Қарап отырсақ, еліміздің әртүрлі аймақтарында экологиясы



жүктеу 0.61 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4   5   6

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик: 

– Мұраттың интернеттегі аты – 

«непризнанный гений», яғни «мойын-

далмаған данышпан». Ол – ресми 

газетке басылған бірінші хакер. 

Осы дан кейін дүниежүзіндегі заң 

жүйесіне өзгерістер енген. Осыдан 

кейін бағдарлама жасаушы деген 

кәсіптің мықты кәсіп екені мойын-

далды. Мұрат екеуміз МГУ-де бірге 

оқыдық. Бітірген соң оған Қазақстан-

да жұмыс табылмай біраз жүрді. 

Сосын аталған зауытқа жұмысқа 

тұрды.  

«Хакер» сөзі ағылшынның «hack», яғни 

шабушы, бұзушы деген сөзінен шыққан. 

Ол – компьютерлік технологиялардың 

қыр-сырын терең меңгерген, білікті IT ма-

маны. Хакерлер жайлы екі түрлі пікір 

қалыптасқан. Бірі – күрделі бағдарлама-

ларды ойлап табады, ал екіншісі – кез кел-

ген жүйенің осал тұстарын анықтап, бұзып 

кіреді. Осылайша мұндай кәсіп иелері өз 

білімін не дұрыс, не теріс мақсатқа пайда-

ланады. Көбіне хакерлер банктердің шот-

тарына шабуыл жасайды. Алайда қазір 

хакерлікпен айналысу кез келген мемлекет-

те заңмен қудаланады. Сондықтан қолынан 

іс келетіндер өздерін аса жарияламайды. Ал 

компьютердегі ақпараттар қолды бол мас 

үшін қорғанысқа көңіл бөлген жөн, – дей ді 

мамандар. 

Қуаныш СЕЙДАХМЕТОВ, компьютерлік 

бағдарлама жасаушы: 

– Жүйенің осал тұстарын білу үшін 

эксперимент ретінде вирус жасап, 

тарататындар көп. Олар елдің 

парольдерін ұрлауы мүмкін. Ондай 

жағдай болмас үшін антивирустік 

бағдарлама орнатып, парольды 

ешкімге бермеу керек. 

Ақпараттық технологиялар күн сайын 

жаңарып отыратынын ескерсек, бүгін ой-

лап тапқан қорғаныс бағдарламасы ертең 

ескіріп қалмасына ешкім кепілдік бере 

алмайды. Сондықтан «бұзық» хакерлер 

бағдарлама жасаушылардың біліктілігін 

шыңдай түсуіне ықпал етпек. 



Сағи МҰРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№110 (336) 2.07.2010 жыл, жұма                 



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ДАТ!


Жансейіт СӘРСЕНҚҰЛОВ, Парламент Сенатының депутаты:

– Жылдағыдай емес, биыл 

үшжылдық бюджет жүйесіне 

көшкеніміз белгілі. Бір жылдық 

бюджеттің өзі бірнеше рет 

нақтыланып, өзгерістер енгізіліп 

жатқанда, ел игілігіне жұмсалар 

қаржыны үш жылға жоспарлау 

қиындық тудырып жүрмей ме?

– Біз Тәуелсіздікті алғаш алған жылдары 

кеңес кезінің заңдарымен жұмыс істедік. 

Кейін өз Парламентіміз түрлі заңдар қабыл-

дады. Соның ішінде негізгі басымдық әлеу-

меттік саланы алға бастыруға негіз делді. 

Әрине, экономикалық саланың қуаты әлеу-

меттік жағдайға әсер ететіні сөзсіз. Осыған 

байланысты бір жылдық жоспарлар болды, 

соған сай бір жылдық бюджет қабылданды. 

Біз қазір кеңес зама нындағыдай нақты 

жоспармен емес, болжаумен әрекет етеміз. 

Бұл – Елбасы жүргізіп отырған страте-

гиялық бағыт. Бізде 2030 жылға де йі нгі 

даму бағдарламасы бар екенін білесіз. Осы 

бағдарламаны елдің экономи калық-саяси 

тұрғыда дамуының тура тартылған бағыты 

десек, қалған ірілі-ұсақты бағдар ламалар, 

жыл сайынғы жоспар-шаралар сол бағытқа 

жетудің баспалдағы іспетті. Бұл тұрғыда 

Үкімет тарапынан, облыс әкім діктері аясын-

да түрлі бағдарламалар жа сал ды. Дені бір 

жылдықты негіз етіп алған бұндай бағдар-

ламалардың саны тіпті елу ден жүзге дейін 

жетті. Бірақ сол бағдарла малардың қай-

сысы іске асты, қайсысы атқарылмай қалды 

дегенді ажырата алмай қалатын жағдай-

ларға кезігіп жаттық. Міне, осының бәрін 

бір ізге түсіру үшін биылдан бастап Елба-

сының өзі бастамашы болуымен үдемелі 

индустриялық-инновациялық даму бағ-

дар ламасы қолға алынды. Бұрын жыл 

сайын қабылданған бюджет негізінде жү-

зеге асуға тиіс жоспарлардың жыл соңын-

да қандай нәтиже бергені жөнінде нақты 

шешім қабылданбай жататын. Ал жаңа 

бағдарлама ондай ретсіздікке мүлде жол 

бермейді. Мәселен, биылғы жасалған жос-

пар нақты қашан жұмыс бастап, нақты қай 

мезгілде аяқталуы керек, қай облыста қан-

дай саладағы өндірістік нысан іске қосы-

лады деген мәселе қатаң қадағала натын 

болады. Ол ғана емес, аталған жоба ға қан-

ша қаражат бөлінді, ол жерде қанша адам-

ға жұмыс орны бар, сол өңірдің әлеу мет тік 

жағдайына салынған зауыт-фабри каның 

қосар үлесі қандай, жалпы, өндіріс нысаны 

республика үшін қанша табыс әкеледі деген 

мәселенің бәрі жан-жақты екшелген. Елба-

сы өзі ерекше назарда ұстап отырған үде-

мелі  индустрия лық-инновация лық  даму 

бағдарламасы республикадағы әр аймақ-

тың ерекшелік теріне сай жасалған. Сол 

өңірлердің түрлі ерекшеліктерін ескере 

отырып, өндірістік мүмкіндіктерін шамалай 

отырып, жоба ларды жүзеге асыру көздел-

ген. 

– Үшжылдық бюджет жобасы 

осы бағдарлама негізінде жасалатын 

жобаларды тұрақты қаржыландыру 

үшін өз пайдасын тигізеді ғой?

– Әрине, мәселен, бұрын бір мектепті 

бір жыл ішінде салу көзделіп, соған сай, бір 

жылға ақша бөлінетін. Бірақ ол құрылыстың 

орны, жобасы деген түрлі қажет тіліктерін 

дайындап болғанша, жыл дың жартысына 

барып қалатын. Со сын, оның жұмысы бас-

та лып, ары қарай біткен ше уақыт жетпей, 

құрылыс келесі жылға қалатын жағдайлар 

болды. Сөйтіп, қаржы сол жылы игерілмей 

қалады. Ал келесі жылы түрлі себептермен 

жоба қымбаттап шыға келеді. Бюджеттен 

тағы да қосымша ақша сұралады. Енді жа ңа 

бюджет жобасы бұндай келеңсіздіктерге 

жол бермейді. Құрылыс үш жылға созылса 

да, жыл сайын өзінің тиісті қаражаты 

қарастырылып қойылған. Берілген ақшаға 

жобаны аяқтау керек. Олай-былай бұлтақ-

тауға мүмкіндік жоқ. Жауапкершілік те 

күшті. 2009 жылдың бюджетін қабылдаған-

да біз бұрынғы Эко но мика және бюджетті 

жоспарлау министр лігі, Қаржы министрлігі 

және Білім және ғылым министрлігі тара-

пына бөлінген қа ра жатты уақытында пай-

далану туралы айтқан болатынбыз. Соған 

сай «бәрі дұрыс бола ды» деген жауап ал-

дық. Ал биылғы жылы Білім және ғылым 

минис трлігінде 11 млрд теңгедей қаржы 

иге ріл мей  қалған. 

– Оның себебі неде?

– Оның себебі өте көп. Жаңағы бағдар-

ламаны жасаған кезде оны толығымен 

орындау жағы қарастырыл маған. Мәселен, 

бір себебін алып қарасақ, құрылыс жұмыс-

тарын жасау кестесінің артта қалуына бай-

ла нысты дейді. Оған кім кінәлі? Әрине, 

бағ дарламаның әкімшісі жауапты. Неге 

артта қалады? Қаражатты жыл басында сұ-

рап алған жоқ па? 2009 жылдың бюджетін 

біз 2008 жылдың желтоқсан айында бекі-

теміз. Олар ақша сұраған кезде-ақ жұмыс 

кестесін қарастырып қоюлары керек еді. 

Себеп тің ішінде облыс әкімдерінің растай-

тын құжаттарды ұсынбауына бай ланысты 

деген уәж бар. Бұл істе жергілік ті жерлердің 

де жауапсыздықтары көрініс береді. Сол 

се кіл ді Құрылыс және тұрғын үй-шаруа-

шылық істері жөніндегі агенттікті мысалға 

алайық. Оларда 11,8 млрд теңге игерілмей 

қалған. Олардың себебін қарап отырсаң, 

облыс әкімдері нысаналы транс ферттер 

бойынша төлемдердің негізділігін растай-

тын құжат тарды ұсын бауына байланысты. 

Ал неге құжат тарсыз ақша алады? Ақша 

бөлінген кезде ол республи калық комис-

сиядан өте ді. Оған барлық жауапты орган-

дар қаты сады. Негізі, техни калық негіздеме-

лері да йын, барлық мәселесі шешілген 

жобаға ғана ақша сұралуы керек. 



– Бюджетті бекіткен кезде сол 

жобалар қамтылған заңдарды 

сіздер мақұлдайсыздар емес пе?

– Иә, олар Парламентке жобаның 

барлық құжаты сай деп алып келеді. Енді 

біз әрбір кішкентай мекеменің қағазына 

дейін шұқшиып қарап отырмаймыз ғой. 

Оларға сенген соң, біз сол аймаққа мектеп, 

аурухана салу керектігін ескеріп, өз тарапы-

мыздан қолдау білдіреміз. Сол кезде оны 

өздері мойнына алып бекіттіріп алады да, 

жылдың аяғы келгенде игерілмеген ақшаға 

әкімдер кінәлі, құжаты жоқ, жері дайын 

емес болып шыға келеді. Айталық, ең ал-

ды мен, жері дайын болмай тұрып, қалай 

құрылыс салуға болады? Міне, көрдіңіз бе, 

осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін 

үдемелі индустриялық-инновациялық 

даму бағдарламасы жасалып отыр. Ол бо-

йын ша биылғы жылы игерілмеген қаражат 

жоспар бойынша келесі жылы игеріледі. 

Бірақ ақша көлемі бөлінген межеден асып 

кетпейді. 

– Бұл бағытта Есеп комитетінің 

атқарып отырған жұмыстары 

жөнінде не дер едіңіз?

– Қарап отырсаңыз, бюджеттің атқары-

луы мен Есеп комитетінің қорытындысы екі 

басқа. Мәселен, Есеп комитеті бізге 2009 

жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі 

қорытындысын әкеліп береді. Бірақ олар 

тиісті құжатта сол бір жылдың ғана емес, 

оның ар жағындағы, 2007-2008 жылдар-

дың бюджет қорытындыларын да әкеліп, 

қаншама заң бұзушылықтарды алдыға 

көлденең тартады. Сондықтан біз қабыл-

данған үшжылдық бюджет негізінде ғана 

тексеру жүргізіп, сол уақыт ішіндегі қоры-

тын дыны ғана шығарса деп отырмыз. 

Басқасы өз ретімен болғаны дұрыс секілді. 

Соның өзінде де 2010 жылы мынадай, 

2011 жылы осындай болды деп әр жылға 

жеке-жеке талдау жасалса, тіпті нұр үстіне 

нұр болар еді. Сонымен қатар заңбұзушы-

лық деп, барлығын жалпылай атай салмай, 

мақсатсыз, тиімсіз жұмсалған қаражаттарды 

жеке саралап, процедура бойынша кеткен 

қателіктерді де өзінше бөліп көрсетсе, 

дұрыс болар еді деп ойлаймын. 



– Есеп комитетінің мәліметіне 

сүйенсек, мемлекеттің сыртқы 

қарызы да қомақты көрінеді. Оны 

қайтару мәселесі қалай шешімін 

табуда?

– Бізде мемлекеттің сырттан алған 

қарызы онша көп емес. Ол ақшаның дені 

– жеке кәсіпкерлердің, екінші деңгейлі 

банктердің алған қарызы. Бірақ мемлекет 

өз азаматтарының, түрлі бизнес өкілдерінің 

қарызына бейжай қарай алмайтыны анық. 

Бұрын бұл бағытта айтарлықтай бақылау 

болған жоқ. Жеңілдетілген арзан несиені 

әркім ала берді. Сосын оны халыққа аямай 

таратты. Үстіне еселеп үстеме қосты. Ал 

дағ дарыс болған кезде бәрі тақырға отыр-

ды да қалды. Альянс банк, Тұран Әлем 

банк, Темір банкі – барлығы қаржылық 

қиындыққа ұшырады. Сөйткен банктер біз-

дің экономикаға жұмыс істеген жоқ. Бәрін 

тек өздері үшін істеді. «Ақшаны алдың ба, 

үстіндегі пайызымен қайтар» дейді. Сенің 

құрылысың салынды ма, саудаң өтті ме – 

оған қарамайды. Енді дағдарыс келгенде 

мемлекет барлық екінші деңгейлі банктерге 

Ұлттық қордан ақша үлестірді. Әрине, қай-

тарымы болатыны сөзсіз. Қарап отырсаңыз, 

Үкімет бұған еш кінәлі емес. Әйткенмен сол 

банктердің ар жағында бәленбай халық 

тұрды. Мемлекет солардың мүддесін жерде 

қалдырмауды көздеген діктен, осындай 

қадамға барып, қаржы мекемелеріне жәр-

дем ге келді. Қарыз мәселесіне нақты аял-

дайтын болсақ, бізде жыл сайын бюд жет те 

белгіленген сомада сыртқы қа рыз дарды 

өтеуге ақша қарас тыры лады. Яғни мемлекет 

қарызын өтеп жатыр. Банктер өздері қарыз 

алған елдермен оңтайлы түрде мәмілеге 

келу арқылы борыштарының мәселесін 

сәтті түрде шешуде. Бұл бағыттағы Үкіметтің 

үлкен қолдауын да айта кеткен жөн. 

Сондық тан қарыз белгілі бір уақытқа 

алынады және өз мерзімінде қайтарылады. 

Бір айта кетерлігі, жеке адам болсын, мем-

лекет болсын – барлығының алған қа ры зы 

ортақ Қазақстанның қарызы болып есеп-

теледі. Қазір сырттан қарыз алу мәсе лесі 

бір жүйеге түсті деуге болады. Ұлттық банк, 

Қаржы қадағалау агенттігі секілді тиісті 

мекемелер бұл тұрғыда оңтайлы жұ мыс 

істеуде. 

– Қазіргі қызып тұрған 

тақырыптардың бірі – сыбайлас 

жемқорлық мәселесі. Бұл індет, 

негізінен, қаржымен тікелей 

байланысты екені анық. Қазір 

мемлекеттік құрылымдарда 

жемқорлықтың деңгейі төмендеді 

ме? Кейбір мәліметтерге қарағанда, 

Қазақстан екі жүздей мемлекеттің 

ішінде сыбайлас жемқорлықтан 

124-орынды иеленеді екен.

– Сыбайлас жемқорлық тек қаржы ғана 

емес, барлық салада бар. Бұл мәселенің 

алдын алу мақсатында арнайы қатаң заң-

дар қабылданып, тиісті бағдарламалар 

жұмыс істеп жатқанын білесіздер. Бұны тек 

қана құқық қорғау органдары жүргізіп 

жатқан жоқ. «Нұр Отан» партиясы жанында 

да үлкен комиссия бар. Ай сайын отырысы 

өтеді. Халықтың арыз-арманы, мұң-мұқта-

жы тыңдалады. Сол ел тарапынан түскен 

өтініш-тілектердің негізінде құқық қорғау 

орындарына тапсырма беріліп, тиісті заң 

бұзушылықтар дер кезінде қаралып оты-

рады. Қазіргі күні бұл үрдіспен тұрақты 

жүйеде жұмыс атқарылуда. Десе де, бұл 

бағытта тек заңдық құжатпен ғана жұмыс 

істеу аздық етеді. Сыбайлас жемқор лықты 

ауыздықтауда халық пен Үкімет тарапы үн-

десе, тізе қоса жұмыс істеуі тиіс. Параны 

берген адамның да арқалар қылмыстық 

жауапкершілігі ауыр. Ол өзіне берілген 

міндетті орындамай, мемлекеттің ақшасын 

жымқырғанымен қоймай, оны тексеріп, 

анықтауға барған адамға пара ұсынады. 

Міне, сол үшін заң арқылы жем қор лыққа 

қол былғаған екі тарапқа да қатаң тәртіп 

орнатылды. Бұндай жемқорлық әрекеттер 

халық көзінен де таса қалып жатқан жоқ. 

Жалақыға жұмыс істейтін әкім, болмаса өз-

ге де лауазымды қызметкердің қалай жер 

алғаны, қалай қымбат саяжай салып, жеңіл 

көлік мінгені оларға айқын көрініп тұрады. 

Сондықтан ел арасында сыбайлас жемқор-

лыққа қарсы заңды үгіттей отырып, құқық 

қорғау орындары өзге де мемлекеттік ме-

кеме лер мен бірге қоян-қолтық әрекет ету 

керек. Өйтпегенде бұл жағымсыз үрдістен 

құтылу қиынға соғады. 

– Сыбайлас жемқорлық 

мәселесінде тек кінәлілерді 

жазалаумен шектеліп қалмай, 

мемлекеттік қызметшілерді, 

лауазым иелерін осы жолдан 

саналы түрде бас тартатындай 

тәрбие жұмыстарын да қолға алып, 

олардың идеясында бұрылыс жасау 

да қажет секілді?

– Әрине, мемлекеттік қызметке кірген 

адам жеті-сегіз заңнан тест тапсырады. Ол 

не үшін дейсің ғой? Сен мемлекеттік қыз-

метке барған соң, нені істеуге тиіссің және 

нені істеуге құқың жоқ деген тәртіптік жү-

йені білу үшін. Мемлекеттік қызметке кірдің 

екен, тек сол салада еңбек етесің. Өзге де 

жұмыстармен шұғылданып, айта лық, жеке 

кәсіппен айналысуға жол жоқ. Оқу орын-

да рында сабақ беруге, дәріс оқуға құқың 

бар. Егер мемлекеттік қызметке кірер ал-

дында сенің жеке кәсібің болған жағдайда

оны басқа біреуге беруің қажет. Мемлекеттік 

қызмет сенен осындай адал дық ты талап 

етеді. Қазір халық та сауатты. Құқық қорғау 

орындары да бұл істе мол мүмкіндікке ие. 

Тек бұл ғана емес, осы сала дағы оң нәтиже-

ге жетуге ықпал ету үшін Елбасы өз Жол-

дауын да жыл сайын мемлекеттік қызмет-

тегілердің жалақысын 25 пайызға көтеруге 

тапсырма беріп, ол орындалып жатыр. Сот 

саласындағы маман дардың да жалақысы 

көбеюде. Бұның бәрі – сыбайлас жемқор-

лықтың алдын алатын, тазалықты дәріп-

тейтін бастамалар. Осыған бүкіл ел болып 

үн қоса білуіміз әбден қажет дер едім. 

– Жалақының көтерілуіне 

байланысты бір сұрақ туындап тұр. 

Елбасы тапсырмасымен мемлекет-

тік қызметкерлер мен бюджеттік 

мекеме қызметкер лерінің айлығы 

және зейнетақы мен шәкіртақының 

өсіп жатқаны мәлім. Бірақ кейбір 

коммуналдық төлемдердің көбеюі 

мен инфляция ның артуы осыған 

кері әсерін тигізіп жатқан жоқ па? 

– Кейбір облыстардағы бағаның өсуіне 

байланысты Үкімет әкімшіліктерге тиісті 

тапсырмалар беріп жатыр. Мәселен, электр 

қуатының бағасы өскен жағдайда, оның 

себебін жергілікті орындардағы сол салаға 

жауап беретін мекеме тексеруі керек. Мо-

но  полияға қарсы агенттік бәрін қада ғалау-

да. Мүмкін, бағаның өсуі заңды шығар. 

Кейбіреулері бағаны заңсыз көтеріп жібе-

реді. Әр облыстың ерекшеліктеріне қарай 

коммуналдық төлемдер белгілі дәрежеде 

қымбаттауы мүмкін. Мысалы, солтүстік 

облыс тарда оңтүстікке қарағанда электр 

қуаты жоғары болады. Өйткені онда қыс 

ұзақ. Соған сай электр қуатын өндіру шілер-

дің шығыны да көп болады. Соны жабу 

үшін бағаны лайықты түрде жоға рылатуға 

мәжбүр болады. Бірақ бұның бәрі тиісті 

мекемелер тарапынан қатаң тексе ріледі. 

Үкімет арқылы монополияға қарсы агенттік 

әр облыс пен қалаға тапсырмалар берген. 

Әрбір өскен бағаны талдап-таразылап, 

себебін толық анықтап отырады. Оны ха-

лық қа түсіндіріп, БАҚ арқылы барлы ғына 

хабардар етеді. Аталған бағыттағы жұмыс 

та қазір жүйелі түрде қолға алынған. Баға 

өсуіне көбіне арадағы делдалдық жасайтын 

компаниялар себепші болатынын да айта 

кету керек. Мысалға, тікелей электр қуатын 

өндіретін компания дан тізбек секілді жал-

ғасқан 3-4 компания электр қуатын сатып 

алады. Сосын әрқайсысы өз бағасын қоса-

ды. Жанармай да солай. Зауыттан шыққан 

соң, 4-5 делдал дың қолынан өтіп, ең со-

ңын да жоғары бағамен тұтынушыға жетеді. 

Қазір осының бәрін ретке келтіру жұмыс-

тары жүріп жатыр. Бұл бағытта Үкіметтің 

тиісті тапсыр малары бар. Парламент депу-

таттары да бірнеше рет мәселе етіп көтеріп, 

бағаға байланысты жайды жауапты орган-

дардың құлағына жеткізген болатын. Нақ-

тылап айтар болсақ, бұл жөнінде мемлекет-

тік реттеу жұмыстары жан-жақты іске асып 

жатыр. 

Әңгімелескен 

Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ, 

Астана

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ



САРАЛЫ СӨЗ

Елбасының бастамасымен жүзеге асқалы отырған үдемелі 

индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономика-

мызға тың серпін беретін үлкен құбылыс болмақ. Енді осы бағдар-

лама аясындағы жобаларға жауапты аймақтардың мойнында 

үлкен міндет тұр. Басты мақсат – сол міндетті ақсатпай, ел игілігі 

үшін қызмет ететін табысты өндіріс орындарына айналдыра білу. 

Аталған бағдарлама сәтті жүзеге асары сөзсіз. Бұл – Қазақстанды 

әлемдік алпауыт елдерге тәуелділіктен құтқаруға ықпал ететін 

бастама. Ары қарай тиісті органдар бағдарламаның барысын 

қадағалап, халыққа, Парламентке нақты есебін беріп отырса 

дейміз. 

Орок тілі алтай тобындағы тұңғыс-ма н -

жұр тілінің Амур жағалауы бұтағына жата-

ды. Ол «ульта тілі» деп те аталады. Орок 

тайпасы өкілдері ежелден Ресейдің Сахалин 

облысы мен Жапонияның Хоккайдо аралын 

мекендеген. Бүгінде орок тілінде 50-ден ас-

там адам ғана сөйлейді екен. Орок тілінің 

екі диалектісі бар. Солтүстіктегі ороктардың 

сөйлеуі оңтүстіктегі қандастарының тілінен 

біраз ерекшеленеді. 2008 жылдан бері 

Саха линдегі орта мектептердің бірінде орок 

тілі пән ретінде оқытылады. Бірақ орыс 

тілінің ықпалымен бірге, орок тілін тұтыну-

шылардың дені қариялар ғана болған дық-

тан, бұл тілдің жойылып кету қаупі басым. 

Жалпы, қазіргі кезеңде Сібір мен Қиыр Шы-

ғыс тың, Австралия мен Латын Америкасы-

ның көптеген тілдері және солармен бірге 

тұтас халықтардың бірегей мәдениеттері де 

жойылып бара жатыр.

Жақында теледидардан «орок тілі жойылып кетудің алдында тұр» деп айтыл-

ды. Бұл – қандай тіл?

  

 

Сәкен 

ЕРҒАЛИЕВ, 

Ақтөбе қаласы

Мен үйде қолдан тоқылған бұйымдарды көп пайдаланамын. Бірақ 

олар кірлегенде жуу өте қиынға соғады. Кейде жіптері сетінеп, өз сәнін 

бұзып алады. Оларды қалай дұрыс жуу керек екенін білгім келеді?

Маржан ҚАЙРОШҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Қырғыз азаматы 

қарумен қолға түсті

Мұндай бұйымдарды басқа зат тар-

мен бірге жууға болмайды. Оларды 

қолмен жуыңыз, бірақ центрифугада 

сықпаңыз. Ақ мақта-матадан немесе 

зығырдан тоқыл ған тоқыманы қайна-

тып алуға болады, ал басқа иірілген жіп 

түрлері нен тоқылған бұйымды кір жуа-

тын ері тіндіде жууға болады. Өте ұсақ 

бұйым дарды жоғары сапалы сабынның 

ері тіндісі құйылған шыны банканың 

ішінде жууға болады. Бұйымды жуып 

болған соң, мұқият шайып, тұтас сүл гі-

лердің арасына салып кептіріңіз. Бұ дан 

кейін бастапқы қалпына келтіріп, дәке 

салып үтіктеңіз. Оларды еркі ңізге қарай 

крахмалдауға да болады. Ақ тоқыма 

бұйымдарды шаятын суға ніл, ал ақса-

ры немесе сары түсті тоқыма бұйымды 

шаятын суға сүзгіден өткізіл ген шай 

қосуға болады. 

Орыс тілінің әсерінен орок 

тілі жойылып барады

Тоқыма бұйымдарды қалай жуады?



Жамбыл облысы ІІД ҰҚКБ 

қызметкерлері жол сөмкесі 

бар Қырғыз Республикасының 

тұрғынын ұстады. Онда Калаш-

ни ков автоматы, Макаров 

та пан шасы,  магазині  мен 

аузы на дыбыс тұншықтырғыш 

орнатылған ПСН тапаншасы, 

әртүрлі калибрлі 55 оқ дәрілері 

болған. 

Әкімнің, лауазымды қызметкердің 

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет