Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Қали Аманбаев -75 жаста



жүктеу 80.97 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі80.97 Kb.

Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Қали Аманбаев -75 жаста

Қалеке, енді біраз күнде ғасырлар

тоғысын тойлап, үшінші мыңжылдыққа

аяқ баскалы отырған тұста сіз үшін ерек-

ше оқиға болғалы тұр. Сіздің 75 жасқа

келуіңізді айтамын. Мерейтойыңыз құтты

болсын. Тәңірдің берген қуатының арқ-

асында осы айтулы күнге тың жетіп отыр-

сыз. «Көп жасағаннан сұрама, көп

көргеннен сұра» дейді. Шынында да

СІЗДІҢ кәргеніңіз, білгеніңіз, окып-тоқы-

ғаныңыз көп адамсыз ғой. Енді әңгіме

айта отырыңыз, тағдырыңызға ризасыз

ба, жалпы өміріңізде есте қалған кезең-

дер болған шығар.

—Тілегіңе, көңіліңе рахмет, шырағым. Бұл

күндері құттықтап, қолпаштап жатқан адам

көп. Онша ұзақ болмаса да 75 деген едәуір

жас. Өмірдің көбі өтіп, азы қалғаны анық.

Осындай тұста өткен-кеткенді таразылап, аз

ғұмырымда не тындырып, неменеге уақыт

жетпеді деген тәрізді өзіңе-өзің есеп беруге

тура келеді. ӨмІр жолыма қарап отырсам үш

белестен өткен екенмін. Яғни, мен үшін ең есте

қалған, өзінің қоғамдық-саяси маңызы жағы-

нан облыс өміріндө шешуші болған үш кезеңді

айтамын. Өзім сол жаңа істердің бастауыңда

болғанымды мақтан тұтамын. Ол — жаңа істе

ғана емес, қоғамдық өмірдің кейбір саласы-

ның одан әрі дамуына ерекшө ықпал еткен

оқиғалар болатын.

— Сонымен, бірінші белес қалай бас-

талған еді?

—1949-1950 оқу жылында Қарағанды қала-

сында Арнаулы тау-кен техникалық училищесі

ашылды. Оқу мерзімі жеті жыл. Онда шахта-

ларға қажетті екі мамандық бойынша оқушы

лар даярлайтын еді. Олар: көмір кен орында-

рын игеру және кен механиктері мамандық-

тары. Мұндай оқу орындары Одақ бойынша

көмір шығатын жеті қалада ашылды. Орта

буын мамандар даярлайтын бұл оқу орнының

ерекшелігі—оқушылардың құрамы мен

мерзімі болатын. Училищеге кеншілердің ба-

лалары алынып, шахтерлер әулетін жасауға

бағытталған. Мұнда бесінші кластан кейін алы-

нып, жеті жып бойы оқыту көзделгөн. Олар-

ды жастай алып жан-жақты білім, жарасым-

каның тамаша мектебінен өтіп, болашақ жоғары

қоғамдық қызметтерге даяр болатын.

—Қалеке, әңгімеңіздің жүйесіне қара-

сақ, осыдан соң сіздің екінші өмір белесіңіз

басталатын тәрізді ғой.

— Иә, өмірдегі екінші жаңа істің бастауына

қалай келгенімді өзім де байқамай қалдым. Егер

де мен жоғарыда айтқан арнаулы училищеге Ке-

ңес Армиясының қатарьндағы сегіз жыл қызмет-

тен кейн, арнаулы орта білім мен алты жыл ава-

циялық механик болып істеп, Москва әскери

округі партия активінің дивизиялық мектебі

деңгейіндегі саяси біліммен келдім. Ал екінші

кезең былай басталды. 1953-1958 жылдары.мен

Қарағанды қалалық партия комитетінде нұсқау-

шы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орын-

басары және оқу орындары бөлімінің

меңгерушісі қызмет-

терін атқардым,

Училищеде жәнө

қалалық партия ко-

митетіндө қызмет

істеген уақытта По-

кровский атындағы

Ленинград мұғалім-

дер институтын және

Абай атыңдағы Алма-

ты педагогикалық ин-

ститутын үздік баға-

мен бітірдім. Алайда.

педагогика саласын-

дағы менің теория-

лық жәнө практика-

лық білімім одан әрі

керек болмай қал-

ды. 1958 жылы на-

урыз айында қалалық

партия комитетінің

оқу орындары

бөлімі қысқарды да

мен өмірдің басқа

ағысына іліктім. Жо-

ғарыда айтқан бөлім

жабылғанда маған

үш қызмет таңдауға

берілді. Біріншісі —

облыстық партия

үнемі білікті, талантты, саяси жағынан әзір адам-

дармен толықтырудың нәтижесінде Қарағанды

телестудиясы респубпикада лайықты орын алып,

бұрынғы Одаққа белгілі болды. Сонда барып

мен өзімнің тынымсыз еңбегімнен рахат алып, өз

т а ғ д ы р ы м а риза  б о л д ы м . Тіпті  қ ы з м е т і м е

берілгенім сондай, күні-түні жұмыстан бас ал-

майтын едім. Осындай кезде мынадай  қ ы з ы қ та

. б о л д ы . Ол уақытта  м е н і ң атыма көп хаттар

келетін. Сондай бір хатты ашсам, өзімнің балам

жазьпты. Аязатаға наз ретінде жазылған хатта:

«Біздің папамыз телевидениенің тұтқынында, сол

себепті бізді ұмытты. Оны бізге қайтарыңыз»

деген мағынада өлеңдетіліп жазылыпты.  Ж ұ м ы -

сқа берілген адамның өмірінде ондай да болады

екен.


Уақыт өтіп жатты.

Теледидар әрбір

пәтерге енді.Біртіндеп

ол түрлі-түсті, радио-

р е л е й л і к ,  ғ а р ы ш т ы қ

ж ү й е м е н  б е р і л е т і н

қызықты да қарқынды

бола бастады.  О н ы ң

хабарлары тұрақты да

ауқымды болып, бұқа-

ралық ақпарат құрал-

д а р ы н ы ң ортасынан

ойып орын алды. Қазір

о б л ы с т ы ң  қ о ғ а м д ы қ

өмірінде елеулі орын

алған Қарағанды теле-

студиясына 17  ж ы л

ғұмырымды арнадым.

Радиоредакция облыс-

т ы қ радио дәрежесінө

жетті. Жезқазған, Ба-

лқаш, Приозерск қала-

ларында  т е л е с т у д и я

а ш ы л д ы .  Қ а р а ғ а н д ы

т е л е с т у д и я с ы н  қ ұ р у

негізінен менің бешене-

ме жазылған екен. Ал-

ғашқы  к е з е ң н ң өзінде

ж а ң а л ы қ қ а  ж а н ы

қ ұ м а р адамдар  қ ы з -

м е т істеді.  О л а р д ы ң

дагерлер ұйымын ұйымдастырумен қатар

басқа мемлекеттердегі бұл істің қандай

екендігін зерттеуге тура келді. Әрине, әр

елдің өз әдісі бар. Олардың көпшілігінде

қариялар ісі дұрыс ұйымдастырылып, ола-

рға құрмет пен қамқорлық тиісті дәрежеде

көрсетілетіні белгілі болды. Ал бізде зейне-

тақымен қамтамасыз ету, оларға қамқор-

лық жасау ісі әлі қалыптаспағанды. Осыған

байланысты соғыс пен еңбек ардагерлерінің

өмірі ауыр болып келеді. Әсіресе, аласапы-

ран болып жатқан кейінгі 8-9 жылдың ішінде,

нарықтық қатынастарға даярлықсыз енген

уақытта ауыр жағдай қалыптасты. Мұндай

өліара уақыт қашанға дейін жалғасатыны

белгісіз. Сол себепті ардагерлер ұйымдары

өз мүдделерін қорғау үшін бұрынғыдан да

топтаса түсуде. Қазіргі уақытта түрлі меке-

мелер мен ұйымдардағы, шаруашылық

субъектілеріндегі бастауыш ардагер ұйым-

дарын кадр жағынан нығайтып, ұйымды

күшейтуге көңіл бөлінуде. Аға ұрпақ

өкілдерінің арасында өмірлік тәжірибесі мол,

қоғамдық өмірдің түрлі саласынан хабары

бар адамдар көп. Алайда, жергілікті өкімет

орындары осындай мүмкіндікке көңіл бөле

бермейді. Облыстық ардагерлер кеңесі

активистерінің, оның жұмыс органы-- прези-

диумының, тұрақты комиссияларының ерен

еңбегінің арқасында ардагерлер ұйымын ба-

сқару мен жетекшілік етуде анық жүйе

қалыптасты, Ардагерлер ұйымдары өз

ұжымдарының мүдделерін қорғай отырып,

жергілікті әкімшіліктермен және басқадай

органдармен дұрыс жұмыс істеуді үйреніп

келеді.

Ардагерлер ұйымының өмірге келгеніне



13 жыл болды. Кезінде билік орыңдарының

бізге деген қамқорлығы ойдағыдай еді. Сол

себепті біздің жұмысымыз жақсы бағыт

алды. Ұйымның жетекші орындарына бұрын-

нан белгілі адамдар келдІ. Солардың қата-

рында бұрын партия, кеңес, кәсіподақ жұмы-

сында өзін көрсеткен П.А.Хлебов,

Ә.С.Серіков, И.Д.Базяк, В.Г.Мишуров,

Б.М.Мәулетов, Ж.Ә.Әубәкіров, С.Ш.Асай-

ынова, Я.А.Пазенко, И.Д.Рогачев, Л.И.Пер-

АРДАГЕР ӨТКЕН ҮШ БЕЛЕС

ды тәрбие беру мақсаты қойылған. Сол

себепті кластан тыс оқу шараларында көркем,

эстетикалық, денешынықтыру, жалпы

адамгершілік тәрбиеге ерекшө көңіл

бөлінетін. Балалар мемлекеттің толық қамқ-

орлығында болды. Училищенің құрылымы

мен күнделікті өмірі Суворов училищесіне

ұқсайтын еді. Киімдері әскери типтес;

күнделікті, мерекелік, жұмысқа киетін болып

үшке бөлінетін. Жастарды да осы қызықты-

ратын, Үрлемелі оркестрмен қосылып, сап-

пен жүру, сонымен қоса сабақтан тыс

кезеңдегі түрлі шаралар жасөспірімдерді

өзіне тартатын. Яғни, көркемөнерпаздар

үйірмелері, спорт секциялары, техникалық

шығармашылықтар болатын, Әрбір екінші

окушы спортшы болды. Сол кездегі балалар

осы училищеге түсуге тырысатын еді. Өкінішке

қарай жыл сайын 100 оқушыдан бес рет қана

қабылдау жасалды.

Ғұмыры қысқа болса да бұл оқу орнының

ерекше екенін айтқым келеді. Онда оқыған-

дардың көбі жоғары білім алып, кейін ірі ма-

мандар қатарына қосылды. Мысалы, А.Н.Гри-

горьев сол уақыттағы КСРО Көмір

министрлігінің бас механигі, И.И.Любимов

"Киров» шахтасының директоры, Г.А.Ловя-

гин «Северная» шахтасының бас инженері,

В.А.Пудовкин тау-қен округінің бас инженері

қызметін атқарды. Ғылым саласында да та-

бысқа жеткен шәкірттеріміз болды. Айталық,

ағайынды Забурдяевтар, Гридин, Хамзин ірі

оқымыстылар атанды. Училищенің түлектері

Мәжитов, Тажиденов, Моргачөв, Бегимов,

Шуцкий, Протасов, Жаңақұловтар практика-

лық жұмыста жақсы қырларынан танылды.

Жан-жақты да жарасымды дамыған жастар-

ды тәрбиелеуге арналған осы орта оқу ор-

нында қызмет істеп, оның кірпішін қаласқаным-

ды мақтан тұтамын.

Енді сол училищеде бірге істеген педагог-

тарды айтпай кетуге болмас. Алдымен ұжым-

ның ұйымдастырушысы, директоры Аманжол

Дүйсенбаөвтың еңбегі зор болды. Кейіннен

ол көп жыл кәсіптік-техникалық білім беру ба-

сқармасын басқарды. Қазір 86 жаста, дер-

бес зейнткер, әлі күш-қуаты қайтпаған. Ол

өз ісінің білгірі, әсіресе кластан тыс тәрбие

саласында жетік болды. Директордың тәрбие

жөніндегі орынбасары болған М.Буренин,

К.Баязитов, Ю.Шпякиндерді қалай ұмытуға

болады, Аталмыш қызметті мен үш жыл атқ-

ардым. Сонымен қатар денешынықтыру ісін

ұйымдастырушы Н.Карасев, тәрбиеші М.Ре-

венцов, көркемөнер жетекшісі М.Покасев,

комсомол комитетінің хатшысы К.Пугачёв

тәрізді адамдар көп еңбек сіңірді. Пән

мұғалімдері И.Бельский, И.Ионов, М.Вигдо-

рович, В.Лутович, Г.Ким, В.Максименко, В.Ки-

таев, Г.Селезнов, И.Чернокнижнов, С.Мар-

керьянц шәкірттердің есіндө мәңгі қалғаны

аньіқ.

Қысқасы, арнаулы тау-кен техникалық



училищесі жаңа, ерекше типтегі оқу орны бол-

ды. Еліміздегі түрлі жағдайларға байланысты

оның ғұмыры ұзақ болмады. Осы аздаған

уақытта осында қызмет істегендер педагоги-



Қали Әлібекұлы Аманбаев 1930 жыл-

дан Қарағанды қаласында тұрады. Осы

қаланың құрметті азаматы. Өз еңбек жо-

лын 1941 жылы Михайловка милиция

бөлімінде паспортист болып бастаған. Ұлы

Отан соғысының ардагері, Кеңес Армиясы

қатарында 1942 жылдан 1950 жылға дейін

қызмет еткен, әскери мамандығы авиатор,

отставкадағы полковник.

Қ.Аманбаевтың жоғары педагогикалық

және саяси білімі бар. Ленинград мұға-

лімдөр, Алматы пөдагогика институтын

жәнө Орталық Комитеттің Жоғары партия

мөктебін бітіргөн. Тарих ғылымдарының кан-

дидаты. Қалекең үш жыл арнаулы тау-КФН

училищесіндө, 17жыл төлөвизия жүйесіндө

жәнө жиырма жылдай партия қызметіндө

болған. Қарағанды қалалық партия

комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі,

облыстық партия комитетінің бөлім

меңгерушісі және идеалогия жөніндегі хат-

шысы болып істеген, Соңғы 13 жыл бойы

облыстық ардагерлер кеңесін басқарып

келеді.

Қали Әлібекұлы Отан соғысы, Еңбек

Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет

белгісі», «Құрмет» ордендерімен, 13 ме-

дальмен, 4 Құрмет грамотасымен-марапат-

талған, «Қазақ ССР-нІң құрметті мәдени-

ет қызметкері» және «КСРО-ның құрметті

радисі» атақтарына ие болған.

комитетінің насихат

бөлімінің нұсқаушы-

сы, екіншісі—медин-

ституттың партбюро

хатшысы, үшіншісі —

жаңа ашылып жат-

қан телестудияның

директоры. Мен со

ңғысын таңдадым.

Осы қызметті ұсын-

ғандардың өзі таң-

тамаша қалып, неге

телестудияны қала-

ғанымды білгілері

келді. Жауабы оңай

еді. Бар-жоғы 34

жасар жігітті бұрын

белгісіз, көпшілікке

әлі құпия жаңа істі

білуге деген құш-

тарлық жеңген бола-

тын. Ол уақытта те-

левидение деген та-

ңғажайып құбылыс

еді.


Алдын-ала айта

кетейін, менің таңда-

уым дұрыс болды.

Телевизия өмірімдегі

жаңа мектепке ай-

налды. Адамдармен

жұмыс істеудегі осы

қарудың құпиясын

білуге түбегейлі

кірістім. XX ғасыр

ғажабының, шығар-

машылық, техника-

лық мүмкіндіктерін

білуге барлық кү-

шімді салдым. Осы.

мақсатта Ресейдің

барлық өнеркәсіп орталықтарында және одақ-

тас реслубликалардың астаналарында болдым.

1958 жылға дейін телестудиясы бар қалалардың

барлығын аралап шықтым.

Менің практикалық жұмысымдағы ең қызық-

ты әрі басты міндетім телестудияның шығарма-

шылық ұжымын қалыптастыру, журналистерді,

режиссерлерді, кино және телеоператорлар-

ды, дикторларды, дыбыс режиссерлары мен

дыбыс операторларын шақыру болды. Ол

уақытта Қарағандыда мұндай мамандар жоқ.

Ұжым жасақтаудағы бар қиындықтың өзі осын-

да болатын. Бүкіл одақтан керекті адамдарды

жалықпай жинаудың арқасында бұл істің де түйіні

шешілді.

г

Телевизия мамандары Қарағандыға



қуана-қуана келетін. Себебі, біздің қаламыз эко-

номикасы мен мәдениеті дамыған орталық

ретінде белгілі болды. Сөйтіп, 1-1,5 жылдың

ішінде сондай ұжым қалыптасып, бірлескен сту-

диялық және басқадай қызметке даяр болды.

Бір атап өтерлігі, бүкіл одақтан жиналған адам-

дар ортақ мүдде үшін бірлесіп, тату-тәтті еңбек

ете білді.

Мен үшін ең қуанышты нәрсе, екі-үш жыл-

дың ішінде телестудияның қала мен облыста

елеулі құбылыс болғаны. Ұжым мүшелерін

ішіндө журналистер

А.Әлғожин, Қ.Әкім-

беков, А.Сатаев,

Л.Маркман, Л.Ди-

кельбойм, С.Бран-

дорф, режиссерлар

У.Тойбаев, И.Горин,

А.Штейнбрехт, А.Са-

лихов, К.Ералин,

Р.Жабаева, Х.Ысқа-

қова, кино-телеопера-

торлар: В.Воробьев,

ағайынды Холодков-

тар, И.Шарый, М.Ше-

стаков, Н.Митин, ағай-

ынды Лелюхтерді

атауға болады. Кино-

бағдарламаны ұйым-

дастырушылар А.Ок-

ольников, К.Матено-

ва, хабарларды шыға-

ру секторының ма-

мандары К.Мусали-

мов, Н.Каталымова

тәрізділерді айтпай

кетугө болмас. Дик-

торларды таңдап алу

конкурстық негізде

жүргізіліп, оларға

ерекше көңіл бөліне-

тін. Жағымды дауы-

сы, дұрыс дикциясы

бар, бет-пішімі сүй-

кімді дикторлар бірін-

ші қабылданатын.

Мысалы, М.Ахмето-

ва, С.Тарасова, Г.Ра-

химова, В.Жоров си-

яқты дикторларды

көпшілік біледі. Жур-

налистердің алғашқы

легінен Ә.Әзиев,

А.Хамидулин, М.Халиоллин, Д.Зинчук, Т.Жү-

сіпов, О.Сағынаев, Д.Телегиндерді өрекше атар

едім.


ЕндІ үшінші белес, қоғамдық

еңбектегі үшінші кезең туралы айтасыз ғой.

—Сонымен, үшінші рет жаңа қоғамдық

үрдістің бастауында болуға тура келді. 1987

жылдың қаңтарында жаңадан құрыльп жатқан

соғыс ж

әне еңбек ардагерлері кеңесін басқару

ұсынылды. Шынымды айтсам, алғашқы



 кезде

бұл ұйымды менен гөрі жасы үлкен

ардагерлердің бірі

 басқаруға тиіс дегенді

дәлелдеуге тырыстым. Соның алдында 62-ге

толған мен «жас» зейнеткер едім. Бұл қызметті

маған ұсынғандар сіз соғыс және еңбек

ардегерісіз, облысқа белгілі адамсыз, қаланың

байырғы тұрғынысыз, ертең өзіңіз мүддесін қор-

ғайтын аға ұрпақ өкілдерін жақсы білесіз дегенді

айтты. Шынында да солай болатын. Оның үстіне

ол уақытта партия қайда жұмсаса

коммунистердің бас тартпайтын әдеті болатьн.

Мен де содан аса алмадым.

Бірақ та өзімнің таңдауыма кейінде өкінген

жоқпын. Менің қолға алған жұмысым ауыр,

қоғамдық өмірдегі жаңа іс еді. Облыстағы ар-

шина, Д.Н.Хальзов, А.А.Шерстов, С.Кру-

чинецкий, Х.Б.Ермағамбетов, С.Нығметжа-

новтар болды.

Осы жылдар ішінде ардагерлер ұйымы

қоғамдағы ықпалды күшке айналып, өзінің

қатарында 272 мың ардагерді біріктіріп отыр.

Ардагерлер ұйымы бұл күндері Ұлы

Жеңістің 55 жылдығын қарсы алуға даяр-

лық үстінде. Олар облыс Әкімі К.Мұхамед-

жановтың облыстағы барлық реформалар-

ды одан әрі тереңдету ісін қолдайды. Соны-

мен қатар біздер, соғыс ардагерлері мен

тыл еңбеккерлерінің бұрынғы жеңілдіктерін

қайтаруға күш саламыз. Бұл жеңілдіктердің

ішінде аса қажеттісі дәрі-дәрмекпен, сана-

ториялық емдеумен қамтамасыз ету және

жылына бір рет ТМД мен Қазақстан аума-

ғында тегін жүру қүқықтары. Жергілікті билік

орындары да зейнеткерлердің қалалық

көлікте жеңілдікпен жүру, коммуналдық

қызмет ақысына жеңілдктер беру мәселесін

шешеді деп үміттенеміз.

—Қали Әлібекұлы, егер де тағы бір

сұрақ қоймасам, біздің әңгімеміз то-

лық болмас еді. Сіздің еңбек жолыңыз-

дың қалыптасып, саяси тұлға ретінде

өсуіңізге әсер еткен адамдарды атай

кетпейсіз бе?

—Оған бірден жауап беру, бір-екі адам-

ның атын айту аздық етеді. Мен өз ғұмы-

рымда ақыл берген, адал адамдарды көп

кездестірдім. Солардың қатарында Григо-

рий Иванович Юровскийді, Сармолда

Әубакіровты, Сопыжан Әшляевты, Алматы

педагогика институтының ректоры болған

Мәлік Ғабдулинді, республикалық радио мен

телевизия хабарларын тарату комитетінің

төрағасы болған Кеңес Үсебаевты, обком-

ның бірінші хатшылары Сергей Яковлевич

Яковлев, Василий КУЗЬМИЧ Акулинцев, Алек-

сандр Гаврилович Коркин, екінші хатшы

Нұрсұптан Назарбаев, КПСС Орталық

Комитеті ғылым мен оқу орындары бөлімінің

меңгерушісі Сергей Павлович Трапезников-

тарды айтар едім. Жас күнінен бері Төлөу-

тай Түсіпбековпен дос болып келемін, Бұл

достық осы күнге дейін жалғасуда.

Өздерімен көңіліміз жарасқан М.Имашев,

Н.Төлепов, П.Хасенов тәрізді азаматтарды

мақтана айтамын. Әрдайым аға ұрпақ

өкілдері Ә.Сағынов, Т.Әбдіразақов, П.Хле-

бов, И.Базяк, Г.Вальштейндер моральдық

қолдау көрсетіп жүреді. Барлық қызмөтте

тұстас болған С.Досмағамбетов, М.Бөкенов,

Т.Аханов, С.Шәкіровтермен де қатынасым

жақсы болды. Қазір арамызда жоқ Ібіжан

Рақымжанов, Жұмаш Әубәкіров, Әбушах-

ман Нұрмағамбетов, Зейкен Іңкәрбаев,

Шұғайбек Тоқмағамбетов, Махат Рымжа-

нов, Никодим Васькин, Петр Трухин, Әкім

Серіков, Ефим Крученецкийлердің есімін

қалай ұмытарсың. Міне, осы адамдардың

бәрі менің осындай дәрежеге жетуіме ықпал

еткендер.

— Әңгімеңізге көп рахмет. Жасы-

ңызға жас қосыла берсін.

Әңгімелескен

Серік СЕКСЕНҰЛЫ.



Өмірдерек

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Personalii kaz
Personalii kaz -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Personalii kaz -> Шортанбай қанайұлы з а р з а м а н
Personalii kaz -> Арағандыдағы Октябрь ауданын және осы ауданның үлкен бір көшесін
Personalii kaz -> Ардақтауға не кедергі? Қ азақтың тұңғыш саяси партиясын құ рған және бүгінгі Тәуелсіздікке бастап
Personalii kaz -> Рыңа жетіңдер! деп әрі танысып, әрі бізге батасын да берген еді
Personalii kaz -> Кейінгі уақытта абайтанушылардың ең тұңғыш жөнінде әртүрлі мәліметтер келтіріліп
Personalii kaz -> Аманкелді замекбаев, еңбек ардагері
Personalii kaz -> Өмірбаяны өз тұс тастарына ұқсас бол ғаныменен, өмірге құ
Personalii kaz -> Әлімхан және ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым

жүктеу 80.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет