Ардагерлерге тағзым – тарихқа тағзым Жас ғалымдар тәжірибе алмасты



жүктеу 350.79 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата01.05.2017
өлшемі350.79 Kb.
1   2   3   4

Қарлыға ТЕЛМАН

Ғылымға жол ашқан Астана



(Басы 1-бетте)

Оған ғаламдық желінің 120 мыңнан 

астам тұрақты тұтынушысы қатысуда. 

Бесіншіден, Астана форумының әлеуеті 

арта түскеніне басқа да айғақтар арқылы 

к з жеткізуге болады. Мысалы, бір жыл 

бұрын мен осы мінберден «G-Global» атты 

ХХІ ғасырдың жаңа әлемдік құрылымы 

идеясын ұсынған едім. Бүгінгі таңда тек 

«Google» ақпарат іздеу жүйесінің  зі осы 

терминге қатысты миллиардқа жуық 

сілтеме жасайды. Мен Астана форумы 

мен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы кон-

ференция аясындағы пікірталастардың 

қорытындысына аймақ тық және жаһандық 

деңгейдегі сұраныстың арта түсеріне 

сенімдімін» деп, әлемдік мәселелерді ше-

шуге мұрындық болатын айтулы шараның 

маңызын түсіндіріп  тті. 

А у қ ы м д ы   ш а р а ғ а   ә л е м   е л д е р і н і ң 

ми нистрлері және халықаралық ұйым-


4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№3 (101)

31 мамыр


2013 жыл

Р У Х


Қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің студенттері, Ардагер ұстаздары мен жастар ұйымдарының белсенділері 

Кеңес Одағының қос батыры Әлия мен Мәншүктің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ҰОС 

ардагерлерінің ел алдындағы ерен еңбегі мен қан майдандағы ерлігіне тағзым етті.

8 мамыр күні Қазақ мем лекеттік қыздар педагоги калық университетінде 

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 68 жылдық мере кесіне орай «Ер есімі – ел 

есінде» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.

Кеш бір минут үнсіздіктен басталды. Университет ұжымы мен студенттері 

Отан үшін от кешкен батырларды, майданнан оралмаған қайсар 

жауынгерлерді тағзым етіп, еске алды.

Қазақстан Қарулы Күштері 1992 

жыл дың 7 мамырында құрылды. 

Тәуел сіз Қазақ елінің қарулы күшінің 

құрылғанына 20 жылдан асса да, осы 

уақытқа дейін бұл күн әскери мамандық 

иелерінің күні ретінде ғана аталып 

тілетін. Алайда, биылғы жылдан бастап 

Елбасы Н. .Назарбаевтың жарлығымен 

бұл күн мемлекеттік мереке ретінде 

«Отан қорғаушылар күні» деп ерекше 

ата лып отыр. Бұл мерекеге мемлекеттік 

дең гейде аса жоғары к ңіл б лініп, 

«Отар» 40-әскери базасында әскери 

шеру  ткізілді. Қазақстан сарбаздары – 

әрдайым патриоттықтың эталоны. Жас 

ұрпаққа үлгі болу үшін жоғары деңгейдегі 

дайындықта  ткізілген әскери шеру 

еліміздің қарулы күшінің мерейін асы-

рып, айбынын асқақтатты.

Осы айтулы Отан қорғаушылар күнін 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің арулары  з деңгейінде атап 

тті. Мерекелік шарада  леуметтік және 

тәрбие істері ж ніндегі проректор Зәуреш 

Қуандыққызы Сабырова университет 

қабыр ғасында қызмет атқаратын барша 

ер-аза маттарды құттықтап, гүл шоқтарын 

сыйлады.


Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі 

арайла ған ақ таңы сан ғасырлар бойы 

байтақ жерімізді найзаның ұшымен

білектің күшімен қорғаған, қиын-қыстау 

замандар туса да қайсарлық танытқан 

есіл ерле рі міздің арқасы екендігі дау-

сыз. Бабадан мұраға қалған қасиетті 

атамекеніміздің болашағы да ардақты 

азаматтардың қо лында. «Ұлым» дейтін 

жұрт болмаса, «жұртым» дейтін ұл қайдан 

болсын» деген с зді А.Байтұрсынов 

бекерге айтпаса керек. Қазақстан-

ның айбынды әскерін мадақтайтын 

ұлық мереке ер-азаматтардың абыро-

йын асқақтатып, мәртебесін к терсе, 

егеменді елдің к к байрағын желбіретіп, 

бейбіт шаңырағын шайқалтпау үшін 

үлкен міндет жүктейді.

Ынтымақтастықты ұлықтайтын мамыр 

айы түрлі мерекелерге ұласатын мезгіл. 

Қазақстан Республикасының Қарулы 

күштері құрылған күннен кейін Ұлыс Жеңіс 

күні аталып  тіледі. Сондықтан да Отан 

қор ғау шылар күніне университет арулары 

ұйым дастырған мерекелік шарада Ұлы Отан 

соғысы кезінен келе жатқан «Смуглянка», 

«В зем лянке», «Священная война» әндері 

шырқалды. 

Қыздар  педагогикалық  универ си те тін-

де ұстаздық қызметке ғана емес, бо лашақ 

жар, ардақты ана атану үшін ару қыздар-

дың бойына ер-азаматтарды сыйлау, оларға 

құрмет к рсету, отағасын қадірлеу сын ды 

қасиеттерді сіңіру жолында тәрбиелік жұ-

мыстар кеңінен жүргізіліп келеді. Сол се-

бепті де бұл шара қыздарға тәрбиелік мәні 

жоғары әсерлі кеш болды.

Байжан ЕМБЕРДІ

Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілік 

есте сақтауға арналған ең қастерлі де 

мәр тебелі мереке күні шараға арнайы қа-

тысқан университеттің ардагерлер кеңе-

сінің т рағасы Рысбай Сәттімбекұлы, 

физика-математика факультетінің ар-

дагер ұстаздары п.ғ.д., доцент Абдуали 

Файзуллаев, т.ғ.д., профессор Ажымұқан 

Жамалов ағаларымыз Кеңес Одағының 

Батырлары  лия мен Мәншүктің ерлігін 

атап  тіп, жастарға бейбіт  мірдің қан дай 

қиыншылықпен келгенін айтып, Тәуел-

сіздігіміздің баянды болуын тіледі. 

Мереке күні ескерткіш маңына жи-

нал ған барша жұрт бір сәтке сұрапыл 

соғыс жылдарын еске алып, бейбіт заман 

орнатқан батырлардың ерлігіне бас иді, 

азат елдің гүлденген к ркі үшін қан майдан-

да ерлік к рсеткен батырларға алғыстарын 

жаудырды. Жаратылыстану факультетінің 

ұстазы Карменова Нұрсипа Нұршанқызы: 

«Қайсар қос қарлығаш барлық ержүрек 

жастардың символы іспеттес. «Шығыстың 

қос шынары» атанған қазақтың қас батыр 

қыздары  лия мен Мәншүктің есімдері 

халық жадында мәңгі сақталары с зсіз», – 

деп пікір білдірді.

Сонымен қатар университетіміздің 

«Жан жылуы» клубы 28 Панфиловшылар 

паркінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 

құрмет к рсетіп, Жеңіс күнімен құттықтап, 

мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, май-

дан даласында қаза тапқан боздақтардың 

рухына тағзым етті.

Биыл 1941 жылы басталған сұрапыл 

соғыстың аяқталғанына 68 жыл толды. 

Сол жылдың маусым айынан бастап 

КСРО-ның миллиондаған әскерімен 

бірге, қазақ жауынгерлері де Ұлы Отан 

соғысына аттанып,  зінің батылдығымен, 

қайсарлығымен к зге түсіп, жеңіске жету-

ге елеулі үлес қосты. Олардың қатарында 

«Шығыстың қос шынарына» айналған 

батыр қыздарымыз  лия мен Мәншүк те 

болды. Егер батыр ардагерлеріміздің жеңісі 

болмаса, мүмкін әлем картасында Тәуелсіз 

Қазақстан елі де болмас па еді. Сондықтан, 

Отан үшін жан қиғандарды еске алып, 

олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету 

бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып 

қала бермек.

Қыздар университеті адамзат тари-

хындағы ең қатыгез соғыста ұрпағына 

бейбіт  мір сыйлаған ардагерлеріміздің 

жең ісі н әрда й ы м ма қ т а н е т ед і және 

Қ а зақ ха л қ ы н 9 мам ы р – Ұл ы Жеңіс 

к үнімен шын ж үректен қ ұттықтайды. 

Ардагерлеріміз аман, аспанымыз ашық, 

ж ұ р т ы м ы з   т ы н ы ш ,   б о л а ш а ғ ы м ы з 

жарқын болсын!

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

Т а р и х   қ о й н а у ы н д а   е р л і к 

пен елдіктің ерен рухын паш 

еткен Жеңістің 68 жылдығына 

а р  н а л ғ а н   с а л т а н а т т ы   к е ш т і ң 

шымылдығы Қазақстан Респуб-

л и к а с ы  

н ұ р а н ы н ы ң   о р ы н -

далуымен ашылды. Жиналған 

б а р ш а   қ а у ы м д ы   Ұ л ы   Ж е ң і с 

күнімен Қыздар университеті 

ардагерлер кеңесінің т рағасы 

Рысбай Сәттімбекұлы құттық-

тап, жас ұрпаққа бейбіт  мірдің 

қ а н ш а л ы қ т ы   қ и ы н   ж о л м е н 

келгендігін үлкен тебіреніспен 

жеткізді:

– Бізге жеңіс оңайлықпен 

келген жоқ. Жеңіс жолында Отан 

үшін от кешіп миллиондаған асыл 

азаматтар мерт болды. Жаумен 

жан аямай шайқасып, ерліктің 

ерен үлгілерін к рсетті. К п ана-

лар, жарын жоғалтып – жесір, бала 

ата-анасынан айыры   лып – жетім 

атанды. Фашистердің тұт  қын ла-

герлерінде қаншама ана мен бала 

айуандықпен азаптап  лтірілді. 

Ал тылда қалған қарт  тар, аналар 

мен бесіктен белі шықпаған ба-

лалар соғыстың қайғы-қасіретін 

арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ 

болып, жеңіс үшін тынбай жұмыс 

і с т е д і .   Б і р а қ   е ш к і м н і ң   с а ғ ы 

сынбады. Небір сын сәттерде 

Отан үшін отқа кеудесін тосқан 

қазақ халқының батыр қыздары 

мен ұлдары да болды. Соның 

ішінде Кеңес Одағының Батыр 

қыздары, Шығыстың қос шы-

нары  лия Молдағұлова мен 

Мәншүк Мәметова туған жерді 

қасиет тұтып, Отанын қорғауда 

үлкен ерлік к рсетті. Олардың 

ерлік істерін ешкім де, ешқашан 

да ұмытпауға тиіс, – деп атап  тті.

Одан әрі с з алған Жараты-

лыстану факультетінің деканы 

Қажымұқан Оразұлы Кішібаев: 

«Бұл жыл сайын аталып  тетін 

мейрамның ерекше және құрметтi 

орны бар. Біздің болашағымыз 

үшін құрбан болған миллиондаған 

адамдарды еске түсіру үшін, әрбір 

қазақстандық бұл мерекені Отанға 

деген сүйіспеншілігінің нышаны 

ретінде атап  туі керек. Елімізге 

Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміздің 

ерлігін біз ешқашан ұмыт пауы-

мыз қажет. Онсыз да аз қал ған 

ардагерлерімізге тек мереке де 

ғана емес, әрқашанда құрмет 

к рсетейік!», – деді.

Сондай-ақ  шпес ерлік пен 

л ш е у с і з   д а ң қ т ы ң ,   м ұ қ а л м а с 

қажыр-қайраттың мерекесі Жеңіс 

күнімен барша қауымды сондай-

ақ, Жастар саясаты б лімінің 

меңгерушісі Елнұр Қайратқызы 

Нұрғожаева құт тықтап, универси-

тет тарапынан мерекеге арнап түрлі 

шаралар  ткізіліп жатқандығынан 

хабардар етті: 

– Қыздар универ ситеті мере-

ке қарсаңында Алмалы ауданы 

бойынша 83 ардагерге азық-түлік 

ретінде к мек беріп, әр ардагердің 

үйіне барып құрмет к рсетті. Со-

нымен қатар, университетің 23 

ардагеріне арнайы мерекелік сый-

сияпатпен бірге, ақшалай сыйлық 

табыс етті. Біздің ардагерлерімізге 

д е г е н   қ ұ р м е т і м і з   м ұ н ы м е н 

аяқталмақ емес. Бізге бейбіт  мір 

сыйлаған аға буынның ерлігін біз 

ешқашан ұмытпақ емеспіз! – деп 

атап  тті.

М е р е к е л і к   к е ш т е   с а х н а -

л а н     д ы р ы л ғ а н   қ о й ы л ы м д а р 

к рсетіліп, Ұлы Отан соғысы 

жыл дарындағы әйгілі әндер «Си-

ний платочек», «Смуглянка», 

«Катюша», « лия», «Ана тура-

лы баллада» және бұдан  зге де 

жырлар орындалды. Сонымен 

қатар, студенттер  з  леңдерін 

оқып, ардақты ардагерлерімізге 

қ ұ р м е т т е р і н   ж ы р л а р ы м е н 

жеткізді.

Назира ЕЛЕУХАН

АРДАГЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ – 

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды



АЙБЫНДЫ 

АЗАМАТТАРДЫҢ 

МЕРЕКЕСІ 

АТАЛЫП ӨТТІ

5

5

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№3 (101)

31 мамыр


2013 жыл

Т А Н Ы М



18 мамыр – Халықаралық музей күні. Атаулы күнге орай Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің аналар тарихына 

арналған бірегей «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық мұражайы 

Ашық есік күнін өткізді. Қыздар университеті Орта Азия мен ТМД 

аймағындағы қыздарға арналған ерекше оқу орны болғандықтан музей 

экспозициясында қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы қазақ әйелінің 

рөлі, және оның көне заманнан қазіргі заманға дейінгі тыныс тіршілігі 

баяндалады.

Қыздар университеті 20 мамыр күні «Кәсіби 

білім беру жүйесіндегі к ркем нердің 

мәдени-интеллектуалдық мүмкіндіктері» 

тақы рыбында халықаралық ғылыми-

тәжірибелік конференция  ткізді.

Аталмыш шараға Түркия, Ресей,  збек-

стан, Қырғызстан елдерінің және Алматы, 

Орал, Түркістан қалаларының жоғары оқу 

орындарының оқытушылары мен педагогика, 

нертану саласының ғалымдары, сондай-

ақ докторанттар, магистранттар қатысты. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің ректоры Д.Ж.Н кетаева: «Жаңа 

заман талаптарына орай, интеллектуалдық 

қабілеті мол мамандарды даярлау – бүгінгі білім 

жүйесінің басты мақсаты. Сондықтан жоғары 

білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың 

мамандарға деген қазіргі және келешектегі 

сұранысын барынша  теуге бағдар ұстауы ке-

рек. Қазіргі таңда ең озық жабдықтармен және 

заманауи әдістермен жұмыс жасау машығы 

меңгеріліп, сондай-ақ, болашақ ұрпақтың 

функционалдық сауаттылығына да ерекше 

к ңіл б лініп, студенттерге іскерлік қарым-

қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі күннен-күнге 

айқын сезіліп келеді», – деп конфренцияның 

мақсатын айқындап берді.

Конференцияда Қазақстан кәсіпкерлер 

одағының т райымы, «Our Heritage» қоғамдық 

қорының президенті Айжан Бекқұлқызы с з 

алып, к ркем нердің мәдени-интеллектуалдық 

мүмкіндіктерін арттыру керектігі, оның 

зектілігі мен маңыздылығы жайында  з 

пікірін білдірді. Мұнан  зге Низами атындағы 

Т а ш к е н т   м е м л е к е т т і к   п е д а г о г и к а л ы қ 

университетінің аға оқытушысы Дилноза Ту-

ланова, М. темісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік университеті  нер факультетінің 

оқы тушысы Ақмарал Бахитова, Абай атындағы 

ҚазҰПУ к ркем сурет факультетінің деканы, 

п.ғ.д., профессор Берікжан  лмұхамбетов, 

ҚазМемҚызПУ доценті Нұрзия Рахметова 

кәсіптік білім беруде к ркем нер саласындағы 

маман даярлауды жан-жақты талқылаған баян-

дамалар жасады. 

Низами атындағы Ташкент мемлекеттік 

педагогикалық университетінің аға оқытушысы 

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінде 

нер және мәдениет факультетінің 

«Кәсіптік оқыту» мамандығының 

2-курс студенттері арасында 

«К йлек сызбасының негізінде 

үлгілер жасап  ңдеу» атты 

тақырыпта ашық сабақ болып  тті.

Ашық сабақ университеттің аға 

оқытушысы Күнімай Шагированың 

жетекшілігімен к ркемдеп конструк-

циялау негіздері пәнінен студенттерді 

тео риялық және тәжірибелік жағынан 

конструкциялау туралы ұғымдарды, 

терминдерді және олардың маңызын 

мен алатын орнын түсіндіру мақ-

с а т ы н д а   т к і з і л д і .   О қ ы т у ш ы н ы ң 

айтуынша сабақтың басты міндеті 

студенттерге к ркемдік конструк-

циялау негіздерін үйрету, олардың 

алған білімін тереңдетіп, іс жүзінде 

орындауға мүмкіндік жасау, әдемілікке, 

сұлулыққа, этикалық-эстетикалық 

талғамдарын жоғарылатуға баулу және 

еңбек етуге шығармашылық қабілетін 

қалыптастыру болып табылады.

А ш ы қ   с а б а қ   е ң   а л д ы м е н   а у -

диторияны безендіруден басталды. 

Оған топтың студенттері  з идея-

ларын қосып атсалысты. Оқытушы 

студенттерді т рт топқа б лді және 

сабаққа деген қызығушылықтарын 

арттыру мақсатында топ арасында 

жарыс та ұйымдастырды. Жылдам 

қимылдауды,  здерінің қандай шебер 

екенін к рсететін жарыста студенттер 

алдын-ала дайындалған к йлек сыз-

балары негізінде  з қиял-идеяларымен 

20-30 минут ішінде әр түрлі киім 

үлгілерін тігіп, әсемдеп безендірді. 

Ұстаздар киімнің сапасына, тігісіне, 

сәніне және  з уақытында бұйымдарын 

тігіп бітіруіне жіті мән беріп бағалады. 

Сондай-ақ, ашық сабақта студент-

тер тігін саласына арналған мақал-

мәтелдер мен жұмбақтарды шешу 

б о й ы н ш а   с а й ы с қ а   т ү с т і .   С а б а қ 

соңында әр топ  здерінің дайындаған 

киім үлгілеріне қарай ынталандыру 

сыйлықтарымен марапатталды.

«Шебердің инесі де, соққан күймесі 

де – алтын» демекші ашық са бақ 

қызықты әрі сәтті  тті.



Оразкүл СЫДЫҚ,

Зәмзәгүл ҚҰРБАН,

Студенттік медиа клуб мүшелері

А ш ы л у   с а л т а н а т ы н д а   с з 

алған «Ақтұмар» мұражайының 

меңгерушісі Сәуле Кәрібайқызы 

Мерекеева әріптестерін кәсіби 

мерекесімен құттықтап, келушілерге 

ризалығын білдірді. Сәуле Кәрі-

б а й қ ы з ы   « А қ т ұ м а р »   м у з е й і   – 

университеттің шежірелі тарихын 

сақтап, насихаттайтын ұлағатты 

орын», деп атап к рсетті.

Ашық есік күнінде еліміздің 

э т н о л о г   ғ а л ы м д а р ы ,   м е к т е п 

оқушылары мен Алматы тұрғындары 

«Ақтұмар» мұражайында қонақта 

б о л д ы .   Қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ   т а н ы т -

қан барша қауымға лекция-экс-

курсия  ткізіліп, назарларына 

«Қазақстан музейлері» атты арнайы 

дайындалған танымдық бағдарлама 

ұсынылды.

Қонақтар ең алдымен ана-

лар ұлылығын дәріптейтін «Ана-

лар ұлағаты – елге аманат» атты 

б лімді тамашалады. Күлтегін 

ескерткішіндегі ата-бабалардың 

с и е т   с з і м е н   а ш ы л а т ы н   б ұ л 

б лімде  з заманында халықтың 

ә л е у м е т т і к   қ о ғ а м д ы қ   м і р і н е 

араласқан Айғаным, Фатима секілді 

ханшайымдардың ағартушылық 

саласындағы жұмыстары, деректі 

хаттары сақталған. Сонымен қатар, 

Қазақстандағы алғашқы қазақ 

мектептерінің тарихы, Жәңгір 

ханның мектеп ашу жарлығы, Ма-

мания мектебі оқушыларының 

тізімі, Орынбор, Верный әйелдер 

гимназияларында оқыған қазақ 

қыздары туралы деректер және 

алғашқы білімді қазақ қыздарының 

құжаттары қойылған.

Мұражай экспозициясы жал-

пы, «Аналар ұлағаты – елге ама-

н а т » ,   « У н и в е р с и т е т   т а р и х ы » , 

« йел әлемі», « йелдер шығар ма-

шылығы», « йелдердің қоғамдағы 

р лі» атты 5 б лімнен тұрады. Музей 

2002 жылдың қараша айының 8 

жұлдызында мемлекеттік «Мәде-

ни мұра» бағдарламасы аясын-

да, мә дени рухани құндылықтар 

арқылы студент жастарға тәрбие 

беру,  з мемлекетінің тарихын, 

тілін және к п ұлтты Қазақстан 

ұлт тарының тарихын құрметтеу 

қасиет те рін  сту дент  жастардың 

бойына сіңі ру мақ сатында ашылған. 

Музейдің концепциясында Ұлы 

Да ладағы Ұлы ананың қазақ хал-

қы  ның  қалыптасуындағы  үлкен 

р  лін к рсету басты мақсат ретінде 

к зделген.

Келушілер назарына «Ақтұмар» 

музейі жайлы деректі-танымдық 

фильм және  қазақ қыздарынан 

шыққан тұңғыш этнолог-ғалым 

Зәбира Жәкіштің «Халық саз аспап-

тар» музейінің тарихынан сыр 

шертетін слайд-шоу ұсынылды. 

«Ақтұмар» мұражайының меңге-

рушісі С.К.Мерекеева алдағы жұмыс 

жоспарларымен б лісіп, жыл аяғына 

дейін музейде «Музей – тарих 

мұрасы», «Қазақстан музейлерінің 

даму жолдары», «Қазақтың дәстүрлі 

музы калық асаптарының шығу та-

рихы» атты түрлі шаралар мен музей 

сабақтарын  ткізу туралы ақпарат 

берді.


Еліміздегі ұлт аналарының 

м і р і   ж а й ы н д а ,   ә й е л д е р д і ң 

қолданатын бұйымдары сақталған 

бірегей «Ақтұмар» мұражайы – ел 

ертеңі үшін құнды жәдігерлердің 

сақталатын қасиетті ордасы.



Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

(Басы 1-бетте)

мірбек Байділдаев ұзақ жыл -

дар бойы Қазақ Мемлекеттік Қыз-

дар педагогикалық универ ситетін-

де, Музыка теориясы және та рихы 

кафедрасының меңгерушісі болып 

қызмет атқарған. 

Сол жылдары музыка мәдение-

тінің тарихы мен теориясын қалып-

тастыруға атсалысты.  н жанрында 

да үлкен жемісті еңбек етті. Біз бү-

гінгі шараны музыка,  нер саласына 

үлкен із қалдырған дара тұлғаның 

әндерін жастар арасында кеңінен 

т а н ы т у ,   н а с и х а т т а у ,   с о н ы м е н 

қатар, талантты жастарымыздың 

жолын ашу мақсатында ар найы 

ткізіп отырмыз», – деді аталмыш 

ш а р а н ы ң   ұ й ы м д а с т ы р у ш ы с ы , 

Қыздар университетінің мәдени-

бұқаралық  жұмыс тар дың  теориясы 

мен әдістемесі кафедрасының аға 

оқытушысы Ләйлә  бдірайымқызы 

Аманқұлова.

Байқау талабына сай әрбір 

қа тысушы екі әннен орындады, 

оның біріншісі  мірбек Байділдаев-

тың шығармашылығынан алынса, 

екінші ән  з таңдауы бойынша пат-

риот тық тақырыпқа арналды. Бай-

қау үміткерлері музыкалық аспап-

тардың сүйемелдеуімен жанды 

дауыста ән шырқады. 

Байқау қорытындысы ән до-

даның Бас жүлдесін – « сем дауыс» 

аталымын Т.Жүргенов атын  дағы 

Қазақ ұлттық  нер ака демиясы-

ның студенті Асхат Мәдиев жеңіп 

алды. І орынды К.Байсейітова 

а т ы н д а ғ ы   д а р ы н д ы   б а л а л а р ғ а 

арналған республикалық музыка 

мектебінің оқушысы Қарлығаш 

Ермекова иеленсе, екінші орынды 

Қыздар университетінің студенті 

Бексұлу  білқасым мен Т.Жүргенов 

атындағы Қазақ ұлттық  нер ака-

де миясының студенті Жасұлан 

Заман беков  зара б лісті. ІІІ орын-

ды Т.Жүргенов атындағы Қазақ 

ұ л т т ы қ   н е р   а к а д е м и я с ы н ы ң 

студен ті Азат Мынбаевқа, Қыздар 

уни верситетінің студенті Жанат 

темісоваға және «ҚазҰПУ» то-

бына бұйырды. «ҚазҰПУ» тобы 

Абай атындағы ҚазҰПУ студент-

тері  – Нұртас Жұмабаев, Мырзаә діл 

Ерденов, Дәлет Абушакиров, Ержан 

Қонысбековтен құралған. Бар лық 

жеңімпаздар дипломдармен және 

ақшалай сыйлықтармен марапат-

талды.

Жастарға берері к п, пат риот-



тық, тәрбиелік мәні зор дәс түрлі 

кешті университеттің әнші жастары 

және арнайы қонаққа келген «Клас-

сик» тобы  з  нер лерімен әсерлете 

түсті. 

Байжан ЕМБЕРДІ

Ғажайып өнер әлемі

«Ақтұмар» музейі есігін айқара ашты

Патриоттық әндер шырқалған кеш

ШЕБЕРДІҢ ИНЕСІ ДЕ, 

СОҚҚАН 

КҮЙМЕСІ ДЕ – АЛТЫН

Дилноза Туланова: «Конференция жақсы 

ұйымдастырылған, к теріп отырған мәселенің 

зі  те маңызды, себебі ақпараттық-технология 

дамыған заманда жастарымыз табиғаттан 

алыстап барады. Біз  нерге жақындатудың 

мәселелерін к теруіміз керек. Осындай жиын-

дар тәжірибе алмасып, ой б лісуге к п к мегін 

тигізеді. Алдағы уақытта да Қазақстанмен 

байла нысымызды одан әрі нығайтып, бірге 

жұмыс істей береміз деген ниеттемін», - деп  з 

пікірін білдірді. 

Сондай-ақ, осы конференцияда «Ғажайып 

нер әлемі» атты к рме ұйымдастырылды.

Қыздар университеті студенттерінің және 

шетелдік, қазақстандық жоғары оқу орын-

д а р ы н ы ң   о қ ы т у ш ы л а р ы   м е н   қ о л н е р 

шеберлерінің қолынан шыққан бірнеше 

ж а н р д а   с а л ы н ғ а н   к а р т и н а л а р ,   т е р і д е н , 

полимерлік табиғи материалдардан жасалған 

заттар мен дизайнерлік киім үлгілері, го-

белен жұмыстары  қонақтар назарларына 

ұсынылды.  нертану саласының кәсіби ма-

мандары к рмелік заттарға қазылық жасап, 

бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. 

«Ғажайып  нер әлемі» к рмесінде ІІІ дәрежелі 

дипломмен А.Йассауи атындағы ХҚТУ-дан 

келген Б.Жолдасова, ҚазМемҚызПУ кәсіптік 

білім беру кафедрасының аға оқытушысы, 

.ғ.к. Сара Қырықбаева және Кәсіптік білім 

беру кафедрасының оқытушысы Гүлмира 

Қалдыбаева марапатталды, ал Абай атындағы 

ҚазҰПУ к ркемсурет факультетінің аға 

оқытушысы Бағыбай Манасов пен осы оқу 

орнының магистрі Рахат Берікбол және 

М. темісов атындағы БҚМУ-дың оқытушысы 

Ақмарал Бахитова ІІ дәрежелі дипломды 

иеленді. К рмеде ерекше туындыларымен 

к зге түскен Түркияның Ақдениз университеті 

Бейнелеу  нері факультетінің оқытушысы, 

п.ғ.к  мір Займоғлы І дәрежелі дипломға қол 

жеткізді.

К ркем нердің мәдени-интеллектуалдық 

м ү м к і н д і к т е р і   т а л қ ы л а н ғ а н   ж и ы н д а 

педагогикалық оқу орындардың «Кәсіптік 

білім» мамандарын жаһандық білім деңгейінде 

даярлаумен бірге дәстүрлі қол нер, бейне-

леу  нері және дизайн негізінде болашақ 

мамандарға  теориялық, практикалық сын-

дарлы тәсілдерді игеру, еліміздегі және алыс-

жақын шет мемлекеттердің ЖОО-мен байла-

ныс жасап, кәсіптік білім беру ісін дамытудың 

мүмкіндіктерін арттыру к зделіп отыр. 


Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2013
2013 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады
pdf -> Әз-наурыз, ТӨрлет төріме! 3-бетте 8-бет 9-бетте Шеберлік шыңына шығар жол
pdf -> Қазақ тарихының тамыры тереңде Мемлекеттік тілге жастар құрметі 2-бетте 6-бетте 7-бетте Асқақ
pdf -> Семинар өткізілді 2-бетте 6-бетте 7-бетте Ғаламшар болашағы өз қолымызда
pdf -> Дөңгелек үстел Тағылымды әңгіменің арқауы
pdf -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады
pdf -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ұлытау сұхбатының берері мол
2013 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

жүктеу 350.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет