Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 386.7 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата15.05.2017
өлшемі386.7 Kb.
  1   2   3   4

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

сəуір


сейсенбi

4

№25 (1327)

2017 жыл

•       Қалалық қоғамдық-саяси газет        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

НАРЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА НЫСАН

СЕРПІН

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ

OPEN KYZYLORDA» жо-

басына Whatsapp месенджер 

арқылы  жолданған  əрбір 

хабарламаның маңыздылығы 

мен  мəселесі  бойынша  ка-

тегорияға бөлінеді жəне  əрі 

қарай  мəселені  шешу  ме-

ханизмі іске қосылады. 

Шұғыл 

хабарламалар: 

ауыз  су  жəне  кəріз  жүйе-

сінің  істен  шығуы,  жылу 

жүйелеріндегі 

ақаулар, 

электр желілеріндегі ақаулар 

мен  апаттар,  өрт,  жол-

көлік, 

төтенше 

жағдай 

оқиғалары,  қаладағы  көрнекі 

ақпарат  құрал дарының  не-

месе  жол  белгілерінің,  люк 

қақпақтарының  ашықтығы, 

мем лекеттік 

рəміз дердің 

жыр тылуы т.б., 

Ақпараттық 

хабарла-

малар:  жол   сапасы,  жолау-

шылар  тасымалы,  жолдың 

жабықтығы,  қоқыс  жəшік-

терінің  уақытылы  тазар-

мауы,  мемлекеттік  меке-

мелер  мен  кəсіпорындардың 

қызметі,  азаматтарды  қа-

былдау  мəселелері  бойынша 

кеңес алу т.б. 

Шұғыл  хабарламаларға 

шаралар  қабылдау  үшін 

тиісті  мем лекеттік  орган-

дардың  қа рауына  жолда-

нып,  бұл  хабарла малардың 

орындалу  нəтижесі  сол 

күні немесе 3 күн ішінде ат-

қарылған  шаралар  туралы 

арнайы  ашылған «OPEN_

KYZYLORDA»  инстаграмм 

парақ шасына  жауап  бе-

ріледі. 

Мазмұны  ұқсас  неме-

се  қайта ланған  хабарла-

малар  арнайы  əзір ленген 

скриншоттар 

арқылы 

жауап   беріледі.

«Ашық Қызылорда» 

байланысты нығайтпақ

Құрметті қала тұрғындары!

2017  жылдың 15 наурызынан  бастап  қала  əкімдігі  жаны-

нан «Whatsapp» мессенджерінде «Open Kyzylorda» жобасы іске 

қосылды. 

Жоба мақсаты – заманауи технологияны пайдалана отырып 

халық пен биліктің арасында ашық байланыс  орнату. 

WhatsApp мессенджері 8 702 887 11 11 нөмері арқылы жүзеге 

асырылады.  

Қызылорда  қаласының  күнделікті  тыныс-тіршілігіндегі 

мəселелерді,  ұсыныстарыңызды  көрсетілген  нөмерге  жұмыс 

күндері  (дүйсенбі-жұма)  сағат 09.00-ден 19.00-ге  дейін 

жолдауларыңызға болады. 

Қабылданған хабарламаларға «ОК» белгісін  жіберу арқылы 

назарға алынғандығы білдіріледі.

Туған  қаламызды  бірге  түлетейік!  Оның  дамуына  өз 

үлесіңді қос!



Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі

ЕЛ ТЫНЫСЫ

– 

Елбасы 



жыл 

сайынғы 


Жолдауында     ел  экономикасы-

на  серпін  беретін  шағын  жəне 

орта 

бизнестің 



əлеуетін 

арт-


тыру  мəселесін  назардан  тыс 

қалдырмайды.  Осы  орайда  тұр-

ғындарға  жайлы  да  сапалы  сауда 

орындары қатарын көбей тіп, жайлы 

қызмет орнын ашып отырғаны үшін 

жоба  басшылы ғына  алғысымды 

білдіремін.  Бас тамаларыңыз  байып-

ты,  кəсіп теріңіз  берекелі  болсын, – 

деді қала əкімі.

Одан  соң  қала  əкімі  сау-

да  орталығының  жұмысымен  та-

ныс ты.  Аталмыш  сауда  үйінің  иесі 

Е.Ескендір  «Даму»  кəсіпкерлікті 

дамыту  қорынан  жеңілдетілген  не-

сие  алу  арқылы  нысанды  ашуға 

қол  жеткізіп  отыр.  Екі  мың  шар-

шы  аумақты  алып  жатқан  бұл 

орталық 


тұрғындарға 

барлық 


тиімділікті  қарастырған.  Мұнда  он 

мыңнан  астам  тауар  түрлері,  сауда  

үйінің  жеке  кондитерлік  цехы-

нан  шығарылатын 20-ға  жуық  нан 

өнімдері  ұсынылады.  Аумағында 

60  орынға  лайықталған  автотұрақ 

жасалған. Заманауи нысанда 45 адам 

жұмыспен  қамтылады.  Ең  бастысы 

мұндағы  тауар  базар  бағасынан 10-

15  пайызға  төмен,  яғни  əлеуметтік 

дүкен бағытында қызмет көрсетпек.

Бұған  дейін  осы  бағытта  «Ал-

памыс»  жеке  кəсіпкерлігі  қала 

аумағынан  «Қызылорда»  атауымен 

дүкендер  желісін  іске  қосқан  еді. 

Осы  орайда  бұл  мемлекет  тарапы-

нан  кəсіпкерлікке  көрсетіліп  келе 

жатқан  көмектің  нəтижесі  екенін 

айта кеткен жөн. 

Мəди ҚҰРМАНƏЛІ.

АРЗАН БАҒАға 

жол ашқан 

Жиында  облыс  орталығынан  кəсіпкерлік 

нысан  салғысы  келген  заңды  жəне  жеке 

тұлғалар тарапынан түскен 11 жоба қаралды.  

Олардың  заң  нормалары  мен  құрылыс  салу 

ережесіне  сəйкестігіне  кеңес  мүшелері 

кеңінен мəн берді. 

Күн  тəртібіндегі  бірінші  мəселеде 

«Қызылорда-Жезқазған»  трассасы  бойын-

д ағы  жалпы  көлемі 670 гектар  аумақтың 

егжей-тегжейлі  жоспарлау  жобасын  тал-

қылады. Онда азаматтарға тұрғын үй салуға 

жер  учаскелерін  табыстаудағы  инженерлік 

жүйесі 


əзірленген. 

Аталған 


жобада 

белгіленген  аумақта  жеке  тұрғын  үй,  мек-

теп,  балабақша,  кəсіпкерлік  нысандардың 

сызбасы  барлық  стандарттық  талапқа 

сай  көрсетілген.  Ол  бойынша 2 мектеп, 

балабақша, 1 аурухана,  балалар  алаңы, 

скверлер, орталық көшеде, көше бұрышын 

да  кəсіптік  нысан  салу  жоспарланған. 

Қазіргі  таңда  қалада 53 мыңнан  астам 

тұрғын  жер  кезегінде  тұр.  Аталмыш  жоба 

мақұлданған  жағдайда  аталған  аумаққа 

инженерлік  инфрақұрылым  жүргізіледі. 

Осыдан  соң  кезекте   тұрған  азаматтарға 

тиісті  көлемдегі  жер  учаскесі  табыстала-

ды. Осы орайда 10,5 мыңға жуық тұрғынды 

қоныстандыру көзделуде. 

Мұнан  соң,  кеңес  мүшелері  кəсіптік 

нысан  ашу  мақсатында  кəсіпкерлер  та-

рапынан  ұсынылып  отырған  жобалар-

ды  назарға  алды.  Соның  бірі – Шұғыла 

мөлтек ауданындағы 24 үйдің 16 пəтерінен 

қосымша кеңсе салу жоспары.   Бұл нысан-

ды  салуға  тұрғындар  келісімі  алынған, 

құрылыс  материалы  жаңа  үлгімен  жасақ-

талады.  Сондай-ақ,  мүмкіндігі  шектеулі 

жандардың  жүріп-тұруына  арналған  пан-

дус қарастырылған. 

Бұдан  өзге  ойын-сауық  алаңдарын  салу, 

кеңсе  құрылысы,  дүкен,  жанар-жағармай 

бекеті,  балабақша,  сервистік  қызмет  көр-

сету  орталығын  салу  сынды  ұсыныстар 

қаралды. Олардың эскиздік сызбасы кеңінен 

талқыланып, талапқа сай екендігі анықталды. 

Нəтижесінде 10 жоба  мақұлданып,  біреуі 

қайта  қарауға  жіберілді.  Кеңес  отырысын 

қорытындылаған  қала  əкімінің  орынбасары 

А.Шəменов  мамандарға  бірқатар  нақты  тап-

сырмалар берді. 



Айдана САЙДУЛЛАҚЫЗЫ.

Зердемізге салып ойланып көр сек, 

отбасындағы  ұлағатты  тəрбие  адам-

ды мейірімге, бауырмалдыққа, жылы 

сезім мен ыстық ықыласқа бөлейтінін 

ұмытқан сыңайлымыз. Десе де жаны-

мызды  жадыратқан  жаңалықтарды 

естіп көңіліміз көте ріліп қалады. 

«Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 

ілесің»  деген  ұлағатты  сөздің  бе-

кер  айтылмағанына  тағы  да  көз 

жеткіздік. 

Данагөй 

əке 


бала-

сын  қырағылық  пен  батылдыққа, 

адалдыққа,  жомарттыққа  баулыған  

болып  шықты.  Намысты  ұл  өрімдей 

қарындасын  ажалдан  арашалады. 

Елімізге белгілі ақтаңгер ақын, айтыс 

дүлдүлі  Махамбетқали  Тұрсановтың 

өнегелі  отбасында  болған  мына  бір 

оқиғаны естіп, бəрекелді дестік. Рухы 

мықты  ұлтымыздың  жақсы  қасиетін 

бойына  сіңіріп  өскен  арыстандай 

ұлы  барын  мақтан  тұттық.  Ол  аза-

мат Махамбетқали атамыздың екінші 

ұлы – Шертай  екен.  Оны  естігенде

«тектінің  тұяғы  ғой»  деп  марқайып 

қалдық.  Біздің  кейіпкеріміз  қырық 

тоғыз  жаста.  Өзін  аса  мадақтағанды 

да  ұната  қоймайтын  əдеті  бар.  Десе 

де ол қазіргі заманның нағыз ержүрек 

батыры  екенін  мойындауымыз  ке-

рек.  Ол  туған  қарындасы – Лəззатқа 

бір  бүйрегін  берді.  Осылайша  дерт 

азабын  жылдап  тартқан  бауырына 

екінші өмір сыйлады. «Ерлік білекте 

емес,  жүректе»  деген  бəлки  осы  бо-

лар? Өзінің басын қауіп-қатерге тігіп, 

жауқазын өмірге араша түсті. 

Шертай  өз  отбасында 4 бала  тəр-

биелеп отырған азамат. Жеке кəсіп пен 

айналысады. Махамбетқали аға мызың 

қара  шаңырағына  ие  болып  отырған 

перзенті.  Ол  бізбен  əңгімесінде  көз 

алдында  қызыл  гүлдей  жайнап  өскен 

қарындасының  ауруы   дендеп,  жана-

ры солып, қиналған кейпін көріп, шы-

дай  алмай  осындай  батыл  шешімге 

келгенін  айтты.  Біз  ұялы  телефон 

арқылы бүйрегін ауыс  тырып, өмірмен 

қайта  қауышқан  бақытты  ана  Лəззат 

Тұрсановамен де тілдестік. 

–  Өмірде  адам  күтпеген  бақытты 

сəттер оралады дегенге өз басым дерт 

дендей  бастағанда  сенбедім.  Өзімнің 

ажалмен  бетпе-бет  келгенімді  түсін-

дім. Мені енді ауыр науқастан ешкім 

құтқара  алмайды  деп  іштей  жарық 

дүниемен  қоштаса  бастадым.  Мен-

де  екі  бүйрек  те  жоқ.  Бір  жарым 

жылдай  диалезбен  жүрдім.  Аптасы-

на 3 рет  қан  тазалатамын.  Əр  күнім 

сарғайған  уайыммен  өткенін  еске 

алғым келмейді. Тұлымы желбіреген 

3  қызым  мен  жан  жарым  жəне 

ағайын,  туыс,  дос-жарандарымның 

күн-түн  тілеген  дұғалары  да  жəрдем 

берген  шығар!  Əсіресе,  мен  де-

генде  жанын  қиюға  даяр  тұратын 

ағатайымның  тəуекелшілдігінің  ар-

қа сында  ғажайып  дүниенің  есігін 

қайта аштым, – дейді дауысына діріл 

араласқан Лəззат. 

Оның  жанарының  жасқа  малын-

ғанын жүрегіміз сезді. Оның қуаныш 

жасы  болғаны  қандай  керемет 

десеңші.  Əп-сəтте  өз-өзіне  келіп, 

əңгі месін қайта жалғады.   

–  Астанадағы  республикалық 

ұлт  тық  ғылыми  медициналық  орта-

лықта  емделдім.  Қазіргі  заманауи 

технологиямен  жабдықталған  ем-

деу  орнындағы  ақ  халатты  жан-

дарға 


алғысым 

шексіз. 


Қазақстандағы 

медици-


на  қарыштап  дамығанына 

көзім  анық  жетті.  Бұл  жер-

де  күрделі  оталар  əп-сəтте 

жасалып, алтын қолды дəрі-

герлердің  көмегімен  көп-

теген  науқастар  мен  секілді 

дертінен  құлан-таза  айығып 

шығып  жатыр.  Маған  күр-

делі  бүйрек  ауыстыру  отасы 16 

нау  рызда  жасалды.  Өзімнің  жеке 

дəрігерім,  біздің  жерлесіміз  Ахмет  

Сейдахметовке  алғыс  айтамын,– 

дейді ол. 

Оның  айтуынша,  əдетте  мұндай 

ота дан  соң  науқастар  көп  ауыртпа-

лықпен,  уақыт  оздырып,  оңала  бас-

тайды  екен.  Мен  болсам,  сəт  са-

нап 


жеңілдей 

бас тадым. 

Біздің 

бүйрегіміздің 100 пайыз   сəйкестігі 



лезде  қайта  қалыпқа  келуімізге  кө-

мектескен. 

Бұрын 

бет-аузымдағы 



домбығып  тұрған  ісіктер  де  кете  бас-

тады.  Онда  отадан  соң 10 күн  ем  ал-

дым.  Қазір  сол  жақта  дəрігерлердің 

бақылауында  уақытша  тұрып  жатыр-

мыз. 1 сəуірдегі туған күнімді Астана-

да ағам сыйлаған жаңа бүйрекпен, үміт  

шырағым қайта маздап, ерекше сезімде 

қарсы алдым. Бұл менің 43-ші көктемім 

болатын, – дейді Лəззат Тұрсанова. 

Үлкен ағасы Нартай Тұрсановтың 

айтуынша, ауылдағы əкесі Махамбет-

қали,  анасы  Маржан  əжей  күні-түні 

Алладан  тілек  тілеп,  бір-біріне  тіреу 

болған қос перзенттерінің елге аман-

есен  оралуын  тағатсыздана  күтіп 

отыр. 12 балаға  өмір  сыйлаған  ал-

тын  құрсақты  ана  қарындасына 

қарлығаштай  қамқор  болып,  оған 

бөлінбес  бүйрегін  берген  алтын 

жүректі перзентіне дəн риза.



Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА.

ҚÀÐÛÍÄÀÑÒÛҢ 

ҚÀÌÛ ҮØІÍ ÆÀÍÛÍ ÒІÊÊÅÍ...             

Бүгінде азық-түлік жəне 

азық-түлік емес тауарлардың 

бағасын тұрақтандыру 

мақсатында инвесторлар 

есебінен қаладағы Ғ.Мүсірепов 

көшесінен «Қызылорда 

оптомаркет» сауда орталығы 

ашылды. Салтанатты рəсімге 

қала əкімі 

Нұрлыбек Нəлібаев қатысып, 

сауда орнының алдағы 

жұмысына табыс тіледі.

Қала əкімдігінің мəжіліс залында құрылыс нысандарын жобалау мен салуға байланысты кеңес от-

ырысы өтті. Оны қала əкімінің орынбасары Асылбек Шəменов жүргізді.

ÆÀҢÀ ҚҰÐÛËÛÌ 

ÆÎÁÀËÀÐÛ ҚÀÐÀËÄÛ

ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЛІК КҮНІ 

АТАП ӨТІЛМЕК

7  сəуірде  Қазақстанда  Ерлік  күнін  атап 

өту  бойынша  бірқатар  шаралар  өтеді. 

Бұл  туралы  Орталық  коммуникациялар 

қызметінің  ресми  өкілі  Мұрат  Жұманбай 

мəлім етті. 

«1995  жылы  Тəжік-Ауған  шекарасын-

да  ерлікпен  қаза  тапқан  ҚР  Ішкі  əскерінің 

17  жауынгерін  еске  алу  мақсатында  ҚР 

Ұлттық  Ұланы 7 сəуір  күнін  Ерлік  күні 

деп  жариялаған  болатын.  Осы  күні  ҚР 

Ұлттық  Ұланының  бөлімшелері  орналасқан 

аймақтарда  ардагерлер,  əскери  міндетін 

өтеушілер  Отан  алдында  борышын  орын-

дау  барысында  қаза  тапқан  жауынгерлерге 

құрмет көрсетеді», – деді ол. 

Сонымен қатар, Астанада Отан қорғаушылар 

монументінде  Ішкі  істер  министрлігі  басшы-

лығының  жəне  ҚР  Ұлттық  Ұланының  басшы-

лығының  қатысуымен  салтанатты  шара  өтетін 

болады. 7 сəуірде  Астанада  «ҚР  Қорғаныс 

министрлігі  Қазақстан  Республикасына  қызмет 

етемін!» атты əскерге салтанатты шығарып салу 

рəсімін өткізуді жоспарлап отыр.

ШАНХАЙДА ЭКСПО-2017 

ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қытайлық халықаралық саудаға жəрдем-

де су  комитетінің  Шанхайлық    бөлімше-

сі      «ЭКСПО-2017»  көрмесіне  ҚХР  ұлттық 

павильоны   мен  брендтерін  таныстыруға  ар-

налған баспасөз мəслихаты өтті, деп хабарла-

ды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті 

тілшісі.  

Шараға  Шанхай  қаласы  коммерция  басқар-

масының  төрағасы  Дун  Чао,  Шанхай  халықтық 

жиналысы 14-ші шақыртуының тұрақты мүшесі, 

Қытай  халықаралық  сауда  палатасы  ЭКСПО 

департаментінің директоры Гэ Цзе жəне 100-ден 

астам ірі қытайлық компания өкілдері қатысты.   

Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулы Жошы-

хан  Қыраубаев  өз  сөзінде  қазақстан-қытайлық 

қатынастардың  дамуы,  оның  ішінде  «Жібек 

жолы  экономикалық  белдеуі»  мен  «Нұрлы 

жол»  бағдарламасының  түйісуі,  өндірістік  қуат 

саласындағы өзара іс-əрекет жайында айтты. 

«Бірлескен күшпен «Қорғас» шекара ынты-

мақтастығы  жəне  «Қорғас – Шығыс  қақпа» 

АЭА  дамуда. «Батыс  Қытай – Батыс  Еуро-

па»  жолының  құрылысы  аяқталуға  жақын, 

Ляньюньган   портында  қазақстандық-қытай 

терминалы  жұмыс  істейді.  Ол  келешекте  сау-

даны  кеңейту,  Қытай  мен  Еуропа  арасындағы 

кеңістікте  көлік  тасымалын  жеделдету  үшін 

мүмкіндіктер ашады», – деді ол.   

Дипломат  Қазақстан  өңірде  бірінші  боп 

ЭКСПО  


халықаралық 

мамандандырылған 

көрме сін өткізуге құқық алғанын еске салды.

Бұл  жоба    Қазақстанның  «жасыл»  эконо-

микаға  көшуі  үшін  серпін  береді  жəне  жаңар-

тылған энергетика саласындағы инновация үшін 

алаң  болады.  Бүгінде  көрмеге 100-ден  астам 

ел, 20 халықаралық  ұйым  қатысатынын  раста-

ды. «Болашақ  энергиясы  жасыл  Жібек  жолы» 

тақырыбымен  қытай  павильоны  жоғары  бағаға 

ие.  Бұдан  басқа  2017 жыл  Астанадағы  Қытай 

туризмі  жылы  болып  жарияланды», – деп  атап 

өтті Ж. Қыраубаев.  

АРНАЙЫ ОНКҮНДІК

1  сəуірде  Қазақстанның  барлық  аймақ-

тарында «Дұрыс тамақтану – дені сау ұлтты 

қалыптастырудың  кепілі!»  ұранымен  мек-

тепте  тамақтандыруды  ұйымдастыру  жөнін-

де онкүндік өткізіледі. Шара 10 сəуірге дейін 

жалғасады, деп хабарлайды BNews.kz.

Шараның  мақсаты – дұрыс  тамақтанудың 

маңыздылығы жөнінде халықтың, əсіресе мектеп 

жасындағы балалардың сауаттылығын арттыру, 

оқу  орындарында  оқушылардың  денсаулығын 

сақтау жəне нығайту үшін жағдай жасауға ықпал 

ету болып табылады.

Дұрыс тамақтану – бұл адамға қажет барлық 

заттарды  қамтитын  жақсы  сəйкестендірілген 

тағам. Тұрақты дене жүктемесімен үйлесіп ол 

жақсы  денсаулықтың  негізін  құрайды.  Дұрыс 

тамақтанбау 

иммунитеттің 

төмендеуіне, 

физика лық 

жəне 


психикалық 

дамудың 


бұзылуына,  сондай-ақ  өмірлік  белсенділіктің 

төмендеуіне əкеледі.

“ҚЫЗЫЛОРДА”


ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹25      4 ÑӘÓIÐ, 2017 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

ИГІЛІК

БАҒДАРЛАМА БАҒЫТЫМЕН

ТАЛАП

НИЕТ

Қосшыңырау  ауылдық  округінен 

«Қылыш» шаруа қожалығының жанынан 

құрылған «Смаева Р.А.» кооперативінің 

базасында құны 420 млн. теңге тұратын 

ет  дайындайтын  зауыттың  құрал-жаб-

дықтарын Ресейдің Қазан қаласынан ал-

дыруда.


Қала  хафлқын  таза  сүт  өнімімен 

қамтамасыз  ету  мақсатында  Қызыл-

жарма  ауылдық  округімен  Белкөл 

кентінен  кіші  сүт  зауыты  салынуда. 

Сондай-ақ, «Абай»  шаруа  қожалығына 

жеміс-жидек жəне бақша дақылдарының 

өнімдерінен шырынды сусындар мен то-

саптар  дайындайтын  цехын  іске  қосты. 

Оны  экологиялық  таза  шикізатпен 

қамтамасыз  ету  мақсатында  тамшыла-

тып  суару  əдісін  қолдану  арқылы 100 

гектарға  дейін  бақша  дақылын  егуді 

межеленіп отыр. 

Сонымен  қатар, «Ауыл  шаруа-

шылығы 

кооперативтері 



туралы» 

заңына  сəйкес  кооперативтерді  құру 

жұмыстары  былтырдан  бастап  қолға 

алынды.  Қалаға  қарасты  кент  жəне 

ауылдық  округтердегі 71 қожалық 

16  кооперативке  біріктірілмек.  Бұл 

құрылымдар  қалалық  əділет  басқар-

масына тіркелген.

Қала  аумағындағы  кент  жəне  ауыл-

дық  округтерде  шағын  кəсіпкерлікті 

дамыту 

барысында 



«Агробиз-

нес-2020»  салалық  бағдарламасы  бас-

ты  назарға  алынған.  Осы  бағыттағы 

«Сыбаға», «Құлан» жəне «Алтын асық» 

бағдарламаларының  игілігін  көргендер 

көп.  Айталық, «Сыбаға»  арқылы  мал 

шаруашылығымен  айналысатын 54 құ-

рылымға  «Ауылшаруашылығын  қар-

жылай  қолдау  қоры»  мен  «Аграрлық 

несие корпорациясы» АҚ облыстық фи-

лиалдары арқылы несие берілді. 

«Құлан» 


бағдарламасы 

бойын-


ша 2014-2016 жылдар  аралығында 14 

құрылымға 98,3 млн.  теңге  көлемінде 

несие   беру  арқылы  кəсіптері  өркендей 

түсті. Ол қаржыға барлығы 441 бас жылқы 

мен 52 бас  аталық  асыл  тұқымды  айғыр 

сатып алынды. Ал, «Алтын асық» аясында 

2  жыл  көлемінде  Қосшыңырау  ауылдық 

округінен 1 мал шаруашылығымен айна-

лысатын құрылымы жеңілдікпен несиеге 

қол жеткізді.

«Агроөнеркəсіп 

кешенін 


дамы-

тудың 2017-2021 жылдарға  ар налған» 

мем лекеттік 

бағдарламасы 

аясында 

ережелер  жаңадан  қабыл данады.  Бұл 

жұмыстар  алдағы  уақытта  жалғасын 

таба бермек. 



Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ,

Суретті түсірген: 



Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

–  Бүгінде  соттарға  жаңа  заманауи 

технологиялар  енгізіліп,  тиімді  шара-

лар  атқарылуда.  Осы  ретте  алдымен  сот 

төрелігіне  жүгінушілерге  көрсетілетін 

қызмет жайы мен сапасына тоқталсаңыз?

–  Сот  билігінің  халық  үшін  ашық, 

қолжетімді,  жариялылық  бағытты  ұстануы 

– Елбасы мен мемлекет тарапынан қойылып 

отырған  басты  талаптың  бірі.  Бұл  тапсыр-

малар  аталған  салада  өз  деңгейінде  орын-

далуда.  Осы  мақсатта  заманауи  техноло-

гия  негізінде  аймақ  соттарында  ғимаратқа 

кіргеннен бастап азаматтарға барлық жағдай 

жасалған. Олар сот құжаттарының үлгілерін 

пайдалануға жəне сот өндірісіндегі істердің 

қаралатын күні мен уақыты туралы ақпарат 

алуға  толық  қол  жеткізеді.  Осыған  байла-

нысты  соттың 1 қабатында  орналасқан  мо-

ноблогта  облыс  соттарының  веб-сайттары 

көрсетіліп тұр. Осы арқылы кез келген адам 

өзіне  қажетті  ақпаратты  алуға  мүмкіндігі 

бар.  Сондай-ақ,  келушілерге  арналған  зал-

да сот жүйесіндегі жаңалықтар туралы бей-

нероликтер  үздіксіз  көрсетілуде.  Уақытты 

үнемдеу  үшін  арнайы  айыппұл  түрлерін, 

баж салығын төлеу мақсатында  «Қазақстан 

Халық  Банкі»  АҚ-пен  келісім  шарт  жаса-

лып,  əкімшілік  соттардың  ғимараттарына 

төлем  терминалдары  қойылған.  Бүгінде 

соттар  «Төрелік»  ақпараттық  жүйесімен 

жұмыс  атқаруда.  Сот  төрелігін  іске  асыру, 

сот  ісін  жүргізудің  барынша  ашықтығына 

қол 

жеткізу 


бойынша 

жұмыстарды 

оңтай ландырудың  бірі  ақпараттық  тех-

нологияларды  қолдану  болып  табыла-

ды.  Соның  бірі  «Сот  кабинеті»  электрон-

ды  ақпараттық  сервисі.  Айта  кету  керек, 

сот  ғимаратынан  халыққа  қызмет  көрсету 

орталығының  мобильді  бөлімшесі  ашылды. 

Онда азаматтарға анықтамалық құжаттарды 

жəне  электрондық  санды  қолтаңбаны  беру 

қызметі  жүзеге  асады.  Бүгінде  аймақ  бой-

ынша   барлығы – 57 сот  залы  бар.  Олар 

аудио-бейне 

жазба 


құрылғыларымен 

толық  жабдықталып, «Төрелік»  жүйесімен 

интеграцияланған. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 386.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет