Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып



жүктеу 71.17 Kb.
Pdf просмотр
бет14/15
Дата13.03.2017
өлшемі71.17 Kb.
#4767
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Манарбек Кəрім
Манарбек Кəрім
Қарқаралы аудандық мемлекеттік 
Қарқаралы аудандық мемлекеттік 
мұрағатының басшысы
мұрағатының басшысы
ҚАРҚАРАЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ
ДӘРІГЕРЛЕРІ

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
119
11, Қарқаралы округінен 2 бала дәрігерлікті оқуға тілек білдіреді.
Өкінішке орай, олар шешекке қарсы егуді үйренгендерімен, хирургияда
қолданылатын құралдардың болмауы себепті кеселді емдеу техникасын және
орыс тілін меңгермей шыққан.
Орыс тілінің меңгерілмеуі жайлы Х.Досмұхамедұлы: «Мұның себебі мынау, соңғы
уақытқа дейін біздің Рұсиадағы түріктерде мұсылманша оқыту, оқу бар еді, ұлт
оқуы жоқ еді. Әксент туады, бөтенше сөйлеуге, бөтен елдің адамынан айырыл-
мастай болып сөйлеу бұларға өте қиын болады. Өз тілін жақсы білген түрікке Ау-
рупа тілдерін сөйлеу қиын болса керек»-деп көрсеткен.
Қазақтан алғашқы болып шыққан шешекке қарсы егушілерге жергілікті
әкімшіліктер дәрігерлік құрал-жабдық сатып алуға 27 сом 2 тиын күміс ақша
тауып бере алмаған көрінеді.  
1854 жылы өз болыстарына жіберілген 9 қазақ фельдшеріне құрал-саймандар
сатып алу үшін қазынадан 618 сом 49 тиын күміс ақша бөлінген екен, яғни, сең
қозғалған.
Шешекке қарсы егушілерге қажетті жағдай туғызу, жылына 36 сом күміс ақша
жалақы төлеу 1856 жылы тұңғыш рет көтеріліп, қаулы қабылданады. Бірақ,
жалақы төлеу мәселесі 5 жыл өткен соң – 1861 жылы ғана шешілген.
Емшілердің жұмыс учаскесін белгілеу жергілікті аға сұлтандарға, ал, білімін
толықтыруда, есеп беруде, нұсқаулар алуда әскери аурухана дәрігерлеріне
бағынған.
1864 жылы Қарқаралы округінен фельдшерлік шәкірттікке  3 бала іріктеліп
алынған. Олар: 1. Қалқабай Қырбасов–Жағалбайлы Баймұрын болысынан. 2.
Төсебай Байғозин-Қара Айтымбет (Әйтімбет шығар. М.К.) болысынан. 3. Айбас
Мауытжанов-Жілікпатай болысынан. 
Бірақ, оқушылардың әлеуметтік жағдайлары мәз болмағаны төменгі жайлармен
көрініп тұр. Мысалы: Қарқаралы округінен келген Аянған Құнанбаев пен Ғабдолла
Қиқыбаев сынды шәкірттер жыл сайын әр балаға тиісті 40 сом күміс ақшаның
уақтылы беріліп тұрмайтындығынан көп қиыншылықтар көретіндіктерін айтып
әскери губернатордан көмек көрсетуді, талаптары орындалмаған жағдайда
оқудан босатуды сұраған.  
Сібір комитетінің 1864 жылғы «журнальное постановлениесіне» сәйкес Семей-
дегі қазақтан шыққан шешекке қарсы егушілер қызметте жүрген кезеңдерінде
қолдарындағы малдары үшін салық төлемейтін болған.  
1866 жылға дейін фельдшерлік мектептердегі қазақ балаларына арналған орын-
дар толмай келген.
Дәрігерлік оқу басында әскери ведомство қарамығында болған. Кейін ішкі істер
ведомствосына өткізілген. Сол кездерде де қазақ балаларын оқытуға 10 орын
сақталып отырған.   
1868 жылдың 11 наурызында Орынбор губернаторы мен Ішкі Орданы басқару
Уақытша Советінің «Ішкі Орда қырғыз балаларына шешекке қарсы егушілер да-
йындау туралы» циркулярымен шешекке қарсы егушілерді салық түрлерінен бо-
сату, ерекше көзге түскендерін наградтау, жылдық жалақыларын 90 сом
мөлшеріне белгілеу, құрал-жабдық, кітап сатып алуға 29 сом бөлу және Ішкі Орда
дәрігерлерін жарты жыл ішінде қазақ балаларына шешекке қарсы егуді үйретуге
міндеттеу туралы Ереже бекіткен. 
Жалпы дәрігерлікке оқыту қазақтың басқа өңірлеріне қарағанда Ішкі Ордада
қатты қолға алынған сыңайлы. Сол кездегі Ішкі Ордадағы «дәрігерліктің да-
муына» қарамастан әр егушіге 6 мың шаңырақтан (үй, бала-шаға) келген.
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарин де бұл сала бойынша сырт қалмаған
екен. 1879 жылы генерал-губернатор Н. Крыжановскийдің басқаруындағы комис-
сия ағартушының екі класты орыс-қазақ училищесінде шешекке қарсы егуге бай-
ланысты арнайы сабақ өткізу жөніндегі ұсынысын құптаған.  
Ы. Алтынсарин 1882 жылғы есебінде дәрігер Орловтың қазақ балаларына ше-
шекке қарсы егуді үйретудегі қажырлы еңбегін айта келе, егер, бұл ісі нәтижелі
болса, онда шешектен жүздеп, мыңдап қырылып жатқан ел үшін зор маңызға ие
болар еді-деп көрсеткен.
Ы.Алтынсарин Торғай уезінің шешекке қарсы егуші-Д. Тоқабаевтың өз ісін шебер
меңгергендігін, оны іс жүзінде қолдана білгендігін әскери-губернаторға баяндап,
оны қаржылай ынталандыру туралы ұсыныс жасаған. Ұсыныс қырғыз

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
120
қоғамдарынан жиналған қаржыдан ақшалай сыйлық беру жолымен қолданған.    
Бұл жылдары шешек дерті қазақ халқын мыңдап (ауырғандардың 30-40 пайызы)
қырғынға ұшыратқан деген деректер келтірілген. 
Мұрағат құжаттарына сүйенген авторлар әйелдерден медицина қызметкерлерін
даярлау  мәселесі бірінші рет 1888 жылы көтерілгенін жазады. Омбы әскери-
медициналық инспекторы М. Соколов Дала генерал-губернаторына жолдаған ра-
портында қазақ әйелдерінің семьядағы және бала тәрбиесіндегі  рөлін атап өте
келіп, олар үшін әскери госпиталі жанынан фельдшерлік кіндік шешелер мектебін
ашуды ұсынған. Бұл мәселені қазақ қоғамдары 1895-96 жылдары қайта көтерген.  
1880-1913 жылдары арлағында Омбы орталық фельдшерлік мектебін 97 қазақ
баласы бітіріп шыққан. 
Осылардың ішінен Қарқаралыға ат басын тіреген алғашқы дәрігер-Әміре
Дүрменұлы Айтбақин. Ол 1859 жылы Семей облысы Павлодар уезінің Ақбетті
болысындағы № 2 ауылында туған. «Алғашқы қазақ дәрігерлері» атты кітапта
ол кісі туралы деректер өте көп. Ю. Поповтың 2010 жылы Санкт-Петербургте
шыққан «Возвращение в Каркаралы» кітабында аты-жөні-Амре Айтбакин, әкесі-
Дурман- деп көрсетілген.
Ол, алғаш шіркеу қарауындағы мектепті бітірген. Одан соң әскери ведомствоның
мұғалімдер семинариясын 1883 жылы 16 шілдеде аяқтап № 9225 куәлігін алған
және әскери семинарияда білім алғаны үшін 1885 жылдың 15 шілдесіне дейін әскери
ведомствода қызмет етуге міндетті болған.
Ол, дәрігерлік мамандықты игергенше Омбыдағы әскери гимназияның мұғалімі,
кейін губерния секретары, Дала генерал-губернаторы канцеляриясының қырғыз
(қазақ) тілінің тілмашы, Ақмола уезінің «тәртіпсіздік пен қиянатшылдықты тек-
серу үшін» белгіленген тергеу комиссиясының тілмашы, 1884 жылы Семей
облыстық басқарма жанында тілмаш, Қарқаралы уезі бастығының көмекшісі, аға
көмекшісі, 1887 жылы Семей облысы әскери губернаторының ерекше тапсырма-
лар кіші чиновнигі қызметтерін атқарған және колледж секретары, лауазымды
кеңесші дәрежесіне ие болған.
Әскери губернатордың 1889 жылдың 23 қаңтарында Томск университетінің ме-
дицина факультетіне түсуші Ә. Айтбақинге берген куәлігінде (мінездемесі болар):
«...ол 1883 жылдың 16 шілдесінен мемлекеттік қызметте жүрген кезінде
тиянақты тәртібімен  және мүлтіксіз адамгершілігімен көзге түсті, тәртіптік
жаза алған емес, тергеу мен сот бақылауына ілінбеген»-деп көрсетілген.   
Әміре 1894 жылы 1 қарашада – 35 жасында дәрігер атағын алып, оған № 2375
диплом беріледі.
Осыдан соң, Ә. Айтбақин Қарқаралы уезінде еңбек етеді. Ол туралы «Сибирский
вестник» газеті 1894 жылы 4 мамырда оның осы уезге дәрігер болып
тағайындалғанын және халық арасындағы беделін: «Қарқаралыда оның
қабылдауында болған адамдардың әңгімесі мен «өз» дәрігерлері жайлы халық пікі-
ріне қарағанда ол үлкен беделге ие, уезд қырғыздарының ықыласына бөленген. Күн
сайын оның пәтерінің маңынан науқастар ғана емес, жалпы өз жұмысымен, семья
жағдайымен уездің әр түкпірінен келген жүздеген аттылы адамдарды көруге бо-
лады»-деп жазған. 
Әміренің 1894 жылдың 4 мамырында дәрігерлік қызметке тағайындалып, сол
жылдың 1 қарашасында дәрігерлік диплом алуы, оның қызмет пен оқуды
ұштастырғанын байқатса керек.
Ал, «өз» дәрігерлері» деген теңеу-түсінік оның Қарқаралы уезінде бұрыннан
қызмет атқарып жүріп, жергілікті жұртпен етене араласқанын білдірсе керек. Ал,
«...оның пәтерінің маңынан науқастар ғана емес, жалпы өз жұмысымен, семья
жағдайымен уездің әр түкпірінен келген жүздеген аттылы адамдарды көруге бо-
лады»- деп көрсетілуі, Әміренің жұртқа дәрігерлік көмек көрсетумен қатар, басқа
да, яғни, тұрмыстық, отбасылық, керек десе мемлекет тарапынан шешілетін
сұрақтар бойынша да көмек көрсеткенін аңғару қиын емес. Ол кісінің
Бекметовтың Махфуза атты қызына үйленуі де жергілікті халықпен жақын бо-
луына себебін тигізгенге ұқсайды.   
Дәрігерлік қызметін Қасиетті Қарқаралы жерінде бастаған Әміре одан әрі ем-
шілік қызметін Өскемен уезінде жалғастырып, құрметті дәрігер, «барлық ауру-
лардан емдеп жазушы» ғалым ретінде танылады. Әміре Дүрменұлының қымызбен
емдеудегі байқаған тәжірибелері жайлы Томск университетінің еңбектерінде
жарияланған. Атағы Өр Алтайға жайылады. 

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
121
Әміре саясаткер ретінде 1917 жылы 3 шілдеде Өскемен делегеттары Советі
мәжілісінде атқару комитетінің мүшесі болып сайланады және Халық комиссар-
лар Советінің құрамына кіреді. 1919 жылы Өскемен қаласында қайтыс болған.
Қарқаралыда еңбек еткен дәрігердің бірі-Ысқақ Жақсылықов. Ол 1875 жылы Же-
тісу облысы, Верный уезіндегі № 2 Сарытауқым болысында туған. 1896 жылы 8
маусымда Верный ерлер гимназиясын бітірген соң, Томск университетінің меди-
цина факультетіне түскен.
Оқу барысында қаржыдан тапшылық көрген ол Жетісу облыстық әскери губер-
натордан көмек сұрайды. Өтініші қанағаттандырылмай, қаржыдан көптеген
қиыншылықтар көрсе де, оқуын үздік тамамдап шыққан.
1902 жылы оқуын аяқтап, Жетісу облысының Қапал уезінің  Көксу учаскелік
дәрігері болып қызметке кіріскен. 1903 жылы Жаркент уезіне өз өтінішімен
ауыстырылған.
Денсаулығының нашарлағанына қарамастан Жетісуда Совет өкіметін орнатуға
қатысқан. 
Ал, 1917 жылы Қарқаралыда аштыққа ұшырағандарға арнап көмек пункітін
ашқан. 1930 жылы қайтыс болған. Суреті сақталмаған. Қай жерде жерленгені бел-
гісіз. 
Енді, өз жерлесіміз жайлы баяндайық: 
Садуақас Тәжіұлы Шалымбеков 1880 жылы Қарқаралы уезінің Қотанбұлақ болы-
сына қарасты № 2-ші ауылда туған. Ел аузындағы және Ю.Поповтың «Волостные
управители и народные судьи (бии) Каркаралинского уезда: 1871-1891- годы (хро-
ника фактов)» кітабындағы деректерге сәйкес Қотанбұлақ (Котан-Булакский) бо-
лысын Дадан-Тобықты (Дадан-Тобуклинская) руы құраған. 1878 жылы бұл болыс
Қотан-Бұлақ және Батыс-Балқаш болыстарына бөлінген. Осы тарихи деректерге
сүйеніп, Садуақас Тәжіұлының руы Дадан-Тобықты болуы мүмкін деп тұжырым
жасауға толық негіз бар. Ол 1893-1894 жылдары аралығында Верный гимназия-
сында оқыған.
Одан соң Садуақас Тәжіұлы Халел Досмұхамедұлымен Санкт-Петербургтегі
Императорлық әскери-медициналық академиясында оқыған. Қатар оқыған деу се-
бебіміз-С. Тәжіұлы 1909 жылдың 6 наурызында дәрігер-емші дәрежесіндегі № 1583
дипломын, ал, Х. Досмұхамедұлы сол жылдың 17 қарашасында дәрігер деген
атақпен № 262 дипломын алып шыққан. Аталған кітаптарда екі тұлғаның бір-бі-
рімен аралас-құралас, тіпті таныс болғандығы туралы деректер жазылмаған.   
Жас маман-Садуақас туған жеріне дәрігер болып тағайындалып, 1909 жылдың 1
мамырында жұмысқа кіріскен.
Негізгі қызметімен қоса уездегі екі дәрігерлік учаскелерге жетекшілік еткен. 1914-
15 жылдары Құланды-Бота жәрмеңкесінің медициналық бөлімін басқарып,
Қарқаралы уезі дәрігерінің қызметін қоса атқарған.
Өзін қаралауға қарсы 1916 жылы жазған рапорты орталық мұрағатта
сақталғандығы туралы деректер бар (сұраухат жолданған).
1916 жылы тылдағы жұмысқа жіберілген адамдарды емдеу барысында іш сүзегін
жұқтырып алған. Өзінің науқастығы жайлы облыстың дәрігерлік инспекторына
баяндаған және науқастығына қарамай өзінің сүйікті жұмысын зор жауапкершілік-
пен атқарды делінген кітапта.
Семей облысының губернаторына жазылған хатта: «Ол өзінің дәрігерлік бо-
рышы-науқастарды емдеу кезінде ешкімнің сый-құрметін алмайтын және ешкімге
жаманшылық ойламайтын, енді міне,...өзінің қайырымдылығымен және шексіз
адалдығымен өшпес із тастап кетті»-деп жазылған.
Ол 1917 жылдың қаңтар айында қайтыс болып, Қарқаралы қаласында жерлен-
ген. Басына орнатылған белгіде: «Садывакасъ Тажіовичъ Чалымбековъ-врачъ»-
деп жазылған. Жазуына қарағанда ескерткіш белгі ертеректе қойылған болуы
керек. Жергілікті өлке танушы Е. Мұстафиннің айтуына қарағанда ол кісінің
Қазыбек атты баласы болған, Балқаш қаласы маңында тұрған. Бүгінгі күні ол
кісінің мекен-жайы, тағдыры белгісіз. С. Шалымбековтың өзі, ұрпағы жайлы де-
ректер іздестіру барысында мемлекетіміздің және Балқаш қаласы мұрағатына
сұраныстар жолданды. 
С. Шалымбековтың жатқан жері Қарқаралы қаласының әкімі болып қызмет
атқарып жүрген кезде Сайлау Әлиұлы мен марқұм-дәрігер-М. Әбуғалиеваның
бастамашылығымен қоршалған. 
Газет оқырмандарынан Садуақас Шалымбеков пен оның ұрпақтары жайлы және
өзге де деректер болса аудандық мұрағатқа хабарласуды сұраймыз.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
122
ӨРКЕНДІ ЖОЛДАҒЫ ИГІ ІСТЕР
Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 23 жыл болатын болса, тәуелсіздікпен бірге
толысып,  билік  буынымен бірге ел-жұртына етене қызмет  атқарып келе жатқан
мәслихаттарға да 20 жыл  толып отыр. Бұл мерзім тарих үшін  қас-қағым сәт
болғанымен осы уақыт аралығында  халық игілігі үшін қаншама қыруар  жұмыстар
атқарылғанын барша жұртшылық көріп, біліп отыр.
Осынау тәуелсіздік жылдарында еліміз саяси және  экономикалық үлкен жеті-
стіктерге қол жеткізді. Бұл табыстарда да жергілікті өкілетті органдар
өкілдерінің өзіндік үлестері бар.
Осыдан 20 жыл бұрынғы алғашқы мәслихат сайлаулары қалай өтті, сол кезде
еліміз бойынша қандай саяси шаралар жүзеге асырылды деген сауалдар
төңірегінде әңгіме қозғайтын болсақ, 1993 жылы Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдар құрылымына маңызды
өзгерістер енгізген «Жергілікті билік және атқарушы органдар туралы» Заң
қабылдағаны белгілі. Жергілікті өкілетті орган-мәслихат, жергілікті атқарушы
органдар әкімшілік болып  аталды. Осы заң аясында  тәуелсіз еліміздегі алғашқы
мәслихат сайлауы 1994 жылы 7-наурызда өткізіліп,  әр деңгейдегі мәслихаттар
органдары өмірге енді. Осы жылдар аралығында  өкілеттіліктері мен біліктілік-
тері артқан жергілікті мәслихаттардағы  депутаттар құрамы халықпен билік
арасындағы байланысты нығайта отырып, халықтың әл-ауқатын тұрмыс
жағдайын жақсартуға  бағытталған түрлі саяси реформаларды  жүзеге асыруда
белсенділік танытып келеді. 
Осы орайда өткен күндерге бір сәт шегініс жасаудың артықтығы болмас деп ой-
лаймын. Сол кездегі бірінші шақырылған Қазыбек би аудандық мәслихат-депу-
таттар жиналысының алғашқы хатшысы ретінде алғашқы мәслихат
депутаттары болып кімдер сайланды, алғашқы ұйымдастыру сессиясы қалай
өтті деген сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіткен орынды деп есептеймін.
Төл тарихымыздың еншісіне алтын әріптермен жазылған сол бір 1994 жылдың 7-
наурызындағы алғашқы сайлаудан кейін көп ұзамай осы  айдың аяғына қарай
Рымбек
Рымбек
СМАҒҰЛОВ
СМАҒҰЛОВ
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Аудандық Мəслихаттың бір топ депутаттары (1994ж)
Аудандық Мəслихаттың бір топ депутаттары (1994ж)

аудандық мәслихат-депутаттар жиналысының бірінші ұйымдастыру сессиясы
өтті.
Осы алғашқы сайлаудың бір ерекшелігі-депутаттыққа өз кандидаттарын түрлі
партиялар, қоғамдық құрылымдармен  бірге жеке адамдардың өзін-өзі ұсынуы
болды. Бұл нағыз демократияның шынайы көрінісі еді. 
Алғашқы сайлауда аудандық мәслихат-депутаттар жиналысының депутат-
тары болып сол кезде ауданның түрлі салаларында жемісті қызмет атқарып
жүрген халықтың қалаулылары Берлібек Әбдікәрімов, Марат Нұрбеков, Роза
Әшімова,Қанат Елеусізов, Айтқазы Ыбыраев, Кәрім Сауғабаев, Амантай
Дәуіпбаев, Дәнен Бейсенбаев, Мартбек Тілеужанов, Майдан Мануов, Әнуар Ахме-
тов, Кәрібек Мұстафин, Нұржан Жұмабаев, Қайыркен Байтасов және осы
жолдардың авторы сайланған еді.
Алғашқы ұйымдастыру сессиясы жоғарыда айтқанымыздай наурыз айының
аяғында өтті. 
Осы алғашқы сессия жұмысын тұңғыш мәслихат депутаттарын сайлау
науқанын үлкен ұйымшылдықпен өткізген сол кезде аудандық  пошта байланыс
торабының  директоры  болып қызмет істеген аумақтық сайлау  комиссиясының
төрағасы  бүгінде  марқұм болып кеткен Қуан Серікбаев ағамыз жүргізгені әлі
есте.
Бірден ұйымдастыру  мәселесі қаралып мәслихат-депутаттар жиналысының
хатшысын сайлау  мәселесі қойылды. Үміткерлердің алғашқысы ретінде  менің
кандидатурам ұсынылғаннан кейін төрағаның  тағы кімді  ұсынасыңдар деген са-
уалынан кейін  бір депутат белгілі ақын, жазушы-журналист  Кәрім Сауғабаев
ағамызды ұсынған еді. Сөйтіп, демократияның алғашқы көріністері негізінде ба-
ламалы түрде тұңғыш рет сайлау өткен еді. 
Осы бірінші  шақырылған аудандық мәслихат-депутаттар жиналысында төрт
тұрақты комиссия құрылды.  Бұл комиссияларды  атап айтқанда заңдылық,
жариялылық және экономикалық реформа  жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы
болып депутат Марат Нұрбеков, білім беру, мәдениет және әлеуметтік мәселелер
жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып депутат Роза Әшімова, өндіріс,
құрылыс және халыққа  тұрмыстық  қызмет көрсету мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссия төрағасы болып депутат Амантай Дәуіпбаев, тексеру
комиссиясының төрағасы болып депутат Мартбек Тілеужановтар сайланып  бел-
сенділікпен жұмыс істеген еді.
Жаңадан құрылған мәслихат аппаратында Манарбек Жәпішев пен Қайыржан Ос-
пановтар алғашқы күннен тындырымдылықпен еңбек етті. Әсіресе, көп жылдар
бойы аудандық Кеңес аппаратында қызмет істеген, өмірлік тәжірибесі мол Ма-
нарбек Жәпішев ағамыздың алғаш құрылып жатқан құрылымның жұмысын жолға
қоюдағы ерен еңбегін ерекше айта кеткенім орынды болмақ.
Тың жерден жаңадан құрылған мәслихаттың жұмысы дұрыс жүріп қалыптасып
кетуі үшін аудан әкімі Мұрат Шәуенұлы Нұрақышев ерекше жағдай жасап
көмектескенін айта кетуіміз керек. Аудан әкімі мәслихат аппаратының отыра-
тын орны, материалдық техникалық жағдайына ерекше көңіл  бөлді. Соның
арқасында облыс аудандары  мәслихаттары ішінде бізге бірден Газ-24 «Волга»
автокөлігі берілді.
Біздер сол кездің өзінде –ақ төскейде малы, төрде басы қосылып жатқан көрші
Қарқаралы ауданы мәслихатымен тығыз байланыста жұмыс істедік.
Қарқаралыда бірінші шақырылымның тұңғыш мәслихат  хатшысы болып Қайрат
Жантурин сайланды.  Бұнда да мәслихат хатшысына жаңа УАЗ машинасы беріліп,
жұмыстары алғашқы күннен жемісті  жүріп кеткенін білеміз. Кейіннен Қайрат
әріптесіміз басқа жұмысқа ауысқаннан кейін  Серік Торыбаев, Алтынбек Тәшенов,
Ойрат Жүкібаевтар мәслихат хатшылары болып әр жылдарда жемісті еңбек
етті. Бүгінгі күні аудандық мәслихат хатшысы болып Сләмиден Нүркенов бауы-
рымыз  еңбек етуде.
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
123

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
124
Зымыраған уақыт мезгілі өз дегенін істейтіні белгілі. 1997 жылы екі аудан
қосылғаннан кейін екі мәслихат біріктіріліп мәслихат  хатшысы болып Алтынбек
Тәшенов сайланса, мен аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып
тағайындалдым.
Осы жылдар белесіне көз салатын болсаңыз, өткен жиырма жылдың ішінде бес
рет мәслихаттар сайлауы өткен екен. Тұңғыш сайлау 1994 жылы 7-наурызда
өтсе, екінші шақырылымның сайлауы 1999 жылдың 24-қазанында, үшінші
шақырылымның сайлауы 2003 жылы 20-қыркүйекте, төртінші шақырылымның
сайлауы 2007 жылы, 18-тамызда, соңғы бесінші шақырылымның сайлауы 2012
жылғы  15-қаңтарда өткені белгілі. “Өткен күнде белгі жоқ”,- демекші сол алғашқы
сайлаудан бастап бүгінгі күнге дейін халық қалаулысы деген абыройлы атаққа дақ
түсірмей депутат болып келе жатыр екенбіз. Тек қана мемлекеттік қызметте
болған 1999-2003 жылдар аралығындағы бір шақырылымда ғана депутаттық
мандатты тапсырған екенмін. Бүгінгі депутат әріптестерімнің арасында
жиырма жылдан бері депутат болып келе жатқан Разақ Әлин ағамызды қашанда
мақтан тұтамыз.
Жылдар өткен сайын елдің дамуымен халықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы да өзгеріп отырады. Сондықтан әр  шақырылымдағы  мәслихаттар
жұмысы маңызды рөлге ие болып қала береді. 
Өткен жиырма жылдың ішінде мәслихат құрамына өндіріс, денсаулық сақтау,
ауылшаруашылығы, білім және мәдениет салаларының таңдаулы өкілдері депу-
тат болып сайланды. Олардың көпшілігі өздерін іскер ұйымдастырушы нағыз
халықтың қалаулары ретінде көрсете алды. Олар депутат ретінде тұрғын
халықтың мұң-мұқтажы, талап тілектерін шешуде аянбай еңбек етті. Қалың
бұқарамен билік органдары арасында алтын көпір болды. Бүгінгі күні де біздің
аудандық мәслихаттың 14 депутаты ауданымыздың қоғамдық саяси және
әлеуметтік экономикалық салаларына белсене араласып келеді.
Осындай игілікті істерді айта келіп, осыдан 20 жыл бұрын бірінші шақырылымда
депутат болып сайланған Қазыбек би аудандық Мәслихатының 15 депутатының
ішінде бүгінде белгілі ақын, жазушы-журналист Кәрім Сауғабаев, Еңбек қызыл ту
орденінен басқа көптеген орден медальдардың иесі, құрығы құтты атақты
жылқышы болған Қайыркен Байтасов, даңқты бригадир Майдан Мануов
ағаларымыз, білікті экономист, банкир болған жолдасымыз Мартбек Тілеужанов-
тар дүниеден өтіп кетті. Бұл марқұмдарға топырақтарың торқа болсын демек-
піз. 
Сол бірінші шақырылымдағы облыстық мәслихат-депутаттар жиналысының
тұңғыш хатшысы болып Серік Ағыбаев сайланғанын білеміз. Серік ағамыз үлкен
жүректі, аңқылдаған өте бір ақылды, парасатты, ұйымдастырушылық қабілеті
өте  жоғары зиялы азаматтардың бірі еді. Жаңадан құрылған аудандық Мәслихат
хатшыларын жиі-жиі облысқа жинап түрлі жиындар семинарлар өткізіп жаңа
құрылымдардың жұмысының жандануына ерекше көңіл бөліп еді. Өзі де аудандарға
шығып мәслихаттар жұмысымен танысып отыратын. Секеңнің 1994 жылы 18-
қазанда Егіндібұлаққа келіп, кезекті бір сессиямызға қатысып кеткені әлі есімде.
Сол алғашқы шақырылымда облыстық мәслихатқа депутат болып №35 Қазыбек
би сайлау округінен Қаракөл мал бордақтылау бірлестігінің директоры Сағымжан
Апақашов сайланған еді.
Сайып келгенде, жергілікті мәслихаттар халықтың қалауын білдіретін жергі-
лікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың маңызды бөлігі. Сондықтан
ауданымыздың барша жұртшылығын Қазақстан Мәслихаттарының құрылғанына
20 жыл толу мерекесімен құттықтаймын.
Қашанда халықтың қалаулысы-депутаттарымыз халық игілігі жолында алдыңғы
қатардан көріне берсін демекпін.

Арқа төрінде, яғни облыс орталығында кейіннен
Алматы қаласында ақпанның ақырған ақ бораны
мен саршұнақ аязына қарамастан, Алаш
танып біле бастаған өңіріміздің арқалы
ақындарының бірі-Р.Нұрбайдың жыр кеші
дүбірлеп өткен-ді. Ар мен рухтың жүгін
арқалаған ақынның шығармашылық жыр
кеші Ұлыстың Ұлы күні наурыз тойында
жалғасын тапты. Нақтысын айтсақ, да-
рынды ақын, қарымды қаламгер жерлесі-
міз-Руслан Нұрбайдың жыр кешін
жерлестері Қарағайлы кентінде той-
лады. Кенттің мәдениет үйінде
ұйымдастырылған жыр кеші кент
тұрғындары үшін соны жаңалықтай
болды...
Туған дала, сенен өзге сенді кім?
Менің еншім-дархандығың, кеңдігің!
Сүйінші бер, сүйінші бер, сүйінші,
Ұлың келді, жырыңды айтар,  
Арқалаған үмітіңді ар қылып,-деп сүйіншілеген жүргізушілер Әсел мен Бек-
зат ақын Р.Нұрбайдың туған жері, шыққан тегі, қамал бұзар жасқа кел-
генде қол жеткізген жетістіктеріне, шығармашылық өрлеу жолына
тоқталып, жиналған жұртты таныстырып өтті. “Жерлесіміз, ақын
ұлымыз” деген мақтанышпен дәріптелгеннен соң, “Ыстыбұлақ”, “Ар-рух”
атты өлеңдер жинағының авторы Руслан Нұрбай құрметпен сахна төріне
көтерілді. Халқының қошеметі мен ықыласына бөленген Руслан ақын те-
бірене толғанды. Жүрегінен шыққан жырын оқыды. Жыр кешінің осындай
беташарынан соң, облыстық мәслихаттың депутаты жерлесіміз Бағдат
Шахмерденов ақынды арнайы құттықтады. Бағдат Түшкенұлы
Р.Нұрбайға арнаған құттықтау  өлеңін оқыды. Өз тарапынан ақынға сый-
сияпат көрсетті. Құттықтау сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары
Сайлау Әлиұлы аудан әкімі Х.Мақсұтовтың  құттықтауын жеткізіп, өңір
мақтанышы, ақын ұлдарының жыр кешін қызықтай келген тілеулес
көпшілікке жүрек-жарды лебізін білдірді. Ақын иығына оқалы шапан жапты.
Ақынның шашбауын көтере облыс орталығынан келген республикалық
“Қасым” журналының редакторы  журналист Серік Сағынтай, алты шекті
гитараға үн қосып, өз өнеріне тәнті еткен әнші Сейіл Аяған
замандастарының да әнмен әрленген құттықтауларына қалың көпшілік
куә болды. 
Әр құттықтау тілекті өзінің өлең туындыларымен шыңдаған Руслан
Жаманханұлы “Бақыт мекені” өлеңін анасы Бақытқа жолдады. Жарық
дүниенің есігін ашқызған анаға гүл шоқтары табысталды. 
Қазақ “Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін” деп текке айтпаған ғой,
сахнаға ақынның әкесімен үзеңгілес, замандас болған кент тұрғындары
Аманқұл ағамыз Русланның әкесімен сыйласқан күндерін еске алды. Өмірден
ерте озған ақынның жан досы Есенкелдінің анасы  Зиякүл және Гүлбарам
апайларымыз тілек білдіріп, Зиякүл апайымыз Русландай ақын ұлына
жабағының құны бар конверт сыйлады. Хамит қажы Тоғаев ата тілегін,
Шайза Нафталова апа ақ батасын арнады. Осылайша ақын кешінің мей-
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
125
“Бөрі өлең тұр болмыстың
көшінде ұлып...”
Бану 
Бану 
МҰҚАШЕВА
МҰҚАШЕВА

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
126
мандары, достары, сыйластары көрші-қолаң, сырластары, сыныпта-
стары сияқты құттықтау арнағандар қатарының легі кештің ақырына
дейін толастамады. Мейрамгүл Несіпова ақ тілегін өлең жолдарымен жет-
кізіп сияпатын ұсынса, ақынның алғаш поэзия есігін ашуға ықпал еткен
әдебиет пәнінің оқытушысы ардагер ұстаз Құндыз Махметқызы да өз
толғанысын тебірене жеткізді. Ұстазға гүл сыйланды. Осы бір толассыз
тілек-лебіздерді ақынның кішкентай ізбасарлары Жақып Шапағат, Жолтай
Шұғыла, Асқарқызы, Мұрат Айдана Талғатқызы, Мұрат Айжұлдыз
Талғатқызы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, мәнерімен көпке ұсынған
сәтте сүйсініске толы қошемет залды
кернеді. 
Жыр кешінің көркін кіргізген ән мен күй
болса, оның орындаушылары Қанат Хор-
дин, Дүйсен Оспанов, ақынның ұстазы ән-
күй пәнінің мұғалімі “Кент маржандары”
ансамблінің белді мүшесі Серік Сейтқазин,
Самат Кенжеғалиевтар және Руслан
Нұрбайдың “Аза жырым, адамзатты
арала” атты өлеңінің желісі бойынша
сахналанған көрініс ақынға тосын сый
болса, көрермендер үшін сол бір тоқырау,
қайта  құру жылдарындағы келеңсіз
қайғылы оқиғалардың  көлеңкелі
тұстары кент тұрғындарын да айналып
өтпегенінен елес берді. Кейіпкерлерді
сомдаған мәдени-сауық орталығының
өнерпаздарының іс-қимылдары, сәби
даусы, қобыз сарыны, бөрінің ұлуы,
тайталасқан өмір-өзен, өзі өз қолымен
өмірін қиған шарананың елесінен есі ауған ана бейнесі бәрі ой саларлық
әсермен берілді.
Кеш бойы өзінің арынды жырларын оқып, қалың елдің рухын көтеріп,
арқасын қыздырған ақын, “Ар-Рух” өлеңдер жинағының кенді өлкедегі
тұсаукесер рәсімін жасады. Бұған ардагер кітапханашы Бану Нұрғалиқызы
құтты қадам тілеп, күміс араласқан шашуын шашты. Әрбір құттықтау -
тілек, ән-жырын арнаған қошеметшіл қауымға өз қолтаңбасын жазып,
ұсынған ақынның бір кітабына қолтаңба жаздырып алып қалуға тырысқан
жұртшылыққа өз жинағын ризашылықпен ұсынып жатты. Жыр кешіне
“тайлы-таяғына” дейін қалмай келген кент тұрғындары ақын Русланмен
естелікке суретке түсіп, амандасып қауышып жатты. 
Ақындардың құдыреттілігі сол, өздерінің рухты жырларымен, жиналған
жұрттың баршасының  ақындық шабытын көтерді. Өлмес рух пен жанның
жанталасын жырлаған өлеңдер көп оқылды. Р.Нұрбайдың ақындық
қырларын үлгі тұтқан өзімен ере келген жас ақындар ақын өлеңдерін
ерекше көңілмен оқыды. 
Осы кештің өтуіне ұйытқы болып жүрген кент әкімшілігі кент әкімінің
орынбасары Б.Әбжанов, кент әкімшілігі атынан жерлес ақын, кенттегі
білім ордасы №17 орта мектептің түлегі, Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі, Халықаралық “Шабыт” фестивалінің жеңімпазы Руслан
Нұрбайдың отбасына амандық,  шығармашылық табыс, ақындық
мәртебесінің асқақтай беруіне тілек білдіріп, сый-сияпат көрсетті.
Ақын елімен, халқы ақынымен табысып, жырға қанат бітіп, жүректерге
ән болып қонған жарқын күннің бірі болды.
Поэзия кеші Р.Нұрбайдың “Ар Рух” өлеңдер жинағының кенді өлкедегі
тұсаукесері салтанатты жыр кеші дүбірлеп өтті.

Қазақстан тарихында ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы халқымыздың
басына түскен қасіреттерде құрбан болған адамдардың ұрпақтары, туған-
туысқандары үшін 31мамыр ерекше күн. Бүгінгі таңға дейін сол жылдардың
құпиялары мен халықты осы күнге дейін ашындыратын қияметтердің  сырлары
мен қырлары бүгінгі күнге дейін толық белгілі деп айту қиын. Дегенмен, сол
оқиғалар туралы бүгінгі білетін мәліметтерді келешек ұрпақтарға жеткізу біздің
парызымыз деп санаймын. Себебі ондай оқиғалардың қайталанбауына ешкім кепіл
бола алмайды, ал  оларды біліп, ұққан, Отанын, халқын сүйетін  адамдар ондайға
жол бермеу жолдарын іздейтіні күмән тудырмайды. Қазақстанда 1937ж.
репрессияға түскен адамдар мен олардың семьяларының  сандары ондаған,
жүздеген мыңдарға жетеді. Осы мақаланың жазылу мақсаты сондай семьяның бірі
Тәукебаев Нұрмақтың отбасының тағдырын баяндаумен жастарға ой салу. 
Тәукебаев Нұрмақ  Қарағанды облысы Қу (қазір Қарқаралы) ауданының тумасы.
Руы қаракесек, шаншар, Жарылғап тегінен тарайды. Нұрмақ саясаттан аулақ,
орта шаруалық тіршілігі бар қарапайым адам болған. Нұрмақтан үш ұл, бес қыз
туады. Үлкен ұлы Нығмет көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол Ресей
патшасы құлағаннан кейін Қазақстанда жаңа өмір құруға белсенді қатысып, 1920-
29 жж. Кеңес үкіметінде бірнеше лауазымды қызметтер атқарды. Солардың
ішінде Республиканың Жоғарғы Трибунал, Жоғарғы Сот төрағасы, Бас Прокуроры,
КазОАК мүшесі,  Нарком кеңесінің төрағасы (Премьер) болды. 1929-1937жж.
Мәскеуде Бүкілодақтық атқару комитетінің (БОАК) Президиум мүшесі,
Президиумның хатшы орынбасары және оның екі бөлімінің меңгеруші қызметтерін
қатар атқарды. 1937ж. Нығмет  Алашорда идеясын қорғаушы, ұлтшыл, Кеңес
үкіметне қарсы болған «халық жауы» деген Кеңес үкіметінің Жоғарғы сотының
әскери  коллегиясының үкімімен атылды. Оның жатқан жерін біз Ресей ФСБ-сі мен
Мәскеудегі «Мемориал» қоғамдық-мемориалдық  ұжымының көмегімен тек
тоқсаныншы жылдарда (жарты ғасырдан астам уақыттан соң) таптық. Олардан
алған  құжаттардан Нығмет Нұрмақов пен Әлихан Бөкейханов екеуі бір күнде
атылғанын және Мәскеудегі Дон монастырінің зиратында көмілгенін білдік (жер-
ленді деген сөз бұл жағдайда орынсыз).  Бұл екі арыстың өмірі тығыз байланыста
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
127
А
А
ман
ман
НұРМАҚОВ
НұРМАҚОВ
Медицина ғылымдарының  
Медицина ғылымдарының  
докторы, профессор
докторы, профессор
ТАУКЕБАЕВ
Нұрмақ жанұясының
тағдыры

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
128
болғаны кейінгі кезде табылған құжаттардан анық айқындалып жатыр.
Нығмет тұтқындалған соң оның семьясы да қуғынға ұшырады. Жұбайы Зүфнүн
Ыбырайқызы (Алаш алыптарының бірі Жақып Ақпаевтың немере қарындасы)
өмірінің он жылы «АЛЖИР» лагерінде, бес жылы Қарағанды шахтасында жұмысшы
болумен өтті. Балалары Ноян мен Тамараны бірін Пенза, екіншісін Саратов
қалаларындағы балалар үйіне жібереді. Ағайынды жас балаларды бір-бірінен айра-
тындай сол кездегі үкімет   неден шошынды екен? Сондықтан болар олардың
тағдырлары да әртүрлі болды.
Тамара  детдомда 1943 ж.
сырқаттан қайтыс болды,
ал Ноян Отан соғысына
қатысып, одан аман
қайтқан соң тау-
м е т а л л у р г и я л ы қ
институттың сирек және
бағалы металдар факуль-
тетіне түседі. Бірақ, ин-
ститут басшылары  оған
«халық жауының» баласы
болғандықтан  тау факуль-
тетіне ауыс деген кеңес бе-
реді. Оған келіспеген Ноян
сельхоз институттың гид-
ромелиоративтік факуль-
тетін бітіреді. Одан соң
Алматыда, Мәскеуде инже-
нер гидрогеолог болып
қызмет істеді. Ол 1984 ж. Мәскеуде сырқаттан қайтыс болып, сондағы Вагань-
ков зиратында жерленген. Нығметтің семьясына зорлық зомбылық көрсетумен
шектелмей, тоталитарлық жүйе зұлымдығын Нығметтің туыстарына да
көрсетті. 1938 ж. еш жазығы жоқ ауылдағы әкесі Нұрмақты тұтқындап, ол
Қарағандыда «үштік» шешімімен атылады.
Одан бұрын, 1937ж. Алматыда кавалерия полкінің штабында қызметте жүрген
інісі Құрманғали ұсталады. Еш кінәсі жоқ оны Ресейдің Воркута қаласына жер ауда-
рып сондағы лагерге қамайды. Лагерь ауыртпашылығына шыдамай ауруға
шалдығып, 1943 ж. қайтыс болады. Атамыз Нұрмақтың, ағамыз Қүрманғалидің
және немересі Тамараның  жатқан жерлері күні бүгінге дейін  бізге беймәлім.
Тұжырымдап айтқанда бүгін сталиндік репрессия салдарынан  Нұрмақ отбасы-
нан төрт  адамға Ресей топырағы бұйырған екен. 
Құрманғалидан үш бала қалған еді. Ұлы Кәмел Ленинград құрылыс институтын
бітіріп, көп жыл Алматыда құрылысшы-инженер, ал кейінгі  жиырма жылдай «Ал-
матыгипрогор» институтының директоры қызметін атқарып, сол жерден зей-
неткерлікке шықты. Ол  Қазақстанға енбегі сіңген құрылысшы, КСРО
Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ағамыз 1913ж. 84 жасында өмірден
озды. Құрманғалидің үлкен қызы Айша, химия ғылымының кандидаты, доцент.
1993ж. қайтыс болды. Екінші қызы, Тамара медицина ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстанға енбегі сіңген қайраткер. Бүгінгі таңда Астанада тұрады.
Ауылдағы Нұрмақтың кенже ұлы, Жәмел «халық жауының» інісі болғандықтан
ел қатарлы әскерге алынбай,   Қарағанды шахтасына трудармия қатарына жі-
берілді. Ол кісі, аллаға шүкір, тірі қалды. Дегенмен 1956 ж. реабилитация қағазын
алғанша әкемнің өмірі оңай болды деп айта алмаймын. Репрессияға түскен
семьяның балалары біз де зәбірлік көріп өстік.  Тек  тар жол тайғақ кешуде  ар-
лары таза, тоталитаризм жылдарындағы оқиғаларды дұрыс түсініп,  дұрыс
бағалайтын,  ақниет адамдардың кездесуінің  арқасында  әкеміз өлімнен аман
қалып, семья құрып, ұрпақ көрді. Жәмел жұбайы Әсия (Қарқаралыда аттары бел-
гілі Садырбек қажының немересі, оның ұлы Құсайын бидің қызы) екеуі сегіз бала
тәрбиелеп өсірді. Олардың ішінде қарапайым жұмысшылар, дәрігерлер, оқытушы,
заң қызметкері, белгілі ғалым да бар.   Бала күнімізде бізді ұрып-соғу, кемітіп- кі-
шірейту, жәбірлеу  аз болған жоқ. Соған шыдап, ер жетіп, бүгінгі таңда әрбіріміз
өз орындарымызды тауып, ұрпақ асыраудамыз. Міне, сталиндік репрессияның тек
бір семьяға көрсеткен зұлымдықтары  мен олардың ұрпақтарының өсіп-өну ба-
рысы осындай.  
Қуғын-сүргін көргендерді еске ала отырып,  жас ұрпақ пен халқымыздың баста-
рына отызыншы жылдардың қасіреттері тумасын және оларды еш ұмытпау
қажет деген тілек айтқым келеді.   

Бүгінде кәсіпқой бокстың әлем таныған
майталманы Геннадий Головкин таяуда
Қарқаралыға келгенінде көпшілікпен бірге
амандаса барғанбыз.
Барша жұрт өзімсініп Гена деп атайтын
жерлес спортшымыздың кәсіпқой бокста
бағындырған биігі зор. Екі беделді
тұжырым бойынша әлем чемпионы. Ке-
йінгі жылдары жарқын жеңістері арқылы
чемпиондар шоғырында өзіндік орнын
тұғырлап алды. Ендігі кезекте өзі
сияқты кіл мықтылармен қолғап
түйістіреді деп күтілуде. Мұны барша-
мыз күтеміз әрі Генаға тек жеңіс тілейміз. 
Қазақтың аты мен намысын әлемдік
деңгейде абыройлы қорғап жүрген ай-
тулы азаматпен өткен қысқа кездесулерде бірер сауал қойып, әңгімелессек
деген ойымыз бар-тын. Асығыс түрде он шақты сұрақты қойын
дәптерімізге жазып, дайындап та қойған едік. Бірақ Генаны қоршап,
қолтаңба алып, суретке түскен қаумалаған жұрттан бөлектеп алып кете
алмадық. Оның үстіне ресми кездесуге дайындалмаған Генаның асығыс
екені көрініп тұрды. Бірақ сонда да чемпионмен өткен кездесу сондайлық
әсерлі де емен-жарқын болды. Әсіресе жанкүйер жастар жағы қолтаңба
алып, суретке түсіп қалуға ұмтылып жатты. Ия, Головкин бүгінгі
заманның қаһарманы емес пе? Қаһарманға құрмет көрсетіп, есімін
ардақтау жеке басқа табыну деген сөз емес. «Жақсыны көрмек үшін» дейді
атам қазақ. Өз талап-тілегімен, еңбек-ерлігімен, өжет-жігерлілігімен
төрткүл дүниені мойындатқан чемпионның жастарға берер үлгі-өнегесі де
аз емес. Сондықтан чемпионның келетінінен құлағдар болған жастар сол
үлгіден аз да болса әсер алғысы келді. Дархан көңілге соншалық мейірімді-
лік танытқан жылы жүзді чемпионға ризашылық одан сайын арта түсті. 
Кісі аяғы басылған бір қалтарыс шақта сұхбат жайлы өзіміздің ниетімізді
білдірген болатынбыз. Чемпион, әрине, бас тартқан жоқ. Дегенмен жолсе-
ріктері асығыс екендіктерін айтқан соң, сауалдарды біраз қысқартып,
күрделі сауалдардың орнын сергітпе жеңіл сұрақтар басты. Сондықтан
сұхбатымыз жедел түрде өрбіді. Әйтсе де құралақан қалмағанымызға
қуандық. Сұхбатта Генаның ұстамдылығы мен қарапайымдылығы тағы
менмұндалап көрінді. Генаның болашақ қарсыластары деп саналатын
мықты боксшылар – Мартинес, Чавес, Уорд сынды саңлақтар турасында
сұрағанымызда,  олардың әрқайсысы мықты екенін, бірақ бірқатары басқа
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
129
Аян Кизкин
Аян Кизкин
Жарқын жүзді жеңімпаз

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
130
салмақта жүргенін, келешекте олармен жекпе-жектің болар-болмасы жа-
йында нақты айта алмайтынын жеткізді. Жалпы біз БАҚ-та оқып жүрген
көптеген ақпараттың тек жарнама ретінде айтылатынын да жасыр-
мады. Мысалы, өзінің салмағындағы мықты саналатын Серхио
Мартинестің келесі кездесуімнен кейін, кезек Головкинге келеді деген сөзін
айтқанымызда, бұл да жұртшылықтың назарын аударуға арналған
дақпырт сөз екенін білдірді. Дегенмен келешекте жаңағы аталған
боксшылардың бірімен кездесуі әбден ықтимал. Салмақ жағы үлкен мәселе
емес, оның ішінде Уорд пен Чавес Генадан бір саты жоғары салмақта. Бұл
жерде тараптар келісімге келсе, тиімді салмақ таңдалынады. Яғни
жанкүйерлердің ынтасын өсіретін, Головкиннің қатысуымен өтетін үлкен
шоу-бағдарламалар әлі алда. Қазірдің өзінде батыстық журналистер Го-
ловкин мен Чавес 12-шілдеде қолғап түйістіреді деп жар салуда.
Кәсіпқой бокста 45 кездесу өткізіп, әлі бір де біреуінде жеңілмеген атақты
Флойд Мейвезермен шыға қалсаңыз, қандай тактика қолданасыз деп
сұрағанымызда да, даңғойланып, кеудемсоқтық көрсеткен жоқ. Мақтан
сөзден тіптен аулақ екенін және бір дәлелдеді. Өзінің жойқын соққылары
туралы да сөз қозғап едік, бұл тарапта да ұстамдылық танытты.Жалпы
оның ауыр соққылары жайында қарсыластары да, бокстың эксперт ма-
мандары да айтып жүр.  Ал өзінің әуесқой бокста өткізген тәжірибесі ту-
расында Гена шешіле сөйледі. 2003 жылы әлем чемпионы атанса, 2004
жылы Афина олимпиадасының күміс жүлдегері атанған.Көптеген
халықаралық додалардың жеңімпазы. Міне, осындай жетістіктер, әуесқой
рингте жинаған қомақты тәжірибесі кәсіпқой аренада тигізіп жатқан пай-
дасы ерекше екенін жасырмады. 
Гена бұдан бұрынырақта да Қарқаралыға келген екен. Тек аудан
орталығына тоқтамаған. Мұндағы қарсы алушылардың жылы лебізі мен
жанкүйерлігіне дән риза. Тоқтаған демалыс үйіне де жүздесуге келушілер
қарасы аз болмапты. Мемлекетіміздің мерейін асырып жүрген майталман
ұлға деген халықтың құрметі бұл.
Алдымен Алла бақ берсе, кемел белеске Гена жанұясындағы тәрбиесімен,
жеке басының оң қасиеттерімен, талмайтын талпыныс-еңбегімен жетті.
Кейінгі жеткіншек ұрпаққа да Гена ізденіс пен ерінбейтін еңбек тілейді.
Сонда ғана жеңіс тұғырынан көрінетін боласың. 
Геннадий Головкин аудан әкімі Халел Мақсұтовтан Қарқаралының 190
жылдық тойының алғашқы шақырту қағазын алды. Келуге тырысамын,
деді чемпион. Келсе, тойға алыс-жақыннан келетін қауыммен бірге
төрімізде болатыны сөзсіз. Бұйыртса, сондай бір кең отырыста
толыққанды сұхбат алатын болармыз. Тек Генаның жеңістері жеңіспен
жалғаса берсе екен.
Өзге ұлт өкілі болса да, туғанындай болған қазақ жұртының бел баласы
санатында әлем аренасында ат ойнатқан арда азамат Геннадий Головкин
осы келген сапарымен-ақ Қарқаралының тарихи жылнамасында қалды.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет