Қарап отырсақ, еліміздің әртүрлі аймақтарында экологиясы



жүктеу 0.61 Mb.

бет4/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4   5   6

Болатбек МҰХТАРОВ

Елдің басты ғимараты – Президенттің 

«Ақор да» атты жаңа резиденциясы ашыл-

ды. Жаңа ордада ТМД елдерінің 12 бас-

шы сы бас қосқан саммит болып өтті. 

Астанада Елбасының «Еуразия жүре-

гін де» атты кітабы әлем жұртшылығына 

та ныстырылды. Халықаралық әуежайдың 

жо лаушылар терминалы ашылды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көш бас-

шы лары екінші рет бас қосты. Әлемдік 

дең гейде білім беретін жаңа университет 

құру тұжырымдамасы тұңғыш рет сөз бол-

ды. ТМД-ға мүше бірқатар елдер бас шы-

ларының қатысуымен Бейбітшілік және 

ке 


лісім сарайы салтанатты жағдайда 

ашыл  ды. «Эталон орталығы» атты Орталық 

Азия да теңдесі жоқ стандарттау мекемесі 

іс ке  қосылды.

Шетелдік инвестицияларға жол ашып, 

экономикалық серпінді жобаларды айқын-

да ған «30 корпоративтік көшбасшы» мем-

ле кеттік бағдарламасының тұсауы кесілді. 

«Астана» кәсіби велошабандоздар үйірмесі 

құ рылды.

Астананың 10 жылдық мерейтойы 

әлем дік деңгейде тойланды. Осы той қар-

са ңында бірнеше халықаралық маңызы 

бар нысан, соның ішінде «Қазақ елі» мо-

ну менті  ашылды.

Елбасы ФИФА президенті Йозеф Блат-

тер ді қабылдап, елде футболды дамыту 

мә селесін  талқылады.  Астананың туған кү-

нінде әлемдік опера жұлдызы Пласидо 

До минго Абайдың «Айттым сәлем, Қалам-

қас» әнін орындады. 

ла ған болатын. Аталған заңбұзушылықтың 

жібе рілгендігін бар иелері де жоққа 

шығар майды. Соның негізінде әкімшілік 

құ қық  бұзушылық туралы хаттама тол ты-

ры лып, айыппұл салынған. Мұндай құқық  

бұзушылық осы орында тағы қай та лан ған 

жағдайда, бұл туралы Янушкевич көшесі 

№12/1 үйде орналасқан Алматы 

аудандық ІІБ-нің №2 полиция бөлімшесіне 

болмаса 37-45-80 және 102 теле фон-

дарына хабарласып шағымдана ала-

сыздар. Егер орын алған осындай әрбір 

жағдайды тіркеп отырса, онда нәтижеге 

қол жеткізер күн алыс емес деп ойлай-

мын.


келей желі» барысында мектепалды 

ба лалар мекемелерінде орынмен қам та-

ма сыз ету проблемасы ең жоғары рей-

тин  гті сұрақ болған еді. Бұл – барлық 

ай  мақ тар дағы ең өткір мәселе. Сондықтан 

Ел басы тікелей телеарна эфирінде Үкімет 

пен әкімдерге түрлі меншік түріндегі, со-

ның ішінде пайдалануға беріліп жатқан 

тұр   ғын үй кешендерінен жаңа бала бақ-

ша  лар ды құру мүмкіндіктерін қысқа мер-

зім ара лығында қарастыруды тапсырды. 

Бұл ша ра қысқа мерзім ішінде осы бір 

түйт  кіл ді түйінге айналған балабақша мә-

се  лесін іс жүзінде шешуде нәтижелі ша-

ра  ларды  қол дануға  мүмкіндік  берері 

хақ.


Мансұр Х

АМИТ (фо


то

)

Мансұр Х



АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№110 (336) 2.07.2010 жыл, жұма                       



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ӨРКЕНИЕТ

 

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ӘУЕН


МАМАН

БА

СТ



АМА

 «Жан аға» – Елбасыға 

арналған жаңа ән

Тұңғыш хакер 

– қазақ жігіті

Студент жастарға 

қамқорлық көрсетіледі

Елордадағы мәдени 

қара шаңырақтардың бірі  

сана ла тын  Президенттік 

мәдениет орталығы Астана 

жұртына жағымды көңіл  

күй сыйлауды дағдыға 

айнал дырған деуге болады. 

Өткен сәрсенбінің кешінде 

аталған орталық тағы да 

сазды әуеннің құшағында 

тербелді. «Елін сүйген, 

елі сүйген Елбасы» атты 

ән кеші Президенттің 

сүйіп тыңдайтын әндерін 

әуелетумен ерекшеленді. 

Оның есімі осыдан 27 

жыл бұрын тұңғыш хакер 

ретінде бүкіл дүниежүзіне 

тарады. Әлемдік ғалымдар 

ақпараттық технологияға енді 

ғана қадам жасай бас тағанда, 

қарапайым қазақ жігіті алып 

зауыттың компьютерлік 

желісін бұзуға болатынын 

ашық дәлелдеді. Ал Кеңестер 

Одағы Алматыдағы физика-

математика мектебін, кейін-

нен Мәскеу мемлекеттік 

университетін тамамдаған 

талантты жігіттің атын жа-

сырып, оның есімін шартты 

атаумен ғана ата ған. 

«Мойындалмаған данышпан» 

атанған қазақ хакерінің 

электронды есеп теу жүйесін 

бұзуына оған деген немкетті 

көзқарас себеп болған.

Екібастұз қаласы Солнеч-

ный кенті тұрғындарының 

«Студент балаларымыздың 

Екібастұз қаласына қатынап 

оқуы қиын. Солардың жүріп-

тұруына жеңілдік жасалса» 

деген өтініштері биыл оң 

шешімін тапты. 

Айғайқұм алты мемлекетте ғана бар



Алматы облысындағы әйгілі Айғайқұм туралы естігенім болмаса, көр-

ген емеспін. Жол түссе, барып көрсем деймін. Айғайқұм туралы жаз саңыз-

дар екен.

Асқар БЕКОВ, Алматы қаласы

Табиғаттың дара сыйы – Айғайқұм 

Алматыдан 250 шақырым қашықтықта, 

әйгiлi Алтынемел ұлттық қорығында 

орналасқан, Басши ауылының маңында. 

Ән салып тұратын мұндай құм әлемнің 

алты елінде ғана бар көрінеді. 

Алтынемел ұлттық қорығы – кезiнде 

Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға 

сапарында пана болған, Шоқанның 

өмiрiнiң соңғы жылдары өткен мекен. 

Айғайқұм – Басши ауылының өзiнен 50 

шақырымдай қашықта. Айғайқұм – 

ұзыннан-ұзақ созылған құм тауы. 

Биiктiгi 150 метрге жетедi екен. Ал 

ұзындығы бір шақырымға дейiн 

созылған. Сусыма құба құм биiгiне 

шығу оңай емес. Жел тұрса, құм ызың-

ызың, күбiр-күбiр ән салады. Айғайқұм 

кез келген уақытта ән сала бермейді. 

Шілде айында күн қатты ысығанда 

құмның қозғалысынан шығатын дыбыс 

күншілік жерден естіледі екен.

ҒАЛАМТОР


ДАРЫН

Қытайдағы қалың қазақты 

атажұртпен қауыштырған ақпарат

«Қазақстан аруын» асырап 

алатындар табылар ма?

Сегіз жастағы Әйгерім 

Тұрғанбаева Өскеменге 

«Қазақстанның кішкентай 

аруы-2010» байқауының 

жеңімпазы атанып қайтты. 

Әйгерімнің ерекшелігі 

сол – ол балалар үйінің 

тәрбиеленушісі. Ал арулар 

байқауы тарихында ата-

анасыз өскен баланың 

«ару» атануы – бұрын-

соңды кездеспеген жағдай. 

Елмейір АХМЕД

Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ 

Интернет туралы сөз болғанда, көбіне біздерге сыртқы 

елдерден келетін ақпараттық экспансияның басым болатыны 

алдымен ойға оралады. Ал өз ішіміздегі қазақтілді сайттардың 

өрісін ресми тілде ақпар беретін сайттар тарылтып отырғаны 

да белгілі. Ғаламтордағы жағдай осылай болғандықтан, біздің 

отандық қазақтілді ақпарат азғана топтың алданышы болудан 

аспай отыр. Десе де, бұл бағытта байсалды қадам жасап, өз 

оқырманын Отанынан шалғай жүрген қандастарымыз арасынан 

тауып жатқан ақпарат құралдары да жоқ емес.

Ермектен қандай көрмек бар?



Атышулы режиссер Ермек Тұрсынов болған оқиғаға негізделген «экшн» жанрында 

фильм түсіргелі жатыр деседі. Фильм туралы толығырақ ақпарат берсеңіздер. 

Нұржан ҚҰНЫПИЯНОВ, Алматы қаласы  

2001 жылы Алматыда «Мухлисов бан-

дасы» деп аталатын қылмыстық топ еліміздегі 

коммерциялық банктердің бірінің инкас-

саторлық машинасына тап беріп тонап, тіпті 

адам өлтіргендігі тек оңтүстік астана тұрғын-

дарын ғана емес, барша республиканы дүр 

сілкіндіргені көпшіліктің есінде болар. Сон-

дай-ақ қылмыскерлер бірқатар валюта 

айыр бастау пункттерін, коммерциялық ұйы м-

дарды тонаған болатын. Сол тұста қылмыс-

керлерді құрықтаумен айналысқан арнайы 

топтың жетекшісі Құрманбек Артықбаевтың 

таяуда "Семь майских дней" деп аталатын 

деректі повесі жарық көрді. Жоба автор-

лары ның бірі – белгілі сценарист, продюсер 

әрі режиссер Е.Тұрсынов. «Бұл қылмысты 

ашу біздің кәсіби беделімізге әсер етті. 

Өйткені олар жай ғана қылмыскерлер емес, 

сақадай сай ұйымдасқан әккі қылмыскерлер 

болатын. Құқық қорғау органдары мен әс-

кери күш құрылымдарының жұмыла жұмыс 

істегенінің арқасында қылмыскерлер қыс қа 

мерзімде қолға түсті. Өзім осы оқиғаның 

басы-қасында болғандықтан, құқық қорғау 

органдарының нәтижелі жұмысын көпшілік-

ке үлгі етіп көрсеткім келді», – дейді Қ.Ар-

тық баев. Жоба авторларының бірі Е.Тұр-

сыновтың айтуынша, аталмыш сюжетте тек 

атыс-шабыс, қуғын ғана емес, драмалық 

тар тыс та бар. «Біздің қаламызда осы оқи-

ғаның әр кейіпкерінің прототипі бар», – 

дей ді ол. Детектив № 1030286 қылмыстық 

іс матер иалдарына сүйеніп, динамикалық 

түсінікті тілмен жазылған. Сондай-ақ көр-

кемдік айшықтар да жоқ емес. Полиграфия-

сы өте сапалы кітап 5000 данамен шықты. 

Осы шілде айында кітап авторлары Ресейдің 

белгілі продюсерлік тобымен бірлесе оты-

рып, қазақстандық және ресейлік актер лер-

дің қатысуымен «экшн» жанрындағы толық 

метражды фильм түсірмекші. 



«ҚАЗАҚПАРАТ» ҚАНДАСТАРДЫ 

ҚАЛАЙ ҚУАНТТЫ?

Аталған ұлттық ақпарат агенттігінің 2004 

жылдан бастап қазақ тіліндегі ақпарат тар-

ды латын әліпбиіне аударып, шеттегі қа-

зақ тар үшін оңтайлы шешім қабылдағанын 

айта кетейік. Бұл алыстағы ағайынның 

алғашқы қуанышына айналды. Себебі 

Түркияны негіз ете шоғырланған өзге де 

Еуропа еліндегі қазақ диаспорасы Қазақ-

стандағы жанып тұрған жаңалықтармен 

күнбе-күн танысуға мүмкіндік алған. Дәл 

осы ғаламтор сыйлаған, анығында, ғалам-

тор арқылы «ҚазАқпарат» сыйлаған қуа-

ныш пен былтырғы жылдың қазан айында 

Қытайдағы 2 миллионға жуық қандастары-

мыз да қауышқан болатын. Өйткені ондағы 

ағайын ұлттық ақпарат агенттігінің қауырт 

дайындап отыратын ең жаңа хабарларын 

оқып отыру орайына ие болған. Яғни 

«ҚазАқпарат» өз ақпаратын араб әліпбиінің 

негізінде Алаш ғалымы Ахмет Байтұрсынов 

жасаған қазақтың төл әліпбиі – төте жазу 

үлгісіне аударып, атажұртта болып жатқан 

жағымды жаңалыққа жаны құштар аға-

йын ды алабөтен қуанышқа бөлеген еді. 

АЛҒАШҚЫ АЯҚ АЛЫСЫ 

ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Бастапқыда төте жазумен ақпарат бе-

ре тін сайт нұсқасын жасау біраз әуре ші-

лікке салған. Латын әліпбиіндей емес, ки-

рилл қарпін төте жазуға бірден автоматты 

түрде аудару қиындық тудырған. Өйткені 

төте жазу әріптерінің жеке-жеке емес, бір-

біріне жалғанып, ұласпалы түрде жазы-

латын өзіне тән ерекшеліктері бары мәлім. 

Десе де, бұл түйткілді шешу жолы Қытай-

дағы қандастардың сайтынан табылған. 

Онда орналасқан кирилл қарпін төте жазу ға 

тікелей аударатын бағдарлама арқылы бұл 

жұмыс жүйесін тауыпты. Әйткенмен жаңа-

лықтардың таза мәтінде шығуы, әріп тердің 

қиюын келтіру жайында сайт жасау шы 

мамандарға біраз тер төгуге тура кел ген. 

ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫҢ ОРТАСЫ

Былтырғы жылы Үрімжіде болған 

ұйғыр-қытай қақтығысы әсерінен Қытай 

тарапы Шыңжаңда интернет жүйесіне 

қатаң шектеу қойып тастаған еді. Бұл Шың-

жаңдағы қазақ оқырманының саны кем де-

генде 5000-ға жетеді деген межеге кесе-

көлденең болды. Бірақ сайт хабарларын, 

негізінен, Қытайдың ішкері жағындағы 

қала ларда, соның ішінде Бейжіңде оқып 

жатқан қазақ студенттері мен Гансу өлкесі-

нің Ақсай Қазақ автономиялы ауданындағы 

жұрт көріп отырған. Сонымен бірге Бей-

жіңде орын тепкен «Орталық қазақ радио-

сы», Орталық ұлттар баспасы қазақ бөлімі, 

Бейжің ұлттар университетінің қазақ 

филология факультеті тағы да басқа қазақ 

орталықтары пайдаға жаратыпты. Қазіргі 

уақыт та Қытай тарапы Шыңжаңдағы әлем-

торға қойылған шектеуді алып тастады. 

Бұл оқиғаға аз уақыт өтсе де, төте жазу 

қар піндегі сайт нұсқасы жұмыс істейтінінен 

хабардар болған ағайын жаңалықтарды 

оқуға ағыла кіріп жатыр. Мәселен, 2-3 күн 

көле мінде сайтты қарайтын қытайлық 

қазақ ағайынның саны 6000-нан асып 

үлгер ген. «ҚазАқпарат» күнделікті 100-120, 

кей де одан да артық көлемде ақпарат 

дайын  дай ды. Бірақ төте жазу нұсқасына 

шеттегі бауырларға керекті деген 40-қа 

жуық ақпарат салынады. Соған қарамастан, 

он да ғы оқырманның қалың ортасы күн 

сайын қауырт көбейіп отыр. 

АҒАЙЫН ҮШІН АШЫЛҒАН 

АЙДАРШАЛАР

Қазақстан жаңалықтарына шөлдеп 

отырған қандастарымыз бұл бастамаға 

алғысын аяған жоқ. Төте жазуды Иран мен 

Ауғанстандағы қазақ диаспорасы да пай-

даланады. Ақпараттық салада Қазақ елінің 

басым саясаттарын шеттегі ағайынға жет-

кізіп отырған сайт нұсқасы, оларға қажет 

түрлі айдаршалар да ашып қойған. Мәсе-

лен, «Нұрлы көш», «Әдебиет және өнер», 

«Сөздік» секілді бөлімдер оқырманды өзі-

не керек ақпаратпен қамдайды. Сондай-

ақ «Халық қазынасы» айдарымен салт-дәс-

түр, ел тарихындағы танымал тұлғалар 

жө нінде, мемлекет және қоғам қайрат кер-

лерімен, өнер тарландарымен болған қы-



зықты сұхбаттар жарияланып отыр. 

Жарылқап БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ, 

«ҚазАқпарат» агенттігі Қазақ редакция сы-

ның бас редакторы:

– Бұл сайт нұсқасы рухани-мәдени 

интернет газетінің жүгін арқалап келе 

жатыр. Қытайдағы 2 миллион қазақ 

Қазақстандағы ел жаңалығына зәру 

бо лып отыр. Ондағы оқырман басқа да 

ақпарат құралдарының интернеттегі 

нұсқасын көреді. Бірақ бәрі кирилл 

қарпінде болғандықтан, жан-жақты 

ақпарат алуда қиындыққа жолығады. 

Ал төте жазумен ақпарат тарату – бұл 

мәселені шешудің ең оңтайлы жолы 

бо лып отыр. Біздің басты жетістігіміз – 

он дағы қандастарымызды ел жаңалы-

ғынан хабардар етіп отыруымыз. Қазір 

біздің ұлттық агенттіктің ең көп қазақ 

оқырмандары сол Қытайдағы ағайын-

дар болып отыр. Олардың қатары алда-

ғы күндері де арта береді деген сенім-

деміз. Өйткені ол жақта интернет тұтыну 

бағасы әлдеқайда арзан. 

Бақытжол КӘКЕШҰЛЫ, сайттың төте жазу 

нұсқасымен жұмыс істейтін журналист:

– Қытайға барғанымызда көбіне 

ондағы қандастарымыз бұрмаланған 

ақпарат алып, Қазақстан туралы басқа-

ша пікір қалыптастырып алатынын бай-

қаймыз. Қазір төте жазумен тікелей жет-

кен жаңалықтарды көрген ағайын 

атажұртта болып жатқан оң бастама лар-

ға разы болып отыр. Шындығында, сайт 

арқылы көптеген оқырманның тари хи 

Отандары жөнінде көздері ашы лып, 

шынайы ақпарат ала бастады. Ондағы 

оқырман сайтты көрген соң, өздерінің 

талап-тілектерін де ескертіп, кейбір қа-

жет ақпараттар жөнінде ой бөліседі. Бұл 

бізге сайт нұсқасын ары қарай, тұтынушы 

талабы негізінде да мы туға жақсы ықпал 

етеді деп ойлай мын. 

Астана

ТҮЙІН

«ҚазАқпарат» сайтының төте жазу нұсқасы шетте жүрген                

2 миллион қазақты атажұртпен жалғайтын алтын көпір болып отыр 

десек, артық айтқандық емес. Өзге елдің қол астында жүрсе де, өз 

Отанының тыныс-тіршілігінен, бағыт-бағдарынан сусындаған 

халық еліне деген ерекше сезім қалыптастыратыны анық. Бұл өз 

кезегінде қазақ диаспорасын қара орман жұртымен қауыштыруға 

зор әсер етері даусыз. Тарихтан қалған тәбәрік – Ахаңдай асылымыз 

жасап кеткен төл қаріп, төте жазуымыз бір туған қандастардың 

басын туған жерінде тоқайластыруға себепші болып жатса, көк 

Туымыз мәңгі биіктей береді деп сенеміз. 

Сегіз жастағы Әйгерімді осыдан үш 

жыл бұрын інісімен бірге балалар үйіне 

әкеп тастаған. Анасы ішімдік пен жеңіл 

жү  ріс  ке  салынып,  ата-ана  құқығынан 

айы ры лыпты. Содан бері Әйгерім інісі 

Темір лан мен бірге мектепке дейінгі бала-

лар үйінде тәрбиеленуде. Оның бойын-

дағы дарынын ашқан – тәрбиешілері. 

Мамыр айында Әйгерім облыстық кіш-

кентай сұлулар бай қауына қатысып, бас 

жүлдені жеңіп алды. Сондықтан балалар 

үйінің ұжымы оны облыс намысын қорғау 

үшін Алматыға жіберуге дайындады. Бай-

қауға жан-жақты дайындаған тәрбиешісі 

Анна Кәкенованың еңбегі еш кетпеді. Әй-

герім 20 баланың арасынан өзінің тартым-

ды лығымен, әдемі күлкісімен қазылар 

алқа сының жүрегін жаулады. Кішкентай 

арудың өзі: «Мен же ңемін деген сеніммен 

бардым, маған мамам солай деп айтқан», 

– деп күлді бізге. «Ма мам» деп отырғаны 

– тәрбиешісі.

Әйгерімнің жеңісі көп ұсынысқа жол 

ашты. Жер-жерден оны сән мектептеріне 

шақырғандар көп болды. Бірақ басқа қа-

лаға бару үшін Әйгерім толығымен сол 

қалаға ауысуы қажет. «Оның үстіне Әйге-

рім биыл мектепке барады, сондықтан 

оның болашағына қолдау көрсетіп, бала-

ның дарынын ашатын отбасы болса, жақ-

сы бо лар еді», – дейді тәрбиешілер. Әй-

герім де жақсы отбасында, жылы ұяда 

өмір сүруді армандайды. Тек інісі Темір-

ланды қасынан тастағысы жоқ. 

Әйгерім ТҰРҒАНБАЕВА, «Қазақстанның 

кішкентай аруы»:

– Мен өзімнің отбасым болса деп 

армандаймын. Өзімді де, інімді де 

сыйлайтын, жақсы көретін отбасында 

тұрғым келеді. Ал келешекте әнші 

болғым келеді.

Анна КӘКЕНОВА, мектепке дейінгі 

балалар үйінің тәрбиешісі:

– Әйгерім егер осылай, балалар 

үйін жағалап жүре берсе, талантын 

жоғалтып ала ма деп алаңдаймын. 

Балаға үнемі үздіксіз бақылау керек, 

көңіл бөлу керек. Танымал мамандар 

«оның бойында үлкен қуат бар, 

болашағы зор» деп жатыр. Бірақ ол 

үшін балада отбасы болса ғой. Әйгерім 

жалғыз емес, оның інісі Темірлан 

қашанда онымен бірге. Асырап алатын 

адам екеуін бірге алуы керек, бөліп 

әкетуге болмайды. Сондықтан әзірге 

болашағы бұлыңғыр. 

 Өскемен

Ең алдымен көрермен қауымға ұлттық 

дәстүрде безендірілген сахна төріндегі 

экраннан Елбасының алғаш Тәуелсіздік 

алған жылдары мемлекет құру ісіне бел 

шеше кірісіп, Қазақ елін әлемге танытудағы 

үлесті еңбегі көрініс тапқан бейнесюжеттер 

көрсетілді. Ал кештің негізгі бөлігі Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев сүйіп тыңдайтын ха-

лық әндеріне арналды. Белгілі әнші Гүлзира 

Бөкейханқызы «Қара-ай көзім» әнін орын-

даса, Клара Төленбаева «Халәу-ләйлімді» 

шырқады. Өз кезегінде Ардақ Балажанова 

«Дүлдүлім», Айгүл Елшібаева «Ғазиза гүл» 

сынды әндерді нақышына келтіре айтты. 

Олармен қатар Жазгүл Даңылбаева «Қы-

мыз құйғыш», Гүлмира Сарина «Қызыл жар-

Семей», Эльмира Жаңабергенова «Долана» 

әндерін төгілте әуелетіп, тыңдаған жанның 

айызын қандырды. 

Бұл кештің тағы бір ерекшелігі – Елба-

сына арналған жаңа бір әннің тұсауы кесіл-

ді. Махмұд Қасымбеков пен Ермұрат Үсе-

нов тің «Жан аға» атты әні алғаш орын да лып, 

көпшілікке жол тартты. 

Кеш барысында ақын Несіпбек Айт-  

ұ лының «Елбасы» атты жаңа толғауы оқыл-

ған нан кейін ҚР Президенттік мәдениет 

орталығының басшысы Мырзатай Жолдас-

бе ков сахнаға көтеріліп, Елбасы жайында 

өз толғанысын жеткізді. 

Елінің абыройын арттырған азаматына 

сүйінген қауым сахнаға әншілер шығып, 

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған 

Алтынбек Қоразбаевтың «Үшқоңыр» атты 

әні орындалғанда, бүкіл зал толы жұрт 

қосыла бірге шырқады. Ән әуеніне тебірен-

ген тыңдарман қауым ел Президентінің 

туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін 

жан-жүрегімен сезінгендей болды.

Ән көрігін қыздырған айшықты кешті 

тамашалау үшін Астанадағы зиялы қауым 

өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутат-

тары және өзге де лауазымды тұлғалар, 

жалпы, өнерсүйер қауым жиналды.

Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ, 

Астана

Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 

жылғы 14 сәуірде өткен кезекті ХХІ сес-

сиясында Солнечный кентіндегі табысы аз 

отбасылардың студент балаларына, оның 

ішінде ата-ананың қамқорлығынсыз қал-

ғандар мен Екібастұз қаласының жоғары 

және орта арнаулы оқу орындарының 

күндізгі бөлімдерінде оқитындарға қалаға 

қатынайтын автобустарда жүруі үшін әлеу-

меттік көмек көрсету туралы шешім қабыл-

данды. 


Солнечныйға Екібастұздан жүретін 

автобус билетінің құны 155 теңге тұрады. 

Ал студент жастар қалаға келіп-кету үшін 

қалталарынан күн сайын 310 теңге шығын 

шығаруға мәжбүр. Бір айға есептегенде, 

бұл – бір отбасына кәдімгідей салмақ 

түсіретін-ақ қаражат. 

7750 теңге көлеміндегі жәрдемақы 

студенттерге алдағы қыркүйектен бастап 

беріле бастайды. 



Жанаргүл ҚАДЫРОВА, 

Екібастұз  

Ғаламторға Мұрат Өртембаевтың (із-

деу сайттарында – Мурат Уртембаев) есі-

мін енгізген адам оның Кеңес Одағында 

ресми мойындалған тұңғыш хакер болға-

нына көз жеткізе алады. Ол 1983 жылы 

атағы дүркіреп тұрған АвтоВАЗ-ға жұмысқа 

тұрып, кейіннен қазақ болғаны үшін қуда-

лауға ұшырағанда, зауыттың бас бағдар-

ламасын бұзады. Ақпараттық желісі бұзыл-

ған зауыт үш күнге тоқтайды. Алайда өз 

кінәсін мойындаған Өртембаевты жаза-

лайтын заң болмай шығады. Сөйтіп, қара-

пайым қазақ баласының есімі бүкіл әлемге 

тарайды. Туған топырағына келіп көз жұм-

ған Мұрат Өртембаевтың кезінде мойын-

далмай кеткен қабілетін достары мақта-

нышпен айтады. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал