Ардақты баба күйлерін қалың қауым алдында насихаттап, ел арасына кеңінен тартуда кейінгі



жүктеу 46.92 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі46.92 Kb.

Ардақты баба күйлерін  қалың  қауым алдында 

насихаттап, ел арасына кеңінен тартуда кейінгі 

лек жас домбырашылардың да зор үлесі бар. 

Солардың бірі - Егіндібұлақтық  Т ұ р ы с б е к 

Түсіпбеков. Ол 1947 жылы  М ы р ж ы қ өңірінде 

дүниеге келген. Оның Тәттімбет туған жерде 

тууы тегін емес. Тұрысбек даңқты бабасымен 

аталас, Достар тауындағы жер аттары Мошеке-

М а ң ы б а й  б ұ л а ғ ы  б ұ л а р д ы ң  а т а л а р ы н ы ң 

есімдері. Мошеке Тәттімбеттің үлкен әкесі болса. 

Маңыбай Тұрысбектің арғы атасы. Сондықтан 

болар, мүмкін,  д о м б ы р а ш ы  ұлы  к ү й ш і н і ң 

шығармаларын орындағанда күй табиғатына 

шын  ж ү р е г і м е н беріліп, тебіреніс үстінде 

тартады. Ол, әсіресе, "Сылқылдақ" сияқты сырға 

толы сылқым күйді үзілдіріп, жандандырып 

шертеді. Тәттімбеттің әрбір күйінде өзіндік үні, 

сағынышқа,  қуанышқа, кейде ызалы ашуға толы 

мазмұн бар. 

"Сылқылдақ" күйін шертер алдында Тұрысбек 

о н ы ң ел  с а н а с ы н а  т а р а п  к е т к е н  м ы н а д а й 

тарихын баян етеді: 

- Өнерді мәңгі серік еткен Тәттімбет бірде 

Ж а н а қ  ж ы р а у м е н  Қ а р қ а р а л ы д а ғ ы  ү л к е н 

жиында бас қосады. Би-болыстар, көпшілік жұрт 

тоғысқан осы ортада  Ж а н а қ жырау "Қозы-

Көрпеш - Баян-сұлу"  қиссасын үш күн, үш түн 

жырлайды. 

Ж а н е қ е ң өлең  а й т қ а н д а  т ы н ы с алғанын 

сездірмей, түйдек-түйдегімен тастайтын көрінеді. 

Әсерлі үн мен әсем өлең жолдары жұптасқан 

Замана шежіресін халық  ұйып тыңдапты. Міне, 

сол  ж о л ы  Т ә т т і м б е т  " С ы л қ ы л д а қ "  к ү й і н 

Баянның сыңғырлаған сылқ-сылқ күлкісіне 

а р н а п т ы , - дейді.  Т ұ р ы с б е к  ж а с т а й ы н а н 

Тәттімбеттің дауылдап өткен өмірін,  қ а н а т ы 

талмас биік өнерін зерттеп, бойына сіңіріп өсті. 

Оның көз алдында Сары-жайлауда сән  құрып, 

домбыра тартқан Тәттімбеттей сегіз  қырлы, бір 

сырлы бабасы елестейді де жүреді. Тұрысбектің 

ТАЛАБЬІ ТАУДАЙ ТҰРЫСБЕК 

әкесі Түсіпбек Кенжетаев та кезінде домбыра 

тартқан. Кешегі  Ұлы Отан соғысы уақытында 

Тәттімбеттің кекті күйлері күңіреніп, кернейдей 

т а р т ы л ы п ,  к е к алуға  ү н д е й т і н .  Т ү с і п б е к 

Кенжетаев та 1941-1945 жылдардағы  қанды 

жорыққа  қатысып, Берлинге дейін жетті. Ауылға 

"Ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін" және 

басқа көптеген 13 медальмен оралды. Соғыста 

бірнеше жерінен жараланып, әйтеуір, бейбіт 

еңбекке  қайта араласса да, табиғатынан жаны 

жайсаң сезімталдығына соғыс  қасыреті әсер 

е т к е н  б о л а р ,  б ә л к і м ,  б а я ғ ы  к ө ң і л  к ү й і 

байқалмады. Домбыраны  қолына анда-санда бір 

алатын. Әйтсе  д е , кешкі бір демалыс шақтарда 

ұ л - қ ы з д а р ы н а домбыр а тартуды ң әліппесін 

үйретті. Түсіпбек Кенжетавтан төрт ұл, төрт қыз 

түгелдей домбыра тартады.  Ә р қ а й с ы с ы әр 

мамандықтың тұтқасын  ұстағанымен,  ұлттық 

музыка аспабына деген ыстық сүйіспеншілік 

қ а н ы н а сіңіп,  қ а с и е т болы п  қ а л ы п т а с қ а н . 

Алайда, олардың ішінен домбыраны өмірлік серік 

еткені -  Т ұ р ы с б е к . Ол тек  қ а н а  д о м б ы р а 

тартумен шектелмейді. Тәттімбет жәйлі мол 

деректер де жинап жүр. Мәселен,  ұлы күйшінің 

40-тан астам белгілі күйлерінен басқа әлі елге 

белгісіз шығармалары бар. Музыка зерттеушісі 

белгілі домбырашы У. Бекенов "Күй табиғаты" 

деген кітабында "Тәттімбет елінде ата күйін 

мирас көрер, тамылжыта күй тартар күйші 

ұ рпа қ тары н көптеп кездестіруте болады" дей 

келіп, Тұрысбек есімін атап өтеді. Тұрысбек 

Түсіпбеков Тәттімбеттің "Қосбасарының" тоғыз 

түрін, "Былқылдақ" және басқа күйлерін өз 

биігіне жеткізе орындайды. Тәттімбет күйлерінің 

бәрі бір деңгейде өте құнды, әрқайсысы-ақ терең 

ф и л о с о ф и я с ы м е н ,  с ы р ш ы л д ы ғ ы м е н ,  ә с е м 

үнділігімен адамдар  ж а н ы н тебірентеді. Ал 

т а б и ғ а т т ы ң  ә с е м  к ө р к і  с и п а т т а л а т ы н 

"Сарыжайлау" мен жүрек  қылын дәл басып, 

ж а н д ы  б е й м ә л і м  ш а т т ы қ қ а  б ө л е й т і н 


"Көкейтесті" күйі Тұрысбек үшін өте ыстық. 

Тұрысбек Түсіпбеков 1970 жылы  Қарқаралы 

зоотехникумында оқып жүрген кезінде белгілі 

"Салтанат" ән-би ансамбліне  қатыса бастайды. 

Міне, сол кезден бастап жасынан жаны сүйген 

Тәттімбет бабасының күйлерін  н а қ ы ш ы н а 

келтіріп, зор толғаныспен орындап келеді. 

О л  қ а з а қ т ы ң  а қ ы н  к о м п о з и т о р ы Кенен 

Ә з і р б а е в т ы ң  т у ғ а н ы н а 100  ж ы л толуына 

арналған Алматыдағы торқалы тойға  қатысып, 

көпшілік алдында "Майда-Сары", "Мыржық" 

күйлерін орындап берді.  Қазақ ССР Мәдениет 

м и н и с т р л і г і н і ң  а р н а й ы  г р а м о т а с ы м е н 

наградталды. Тұрысбек жайлы бірнеше күй 

кітаптарында айтылып, сүреті басылған. 

Қазақ совет энциклопедиясының 10 томында, 

621 бетінде Тәттімбет жайлы жазылған ғылыми 

мақалада  Т ұ р ы с б е к туралы да  а й т ы л ғ а н . 

А к а д е м и к  Ә л к е й  М а р ғ ұ л а н  а л ғ а ш  р е т 

Егіндібұлақ ауданына 1973 жылы жаз айында 

барып,  Т ә т т і м б е т өмірі  ж а й л ы  д е р е к т е р 

жинастырғанда, Тұрысбекпен көп әңгімелесіп, 

Тәттімбеттің  қырықтан астам күйлерінің шығу 

тарихын жазып алған,  қасына ертіп жүрген. Сол 

бір  ж а р қ ы н күндердің белгісі болсын деп 

Тұрысбек сол жылы туған  ұлының есімін 

Марғұлан деп  қойған.  Ж а з у ш ы Сапарғали 

Бегалин де  ұлы  к ү й ш і Тәттімбеттің  ж а н 

тебірентер теңдесі жоқ, күйлерінің сырына 

қ а н ы ғ у  ү ш і н  ж а с  д о м б ы р а ш ы н ы ң 

орындаушылық  қабілетіне сүйсінген.  Қазір 

Тұрысбекте Әлкей Марғұлан және Сапарғали 

Бегалин ағаларының жазған хаттары сақтаулы. 

Тұрысбек шын мәнінде ел сенімін ақтап, тамаша 

өнерімен көрініп жүр. Ол республикалық және 

б ү к і л о д а қ т ы қ  б а й қ а у л а р д ы ң  л а у р е а т ы . 

Т ұ р ы с б е к  Т ә т т і м б е т  к ү й л е р і н і ң  ү л к е н 

н а с и х а т т а у ш ы с ы ,  ж а н а ш ы р ы , Алматы 

облысының Жамбыл,  Қапал аудандарында, 

Қ ы з ы л о р д а  о б л ы с ы н ы ң  Ж а ң а - Қ о р ғ а н 

а у д а н ы н ы ң орта мектептерінде,  Ж а м б ы л 

о б л ы с ы н ы ң  М е р к е  а у д а н ы н ы ң  м у з ы к а 

м е к т е б і н д е  ж ә н е  м е к т е п - и н т е р н а т т а р д а , 

Оңтүстік  Қазақстан облысының Сары-ағаш 

ауданының Мәдениет үйлері мен Шымкент 

қаласының музыка училищесінде Тұрысбек 

Түсіпбеков жиі болып, Тәттімбет өмірі жайлы 

сыр шертеді,  к ү й л е р і н  з о р  т е б і р е н і с п е н 

орындайды. Ол жұртшылық алдында сөйлегенде 

Тәттімбетің әлеуметтік көз  қ а р а с ы н ашып 

отырады. 

1978 жылы ақпан айында  қазақ теледидары 

"Тәттімбеттің күйлері" атты телефильм түсірді. 

Оған белгілі жазушы Бегалин,  Қазақстан халық 

артисі М. Хамзин, домбырашылар У. Бекенов 

және Түсіпбековтер  қатысты. Бұл телефильм 

Алматыдан 4-5 рет  қайталанып көрсетілді. 

Ж а с домбырашы, насихатшы жігіт жалпы 

Қазақ музыкасын зерттеу жұмыстарымен де 

айналысады. Оның "Қазақ әдебиетінің" 1979 

жылғы 21  қ ы р к ү й е к т е белгілі сазгер Илья 

Жақановтың "Балқантаудың баурайында" әніне 

жазған  р е ц е н з и я с ы  ж ә н е  б а с қ а  д а осы 

т а қ ы р ы п т а  ш ы қ қ а н  м а қ а л а л а р ы  м у з ы к а 

әлеміндегі Тұрысбек белсенділігін көрсетеді. Т. 

Түсіпбековтың негізгі бағыты Тәттімбет өмірі 

мен шығарған күйлері жайлы болып келеді. Бұл 

ж ө н і н д е  Қ а р а ғ а н д ы  о б л ы с т ы қ  " О р т а л ы қ 

Қ а з а қ с т а н "  г а з е т т е р і н д е ,  р е с п у б л и к а л ы қ 

"Казахстанская правда", "Ленинская смена" 

газеттерінде Тұрысбектің көптеген мақалалары 

басылды. Жас домбырашының өзі жайлы да бұл 

газеттерде көп жазылды. 

"Социалистік  Қазақстанда" (1985 жылы 14 

желтоқсанда) "Керемет күйші  құрметіне" деген 

мақала басылды.  О н ы ң  а в т о р ы Тәттімбет 

атындағы музыка училищесінің оқытушысы М. 

Мұқашев. Музыка училищесінде Тәттімбеттің 

туғанына 170 жыл толуына арналып өткен 

с а л т а н а т т ы  к е ш  т у р а л ы  ж а з д ы . Кешті 

ұ йымдастыруш ы  ж ә н е Тәттімбет күйлері н 

тартушы Т. Түсіпбековтың талмай ізденісіне, 

шебер орындаушылығына талдау жасады. 

1985  ж ы л ы  ж е л т о қ с а н  а й ы н д а Алматы 

Қ ұ р м а н ғ а з ы  а т ы н д а ғ ы  м е м л е к е т т і к 

консерваторияда Т. Түсіпбековпен Монғол 

халық республикасының Баян-Өлгей аймағынан 

келген сол жердің  ұлт аспаптары оркестрінің 

дирижері Хусаянумен арнайы кездесуі болып 

өтті. Монғолдық  қонақ  ұлы күйшінің сыртқы 

елге мәлім бола  қ о й м а ғ а н  н е б і р  ғ а ж а п 

туындыларын Тұрысбектің орындауында тыңдап 

қайран  қалды. 

Көптеген музыка зерттеушілері. ғалымдар, 

жазушылар Тәттімбет жәйлі ізденіс үстінде 

Тұрысбекпен үнемі байланыс жасап отырды. 

Оның тартқан күйлерін зейін  қоя тыңдап, одан 

бірнеше күйлер жазып алды. Бүгіндері Тұрысбек 

архивінде Әлкей Марғұлан, Ғабит Мүсірепов, 

Зейтін Ақышев, Тәкен Әлімқұлов, Латиф Хамиди 

және басқалары жазған хаттары сақтаулы. Бұл 

сәлем хаттарда талантты жігітке деген ағалық 

ыстық-сезім, өткен еңбегіне берген бағамен 

қатар Тәттімбет жайында пікірлер де бар. 

Т ұ р ы с б е к т і ң  Т ә т т і м б е т  т а н у ісімен 

а й н а л ы с у д а ғ ы  ж е т і с т і к т е р і н е ,  о р ы н д а у 

шеберлігіне көптеген өнер  қайраткерлері әділ 

бағасын беріп келеді. Мәселен,  Қазақ халық 

артисі,  Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты, композиторлар одағының мүшесі 

Латиф Хамиди: Тәттімбеттің өмірбаяны мен 

шығармаларын көптен бері зерттеп және 

ж ұ р т ш ы л ы қ қ а кеңінен насихаттап жүрген 

музыка зерттеушісі  Т ұ р ы с б е к Түсіпбеков 

жолдаспен бүгін кездесіп көп әңгімелестік, оның 

бұл еңбегінің музыка мәдениетімізге өте  қажет 

екенін айтпай кетуге болмайды", - деп жазды. 

Т ұ р ы с б е к  Т ү с і п б е к о в  м ә д е н и  қ ы з м е т 

саласындағы тамаша еңбегі үшін  Қазақ ССР 

Мәдениет министрлігінің, облыстық мәдениет 

б а с қ а р м а с ы н ы ң бірнеше дипломдарына ие 

болған. 


Тұрысбек Түсіпбеков шын мәнінде өнерді 

қадірлеп өскен, ән-күйді сүйген, есімі елге 

танымал сегіз  қырлы, бір сырлы, талантты жан. 

Тәттімбет тануды ол әлі талай еңбек етіп, табысқа 

жетері сөзсіз. Ол даңқты баба күйлерінің бүгінгі 

нағыз жанашыры, кәусар бұлағы. 

Р. БАЙМҰҒАНБЕТОВ, 

Қарағанды облысы. 



Сарыарқа. - 1997. - № 5. - 92-93 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал