Қарым қатынас дағдыларын нығайту



жүктеу 13.48 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.09.2017
өлшемі13.48 Kb.

Қарым

-қатынас дағдыларын нығайту 

Әңгіме  -    бұл  екі  адамның  бір-бірімен  ақпарат  алмасуы.Әңгіме  барысында 

бізді  тыңдаса,    қайсымызға  болса  да    ұнайды.Әсіресе  бізді  мұқият  тыңдаса 

дейміз.Кейде    өзіміз  біреу  әңгіме  айтса,зейін  салмайтын  кездеріміз 

болады.Тыңдап  отырған  сияқты  болып,  оның  әңгімесін  кейде  тіпті 

естімеуіміз  мүмкін.Жақсы  қарым-қатынасты  осының  салдарынан  бұзып 

жатамыз.  Кейбір  адамдар    тыңдау  деген  ол  ештеңе    айтпау  деп  қате 

ойлайды.Өз  ойын  айту  үшін  екі  себеппен өзін  тоқтатады: бірінші  себеп – өз 

кезегін  күту,  екіншісі  –  өз  қөзқарасын  ойлану.  Біз    өз  мәселемізбен  ,өз 

уайымымызбен  тұрғанда әңгімелесушіні тыңдамауымыз мүмкін. Және адам 

сенімсіздік  немесе  толқу  жағдайында    ,әңгімелесушіні  тыңдамауы 

мүмкін,өзінің қалауын естімей қалудан сақтанады. 

Басқа  адамды  түсіне  білу  қарым-қатынас  жасауға  көмектеседі.Қарым-

қатынас  дағдыларын  меңгеру  адамдармен  қарым-қатынас  жасауда  адам 

өмірінде  маңызды  рөл  атқарады.Міндетті  түрде  коммуникативті  қарым-

қатынас  жасай  білу  негіздерін  үйрену  керек.Сөйлесетін  адамыңыздың  тек 

сізге  ұнайтын  болуы  немесе  ол  адамның  көңіл-күйі  жоғары  болуы  шарт 

емес.Бұндай  ойдан  аулақ  болыңыз!  Әртүрлі  адамдармен  қарым-қатынас 

жасағаннан  қанағат  алып,рахаттана  білуді  үйреніңіз.Осы  сабақтарға 

күнделікті жаттықсаңыз, сізге бұл еш күмәнсіз пайда береді. 

Асығыстық  жасап,кейде  бір-бірімізді  ренжітіп,  ауыр  сөз  айтып,  сенімсіздік 

танытып,арадағы  досытықтың  шекарасын  бұзып  жатамыз.  Мысалы:  адам 

белгіленген  кездесуге  кешігіп  қалды  делік,  бізде  бірден  жаман  ой  пайда 

болады:  «Не  деген  жауапсыз?  Бекер  онымен  кездесуге  келісіппін!»деген 

мысалдың  нәтижесінде    көкейімізде  ол  адамға  деген  жағымсыз  қарым-

қатынас  орын  алады.Осы  жағдай  қарым-қатынасты  бұзбай  қоймайды.Міне 

осының салдарынан кейде  қарым-қатынас шеңберімізде  жақсы адамдардан 

ажырап  қаламыз.Енді  осы  жағдайларды  басқа  жағымды  жағынан  қарап 

көрейікші.Мүмкін,  ол  досыңыздың  кешігуіне  маңызды  себебі    бар 

шығар.Осы  жағын  кеш  ойланып,  өкініп  қалатын  жәйттер  өмірде  кездесіп 

жатады.Оқиғаның  мән-жайы  анықталғанда  біздің  ол  адамға  деген  ойымыз 

өзгереді. 

«Жағдайың  қалай?»  және  «Жеке  өмірің  қалай?»  деген  сұраққа  өзіңіз 

жайлы,өміріңіздегі  жаңалықтар  жайлы    аз  ғана  айтып  берудің  еш 

артықшылығы    жоқ.Егер  сіз ол  сұраққа  салқын,  селқос  жауап  берсеңіз  және 

сөйлескісі келмейтін сыңай танытсаңыз,әңгімелесуші адамды сыйламау және  

сіздің  тарапыңыздан  мейірімсіздік  көрсеткеніңіз    болып  табылады.Әрқашан 


мүмкіндігінше әңгімелесушінің  ойы сіздің ойыңыздан алшақ болса да , оның 

ойын  сыйлауға  тырысуыңыз    қажет.  Адам  өзінің  қарым-қатынас  жасай  алу 

шеберлігімен  биіктерден  көрінеді  және  коммуникативті  дағдыларды  жан-

жақты  меңгергені  барысында  көптеген  істерді  оңтайлы  атқарып,алдына 

қойған  мақсаттарына  оңай  қол  жеткізеді.  Білім  мен  коммуникативті 

шеберлікті  ұштастыру  арқылы  адам  өмірінде    90  пайыз  жетістіктер  мен 



белестерді бағындырады. 

 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 13.48 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет