Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 386.7 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата15.05.2017
өлшемі386.7 Kb.
1   2   3   4

– 

Əділдіктің 

жаршысы 

атана-

тын  сот  корпусы  қалай  жасақталады? 

Судья лардың  кəсіби  деңгейін  арттыру 

мақсатында  қандай  жұмыстар    жүзеге 

асуда?

– Қазір өңірде 1 облыстық, 14 ау дандық 

жəне  оған  теңестірілген  соттар  жұмыс 

істейді.  Онда 202  мемлекеттік  қызметші 

халыққа  сапалы  қызмет    көрсетеді.  Ал, 

жергілікті сотта 83  судья бар. Соңғы кезде 

кадр жүйесінде электрондық сервистік жаңа 

бағдарлама  енгізілді. «Е-Кадр»  жобасы – 

кадрларды есепке алу, жұмыс жүргізу, жеке 

іс  құжаттарының  мəліметтері  біріктірілген. 

Онда  судьялар  мен  қызметкерлерге  қыз-

меттік  код  беріліп,  құжаттары  толық 

жүйеге  енгізіледі.  Сонымен  қатар,  бүгінде 

мамандардың  оң  имиджін  қалыптастырып, 

беделін 

арттыру 


мақсатында 

жүйелі 


жұмыстар 

жүргізілуде. 

Оның 

ішінде 


судьялардың  кəсіби  деңгейін  арттыру  үшін 

түрлі  іс-шаралар  өткізіледі.  Мəселен,  был-

тыр  «Облыстық  жəне  оған  теңестірілген 

соттардың  судьяларын  тағылымдамадан 

өткізу»  жөніндегі  ҚР  Жоғарғы  Сотының 

төрағасымен  бекітілген  кестеге  сəйкес, 5 

судья, «Аудандық  жəне  оған  теңестірілген 

соттардың судьяларының облыстық сотынан 

жəне  базалық  соттардан  тағылымдамадан 

өту» үшін 21 судья тағылымдамадан өтті.



–  Қарапайым  халық  заңдық  тұрғыда 

сауатсыз,  өз  құқығын  қорғай  алмай-

ды  дегенді  жиі  естиміз.  Осы  жөнінде 

толығырақ айта кетсеңіз?

– Заңды білу – заман талабы. Сондықтан 

əрбір  азамат    өз  құқығын  жіті  білгені  жөн. 

Өйткені, заң тұрғысынан сауатты болса, қай 

жерде  болмасын  өзін  ақтап  шығуға  толық 

мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде қоғамда болып 

жатқан  əрекеттерді,  заңға  қарама-қайшы 

істерді  сараптай  алса,  онда  ол    құқықтық 

сауаттылығы  жоғары  адам  деп  білеміз. 

Заман   ағымына  сай  заңдар  жүйесіне  жаңа 

өзгерістер енгізілуде. Өкінішке орай, халық 

оны  білуге  қызығушылық  танытпауда. 

Əрине, барлығының заң баптарын жаңылмай 

айтуы шарт емес. Дегенмен, адамның өмірі 

мен  қызметіне  қатысты  құқықтық-заңдық 

сауаттылығының  төмен  болмауы  керек. 

Əйтпесе, келеңсіз жағдайға ұрынуы мүмкін. 

Қайда  барсаңыз  да  осыған  қатысты  мəселе 

алдыңыздан  көлденең  шығады.  Сондықтан 

құқықтық  сауаттылық  қай  жерде  болмасын 

өзіміз үшін қажет. 

–  Қазір  əділдік  іздеген  адам  көп. 

Сіздерде халықты қабылдау кестесі қалай 

жүргізіледі?

–  Бұл  жөнінде  бізде  ешқандай  мəселе 

жоқ.  Себебі,  облыстық  жəне  аудандық 

сот  төрағалары  азаматтарды  аптасына  екі 

күн  қабылдайды.  Сондай-ақ,  жүйелі  түрде 

соттарда  «Ашық  есік  күні»  жиі  өткізуде. 

Онда  алдын-ала  қабылдауға  жазылған 

азаматтардың арыз-шағымы тыңдалып, жіті 

бақыланады. Сонымен қатар, кез келген адам 

ойында жүрген сауалдарын жолдап, заңдық 

тұрғыда түсінбей жүрген мəселелеріне кеңес 

алуға  болады.  Қабылдау  жəне  «Ашық  есік 

күндерінің» уақытын облыстық соттың рес-

ми  сайтынан  көруге  болады.  Ал,  мен  əр 

аптаның  бейсенбі  күндері  түстен  кейіннен 

бастап,  кешкі  сағат 5-ке  дейін  азаматтар-

ды  тұрақты  қабылдап,  олардың  мəселесін 

шешуге  тырысамын.  



– Əңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан: 



Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

Қазіргі кезде халықтың құқықтық 

сауаттылығы əлі де өз дəрежесінде 

дамымай келеді. Оған себеп, заман 

ағымына қарай заңдар жүйесінің 

жиі өзгерістерге ұшырауы. Осыған 

байланысты əрбір адам өзінің 

құқығын қорғауда заңдағы өзгерістер 

мен толықтыруларды біліп отыруы 

бүгінгі заман талабы екенін білу 

тиіс. Бұл жөнінде Қызылорда 

облысы бойынша соттар əкімшісінің 

басшысы Азамат Аллабергенұлы 

Жұмамұратовпен 

сұқбаттасқан едік. 

Оның айтуынша, былтыр облыс-

та  аталмыш  сала  бойынша  меже-

ленген  жұмыстар  жоспар  бойынша 

жүзеге асқан. Жылу, электр желілері 

жаңартылып,  газ,  су  құбырлары 

жөнделген. Атап айтқанда, «Қызыл-

орда  жылу  электр  орталығы» 

МКК-нің 10 шақырымдық  жылу 

желілері, 

Қазалы 

ауданындағы 



«Қазалы-Теміржол  жылу»  мекеме-

сінің  бу  қазандықтары  газ  құбыр-

ларына 

ауыстырылған. 



Арал, 

Қазалы,  Шиелі,  Жаңақорған  ауда-

ны  тұрғындары  көгілдір  отынмен 

қамтылған.  Сонымен  қатар,  атал-

мыш аудандағы бас, қосалқы электр 

станциялары  қайта  жаңартылған. 

Қаладағы  шет  аймақтарда,  саяжай-

ларда электр желілерінің тартылуы, 

жаңадан берілген жер участкелеріне 

инфрақұрылымдардың 

салынуы 

сынды бірқатар жұмыстар жасалған. 

Сондай-ақ,  қазіргі  кезде  «Бей-

неу-Бозой-Шымкент» 

магист-

рал ды  құбыры  арқылы  Жоса-



лы, 

Тереңөзек, 

Жалағаш 

ау-


дан  орталықтарын  көгілдір  отын-

мен  қамтамасыз  ету  қолға  алыну-

да. Бұған қоса биыл Белкөл кентін 

табиғи  газбен  қамтуға  облыс 

бюджетінен  қаржы  бөлінген.  Осы 

орайда 3 мыңнан  астам  кент  тұр-

ғындары  табиғи  отынның  игілігін 

көретін болады. 



Айдана СЕЙІЛ.

БРИФИНГ

Оның  айтуынша,  облыста  есірткі 

егумен  

айналысатындар 

көбейген. 

Əсіресе,  біздегі  климат  жағдайы  үнді 

сорасының  өсіміне  қолайлы  болып  отыр. 

Екпенің  бұл  түрі  Шу  сорасынан 5 есе 

артық  əсер  беретін  көрінеді.  Сол  себепті 

қылмыскерлер  есірт кіні  бұрынғыдай  Шу 

қаласынан тасымалдамай, өзімізде өсіруді 

қолға  алған.  Ал,  тексеру  барысында 

биыл 50 гектардан асатын 32 есірткі түрі 

анықталған.  Тиісті  шаралар  нəтижесінде 

олар түгелімен жойылған.

Қазіргі  таңда  наркология  орталығында 

нашақорлыққа  шалдыққан 800-ден  астам 

адам бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 

5,8  пайызға  азайған.  Дегенмен,  арнайы 

мəліметке  сүйенсек  былтыр  есірткі  пай-

даланатындар  саны 3500 адамды  құраған. 

Осы  орайда  облыстық  прокуратура  жəне 

басқа  да  мемлекеттік  органдармен  бірлесіп 

«Есірткісіз – болашақ» жобасы жүзеге аспақ. 

–  Бұл  нашақорлықтың  алдын-алу 

мақ сатында  ұйымдастырылып  отырған 

жоба.  Соған  байланысты  алдымен  есірткі 

тұтынатындарды  анықтап,  медициналық-

əлеуметтік  сипаттағы  көмек  көрсетіледі. 

Ол үшін колледж студенттері арасында тест 

тілімше  арқылы  тексеру  жұмысын  жасау 

жоспарлануда.  Ол  ата-ананың  келісімімен 

жəне  жариясыз  түрде  өткізіледі.  Бұл  өз 

кезегінде жасөспірімдер арасындағы наша-

қорлықтың  азаюына  септігін  тигізеді, – 

дейді басқармасы басшысының орынбаса-

ры Нұркен Сауранбекұлы.

Сондай-ақ,  аймақта  есірткі  бизнесіне 

қарсы  күрес  жүргізуде  арнайы  топ 

құрылады.  Өзге  өңірден  қосымша  ша-

қыртылған  мамандар  соңғы  үлгідегі  тех-

никалық  құралдар  көмегімен  жұмыстар 

атқарады.

А.САЙДУЛЛА.

ЖЫЛҚЫ ҚҰЛЫННАН КӨБЕЙЕР

Елбасы  тапсырмасы  негізінде  аграрлық  секторды  дамытуға  көңіл  бөлінуде.  Осы  бағыттағы 

бағдарламалар  бойынша  халық  жағдайын  жақсарту,  ауыл-аймақтағы  еңбек  адамдарына  қолдау 

білдіріп, жұмысын жетілдіру сияқты негізгі мəселелер қамтылған. Бұл бағытта облыс басшылығы та-

рапынан нақты жұмыстар жасалуда. Оң өзгерістер Қызылорда қаласына қарасты ауылдарда да айқын 

көрініс беріп отыр.

Оның  мұндай  кəсіппен  айна-

лысуына өз басындағы жағдай  түрткі 

болған  секілді.  Аурухана  төсегіне 

жиі 

таңылатындықтан 



ондағы 

жастықтардың  ескіргенін,  жастануға 

қолайсыздығын  айтады.  Жеке  кəсіп 

ашуына  мүмкіндігі  барын  білгенде, 

алғаш ойына келгені осы жəйт. 

–  Төрт  жыл  бұрын  денсаулығым 

сыр  беріп,  дəрігерлер  көмегіне 

сүйенуге  тура  келді.  Содан  бері 

ауруханаға  жатып,  жиі  ем  ала-

мын.  Сонда  ондағы  жастықтардың 

жастануға  қолайсыз  екенін  байқай-

мын. «Осыны тазалап, қайта қалпына 

келтірсе»  деп  іштей  ойлаймын.  Ал, 

бұл ойымның жүзеге асуына «Даму» 

қорының мамандары себепкер болды. 

Талсуат  ауылындағы  мүгедектерге 

арналған  оңалту  орта лығына  арнайы 

келген  олар  біз  сияқты  жандардың 

жеке  кəсіппен  айналысуына  мем-

лекеттік  қолдау  барын  жеткізді. 

Бірақ,  ол  кезде  менің  аяқ-қолым 

дұрыс  икемге  келмейтін.  Кейін 

екінші рет барғанда сол орталықтағы 

дəрігерлер 

көмегімен 

облыстық 

кəсіпкерлік палатасымен байланысқа 

шықтым.  Мамандарымен  кездесіп, 

өз  идеямды  жеткіздім.  Олар  менің 

ұсынысымды  қолдап,  бизнес-жоспар 

құруға 

көмектесті. 



Нəтижесінде 

«Биз нестің  жол  картасы-2020»  бағ-

дарламасы аясында қайтарымсыз не-

сие грантын жеңіп алдым, – дейді Та-

мара Алмағамбетова.

Мемлекеттің қолдауына ие бол ған 

Тамара апай берілген ақшаға кəсібіне 

қажетті  құрал-жабдықтар  алдырады.  

Сөйтіп,  аудан  орталығынан  «Ма-

мық»  салонын  ашып,  ескірген  құс 

мамықтарын 

қалпына 


келтіруді 

қолға алады. Ал, көбіміздің үйде құс 

мамығынан жасалған, бұрыннан келе 

жатқан  жастықтың  бары  жасырын 

емес. Оның үстіне олар тозығы жетіп, 

бұрынғыдай мамық күйін жоғалтқан. 

Бұл  ретте  жаңа  технологияның  пай-

дасы зор. Аудан орталығына арнайы 

іздеп барған біз ол кісінің жұмысымен 

кеңінен  танысуға  мүм кіндік  алдық. 

Жалға  алған  шағын  ғимарат  іші 

қажетті  құралдармен  жабдықталған. 

Бір шетте көне құс жастықтар жатыр. 

Ал,  тазартудан  өткені  жаңа  тыспен 

қапталған.  Пакетке  салынып,  қаз-

қатар жиналып тұр. Расымен ескі мен 

жаңаның айырмашылығы көп.  

–  Бастапқыда  аудан  бойынша 

жан-жақты жарнама жасадық. Алла 

қолдап, тұтынушылар да келе баста-

ды. Бағасы қолжетімді болғасын күн 

санап  олардың  саны  артты.  Күніне 

20-25  шақты  жастықтың  мамығы 

тазаланады.  Бар-жоғы 5-10 минут 

ішінде тап-таза жаңа жастық дайын 

болады. Екі жылдан бері осы кəсіпті 

табыс көзіне айналдырып отырмын. 

Қарамағымда 2 қызметкерім  бар. 

Оның  бірі  өзім  сияқты  мүмкіндігі 

шектеулі  жан.  Соған  қарамастан 

үнемі  қимыл-қозғалыста  жүреміз. 

Келген  қонақтармен  сөйлесіп,  жұ-

мыс   барысын  түсіндіреміз.  Өз 

көзімен  көргендері  біздің  бұл 

ісімізді  қолдайды.  Жақсы  тілек-

ниеттерін  білдіреді.  Бізге  бұдан 

артық  мəртебе  жоқ, – дейді  өз 

тəжірибесімен  бөліскен  Тамара 

апай. 

Кейіпкеріміздің  кəсібі  тек  мұны-



мен  ғана  шектелмейді.  Шамасы 

келгенше  елге  қажетті  дүниелерді 

жасауға  тырысады.  Қыз  жасауы-

на,  күнделікті  тұрмысқа  қажетті 

жамылғы,  құрақ  көрпе,  жастық 

тыс  тігуге  тапсырыс  қабылдайды. 

Ұлттық  нақышты  өрнектей  отырып, 

қазақы  болмысты  жандандыруға 

үлес  қосуда.  Оған  қоса  қазақы  ою-

өрнекпен  безендірілген  сөмкелер  де 

сатылымда тұр. 

Кейіпкеріміздің  ендігі  мақсаты 

–  кəсіп  аясын  кеңейту.  Бүгінде  ау-

данда  ашылған  құс  фабрикасы-

мен  келісімге  отырған.  Бұйыртса, 

олардың 


мамықтарынан 

жастық 


тігіп,  сатылымға  шығармақ  ниетте. 

Бұдан  өзге  мемлекеттік  бағдарлама 

негізінде несие алып, жаңа істің көзін 

ашпақ.  Қазіргі  таңда  көпшіліктің 

ескірген мақтаны тазартуға сұранысы 

көп.  Себебі,  базар  сатылымындағы 

мақтаның  сапасы  сын  көтермейді. 

Осыны  ескерген  ол  кəсібін  жаңа 

бағытта жаңғыртпақ. 

Өзі  І-топ  мүгедегі  болса  да 

қажымай  еңбек  етіп  жүрген  Тамара  

Асқарқызының  бұл  ісі  көпке  үлгі 

боларлық. 

Себебі, 


қазіргі 

күні 


жұмыссыз 

қол 


қусырып 

жүр-


ген дер 

қаншама. 

Денінің 

сау-


лығына  қарамастан,  сыныққа  сыл-

тау  іздейтіндер  өмірінің  босқа  өтіп 

жатқанын  аңғармайды.  Тіпті,  ішкі-

лікке  салынып,  тағдырына  налитын-

дары  баршылық.  Оларға  қарағанда 

мүмкіндігі  шектеулі  азаматтардың 

құлшынысы  жоғары.  Алға  қойған 

мақсаты  айқын.  Осы  орайда  Тамара 

апай: 

– Адам еңбек ету арқылы несібесін 



табады.  Адамдармен  қарым-қатынас 

жасайды.  Ой  бөліседі.  Жан-жағына 

зер  салып,  көзі  ашылады.  Ал,  үйде 

отырғаннан  өзін-өзі  іштей  қажып 

бітеді. Сол үшін əрбір адам, ол мейлі 

дені  сау  болсын,  мейлі  мүмкіндігі 

жоқ болсын талпыныс жасауы қажет. 

Оны  мақсаты  ғана  алға  жетелейді. 

Жетістікке  жеткізеді.  Кейде  базар 

маңында бостан-босқа шылым шегіп, 

арақ  ішіп  отыратын  ер  азаматтарды 

көргенде  іштей  қынжыламын.  Жа-

ным  ашиды.  Оларға  біз  сияқты  жан-

дардан  үлгі  алыңдар  дегім  келеді, – 

дейді. 

Айдана САЙДУЛЛАҚЫЗЫ.

Кəдімгі жастанатын 

жастықтың тұрмыстық 

бұйымдар арасындағы 

орны ерекше. 

Оны халқымыз өте 

қадірлі санайды. Кез 

келген жерге тастамай, 

көрпе-төсектің үстіне 

жинайды. Аяқ астына 

қалдырмай, жоғары 

қояды. Мұны əрбіріміз 

санамызға ұғынып 

өстік. Оған қоса оның 

тазалығына да аса мəн 

беріледі. Жаз шыға 

жастықты күн көзіне 

шығарып, қағып-сілкиді. 

Ондағысы жағымсыз 

иістен, шаң-тозаңнан 

тазарту болса керек. 

Бүгінде мұндай əдісті 

жаңа технологиямен 

жасайды. Ол үшін 

бұрынғыдай көп уақыт 

жұмсаудың қажеті жоқ. 

Ал, Шиелі кентінің 

тұрғыны, жеке кəсіпкер 

Тамара Алмағамбетова 

осы істі қолға 

алғандардың бірі. 

икемi барға иiлмейтiн iс жоқ

ЗАҢДЫ БІЛУ – 

ЗАМАН ТАЛАБЫ

сауат

дамы


ағы

жиі 


құқығы

мен 


бү

облыс


ба

Аймағымызда  есірткі  саудасының  заңсыз  айналымы  толастамай  тұр.  Соңғы 

бес жылда есірткі екпесінің саны күрт өскен. Бұл туралы өңірлік коммуникация-

лар қызметінде өткен брифингте облыстық прокуратура басқармасы басшысының 

орынбасары, əділет кеңесшісі Нұркен Сауранбекұлы мəлімдеді. 

Åñіðòêіãå òîñқàóûë қîþ æîáàñû 

æүçåãå àñïàқ

Өңірлік  коммуникациялар  қызметінде  облыстық  энергети-

ка  жəне  тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылығы  басқармасы 

басшысының  орынбасары  Руслан  Нұрмағанбетов  сала  бойын-

ша  атқарған  жұмыстарын  сараптады.  Сонымен  қатар,  Елбасы 

Жолдауынан   туындаған  міндеттемелердің  аймақта  жүзеге  асыру 

барысына тоқталды.

Áåëêөëäіêòåð òàáèғè 

îòûí èãіëіãіí êөðåäі

Үстіміздегі  жылдың  екі  айында  осы  ауруға 

шалдыққан 53 адам  тіркеуге  алынған.  Олардың 

86  пайызы  тыныс  жолдары  туберкулезі  болса, 

соның  ішінде 21-і  жұқпалы.  Дерттің  алдын-алуға 

байланыс ты  жоспарлы  жұмыстар  жасалғанымен, 

науқастар  саны  азаймай  отыр.  Өңірде 100 мың  ха-

лыққа  шаққандағы  аурушаңдық  көрсеткіші  өткен 

жылдың  осы  мерзімімен  деңгейлес 17 пайыз -

ды   құрайды.  Бұл  сақтандыру  шараларын  əлде  де 

күшейтуді талап етеді.

Осы  орайда  облыстық  денсаулық  сақтау  бас-

қармасы,  қалалық  жұмыспен  қамту  жəне  əлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімі  туберкулез  ауруы  деңгейін 

төмендету  мақсатында 2016-2018 жылдарға  арналған 

кешенді  жоспар  қабылдап,  жұмыстар  атқарып  келеді. 

Сондай-ақ, амбулаториялық жағдайда емдеуді кеңінен 

ендіру  кезеңінде  тұрмысы  төмен  науқастарға  көмек 

ретінде облыстық бюджеттен 82 млн. теңге көлемінде 

қаржы қарастырылған.

Баспасөз  мəслихатында  эпидемиологиялық  тексе-

рулер  мен  сауықтыру  шаралары  жайында  кеңінен  ай-

тылды. Сонымен бірге, тұрғындарға ақпараттық наси-

хаттау жұмыстарын күшейту қажеттігі ескертілді.



Мəди ҚҰРМАНƏЛІ.

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ

Қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайы жəне 

атқарылған алдын-алу шараларына байланысты баспасөз мəслихатын өткізді. Шараға облыстық туберкулезге қарсы 

диспансер, қалалық емханалар, жастар денсаулығы орталықтарының басшылары қатысты.

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ 


–  Медициналық  ұйым-

дар  МƏМС  жағдайында 

медици налық  көмекті  қа-

лай ұсынады?

– Қор медициналық қыз-

меттерді ТМККК шеңберінде 

де  МƏМС  бойынша да кон-

курс  негізінде  мемлекеттік 

жəне жеке клиникалардан са-

тып алады. 

Конкурс екі кезеңде өтеді. 

Бірінші  кезеңде  əрбір 

медициналық  ұйым  қызмет-

тер  берушілердің  бірыңғай 

тізбесіне  өзінің  техникалық-

экономикалық  жəне  медици-

налық деректерін енгізеді.

Ұсынылған 

деректер-

ге  сəйкес  қор  олардың  бел-

гіленген  ең  төменгі  стан-

дарттарының 

сəйкесті гіне 

баға береді. 

Оң  нəтиже  болған  жағ-

дайда  медициналық  ұйым 

кон курс тың  екінші  кезеңіне 

өтеді. 

Екінші 


кезеңде 

қор 


ұсынылған  қызметтердің  кө-

леміне,  оның  құнына  жəне 

өткен  жылы  көрсетілген 

қызметтердің  сапасына  баға 

береді  (белгіленген  крите-

рийлер). 

Егер  медициналық  ұйым-

ның  ресурстық  қам тамасыз 

етілуі  белгіленген  ең  төменгі 

стандарттарға,  ал  көрсетілетін 

қызметтер  белгіленген  сапа 

критерий леріне  сəйкес  келетін 

болса, 

онда 


медициналық 

ұйым  əлеуетті  қызмет  беруші 

ретінде таңдалады.

–  МƏМС  жағдайында 

қандай  медициналық  кө-

мек тің түрлері көрсетіледі?

–  Медициналық  қызмет-

тердің екі пакеті болады.

Бірінші – елдің барлық аза-

маттары  үшін  мемлекет  кепіл-

дік беретін пакет. Оның ішінде:

•  Жедел  жəрдем  жəне 

санитариялық авиация;

• Əлеуметтік мəні бар ау-

рулар жəне шұғыл жағдайлар 

кезіндегі медициналық көмек; 

• Профилактикалық егулер; 

•  Амбулаториялық-дəрі-

лік  қамтамасыз  ету  арқылы 

амбулаториялық-емханалық 

көмек (2020 жылға дейін). 

Екінші  пакет – Сақтан-

дырылған  азаматтар  үшін 

МƏМС  жағдайларында  ұсы-

нылатын  медициналық  қыз-

меттердің  пакеті  мыналарды 

қамтиды:


•  Амбулаториялық-емха-

налық көмек:

• Емханадағы емдеу;

• Дəрігерлердің қабыл дауы;

• Зертханалық қызметтер;

•  Диагностика  жəне  ма-

нипуляциялар;

•  Стационарлық  көмек – 

жоспарлы тəртіпте аурухана-

ларда емдеу;

•  Стационарды  алмасты-

ратын көмек – күндізгі стаци-

онарда ем қабылдау;

• Жоғары технологиялық 

медициналық  қызметтер – 

күрделі  жəне  бірегей  ме ди-

циналық 

технологияларды 

пайдалану арқылы орындала-

тын медициналық көмек;

•  Дəрі-дəрмекпен  қамта-

ма сыз ету – амбулаториялық-

емханалық  көмек  көрсету 

кезінде;


• Мейіргерлік күтім – ба-

сынан  кешкен  аурудың  сал-

дарынан  өз-өзіне  қызмет 

көрсетуге  мүмкіндігі  жоқ, 

бөгде  адамдардың  тұрақты 

күтімін 


немесе 

қарауын 


қажет ететін  адамдар;

•  Паллиативтік  көмек – 

емдеуге  келмейтін,  өміріне 

қауіпті жəне ағымы ауыр ау-

рулары  бар  пациенттердің 

өмір  сүру    сапасын  адам 

үшін  мүмкін  болатын  ең 

жоғары  қолайлы  деңгейде  

ұстап тұру;

• Қалпына келтіріп емдеу 

жəне медициналық оңалту.

ДӘСТҮР ДӘРПІ

Көнеден қалыптасқан салт-дəстүрлердің бірі – қорықтық құю. Жалпы,  

қорғасынмен  емдеу  қазаққа  таңсық  дүние  емес.  Бесікте  жатқан  сəбидің 

өз-өзінен шошынып, үрейленетін ауруын қорықтық құю арқылы аластау 

ежелден келе жатқан ем түрі. Ата-дəстүрге берік бабаларымыз кезінде бұл 

ғұрыпты жақсы ұстанған. Дегенмен, қазіргі таңда оны біреу білсе, біреу біле 

бермейді. Əсіресе, жастар жағы оның заты түгілі атын да естімеген десек 

артық айтқандық емес. Оған аталмыш дəстүрдің тұрмыстық қолданыстан 

ысырылып қалғандығы басты  себеп деген ойдамыз. Бүгінде ол туралы тек 

үлкендерден ғана естіп жүргенімізді жасырмаймыз.

– Бұл дəстүрді далалық жерде өмір сүретін көшпенді бабаларымыз өте 

жиі қолданаған. Өзіміз де бала күнімізден көріп өстік. Сол кездері оның 

мəн-маңызын  түсінбесек  те,  əйтеуір  қасиеті  барын   ұғындық.  Кейіннен 

көрген-білгенімізді  немере  балаларымызға  ем  ретінде  пайдаланып 

жүрдік.  Бұл  дəстүрдің  шынымен  де  ерекше  қасиетіне  көз  жеткізгендер 

көп. Қорықтық құю емін жасаған бала ертесіне-ақ шошынудан арылып, 

ұйқысы тынышталған. Бұл дəстүр бойынша баланың басына орамал жа-

уып, құбылаға қарата отырғызады. Су құйылған кесені басынан жоғары 

ұстап,  оған  алдын-ала  ерітіліп  дайындаған  қорғасынды  құяды.  Быжыл-

дап шыққан қатты дыбыстан шошынған бала осы кезде селк етіп, денесі 

тітіркенеді.  Ұйқыдан  оянғандай  күй  кешкен  оның  бойындағы  ауру, 

жабысқан  кесел  осы  тітіркенумен  бірге  сыртқа  шығады  деген   түсінік 

қалыптасқан.  Тіпті,  сол  кездері  көнекөз  қариялар  аузынан  баланың  не-

ден  шошынғанын  қатқан  қорғасынға  түскен  бейнеден  анықтауға  бола-

ды деп отыратындарын естуші едік. Мəселен, қатқан қорғасыннан иттен 

шошынса иттің, мысықтан шошынса мысықтың бейнесі көрінеді деседі, 

–  дейді  кішкентайынан  есінде  қалған  дүниелермен  бөліскен  Үрпатша 

Тəңірбергенова əжеміз бізбен əңгімесінде.

Əрнəрсенің иінін тауып, пайдасына жарата алған халқымыз түскен жерін 

балқытып жіберетін қорғасынның да қасиетін осылайша тап баса біліпті. 

 Қазақ халқының осындай көреген данышпандық қасиетіне, сан мың 

жылдық соқпақтан сақталып келе жатқан салт-дəстүрлерінің құдіретіне 

қалайша бас имеске? Осыдан-ақ, данышпан халқымыздың көрегендігінің 

арқасында  білім-ғылымы  дамымаған  сонау  ілгері  заманда  да  дала 

медицинасының жетістік деңгейін бағамдауға болады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 386.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет