ған деседі. Біздің дәуі рі мізге
соғыс болғаны анық. Екі им-
ғысы» деп аталды. Пуни со-
жеңуімен аяқталады. Алай-
қойылмаған екен. 1985 жы лы
жасалған.
сында ашылып отыр. Былтыр басталған
ды құрайды. Бірінші кезеңде карьерлік
қосады. Келешекте белоруссиялық бірне-
көлігін де жинау бар. «БелАЗ» бен «МоАЗ»
«БелАЗ» көліктерін қолданады. Ол ба-
ар найы сұхбат берді. «Мен бұл зауыт-
ты зор қуанышпен аралап көрдім. Адам-
кәсіпорындарды барып көрудемін. Ха-
құрылысы салынады. Сөйтіп, 50 мың жаңа
— біз дікі. Біз осылайша адамдарымызды
жұмыспен қамтамасыз етудеміз. Сөйтіп,
жаңа өндіріс орны пайда болды. Мен за-
— деді Мемлекет басшысы.
салтанатты шараға қатысады. Естеріңізге
Теміртау») бастаған.
лады. Әр стансыға екі тәуліктен аял-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№110 (336) 2.07.2010 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
3
e-mail: info@alashainasy.kz
Басы 1-бетте
ОЙ-КӨКПАР
Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ,
қоғам қайраткері
Меңлібай МЫРЗАХМЕТОВ,
техника ғылымының докторы, профессор
Экологиялық салық пен айыппұлды түгелдей жергілікті
бюджеттің құзырына берген дұрыс бола ма?
Табиғатты қорғау болашақ үшін қажет.
Елбасы Жолдауларында қоршаған ортаны
қорғау, табиғи ресурстарды пайдалануда
ашық саясат қалыптастыру тәрізді сын-
дарлы ұсыныстар айтылып келеді. Бұл, ең
бірінші, Табиғат-Ананың қадіріне жетуде
бәсекеге барынша қабілетті болуды талап
етеді. Демек, біз табиғи байлықты тиімді
пайдалана отырып, орнын ойсыратып ал-
май, экологиялық ахуалды құлдыратып
жібермей, қалыпты дамытуды сақтауға
мүд деліміз. Мұндай игілікті іс – бүкіл ха-
лық тық іс десек, артық айтқанымыз емес.
Сондықтан әлгіндей экологиялық салық
пен айыппұл табиғатты қорғауға алынған
соң, сол табиғаттың өзіне жұмсалуы қа-
жет.
Бұл арада қаржыны мақсатты жұм-
сау жағына көңіл бөлген жөн. Қар жыны
мақсатты жұмсау дегеніміз – түскен
қаржы қайда, не үшін, қалай жұм-
салды деген сияқты мәселелерді қарас-
тырады. Мәселен, өндірістің салдары-
нан топы рақтың биологиялық өнімділігі
Жазушы Сапабек Әсіптің жоғарыдағы сауалға қайырған жауабы қысқа
болды: экологиялық төлемдер мемлекеттік бюджетке түсуі керек. Өйткені
жергілікті жерлердің бюджеті кедей.
Ал министр Н.Әшімов жуырда Үкіметке «2010-2014 жылдарға арналған
«Жасыл даму» экологиялық бағдарламасының жобасы енгізілетінін
мәлімдеген еді. Осы жобаның заңнамалық актілерінде бұл мәселе егжей-
тегжейлі жазылып, көрсетілетін болады. «Жасыл даму» бағдарламасының
негізгі бағыттары – «жасыл экономиканы» дамыту; қоршаған ортаның
компоненттеріне және тұрғындардың денсаулығына антропогендік әсерді
азайту; табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру; қоршаған орта
сапасын басқару жүйесін дамыту және жетілдіру болып табылады.
ОЙ-ТҮЙІН
Дайындаған Гүлнар АХМЕТОВА
Камал
БҰРХАНОВ,
Мәжіліс депутаты:
Нұрлан
СЕЙДІН,
саясаттанушы:
Тоқтар
ЕСІРКЕПОВ,
экономика ғылымының
докторы, профессор:
? А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
Дайындаған Кәмшат САТИЕВА
– Кез келген агенттік немесе бір ведомоствоны
құру үшін арнайы мониторинг керек. Сарапшылар-
дың талдамасы қажет. Соған қарап, қорытынды
жасауға болады. Бұл арада мәселе – іс-қимылдың
нәтижесін де. Мысалы, бізде су ресурстары бойын ша
арнайы комитет бар. Ол қалай жұмыс істеп жатыр?
Алдына қойған мақсат пен міндеттерді игере алып
жатыр ма? Мәселені шеше алмаса, кінә кімнен?
Басшыдан ба, әлде комитеттің құзырының шектеу-
лігінен бе, оған да қарау керек. Ол үшін кем дегенде
осындай комитет тің жұмыс істеуіне он жылдай уақыт
беру қажет. Жалпы, қоғам, мамандар бұл ұсынысты
қолдап жатса, әрине, ондай мекемені құру керек.
Ал өз басым, мәселені шешпейтін, шенеуніктердің
қатарын көбейтетін қан
дай да бір ведомстваны
құруға қарсымын.
Су шаруашылығы агенттігін құру мәселесіне дабыл қағатын уақыт жеткен жоқ па?
– 2009 жылы «Стратегиялық салалар мен объектілер туралы» ҚР
Заңында су шаруашылығы стратегиялық сала ретінде көрсетілді. Демек,
бұл мәселенің маңызын біздің билік жақсы түсініп отыр. Депутат Айта-
ханов мырзаның мәліметінше, судың 60 пайызын ауыл шаруашылығы,
ал 40 пайызын қалған басқа сала пайдаланады. Осы жағынан алғанда,
қазіргідей Су ресурстары комитетін ауыл шаруашылығы саласына
бағындырып қойған дұрыс емес. Еліміздегі суға қатысты мәселелердің
бәрін реттеуші орган тәуелсіз, дербес болуы тиіс. Бұл – біріншіден. Екін-
шіден, ауыл шаруашылығына қатысы жоқ су мәселелері бар. Мәселен,
трансшекарааралық аймақтық сулар. Орталық Азия бойынша қырғыздан
шығатын суды бөлісу мен таратып алуда жылда Ресей, Тәжікстан,
Өзбекстан және Қазақстан арасында дау-дамай туындап жатады.
Үшіншіден, Су қорлары комитетінің мәліметінше, бізде су шаруашылығы
бойынша 442 объекті бар. Оның 66-сы мемлекет меншігінде, 157-сі ком-
муналды меншікте, 142-сі жекеменшіктің қолында, 77-сі иесіз жатқандар.
Міне, осындағы иесіз жатқандардың республикалық болмасын, жергілікті
маңызы бар. Сондықтан оны реттеп, қадағалап отыратын бір орган керек.
– Иә, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанында арнайы комитет
бар. Бірақ оның функциясы шектеулі әрі оған рес пуб ликалық бюд-
жеттен қаржы бөлінбейді. Ал көптеген су шаруашылығы жергілікті
әкімшіліктің қарауында. Дегенмен олар онымен айналысуға құлқы
жоқ. Өйткені оларда басы артық ақша жоқ. Ал жекеменшіктер балық
өсіреді, суды сатады, ойына келгенін жасайды. Мысалы, Еңбекшіқазақ
ауданында ауыл шаруашылығына бөлінетін су бағасы 400 пайызға
дейін өскен. Су тарифтері әрқилы. Оны бақылап, реттеп жатқан ешкім
жоқ. Соның салдарынан Қызылағаштағы қайғылы жағ дай орын алды.
Трансшекарааралық өзендер бойынша қор даланған мәселе көп. Егер
арнайы ведомство құрылса, олар бірнеше бағытта департамент ашар
еді. Түптеп келгенде, арнайы агенттік құра отырып, экономика, эколо-
гия, ауыл шаруашылығы мәселесін шешумен қатар, арзан электр энер-
гиясын өндіруге де қол жеткізер едік. Қазір еліміз бірқатар гидроэлектр
стансы салу бойынша алдына міндеттер қойып отыр. Сол секілді еліміз-
де өзендер мен көлдер бар. Сондағы суды егістік алқаптарға жет кізетін
арналар салса, бұл мемлекеттің ауылға деген үлкен көмегі болар еді.
ТҮЙТКІЛ
Енді соны қолға алатын уақыт жет-
ті. Бұл орайда, ең алдымен, жергілікті
жер лерде өз жұмысын жүргізіп отыр-
ған кәсіпорындарға, әсіресе шетел-
дік ал пауыт тарға салынатын айыппұл
көлемін көбейткен дұрыс деп ойлай-
мын. Өйткені ауыл шаруашылығымен
айналысатын жер лер бар, үлкен өндіріс
ошақтары орна
ласқан жерлер бар.
Екеуінің айыр
машылығы – жер мен
көктей. Міне, осы тұрғыдан келгенде,
оларға салынатын салық мөлшері де
әртүрлі болуы керек.
Тоқетерін айтқанда, Қоршаған орта-
ны қорғау министрлігінің барлық облыс-
тардағы жағдайды қалтқысыз қадағала-
уы мүмкін емес. Себебі министрлікте көп
болса 100 адам жұмыс істейтін шығар.
Сондықтан экологиялық төлемдерді жер-
гілікті әкімшіліктердің құзырына тапсыр-
ған дұрыс. Тек түскен қаржының мақсатты
жұмсалуын қадағалау үшін оларды үнемі
тексеріп отыру керек.
НАРЫҚ
Осыны неше рет көтерсек те, тиісті ме-
кемелер құлақ аспай отыр. Жеті-сегіз
көпқабатты үйге қоқыс тастайтын бір-
ақ жәшік орналастырылған. Қоқыс
бір күнде үйіліп қалады. Ал оны та-
сушы мекемелер дер кезінде алмай-
ды. Енді біз, бір топ зейнеткерлер, осы
мәселе бойынша қала лық әкімдікке
жүгінбекпіз. Біз таза ауада тыныстау
үшін адам басына 165 теңгеден
төлейміз. Сонда біз ол ақшаны кім-
ге төлеп отырмыз? Тіп
ті ауладағы
қал
дықтарды тасымалдаумен айна-
лысатын мекеменің көліктерінің өзі
санитарлық нормаға сай емес.
Алматыны қоқыстан
қалай тазартамыз?
әр адам өзінен бастамаса, қаланың
тазалығы оңбайды.
Алматыда күніне 1200 тонна, жыл сай-
ын 2 млн текше метр қоқыс шығарылады
екен. Осы ретте, тығырықтан шығар жол
қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу бола-
тын. Ол салынды да. Алайда тұрмыстық
қалдықты өндіремін деген «Вторма эко-
логия» компаниясы көп уақыт өтпей жа-
былып қалды. Осы себепті тұрмыстық
қал
дықтардың айтарлықтай бөлігі бәз-
баяғыша Алматының іргесіндегі Қара-
сай ауданындағы полигонға төгілуде.
Тіпті қоқысын сол жерге апаруға ерініп,
қаладан шыға бере аудара салатын-
дар да кездеседі. Бұл ретте, «Табиғат»
экологиялық одағы төрағасының орын-
басары Нұржан Ошанбеков былай дей-
ді: «Осы тақылеттес келеңсіз жағдайлар
алдағы уақытта қайталанбас үшін тағы бір
жаңа жоба ұсынамын. Эко логиялық поли-
ция құру қажет. Өйткені басқа саланың ма-
мандары экологияға қатысты мәселелерге
атүсті қарайды. Мен осылай деп бұрын да
айтқанмын…».
Нұржан ОШАНБЕКОВ,
«Табиғат» экоодағы
төрағасының орынбасары:
– Біз Алматы қаласын қоқыстан
арылтудың жобасын жасаған бо-
латынбыз. Алайда оған құлақ асып
отырған ешкім жоқ. Осы ретте,
тәжірибе ретінде біз бір-екі жерге
учаске жасап қойдық. Ол бес жыл
бойы жұмыс істеп тұр. Жәшіктерге
әр қалдық сұрыпталынып салы-
нады. Қатты қалдықтар бөлек те,
тағам қалдықтары бөлек тұрады.
Осылардың барлығын қайта өң-
дейтін болсақ, одан неше түрлі зат-
тар шығады. Қаншама пайда келеді.
Ал қазіргі біздегі тірлік, барлығы бір
жәшікте сапырылысып тұр. Қоқыс
жәшігінің жанынан жүріп өту мүмкін
емес. Иісі қолқаны қауып, шыбын-
шіркейлер толып жүр. Тіпті оның
иісінің өзінен кейбір денсаулығы на-
шар, иммунитеті әлсіз адамдар ауру
табуы мүмкін. Сондықтан барлық
қоқыс орындарының жанына экспе-
рименталды учаскелер салу қажет.
Онда барлығын бөлек-бөлек орна-
ластыратын, қадағалап отыратын
адам
дар қойған жөн. Осылай-
ша бес-алты жыл жұмыс істесек,
халықтың да тазалық мәде
ниеті
көтерілер еді. Бұл жерде үкі
меттік
ұйымдармен қоса, барлық әкім-
діктер, осыған қатысты тиісті орган-
дар бірлесіп жұмыс жасауы қажет.
Сонда ғана іс нәтижелі болады.
Уақытша ұстау
изоляторы сын
көтермейді
ТАБИҒИ АПАТ
Шаяндар неге
қырылып жатыр?
Балықшылар бұл құбылысты осыдан
он күн бұрын байқаған. Айтуларынша,
шаяндар судан жағаға жылжып шығады
да, сол жерде қатып қалады. Дей тұр-
ғанмен, судағы жәндіктің жаппай қы-
рылу
ына балықшылар пәлендей алаң-
даушылық білдіріп отырған жоқ. Кері-
сінше, қуанатындай. Себеп – шаяндар
ауға түсетін балықтарды азық етеді.
Мақсат БОСҚЫМБАЕВ,
қалалық балық инспекциясының
мемлекеттік инспекторы:
– Бізге осындай ақпарат келіп
түсе салысымен, арнайы комиссия
құрылды. Құрамында ветеринарлық
лаборатория мамандары, мал дәрі-
герлік мамандар және біздің балық
инспекциясының мамандары бар
комиссия мүшелері Шүлбі суқой-
масынан су, шаян және балық алып,
арнайы зертханаға тексеруге жібер-
дік. Қазір сол актілер біздің қолы-
мызға келіп түсті. Шаянда пара-
зиттік аурулар жоқ. Және судың
көлеміндегі аквакультура бәрі таза
екені анықталды. Халыққа әзірше
ешқандай зияны жоқ. Ары қарай да
біздің балық инспекциясы бірлесіп
ветеринар мамандармен бірге зерт-
теу жұмыстарын жүргізеді.
Семейдегі Ертіс өзенінде
шаяндар қырылып жатыр. Әсіресе
қаланың Затон ауданындағы
суқойма жағалауы өлген шаяннан
аяқ алып жүргісіз. Өлгені былай
тұрсын, олардың кейбірінің
денелері аптап ыстықта иістеніп
жатса, енді бірі шіріп, құр
қаңқалары қалған. Қазір тоған
маңында тыныстаудың өзі қиямет.
Таңғаларлығы сол – жағалаудағы
жағымсыз иіске қарамастан,
онда демалып жатқандар саны
азаймаған.
ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ
Кәсіпкер
неге салықтан
жалтарды?
Адамнан айла артылған ба?
Қазір кәсіпкерліктің тасын өрге
домалатқысы келген адамнан
салық төлемдерімен уақтылы
есептесіп отыру талап етіледі.
Өкінішке қарай, Қызылорда
облысында заңға томпақ әрекетке
барған кәсіпкерге қылмыстық іс
қозғалған.
Жергілікті «К» атты ЖШС екі жыл бойы
салық төлемдерінен жалтарып келген.
Серіктестіктің бұл әрекеті Қызылорда
облыстық прокуратурасы мен облыстық
салық департаментінің жүргізген тексеруі
нәтижесінде белгілі болды. Тексеру ба-
рысында көптеген былықтың бет-пердесі
ашылды. Серіктестік 2008 жылдың 25
ақпанында тұсауын кескен екен. Алайда
ақша көрсе, басқаны ұмытып кететін кәсіп-
орын басшысы екі жыл көлемінде салық
төлеуге көңіл бөле қоймапты.
Өткен жылдың маусым айында се-
ріктестік директоры экономикалық сотқа
талап-арызбен жүгінген көрінеді. Онда
мекеменің қаржы-шаруашылық жағдайы
нашар екені көрсетілген. Сол тұста аталған
мекеме салық пен бюджетке төленетін
төлемдер үшін барлығы 596 мың теңге
берешек болған екен. Экономикалық сот
осы талап-арыз негізінде азаматтық іс
қозғап, былтырғы жылдың 17 шілдесінде
банкрот деп таныған.
Негізінде, барлығы басқаша болып
шықты. Коммерциялық мақсатта жұмыс
жасайтын серіктестік басшылары жеке
мүдделері үшін көп нәрсеге көз жұмып
қарауды дұрыс көрген. Осының сал-
дарынан мемлекетке ірі мөлшерде зиян
тигізіп келген. Төлем қабілетсіздігін қаса-
қана жасаған. Декларацияға кірістер мен
шығыстар туралы көпе-көрнеу жалған
ақпарат толтырған.
Қызылорда облыстық прокуратурасы
аталмыш іс бойынша қылмыстық іс қоз-
ғады. Серіктестікке 570 млн 427 мың
теңге қосымша салық және 132 млн 621
мың теңге өсімпұл есептелді.
Әділжан ҮМБЕТ,
Қызылорда облысы
Аймақта қылмыстық қудалау орган-
дарының қызметтік бөлмелерінде адам-
дарды заңсыз ұстау оқиғалары әлі де
орын алуда. Өткен жылы жиырмаға
жуық адам, оның ішінде кәмелет жасына
толмаған екі жеткіншек, ал биылдың
алғашқы тоқсанында сегіз адам заңсыз
ұсталып отырған жерінен прокуратура
органдарының араласуымен босатылған.
Адамды қылмыстық қудалау органының
ғимаратында үш сағаттан артық ұстауға
болмайтынын біле тұра, ішкі істер органы
қызметкерлері осы заңдылықты аяқасты
етіп отыр.
Атырау облыстық прокуратурасының
ішкі істер органдарындағы тергеу және
анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің
аға прокуроры Бауыржан Еңсегенов кел-
тірген мәліметке жүгінсек, Мақат ауданы
прокурорының қаулысымен Дос сор елді-
мекенінің полиция бөлімшесінің қызмет-
тік бөлмесінде негізсіз ұсталып отырған
азамат босатылған. Мақат аудандық ІІБ-
нің бастығының бұйрығымен осы заң-
сыздыққа жол берген учаскелік полиция
инспекторы мен жедел кезекші қызметін
атқарған полиция қызметкерлеріне сөгіс
берілді.
Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА,
Атырау облысы
АЛАШ-АҚПАРАТ
Атырауда адам
құқығы аяққа
тапталуда
Адамды қылмыстық қудалау
органының ғимаратында
белгіленген уақытынан артық
ұстауға болмайтындығына
Поделитесь с Вашими друзьями: