Қаржы ғылымдарының зертханасындағы кезек ті дәріс аяқталарда Дана Ғалымқызы шәкірттеріне



жүктеу 70.7 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.03.2017
өлшемі70.7 Kb.

1

1

Қаржы  ғылымдарының  зертханасындағы  кезек-

ті дәріс аяқталарда Дана Ғалымқызы шәкірттеріне 

былай деді:

– Ертеңгі сабаққа жақсылап дайындалып келің-

дер! Тақырыбымыз  өте маңызды. «Қаржылық қа-

уіпсіздік» деп аталады. Ескертіп қояйын, сендерді 

қиын сынақтар күтіп тұр!

Балалар үйлеріне келе салып, қызу дайындыққа 

кірісті. Марат әкесінің заттарын ақтарып жүріп, қа-

уіпсіздік  жастығын  тауып  алды.  Шолпан  сабаққа 

велосипед каскасы мен арқан ала баратын болды. 

Ал  Артем  болса,  суға  кетуден  сақтайтын  құтқару 

дөңгелегін көтеріп алды.



Кітап «Қаржы мәдениеті» ағартушылық жобасы аясында әзірленді

«Балаларға қаржы жайлы» сериясы



«Білім байлықтан қымбат»

5 кітап


Авторы  – 

Ольга Гумирова

Суретшісі – 



Юлия Чернова 

Қазақ тіліне аударған 



Бағдат Мәжитов

Тегін таратылады

Қымбатты балалар!

Сендердің қолдарыңдағы кітап – ерекше кітап. Бұл 

кітап сендерді қаржылық сауаттылықтың негіздерімен 

таныстырады. Басты кейіпкерлері – Марат, Артем және 

Шолпан  есімді  балақайлар.  Олар  өздеріңмен  бірге 

«Қаржы  ғылымдарының  зертханасы»  деп  аталатын 

таңғажайып  оқу  орнында  тәлім  алып,  қызықты 

тәжірибелер  өткізеді.  Үш  достың  бастан  кешкен 

оқиғаларымен  таныса  отырып,  «Банк  қалай  жұмыс 

істейді? Ақшаны қалай тиімді жұмсауға болады? Қор 

жинаудың маңызы неде? Несиені қай кезде алып, қай 

кезде  алмау  керек?  Отбасылық  бюджет  деген  не?» 

сияқты сан түрлі сауалдарға жауап аласыңдар.

Бұл  кітап  сендердің  білімдеріңе  білім  қосады  деп 

үміттенеміз.  Өйткені,  бүгінгінің  баласына  қаржылық 

сауаттылық ауадай қажет. 

Ендеше, іске сәт! 



Kaspi Bank командасы

Алматы 2015



3

2

– Ең алдымен, «қаржылық қауіпсіздік жастығы» 



не үшін керек екенін анықтап алайық, – деді Дана 

Ғалымқызы. 

Марат орнынан атып тұрды:

– Құлағанда денең ауырып қалмау үшін!

Балалар ду күлді. 

–  Жалпы  алғанда,  дұрыс!  –  деді  мұғалім  Ма-

ратқа. – Дегенмен, нақтылай түсейікші...

–  «Қаржылық  қауіпсіздік  жастығы»  дегеніміз  – 

алдағы  ауыр  күндерге  арнап  тығып  қоятын 

ақша болар, – деп Шолпан өз жорама-

лын айтты. 

– Дұрыс айтасың! Ғылыми тілмен 

айтсақ, «Қаржылық қауіпсіздік жа-

стығы» – дағдарыс кезінде жеке 

тұлғаны немесе мекемені қиын-

дықтан  шығаратын  қаржы-қа-

ражат.

Ертесінде  «мұздай  қа-



руланып»  сабаққа  келген 

балаларды  көрген  Қоржын 

мысық  күлкіден  жарыла 

жаздады.  Тіпті,  терезе  ал-

дындағы  тақтайдан  құлап 

түсті.


–  Не  болған  сендерге? 

Жау алатындай...

– Енді сабақтың тақыры-

бы «Қауіпсіздік» қой! Соған 

дайындалып  келдік,  –деді 

балалар.


Үш достың түрін көргенде 

Дана Ғалымқызы да әбден күлді. Артынан мән-жай-

ды түсіндірді.

– Балалар, сендер түсінбеген екенсіңдер! Бүгін 

сендерді  шынымен-ақ,  сынақтар  күтіп  тұр.  Бірақ 

тау  асып,  өзеннен  өтпейсіңдер.  Әңгіме  қаржылық 

қауіпсіздік  жайында.  Дәлірек  айтсақ,  «Қаржылық 

қауіпсіздік жастығы деген не? Ол қалай жсалады?» 

деген  сұрақтарға  жауап  іздейтін  боламыз.  Бізге 

Қоржын көмектеседі...

   

Креслоға  емін-еркін  жайғасқан  сары  мысық 



керіліп-созылып,  орнынан  тұрды  да,  астындағы 

жа стыққа  жасырылған  жасанды  ақшаларды  қа-

ғып-сілкіп, себетке сала бастады.


5

4

Қоржын  мысық  профессордың  сөзін  әрі  қарай 



жалғады:

–  «Қаржылық қауіпсіздік жастығы» мемлекетке 

де керек. Ол «резервтік қор» деп аталады.

–  Мұндай  қаражат  мемлекетке  ғана  емес,  бар-

лық  мекемелер  мен  ұйымдарға,  қоғамдық  қорлар 

мен фирмаларға, тіпті, банктерге де керек, – деді 

Дана Ғалымқызы.

–  Отбасының  «қаржылық  қауіпсіздік  жастығы» 

сенімді болу үшін оған қанша ақша салу керек, – 

деп сұрады Артем.

–  «Мұншама ақша керек» деп айту қиын. Әр от-

басының резервтік қоры әртүрлі болады. Отбасы-

ның  әрбір  мүшесінің  сұранысы  ескеріледі,  –  деді 

Дана  Ғалымқызы  балақайға.  –  Мамандардың  ай-

туынша,  қордағы  ақша  отбасының  жартыжылдық 

шығынын жабатындай болуы керек. Әлдебір қиын-

дық туа қалған жағдайда отбасы мүшелері елден 

қарыз сұрамағаны абзал. 

– Сонда қандай қиындықтар тууы мүмкін? – деп 

сұрады Марат.

–  Мысалы,  біреу  ауырып  немесе  жұмыстан 

шығып қалуы мүмкін.

   

– Енді тәжірибеге көшейік! – деді Қоржын бір кез-



де. Сөйтті де, ортаға... теңге бейнеленген жастық 

қабын сүйретіп алып шықты. Дана Ғалымқызы ба-

лаларды тәжірибе шартымен таныстырды.

– Жаңа айтқанымдай, әр отбасының «қаржылық 

қауіпсіздік жастығы» әртүрлі болады, – деді мұғалім. 

– Сендер өз отбасыларыңа керекті ақшаны есеп-

теп шығаруға тиіссіңдер!

–  Мәссаған!  Қиын  тапсырма 

ғой!  –  деді  Марат  желкесін 

қасып.


7

6

– Қаржылық сауаты бар адамға несі қиын? Осы 



уақытқа дейін біраз нәрсе үйренген жоқсыңдар ма?! 

Отбасылық  бюджетті  жоспарлауды  білесіңдер. 

Банктің жұмысымен таныстыңдар. Депозитке ақша 

салып көрдіңдер. Тіпті, несиені қай кезде алып, қай 

кезде алмау керектігінен де хабардарсыңдар. Ен-

деше, қорқатын дәнеңе жоқ! Алған білімді іске асы-

ратын кез келді!

– Бірақ ақшаны қайдан аламыз? – деді Шолпан. 

– Біздің отбасымыз үлкен. Кө-ө-өп ақша керек!

– Әрине, ақшаны ата-аналарың жинау керек, – 

деді Дана Ғалымқызы. – Айлықтарының 

10  пайызын  жинап  отырса,  жеткілік-

ті.  «Қаржылық  қауіпсіздік  жастығы» 

осылай құралады.

Қоржын себеттен бір бума жасан-

ды ақша алып, достарына ұсынды:

–  Мінеки,  ақша  деген!  Тәжірибе  кезіндегі 

«Қаржылық қауіпсіздік жастығы» осы болсын. Бірақ 

өздерің де қарап қалмаңдар! Қордағы ақшаны кө-

бейтуге үлес қосыңдар!

   

Балалар  дереу  есептеуге  кірісті.  Тапсырма, 



расында  да,  оңай  емес  еді.  Көршіңнен  де  көшіре 

алмайсың. Себебі, әр отбасының шығыны да, кірісі 

де әралуан. 

– Тиісті соманы жинау үшін отбасылық бюджет-

ті ретке келтіріп, шығындарды азайту керек! – деді 

Марат  достарына.  –  Ақшаны  барынша  үнемдеп 

жұмсап,  қажетсіз  заттарды  сатып  алмауға  тыры-

сайық!


– Біз онсыз да үнемдеп жүрміз! – деді Шолпан. 

– Бәрін алдын-ала есептеп қоямыз. Үйімізде ақша 

жинайтын  арнайы  сандықша  бар.  Артылған  ұсақ 

ақшаны соған саламыз. Бір айда екі-үш мың теңге 

жиналады.


9

8

– Біз де бәрін жоспарлап отырамыз, Алатын зат-



тардың  тізімін  жасаймыз,  Дегенмен,  артық  ақша 

жұмсалмай тұрмайды. Супермарткетке кірсең, іші 

толған  әдемі  қорапқа  салынған  азық-түлік.  Қы-

зығып  кетесің.  Бірақ  мен  ақшамды  үнемдеп  жүр-

мін. Артылғанын...

– ... «қаржылық қауіпсіздік жастығына» салу ке-

рек! – деп ақыл қосты Дана Ғалымқызы.

– Ақшаңды босқа шашпасаң, пайда тапқаның! – 

деді Қоржын мысық та әңгімеге араласып. 

–  Дұрыс  айтасың!  Мен  өткенде  тәтті  тоқаш  са-

тып  алмай,  600  теңге  үнемдедім!  –  деді  Шолпан 

зор мақтанышпен.

–  Сонда  қалай?  Мектепте  аш  жүресің 

бе? – деді Дана Ғалымқызы қабағын 

шытып. – Ақшаны астан аяуға бол-

майды! Асқазаның ауырса, қай-

тесің?!

–  Мектептің  асханасынан  тамақ  ішіп  жүрмін. 



Бұрын  оған  қосымша  тәтті  тоқаш  сатып  алатын-

мын. Кейде желінбей, босқа қалатын, – деді Шол-

пан ұстазына. – Әжем «обал болады» деп ұрсатын. 

Ол кісі дұрыс айтқан екен. Кейін түсіндім. Нанға да 

обал, ақшаға да ысырап 

жасаппын.

Қоржын ойша есептеп 

үлгерді.


–  Айына  2400  теңге 

үнемдесең,  жарты  жыл-

да 15 000 теңге болады. 

Отбасылық  қорға  үлес 

қосу деген – осы! – деді 

сары  мысық.  Сөйтті  де, 

сол  соманы  себеттен 

алып, жастық қабына салды. 

–  Ал  біз  мынадай  тәжірибе  жасадық,  –  деді 

Марат.  –  Суды  босқа  ағызбай,  электрді  өшіріп 

жүрдік. Онымен қоймай, электр қуатын үнемдейтін 

шамдарды  пайдалана  бастадық.  Сенесіздер  ме, 

қазір айына 1500 теңге аз төлеп жүрміз!

– Демек, жарты жылда 9000 теңге үнемделеді! – 

деді мысық.

– Ал менің әкем темекіні қойып кетті! – деді Ар-

тем.  –  Соның  арқасында,  біраз  ақша  үнемдедік! 

Бұрын айына 9000 теңге темекіге жұмсалатын. 

Марат ойланып қалды.

–  Қарай  көр...  –  деді  балақай.  –  Алты  айда  – 



11

10

54 000 теңге. Кешкісін әке-



ме айтпасам!

Мысық  ақшаны  тағы 

есептеп  жіберіп,  жастық 

қабына сүңгітті.

–  «Қаржылық қауіпсіздік 

жастығын»  қампайтудың 

тағы  бір  әдісі  бар,  –  деді 

осы сәтте Дана Ғалымқы-

зы.  –  Естеріңде  ме,  «От-

басылық  бюджет»  деген 

тақырыпты өткенде кейбір 

заттарды  кейінірек  алуға 

болатынын  айтып  едім 

ғой...


–  Яғни,  «жастық»  толған  соң  алу  керек  қой?!  – 

деді  Артем  қуанып.  –  Несі  бар?  Тамаша  ұсыныс 

екен!

Қоржын  қорға  тағы  да  біраз  ақша  қосты. 



«Қаржылық  қауіпсіздік  жастығы»  кәдімгідей  үл-

кейді.


– Ал біз несиеге тоңазытқыш алмайтын болдық. 

Оның орнына ақша жинаймыз! – деді Марат. –  «Қа-

уіпсіздік жастығына» осылай үлес қосуға бола ма?

– Әрине! – деді Дана Ғалымқызы. – Несиеге пай-

ыз қосылады. Сол ақшаны үнемдеп отырсыңдар.

Қоржын  дереу  себеттен  ақша  алып,  «жастығы-

на» салды. 

– Айтпақшы, мұндай «жастықты» үйде сақтаған 

қауіпті! – деді Шолпан. Оның есіне шатырдағы сан-

дыққа салынған миллион түскен болатын. Тыққан 

ақшалары тышқанға жем болды емес пе?!

– Жарайсың, Шолпан! – деді Марат мәз болып. 

– Ақшаны депозитке салу керек! Сонда әрі жоғал-

майды, әрі үстіне пайыз қосылады!

– Табылған ақыл! – деді оларға Дана Ғалымқы зы. 

Қоржын да қарап қалған жоқ. Тағы да «жастығы-

на» ақша салды.

Естеріңде болсын, депозиттің түрі көп. Сендер 

қалаған кезде ақша салып, қалаған кезде алуға бо-

латын түрін таңдаңдар! – деп Дана Ғалымқызы ба-

лаларға бір тамаша ақыл айтты.

–  Міне,  «Қаржылық  қауіпсіздік 

жастығы»  да  толды!  –  деді 

Қоржын сол арада. – Енді оның 

қаншалықты  сенімді  екенін 

анықтау ғана қалды... 



13

12

Мұны естігенде балалар қатты қуанды. Қуанған-



дары  сонша,  орындарынан  атып  тұрып,  секіре 

жөнелді.  Секіріп  жүріп,  жасанды  ақша  толы  жа-

стықтың  үстіне  кезек-кезек  құлады.  «Қауіпсіздік 

жастығы»  сондай  жұмсақ  екен!  Ешкімнің  еш  жері 

ауырған жоқ.

   


Ойын аяқталған соң, Дана Ғалымқызы балалар-

ды шәйға шақырды. 

–  Сонымен,  Қаржы  ғылымдарының  тәжірибелік 

зертханасындағы дәрістер аяқталып келеді. Қазір-

гі  заманда  әрбір  адамның  білімпаз  болуы  керек. 

Бірнеше  тілде  сөйлесе  де  артық  емес.  Сонымен 

қатар,  қаржылық  сауаттылық  та  ауадай 

қажет. Неліктен деп ойлайсыңдар?

–  Себебі,  ақшасыз  өмір  жоқ!  –  деді 

Марат, – Әрбір ата-ана жұмыс 

істеп, еңбекақы ала-

ды. Зейнеткерге – зейнетақы, студентке шәкіртақы 

беріледі. 

– Ақшаға азық-түлік, киім-кешек, жолда жүру би-

леттерін сатып аламыз, – деді Артем.

–  Коммуналдық  төлем-

дер  жасаймыз,  –  деді 

Шолпан.


–  Ақшаны  депозитке 

саламыз.


– Несие аламыз.

–  Біреудің  есепшотына 

аударамыз.

–  Дұрыс  айтасыңдар! 

Біз  күнделікті  қаржымен 

жұмыс  істеп,  қаржылық 

шешімдер  қабылдаймыз. 

Қанша  ақша  үнемдеу  ке-

рек,  қаншасын  банкке 

салу керек, қай несие түрі 

тиімді, қай жерден төлем жасаған дұрыс... Осы тек-

тес  сұрақтарға  күнде  жауап  іздейміз,  –  деді  Дана 

Ғалымқызы.  –  Ақшаны  бәрі  пайдаланады.  Бірақ 

елдің  бәрі  қаржы  жүйесінің  қалай  жұмыс  істей-

тінін  түсіне  бермейді.  Сондықтан  қаржы-қаражат-

ты дұрыс жұмсауды, ұқыптап ұстауды бала кезден 

үйрену  керек.  Қаржылық  сауатын  ерте  қалыпта-

стырған адам есейгенде қателіктерге ұрынбайды. 

Тығырықтан шығудың түрлі жолдарын табады. Де-

мек, қаржылық сауаттылық – қаржылық қауіпсіздік-

тің кепілі.


15

14

Бір  айта  кетерлігі,  банктер  де  әрбір  адамның 



қаржылық жағынан сауатты болғанын қалайды. Се-

бебі, экономикадан хабардар, банк өнімдері жайлы 

жақсы білетін клиентпен жұмыс істеген әрі жеңіл, 

әрі тиімді. Өкінішке қарай, көп адамдар қаржылық 

сауаттылықты кеш меңгереді. Қателіктерге ұрынып 

барып  меңгереді.  Бұл  –  дұрыс  емес.  Өзің  қателік 

жібермей,  өзгенің  қателігінен  сабақ  алған  дұрыс. 

Өмір деген – үлкен сынақ. Сол сынақта «бес» алу-

дың орнына «екі» алсаң, түзету қиынға соғады.

Қоржын да мұғалімнің сөзін қостады.

–  Қаржылық  сауаттылық  арқылы  жарқын  бола-

шақтың іргетасы қаланады, – деді сары мысық до-

старына. – Білімді адам ғана өмірде зор жетістік-

терге  жетеді!  Білімді  болсаңдар, 

тек  өздерің  ғана  байып  қой-

май,  елдің  экономикасын 

дамытуға  да  үлес  қоса-

сыңдар!


Қоржын мысықтың сөздігі

Қаржылық сауаттылық

  адамның 

қар-жыға қатысты мәселелерде ұтымды 

шешім қабылдап, оңтайлы әрекет ете білу 

қабілеті.



Қор, жинақ

 – кірістің болашаққа арналып 

жиналатын бөлігі.

Қаржылық қауіпсіздік жастығы

 – бел-


гілі бір мерзім аралығындағы шығындарды 

өтеуге жеткілікті ақша.



Қажеттілік

 – адамның бір нәрсеге деген 

сұранысы. Тамақ, киім, баспана – өмірлік 

маңызы бар, бірінші кезектегі қажеттілік-

тер. Қалғандары екінші кезектегі, қосалқы 

қажеттілік болып есептеледі. Экономика-

лық қызмет түрлерінің барлығы да эконо-

микалық қажеттіліктерді өтеуге бағытта-

лады.

Тұтынушы

 – тауар сатып алушы немесе 

әлдебір қызмет түрін пайдаланушы адам.


Қаржылық қауіпсіздік жастығын 

жасаңдар!

Ойын шарты бойынша, «қаржылық қауіпсіздік жастығын» жасауларың 

керек. Жолға шығарда түрлі-түсті фишкалар мен кубик алуды 

ұмытпаңдар.

1. Егер «Депозит» деген шеңберге түссеңдер, бағдарша бойынша алға 

жылжисыңдар.

2. «Үнем» деген шеңберге түссеңдер, бір адым алға жылжисыңдар.

3. «Құнттылық» деген шеңберге түссеңдер, қосымша тағы бір жүріске 

ие боласыңдар.

4. «Шығын» деген шеңберге түссеңдер, кезекті келесі ойыншыға беруге 

тура келеді.

18

Қоржын мысықтың кеңестері

1.

  Байлық пен табыс өздігінен келмейді. Өмірлік 

мақсат-мұраттарыңды айқындап алып, соған 

қалайда жетуге талпыныңдар. Естеріңде бол-

сын, еңбек етіп, тер төккен адам ғана арма-

нына адаспай жетеді.



2.

  Әрнәрседен  үнемдеп,  ақша  жинаңдар.  Қор 

жинасаңдар, әйтеуір бір пайдасы тиеді. Бірақ 

тек ақшаға ғана сенбеңдер. «Бірінші байлық 

– денсаулық», одан кейін терең білім екенін 

ұмытпаңдар!  



3.

  Табысқа  жеткен  адамдардың  ақыл-кеңесіне 

құлақ түріңдер. 

4.

  Ақшаларың  жұмыс  істеп  тұрсын.  Ақшаның 

босқа  жатқаны  да,  бейберекет  шашылғаны 

да жаман. 



5.

  Қаржылық сауаттылықты үнемі арттырап оты-

рыңдар. Тек білімді адам ғана зор жетістіктер-

ге жетеді!



Каталог: files -> files -> books
files -> Сборник материалов международной научно-практической
files -> Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
files -> Куратор: Бекбаулова Э. Е. Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері». Тәрбие сағатының мақсаты
files -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
files -> Кіріспе Кешенді емтихан бағдарламасынамектепке дейінгі педагогика, тіл дамыту әдістемесі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, мектепке дейінгі ұйымды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі педагогика
files -> Халықтың ауызша шығарған сӛз ӛнерін, оның табиғаты мен тарихын
books -> Сабақтың басталуына бес минут қалғанда қаржы ғылымдарының зертханасына Қоржын мысық кіріп
books -> Сабақта бақылау жұмысын жазып, тест тапсырмай, компьютер ойынын ойнаған қандай жақсы!

жүктеу 70.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет