бітпейді,

Айтатын көп жыр қылып.

Өкінбеймін өткенге,

Ештеңе жоқ мәңгілік.

Жазуды да бітірдім,

Атып та қапты таң күліп.

Көмекбай ұлы Тәйімбет

Шығарды даңқын қазақтың.

Дұшпанды жеңіп егескен,

Батыры болды Одақтың

Танкісі жаудың қаптаған,

Талайды езіп таптаған.

Тойтарыс  беріп сарбаздар,

Отанын аман сақтаған.

Тазартып жерді немістен,

Оралды ұлы Жеңіспен.

Тәйімбеттей ерлердің,

Рухы бірге намыспен.

Араласып аққан қан мен су,

Өртеніп орман, аспан шу.

Рейхстакке тігілді

Желбіреп қызыл біздің ту.

Оралып аман еліне,

Атының мінді еріне,

Қызмет етті халқы мен

Кіндік қан танған жеріне.

Енді соғыс  болмасын,

Елімді Алла қорғасын.

Жер бетіне ынтымақ,

Береке, бірлік орнасын!

Абдулла БАЙКЕНЖЕЕВ.



(Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев рухына)

ҚАЗАҚТЫҢ ДАҢҚЫН ШЫҒАРДЫ



Қоңыраулы естен кетпес еткен кәсіп,

Сексеуіл, жыңғыл өскен дала жазық.

Аумағы ат шаптырым қуыс қолтық,

Бастадық бір тірлікті ақылдасып.

Қиындыққа қарамай Сақтапберген

Іс қылды лайықты нағыз ерге.

Эксковатор жер басына жеткізілді,

Пташинский, Асқарға бас боп Нүрке.

Бар тірлікті жүргізіп Сапар аға,

Жармаға да, бөгетіне сызып жоба.

Терең ойлап, ішінен тон пішетін

Дабыра жоқ, айқай жоқ үнсіз ғана.

Дариядан бастау ап қызыл жарма,

Су деңгейін көтердің салып бұрма.

Кең алқапты тазартып тер төгілді,

Дән себілді сол жылы алғаш тыңға.

Жоңышқаны үш орып түгелімен,

Атты кісі адасты жүгеріден.

Қауын-қарбыз бітік болып, қақ тілінді,

Үй салдың биік төбе кемеріңнен.

Сол заман осындай бір тірлік болған,

“Жаңақала” ел еді ырыс толған.

50 жыл тойларыңыз құтты болсын

Ел болғай бақ дарыған, Қыдыр қонған.

“ҚОҢЫРАУЛЫ”



Қызылқұм сусыз дала мұнар 

                                            тартқан,

Бел-белес шеге құмы сусып 

                                           жатқан.

Кең алқап, кейде бытқыл, 

                                     қуыс-қуыс

Сан тарау жолдары бар асу 

                                              асқан.

Қалың жыңғыл, сексеуіл,

                                         қоянсүйек,

Қаражусан, бұзаубас салған 

                                               ирек.

Тіршіліктің белгісі некен-

                                                саяқ

Қоян қашып, құс ұшып 

                                     құйын билеп.

Табиғат осылай ғып берген 

                                             сыйын,

Жазы ыстық, қысы қатал 

                          Қызылқұмның.

Бұта сайын байлығы тасып 

                                               жатқан,

Бал татиды бұлақтан 

                                       ішсең  суын.

Ордабек ӨТКЕЛБЕЙ.

ЕЛ АҒАЛАРЫНА ХАТ

ҚЫЗЫЛҚҰМ  СУРЕТІ

Ж А Ң А Қ А Л А    Ж А Й Л Ы    Ж Ы Р Л А Р

Әлменбет  Сәтов  Қар­

мақ шы  ауданы,  Жаңақала 

ауы лында  1965  жылы  13 

қыркүйекте  дүниеге  кел­

ген.  1972  жылы  сол  ауылда 

№185  қазақ  орта  мектебіне 

қабылданып, оны 1982 жылы 

бітіріп  шығады.  Мектеп  тә­

мамдағаннан  кейін  құрылыс 

жұмысымен  айналысып  жү­

ріп,  2  жылдан  кейін  әскерге 

аттанады.  Германияның  Гота 

деген  қаласында  әскери  бо­

рышын  1986  жылы  өтеп 

ке ліп,  ағаштан  жасалатын 

бұйымдарға  қызығушылық 

танытады.  1989  жылдың 

ая

  

ғында  Жосалы  ауылы, 



қазіргі  Төребай  би  ауылы­

на  көшіп  келеді.  Осы  жерде 

де ағаш ұстасы кәсібімен ай­

налысып,  бүгінде  «Ақниет» 

бағдарламасы  арқылы  ағаш 

шеберханасын  ашып,  кәсібін 

дөңгелетуге 

аянбай 


тер 

төгуде.


Құдай  қосқан  қосағы 

Ағдагүл  екеуі  Жаңақала  ау­

ылында  бір  сыныпта  бірге 

оқып бітірген. Жұбайы ауыл­

дық 

пошта 


меңгерушісі 

қыз метін  атқарады.  Олар 

төрт  қыз  баланың  ата­ана­

сы.  Үлкен  қызы  Дидары 

тұр мысқа  шығып,  ауылдық 

әкімі  аппаратында  инспек­

тор  қызметін  атқаратын  Рус­

лан  есімді  жігітпен  шаңырақ 

көтерген. 

Өзі 


ауылдық 

клуб  үйінде  әдіскер  бо­

лып  қызмет  атқарады.  Олар­

дан  Мейіржан  және  Сәбина 

есімді  немерелері  бар.  Ал, 

Дидардан кейінгі Жанары Ал­

маты  қаласындағы  мектеп­

те  «Информатика»  пәнінен 

сабақ  береді.  Альбинасы 

Қы  зылорда 

медициналық 

колледжінің  3  курс  студенті. 

Жансаясы 9 сынып оқушысы. 

­Осы  жобаға  қаты суым­

ның себебі қазіргі таңда есік, 

терезеге,  аулада  кешке  дема­

лып отыратын үстелге тапсы­

рыс берушілер саны көп. Оны 

сырттан алдыртып, көбісі жа­

рамсыз  болып  жатады,  бір 

шеге  қақсаң  болды  жарылып 

жатқаны.  Есік,  терезе  жасау, 

түрлі­түрлі ағаштан ою­өрнек 

ою  жастайымнан  құрылыс 

жағында  жұмыс  жасаған  соң 

қолымнан  келеді.  Сондықтан 

да  қолымнан  келген  ісімді 

халқымның игілігіне ұсынып, 

осы шаруаны әрі қарай дамыт­

сам деймін,­дейді Әлменбет.

Мемлекеттің  «Бизнестің 

жол  картасы»,  «Жұмыспен 

қамту­2020»,  «Сыбаға»  сын­

ды  бағдарламалары  арқылы 

кәсіпкер атанып жатқандар аз 

емес. Ол еліміздің дамуының 

айғағы. Сонымен қоса, несие 

беретін  банктерде  кәсіппен 

айналысуға  арналған  шағын 

және  орта  бизнес  өкілдеріне 

де  аз  пайызбен  несие  беріп 

жатыр.  Оның  өзі  де  кәсіптің 

көзін білетіндерге көп қолдау. 

Елбасымыздың өзі халқының 

тұрмыстық  жағдайын  жақ­

сар тып,  ұрпақтың  білімді 

бо  лып  шығуына  бар  жағ­

дайымызды  жасап  жатыр. 

«Еңбек 

пен 


бақыт­егіз» 

де    мекші,  еңбектеніп  ба­

қыт ты  өмір  сүретін  шақта 

мүмкіншіліктерді  пайда  ла­

нып,  қолдан  келген  ше  ұр­

пағымыз үшін тер төгу керек,­

дейді  Тө ребай  би  ауылының 

кәсіп керлері.  Сонымен  қоса, 

«Ақниет»  әлеуметтік  әріп­

тестік  бағдарламасын  ұйым­

дастырушы  облыс  әкімдігі 

мен  «Лукойл»  компаниясына 

өз алғыстарын білдіреді.



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал