Қарағанды қаласында 2006 жылы «Жер-шежіре»



жүктеу 194.99 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі194.99 Kb.

Қарағанды  қаласында 2006 жылы «Жер-шежіре » 

атты кітап жарық көрді. Облысымыздың 

тарихынан, жалпы  қазақ жерінің әр  қиырынан 

сыр шертетін осы басылымнан үзінділер беріп отыруды 

жөн көрдік. Бұл туралы ой-пікірлеріңіз, 

халық арасында сақталған ескі сөз, аңыз-

әңгімелеріңіз болса редакцияға хат жазып, 

хабарласыңыздар! 

""АТ" редакциясы. 

Бес маршал 

Жаңаарқа ауданы төңірегінде 

«Бес маршал» деп аталатын мекен 

бар. Бұл атаудың шығу тарихы 

1970 жылдары зейнеткерлікке шық-

келе Воздвиженка ауылды мекеніне 

тірелесің. Басқа ауылдардан 

ерекшелігі тұрғылықты халқы 

көбіне орыс болса да, апа-аталары-

мыз бұл ауылды «Үкілі  қыз» деп 

атайды. 

Аңыздың астарында 

шындық шөккен 

қан рулас, аталас Алтай, оның 

ішінде Алсай бөлігінен шыққан бес 

шалға байланысты. 

1973 жылы Жезқазған облысы 

атанып,  Қарағанды-Жезқазған тас 

жолы салына бастайды. Жолды 

1976 жылы пайдалануға беріп, жол 

белгілерін салуға шыққан адам осы 

аталған ауылға жол белгісін  қоюға 

келеді. Бір күні ауыл кісілерінен 

сұрайды: «Ауылдың аты  қалай?» -

деп, ол жаңағы шалдардың ішіндегі 

қулауы, ойыншылы бұл жердің аты 

«Бес маршал» деген, ал бұл ойын 

астарына түсінбеген маман жол 

тақтасына «Бес маршал» деп жаза-

ды. Бүгінгі күнге дейін осылай ата-

нып келеді. 

Ақтайлақ 

Жаңаарқа  Қарағанды тас жолы-

ның бойындағы ауылды «Ақтайлақ» 

деп атайды. Ол  Қуандық руының 

бір үлкен тобы Барқаұлы Ақтайлақ 

атымен аталады. 

Бұрындары Ақтайлақ би болған, 

ол кісінің аты Алтай еліне мәлім бо-

лған.  Қара қылды  қақ жарған Арқ-

аның атақты биі Ақтайлақтың өз 

заманында  қоныс  қылған  қыстауы 

сол кісінің атымен «Ақтайлақ» деп 

аталады. 

Үкілі қыз 

Көкпектіден біраз жер жүре 

Ел арасындағы тараған аңызға 

сүйенсек, ертеректе  Қарауыл-

Жасық елінде Маман деген байдың 

жалғыз қызы бар екен. Ұл бала бол-

маған соң  қызды ерекше тәрбиеле-

ген. Ерке  қыз серілікке салынып, 

еркектерше киініп, садақ атып, 

ержүректігімен елді тәнті қылыпты. 

Сонымен  қатар бөркіне үкі  қауыр-

сынын  қадап жүреді екен. 

Бір күні Опан  қыз жігіттермен 

көкпар додасына түсемін деп, аттан 

жығылып аяғын сындырады. Төсек 

тартып жатып: 

Опан  қыз өзім атым әкем  қойғ-

ан, 


Тойыма  қуаныштан  қошқар 

сойған, -

деп әндетеді. Әннің  қайырмасы 

«Алла-ау, аяғым-ау» деп бітеді екен. 

Кейіннен жайлау сол  қыздың аты-

на берілген дейді. 



Көз қыстағы 

Баяғыда бір кісінің баласы бол-

мапты. Бір күні бата алуға Шекшек 

Боқайды үйіне шақырады. Әйелі 

күйеуіне: «Қой сояйық» десе, күйеуі 

қойды  қимай ешкі әкеп, Боқайдан 

бата сұрайды. 

- Тақсыр, келініңіз ешкіні  қом-

сынды,  қой неге соймадық, - деп 

күйеуімен  ұрсысып жатыр дейді. 

Боқай: «Бәлі, бұларға Өз, Көз де-

ген екі  ұл аз ба екен», - депті. 

Кейін сол Көз - Көз  қажы деген 

атқа ие болып, халқына  қадірлі 

болған деседі. Руы - Әлтөбет. 

Қазір Жамбыл ауылының аума-

ғында «Көз» деген  қыстақ бар. 

Хан қашты жері 

Бөкейханның баласы Асан төре 

бейіті әлі күнге Бесоба мен Тоқтар 

ауылының екі ортасында тұр. Асан-

нан Бек пен Абай туған. 

ХVІІ-ХҮІІІ ғасырлардың орта 

кезінде  қалмақтар шапқыншылық 

жасаған кезінде Асан төре Бесоба» 

ның Қарағандыға шыға берісіндегі 

Жаңа ауыл деп аталатын жерін 

жайлаған. Асан көзі тірісінде екі ба-

ласына жер таңдап ал деген. 

Бек Сөк деген інісімен жер қарап 

Қ оңыр қ ұ лжағ а 

келеді. Ол кезде 

пілтелі мылтық 

тек дуан басшы-

сында болады 

екен. Сол мыл-

тықпен жолға жүйрік ат мініп Сөк 

пен Бек шығады. Асан төре 400-500-

ден жігіттерді ат үстінде әскер 

есебінде  ұстапты. Бек, Сөк екеуі 

Қоңырқұлжаны аралап келе жатса, 

Әулие бұлақ басында отырған  қал-

мақтың 10-15 кісілерін көреді. Бек 

аттан түсіп Сөкке атты беріп: «Сен 

көрінбе, мен басшысын атамын», -

дейді. Тастың  қуысында көрін-

бейтін жерден пілтелі мылтықпен 

ортасында отырған үлкен басшы-

сын атып  қалады. Бек өте мерген 

болыпты. Басшысы қолма-қол оққа 

ұшады. Иесіз тауда мұндай болады 

деп ойламаған  қалмақтар улап-шу-

лап атқа міне салып, жан-жаққа 

шауып атқан кісіні іздейді. Бек тас 

қуысында тығылып бәрін көріп 

отырады.  Қалмақтар сол жерде 

«Орынбай» асуы деген жерге бас-

шыларын  қуысқа көміп кетеді. 

Қазір ол жер «Хан  қашты» деп ата-

лады. Сөк болса, Бек өлді деп атты 

жетектеп  қаша жөнеледі. Содан 75 

шақырым жайлауға шауып келіп 

Бекті  қалмақтар өлтірді деп аттан-

дайды. Асан төрт жүз сарбазды 

атқа  қондырып «жер, көкті 

сүзіңдер,  қараңдар, тірі деп сүйінші 

сұрап келген кісіге жер,  қыстау бе-

рем, алдына мал берем», - деп жар 

салады. Жігіттер  Қоңырқұлжаға 

келіп тау-тасты, орман-тоғайды 

сүзеді. Сол кезде таудың  қуысын-

да арқардың  құлжасын атып алып, 

етін  қақтап жеп отырған Бекті 

көреді. 


Мұны көрген Мұңсызбай деген 

есігінде жүрген жас жігіт астын-

дағы тайыменен жетпіс бес  ш а қ ы -

рымдағы Асан отырған жайлауға 

шаба жөнеледі. «Тірі-тірі» дегенге 

тілі келіп  құлап түсіпті. Тай болса 

қолма-қол өліпті. Асан төре Тоқтар 

ауылының жанындағы  қыстақты 

«Мұңсызбай» деп атайды. 

Төрткөл 

Бұл тауды баяғыда төрт көл қор-

шап жатқан. Екі көлді төрелер, ал 

екі көлді аралас рулы адамдар жай-

лаған. Көл жағасының шөбі шүйгін, 

топырағы  құнарлы, мал өте күйлі 

болған. Міне осыдан төрт көлге 

байланысты «Төрткөл» деп атаған. 



Дересін жері 

Бұл ел Балқаш көлінің теріскей 

бетінде орналасқан. Балқаш  қала-

сынан шығысқа  қарай 40 км жерде 

орналасқан. Жері  құмды, сортаң. 

Онда көптеген өсімдіктер өседі. 

Шелеуіт, шеңгел, барқын сияқты 

сирек кездесетін өсімдіктер осы 

жерден табылған. Дересін Батыстан 

шығыс дейін 30 км, теңіз жағалау-

ынан  қырға дейін 6 км алқапты 

алып жатыр. 

Бұл жерді бұрынғы бір заманда 

байлар, яғни ауқатты адамдар ме-

кен етеді. Сондай елді Мақына, Ма-

нас атасы меншіктеніп, сол жерде 

мыңғыртып мал  ұстаса керек. 

Сөйтіп өмір сүріп жатқан аталар 

көрші рудан жерлерін  қори бастап, 

Дересін жерін үшке бөліп (Бас, 

Орта, Аяқ) тастайды. 

Бас Дересін Тоқырауын өзінің 

құйылысынан басталады. Ол 

жерге белгі етіп жылқылардың 

қу басын, ал Орта Дересін 

жеріне, яғни  қолдау ата 

жеріне, ортан жіліктерді, ал 

Аяқ Дересін жеріне, яғни баты-

сындағы  ұшық жерге,  қураған 

сирақтарды қойыпты. Сол шақ-

тан бастап ол жер Дересін елі 

аталып кеткен. Ол жерге 

кейіннен  Қараменде би баста-

ған көш келген.  Қазір сол то-

бықтылардан тараған  ұрпақтар 

Ақтоғай ауданының көпшілігін, 

Балқаш  қаласындағы  қазақтар-

дың көпшілігін  құрайды. 



Аққора 

Үлкендердің айтуына  қара-

ғанда, бұл өңірді атақты бір бай 

жайлапты. Мал дегенде есеп 

жоқ. Сол бай үй,  қора-жай салды-

рып, түгел әкпен сылатыпты. Оған 

дейін үйді әктеу деген болмапты. 

«Аққора» атауы осыдан келіп шық-

қан. 

Соналы 

Аңыз бойынша бұл жерде айдай 

алмай, шайнай алмай отырған бір 

шылқыған бай адам тұрыпты. Бай-

лығының көптігі сонша байлыққа 

қарамай ол бай ешкімге өмірі еш-

теңе беріп көрмеген,  қайыры жоқ 

қара жүрек адам екен. Оның бұл 

сараңдығын естіген бір кейуана өз 

көзімен көрмекке жолға шығады. 

Бір күні әлгі байдың үйінің тұсына 

келіп жарапазан айтады. Бай үйінен 

дыбыс жоқ. Кейуананың дауыстаға-

нына үйден «Кет, жоғал әрі,  қайыр-

шы!» деген жауап келеді. Сонда 

үйге кейуана кіріп келіпті де, төрде 

жатқан байға  қарап, «Тұр, орның-

нан» деп  қаһарлана айғайлайды. 

Бай кейуананың көзінен от көріп 

шошып кетеді де, орнынан атып 

тұрады. Сонда кейуана: «Құдай 

жолына садақа бересің бе?» - дейді. 

Бай басын шайқайды. Ол енді 

беліне дейін жерге кіреді. Кейуана 

сұрағын  қайталайды. Бай тағы бас 

шайқайды. Сонда кейуана: «Әй, 

сараң, мейлі бермесең берме. Бірақ 

ел  қарғысы, көз жасы жібермейді. 

Малыңның елге пайдасы жоқ, жо-

ғалсын ендеше!» - депті. Бай жерге 

түгелімен кіріп жоқ болыпты да, 

оның малы сонаға айналыпты. Со-

дан әлгі көп сона осы жерді жайлап 

алған екен. 



Атасу 

Ерте кездерде Атасу бойын жай-

лаған әр түрлі халықтар өткен. 

Оған куә, Ақтау совхозының Райс 

бөлімшесінің тау бөктерлеріндегі 

қалмақтар  қалқан еткен таңбалы 

тастар әлі күнге дейін бар. Сарыа-

рқа өңіріне  қарай ауған  қазақтар, 

қалмақтардан  қашып келе жатып, 

Балқаштың бергі жағасына шаршап 

құлайды. Бұрын-соңды елсіз-күнсіз, 

иесіз жатқан далада шаршап жығы-

лған жерлерін «Шаршаған», 

кейіннен Сарышаған атап кеткен. 

Осы өңірде біраз тұрақтап естерін 

жинаған босқындар, Сарыарқаны 

бетке алып  ж ү р е береді, жүре 

береді. «Құлан өтпес,  құс  ұшпас» 

Бетпақтың шөліменен өткен жұрт 

елсіз-күнсіз шөл далада әбден 

шөлдейді. Үлкендері жүруден 

қалып, бір екі жасты су іздетіп, ал-

дарын барлауға жібереді. Көп 

уақыт өтпестен жігіттер алдарында 

айдындай жарқырап ағып жатқан, 

жан-жағы қамыс пен шілікке бөлен-

ген жуас өзеннің үстінен шығады. 

Шөлден  қаталап келген жастар 

жата  қалып өзеннің суын мейірлері 

қанғанша жұтады, киімдерін шешіп, 

өзенге шомылып, шаршағандарын 

басады. Өзен жиегіндегі  қалың 

қиыршық  құмына аунап, біраз мы-

зғиды. 


Әлден уақытта естеріне артта-

рында тосып отырған жұрттары 

түседі, торсықтарын суға толтырып 

алып, кейін қарай шабады. Алыстан 

ауыл шеті көрінгеннен: Сүйінші! 

Ата! Су! деп жарыса айғайлап елге 

жетеді. Атасудың суына тойған 


халық, көтеріле көшіп, Атасу бой-

ын мекен етіп кетіпті. 

Атасу деген өзен - Ақтау, Ортау, 

Қызылтаудың бұлақтарыменен,  қар 

суларынан басталып, Манақа өзені 

екеуі Сарысу өзеніне  құяды. 



Талдықорған 

Ауылдың шетінде бір орыс отба-

сы болды. Олар үйінің маңына тал 

егіп, көкөніс салатын. Біздің ауыл 

қазақтарының азын-аулақ  қой-

ешкісі болатын. Солар әлгі орыстың 

еккен талына маза бермей, жапы-

рақтарын жеп  қоятын. Еккен талда-

рын малдан  қорғау үшін сыртына 

қоршау салды. Оларды ауылдағы-

лар «талды  қорыған» деп атады. 

Сол жерге кейіннен үлкен  құрылыс 

салынып,  қала пайда болды. Ол -

Талдықорған. 



Қалқаман 

Талдықорған  қаласына барар 

жолда «Қалқаман» деген станция 

бар. Біздің арғы үлкен аталарымыз-

бен туыс  Қалқаман деген жігіт бол-

ды. Әке-шешесі ерте қайтыс болып, 

әр туысқанының үйінде жүріп ер 

жетті. Жастайынан көргені 

жетімдік, жоқшылық болғандықтан 

ба,  Қалқаман өз  қатарынан әлде-

қайда ересек көрінетін. Ол  ұзын 

бойлы, екі иығына екі жігіт 

мінгендей өте сымбатты еді. 

Осы ауылда Ақан, Жақан деген 

екі ағайынды жігіт болды. Мінездері 

ұр да жық, содыр болатын. Олар-

дың аттарын естігенде, бесіктегі 

бала да жылауын  қоятын. Солар-

дың Ақжібек деген  қарындасы бо-

лған. Өте сымбатты, сұлу еді. 

Ақжібекке  қанша ынтызар болса 

да, жігіттер ағаларынан  қорқып 

батпайтын.  Қалқаман да Ақжібекке 

қанша ғашық болса да, бір жағы-

нан, ағаларынан  қорықса, екінші 

жағынан,  қызды алып қашқанда па-

налайтын ешкімі жоғын ойлап, 

іштен тынып  қоятын. 

Бір күні таңертең ауыл іші у-шу 

болып жатыр.  Қалқаман Ақжібекті 

алып қашыпты, енді сорлының күні 

не болар екен. Ана содыр екі ағай-

ынды  Қалқаманды өлтіреміз деп, 

алақандарына түкіріп отырған 

көрінеді. 

Үшінші күн өтті.  Қалқаман мен 

Ақжібектен ешқандай хабар жоқ. 

Құтты бір жер астына түсіп кеткен-

дей. Арада бір апта өткенде ағала-

ры: «Қалқаманға  қояр шартымыз 

бар. Соны орындаса, бәрін де 

кешеміз. Орындай алмаса, өз обалы 

өзіне», - деп ағайындарға хабар са-

лады. Ол шарты не екенін ешкім 

білмесе де, көнбеске амал  қалмай-

ды. Сонда Ақжібектің ағалары: 

«Қалқаман алдымнан шауып өтсін, 

мен оны атамын, егер аман  құтыл-

са, сөзім - сөз. Егер  құтыла алмаса, 

маған ешкімнің өкпесі жоқ», - дейді. 

Қыздың ағалары  құралайды көзге 

атқан мерген екенін білетін ауыл 

адамдары  қатты сасады. 

Көрші ауылда  Қалқаманның 

Қаражігіт деген досы болатын. Ол 

Қалқаман сияқты тақыр кедей еді. 

Бар байлығы -  құмай тазысы мен 

бәйге аты болатын. Бұл хабарды 

естіген  Қаражігіт ауылға келіп, 

ағайындардан 

Қ ал қ аманме н 

кездестіруін сұрайды. 

Қалқаманға  Қаражігіт: «Тумасақ 

та туғандай едік, басыңа ауыр күн 

туғанда үйде жата алмадым. Өзің 

де білесің, Ақан мен Жақан  құра-

лайды көзге ататын мергендер. 

Олардың оғынан  құтылу мүмкін 

емес. Бар үмітім - астымдағы атым-

да. Талай жүйрікті шаң  қаптырып 

еді. Олардың оғынан бір  құтқарса, 

осы бәйге күреңім  құтқарар», -

дейді. Осыған пәтуаласқан  Қалқа-

ман  Қаражігітті Ақжібектің ағала-

рына жібереді. Белгіленген уақытта 

бір Аллаға ғана жалбарынып,  Қал-

қаман Ақан мен Жақанның алды-

нан шауып өтеді. Осы сәтті күткен 

олар да оқ атып үлгереді. «Шын 

жыласа, соқыр көзден де жас шы-

ғады» дегендей, бүкіл ауыл, жора-

жолдас болып, тілегін тілеулері 

қабыл болып, 

Қ ал қ ама н  қос 

мергеннің оғынан аман  қалады. 

Қанша сотқар болса да, берген 

уәделерінде тұрып, Ақан мен Жа-

қан Қалқаман мен Ақжібекті қосып, 

өз алдарына отау етіп шығарады. 

Сол оқиға болған жазық дала қазір 

үлкен станция болды. Ол - «Қалқа-

ман» станциясы деп аталады. 



Дәукен басы 

Бұрынғы Ақшоқы  қазіргі  Қай-

рақты ауылының шетіндегі Шілікті 

өзенінің қабағында жусаны мен жу-

асы  қаулай өскен үлкен дөңнің 

қабағында Дауылбай батырдың ма-

зары тұр. Бұл мазардың өзіндік бір 

тарихы бар. Оған үңіле кетсек  қал-

мақтармен болған үлкен бірқанды 

жорықта жеңіліс тауып, сол жерде 

Дауылбай батыр ауыр жарақат 

алса керек. Жаралы ол біраз күн 

түйенің тобығын  қорек етіп, сол 

төбенің басында көз жұмған деседі. 

Содан былай сол жер Дәукен (Да-

уылбай) басы деп аталып кетсе ке-

рек. 

Батыр басы 

Шет ауданының жерінде 

Ақадыр атырабына  қарасты Жы-

ланды тауының түстігінде Жаман 

Сарысу өзенінің бойында  Қазақтың 

әйгілі батыры Наймантайұлы Байғ-

озының бейіті бар. Содан да бұл ара 

«Батыр басы» атанған. 



Көлбай-Қаратон бейіті 

Балқантау кеңшарының Жаңа-

жол бөлімшесіне қатысты «Қойтас» 

қыстағында Көлбай-Қаратон бейіті 

бар. Ауыл ақсақалдарының айтуы 

бойынша, бұл бейітте әулие, әрі 

киелі адам жатыр дейді. 

Негізінен, бұл бейіттің  қасынан 

өткенде әр адам бетін сипап өту ке-

рек. Молда адамдар  құран оқып, 

көлікпен келе жатқан адам көліктің 

жүрісін баяулату керек. Бейіттің 

қасынан ағызып, тез өте шығуға 

болмайды. Егер бұл шарттарды 

орындамаса, адам жамандыққа 

ұшырауы мүмкін. Мысалы, жол 

апаты болуы мүмкін дейді. 

Бұл адамдардың  қасиеттілігінің 

күштілігі сол, бір молда есі ауысқ-

ан  қызды осы бейіттің басына 

әкеліп емдеген деседі. Сонымен 

бірге айта кететін нәрсе, бойында 

қасиеті бар адам бейіттің ішінде 

жанып тұрған шырақты көре алады 

екен. Негізінен, Көлбай және Қара-

тон ағайынды адамдар болған. 



Талды бейіті 

Тоқырауынға  құятын арналы 

өзендердің бірі - Жіңішкенің бойын-

да көзге ерекше түсіп, көңіл ауда-

ратын кірпіштен өріп салынған 

бейіт бар. Бұл бейіт «Талды бейіті» 

деп аталады. Бейіт ішіне өскен жа-

лғыз талдың өзегі сомдалып кеткен, 

жапырақтары  ұшар басына шоғыр-

ланып, сең-сең бөрік кигізіп қойған-

дай әсем көрінеді. Осы «Талды 

бейіттің» сырын Әлиханның Алма-

тыда тұратын немере інісі Райым-

жан ашып береді. 

1905 жылы Әлихан Ленинград-

тан  ұзақ өмір сүретін бразилиялық 

ағаш тұқымының үш шыбығын ар-

найы әкеліп, өз  қолымен әкесінің 

бейітінің ішіне отырғызады. 1932 

жылғы ашаршылықта  Қарқаралы 

уезінен Балқашқа  қарай жөңкілген 

халықтың бір тобы бейітке паналап, 



екі ағашты кесіп отынға пайдала-

ныпты. Бейіттегі жалғыз шынар 

ағаш Әлиханның кіндік кескен жер-

ғе, туған елге деген ыстық ықыла-

сын паш еткендей, жылдан-жылға 

бүршік атып, жапырақ жайып 

келеді. 

Үшоба 

1932 жылы ел аш. Тігерге тұяқ, 

ішерге ас жоқ. Тамақ іздеп,  қайыр 

тілеп ел кезген жұрт ауылдан-

ауыл кезіп жүр. Беттеген жерге 

ж е т е алмай жол шетінде аштан 

бұратылып өлгендер қаншама. 

Сондай күй кешкен ауылдардың 

бірі -  Ж а л т ы р ауылы. Әбден 

ашыққан ауыл адамдары  қорек 

іздеу мақсатымен жан-жаққа бы-

тырап кете бастайды. Сонда ауыл-

да «өлсем де өз үйімде өлем, жол-

да  қаңғырып өлмеймін», - деп, Бе-

стай деген кісі ғана әйелі және ба-

ласымен бірге  қалған екен. Бір 

ауылдан сол жалғыз үй  қозғалмай 

қ алады . А қ ыр ы ашты қ бітеді. 

Азапты  қыс өткен соң, тірі қалған-

дар елдеріне орала бастайды. 

Жұртта  қалған жалғыз үйге кел-

се, Бестай әйелі, баласымен бірге 

өліп  қалыпты. Мұндай аянышты 

өлімге бар ауыл  қайғырады. 

Сөйтіп, үшеуін сол күйімен 

жерлейді. Ауылдың сыртындағы 

үш бейіт сол аштықтың белгі-

сіндей шошайып әлі тұр. Содан 

бері Жалтыр ауылы «Үшоба» ата-

нған екен. Бірақ 1960 жылы совхоз 

болып  құрылып, оған өзінің «Жал-

тыр» деген аты  қайта  қайтарылғ-

ан болатын. 

Бәйбіше бейіті 

Бұл аңыз Тәттімбеттің тоқалы 

жайында. 

Ол кезде Тәттімбет отау иесі бо-

латын жасқа жеткенде, Мұрат ру-

ының Ақбөпе деген  қызына 

үйленеді. Бұдан Мұсатай,  Қысатай, 

Исатай деген үш  ұл туады. Исатай 

25 жасында жай түсіп қайтыс бола-

ды. Ақбөпе ерте  қайтыс болады да 

жылы өткен соң, Тәттімбет Абыра-

лы елінің Бауыр Бошан руынан 

Байбөрі тұқымынан 17 жастағы Есім 

атты  қызды айттырып алады. 

Есім жас та болса, жұртына сый-

лы,  қадірлі болған. Үш баланы өз 

балаларындай тәрбиелеп асыраған. 

Таңсәріден ерте тұрып алып,  ұйық-

тап жатқан балалар оянып кетпесін 

деп, есік алдындағы шырылдаған 

боз торғайларды  қуалайды екен. 

Тәттекеңнің үлкен баласы Мұсатай 

бұдан үлкен болса да шешем деп 

сыйлайтын көрінеді. Жалпы бала-

ларының  қайсысы болсын туған 

анасындай жақсы көрген. Есімді 

күйші «бәйбіше» деп атаған. Осы 

Есім бәйбішеден туған Сәуле деген 

қыз болған. Бірақ ол ерте жа с 

кезінде, он екі жасында  қайтыс бо-

лған. Бүгінде Есім бәйбіше жерлен-

ген  қорымда Мұсатай,  Қысатай, 

Исатай, Сәулелер жатыр. Олардың 

бейіті Достар тауының етегінде 

Қарасор көлінің жанында. Бұл жер-

ге жерленген себебі, Есім бәйбіше 

қайтыс болар кезде, өтініші бойын-

ша, сүйретпеден түсіп  қалған жер-

ге жерленген көрінеді. Ол кезде 

олар жайлауларында болған деседі. 

Қайтыс болған Есімді сүйретпеге са-

лып,  қыстауға қарай жүреді. Сонда 

сүйретпеден түсіп  қалған жері осы 

Қарасор көлінің жанында екен. 

Қазірде бұл жер «Бәйбіше бейіті» 

деп аталады. 



Баршын бейіті 

Баяғыда бір  қарапайым адам-

ның Баршын деген  қызы болыпты. 

Ай десе аузы, күн десе көзі бар де-

гендей керемет сұлу, әрі ақылды 

қыз болған екен. Содан бір уақыт-

тарда бойжеткен  қызға жан-жақ-

тан  құдалық басталады. Бірақ 

әкесі «Бала әлі жас. Кезі келгенде 

өзі  қалағанына беремін», - деп 

ыңғай бермейді. Менменсіп келген 

талай сарбаздардың тауы шағы-

лып  қайтады. Өкінішке орай, 

әлгілердің арасынан сөзге түсінбес 

дүлейлері де кездеседі. Тек  қара 

күшке сеніп,  қайтсе де  қызды 

қолға түсірмек болады. Сөйтіп 

аңдуға кіріседі. Бір күні түнде 

дүзге шыққан Баршынды бір еңге-

зердей ер адам атқа өңгеріп ала 

жөнеледі. Бір сайға алып барып 

қ ол-аяғы н шешкенд е Баршы н 

байғұс: «Ағатай-ай, мендей  қарын-

дасыңыз бар шығар. Аяй көріңіз. 

Арымды таптамаңыз», - деп жалы-

на шырылдайды. Оған көнген 

дүлей бар ма? Баршынды жерге 

алып  ұрады. Сонда Баршын әлгі 

дүлейдің  қынындағы  қанжарды 

суырып алып, бір сәт те ойланба-

стан өз жүрегіне бойлата сұғып 

алады.  Қаршадай  қыздан мұны 

күтпеген дүлей зәре-құты  қашып 

тұра жөнеледі. Не болғанын та-

ңертең бірақ білген әке-шеше, 

ағайын-туған арын аршалап опат 

болған ару Баршынды ақ жауып, 

арулап  қойған екен. Содан бері ол 

жер «Баршын бейіті» деп аталады. 

Тоқаның көк тасы 

Арқаның данасы Сайдалы Сары 

Тоқа (Төке Шоқменұлы) Ақтау 

өңірінде дүниеге келген. Жаңаарқ-

адан 40 шақырымнан астам шығы-

сқа қарай  Қаратұмсық деген жерде 

қыстауы болған.  Қаратұмсық ма-

ңайы сол жердің, яғни өңірдің 

шұрайлы жері. Бұған дәлел сол 

жерден 10 шақырым жоғары орыс 

патшалығы Ақтау бекінісін салған. 

Содан Сары Тоқа елінде болыс бо-

лған. Осы кісінің аты шығуы, ол 

өзінің күштілігімен, білгірлігімен, 

шешендігімен т.б. осындай 

қасиеттерімен халық аузында аңыз-

әңгіме болып  қалған. 

Осы өнерінің арқасында халық-

тың ең  қадірлі азаматы, елдің 

еркесіне айналған, содан Сайдалы 

Сары Тоқаның  қыстауы орналасқ-

ан жерді: «Тоқаның көк тасы» неме-

се «Тоқаның  қара тұмсығы» деп 

халық атап кеткен екен.  Қазір 

мұнда Тоқаның бейіті тұр. 

Базар бейіті 

Көкпекті ауылының Толағай та-

уына беттеп шықсаңыз орта жолда 

«Шегелек» ауылының тұсында, ша-

ғын төбе басында тастан үйілген 

бейіт бар. Соны жергілікті халық 

«Базар бейіті» дейді. 

Базар - әйгілі Тана мырзаның 

ұлы атасы. Жылда осы жаққа жай-

лауға шығады. Бір жылы Базар бай-

дың жылқысы бір шаруаның егініне 

түсіпті. Егіннің біраз жерін бүлдірсе 

керек. Ызаланған әлгі шаруа Базар 

байдың киіз үйіне кіріп, төрде  қан-

нен-қаперсіз шай ішіп отырған бай-

ды мылтықпен атады да салады. Ба-

зар тіл тартпай өліп кетеді. Дес бер-

генде, мылтық дауысын жылқы-

дағы азамат балалары естіп, атпен 

шауып келсе, әкелері ұзыннан түсіп 

өліп жатыр. Шешелері ес-түссіз та-

лып  қалыпты. Сонадай жерде атқ-

ан шаруа жаяу кетіп барады екен. 

Байдың төрт баласы  қуып жетіп, 

әлгінің мойнына арқан тастап, 

сүйретіп жүріп өлтіреді. Сөйтіп, 

өздері Тарбағатай тауының  қыста-

уына көшіп кетеді. Содан бастап 

бай жерленген жер «Базар бейіті» 

атаныпты. 



Аппаз күмбезі 

Аппаз күмбезі  Қарқаралы ауда-

ны Жамбыл селосының қазақ бейіті 


ішінде, ауылдың іргесінде орналас-

қан. Ел аузында бұл күмбездің Ап-

паз аталуына байланысты аңыз бар. 

Шамамен XVIII ғасырдың аяқ 

кезінде болған оқиға деседі. Бір бай-

дың жалғыз ұлы болған екен. Бірде 

кеш кезінде ме, жарық кезінде ме 

байдың  Құдай берген жалғыз  ұлы 

осы жерде мертігіп,  қаза болған 

екен.  Қаза тапқан баланы жерлеп, 

басына осы күмбезді орнатыпты. 

Бұл күмбезді  ұлының дулығасына 

ұқсас етіп, өте биік қылып орнатқ-

ызған екен деседі. 



Орынбай 

Жаңаарқа ауданының орталы-

ғынан шығысына қарай 10 шақы-

рымда орналасқан ауылдың аты 

«Орынбай». 

Бұл жерді XVIII ғасырдың аяғын-

да көшіп келе жатқан «Қоңырат» 

руының ауылдары уақытша  қоныс 

еткен. Сол Қоңыраттың жалғыз 17 

жасар ұлы бар екен. Есімі Орынбай. 

Сол бала ауылда атпен шауып 

жүріп, ойын-сауыққа  қатысып 

жүргенде оқыста  құлап өлген. Жа-

лғыз баласын арулап  қойған жерге 

әкесі зәулім мазар салғызған. 

Сол баласының  құрметіне ауыл 

аты «Орынбай» аталып кеткен. 

Қазығұрт 

Қазақ үшін  Қазығұрт киелі тау. 

Өйткені, ел ауызындағы аңыз бой-

ынша, дүниені топан су басып, ақыр 

заман болғанда Нұх пайғамбардың 

кемесі осы тауда  қайырлапты. Со-

дан бүкіл тіршілік  қайта дамып, 

адамзат баласы осы таудан 

көбейіпті. Сонда су астында  қалған 

басқа таулар ашуланып  Қазығұрт-

ты шөктіруді мақсат тұтады. 

Қазығұрт сол кезде: «Менің бауыр-

ларым Ордабасы мен  Қыңыраққа 

хабар беріп, Бағаналы мен Мансар-

ды шақырыңдар, Үшкелік пен Зар-

лыққа ескертіп 

қызым 

Қызылсеңгірге хабар беріңдер», -



депті. «Көмекке келсін», - деп Сыр-

дарияның ар жағынан көрінген та-

уларды да көмекке шақырыпты. 

Қара ниетпен келе жатқан өзге та-

улар  Қазығұрттың бұл шақыруын 

естіп, егер бұл шақырған таулар 

мен төбелер келетін болса, онда 

олардың күші артып, бізді жеңіп 

кетеді, сондықтан  Қазығұртпен 

ұрыспаймыз. Бірақ біз мұнда үлкен 

тоғандаумен  қозғалған едік, сон-

дықтан кері  қайтара отырып, біз 

Қазығұртқа бір-бірден ғана соққы 

берейік» деп бір-бірден соққы бер-

ген екен. Міне, сол соққыдан соң 

Қазығұрт тауының басында шұқыр-

лау ойша пайда болып,  қос өркешті 

түйенің арқасына  ұқсап  қалыпты 

және екі өлең жолдарын шығарып-

ты: 


Ордабасы ұлыма айт, 

Қызылсеңгір қызыма айт, 

Алаңсырақ Аңқиға айт, 

Өлімтау мен Қоймыққа айт, 

Қаңыраққа бар да қайт, -

деп келе жатқан жауынан  қорғ-

ану үшін Балталы тауынан ағайын-

дарын шақырып келуге жұмсаса, 

екінші өлеңде: 

Ордабасы ұлыма айт, 

Қызылсеңгір қызыма айт 

Тұрғылықты Тұрбат, 

Қойлыққа айт 

Бағаналы Мансарға айт 

Қайтарыңда қаңыраққа айт, -

деп  Қаңырақты ақырында айтқ-

ан соң  қыңырайып  қалған екен. 

Жер бетіндегі тіршілік атаулыны 

Құдай сол тауда өрбітіпті. Сонда 

мейірімі түскен Алла «Дегенің бол-

сын!  Қазығұрттан  құт кетпей, келе-

стен сүт кетпейді», деген сөз  қалғ-

ан екен және әрбір төл атауына же-

кеше тоқталып өткен: 



Қазығұрттың басында 

кеме  қалған 

Ол әулие болмаса неге қалған 

Жетім бота үстінде 

жатып қалып, 

Ойсыл қара жануар содан қалған. 

Қазығұрттың басында 

кеме  қалған 

Ол әулие болмаса неге қалған 

Бір қатпа тай үйінде 

жатып қалып, 

Жылқы ата жануар 

содан  қалған 

Қазығұрттың басында 

кеме  қалған 

Ол әулие болмаса неге қалған 

Жалғыз тана үстінде 

жатып қалып 

Зеңгі баба жануар содан қалған. 

Қазығұрттың басында 

кеме  қалған 

Ол әулие болмаса неге қалған 

Жұрым тоқты үстінде 

жатып қалып 

Шопан ата жануар содан қалған. 

Кеме қалған шыңы 

Баяғы өткен заманда  Құдайдың 

жаратушы екендігін  ұмытып жер 

бетіндегі адамзат азып-тоза бастай-

ды. Осындай жағдайды көзімен 

көріп жаны күйзелген Нұх пайғам-

бар елді  қаншалықты түзу жолға 

салам десе де болдыра алмайды. 

Күндердің бір күнінде  Құдайдан 

Нұх пайғамбарға хабар келеді 

«жердің бетін топан су басады, 

қырық күн жаңбыр жауады, азғын-

дардың бәрі суға  қарық болады, 

сен кеме жасап әрбір жан-жануар-

дың, аңдардың түрлерінен жұп-

жұбымен сол кемеге салып ал». 

Нұх пайғамбар көп уақыт еңбек 

етіп, үлкен, мықты кеме тұрғыза-

ды. Жан-жануарлардан кемеге 

отырғызады. Дәл сол сәттен бастап 

жаңбыр жауа бастайды. Қырық 

күн жауған жаңбырдан жер бетіне 

қырық  құлаш су көтеріледі, ол су 

қ ыры қ күнге дейін  қайтпайды. 

Мерзімі жеткен кезде су басылып 

Нұх пайғамбардың кемесі бір биік 

таудың басына келіп  қайырылған 

екен. Сол тауды халық «Қазықұрт» 

деп кеме  қайырылған шыңын 

«Кеме  қалған» деп атап кеткен. 



Әулиетас 

Бірінші аңыз 

Ерте кезде бәйбіше беті әжім-

әжім шың  қожасының тас орын-

дыққа отырғанын көреді. Ол өзінің 

зор дауысымен «Саған не керек?» -

деді. Сонда бәйбіше «О,  қасиетті 

қария! Менің жастығымды, әрі 

әдемілігімді  қайтарсаң!» - деген 

екен. 

«Өз отыңа орал, айтқаның орын-



далады». Бәйбіше  ұшып түрегеліп 

бір адым да жасап үлгермей, өзінің 

денесінің жеңілденіп сала бергенін 

байқайды. Сөйтіп тастан-тасқа 

секіріп тау шыңынан төмен түсіп 

өзінің күйеуі мен  ұлына жетеді. 

Бірақ  қаусаған шалын менсінбей 

жас қатын жаққан ошағынан безіне 

бастайды. 

Не істерін білмеген шалы, Баба-

шашты Ару атаға аттанады. Ол 

қасиетті  қартқа жолығып, өзінің 

бұрынғы бәйбішесін  қайтаруын 

өтінеді. Сөйтіп үйіне келсе, бұры-

нғы үйінен безінген, жас, ақылсыз 

әйелдің орнында отырған, бұрынғ-

ыдан да  қартайып, еңкіш тартқан 

бәйбішесін көреді. Өзі де кәріленіп 

кетеді. 

Әке-шешесінің 3 күннің ішінде 

өте  қартайып кеткендігін байқаған 

ұлы әулиеге өзі барып - менің әке-

шешемді бұрынғы  қалпына, жасы-

на келтіруін тілек етеді. 

Сөйтіп, әулие бұл адамдарды 

бұрынғы  қалпына келтіріп, олар 

одан әрі бақытты өмірлерін баста-


ған екен дейді. Ал, әлгі әулие оты-

ратын тасты халық «Әулие тас» 

атап кетеді. 

Әулиетас 

Екінші аңыз 

Бұғылы-Тағылы деген бөктерлі 

таулардың етек жағында атанның 

үлкендігіндей бір тас болатын. Сол 

тасты жарып, бір алып бәйтерек 

жайқалып өсіп тұрушы еді. Және 

сол тастың түбінен сылдырап 

мөлдір бұлақ та аққанын көзіміз 

көрді. 

Жолаушылаған адамдар алып 



бәйтеректің көлеңкесінде тынығып, 

бұлақтың мөлдір суын ішіп, 

шөлдерін басып, тамсанып жолға 

қайта шығатын. 

Уақыт өте келе бұлақтың суы 

тұрғылықты халықтың ауыз суына 

айналды. Бұл бұлақтың басқа 

бұлақтардан ерекше екенін айта кет-

кен жөн. Себебі бұлақ суының түсі 

көкшіл түсті, әрі шипалы болатын. 

Ертеде денесі бөртіп,  қотыр 

шыққан адамдар осы суға бірнеше 

рет шомылып, дерттерінен  құлан 

таза айығып кететін болған. Сон-

дықтан, баяғының адамдары бұл 

тасты киелі санап, Әулиетас деп 

атап кеткен. 

Әлі күнге дейін  қотыр шыққан 

адамдар сол суға шомылып жазы-

лады. 


Бұл әңгімемізге арқау болып 

отырған Әулиетас Қарағанды облы-

сы Шет ауданына  қарасты Нілді 

ауылының аймағында орналасқан. 



Бәйеш тауы 

Ж а у шапқыншылығымен ел 

дүрлігіп, батырлар айқасқа араласа-

ды. Айқас толастап, «Жаудың беті 

кері  қайтты» деген сүйіншілі хабар 

жетеді. Жаумен айқаста ерен ерлік 

көрсеткен Бәйеш батыр екен. Ба-

тырдың хабарды естіп, күдігі 

сейіліп, шамалы уақыт тосқауылда 

бола тұруды ойлап, алаңсыз жата-

ды. Осы сәтті абайсызда жау  қолы 

қоршап алады. Жаудан енді құтыла 

алмасына көзі жеткен бабамыз ас-

тындағы арғымағын інісіне мінгізіп 

былай деп аманат еткен екен: 

- Бауырым, біздің жау  қоршау-

ында тұрғанымызды көріп тұрсың. 

Ж а у  қолы бізден бес есе артық. 

Сондықтан сен ауылға, елге  қайт. 

Ауылдағы шал-кемпір, бала-шағаға 

басшы бол. Әрі  қарай ел ішіне 

көшір. Мен жаудың бетін қайтарып, 

бөгей тұрайын. Тірі  қалсам елге 

аман-есен барамын, жетпей  қалсам 

мынау аманатым болсын деп  қына-

бынан кездігін алып, сол  қолының 

бас бармағын алып інісіне кесіп 

береді. Бірақ інісіне естіртеді: 

- Сен елді дүрліктіріп шошытпа, 

ел шетіне жеткеннен кейін осы 

бармағымды табыс ет. Егер мен 

оралмай  қалсам бармағымды 

Бәйеш деп  қоярсындар, - дейді. 

Сөйтіп найзагер батыр бабамыз 

жаумен шайқаста мерт болады. 

Содан бабамыздың аманаты орын-

далып, Ақтүбек ауылының күншы-

ғыс беткейіндегі биік тауға баба-

мыздың бармағын жерлеп еді. Ба-

сына саз балшықтай күмбез орна-

тылып, «Бәйеш» тауы деген баба-

мыздың есімі берілген. 



Кеңестау 

Қарқаралы ауданына  қарайтын 

Нүркен Әбдіров атындағы совхоз-

дың шығысында үлкен тау көрінеді. 

Ертеден-ақ осы таудың басында 

ауыл ақсақалдары келіп кеңес 

құрады екен. Олар ел арасындағы 

қолайсыз жағдайларды, түрлі дау-

ларды жазды күні осы таудың ба-

сына жиналып шешіп отырған. 

Осыдан бұл биік «Кеңестау» деп 

аталып кетіпті. Атадан егіз болып 

туған екі жігіт өздерінің кенже 

інілерінен  қалған жесірге дауласа-

ды. Алдында жесірді берер ағасы, 

соның да інісі болмағанынан кейін 

екеуі сұлу келіншекті бір-біріне 

қимай, арадан жік туады. Шешімін 

таба алмай өзара бір-біріне көз 

алартқан ағайынды жігіттердің ара-

сындағы таласты байқаған ауылдың 

ақсақалдары бұл дауды шешпекші 

болып тау басында жиналады. Жа-

ғалай жайғасқан жұрт алдында екі 

жігіт және арысынан айырылған 

жас жесір өздерінің тілектерін айта-

ды. Әмеңгерлікке ие болмақшы бо-

лған жігіттер  ұзақ айтысады. 

Ақыры істің насырға шауып бара 

жатқанын байқаған жиналған жұрт 

дауды шешіп төрелігін  Қонысбай 

қарияға айтқызады. Манадан бері 

үнсіз отырған дана  қарт осы ауыл-

дың ақыл тоқтатқан, абыройлы аза-

маты болып және осындай даулар-

да әділдігін айтатын әділ  қазылар-

дың бірі болған еді. Екі жақтың 

арызын тыңдап болғаннан кейін ол: 



Алалық болса, ағайын, 

Татулық отын жағайын, 

Маздап жансын осы от, 

Араға бірлік салайын. 

Татулық керек өмірде, 

Ақ тілек болсын көңілде, 

Алшақ болса арамыз, 

Жан-жағыңа  қараңыз. 

Қадалған көп кездер бар, 

Соның бәрін санаңыз. 

Өз көңіліңмен қарасаң 



Бәрі - жақсы, бәрі - дос. 

Айналайын Жоламан, 

Айналайын Еламан, 

Ақылыма  құлақ тос. 

Анталаған жауыз бар, 

Іштен тынған қасың бар, 

Жаны ашыған досың бар, 

Арада бірлік болсын деп. 

Екі егіз айырылмай, 

Мәңгілік болсын серік деп. 

Жасымасын көңілі, 

Қажымасын өмірі. 

Жақыным мен бауырға, 

Тартсын оның бүйрегі. 

Деп  қараған көңілге, 



Жаны ашыған жарың бар, 

Осыны алғаш есіңе ал. 

Жесір алсаң үстіңе, 

Сыйламас жарын ешқашан. 

Таудай көрген ұрпағың, 

Жерінер ата мұрадан. 

Кезің өтті ағайын

Тоқал алар жаңадан. 

Тұсау салма басыңа, 

Марқұм болған ініңнің, 

Зарлап қалған жарына, -

деп екі ағайын Жоламан мен 

Еламанға ақыл айтып, татуласты-

рып, келіндері Айбибінің басына бо-

стандық алып беріпті. Міне осындай 

қым-қиғаш, шым-шытырық оқи-

ғаларға толы даулар әділ жолмен 

осы таудың басында шешіліп отыр-

ған. Сондықтан осы тау әлі де бол-

са «Кеңестау» деген атқа ие болып 

келеді. 

Шәріпбек тауы 

Қазақстандағы тың игеру жыл-

дарында Шәріпбек деген совхоздың 

директоры болыпты. Өзі жалқау-

лау, жұмысқа  қыры жоқ, ісінде 

берекесі шамалы Шәріпбек 

күнделікті жұмыстың барлығын 

орынбасарына тапсырып, өзі «ауда-

нға кеттім», «қалаға кеттім» деп ма-

шинасына отырып алып, совхоздан 

екі шақырым жердегі шоқының 


биігіне шығып,  ұйықтайды екен. 

Ауыл болған соң, аңшысыз бола ма, 

совхоздың бала-шағасына дейін 

аңшылардың дүрбісін сұрап алып 

Шәріпбекті бақылайды екен. Ол ор-

нынан түскенше көпшілік сыр 

білдірмепті. Арада бір жыл өткенде 

жұмысы ауысқан Шәріпбекті со-

вхоз тұрғындары келеке  қылып 

істеген ісін бетіне басып, әжуаға ай-

налдырады. Ал ауылдың сыртын-

дағы жаңағы шоқыны көпшілік 

«Шәріпбек тауы» атап кетіпті. 

Едірей тауы 

Ертеде  қалмақ-жоңғарлар  қазақ 

еліне шабуыл жасап, елімізді, 

жерімізді басып алған. Сол шапқын-

шылықта Балқаш арқылы Сол-

түстікке  қарай  қоныс аударады. 

Біраз уақыттан соң, ел естерін жи-

нап, бас біріктіріп,  қалмақтарға 

қарсы үлкен соғыс ашады.  Қалың 

қол, айбынды да жігерлі, кекті 

қазақ батырларының шабуылына 

төтеп бере алмай, жеңіліске  ұшы-

рап,  қатты  қырылады.  Қалмақтар 

шегініп,  қазіргі  Қу өңіріне барады. 

Осы жерде тағы да үлкен  ұрыс ба-

сталады. Ұрысқа қалмақтың Едірей, 

Бедірей деген екі батыры қатысады. 

Едірей сол жерде өліп, соғыс болғ-

ан өңір оның атымен аталып кеткен. 

Сүйегі сол таудың маңына  қойылғ-

ан деседі. 

Алтайтас 

Ертеде Тілеуберді деген бай 

жердің ең шұрайлы, ең әдемі жерін 

мекендеген екен. Оның малы өте 

көп, көптігі сондай  құмырсқаның 

илеуіндей болыпты. Тілеуберді қан-

шама бай болса да жастай шаңырақ 

көтермейді, өзіне лайықты  қалың-

дық іздейді. 

Бірде ол сұлу Алтынайды естіп, 

1000 жылқы қалың беріп, айттырып 

өзіне жар етеді.  Қалыңдық өзінің 

жасауымен бірге  құлы Шұнақты, 

күңі Күн атты  қызды алып келеді. 

Арада екі жыл өткенде  қожалары-

ның рұқсатымен үй болған екеуінен 

(Шұнақ пен Күннен) Алтай атты ұл 

туады. Екеуі  қайдан той жасасын, 

өздері біреудің есігінде жүргенде. 

Сөйтіп, Алтай өсе береді.  Қозы ба-

ғып, отын тасыды, таяқ жеп, талай 

тепкі де көрді. Сол кездерде бай 

үйінде де Сұлушаш атты қыз дүни-

еге келді. Үлде мен бүлдеге оранғ-

ан бай  қызының ішкені алдында, 

ішпегені артында болады. Сұлушаш 

аққудай әсем болып бойжетеді, 

әрине, оған көз салушы жігіттердің 

де саны көп. Сұлулығы сондай: екі 

көзі  қарақаттай, шашы  қап-қара 

қолаң шаштың өзі, оның мүсінін 

көрген адам таңданып, тамсанбай 

өте алмайды екен. Жасынан бірге 

өскен Алтай екеуінің балалық шағы 

бірге болып, есейе келе бір-біріне 

деген сүйіспеншілігі оянады. Бірақ 

Тілеуберді бай өзінің туған айдай 

толықсыған  қызын дәулетті адамға 

ұзатпақшы болыпты. Сұлушаштың: 

«Мені сүймеген адамыма берме» де-

ген  қарсылығына ешкім де мән 

бермейді. 

Атастырған жігіт Растай бір күні 

жүз шақты жігіттерімен ауылға 

келіпті. 

Сұлушаш болса киіз үйде, жы-

лап, күннен-күнге уайымға батып 

күн кешеді. Сол үйге бақсының 

кейпіне еніп  құтқаруға Алтай 

келеді. Екеуі ақырында бірге қашып 

шықпақшы болып келіседі де, уәде 

байласады. 

Сөйтіп, Сұлушаш, Алтай және 

досы  Қайсар үшеуі туған ауылын 

тастап, жолға шығады. Олардың 

соңынан шыққан  қ у ғ ы н ш ы л а р 

қуып жетеді, бірақ Растай Сұлу-

шашты өз дегеніне көндіре алмай-

ды, тартып әкетуге Алтайдан  қор-

қады, сөйтсе де соңдарынан  қал-

май  қояды. Бір кезде алдарынан 

үлкен өзен кездесіп, Алтай тобы 

аттың күшімен аман-есен екінші 

жағына өтеді. Ал  қуғыншылар 

болса өзеннен өтуге жүректері да-

уаламай  қалып  қояды. Олардың 

армандары ебін тауып Алтайды 

қолға түсіріп, Сұлушашты еріксіз 

әйел ету еді. Міне, сүйіскен екі 

жас пен досы  Қайсар үшеуі  Қарқ-

аралы тауларына жетіп, «Шайтан 

көлді»  қоныстанады. Таудың бір 

жартасына Сұлушашты жасырып, 

досы екеуі аң аулап, тамақ тауып 

күнелтеді. Бірде арқар соңынан 

түскен досы  Қайсар жартастан 

құлап  қаза болады. Ал  қуғыншы-

лар болса, әйтеуір ӨШ алу үшін то-

ғайды өртепті. Сұлушаш түтіннен 

т ұ н ш ы ғ а бастайды да, еріксіз 

көлге 

қ а р а й жүгіреді . Со л 



жүгірген Сұлушаштың алдынан 

жолбарыс шыға келіпті.  Қатты шо-

шынған  қыз  құтылу үшін көлге 

секіреді. Оның соңғы сөзі «Алтай, 

құтқар» болып, тау жаңғырығы 

сол айқайды Алтайға жеткізеді, 

«жазмыштан озмыш жоқ» деген-

дей жүгіріп жеткен Алтай Сұлу-

шаштың көлге кеткендігін, оның 

жалт-жұлт еткен су бетіндегі та-

қиясын көреді. 

Көл жағасында бүк түсіп оты-

рып, сары уайымға салынған Алтай 

тасқа айналыпты. Сонымен ел сол 

тасты «Алтайтас» атап кетіпті. 

Ешкіөлмес тауы 

Бұл біраз жерді алып жатқан 

үлкен тау. Тау болғанда да адыры 

көп. Белестері бір-біріне байланы-

сып жатқан терең сайлы биік тау. 

Осы таудың етегінде ескі  қыстақ 

орны бар. Бұл қыстақты кезінде бір 

бай мекендепті. Бір жылы  қыс 

қатты болып, малдарына шөп тау-

ып беруге мүмкіндік болмаған жұт 

болыпты. Осы жұтта бай да малы-

нан айырылатын болған соң қолын-

дағы  ұсақ малдарын далаға айдап 

жібереді. Күн жылына есеңгіреген 

ел шөп тамырын  қазуға кіріскенде, 

жайылып жүрген ешкілерге 

кезігеді. Ешкілер шөлдеп, аман-есен 

лақтарымен бірге жайылып жүреді 

оларды енінен жаңағы байдікі 

екенін таниды. Ақ сөңке болып 

қырылған малдың ішінде сексек ата 

түлігі ғана осы таудың  қасиет-

тілігінен қалды деген аңыз бар. Со-

дан бері осы күнге дейін бұл тау 

«Ешкіөлмес» тауы деп аталады. 

Айдаһарлы-Құдайберлі 

Ерте, ерте, ертеде, 

Ешкі жүні бөртеде... 

Құдайберлі деген батыр өмір 

сүріпті. Оның батырлығы сондай, 

бір  ұрғанда тасты үгітіп, тауды 

құлатады екен. Сол  Құдайберлінің 

жан дегенде жалғыз жолдасы бо-

лыпты. Ол алып - Айдаһар екен. 

Сол Айдаһар  Құдайберлінің жылқ-

ысын жаудан  қорғаушы болса, сол 

үшін  Құдайберлі Айдаһарға күніне 

бір жылқы беріп тұрады екен. Екеуі 

тату-тәтті ғұмыр кешіпті. Күндердің 

бір күнінде  Құдайберлінің жылқыға 

келген жалғыз баласын Айдаһар 

шыдай алмай жұтып  қояды. Ашуға 

мінген  Құдайберлі батыр келе сала 

Айдаһармен айқасқа түседі. Күші 

басым болып, Айдаһарды алып со-

ғып,  қылышын сермеп  қалғанда, 

құйрығын шауып түсіріпті дейді. 

Жанын сауғалай  қашқан Айдаһар: 

- Әй,  Құдайберлі, мен құрығым-

ды  ұмытпаспын, сен жалғыз балаң-

ды  ұмытпассың,  қош бол! - деп та-

уды жарып кіріп кетіпті. 

Сонан халық Айдаһар кірген 

үңгірді «Айдаһарлы-Құдайберлі» 

деп атап кетіпті. 



Азия транзит. - 2007. - № 3/4. - 40-46 б. 


жүктеу 194.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет