Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 386.7 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата15.05.2017
өлшемі386.7 Kb.
1   2   3   4

матының  өмірі  жайында 

жазылған  материал  табыл-

ды.  Онда  ер  адамның  осы 

уақытқа  дейін  мисыз  өмір 

сүріп  келгені  анықталған 

деп жазады Алаш айнасы.

44  жастағы  ер  адам 

ауруханаға  келіп,  сол  аяғы-

ның  əлсіз  екенін  айтып 

шағымданған. Дəрігерлер оны 

тексеріп,  бас  сүйегінің  артқы 

бөлігінен  ірің  толып  кеткен 

ісікті  тапты.  Яғни,  бас  сүйек 

жұлын  сұйықтығына  толып, 

ми  затының  аз  ғана  бөлігі 

қалған.

Белгілі  болғандай,  Фран-



ция  азаматы  кішкентай  ке-

зінде  гидроцефалиядан – ми 

қарыншалары мен ми қабығы 

астында  сұйықтықтың  жина-

луынан зардап шегіпті. Алай-

да, оған мидан артық сұйықты 

алып  отырған  шунт  орна-

тылып, 14 жасында  алынып 

тасталған.

Бұдан  кейін  ер  адам  өз-

гелер  сияқты  өмір  сүріпті. 

Ол үйленіп, екі баланың əкесі 

атанған. Атап өту керек, оның 

IQ деңгейі 75-ті көрсетеді.



БАҚЫТҚА 

КЕНЕЛГЕН ЖҰП

Үшем  асырап  алған 

ерлі-зайыпты  Сара  мен 

Энди  Джастис  күтпеген 

бақытқа  кенелді  деп  жаза-

ды qamshy.kz.

Сара мен Эндидің сүйікті 

жұмысы,  əдемі  үйі  бол-

ды.  Алайда,  отбасылық  жұп 

ұзақ  уақыт  балалы  бола  ал-

мады. 


Талай 

емхананың 

табалдырығын 

тоздырды. 

Ал  дəрігерлер  кө мектесе 

алмады.  Сара  мен  Энди 

экстракорпоральді 

ұрық-


тандырудың  көмегіне  жү-

гінбек болды. Бірақ, ол үшін 

60 мың доллар қажет еді. Ал 

жүкті болу мүмкіндігі тек 10 

пайыз ғана құрады.

Ойлана  келе  Сара  мен 

Энди  бала  асырап  алу-

ды  ұйғарады.  Жүкті  əйелді 

кезіктіріп,  ол  сəбиін  бала-

лар  үйіне  өткізгісі  келе-

тінін 

естігенде 



онымен 

келісімшартқа 

отырады. 

Ал ғашқы  ультра  дыбысты 

тексеруден  өткенде  жүкті 

əйел  үшемге  жүкті  екенін 

білді.  Бастапқы  кезде  ол 

келісімшартты  бұзады  деп 

қорқып Сара мен Эндиден бұл 

жаңалықты жасырып жүрді.

Алайда, 

бұл 


хабар-

ды  естігенде  Джастистер 

əулеті  қуанышын  жасырма-

ды.  Мұнымен  тосын  сый-

лар  тізбегі  бітпеді.  Үшемге 8 

ай  толғанда,  Сара  аяғы  ауыр 

екендігін  білді.  Сонымен 

қатар, Сара егізге жүкті екені 

белгілі болды. Қазір Сара мен 

Энди  бес  баланың  ата-анасы. 

Олар  мұны  құдайдың  берген 

сыйына балайды.



Интернет материалдары 

негізінде дайындалды.

АКЦИЯ

СЕРІ ЖІГІТ

Бұл 

туралы 


облыстық 

мə дениет,  мұрағаттар  жəне 

құжаттама 

басқармасының 

басшысы Ержан Əбдірахманов 

өңірлік коммуникациялар қыз-

метінде  өткен  баспасөз  мəс-

лихатында  баяндады.  Оның 

айтуынша,  қазіргі  таңда  об-

лыс  архивтері  қорында 700 

мыңға  жуық  құжат  сақталып 

тұр.  Ал,  бүгінге  дейін 3000-

нан аса кітап цифрлық жүйеге 

көшкен.


– Архив саласы бойынша бұл 

жүйеге  алғашқы  кезекте  құнды 

құжаттар  енгізілуде.  Бүгінде 

сақтандыру  қорлары  жасалу 

үстінде.  Жаңа  технологияларды 

пайдалану  мақсатында  алдағы 

уақытта  облыстық  филармония, 

театр, тарихи өлкетану музейінің 

қызмет түрлеріне билет сату он-

лайн  режимінде  жүзеге  асыры-

лады деп жоспарлануда, – дейді 

басқарма басшысы.

Мəдениет 

саласының 

биыл ға 

жоспарланған 

іс-

шара лары  əлемдік  деңгейдегі 



маңызды  шара – ЭКСПО-2017 

халықаралық  көрмесі,  Мем-

лекеттік  рəміздердің 25 жыл-

дығы, Таяу жəне алыс шетелдер 

арасында мəдени қарым-қатынас 

орнату 


мақсатындағы 

шы-


ғармашылық  іс-сапарларға  ар-

налып  отыр.  Мəселен,  алдағы 

сəуір  айында  облысымыздың 

Əзірбайжан Республикасындағы 

мəдениет  жəне  өнер  күндері 

аясында  Баку  жəне  Шеки 

қалаларында  гастрольдік  са-

пары  ұйымдастырылады.  Он-

да 

облыстық 



филармония 

мен  Н.Бекежанов  атындағы 

драма 

театрдың 



ұжымдары 

көрермен 

қауымымен 

жүз-


деседі.  Аталмыш  шарада  те-

атр  Əзірбайжанның  жазушы-

драматургі 

Мирза 


Фата ли  

Ахундзаденің  «Кетпейсің!  Бол-

ды,  кетпейсің…»  комедиясын 

көпшілік  назарына  ұсынбақ. 

Бұдан  өзге  облыс  орталығында 

түркі  тілдес  елдерге  ортақ  

халықаралық  «Қорқыт  жəне 

Ұлы  Дала  сазы»  фольклорлық 

музыкалық 

өнер 


фестивалі 

мен  суретшілер  симпозиумын 

ұйымдастыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ,  басқарма  бас-

шысының  айтуынша,  биыл  ар-

хивтер 


ғимаратының 

құры-


лысын аяқтау жұмыстары қолға 

алынады. 



Б.МАХАМБЕТ.

Елімізде  «Цифрлық  Қазақстан»  бағдарламасы  аясын-

да «Электронды архив», «Электронды кітапхана», «Виртуал-

ды  музей»  ақпараттық  жүйелерін  қалыптастыру,  жетілдіру, 

азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз 

ету мақсатында жоспарлы түрде іс-шаралар атқарылып келеді. 

Сондай-ақ, кітаптарды электронды нұсқада оқу,  аса құнды си-

рек кітаптар мен өлкетану құжаттарын сақтау үшін көшірмесін 

жасау жəне оған қашықтықтан ену жұмыстары қолға алынуда.

ÑÛÐ ¯ÍÅÐÏÀÇÄÀÐÛ 

ӘÇІÐÁÀÉÆÀÍҒÀ 

ÁÀÐÀÄÛ


4

«Мəңгілік  ел»  жалпыұлттық  пат-

риоттық  идеясы  аясында    өткен  бұл 

байқау  ұлттық  ойындарды  дəріптеу 

арқылы 

балаларды 



патриоттыққа 

тəр биелеу,  рухани  мəдениетін  арт-

тыру,  салт-дəстүрлерді  насихаттау 

мақсатын көздеді. Оған №2 аймақтық 

əдістемелік 

бірлестігіне 

қарасты 

мемлекеттік  жəне  жеке  балабақша 

өрендері қатысты.

Ал,  балабақша  бүлдіршіндері 

бай қау  барысында  ұлттық  ойын-

ды  шарты  бойынша  ойнап,  көрініс 

ретінде  қойылымдар  қойды. «Теңге 

алу», «Орамал    тастамақ», «Көкпар  

тартыс», «Асық  ату», «Қазақша 

күрес», «Ханталапай», «Сақина 

салу»  сынды  түрлі  ойындар  ойна-

лып, əсем əнмен əрленіп, көркем би-

мен ерекшеленді.

Сайыс  қорытындысы  бойынша  бас 

жүлдені  «Сыр  дидары»  қанжығасына 

байлады. Жүлделі І орынды «Ер Төстік» 

пен  «Ер  Тарғын»  балабақшалары 

өзара  бөлісті.  Сондай-ақ, «Мерейлім», 

«Дінасыл», «Альбина  бөбек», «Гүл-

нұрай», «Самал», «Шарипа ана» бөбек-

жайлары  да  жеңімпаз  атанып,  арнайы 

алғыс хаттармен марапатталды.



Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ. 

Кездесу  барысында  университет  проректо-

ры  Абайбек  Жүнісов  білім  ордасының  спорт 

саласында  жеткен жарқын жетістіктерін тілге тиек 

етті. Оның айтуынша, сан түрлі бəсекелерде аймақ 

абыройын  асқақтатып  жүрген  жастар  жетерлік. 

Жоғары  оқу  орнында  Олимпиада  ойындарының 

8  жүлдегері  мен  қатысушысы, 10 əлем  чем-

пионы, 31 Азия  чемпионы  жəне  республикалық 

дəрежедегі 115 үздік  пен  жүлдегер  тəлім  алған 

жəне білімін толықтырып жүр. 

Сидней  Олимпиадасында  қазылық  еткен 

халық аралық  дəрежедегі  қазақтан  шыққан 

тұң ғыш  АIBA  төрешісі  өзі  туралы  жастарға 

кеңінен таныстырды.  

– 1961 жылы оқу бітіргеннен кейін еңбек жо-

лымды  осы  жоғары  оқу  орнындағы  спорт  кафе-

драсына  мұғалім  ретінде  қызметке  келдім.  Онда 

екі  жарым  жылдай  еңбек  еттім.  Содан  кейін 

Алматыда   он  жылдай  жұмыс  жасадым.  Кейінгі 

жылдары Қазақстанның кəсіпқой бокстың құрама 

командасының  басшысы,  еліміздің  бас  жат-

тықтырушысы болдым.

Қайсыбір  жылдары  Маңғыстау  облысын-

да  Шоқыр  Бөлтекұлының  атындағы  спорт  мек-

тебінде  директоры  қызметін  атқардым.  Сол 

мектептен  еліміздің  бүгінгі  бетке  ұстар  білікті 

бокс шысы  Əділбек  Ниязымбетов  шықты.  Сыр 

елінің  спорт  саласында  ерекше  қамқорлық  бар 

екендігі  байқалады, – деді  студенттермен  емен-

жарқын пікір алысқан Серік Əбденалиев.

Елдос АСАН,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті.

Алғашқы 


үш 

турда 


қажетті  ұпайды  шашау  шы-

ғар маған 

жерлестеріміз 

тур нир   жеке-дара  көш  бас-

тап  тұр ды.  Əрине,  азуы 

алты  қарсы  «Қайратпен» 

кез десуінде  сүрінеді  де-

гендер  де  табылған.  Де-

генмен,  қызылордалық  фут-

болшылар   аталмыш  ойын-

да  да  тəп-тəуір  шебер лік 

көрсетті.  Расын  айту  керек, 

«Қайратпен»  тең  ойынның 

өзі  біздерге  жеңіспен  пара-

пар.  Алматының  бас  команда-

сы  жылма-жыл  чемпиондық 

атақтан басты үміткер саналады. 

Қаржылық  əлеуеті  өте  мықты. 

Құрамында  əлемнің  тəжірибелі 

клубтарында  доп  тепкен  ойын-

шылар да бар. Соған қарамастан 

биыл  «Қайрат»  аяғына  жем 

түскен  аттай  жүріп  келеді. 

Төрт  турда  небəрі 6 ұпай  ғана 

қоржынға салды. 

«Қайрат»  клубы  «Қайсар-

мен»  кездесуінде  қонақ тар ды 

бірден  тықсырып  алуға  ты-

рысты.  Қос  қанаттан  бірнеше 

шабуыл  өрбітті.  Оған  біздің 

қорғаушылар  да  төтеп  берді. 

Десе  де  осындай  сəттердің 

бірінде  «Қайраттың»  ша-

буылшысы  Жерар  Гоу  теп-

кен  добын  қақпа  торын-

да  тулатты.  Бұл  ойынның 

9-минуты  болатын.  Осыдан 

кейін  жерлестеріміз  ес  жи-

нап, шабуыл шебін күшейте 

түсті. «Қайсардың»  капи-

таны 

Мақсат 


Байжанов 

əріптестері  ұйымдастырған 

комбинацияны  сəтті  аяқтай 

білді. Есеп 1:1. Ойын соңына 

дейін осы есеп сақталып тұрды. 

«Қайсар»  келесі  ойынын 7 

сəуірде  өз  алаңында  өткізеді. 

Бұл  күні  Қостанайдың  «Тобы-

лын» қабылдайды. 

Ə.ƏЙТПЕНБЕТ.

СПОРТ

«Қайсардың»  қайратты  ойындары  жанкүйерлерді  таңғалдырып 

отыр. Солай боларлық жөні бар. Біздің команда бірінші лигадан биыл 

ғана  оралды.  Əдетте,  кейбір  клубтар  мұндай  сəттерде  кібіртіктеп 

қалатыны рас. «Қайсар» төрт тур бойы бірде-бір мəрте жеңілістің ащы 

дəмін  татқан  жоқ.  Бұл  жаңа  маусымға  тыңғылықты  дайындықтың  оң 

əсері болса керек-ті. 

Қоғамның  əлжуаз  тобына  жата-

тын  кішкентай  бүлдіршіндерге  қуа-

ныш  сыйлауға  кітапхананың  белсен ді 

оқырмандары да атсалысып, əн мен жыр-

дан  шашу  шашып,  түрлі  ертегілерден 

қойылымдар  көрсетті.  Мерекелік  шара 

соңында  балаларға  арнайы  дайындалған 

тəттілер үлестірілді. 

Н.РАХМЕТОВА.

ÁҮËÄІÐØІÍÄÅР

ҚÓÀÍÛØÛ

Ə.Тəжібаев атындағы облыстық əмбебап ғылыми 



кітапханасында «Жүрек жылуымыз – балаларға»  

атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Оған 

Талсуат психоневрологиялық диспансері 

тəрбиеленушілері қатысты.



БАЙҚАУ

ҰËÒÒÛҚ ÎÉÛÍÄÀРÑÀÉÛÑÛ

ҰËÒÒÛҚ ÎÉÛÍÄÀÐ ÑÀÉÛÑÛ

Бүлдіршіндер 

бойына ұлттық құндылықтарды 

сіңіруде, тəлімді тəрбие беруде мектепке  дейінгі білім беру 

ұйымдарының маңызы орасан. Осы  қағиданы  негізге  ала 

отырып, қалалық білім бөлімі «Ер Төстік» балабақшасында 

«Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың бай мұрасы» 

тақырыбында байқау ұйымдастырды.

«ҚАЙСАР» АЛМАТЫДАН 

олжалы ҚАЙТТЫ



ӨНЕГЕ

Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда  мемелекеттік  университетінің 

жастары  бокстан  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  жаттық-

тырушысы, олимпиадалық дайындық орталығы директорының кеңесшісі 

Серік Əбденалиевпен жүздесті.

ÁІËІÊÒІ ÁÀÏÊÅÐÄІҢ ÒӘËІÌІ ÌÎË

Апталықтың  негізгі  мақсаты – Психологиялық 

қызметтің  жұмысын  насихаттау,  жас  өрендердің  шығар-

машылығын,  белсенділігін  арттыру,  балабақша  ұжымы 

мен ата-аналар қарым-қатынасын нығайту. 

Аталмыш  шара  барысында түрлі тақырыптар бойын-

ша,   іс-шаралар    бекітілді.  Алдымен    қабырға  газеттері 

шығарылды. Осылайша, балалар мен ата-аналардың ерек-

ше  атмосфераны  сезінуіне  бағытталды.  Апталық  барлық 

балалар, ата-аналар  жəне  педагогтармен  шығармашылық 

тапсырмалар  қолданыла  отырып,  ойындар  жəне  тренинг 

түрінде өткізілді. «Ойлай отырып, ойнайық» тақырыбында  

балалармен  жеке  жұмыстар  өткізілді.  Ол  өрендердің  та-

нымдық  процестерін  дамыта  білуге,  топ  ішіндегі  қарым-

қатынасты  көруге  мүмкіндік  берді.  Ата-аналармен,  педа-

гогтармен  жүргізілген  жұмыс  түрлері  өз  деңгейінде  өтті. 

Апта  соңында  балабақшаішілік    ата-аналар    жиналысы 

өткізіліп, апталық қорытындысы шығарылды. 

Фатима ТӨЛЕГЕНОВА,

 «Алпамыс» балабақшасының педагог-психологі.

ТӘРБИЕ

Қызылорда  қаласындағы  «Алпамыс»  балабақшасында  «Ата-ана,  бала  жəне 

балабақша» тақырыбында психология апталығы өтті.

ÁÀËÀËÛҚ  ØÀҚÒÛҢ  ÒӘÒÒІ ÌÅÊÅÍІ 

Ол 1991 жылы  қалаға  қарасты 

Қосшыңырау  ауылдық  округінде 

дүниеге келген. Абай ауылындағы 

№138  орта  мектепте  оқыған. 

Білім  ошағын  бітіргеннен  кейін 

«Болашақ»  колледжіне  темір  жол 

мамандығы бойынша оқуға түседі. 

«Жігітке  жеті  өнерде  аз»  демекші 

ол  сондай-ақ  қасиетті    домбы-

раны  жанына  серік  еткен.  Əке 

қанымен  көкпаршы,  ананың  ақ 

сүтімен  жыршылық  өнер  дарыған 

Ізбасарды  бүгінгі  күннің  серісі 

деуге  болады. 

Көкпар десе делебесі қозбайтын 

қазақ  бар  ма?!  Ол  бала  күнінен  ат 

жалын  тартып  өскен.  Осылайша  

он  үш  жасында  көкпарға  қатысып, 

жүлделі  орыннан  көрінді.  Міне, 

содан  бері, ұлттық спортты дəріптеп 

келеді. Əрине, бұл салаға ауыл бала-

сы икемді келетіні белгілі. Сондай-

ақ, кез келген жігіт көкпаршы бола 

алмайды. Өйткені, ол – күштілердің 

ойыны.  Оған  қатысу  үшін  ептілік 

пен  төзімділік  керек.  Қандай  мық-

тының  да,  жүйріктіңде  ауылдан 

шығатыны осының дəлелі іспеттес. 

Сонымен қатар, бұл ойында жігіттің 

бағын  ашатын  негіз – астындағы 

пырағы. Төрт жыл бойы Қызылорда 

көкпаршылар құрамасында ойнаған 

Ізбасар  аударыспақ  спорт  түрінен 

де  елге  етене  таныс.  Себебі,  осы 

сала  бойынша  ол  республикалық 

байқауда қола жүлдегер атанған.

–  Ауылда  өскен  бала  атқа 

мінбесе  ұят  қой.  Оның  үстіне 

атадан  қалған  өнер  болса. «Ер 

қанаты – ат»  деп  айтқан  емеспе?! 

Көкпарға  мінетін  аттың  болмысы 

бөлек  болады.   «Жүзден  жүйрік, 

мыңнан  тұлпар»  шығу  үшін  оны 

бабына  келтіріп  баптаудың  өзі 

үлкен  өнер.  Бəйгеге  қосар  атты 

құлын  кезінен  таңдап  аламыз. 

Əрине, əкемнің көмегімен. Қазіргі 

кезде  азды-көпті  тəжірибеммен 

бөлісіп,  ауыл  жастарын  осы 

спорт түріне бейімдеудемін. Оған 

қызығушылық танытып жүргендер 

қатары  көп. «Бұлақ  көрсең,  көзін 

аш» деген сөз бекер айтылмаса ке-

рек. Ауыл да  аптасына 1 рет жастар  

жиналып,  көкпар  тартамыз.  Бала 

күннен ұлттық ойынмен сусындап 

өстік.  Сөйтіп,  жарыстың  төріне 

шықтық. Болашақта артымнан ер-

ген інілерімді де мықты көкпаршы 

етіп  дайындап,  биіктен  көргім 

келеді.  Сондықтан  осы  бастан, 

атқа  отырғызып,  тəрбиелеудемін, 

– дейді кейіпкеріміз. 

Ізбасар  өмірін  өнерімен  өр-

нектеген жан. Өйткені, бүгінде талай 

додаларда топ жарып, текті өнердің 

төресін  елге  дəріптеп  жүр.  Ол  қай 

ортада  болмасын  тума  талантының 

арқасында дараланып, өзіндік орнын 

қалыптастырып  үлгерді.  Сондай-

ақ, қаншама биіктерді бағындырды. 

Мəселен,  былтыр  облыс  көлемінде  

өткен  жыр-термешілер  байқауында 

жүлделі 3 орын  иегері  атанды.  Со-

нымен  қатар,  қалалық  деңгейде 

дəстүрлі  түрде  өткізілетін  «Жігіт 

сұлтаны» 

байқауының 

бірнеше 

дүркін  жеңімпазы.  Сондықтан  оны 

ауылдағы бетке ұстар «Сегіз қырлы, 

бір  сырлы»  мықты  жігіттердің  бірі 

деуге болады.

–  Қазақта  əнді  сүймейтін  жан 

жоқ  шығар  сірə.  Бала  кезден  жыр-

термелермен  сусындап,  домбыра-

мен  дəстүрлі  əндерді  айтып  өстім. 

Оны  нақышына  келтіріп,  тамыл-

жыта  орындасаң  тыңдарманның 

талғамынан  шығары  анық.  Қазіргі 

кезде  аталған  əн  мұрасы  өз 

деңгейінде  насихатталып  жүр.  Бұл 

тұрғыда  өнерге  жанашыр  азамат-

тар  мен  əншілеріміз  еңбектенуде. 

Бұл  өнерде  намысты,  арлы  адам-

дар  жүргендіктен  ұзақ  жасай-

ды  деп  білемін.  Қаншама  ғасыр 

бойы  өлмей,  қайта  дамып,  өсіп 

келе  жатқан  төл  өнер  ешқашан 

сұраныссыз  қалмақ  емес.  Бірақ, 

қазір  жастардың  басым  көпшілігі 

заманауи əуенді тыңдағысы келеді. 

Дегенмен,  қазақ  халқының  ру-

хани  байлығы – дəстүрлі  өнерді 

ұлықтау,  оны  ұмытпау  біздің 

міндетіміз  екенін  естен  шығармау  

керек. 

Сондықтан 



үнемі 

ай-


налама 

осы 


құндылықтардың 

қасиетін  ұғындыруға  тырысамын. 

Құдай  қаласа,  өнер  жолындағы 

қадамымды  əрі  қарай  адымдап  ба-

сып, 

бойымдағы 



талантымды 

шыңдамақ  ойым  бар. «Армансыз 

адам, қанатсыз құс пен тең» демекші 

адамның  арманы  таусылған  ба?! 

Болашақта  Қазақстанның  атын 

дəстүрлі  өнер  арқылы  əлемге 

танытқым келеді. Сол себепті, биыл 

осы  салаға  оқуға  түсуге  ниеттеніп 

отырмын, – дейді ол.

Негізінде  тіліміздің  қасиеті 

мен  өсиетін  өшкізбей,  төл 

өнерді 


жоғалтпай 

насихат-


тау – шынайы  таланттың  ғана 

қолынан  келеді.  Міне,  осы 

үдеден  көрініп  жүрген  бүгінгі 

біздің  кейіпкеріміз    жұмыр  бі-

лекті, жолбарыс жүректі ұлттық 

ойынды  түлеткен,  өлең-жырды 

зердесінде түнеткен жан.  

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

Соңғы  жылдары  ұлттық  спорт  түрлеріне  жете  мəн  беріле  баста-

ды.  Оның  ішінде  көкпар,  аударыспақ  сынды  ат  құлағында  ойнаған 

жігіттердің өресін сынайтын ойындар бар. Осындай ұлттық спорттың 

биігінен көрініп, қазақтың төл өнерін жалғап, дəріптеп жүрген бүгінгі 

біздің кейіпкеріміз Ізбасар Əкімов. 



КЕЙІПКЕР

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 386.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет